SlideShare a Scribd company logo
1 of 7
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ШЫМКЕНТ АРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Ф-Е-10/4.4
Келісілді
Колледж әдіскері
____________А.Қазыбаева
«____» _______ 2017 ж.
АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пәні: Мал шаруашылығы негіздері
Тақырыбы: Сиырдың сүт өнімділігі және оны бағалау.
Күні: 18.02.2017 ж.
Оқытушы: Жолшыбек Тұрсынбек
Жас оқытушылар мектебі
Шымкент-2017 ж
Ф-Е-10/4.5
Дәрістің тақырыбы: Сиырдың сүт өнімділігі және оны бағалау.
Дәрістің мақсаты:
Білімділік: Мүйізді ірі қара малдың сүтін өндіру технологияларын, ағындық-цехтың жүйе
бойынша сүт өндіру ерекшеліктерін оқытып, біліктіліктерін артыру.
Дамытушылық: Ірі қара малдың сүт өнімділігін есептеу әдістерін дамыта оқыту.
Тәрбиелік: Мамандықтарына қызығушылығын артыру, ойлау қабілеттерін
қалыптастыру.
Дәрістің түрі: Қайталау, бекіту, жүйелеу сабағы, кәсіптік, іскерлік дағдыларын
қалыптастыру.
Оқыту әдісі: Білімді ізгілендіру, деңгейлеп-саралап оқыту. Баяндау, түсіндіру, ой қозғау,
сұрақ-жауап.
Әдістемелік қамтамасыз етілуі: Оқулық «Мал шаруашылығы», «Мал шаруашылығы»
пәнінен дәрістер жинағы, әдістемелік нұсқаулар.
Көрнекіліктер: Оқу плакаттары, суреттер, кестелер, ірі қара мал тұқымдарының фото
суреттері, тесттер.
ОТҚ: Интерактивті тақта
Пән аралық байланыс: Ірі қара шаруашылығы, мал өнімдерін өндіру технологиясы.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Негізгі: Мал шаруашылығы, Астана, «Фолиант » 2009ж
2. Қосымша: Қолда мал өсіру, Алматы «Қайнар » 1995ж
Дәрістің құрылымы мен мазмұны
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушыларды түгелдеу, дәрісхана тазалығын тексеру, оқушылардың сабаққа
дайындығын бақылай отырып, зейінін сабаққа аудару.
2. Өткен білімдерге сүйене отырып, оқу әрекетін дамыту
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Сиырдың сүт өнімділігін есептеу әдісі.
2. Сүтті сиырдың желінінің пішіні қандай болады.
3. Жыл мезгілі сиырдың сүттілігіне қалай әсер етеді.
4. Сиырдың сүттілігіне сиырды сүтейтудің әсері бар ма.
5. Малдың салмағы сиырдың сүттілігіне әсер ете ме.
6.Ағымдық –цехтың жүйе бойынша сүт өндіру технологиясының ерекшіліктері.
ІІІ. Қайталау сабағын бекіту
1. Сүт өнімділігін бағалау әдістері
2. Сүтті сиыр тұқымдары
3. Сиырдың сүт өнімділігіне әсер ететін факторлар
4. Сиырлардың орташа тәуліктік, айлық және жылдық сүт өнімділігі
ІV. Сабақты қорытындылау
VІ. Оқушыларды бағалау
VІІ. Үйге тапсырма беру.
1. «Мал шаруашылығы» Астана, «Фолиант », 2009ж, 214-224 беттер.
2. Өз беттерінше сиырдың тәуліктік, маусымдық сүттілігін анықтап, үйрену.
Дәрістің барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (дәрісхананың дайындығын, оқушылардың қатысымын
қадағалау).
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімін байқау төмендегі әдістер бойынша
жүргізіледі.
Жалпылама сұрау. Таңғажайып тоғыздық. Сұрақтар:
1. Сиырдың сүт өнімділігі
Әдетте сиырдың сауылу маусымы 10 айға (300—305 күн) созылады. Осы 10
айдың ішіңде сиыр сүттілігі бірқалыпты болмайды. Алғашқы айларда жоғарылап,
соңғы айларда төмендейді, әсіресе үшінші айдан 6-7 айға дейін сүттілігі жоғары
болады. Бір сиырдан сауым маусымында сауылатын сүт көлемі 1000 кг-нан 25000 кг
дейін барады.
2. Ірі қара малдардың сүт өнімділігін бағалау әдісі.
Жалпы сауылған сүтті өлшеу. Онкүндік сауын бақылауын жүргізу. Бұзаудың
салмағын емгеннен кейін өлшеу.
3. Сүт өнімділігіне әсер ететін факторлар.
Сиырдың сүттілігі тұқымына, өзіндік нәсіл қасиетіне, жасына, бағым күтіміне,
жыл мезгіліне, сиырдың желінінің көлемі мен пішініне байланысты болады.
4. Ағымдық –цехтың жүйе бойынша сүт өндіру технологиясының ерекшіліктері.
Мұндай фермаларда малды топтап күту әдісі қолданылады. Сауын сиырлар
өнімділігіне, желіндерінің анатомиялық-морфологиялық құрылысына, сауылу
мерзімінің ұзақтығы мен физиологиялық күйіне қарай топтап орнадастырады.
5. Сүт өнімділігін есептеу және бағалау әдістері.
Сүт өнімділігін есептеу, онкүндік сауын бақылауын жүргізу, маусымдық және
жылдық орташа есебін жүргізу арқылы болады.
6. Сүтті сиырдың желінінің пішіні қандай болады.
Сүтті сиырлардың желіндері көбінесе астау тәрізді болады.
7. Жыл мезгілі сиырдың сүттілігіне қалай әсер етеді.
Жыл мезгілі де сиыр сүттілігіне біршама әсер етеді. Сиырдан мол сүт шығаратын
жылдың қолайлы мезгілі көктем-жаз айлары.
8. Малдың салмағы сиырдың сүттілігіне әсер ете ме.
Малдың салмағы сиырдың сүттілігіне тікелей әсері етеді, малдың салмағы артқан
сайын, сиырдың сүттілігі де артады.
9. Сиырдың сүттілігіне сиырды сүтейтудің әсері бар ма.
Сиырды сүтейту дегеніміз, жаңа бұзаулаған сиырды сауым маусымының
басынан бастап ұзақ уақыт ең жоғарғы күндік сауым алуға бағытталған шаралар
жатады. Сиырды сүтейтудің негізгі шараларына, мезгілімен суалту, суалу кезеңінде
дұрыс бағып-күту, бұзаулағаннан кейін құнарлы азықпен 2-3 кг азық өлшеміне
артық рационмен азықтандыру және желінді қолмен сылап-сипау, сауу жиілігін
арттыру, әрі тез сауу жатады.
Алдын-ала дайындалған сұрақ-жауап бағдарламасы бойынша білімін байқау.
1. Етті-сүтті бағыттағы ірі қара мал тұқымы
1. Әулиеата сиыры
2. Алатау тұқымы
3. Қазақтың ақбас сиыры
4. Қырдың қызыл сиыры
Дұрыс жауабы. Алатау тұқымы
2. Сиырдың сүттілігін анықтау әдісі
1. Онкүндік сауын бақылауын жүргізу
2. Бұзаудың салмағын емгеннен кейін өлшеу
3. Жалпы сауылған сүтті өлшеу
4. Сауыншылардың мәліметіне сүйену
Дұрыс жауабы. Жалпы сауылған сүтті өлшеу
3. Ағымдық –цехтың жүйенің негізгі мақсаты
1 Көп мал тұратын кешендер үшін
2
Сауынды сиырлардың физиологиялық жағдайына
байланысты
3 Қораны механизациялауға қолайлы болуы үшін
4 Бұзаулайтын сиырлар үшін
Дұрыс жауабы. Сауынды сиырлардың физиологиялық жағдайына байланысты
3. Иллюстрациялық байқау. Суреттер мен фотосуреттер арқылы.
Мына мүйізді ірі қара мал тұқымдарын атаңдар және сүтті сиырларды тап
1. 2. 3.
4. 5. 6.
1. Қырдың қызыл сиыры 2. Герефорд тұқымы 3. Абердин- ангус
тұқымы 4. Сайрамның қара ала сиыры 5. Алатау тұқымы 6. Қара
ала тұқым
Дұрыс жауабы: Қырдың қызыл сиыры, Сайрамның қара ала сиыры, Қара
ала тұқым
Қайсы желін сүтті көп береді
1-астау тәрізді, 2-дөңгелек, созылыңқы, 3-ешкі желін, 4-жетілмеген желін
Жауабы: 1- астау тәрізді
Қайсы қара малдың сүт өнімділігі жоғары
Жауабы;
а) жоғары
б) орташа
4. Есептер шығару.
1-кесте
Сиырлардың сауылған сүтінің мәліметтері
Сауылу
айлары
№ 1 № 2 № 3
Бір
айдағы
сауылған
сүті,кг
Орташа
тәуліктік
сүті,кг
Бір
айдағы
сауылған
сүті,кг
Орташа
тәуліктік
сүті,кг
Бір
айдағы
сауылған
сүті,кг
Орташа
тәуліктік
сүті,кг
1-ші 896 - 761 - 465 -
2-ші 935 - 818 - 464 -
3-ші 880 - 667 - 433 -
4-ші 800 - 550 - 460 -
5-ші 750 - 443 - 395 -
6-шы 642 - 342 - 362 -
7-ші 538 - 207 - 331 -
8-ші 421 - 128 - 289 -
9-шы 363 - 98,8 - 163 -
10-шы 248 - - - 137 -
10 айдағы
барлығы
Тапсырма 1.
1. Кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша қара ала тұқымды сиырлардың орташа
тәуліктік сүттілігін анықтаңдар.
2. Орташа тәуліктік сүттілігі бойынша графикке қисық сызығын сызып, сиырларды
сүт өнімділігі бойынша өзара салыстырыңдар.
2-кесте
Әр түрлі тұқымды сиырлардың бірдей күтімде алынған сүт өнімділігі мен
жұмсалған азық мөлшері
Тұқымдары Жұмсалған азық
бірлігі
Майлылығы 4 %-ға
есептеп алынған
сүт
1 кг сүтке
жұмсалған азық
бірлігі
Қара-ала 71132,7 56131,2
Симменталь 64859,8 46818,4
Қырдың қызыл
сиыры
58079,6 49949,0
Тапсырма 2.
2-кестеде көрсетілген мәліметтерді пайдаланып, 1 кг сүтке жұмсалған азық
мөлшерін анықтаңдар.
3-кесте
Қырдың қызыл сиырының әр айдағы сауылған сүті мен құрамының өзгеруі
Әр айдағы сауымы Сауылған сүт, кг Сүттің құрамы
Май, % Белок, %
1-ші 644 3,74 3,29
2-ші 701 3,72 3,33
3-ші 621 3,75 3,34
4-ші 576 3,78 3,34
5-ші 527 3,79 3,36
6-шы 484 3,82 3,48
7-ші 429 3,88 3,55
8-ші 385 4,00 3,66
9-шы 323 4,28 3,87
10-шы 234 4,34 4,11
Тапсырма 3.
Қырдың қызыл сиырының орташа сүтінің майлылығы мен сүтінің белогын есептеңдер,
және барлық сауылған сүт мөлшерін анықтаңдар.
Сүт өнімділігін есептеу және бағалау әдістері
Сиырды сүттілігі бойынша дұрыс бағалап сұрыптау, бір-бірімен салыстыру
және өнімділігіне қарай азықтандыру үшін әр сиырдан сауылған сүттің мөлшері
мен сапасын уақытымен өлшеп, анықтап отыру керек. Әр сиырдан сауылған сүтті
анықтау үшін негізінен екі әдіс қолданылады: бірінші әдіс бойынша әр сауында
күнде өлшеу; екінші әдісте әр 10 күн сайын бақылау жасау. Бірінші әдісті
қолданған жағдайда көп уақыт пен құрал-жабдықты қажет етеді, бұл әдіс көп
жағдайда асыл тұқымды мал шаруашылықтарында қолданылады. Екінші әдіс жай
шаруашылықтарда қолданылады. Бұл әр сиырдың сүттілігі жөнінде нақтылы дерек
береді. Бұл он күн сайын әр сауымда өлшеу арқылы бір күнде сауылған сүтті
анықтайды. Бір айда анықталған үш күндік сауынның қосындысын үшке бөліп, бір
күндік орташа сауын мөлшерін анықтайды. Бұл орташа көрсеткішті сол айдағы күн
санына көбейтіп, айлық сауын мөлшерін анықтауға болады, сөйтіп барлық
айларда сауылған сүтті анықтайды.
Өткен тақырыпты бекіту:
Кестені толыр
Сүт өнімділігін
бғалау әдістері
Сүтті сиыр
тұқымдары
Сиырдың сүт
өнімділігіне әсер
ететін факторлар
Сиырлардың орташа
тәуліктік, айлық және
жылдық сүт өнімділігі
1. 1. 1. 1.
2. 2. 2. 2.
3. 3. 3. 3.
4. 4.
5. 5.
Қорытынды:
Оқушыларды бағалау
Үй
тапсырмасын
сұрау
Жалпылама
сұрау
Алдын-ала
дайындалған
сұрақ-жауап
бағдарламасы
бойынша білімін
байқау.
Иллюстациялық
байқау. Суреттер
мен
фотосуреттер
арқылы.
Есептер
шығару
Жалпы балы:
8-15 бал -3 қанағаттанарлық
16-28 бал - 4 жақсы
30 – жоғары бал -5 өте жақсы
Үй тапсырмасы:
1. Оқушылар өз беттерінше сиырдың тәуліктік, маусымдық
сүттілігін анықтау әдісін оқып, үйрену.
2. «Мал шаруашылығы» оқулық, Астана, «Фолиант» баспасы,
2009ж, 214-224 беттер.

More Related Content

Similar to сиырды с__т __н¦мд¦л¦г¦. ашы__ жас о__ыт. мектеб¦. dok1

фариза ашык оку кызмети сут онимдери(1)
фариза ашык оку кызмети сут онимдери(1)фариза ашык оку кызмети сут онимдери(1)
фариза ашык оку кызмети сут онимдери(1)oquzaman
 
сабақтың тақырыбы
сабақтың тақырыбысабақтың тақырыбы
сабақтың тақырыбыNurlan Abilhanov
 
Жұмыртқадан, ірімшіктен әзірленген ыстық тағам.
Жұмыртқадан, ірімшіктен әзірленген ыстық тағам.Жұмыртқадан, ірімшіктен әзірленген ыстық тағам.
Жұмыртқадан, ірімшіктен әзірленген ыстық тағам.Айбек Қуандықұлы
 
ғылыми жұмыс
ғылыми жұмысғылыми жұмыс
ғылыми жұмысoquzaman
 
Atameken Startup Taldykorgan 25-27 april 2014 "d & m ешкі сүті"
Atameken Startup Taldykorgan 25-27 april 2014 "d & m ешкі сүті"Atameken Startup Taldykorgan 25-27 april 2014 "d & m ешкі сүті"
Atameken Startup Taldykorgan 25-27 april 2014 "d & m ешкі сүті"Bolat Sultangazin
 
хасанов санжар нирс 2017 руков жубантаева
хасанов санжар нирс 2017 руков жубантаевахасанов санжар нирс 2017 руков жубантаева
хасанов санжар нирс 2017 руков жубантаеваAsem Sarsembayeva
 
абылгазиева ш.е.
абылгазиева ш.е.абылгазиева ш.е.
абылгазиева ш.е.Asem Sarsembayeva
 

Similar to сиырды с__т __н¦мд¦л¦г¦. ашы__ жас о__ыт. мектеб¦. dok1 (7)

фариза ашык оку кызмети сут онимдери(1)
фариза ашык оку кызмети сут онимдери(1)фариза ашык оку кызмети сут онимдери(1)
фариза ашык оку кызмети сут онимдери(1)
 
сабақтың тақырыбы
сабақтың тақырыбысабақтың тақырыбы
сабақтың тақырыбы
 
Жұмыртқадан, ірімшіктен әзірленген ыстық тағам.
Жұмыртқадан, ірімшіктен әзірленген ыстық тағам.Жұмыртқадан, ірімшіктен әзірленген ыстық тағам.
Жұмыртқадан, ірімшіктен әзірленген ыстық тағам.
 
ғылыми жұмыс
ғылыми жұмысғылыми жұмыс
ғылыми жұмыс
 
Atameken Startup Taldykorgan 25-27 april 2014 "d & m ешкі сүті"
Atameken Startup Taldykorgan 25-27 april 2014 "d & m ешкі сүті"Atameken Startup Taldykorgan 25-27 april 2014 "d & m ешкі сүті"
Atameken Startup Taldykorgan 25-27 april 2014 "d & m ешкі сүті"
 
хасанов санжар нирс 2017 руков жубантаева
хасанов санжар нирс 2017 руков жубантаевахасанов санжар нирс 2017 руков жубантаева
хасанов санжар нирс 2017 руков жубантаева
 
абылгазиева ш.е.
абылгазиева ш.е.абылгазиева ш.е.
абылгазиева ш.е.
 

сиырды с__т __н¦мд¦л¦г¦. ашы__ жас о__ыт. мектеб¦. dok1

  • 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ШЫМКЕНТ АРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ Ф-Е-10/4.4 Келісілді Колледж әдіскері ____________А.Қазыбаева «____» _______ 2017 ж. АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ Пәні: Мал шаруашылығы негіздері Тақырыбы: Сиырдың сүт өнімділігі және оны бағалау. Күні: 18.02.2017 ж. Оқытушы: Жолшыбек Тұрсынбек Жас оқытушылар мектебі Шымкент-2017 ж
  • 2. Ф-Е-10/4.5 Дәрістің тақырыбы: Сиырдың сүт өнімділігі және оны бағалау. Дәрістің мақсаты: Білімділік: Мүйізді ірі қара малдың сүтін өндіру технологияларын, ағындық-цехтың жүйе бойынша сүт өндіру ерекшеліктерін оқытып, біліктіліктерін артыру. Дамытушылық: Ірі қара малдың сүт өнімділігін есептеу әдістерін дамыта оқыту. Тәрбиелік: Мамандықтарына қызығушылығын артыру, ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Дәрістің түрі: Қайталау, бекіту, жүйелеу сабағы, кәсіптік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Оқыту әдісі: Білімді ізгілендіру, деңгейлеп-саралап оқыту. Баяндау, түсіндіру, ой қозғау, сұрақ-жауап. Әдістемелік қамтамасыз етілуі: Оқулық «Мал шаруашылығы», «Мал шаруашылығы» пәнінен дәрістер жинағы, әдістемелік нұсқаулар. Көрнекіліктер: Оқу плакаттары, суреттер, кестелер, ірі қара мал тұқымдарының фото суреттері, тесттер. ОТҚ: Интерактивті тақта Пән аралық байланыс: Ірі қара шаруашылығы, мал өнімдерін өндіру технологиясы. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Негізгі: Мал шаруашылығы, Астана, «Фолиант » 2009ж 2. Қосымша: Қолда мал өсіру, Алматы «Қайнар » 1995ж Дәрістің құрылымы мен мазмұны І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушыларды түгелдеу, дәрісхана тазалығын тексеру, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылай отырып, зейінін сабаққа аудару. 2. Өткен білімдерге сүйене отырып, оқу әрекетін дамыту ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Сиырдың сүт өнімділігін есептеу әдісі. 2. Сүтті сиырдың желінінің пішіні қандай болады. 3. Жыл мезгілі сиырдың сүттілігіне қалай әсер етеді. 4. Сиырдың сүттілігіне сиырды сүтейтудің әсері бар ма. 5. Малдың салмағы сиырдың сүттілігіне әсер ете ме. 6.Ағымдық –цехтың жүйе бойынша сүт өндіру технологиясының ерекшіліктері. ІІІ. Қайталау сабағын бекіту 1. Сүт өнімділігін бағалау әдістері 2. Сүтті сиыр тұқымдары 3. Сиырдың сүт өнімділігіне әсер ететін факторлар 4. Сиырлардың орташа тәуліктік, айлық және жылдық сүт өнімділігі ІV. Сабақты қорытындылау VІ. Оқушыларды бағалау VІІ. Үйге тапсырма беру. 1. «Мал шаруашылығы» Астана, «Фолиант », 2009ж, 214-224 беттер. 2. Өз беттерінше сиырдың тәуліктік, маусымдық сүттілігін анықтап, үйрену. Дәрістің барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (дәрісхананың дайындығын, оқушылардың қатысымын қадағалау). ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімін байқау төмендегі әдістер бойынша жүргізіледі.
  • 3. Жалпылама сұрау. Таңғажайып тоғыздық. Сұрақтар: 1. Сиырдың сүт өнімділігі Әдетте сиырдың сауылу маусымы 10 айға (300—305 күн) созылады. Осы 10 айдың ішіңде сиыр сүттілігі бірқалыпты болмайды. Алғашқы айларда жоғарылап, соңғы айларда төмендейді, әсіресе үшінші айдан 6-7 айға дейін сүттілігі жоғары болады. Бір сиырдан сауым маусымында сауылатын сүт көлемі 1000 кг-нан 25000 кг дейін барады. 2. Ірі қара малдардың сүт өнімділігін бағалау әдісі. Жалпы сауылған сүтті өлшеу. Онкүндік сауын бақылауын жүргізу. Бұзаудың салмағын емгеннен кейін өлшеу. 3. Сүт өнімділігіне әсер ететін факторлар. Сиырдың сүттілігі тұқымына, өзіндік нәсіл қасиетіне, жасына, бағым күтіміне, жыл мезгіліне, сиырдың желінінің көлемі мен пішініне байланысты болады. 4. Ағымдық –цехтың жүйе бойынша сүт өндіру технологиясының ерекшіліктері. Мұндай фермаларда малды топтап күту әдісі қолданылады. Сауын сиырлар өнімділігіне, желіндерінің анатомиялық-морфологиялық құрылысына, сауылу мерзімінің ұзақтығы мен физиологиялық күйіне қарай топтап орнадастырады. 5. Сүт өнімділігін есептеу және бағалау әдістері. Сүт өнімділігін есептеу, онкүндік сауын бақылауын жүргізу, маусымдық және жылдық орташа есебін жүргізу арқылы болады. 6. Сүтті сиырдың желінінің пішіні қандай болады. Сүтті сиырлардың желіндері көбінесе астау тәрізді болады. 7. Жыл мезгілі сиырдың сүттілігіне қалай әсер етеді. Жыл мезгілі де сиыр сүттілігіне біршама әсер етеді. Сиырдан мол сүт шығаратын жылдың қолайлы мезгілі көктем-жаз айлары. 8. Малдың салмағы сиырдың сүттілігіне әсер ете ме. Малдың салмағы сиырдың сүттілігіне тікелей әсері етеді, малдың салмағы артқан сайын, сиырдың сүттілігі де артады. 9. Сиырдың сүттілігіне сиырды сүтейтудің әсері бар ма. Сиырды сүтейту дегеніміз, жаңа бұзаулаған сиырды сауым маусымының басынан бастап ұзақ уақыт ең жоғарғы күндік сауым алуға бағытталған шаралар жатады. Сиырды сүтейтудің негізгі шараларына, мезгілімен суалту, суалу кезеңінде дұрыс бағып-күту, бұзаулағаннан кейін құнарлы азықпен 2-3 кг азық өлшеміне артық рационмен азықтандыру және желінді қолмен сылап-сипау, сауу жиілігін арттыру, әрі тез сауу жатады. Алдын-ала дайындалған сұрақ-жауап бағдарламасы бойынша білімін байқау. 1. Етті-сүтті бағыттағы ірі қара мал тұқымы 1. Әулиеата сиыры 2. Алатау тұқымы 3. Қазақтың ақбас сиыры 4. Қырдың қызыл сиыры Дұрыс жауабы. Алатау тұқымы 2. Сиырдың сүттілігін анықтау әдісі 1. Онкүндік сауын бақылауын жүргізу 2. Бұзаудың салмағын емгеннен кейін өлшеу 3. Жалпы сауылған сүтті өлшеу 4. Сауыншылардың мәліметіне сүйену Дұрыс жауабы. Жалпы сауылған сүтті өлшеу
  • 4. 3. Ағымдық –цехтың жүйенің негізгі мақсаты 1 Көп мал тұратын кешендер үшін 2 Сауынды сиырлардың физиологиялық жағдайына байланысты 3 Қораны механизациялауға қолайлы болуы үшін 4 Бұзаулайтын сиырлар үшін Дұрыс жауабы. Сауынды сиырлардың физиологиялық жағдайына байланысты 3. Иллюстрациялық байқау. Суреттер мен фотосуреттер арқылы. Мына мүйізді ірі қара мал тұқымдарын атаңдар және сүтті сиырларды тап 1. 2. 3. 4. 5. 6. 1. Қырдың қызыл сиыры 2. Герефорд тұқымы 3. Абердин- ангус тұқымы 4. Сайрамның қара ала сиыры 5. Алатау тұқымы 6. Қара ала тұқым Дұрыс жауабы: Қырдың қызыл сиыры, Сайрамның қара ала сиыры, Қара ала тұқым Қайсы желін сүтті көп береді 1-астау тәрізді, 2-дөңгелек, созылыңқы, 3-ешкі желін, 4-жетілмеген желін Жауабы: 1- астау тәрізді Қайсы қара малдың сүт өнімділігі жоғары
  • 5. Жауабы; а) жоғары б) орташа 4. Есептер шығару. 1-кесте Сиырлардың сауылған сүтінің мәліметтері Сауылу айлары № 1 № 2 № 3 Бір айдағы сауылған сүті,кг Орташа тәуліктік сүті,кг Бір айдағы сауылған сүті,кг Орташа тәуліктік сүті,кг Бір айдағы сауылған сүті,кг Орташа тәуліктік сүті,кг 1-ші 896 - 761 - 465 - 2-ші 935 - 818 - 464 - 3-ші 880 - 667 - 433 - 4-ші 800 - 550 - 460 - 5-ші 750 - 443 - 395 - 6-шы 642 - 342 - 362 - 7-ші 538 - 207 - 331 - 8-ші 421 - 128 - 289 - 9-шы 363 - 98,8 - 163 - 10-шы 248 - - - 137 - 10 айдағы барлығы
  • 6. Тапсырма 1. 1. Кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша қара ала тұқымды сиырлардың орташа тәуліктік сүттілігін анықтаңдар. 2. Орташа тәуліктік сүттілігі бойынша графикке қисық сызығын сызып, сиырларды сүт өнімділігі бойынша өзара салыстырыңдар. 2-кесте Әр түрлі тұқымды сиырлардың бірдей күтімде алынған сүт өнімділігі мен жұмсалған азық мөлшері Тұқымдары Жұмсалған азық бірлігі Майлылығы 4 %-ға есептеп алынған сүт 1 кг сүтке жұмсалған азық бірлігі Қара-ала 71132,7 56131,2 Симменталь 64859,8 46818,4 Қырдың қызыл сиыры 58079,6 49949,0 Тапсырма 2. 2-кестеде көрсетілген мәліметтерді пайдаланып, 1 кг сүтке жұмсалған азық мөлшерін анықтаңдар. 3-кесте Қырдың қызыл сиырының әр айдағы сауылған сүті мен құрамының өзгеруі Әр айдағы сауымы Сауылған сүт, кг Сүттің құрамы Май, % Белок, % 1-ші 644 3,74 3,29 2-ші 701 3,72 3,33 3-ші 621 3,75 3,34 4-ші 576 3,78 3,34 5-ші 527 3,79 3,36 6-шы 484 3,82 3,48 7-ші 429 3,88 3,55 8-ші 385 4,00 3,66 9-шы 323 4,28 3,87 10-шы 234 4,34 4,11 Тапсырма 3. Қырдың қызыл сиырының орташа сүтінің майлылығы мен сүтінің белогын есептеңдер, және барлық сауылған сүт мөлшерін анықтаңдар. Сүт өнімділігін есептеу және бағалау әдістері Сиырды сүттілігі бойынша дұрыс бағалап сұрыптау, бір-бірімен салыстыру және өнімділігіне қарай азықтандыру үшін әр сиырдан сауылған сүттің мөлшері мен сапасын уақытымен өлшеп, анықтап отыру керек. Әр сиырдан сауылған сүтті анықтау үшін негізінен екі әдіс қолданылады: бірінші әдіс бойынша әр сауында күнде өлшеу; екінші әдісте әр 10 күн сайын бақылау жасау. Бірінші әдісті қолданған жағдайда көп уақыт пен құрал-жабдықты қажет етеді, бұл әдіс көп жағдайда асыл тұқымды мал шаруашылықтарында қолданылады. Екінші әдіс жай шаруашылықтарда қолданылады. Бұл әр сиырдың сүттілігі жөнінде нақтылы дерек береді. Бұл он күн сайын әр сауымда өлшеу арқылы бір күнде сауылған сүтті
  • 7. анықтайды. Бір айда анықталған үш күндік сауынның қосындысын үшке бөліп, бір күндік орташа сауын мөлшерін анықтайды. Бұл орташа көрсеткішті сол айдағы күн санына көбейтіп, айлық сауын мөлшерін анықтауға болады, сөйтіп барлық айларда сауылған сүтті анықтайды. Өткен тақырыпты бекіту: Кестені толыр Сүт өнімділігін бғалау әдістері Сүтті сиыр тұқымдары Сиырдың сүт өнімділігіне әсер ететін факторлар Сиырлардың орташа тәуліктік, айлық және жылдық сүт өнімділігі 1. 1. 1. 1. 2. 2. 2. 2. 3. 3. 3. 3. 4. 4. 5. 5. Қорытынды: Оқушыларды бағалау Үй тапсырмасын сұрау Жалпылама сұрау Алдын-ала дайындалған сұрақ-жауап бағдарламасы бойынша білімін байқау. Иллюстациялық байқау. Суреттер мен фотосуреттер арқылы. Есептер шығару Жалпы балы: 8-15 бал -3 қанағаттанарлық 16-28 бал - 4 жақсы 30 – жоғары бал -5 өте жақсы Үй тапсырмасы: 1. Оқушылар өз беттерінше сиырдың тәуліктік, маусымдық сүттілігін анықтау әдісін оқып, үйрену. 2. «Мал шаруашылығы» оқулық, Астана, «Фолиант» баспасы, 2009ж, 214-224 беттер.