SlideShare a Scribd company logo
Париждегi орыс жарығы.
Үш есеп.
Көз қарықтырар ақ ұшқын жарық еттi де , бөлме iшiн ерекше нұрға толтырып жiбердi . Бұл ғаламат
1802 жылы Петербургте болып өттi , оны ойлап тапқан физика профессоры – Василий Владимирович
Петров . Ұшқын электр тогы жiберiлген ағаш көмiрiнiң стерженьдерiнiң арасынан доға тәрiздi секiрiп
өттi .Бұрын беймәлiм болған токтың жаңа қасиеттерi белгiлi болды : ол адамға жарық және жылу бередi .
Ғалым маңызды жаңалық ашқандығын түсiндi . Бiрақ , бiр таңғаларлығы , электр доғасының жарық
шығаратындығына ол аса көңiл бөлмедi , әрине , Петров кiтабында өзiнiң тәжiрибелерi, яғни ұшқын басқа
қасиетi көп қызықтырды : жалынның температурасының күштiлiгi сондай , тiптi металдар балқитын болған.
Бұл , шындығында өте маңызды , 80 жыл өткеннен кейiн орыс инженерi Николай Николаевич Бенардос
электр доғасының көмегiмен металдарды пiсiру тәсiлiн ойлап шығарды ....
Петровтың жаңалық ашқан күннен алғашқы қолдануға жарамды электр шамының пайда болғанына дейiн
70 жыл уақыт өттi .Нелiктен осынша көп уақыт қажет болды ? Доғаның қараңғы жердi жарықтандыратыны
әлдеқашан белгiлi едi ғой . Бұл жаңалықты бiрден техникада пайдалануға болатын сияқты едi .
Алайда олай болмайды . Петровтiң еңбегiн ешкiм ескермедi , оның кiтабы да ұмытылады . 10 жыл
өткенненкейiн электр доғасын ағылшын физигi Гемфри Дэви екiншi рет ашты . Бүкiл әлем бiлген екiншi
жаңалықта көмектеспедi .
Электр доғасын жарықтандыруға пайдалану үшiн , үш мәселенi шешу керек едi .
Доға туғызатын көмiрлер тез жанып кетiп отырады . Көмiр стерженьдерiнiң арасы алшақтағанда , доға
сөнiп қалды . Ұшқын 2-3 минут емес , жүздеген сағат жарқырайтын тәсiл ойластыру керек едi , басқаша
айтқанда қолдануға жарамды электр шырағданын жасау қажет болды . Бұл бiрiншi мәселе едi , және ол ең
қиыны едi .
Бұдан басқа , сенiмдi және үнемдi ток көзiн табу қажеттiлiгi туды .ХIХ ғасырдың басында қолданылған
гальвани батареялары тым үлкен , әрi олар мырышты тым көп керек еттi. Арзан электр тогын өндiретiн
машина ойлап табу керек болды . Ақырында , электр энергиясын “ бөлшектейтiн “ тәсiл керек едi , басқаша
айтқанда , өндiрiлген токты әр жерде орналасқан бiрнеше шырағдандарға пайдалану керек . Ток өндiретiн
машина жасауға ұлы ағылшын физигi Майкл Фарадей ашқан жаңалық жол салды : оқшауланған сымның
айналасында магниттi немесе магниттiң айналасында сымды айналдырса , сымда электр тогы пайда
болады . Сымды айнала магниттi қозғалтып , ток өндiретiн машина жасау қиын емес болып шықты .
Фарадейдiң жаңалығынан кейiн ( ол 1831 жылы ашылды ) көп ұзамай алғашқы машина – генераторлар
салынды , олар динамомашиналар деп аталады .
Ал электр шамын жасау әлi де созыла түстi .
Шешiм аяқ астынан келдi .
Бiр күнi Курск темiр жолында қызмет ететiн жас инженер Павлов Николай Яблочков бастығына күтпеген
ұсыныс жасады : Александр II мiнген поездың паровозына жолды жарықтандыру үшiн электр фонарын қою
керек .
Бұл фонарь қандай ? Ортасында электр доғасы ұшқындайтын екi көмiр стерженьдерi . Ұштары жанып
бiткен сайын механикалық реттеушi стерженьдердi жақындатып отырды . Ток гальвани батареясынан
алынды .
Яблочковтың ұсынысы қабылданды . Фонарь жолды жақсы жарықтандырды , алайда жас инженер бұл
iстi бастағанына риза болмады : екi түн оған көз iлместен үзбей реттеушiнi түзеп отыру керек болды .
Нелiктен Яблочков паровозға қойылған фонардың қасында түнi бойы отырып шықты ? Сенiмдi
реттеушi болмады . Көмiр стерженьдерi бiрқалыпты жақындатылмағандықтан жарық бiрде өшiп , бiрде
күшейiп кетiп отырды .
Яблочковтың өнертапқыштық ережеден өзiне тартты . Әсiресе электр тогымен байланысты дүниелердiң
бәрi оны қатты қызықтырды . Фонарьмен жасаған саяхаттан кейiн , ол сенiмдi доғалық жасау туралы ойға
түстi .
Яблочков қызметтен кетiп , өнертапқыштық iсiн күнкөрiспен байланыстыру үшiн Москвада физикалық
приборлар шеберханасын ашты . Алайда талантты өнертапқыш нашар ақшатапқыш болып шықты ,
шеберхана тек шығынға ұшыратып отырды .Яблочков ақша табу iсiнде бiраз шырматылып , ақырында
бәрiн тастап , шетелге кетудi ұйғарды . Басында Америкаға жетудi ойлағанмен , ақшасы Парижге дейiн ғана
жеттi де , ол осында қалып қойды .
Яблочков Парижге бос қол келмеген едi . өзiмен бiрге алғашқы жаңалықтарының бiрi – электромагниттiң
жаңа типiн ала келдi . Парижде ол Бреге физикалық приборлар , телефон аппараттары және сағат
шеберханасына жұмысқа кiрдi . Шеберхана қожайыны оның электромагнитiн керек қылмады , алайда
талантты инженермен iстес болғандығын жақсы түсiндi . Ол Яблочковтың ақша табуына және жаңа
өнермен айналысуына мүмкiншiлiк бердi .
Мұнда Яблочков электр шырағданын жасау iсiн қайта қолға алды . Барлық өнертапқыштар шығарған
реттеушiлердi қайта қарап шығып , олардың ешқайсысы iске жарамайды деп шештi .
Қандай реттеушi жасаған жөн ! Ешқандай да емес !
Яблочков ендi бұл мәселеге өзге тұрғыдан қарап , сұрақты басқаша қойды : реттеушiнi қажет етпейтiн шам
жасау керек .
Күнi-түнi , қажымай-талмай Яблочков ретеушiсiз шам туралы ойлады .
Шешiм аяқ астынан келдi және ол өте қарапайым болып шықты . Қалайша ол ешкiмнiң ойына келмеген !
Электр доғасы жарқырауы үшiн бұрын көмiр стерженьдерi бiр-бiрiне қарсы қойылып , реттеушi оларды
жақындату үшiн керек болған . Ол көмiрлердi арасын ток өткiзбейтiн баяу балқитын затпен бөлiп ,
параллель қоюға да болады ғой ! Қарсы емес , қатарластырса ! Сонда көмiрлер бiрқалыпты жанатын
болады . Ешқандай реттеушi қажет емес . Әлемге “ Яблочков жарығы “ деп танылған өнертапқыштықтың
бар сыры осы .
Электродтар арасындағы қабат үшiн Яблочков каолиндi ( фарфор жасайтын ақ балшық ) таңдап алды .
Ол бұдан ертеректе каолин және балшықтың басқа түрлерiмен тәжiрибе жасап көрген : отқа төзiмдi
заттарды электр доғасына орналыстырып , стерженьдер арасындағы қашықтықты сақтауға тырысты .
Тәжiрибеден нәтиже шықпады , бiрақ дәл осы стерженьдердi арасын бөлiп ( каолинмен ) параллель
орналастыру туралы ой туғызуы ықтимал .
Салтанат.
Бiр айдан соң Яблочков шамды құрастырып , оған патент алды . Бұл 1876 жыл едi . Электр шамын
Яблочков шыны шардың iшiне орналастырды , ал оны тұтату үшiн қарапайым құрылғы ойлап шығарды :
стерженьдер үстiнен жұқа көмiр жiпшесiмен жалғанды . Шамға ток жiберген уақытта жiпше қызып , тез
тұтанды және доға жарқырады .
Жаңалық тамаша табысқа , Париждiң ең жақсы көшесi Яблочков шамдарымен Темза жағалауын және
корабль жөндейтiн айлақтарды жарықтандырды . Яблочков Париждегi атақты адамдардың бiрiне
айналды, газеттер оның жаңалығын “ орыс жарығы “ деп атады.
Тек бұл еңбек өнертапқыштың өз отаны Россияда ғана алғашқы жылдары ескерусiз қалды . Бұл
Яблочковты өте қапаландырды . Француз капиталистерi одан барлық елдер үшiн шам шығару правосын
сатуын сұрады . Оларға келiсiм бермес бұрын Яблочков орыс соғыс министрлiгне өз патентi тегiн ұсынды .
Оның хатына жауап қайырылмады . Содан кейiн ғана ол француз өнеркәсiпшiлерiнен миллион франк алуға
келiстi .
Бiрақ бұл миллион оның қолында көп тұрмады . Орыс министрлiгiнiң кемсiнуiне қарамастан , Яблочков өз
өнерiнiң Отанына пайдасын тигiзуiн армандады .
1878 жылы Париж көрмесiнде Яблочков шамдарының адам жетпес табыстары ақырында отандастарын
да қызықтыра бастады.Париж көрмесiне қатысқан ұлы княздердiң бiрi Яблочковқа Россияда шам жасау
iсiне жәрдемдесуге уәде бердi .
Алайда , патент сатылып қойылған едi . яблочков отанында қызмет атқару мүмкiндiгi үшiн , миллион
франкты қайтарып , патентiн сатып алады да , Петербургке оралады .
Жарық.
Басында бәрi жақсы жүрдi . Петербургте “ Яблочков - өнертапқыш және компания “ қоғамы құрылды .
Қоғам электр аппаратты заводын және оның жанынан Яблочковқа арнап лаборатория салды .
Яблочковқа әлi де көп iстер атқару керек едi . Электрмен жарықтандыру үшiн жалғыз шамдар жеткiлiксiз
. Бұрын айтылып кеткен үш мәселенi шешу қажет едi .
Бұл сұрақтарды шешуге қажет әр елде әр түрлi техника әзiр тұрды . Тек оның тиiмдiсiн iздестiрдi . Өз
генераторын Яблочковта құрастырды . Бұдан басқа , ол энергияны “бөлшектеу” әдiсiн де ойлап тапты .
Сондықтан Яблочковтың заводы тек шам емес , электрмен жарықтандыру құрылысын түгелдей ұсына
алатын едi .
Тұтас қаланы токпен қамтамасыз ететiн электр станциясы туралы ойлауға әлi ертерек едi . Кiшiгiрiм
генератор қойылды , ол бiр-бiрiне жақын бiрнеше шамға ток беретiн .
Яблочков Петербургте Нева көпiрiн , театр алаңын , кейбiр заводтарды жарықтандырды . Заводтың
бiреуiне қазiр бiзге күлкiлi көрiнетiн мынадай жарыс ұйымдастырылды : заводты Яблочков шамы және қаз
майынан iстелген шамның қайсысы жақсы жарықтандырады . Яблочков жеңiп шықты.
Алайда , бұл бақыт ұзаққа бармады . Екi жылдай завод заказдың астында, көптеген қалаларда электр
жарығы пайда болды . Кейiн завод құлдырай бастады , генераторлар мен шамға сұраныс азайды . Яблочков
күйзелiске ұшырады , ақырында қайтадан Парижге кетуге мәжбүр болды . Онда ол миллион франкiсiн
берген қоғамға инженер болып қызметке кiрдi .
Өнертапқыштың тағдыры өте ауыр болды . Ол ерте дүниеден қайтты , әлде де бұдан 10 жыл бұрын өз
шамының атағы тағы көтерiлдi . 1881 жылы Париж көрмесiнде Яблочков шамы ең үздiк жарықтандыру
әдiсi деп танылды . Бiрақ бұл ең соңғы шырқау едi . Барған сайын оның шамы аз пайдаланылып болды ,
ақыры өнертапқыштың өзi де оған енжар қарады .
Өмiрiнiң соңғы 10 жылында Яблочков әртүрлi электр машиналарын ойлап шығарды . Оның көптеген
идеялары кейiн жүзге асты , бiрақ уақытында ешқандай табысқа жеткен жоқ . Соңғы ақшалары
тәжiрибелерге жұмсалды .
Яблочков Отанына Кедей , ауру болып оралды . Саратов қонақүйiнiң жұтаң бөлмесiнде өмiрде ұмыт
қалған ол дүниеден өттi .

More Related Content

More from ajnamkulilimanova

оқу жоспарына сілтеме
оқу жоспарына сілтемеоқу жоспарына сілтеме
оқу жоспарына сілтемеajnamkulilimanova
 
өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу
өткізгіштерді тізбектей және параллель қосуөткізгіштерді тізбектей және параллель қосу
өткізгіштерді тізбектей және параллель қосуajnamkulilimanova
 
слайд защита илиманова
слайд  защита илимановаслайд  защита илиманова
слайд защита илимановаajnamkulilimanova
 
табиғат және адам
табиғат және адам табиғат және адам
табиғат және адам ajnamkulilimanova
 
сапалық және мәтіндік есептер шығару 7
сапалық және мәтіндік есептер шығару 7сапалық және мәтіндік есептер шығару 7
сапалық және мәтіндік есептер шығару 7ajnamkulilimanova
 
қиял физикаға әкелді
қиял физикаға әкелдіқиял физикаға әкелді
қиял физикаға әкелдіajnamkulilimanova
 
шығармашылық тапсырмалар на сабак энергия туралы
шығармашылық тапсырмалар на сабак энергия туралышығармашылық тапсырмалар на сабак энергия туралы
шығармашылық тапсырмалар на сабак энергия туралыajnamkulilimanova
 
технический тест беннета
технический тест беннета технический тест беннета
технический тест беннета ajnamkulilimanova
 
ТҰРАҚТЫ МАГНИТТЕР
ТҰРАҚТЫ МАГНИТТЕРТҰРАҚТЫ МАГНИТТЕР
ТҰРАҚТЫ МАГНИТТЕРajnamkulilimanova
 
голографиялық интерферометр әдісі
голографиялық интерферометр әдісіголографиялық интерферометр әдісі
голографиялық интерферометр әдісіajnamkulilimanova
 
аскын откізгіштер
аскын откізгіштераскын откізгіштер
аскын откізгіштерajnamkulilimanova
 

More from ajnamkulilimanova (13)

оқу жоспарына сілтеме
оқу жоспарына сілтемеоқу жоспарына сілтеме
оқу жоспарына сілтеме
 
өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу
өткізгіштерді тізбектей және параллель қосуөткізгіштерді тізбектей және параллель қосу
өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу
 
слайд защита илиманова
слайд  защита илимановаслайд  защита илиманова
слайд защита илиманова
 
табиғат және адам
табиғат және адам табиғат және адам
табиғат және адам
 
сапалық және мәтіндік есептер шығару 7
сапалық және мәтіндік есептер шығару 7сапалық және мәтіндік есептер шығару 7
сапалық және мәтіндік есептер шығару 7
 
қиял физикаға әкелді
қиял физикаға әкелдіқиял физикаға әкелді
қиял физикаға әкелді
 
жұлдызды аспан
жұлдызды аспанжұлдызды аспан
жұлдызды аспан
 
шығармашылық тапсырмалар на сабак энергия туралы
шығармашылық тапсырмалар на сабак энергия туралышығармашылық тапсырмалар на сабак энергия туралы
шығармашылық тапсырмалар на сабак энергия туралы
 
технический тест беннета
технический тест беннета технический тест беннета
технический тест беннета
 
ТҰРАҚТЫ МАГНИТТЕР
ТҰРАҚТЫ МАГНИТТЕРТҰРАҚТЫ МАГНИТТЕР
ТҰРАҚТЫ МАГНИТТЕР
 
голографиялық интерферометр әдісі
голографиялық интерферометр әдісіголографиялық интерферометр әдісі
голографиялық интерферометр әдісі
 
аскын откізгіштер
аскын откізгіштераскын откізгіштер
аскын откізгіштер
 
әлем
әлемәлем
әлем
 

париждегI орыс жарығы.

  • 1. Париждегi орыс жарығы. Үш есеп. Көз қарықтырар ақ ұшқын жарық еттi де , бөлме iшiн ерекше нұрға толтырып жiбердi . Бұл ғаламат 1802 жылы Петербургте болып өттi , оны ойлап тапқан физика профессоры – Василий Владимирович Петров . Ұшқын электр тогы жiберiлген ағаш көмiрiнiң стерженьдерiнiң арасынан доға тәрiздi секiрiп өттi .Бұрын беймәлiм болған токтың жаңа қасиеттерi белгiлi болды : ол адамға жарық және жылу бередi . Ғалым маңызды жаңалық ашқандығын түсiндi . Бiрақ , бiр таңғаларлығы , электр доғасының жарық шығаратындығына ол аса көңiл бөлмедi , әрине , Петров кiтабында өзiнiң тәжiрибелерi, яғни ұшқын басқа қасиетi көп қызықтырды : жалынның температурасының күштiлiгi сондай , тiптi металдар балқитын болған. Бұл , шындығында өте маңызды , 80 жыл өткеннен кейiн орыс инженерi Николай Николаевич Бенардос электр доғасының көмегiмен металдарды пiсiру тәсiлiн ойлап шығарды .... Петровтың жаңалық ашқан күннен алғашқы қолдануға жарамды электр шамының пайда болғанына дейiн 70 жыл уақыт өттi .Нелiктен осынша көп уақыт қажет болды ? Доғаның қараңғы жердi жарықтандыратыны әлдеқашан белгiлi едi ғой . Бұл жаңалықты бiрден техникада пайдалануға болатын сияқты едi . Алайда олай болмайды . Петровтiң еңбегiн ешкiм ескермедi , оның кiтабы да ұмытылады . 10 жыл өткенненкейiн электр доғасын ағылшын физигi Гемфри Дэви екiншi рет ашты . Бүкiл әлем бiлген екiншi жаңалықта көмектеспедi . Электр доғасын жарықтандыруға пайдалану үшiн , үш мәселенi шешу керек едi . Доға туғызатын көмiрлер тез жанып кетiп отырады . Көмiр стерженьдерiнiң арасы алшақтағанда , доға сөнiп қалды . Ұшқын 2-3 минут емес , жүздеген сағат жарқырайтын тәсiл ойластыру керек едi , басқаша айтқанда қолдануға жарамды электр шырағданын жасау қажет болды . Бұл бiрiншi мәселе едi , және ол ең қиыны едi . Бұдан басқа , сенiмдi және үнемдi ток көзiн табу қажеттiлiгi туды .ХIХ ғасырдың басында қолданылған гальвани батареялары тым үлкен , әрi олар мырышты тым көп керек еттi. Арзан электр тогын өндiретiн машина ойлап табу керек болды . Ақырында , электр энергиясын “ бөлшектейтiн “ тәсiл керек едi , басқаша айтқанда , өндiрiлген токты әр жерде орналасқан бiрнеше шырағдандарға пайдалану керек . Ток өндiретiн машина жасауға ұлы ағылшын физигi Майкл Фарадей ашқан жаңалық жол салды : оқшауланған сымның айналасында магниттi немесе магниттiң айналасында сымды айналдырса , сымда электр тогы пайда болады . Сымды айнала магниттi қозғалтып , ток өндiретiн машина жасау қиын емес болып шықты . Фарадейдiң жаңалығынан кейiн ( ол 1831 жылы ашылды ) көп ұзамай алғашқы машина – генераторлар салынды , олар динамомашиналар деп аталады . Ал электр шамын жасау әлi де созыла түстi . Шешiм аяқ астынан келдi . Бiр күнi Курск темiр жолында қызмет ететiн жас инженер Павлов Николай Яблочков бастығына күтпеген ұсыныс жасады : Александр II мiнген поездың паровозына жолды жарықтандыру үшiн электр фонарын қою керек . Бұл фонарь қандай ? Ортасында электр доғасы ұшқындайтын екi көмiр стерженьдерi . Ұштары жанып бiткен сайын механикалық реттеушi стерженьдердi жақындатып отырды . Ток гальвани батареясынан алынды . Яблочковтың ұсынысы қабылданды . Фонарь жолды жақсы жарықтандырды , алайда жас инженер бұл iстi бастағанына риза болмады : екi түн оған көз iлместен үзбей реттеушiнi түзеп отыру керек болды . Нелiктен Яблочков паровозға қойылған фонардың қасында түнi бойы отырып шықты ? Сенiмдi реттеушi болмады . Көмiр стерженьдерi бiрқалыпты жақындатылмағандықтан жарық бiрде өшiп , бiрде күшейiп кетiп отырды . Яблочковтың өнертапқыштық ережеден өзiне тартты . Әсiресе электр тогымен байланысты дүниелердiң бәрi оны қатты қызықтырды . Фонарьмен жасаған саяхаттан кейiн , ол сенiмдi доғалық жасау туралы ойға түстi . Яблочков қызметтен кетiп , өнертапқыштық iсiн күнкөрiспен байланыстыру үшiн Москвада физикалық приборлар шеберханасын ашты . Алайда талантты өнертапқыш нашар ақшатапқыш болып шықты , шеберхана тек шығынға ұшыратып отырды .Яблочков ақша табу iсiнде бiраз шырматылып , ақырында бәрiн тастап , шетелге кетудi ұйғарды . Басында Америкаға жетудi ойлағанмен , ақшасы Парижге дейiн ғана жеттi де , ол осында қалып қойды . Яблочков Парижге бос қол келмеген едi . өзiмен бiрге алғашқы жаңалықтарының бiрi – электромагниттiң жаңа типiн ала келдi . Парижде ол Бреге физикалық приборлар , телефон аппараттары және сағат шеберханасына жұмысқа кiрдi . Шеберхана қожайыны оның электромагнитiн керек қылмады , алайда талантты инженермен iстес болғандығын жақсы түсiндi . Ол Яблочковтың ақша табуына және жаңа өнермен айналысуына мүмкiншiлiк бердi . Мұнда Яблочков электр шырағданын жасау iсiн қайта қолға алды . Барлық өнертапқыштар шығарған реттеушiлердi қайта қарап шығып , олардың ешқайсысы iске жарамайды деп шештi . Қандай реттеушi жасаған жөн ! Ешқандай да емес ! Яблочков ендi бұл мәселеге өзге тұрғыдан қарап , сұрақты басқаша қойды : реттеушiнi қажет етпейтiн шам жасау керек .
  • 2. Күнi-түнi , қажымай-талмай Яблочков ретеушiсiз шам туралы ойлады . Шешiм аяқ астынан келдi және ол өте қарапайым болып шықты . Қалайша ол ешкiмнiң ойына келмеген ! Электр доғасы жарқырауы үшiн бұрын көмiр стерженьдерi бiр-бiрiне қарсы қойылып , реттеушi оларды жақындату үшiн керек болған . Ол көмiрлердi арасын ток өткiзбейтiн баяу балқитын затпен бөлiп , параллель қоюға да болады ғой ! Қарсы емес , қатарластырса ! Сонда көмiрлер бiрқалыпты жанатын болады . Ешқандай реттеушi қажет емес . Әлемге “ Яблочков жарығы “ деп танылған өнертапқыштықтың бар сыры осы . Электродтар арасындағы қабат үшiн Яблочков каолиндi ( фарфор жасайтын ақ балшық ) таңдап алды . Ол бұдан ертеректе каолин және балшықтың басқа түрлерiмен тәжiрибе жасап көрген : отқа төзiмдi заттарды электр доғасына орналыстырып , стерженьдер арасындағы қашықтықты сақтауға тырысты . Тәжiрибеден нәтиже шықпады , бiрақ дәл осы стерженьдердi арасын бөлiп ( каолинмен ) параллель орналастыру туралы ой туғызуы ықтимал . Салтанат. Бiр айдан соң Яблочков шамды құрастырып , оған патент алды . Бұл 1876 жыл едi . Электр шамын Яблочков шыны шардың iшiне орналастырды , ал оны тұтату үшiн қарапайым құрылғы ойлап шығарды : стерженьдер үстiнен жұқа көмiр жiпшесiмен жалғанды . Шамға ток жiберген уақытта жiпше қызып , тез тұтанды және доға жарқырады . Жаңалық тамаша табысқа , Париждiң ең жақсы көшесi Яблочков шамдарымен Темза жағалауын және корабль жөндейтiн айлақтарды жарықтандырды . Яблочков Париждегi атақты адамдардың бiрiне айналды, газеттер оның жаңалығын “ орыс жарығы “ деп атады. Тек бұл еңбек өнертапқыштың өз отаны Россияда ғана алғашқы жылдары ескерусiз қалды . Бұл Яблочковты өте қапаландырды . Француз капиталистерi одан барлық елдер үшiн шам шығару правосын сатуын сұрады . Оларға келiсiм бермес бұрын Яблочков орыс соғыс министрлiгне өз патентi тегiн ұсынды . Оның хатына жауап қайырылмады . Содан кейiн ғана ол француз өнеркәсiпшiлерiнен миллион франк алуға келiстi . Бiрақ бұл миллион оның қолында көп тұрмады . Орыс министрлiгiнiң кемсiнуiне қарамастан , Яблочков өз өнерiнiң Отанына пайдасын тигiзуiн армандады . 1878 жылы Париж көрмесiнде Яблочков шамдарының адам жетпес табыстары ақырында отандастарын да қызықтыра бастады.Париж көрмесiне қатысқан ұлы княздердiң бiрi Яблочковқа Россияда шам жасау iсiне жәрдемдесуге уәде бердi . Алайда , патент сатылып қойылған едi . яблочков отанында қызмет атқару мүмкiндiгi үшiн , миллион франкты қайтарып , патентiн сатып алады да , Петербургке оралады . Жарық. Басында бәрi жақсы жүрдi . Петербургте “ Яблочков - өнертапқыш және компания “ қоғамы құрылды . Қоғам электр аппаратты заводын және оның жанынан Яблочковқа арнап лаборатория салды . Яблочковқа әлi де көп iстер атқару керек едi . Электрмен жарықтандыру үшiн жалғыз шамдар жеткiлiксiз . Бұрын айтылып кеткен үш мәселенi шешу қажет едi . Бұл сұрақтарды шешуге қажет әр елде әр түрлi техника әзiр тұрды . Тек оның тиiмдiсiн iздестiрдi . Өз генераторын Яблочковта құрастырды . Бұдан басқа , ол энергияны “бөлшектеу” әдiсiн де ойлап тапты . Сондықтан Яблочковтың заводы тек шам емес , электрмен жарықтандыру құрылысын түгелдей ұсына алатын едi . Тұтас қаланы токпен қамтамасыз ететiн электр станциясы туралы ойлауға әлi ертерек едi . Кiшiгiрiм генератор қойылды , ол бiр-бiрiне жақын бiрнеше шамға ток беретiн . Яблочков Петербургте Нева көпiрiн , театр алаңын , кейбiр заводтарды жарықтандырды . Заводтың бiреуiне қазiр бiзге күлкiлi көрiнетiн мынадай жарыс ұйымдастырылды : заводты Яблочков шамы және қаз майынан iстелген шамның қайсысы жақсы жарықтандырады . Яблочков жеңiп шықты. Алайда , бұл бақыт ұзаққа бармады . Екi жылдай завод заказдың астында, көптеген қалаларда электр жарығы пайда болды . Кейiн завод құлдырай бастады , генераторлар мен шамға сұраныс азайды . Яблочков күйзелiске ұшырады , ақырында қайтадан Парижге кетуге мәжбүр болды . Онда ол миллион франкiсiн берген қоғамға инженер болып қызметке кiрдi . Өнертапқыштың тағдыры өте ауыр болды . Ол ерте дүниеден қайтты , әлде де бұдан 10 жыл бұрын өз шамының атағы тағы көтерiлдi . 1881 жылы Париж көрмесiнде Яблочков шамы ең үздiк жарықтандыру әдiсi деп танылды . Бiрақ бұл ең соңғы шырқау едi . Барған сайын оның шамы аз пайдаланылып болды , ақыры өнертапқыштың өзi де оған енжар қарады . Өмiрiнiң соңғы 10 жылында Яблочков әртүрлi электр машиналарын ойлап шығарды . Оның көптеген идеялары кейiн жүзге асты , бiрақ уақытында ешқандай табысқа жеткен жоқ . Соңғы ақшалары тәжiрибелерге жұмсалды . Яблочков Отанына Кедей , ауру болып оралды . Саратов қонақүйiнiң жұтаң бөлмесiнде өмiрде ұмыт қалған ол дүниеден өттi .