SlideShare a Scribd company logo
1 of 64
МАЗМҰНЫ
1. Пәннің мақсаты мен міндеттері ................................... 4
2. Тақырыптық жоспардың мазмұны ................................ 4
3. Сабақтардың мазмұны .................................................... 8
4. Пән бойынша бақылау сұрақтары ................................. 65
5. Пән бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары .......... 66
6. Пайдаланылған әдебиеттер ............................................ 69
1. ПӘННІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Пәннің мақсаты:
«Шағын жинақталған мектепте оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыру»
пәнінің негізгі мақсаты бастауыш шағын жинақталған мектепте класс және
класс комплект жағдайындағы бастауыш мектептерде оқу - тәрбие процесін
ұйымдастыру жолдарын меңгерту.
Пәннің міндеттері:
ҚР-дағы "Шағын жинақталған мектеп түсінігі", мақсаты мен міндеттерін
айқындау;
ҚР-дағы шағын жинақталған мектептердің даму тұжырымдамасын іске
асыру;
ШЖМ-тердегі педагогикалық проблемалар және оларды шешу жолдары;
Бастауыш шағын жинақталған мектепте жеке пәндерді класс және класс -
комплект жағдайында оқытудың тиімділігі мен қиыншылығын талдау;
Бастауыш шағын жинақталған мектепте оқыту және тәрбие процестерін
ұйымдастыру жолдарын меңгерту.
2. САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
1 бөлім. Кіріспе
1.1тақырып. Шағын жинақталған бастауыш мектеп және оның
ерекшелігі
Мақсаты: шағын жинақталған бастауыш мектеп туралы мағлұмат беру.
«Шағын жинақталған мектепте оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыру» пәнінің
мақсаты мен мазмұны туралы меңгерту.
1.Шағын жинақталған бастауыш мектеп туралы түсінік
2.Қазақстандағы алғашқы мектептер
3.Шағын жинақталған бастауыш мектептің ерекшелігі
1. Шағын жинақталған бастауыш мектеп туралы түсінік
Жастарға жалпы орта білім беруді жүзеге асыруда негізгі және орта
мектептермен қатар, бастауыш мектептердің, оның ішінде шағын комплектілі
мектептердің атқаратын ролі орасан зор.
Жалпы шағын жинақты бастауыш мектеп жаңадан пайда болған
құбылыс емес. Оның негізі бастауыш білім беру жөнінде белгілі педагогтар
К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой жасаған оқыту методикасында жатыр.
Қазақстан топырағына бұл құбылыстың келуі қазақтың тұңғыш педагогі
Ы.Алтынсариннің есімімен байланысты. Содан бері қанша уақыт өтсе де
шағын жинақты мектептер өмір сүруде.
Шағын жинақты мектептер – қазақтың шағын ауылының іргесі,
ұйытқысы, оның әлеуметтік экономикалық дамуының өзегі.
Республикамыздың экономикалық және географиялық ерекшеліктеріне
байланысты орталықтан шалғай, алыс жерлерде орналасқан қазірдің өзінде
Қазақстанда 75-80% шағын комплектілі мектептер бар.
2007 жылы республикадағы барлық шағын жинақты мектептердің ішінде
1014 – бастауыш, 979 – негізгі және 2413 – орта мектептер жұмыс жасайды.
2004 жылмен салыстырғанда, ШЖМ 58%-ға өсіп, оның саны жалпы білім
беретін мектептердің 55,4% құрады. Мұндай мектептер негізінен ауылдық
жерлерде орналасатыны белгілі. Мұндай мектептердегі оқушылар саны 423,6
мың, оның ішінде бастауыш сыныптарда 12,3 мың, 46,8 мың – негізгі және
364,4 мың оқушы орта мектептерде оқиды. ШЖМ жүйесінің өзгеру
динамикасы шағын жинақты бастауыш және негізгі мектептердің қысқарып,
орта мектептердің көбейіп келе жатқанын байқатады.
Мектеп құрылымы бұлай өзгеше аталғанымен, мұндағы білім мен тәрбие
сапасына қойылатын талап барлық білім беру мекемелеріне қойылатын
талаппен бірдей болып қала береді. Сондықтан да шағын жинақты мектеп
жұмысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу керек.
2.Қазақстандағы алғашқы мектептер
Ы.Алтынсариннің басшылығымен ұлттық мектептердің қазақстандық
үлгі жүйесі пайда болды. Ол басшыларға жазған баяндама хаттарында
«қазақтардың тұрмыс-тіршілігіне ыңғайлы, мектептің көшпелі болуы қажет,
жазда ауылдармен бірге жайлауда, ал қыста қыстауда болғаны жөн» − деп,
дәлелдеген. Ол 1986 жылы 5 болыстық мектеп ашты: Торғайда (Қараторғай
мектебі), Николаевскіде (Убалан мектебі) және жетіқара мектебі, Илецкіде
(Буртин мектебі). Ал ХХ ғасырдың басында ауылдық жерлерде білім алудың
жинақталған мектептер жүйесінің негізі қаланды. Сол кезде ауылдағы
алғашқы қазақ мектептерінің көбі шағын жинақты бастауыш мектептер
болғаны байқалады. 1916 жылы олардың саны – 727, ондағы оқушы саны –
22414 болды. 1920-1921 жылдары шағын жинақты мектептердің саны екі есе
өсті.
ХІХ ғ. ІІ-жартысында Қазақстанда әр түрлі типтегі орыс - қазақ
мектептері көптеп ашыла бастады (басым көпшілігі - шағын комплектілі
мектептер). Ақмола мен Семей облыстарында - мектеп - интернаттар мен
ауыл шаруашылық бастауыш училищелері, Торғай мен Оралда – ауылдық,
облыстық (1-кластық, 2-кластық – оқу мерзімі – 6 жылдық) орыс-қазақ
училищелері, Жетісу мен Сырдарияда - орыс-түземдік училищелер, Ішкі
Ордада – старшындық және бөлімшелік училищелер ашылды.
ХХғ. бас кезінде «Бұратана халықтарға арналған бастауыш училищелер
туралы» (1906) ережеге сай Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстарындағы
және Ішкі Ордадағы барлық қазақ мектептері 1-кластық орыс-қазақ
училищелеріне айналдырылды.
ХХ ғ. бас кезінде Қазақстандағы мектептердің жанынан 32 кәсіптік
бөлімше және 270 қол еңбегін оқытатын кластар ашылды.
Түркі тілдес ұлттық мектептердің оқу бағдарламаларына қатысты алғашқы
ескертпелер 1906 жылғы «Россияның шығысында тұратын бұратана
халықтар үшін ашылған бастауыш училищелер» туралы ережелерде берілген.
«Ережеде» оқу жоспарлары ғана емес, оқу бағдарламалары, әдістемелік
нұсқаулар да берілген (арифметика бойынша да қосымшалар бар). Бірдей
ортақ типтік бағдарламалар болған жоқ, жер ерекшеліктеріне қарай мектеп
директорлары бағдарламаларды не қысқартып, не кеңейтіп, өз жағдайларына
қарай үнемі өзгертіп отырды.
Сонымен бірге, бірдей оқулық та болған жоқ. Орыс, орыс-татар,
кейінірек башқұрт, латыш, украин, өзбек, татар, чуваш халықтарына
арналған кітаптар пайдаланылды.
3. Шағын жинақталған бастауыш мектептің ерекшелігі
Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу-
тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген
сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз.
Нақты айтқанда, 1999-жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ-ке мынадай
анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары
аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар
саны шағын жалпы білім беретін мектеп». ШЖБМ-те мұғалім бір уақытта
бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте – екі сынып, ал
бір комплектілі мектепте – үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты
құрайды.
Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған
байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын
жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай
мектептердің мәнді белгісі болып табылады.
Егер мектепте барлық балалар саны 15-тен аспайтын болса, 1- сынып
комплект, 15-тен жоғары 2 немесе 3-сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1
сынып-комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген. (Гигиенические
требования к условиям обучения школьников в различных видах
современных общеобразовательных учреждений № 2.01.07.-99.г §2 Пункт
9.11 - 21 стр.).
Мұнда екінші сынып-комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3
сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала
санының аздығына байланысты, яғни 5-тен 15-ке дейін ғана бала болса, онда
1 сынып-комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда
тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген.
«ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру тәртібі
туралы Ережелерде»: (-2000 ж. №32 (6)) «Жалпы білім беретін мектептерде
оқыту үдерісін ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үдерісінің жоспары оқу
жоспары негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ
кестелері арқылы реттеледі»,- делінген.
Сұрақтар:
1. Шағын жинақталған мектеп дегеніміз не?
2. Шағын жинақты бастауыш мектеп қайда пайда болды?
3. Қазақстанда кімнің есімімен байланысты?
4. Сыныптарды комплектіге біріктіру жолдары
1.2тақырып. Қазақстан Республикасындағы шағын жинақталған
бастауыш мектептердің проблемалары мен оларды шешу
жолдары
Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы шағын жинақталған бастауыш
мектептердің проблемалары мен олардың шешу жолдары туралы мағлұмат
беру.
1.Қазақстан Республикасындағы шағын жинақталған бастауыш
мектептердің проблемалары
2. Оларды шешу жолдары
1.Қазақстан Республикасындағы шағын жинақталған бастауыш
мектептердің проблемалары
Жалпы осы уақытқа дейін шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие
жұмысының мазмұнын жақсарту, оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік
стандарт дәрежесіне көтеру сияқты мәселелері бірқатар ғалымдарымыз бен
әдіскерлеріміздің назарын аударған. Олардың еңбектерінде бірнеше сыныпты
бір мезгілде қатар оқытудың тиімді жолдарын іздестіру (Ж.Аймауытов,
Ғ.Бегалиев, Ж.Қаржасбаев, М.Бүрлібаев, Ғ.Сүлейменов, А.Асқарбаева),
сабақты ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін анықтау
(Б.Құлмағамбетова, А.Асқарбаева, Г.М.Храпченков, Қ.Аймағамбетова);
«Қазақ тілі», «Ана тілі», «Математика», «Айналамен таныстыру» пәндерін
оқытудың мазмұны мен практикалық бағытын белгілеу (Ш.Әуелбаев,
А.Асқарбаева, Б.Құлмағамбетова); бір пәндік, бір тақырыптық сабақтардың
тиімділігін дәлелдеу (М.Сайпин, З.Бейсенбаева, Е.Шапаева, О.Сатқанов,
Б.Катембаева);. осы үлгідегі мектептер үшін болашақ мұғалімдерді дайындау
мәселелері (З.Әділғазинов) қарастырылады.
Шағын жинақты бастауыш мектеп мәселесін зерттеуге белсене
араласқандардың бірі – Ғ.Сүлейменов. Оның 1963 жылы «Қазақстан мектебі
журналында «Аз комплектілі бастауыш кластарда сабақ кестесін қалай жасау
керек ?», 1965 жылы «Екі комплектілі мектепте оқу процесіне басшылық ету
туралы», 1968 жылы Р.Мұраталиевпен бірлесе отырып жазған «Аз
комплектілі мектептерде оқу процесін ұйымдастыру туралы» мақалалары
басылды. Ғалым алғашқы мақаласында аталған мектептер үшін сабақ
кестесін құрудың бірнеше нұсқасын ұсынды. Ал келесі мақаласы 1 және 2, 2
және 4-сыныптарды қатар оқытудың әдістері мен тәсілдерін көрсетуге
арналды. Мұнда автор алдымен шағын жинақталған мектептерде жұпталған
сабақтардың, негізінен, 3 түрі болатындығын айтады: 1) екі сыныпта да жаңа
материал өтілетін сабақ; 2) бір сыныпта жаңа материал, ал екіншісінде
пысықтау не қайталау (немесе оқушылардың білімін тексеру) жұмысы
жүргізілетін сабақ; 3) екі сыныпта да бұрынғы өтілген материал
пысықталатын не қайталанатын (немесе бір сыныпта бақылау жұмысы
алынатын) сабақ. Одан әрі қарай әрбір түрге байланысты сабақты
жоспарлаудың және өткізудің үлгісін мысалдармен түсіндіреді.
Р.Мұраталиевпен бірлесіп жазған мақаласында көрнекі құралдар, әсіресе,
шағын жинақты мектептер үшін өте қажет деп есептеп, оларды қолдану
жолдары туралы пайдалы ұсыныстар білдіреді.
1870 жылғы 26 наурызда жарияланған «Россияда тұратын басқа
ұлттарға білім беру шаралары туралы заң» мен «Басқа ұлттарға арналған
бастауыш училищелер туралы» ереже (1906, 1907, 1913) Қазақстан мен Орта
Азиядағы ұлттық бастауыш мектептерде бастауыш оқуды ана тілінде
оқытуға рұқсат берді. ХІХ ғ. 70-жылынан бастап орыс-қазақ мектептеріндегі
бастауыш оқу қазақ тілінде жүргізілетін болды.
Орыс-қазақ мектептерінде арифметиканы оқыту бір орынға қарайтын
оқу мекемелері басшыларының пікірі бойынша ауызша және жазбаша
санауға, арифметикалық амалдарды орындауға үйрету міндеттерін шешуге
тиіс болды. Арифметика ғылым ретінде қажет деген пікірге ерекше көңіл
бөлінді.
ХІХғ. екінші жартысы мен ХХғ. бас кезінде Ресейдің бастауыш
мектептерінде оқытылатын арифметика бойынша 200-ден астам әр түрлі
оқулықтар, оқу құралдары, есеп жинақтары басылды. Қазан төңкерісіне
дейінгі Қазақстанда аса кең тараған К.П.Арженниковтың,
В.А.Евтушевскийдің, Г.М.Вишневскийдің, А.И.Гольденбергтің,
К.П.Бурениннің, А.Ф.Малиннің, Н.И.Паульсонның, С.И.Шохор-Троцкийдің
кітаптары еді. Бұдан басқа орыс-қазақ училищелеріндегі ұлт мектептеріне
арналған Н.А.Бобровниковтың, С.М.Граменицкийдің, Т.Г.Лубенцтің,
И.С.Михеевтің т.б. кітаптары пайдаланылды.
Қазақ ССР Оқу министрлігінің 1987 жылы 10 маусымда
«Республикадағы шағын комплектілі мектептердің қазіргі жайы және
олардың жұмысын жақсарту шаралары жайында» қарары қабылданды. Ал
1975 жылғы 9 желтоқсанда Қазақ ССР Оқу министрлігі Коллегиясының
шешімі бойынша ШЖМ үшін орыс, ана тілі, табиғаттану мен математикадан
әдістемелік құралдар дайындау Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика
ғылымдары ғылыми-зерттеу институтына тапсырылды. Осы тапсырманы
орындау үшін Бастауыш білім беру әдістемесі 1974-78 жж. «ШКМ-тегі оқыту
мазмұны мен әдістемесін жетілдіру» атты зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Шағын жинақты бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі де кез-
келген ғылым саласы сияқты екі жағдайда дамиды. Оның біріншсі - әдіскер,
психолог, педагог сияқты ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде
жүзеге асса, екіншісі – кейбір мұғалімдердің шығармашылық тәжірибелерін
оқып үйренудің, оларды ғылыми түрде негіздеу, жалпылау арқылы жүзеге
асады.
Шағын жинақты бастауыш мектептерде де математика пәні қалыпты
мектептерге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының көмегімен
оқытылады.
Қазақстанда қазақ бастауыш мектептері төл оқулықтармен қамтамасыз ету
мәселесі әріден келе жатқан, нақтырақ айтсақ, бастауыш қазақ халқының ұлы
ағартушысы Ы.Алтынсариннің өзінен алатыны, бір жарым ғасырға жуық
уақыт бойы күн тәртібінен түспеген мәселелердің бірі.
«Ы.Алтынсарин орыс - қазақ мектептері үшін математика оқулықтарын
таңдап алуға зор маңыз беріп, сол кездегі орыс бастауыш мектебінде
қолданылып жүрген оқу-құралдардың ең жақсыларын енгізуге тырысты»-
дейді Б.М.Қосанов.
ХХ ғасырдың басында М.Әуезов, А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ
оқымыстылары бұл істі жаңа сатыға көтереді. Басқа салалардың мамандары
бола тұра, олар мектепті оқу құралдарымен қамтамасыз етудің зор маңызын
түсініп, осы іске бел шеше кірісті. Соның нәтижесінде Қазан төңкерісіне
дейін-ақ математика пәндерінен төл оқулықтар қазақ балаларының қолына
түсе бастады. 1920-1930 жылдары математика пәнінен оқулықтар мен оқу-
әдістемелік құралдар дайындауға М.Дулатұлы, С.Қожанұлы, К.Жәленұлы,
Қ.Сәтбаев т.б атсалысты. Сөйтіп, сол заман тұрғысынан қарағанда, қандай да
деңгейде болмасын білім дәрежесі көтеріліп, жүйеленіп бір ізге түсе бастады.
1930 жылы жеткіншек ұрпақтың санасын өз қажетінше қалыптастыруға
бағытталған Мәскеу шенеуніктерінің қаулылары Қазақстандағы қауырт
дамып келе жатқан бұл істі пышақ кескендей тыйды. Яғни, математика
құралдары тек қана орталыққа дайындалып, жергілікті жерлерде олардың
аудармаларын ғана пайдалануды міндеттеді. Мұндай әрекетке ғалым-
педагогтар тарапынан қарсылық болды.
2. Оларды шешу жолдары
1970-1980 жылдары шағын жинақты бастауыш сыныптағы оқыту
әдістемесін зерттеуге белсене кіріскен ғалымдарымыздың бірі –
Б.Құлмағанбетова. Ол мақалаларында мұғалімге көмек ретінде әдістемелік
нұсқаулар беруді мақсат ете отырып, қазақ тілі сабақтарында өздігінен
орындалатын жұмыстардың түрлері мен оны ұйымдастыру жолдарын
көрсетуге баса мән береді.
1974 жылы Б.Құлмағанбетованың «Аз комплектілі мектепте сабақты
ұйымдастыру» деген еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте мынандай мәселелер
қарастырылды: 1) аз комплектілі мектептердің қазіргі жайы; 2) аз комплектілі
мектептерде жұмыс түрлерін ұйымдастыру; 3) аз комплектілі мектептерде
сабақты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері; 4) аз комплектілі мектептерде тіл
дамыту жұмыстарын ұйымдастыру. Автор алдымен шағын жинақты
бастауыш сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің іс-тәжірибелеріне шолу
жасай келіп, әрбір сыныпта оқылатын тақырыптарды, оларға қатысты
материалдарды, көрнекі құралдар мен әдістемелік жаттығуларды орынды
пайдаланып, жұптасқан сабақтардың құрылысын, өздік жұмыстардың
түрлерін, көлемін, оған кететін уақытты т.с.с дұрыс белгілеп алса, мұндай
мектептердегі оқу-тәрбие жұмысы нәтижелі болады деген қорытынды
жасайды.
1980 жылы Ш.Әуелбаевтың «Қазақ тілі сабақтарының мазмұны мен
жоспарлау үлгілері» атты еңбегі жарыққа шықты. Автордың бұл еңбегі
шағын жинақты бастауыш сынып мұғалімдері үшін қиындық келтіріп
отырған қазақ тілі сабақтарының мазмұнын анықтау мәселесін шешуге
байланысты жасалған алғашқы әрекет болып есептеледі. Өйткені
бағдарламада үлкен тақырыптарға арналған сағат сандары ғана көрсетіледі
де, әрбір жеке сабақтың мазмұнын белгілеу үлкен қиындық туғызады.
Сондықтан бұл құралда қазақ тілі сабағының мазмұны мен көлемі
анықталып, оның толық жоспарлау үлгілері берілген.
1981 жылы басылып шыққан А.Асқарбаева мен Г.М.Храпченковтың
«Шағын комплектілі мектептегі оқытудың мазмұны мен әдістері» деп
аталатын еңбегінің маңызы аса зор болды. Бұл құралдағы көңіл аударарлық
мәселе – шағын жинақты бастауыш сыныптарда ана тілі сабақтарын бір
пәндік жүйемен жоспарлағанда қатар сыныптарда тақырыбы мен мазмұны
жағынан жақын, бір-біріне ұқсас материалдарды іріктеп алып, жұптастырып,
бір мезгілде өткізудің тиімді болатындығы. Осы тұста шағын жинақты
мектептегі оқыту мәселесіне қатысты әдістемелік нұсқаулар да пайда бола
бастады. Атап айтқанда: Қ.Аймағамбетованың «Аз комплектілі бастауыш
мектептерде табиғаттануды оқыту», М.Сайпиннің «Шағын комплектілі
мектептерде математиканы оқыту» (1984), О.Сатқановтың «Еңбекке үйрету
методикасының кейбір ерекшеліктері» (1990) атты еңбектері. Аталған
еңбектерде шағын жинақты мектептердің өзіндік ерекшеліктері, жеке пәнді
оқыту әдіс-тәсілдері, ұтымды жұмыс түрлері, сабақ жоспарлары тәрізді
негізгі мәселелер қамтылған. Олар, негізінен, бір пәннің бір мезгілде
өткізілуін қолдап, соған сай бір тақырыптық сабақтарды жоспарлау үлгісін
көрсеткен.
1970-1980 жылдары жоғарыда аты аталған ғалымдар мен кейбір мектеп
мұғалімдерінің қатысуымен «Мектеп» баспасынан бірнеше көрнекі құралдар
да жарық көрді. Мысалы: «Ана тілінен тіл дамытуға арналған сюжетті
картиналар» (1976), «Аз комплектілі мектептер үшін грамматикалық
таблицалар» (1979), «Ана тілінен үлестірмелі картиналар» (1981).
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Бірнеше сыныпты бір мезгілде қатар оқытудың тиімді жолдарын
іздестіруде белсене кіріскен ғалымдар еңбектері
2. Шағын жинақты бастауыш мектеп мәселесін зерттеуге белсене араласқан
ғалымдарды еңбектері
3. Шағын жинақты бастауыш мектеп проблемаларын шешуге көмектескен
ғалымдар еңбектері
1.3тақырып. Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың
тиімділігі мен қиыншылығы
Мақсаты: Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
туралы түсінік беру. Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың
қиыншылығы туралы сипаттау.
1.Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
2. Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
1.Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
ШЖМ-нің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:
- балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның
қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік
бар.
- дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге
аз уақыт жұмсалады;
- оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады;
- оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді;
- бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-4)
оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді;
- әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік,
дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол;
- аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен
қолдануға тырысады.
2. Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
ШЖМ-тің жоғарыда келтірілген артықшылықтарымен қоса, кемшіліктері,
кері жақтары да бар:
- мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық
белсенділігінің артуына жол болмайды;
- сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды;
- мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға
мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын
ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады;
- мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп
отырады;
- өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан
жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;
- белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс
ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ;
- оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі
жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне
отырып орындауына кері әсер етеді;
- ШЖБМ оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір
мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан
кенде, кейін қалады;
ШЖБМ бағдарламасын өз деңгейінде орындап шығу қазіргі кездегі
көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені қойылатын талап негізгі мектептермен
бірдей. Аталмыш мектеп жағдайында бағдарламаны сапалы орындау
төмендегі жағдайларды, талаптарды орындағанда ғана мүмкін болады: - егер
мұғалім ШЖМ -нің өзіндік ерекшелігін, сабақтың ерекшелігін түсіне, сезіне
алатын болса;
- егер мұғалім ШЖМ математика сабағын ұйымдастырудың мәселелері
бойынша қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өткен болса;
- математика сабағында мұғалім балаларды қызықтыра алатындай, сабақты
түрлендіре жүргізетін, олардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру
формаларын дұрыс қолданатын болса.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.ШЖМ-нің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары қандай?
2.Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығын
атаңдар?
3.Тиімділігі мен қиыншылығынан салыстырмалы түрде кесте құрастырыңдар
2 бөлім. ШЖБМ-те оқыту процесін ұйымдастыру
2.1 тақырып. ШЖБМ-те педагогикалық процесстің ерекшелігі
Мақсаты: Шағын жинақталған бастауыш мектептің педагогикалық
процесінің ерекшілігі мен тиімділігін анықтауды меңгерту.
1. ШЖБМ-те педагогикалық процесстің ерекшелігі
2. Жалпы жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары
1. ШЖБМ-те педагогикалық процесстің ерекшелігі
ШЖБМ-тегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:
- бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы
оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ
әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да,
мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40
сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен
міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет.
- бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі
әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың
психологиясын жақсы білуі тиіс;
- шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады,
сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу,
тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі
жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады.
- мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың
мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп,
оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау
жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны
тиянақты болмауды ойластыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау әрбір
оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка,
дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын
қадағалау керек.
2. Жалпы жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары
Жалпы жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары
Жалпы жаңа жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары:
• сабақтың оқу бағдарламасына сәйкес жоспарлануы;
• бірнеше сыныптың оқу материалының бір тақырыптың жүйеге
ыңғайластырылуы;
• көрнекі дидактикалық құралдардың алдын ала дайындалуы;
• сабақ тақырыбының өзара байланысы;
• сыныптарды комплектіге дұрыс біріктіру;
• сабақтардың кестесін дұрыс жасау;
• тиімді оқыту әдістерін таңдау;
• сабақтың максатқа сай келетін құрылымын анықтау;
• оқушылардың өздік жұмыстарын мұғалім басшылығымен істелетін
жұмыстармен ауыстырып отыру;
• мұғалімнің 4-5 рет жұмыс түрін ауыстыруы;
• барлық сыныптарда тәрбие процесін жүргізу.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. ШЖБМ-тегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері қандай?
2. Жалпы жаңа жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттарын
атаңыздар
3. Бірнеше сыныппен жұмыс істегенде сабақтың ұйымдастыру кезеңдері
4. Сабақ барысында әдіс-тәсілдерді түрлендіру
2.2тақырып. ШЖБМ-тегі жұмыстың тиімділігін анықтау шарттары
Мақсаты: ШЖМ-те оқу – процесінің тиімділігін анықтауды, сабақты
табысты өткізу үшін методикалық әдістерді меңгерту.
1. ШЖМ-те оқу –тәрбие процесінің тиімділігін анықтау
2. Шағын кешенді мектептегі сабақтың табыстылығы
1. ШЖМ-те оқу – процесінің тиімділігін анықтау
ШЖМ – тің оқу - тәрбие үрдісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар:
- біріншіден, сабақтың ерекшіліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс
істеу сабақтың құрылысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің дұрыс
ұйымдастыруды қажет етеді, өзіндік жұмысты мұғалім әр сынып сайын
міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс;
- сабақтын екінші ерекшелігі - тікелей мұғалімнің басшылығымен
атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла
жүргізілуі.
Осы екі ерекшелік - ШЖМ - нің негізгі мектептен төмендегі ерекшелігін
туғызады:
- бір сыныптын өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің басшылығымен
жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа байланысты;
- екіншіден, 3 - 4 сынып қатар оқытылғандықтан, сабақ кестесін, сабақ
жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын
шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет.
2. Шағын кешенді мектептегі сабақтың табыстылығы
Шағын кешенді мектептегі сабақтың табыстылығы мұғалімнің түсіндіруі мен
өздік жұмысты ұштастыруына байланысты. Түсіндіру нақтыландыратын
мысал, қосымша ой-пікірлерсіз қысқа болу керек. Мұғалім әдетте жаңа
білімді меңгерту үшін бір не екі мысал келтіреді.Мұғалім тақырыпты
түсіндіргеннен кейін өздік жұмысты қалай орындау керектігі туралы
қысқаша нұсқау беріп, оқушылардың жұмысқа әзірлігін тексеріп, келесі
сыныппен жұмыс істеуге көшеді, тақырыпты түсіндіріп болған соң сыныпқа
өздік жұмыс береді.Оқу жұмысының түрлерін ауыстырып, өздік жұмысты
орындау процесін бақылап, мұғалім сабақты жүргізіп отырады.
Сабақтың құрылымы:
1. Мұғаліммен жұмыс - өздік жұмыс.
2. Өздік жұмыс - мұғаліммен жұмыс.
Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағының құрылымы
1. Ұйымдастыру бөлімі 1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Мұғалімнің сұрағына жауап беруге әзірлену, көрнекі кұралмен немесе
басқа шағын тапсырмамен жұмыс 2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа материалды түсіндіру 3. Өздік жұмыс
4. Өздік жұмыс. 4. Жаңа материалды түсіндіру
5. Өздік жұмысты тексеру. Сабақтың қорытындыларын шығару. Үйге
тапсырма 5. Өздік жұмыс
6. Үй тапсырмасының мазмұнын өз бетімен оқу және күнделікке жазу
7. Өздік жұмысты тексеру. Сабақтың қорытындыларын шығару. Үйге
тапсырма
Мұғалім екі сыныптың оқушыларының да іс-әрекетін толықтай бақылап,
өздік жұмыстың нәтижелерін міндетті түрде тексеріп, жауап беріп
көмектеседі.
Әр сыныптағы өздік жұмысқа 15 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде
мұғалім басқа сыныптың оқушыларына жаңа сабақ түсіндіреді, оны
қайталаттырады, жүйелетеді.
ІІІағын кешенді мектепте жұмыс істейтін мұғалім кіші мектеп жасындағы
оқушыларға берілетін өздік жұмыстың барлық түрлерін білу керек. Шағын
кешенді мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу негізінен сабақ арқылы
жүреді. Мұғалім сабақты, бекітілген сабақтың кестесі бойынша өткізеді.
Сыныпта әр жастағы оқушылар оқып, бір сабақта бірнеше пәннен алынған
ұқсас тақырыптар түсіндіріледі. Сабақтар бір бөлмеде өтеді.
Мұғалімнің мақсаты:
• әр сыныппен істейтін жұмысына уақытты дұрыс бөлу;
• таным процесінің жүйесін бұзбау;
• оқушылардың жаңа тақырыпты қабылдауын, түсінуін, меңгеруін, есте
сақтауларын ынталандыру;
• барлық сыныппен бір мезгілде тәрбие жұмысын жүргізу;
• білімнің негізгі мазмұнын меңгерту.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. ШЖМ – тің оқу - тәрбие үрдісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері
2. Шағын кешенді мектептегі сабақтың табыстылығының сатылары
3. Сабақтың құрылымына тоқталыңдар.
4. Сабақ кезіндегі мұғалімінің мақсаты қандай?
2.3 тақырып. Сынып. Сынып – комплект құрастыру
Мақсаты: Екі немесе үш сыныпты комплект құрастырудың әдіс-тәсілдерін
меңгерту.
1.Сынып – комплект құрастыру ерекшеліктері
2. Екі немесе үш сыныппен өткізілетін сабақты ұйымдастыру
1.Сынып – комплект құрастыру ерекшеліктері
Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру,
соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың
жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері
бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады.
Егер мектепте барлық балалар саны 15-тен аспайтын болса, 1- сынып
комплект, 15-тен жоғары 2 немесе 3-сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1
сынып-комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген. (Гигиенические
требования к условиям обучения школьников в различных видах
современных общеобразовательных учреждений № 2.01.07.-99.г §2 Пункт
9.11 - 21 стр.).
Мұнда екінші сынып-комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3
сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала
санының аздығына байланысты, яғни 5-тен 15-ке дейін ғана бала болса, онда
1 сынып-комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда
тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген. «ҚР Жалпы
білім беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы
Ережелерде»: (-2000 ж. №32 (6)) «Жалпы білім беретін мектептерде оқыту
үдерісін ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары
негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері
арқылы реттеледі» - делінген.ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі
педагогикалық мақсаты – бағдарлама мен мектеп белгілеген жоспарды
орындап шығу.
2. Екі немесе үш сыныппен өткізілетін сабақты ұйымдастыру
Екі немесе үш сыныппен өткізілетін сабақты ұйымдастырғанда
оқушының білімін бағалау, жеке жұмыс жүргізу, тапсырманы өздігінен қалай
орындағандықтарын бақылап, жұмыстарын тексеріп отыру да педагогикалық
шеберлікті, жете мән беруді талап етеді. Яғни, 45 минуттық бір сабақтың
ішінде шағын жинақты мектеп мұғалімі 3, тіпті кейде 4 сабақты өткізіп, 3 не
4-сынып оқушыларын қатар оқытуға әрі әрбір «кіші сабақтың» білімділік,
тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарының орындалуын қадағалауға мәжбүр
болады. Осыған орай сабақтың құрылымы да өзгереді. Бүгінгі күнге дейін
сабақтың екі кезеңі анықталған болатын: мұғалім басшылығымен жұмыс
және өздігінен орындалатын жұмыс. Бұл екі кезең «үлкен сабақтың» өн
бойында бірнеше рет қайталанып отырады. Енді осы сабақтардың
ұйымдастыру барысына тоқталайық: ортақ тақырыптық қағиданы
ұстанғандықтан белгілі бір тақырыпты барлық сыныпқа бір мезгілде өткізуге
болады. Ал, жаңа сабаққа байланысты жаттығулар мен тапсырмаларды жас
ерекшеліктеріне қарай әрбір сыныпқа лайықтап, саралап, әрқайсысына жеке
орындатуға болады.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Мұнда сабақ екі кезеңнен: біріктірілген (ортақ) бөлімнен және сараланған
(дифференцияланған) бөлімнен тұрады. Енді осы екі жағдайды
салыстырайық:
2-сынып 3-сынып 4-сынып
М Ө Ө
Ө М Ө
Ө Ө М
(М − мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс, Ө − өздігінен
орындалатын жұмыс).
2-сынып 3-сынып 4-сынып
Біріктірілген (ортақ) бөлім
( жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі)
Сараланған бөлім
(жаттықтыру кезеңі)
Біріктірілген (ортақ) бөлім
(бекіту кезеңі)
Көріп отырғанымыздай, бірінші жағдайда жаңа тақырыпты түсіндіру 4-
сыныпта сабақтың ең соңына түсуі мүмкін. Ал психологиялық еңбектердн
бастауыш сынып оқушыларының жаңа материалды шамамен сабақтың
алғашқы 10-15 минутында ғана жақсы қабылдайтыны туралы пікірлерді
кездестіреміз. Сондықтан сабақты бұл жолмен жоспарлау көп қиындық
туғызатыны сөзсіз.
Тапсырма: сіздің үлгіңіз...
2.4 тақырып. ШЖБМ-те сабақ кестесін құрастыру жолдары
Мақсаты: ШЖБМ-те тиімді сабақ кестесінің үлгілерін жасап үйрету. Сабақ
кестесін жасаудың әдіс - тәсілдерін меңгерту.
1. Сабақ кестесінің түрлері және оларды құру технологиясы
2. Сабақ кестесінің үлгілері
Оқу жылындағы оқушы мен оқытушының күнбе-күнгі оқу еңбегі сабақ
кестесімен анықталады. Шағын жинақты мектептерде оқыту, тәрбиелеу
жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін дұрыс, жан-жақты ой елегінен өткізілген
сабақ кестесін жасау қажет. Сабақ кестесі мектептегі балалар мен сынып
санына байланысты жасалады. Егер мектепте барлық балалар саны 10-нан
аспайтын болса, онда бір оқытушы немесе бір комплектілі мектеп, ал 12
оқушы болса, екі комплектілі, 15-тен артық болса, ол үш комплектілі болып
есептеледі. Егер мектепте барлық сыныпқа бір оқытушы болса, яғни бір
комплектілі мектеп болса, тиімді сабақ кестесін жасау керек болады.
Мектепте екі оқытушы болса, әр сыныптың оқушылар саны мен білім
деңгейі, дайындықтарына байланысты біріктіріледі.
Дұрыс сабақ кестесін жасау үшін оқытушылар қандай пәндерді
біріктіргенде, өзіндік жұмысты ұйымдастыруға барынша мүмкіндік беретін
принципті ескеру керек.
Екі сыныппен жүргізілетін сабақтың сапалы болуы үшін сабақ кестесіндегі
пәндерді қалай болса солай біріктіре салуға болмайды. Екі сыныпта екі түрлі
пәнді жүргізгеннен гөрі, екі сыныпта да бір пән бойынша, мәселен, қазақ
тілін қазақ тілімен, арифметиканы арифметикамен біріктіріп өткізген жеңіл
болатынын тәжірбие көрсетіп отыр. Бұл өзінен өзі түсінікті, өйткені пәндерді
біріктіріп жүргізгенде мұғалімнің зейіні бір пәнге бағытталған болады, сол
себептен де жұмыс сапалы жүргізіледі.
Өзбетінше жұмыс істеуді ұйымдастыруға барлық пәндердің бірдей
дәрежеде мүмкіндік бере бермейтінін есте ұстау керек. Мысалы: музыка мен
денешынықтыру сабақтарын біріктіруге болмайды, тек сабақты топқа бөліп
өткізуге болады.
Тиімді сабақ кестесін құрастыру үшін комплект құру, пәндерді біріктіру
проблемасы негізгі сұрақ болып табылады. Аптаның сейсенбі, сәрсенбі,
бейсенбі күндері – оқушылардың ең жоғарғы деңгейде жұмыс істей алатын
күндері. Бірдей жағдайда екінші, үшінші сабақ оқушылардың іскерлігіне әсер
ететін, нәтижелі сабақтар болып саналады. Барлық жағдайда екі, үш, төрт
сыныппен барлық сабақтарды біріктіріп, сабақ кестесінің түрлерін әр нұсқада
ұсынуға болады. Сабақ кестесінің түрлері қатар оқытылатын сыныптардағы
оқытылатын пәндердің ретіне байланысты. Қатар оқытылатын сыныптарда
бір пәнді бір мезгілде оқытуға, әр пәндік, бір тақырыптық негізде өткізуге
болады. Сонымен бірге, бір сыныпты жеке оқытып, 2-3 сыныпты қатар
оқытуға болады.
2. Сабақ кестесінің үлгілері
Сабақ кестесін жасағанда 1-топпен 2-топты біріктіріп жасауға да
болады. Қазақ тілі сабақтарында барлық сыныпқа ортақ сұрақтар беру,
диктант, қызықты тапсырмалар, дидактикалық ойындар жүргізуге болады.
Көп жағдайларда 2-3 сыныпты біріктіріп сабақ өткізуге тура келеді.
Келесі сыныптарда 3-сабаққа ауыстыруы керек. Мысалы: қатар оқитын 1-4,
1-3 үшін күніне 1 пән немесе 2 пән қатар оқытылады. Ал қалған пәндер 2
сыныпта 30 мин бөлек жүргізеді. Мұндағы негізгі мақсат 1-сынып
оқушыларының жас ерекшелігін ескеріп, 1-сыныпқа 30 минут бөлек уақыт
беру керек. Қатарынан 1-2-3 сынып үшін, 1-3-4 сыныптар үшін, 2-3-4 сынып
үшін бұл жағдай сабақ өткізудің қиындығын болдырады. Сондықтан, күніне
1 рет 1 пәнді қатар өткізеді. Қалғанына өзіндік жұмыстар беріледі.
Оқушылардың санына байланысты, сынып комплектісін құру, сабақ
кестелерінің үлгілерін оқушыларға түсіндіріп оқыту керек. Мысалы: бақылау
жұмысы мен диктант сабақтарын біріктіру, математика сабақтары үшін
тиімді болады. Ал, кей жағдайларда тиімді бола бермейді. Мұндай кезде
еңбек, бейнелеу сабақтарын бірге өткізіп, аталған пәндерді бөлек оқыту
керек. Сабақ кестесі жарты жылдық уақытқа арналып құрастырылады..
Шағын комплектілі мектеп мұғалімдері күнделікті 8 не 14 сабақ
жоспарын жазып, оған көрнекілік дайындайды. Сондықтан да оқу-тәрбие
жұмысының нәтижелі болуына сабақ кестесінің әдістемелік тұрғыда дұрыс
жасалуының маңызы зор.
Тәжірибелік тапсырмалар
Сабақ кестесінің үлгісін жасау:
Н.Базарбаеваның біріктірілген 4 сыныпқа арналған сабақ
кестесінің үлгісі:
Күні Р.с 4 - сынып 3 – сынып 2 - сынып 1 - сынып
Дүйсенбі 1
2
3
4
5
Қазақ тілі
Математика
Ана тілі
Валеология
Сынып сағаты
Математика
Ана тілі
Валеология
Сынып сағ
Қазақ тілі
Ана тілі
Валеология
Сынып сағ
Қазақ тілі
Математика
Валеология
Сынып сағ
Ана тілі
Математика
Ана тілі
Сейсенбі 1
2
3
4
5
6
Қазақ тілі
Математика
Ана тілі
Дене –шынық
Дүниетану
Математика
Ана тілі
Дене-шынық
Дүниетану
Қазақ тілі
Ана тілі
Дене шынық
Дүниетану
Қазақ тілі
Математика
Денешынық
Дүниетану
Ана тілі
Математика
Ана тілі
Сәрсенбі 1
2
3
4
5
6
Қазақ тілі
Математика
Ана тілі
Бейн.өнері
Ана тілі
Бейн. өнері
Қазақ тілі
Ана тілі
Бейнелеу
өнері
Қазақ тілі
Математика
Бейн. өнері
Ана тілі
Математика
Ана тілі
Бейсенбі 1
2
3
4
5
Қазақ тілі
Математика
Ана тілі
Дене-шын
Дүниетану
Математика
Ана тілі
Дене-шын
Дүниетану
Қазақ тілі
Ана тілі
Дене-шын
Дүниетану
Қазақ тілі
Математика
Дене-шын
Дүниетану
Қазақ тілі
Математика
Ана тілі
Жұма 1
2
3
4
5
Орыс тілі
Математика
Тіл дамыту
Музыка
Қыз. мат
Орыс тілі
Математика
Тіл дамыту
Музыка
Қыз. мат
Тіл дамыту
Музыка
Қыз. мат
Тіл дамыту
Музыка
Қыз. мат
Сенбі 1
2
3
4
Орыс тілі
Еңбек
Еңбек
Дене-шын
Орыс тілі
Еңбек
Еңбек
Дене-шын
Еңбек
Еңбек
Дене-шын
Еңбек
Еңбек
Дене-шын
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім Академиясының ғылыми
қызметкерлері З.Бейсенбаев, Ә.Наурызбаевалар төмендегідей алты
күндік сабақ кестесінің үлгісін келтіреді:
Қатар оқытылатын 1-2 сыныптар үшін
Күні Саба
қ реті
1 - сынып 2- сынып
ДҮЙСЕНБІ 1
2
3
4
Әліппе
Математика
Денешынықтыру
Айналамен
таныстыру
Қазақ тілі
Математика
Денешынықтыру
Дүниетану
СЕЙСЕНБІ 1
2
3
4
Математика
Жазу
Әліппе
Әліппе
Математика
Қазақ тілі
Ана тілі
Ана тілі
СӘРСЕНБІ 1
2
3
4
Әліппе
Математика
Еңбек
Ана тілі
Математика
Еңбек
Қазақ тілі
БЕЙСЕНБІ 1
2
3
Әліппе
Айналамен
таныстыру
Бейнелеу өнері
Қазақ тілі
Дүниетану
Бейнелеу өнері
ЖҰМА 1
2
3
4
Математика
Әліппе
Ән
Жазу
Математика
Ана тілі
Ән
Қазақ тілі
СЕНБІ 1
2
3
Әліппе
Еңбек
Денешынықтыру
Бейнелеу өнері
Көркем жазу
Еңбек
Денешынықтыру
Бейнелеу өнері
2.5 тақырып. Бір пәндік, бір тақырыптық жүйе бойынша құрылған сабақтар.
ШЖМ сабақтарды өткізу ерекшеліктері және оқыту түрлері
Мақсаты: Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақтардың
ерекшеліктері туралы мағлұмат беру, бірпәндік, біртақырыптық сабақтарды
ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін меңгерту
1.Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақтардың ерекшеліктері
2.Біріктірілген сыныптарда біртақырыптық сабақтарды ұйымдастырудың
әдіс-тәсілдері
1.Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақтардың
ерекшеліктері
Шағын жинақты мектептің оқу үдерісін ұйымдастыруда бірқатар
қиындықтар кездесетіні жасырын емес. Өйткені бұл үлгідегі мектепте
мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс істейтіндіктен, сабақтың
өзіндік ерекшелігі болады. Осы ерекшелікке байланысты оқу үдерісі бір
мезгілде екі сыныпта бірдей ұйымдастырылады. Сондықтан екі, үш
сыныптың бір мезгілде қатар оқытылуы оқушыларға да, мұғалімге де
психологиялық және әдістемелік тұрғыдан қолайсыздық туғызады.
Шағын жинақты мектептердегі оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімділігі
төмендегі жағдайларға байланысты:
- сыныптарды бiрiктiрудiң педагогикалық ұтымдылығы мен дұрыстығы;
- сабақ кестелерiнiң оңтайлы жасалуы;
- тәрбие мен оқытудың тиiмдi әдiстерi мен түрлерiн таңдау, оларды оқыту
үдерiсінде дұрыс үйлестiру және ұтымды пайдалану;
- сабақтың белгiленген мақсатқа сай неғұрлым тиiмдi құрылуынын анықтау;
- оқу-тәрбие жұмысының сабақ үстіндегі және сабақтан тыс түрлерiн дұрыс
үйлестiру;
- оқушылардың өзiндiк жұмысы мен мұғалім басшылығымен атқаратын
жұмысының ұтымды алмастырылуы;
- оқушылардың бойында бiлiм алу және өздiгiнен оқып бiлу дағдыларын
қалыптастыруға баса назар аудару;
- оқушылардың бiлiмі мен тәрбиелілік деңгейлерi дамуының ғылыми
диагностикасы;
- оқушылардың бiлiм, бiлiктерiн iзгiлiктi педагогикалық ұстанымдарға
негiзделген жүйелi бақылау.
Екі, үш сыныппен жүргізілетін сабақ сапалы болуы үшін сабақ кестесінде
пәндерді қалай болса солай қоса салуға болмайды. Екі сыныпта екі түрлі
пәнді жүргізгеннен гөрі сабақты бір пән бойынша өткізген жеңіл болатынын
тәжірибе көрсетіп отыр. Өйткені пәндерді біріктіріп жүргізгенде, мұғалім
білімнің бір саласынан екінші бір саласына көшпей, оның назары бір пәнге
бағытталады. Бірпәндік оқыту жүйесі іс жүзінде біртақырыптық сабақтар
жүргізуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Қазіргі шағын жинақты
мектеп тәжірибесінде мұндай сабақтарды ұйымдастырудың тиімділігі арта
түсуде.
Осыған орай, шағын жинақты мектеп мұғалімдері оқыту үдерісін
мүмкіндігінше біртақырыптық жүйеде құрастырғаны дұрыс. Өйткені белгілі
бір ортақ тақырып бойынша барлық сыныпқа бірдей бір мезгілде түсіндірген
мұғалімге де, оқушыларға да тиімді. Біртақырыптық сабақтар дегеніміз – бір
пән ішіндегі мазмұны ұқсас тақырыптарды екі сыныпта қатарынан оқыту.
Біртақырыптық сабақтарды ұйымдастырудың бірқатар артықшылығы
қарастырылды.
Біріншіден, шағын жинақты мектеп төменгі сынып оқушыларының оқуға
деген ықыласын табысты дамытуға жағдай жасайды.
Екіншіден, біртақырыптық сабақтарды өткізгенде, оқушылардың оқу
әрекетін табысты жоспарлау білігі, бір-бірін тексеру немесе өзін-өзі бақылау
кезінде жұмыстың барысын бақылау, яғни оқушыны өзіндік жұмыстарға
даярлығын анықтайтын біліктер қалыптасады.
Үшіншіден, біртақырыптық сабақтар оқушының сөйлеу мәдениетін
қалыптастырады, жолдастарының жауаптарын тыңдау, диалог жүргізу
мәдениетіне үйретеді, сөйлеу қабілеттерін дамытады. Осыған байланысты
сөйлеу қарым-қатынасының аясы кеңейеді, бұл, әсіресе, шағын жинақты
мектептер жағдайында өте маңызды.
Төртіншіден, біртақырыптық сабақтар практикалық және оқу әрекеттерінде
ұжымда жұмыс істей білуге, басқа оқушылардың пікіріне құрметпен қарауға,
өз пікірін дәлелдеуге мүмкіндік береді. Әрбір сыныппен тақырып бойынша
жүргізілетін сабақтар оқу материалы мазмұнының күрделілігімен
анықталады.
Әрине, біртақырыптық сабақтарды әзірлеу және өткізу мұғалімнен
педагогикалық шеберлікті талап етеді. Бұл жерде, бір жағынан, оқу
материалын жоспарлау жұмысы тұрса, екінші жағынан, сабақ құрылымын
жетілдіру және оны ұйымдастыру жұмысы тұрады. Оқушылардың
белсенділігі, ең бірінші кезекте, сабақ кезеңдерінің реттілігін қатаң
сақтауынан емес, сабақты тақырып бойынша жоспарлап, оны әрбір сабаққа
сәйкес мақсаты нақты анықталған жағдайда көрінеді.
Біртақырыптық сабақтарды жоспарлау оқу бағдарламасының белгілі бір
тақырыбы немесе тарауы бойынша өтілетін сабақтар мен сабақтан тыс оқу
жүйесіндегі оқу-тәрбие үрдісі білім беру, дамыту және тәрбие беру
қызметтерін іске асыруының қолайлы жолдарын анықтау үшін қажет. Бұл
жүйеге негізгі дидактикалық мақсатына байланысты сабақтың әр алуан
тұрпаты және түрлерімен қоса, оқушылардың сыныптан тыс және оқудан тыс
жұмыстарының басқа түрлері де кіреді. Шағын жинақты мектепте
біртақырыптық жоспарлаудың ойдағыдай іске асырылуы, көбінесе,
мұғалімнің оқушылар нені білуі керек, қалай оқыту керек, т.б. мәселелерді
қаншалықты терең ойластырғанына байланысты. Сондықтан мұғалім
біртақырыптық жоспарлауды пәннің оқу бағдарламасымен, білім беру
стандартымен мұқият танысудан, пәнді оқыту кезіндегі және берілген
тақырып бойынша дидактикалық міндеттерді шешудегі негізгі тәрбиелік
мақсаттарды және оқушыларды дамыту мақсаттарын анықтаудан бастауы
қажет.
Біртақырыптық сабақты жоспарлау – бұл мұғалімнің сабаққа тиянақты
дайындығының көрінісі, яғни сабақты жоспарлау, тақырыптық жоспарлауды
әрбір жеке сабаққа сәйкес нақтыландыру, сабақтың негізгі мазмұны мен
бағыты анықталғаннан кейін сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұнын
терең ойластыру мен құрастыру. Сабақ жоспары мұғалімнің жұмыс
тәжірибесіне, кәсіби біліктілігіне, педагогикалық шеберлігінің деңгейіне
қарамастан, әрбір мұғалім үшін қажет. Сабақтың жоспары тақырыптық
жоспар, бағдарлама мазмұны негізінде мұғалімнің оқушыларды және
олардың дайындық деңгейіне қарай құрастырылады. Сабақты жоспарлауда
және оны өткізу технологияларын дайындауда екі өзара байланысты бөліктер
бар: сабақ мақсатын, оның әрбір қадамын терең ойластыру қажет.
Әдістемелік құралдың соңында пән ішіндегі мазмұны ұқсас тақырыптарды
оқытуға арналған сабақ үлгілері ұсынылған.
Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақты жоспарлауға қажетті
ұстанымдар:
1. Әртүрлі жастағы оқушыларды оқыту міндеттері, мазмұны мен оқыту
құралдарының кірігуі мен саралануы. Әр сынып оқушыларында түрлі
деңгейде меңгерілетін сұрақтар, құбылыстар мен түсініктер туралы ортақ
ұғым болуы.
2. Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру – бірқатар педагогикалық
қызметтерді жоғары сынып оқушысының атқаруы (бақылау, жаңа
материалды түсіндіру, қиындықтарды жеңуде төменгі сынып оқушыларына
көмектесу). Дайындық жұмыстары: ақыл-кеңесшілерді іріктеу, ақыл-кеңес
беру, олардың әрекетінің маңыздылығын көрсету, атқаратын қызметтерді
бөлу, сабаққа және сабақ үстіндегі дайындық кезеңінде тапсырмалар беру.
2.Біріктірілген сыныптарда біртақырыптық сабақтарды
ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сәйкес
білім беру мақсаты мен міндеттері оқушыларды әлемдік даму деңгейіне
сәйкес келетін белгілі бір біліммен қаруландыруды көздейді. Осы орайда
шағын жинақты мектеп мұғалімдері оқушылардың жеке ерекшеліктері мен
қабілеттерін ескере отырып, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерінің бар
мүмкіндіктерін қарастыру қажет. Ол үшін бір сабақтың үстінде мұғалім
әртүрлі жастағы, ой өрісі мен білім дәрежесі әртүрлі оқушылармен жұмыс
жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс.
Оқытудың әдіс-тәсілдері көп болғандықтан, шағын жинақты мектепте
қолдануға болатын бірқатар әдістерге сипаттама берілді.
Қазіргі қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін
беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту және ақпараттық
қоғамға бейімдеу.
Осы орайда логикалық-құрылымдық әдіс оқытудың тұтас жүйесін
жобалай отырып, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық
процесс құруды, мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйе
таңдап, құруды және оқушылармен жұмыс істеуде кездесетін
қиындықтардың алдын алып, түзеу жұмыстарының жүйесін жасауды
көздейді Бұл әдістің негізін академик В.М.Монаховтың технологиясы
құрайды. Әдістегі негізгі объект – тақырыптық-дидактикалық модуль. Мұнда
әр пакеттің өзінше қамтитын нақты мәселелері болады [2, 3].
Логикалық-құрылымдық әдіс оқытушының бір оқу жылында пайдаланатын
әдістемелерді жоспарлауына көмектесіп, төмендегідей кезеңдер жүзеге
асырылады:
1-кезең – нақты технологияға көзқарас жүйесін (тұжырымдаманы), оның
мағлұмат түрлері мен нақты дидактикалық модуль шеңберіндегі
технологиялық процестің соңғы қорытындысын өз құрамында сақтайтын
«оқытудың жаңа әдісін теориялық тұрғыдан негіздеу» деп аталатын құжаттар
жинағын (пакетті) зерттеп, дайындау;
2-кезең – «берілген дидактикалық модуль шеңберіндегі технологиялық
атқару тәртібі» деп аталатын құжаттар жинағын дайындау;
3-кезең – берілген дидактикалық модульге сай «мұғалімнің әдістемелік
жабдықтары» атты құжаттар жинағын дайындау;
4-кезең – берілген дидактикалық модульге сай «технологиялық жұмыс
мақсатын іске асырудың қорытындыларын өлшеу әдістемесі мен белгілері»
деген құжаттар жинағын дайындау;
5-кезең – «оқытудың жаңа әдіс-тәсілін меңгеру мәдениеті» атты құжаттар
жинағын дайындау.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Шағын жинақты мектептердегі оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімділігі
2. Екі, үш сыныппен жүргізілетін сабақ сапалы болуы үшін сабақ кестесінің
құрылу тәсілі
3. Біртақырыптық сабақ дегеніміз не?
4. Логикалық-құрылымдық әдіске сипаттама
2.6 тақырып. Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру жолдары
Мақсаты: Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру жолдарымен таныстыру.
Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай
болуы керектігін ұғындыру.
1. Өзіндік жұмыс, оның түрлері
2. Өздік жұмысқа қойылатын талаптар
1. Өзіндік жұмыс, оның түрлері
Өзіндік жұмыс – оқушының күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі немесе
оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Шағын жинақты
бастауыш мектепте оқу-тәрбие жұмыстарының ерекше көңіл аударатын бір
саласы – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. Бірнеше
сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің негізгі педагогикалық міндеті – жеке
сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына қойған міндетпен бірдей. Ол да
оқу жоспарын, бағдарлама талаптарын орындауға тиіс.
Өзіндік жұмыстардың нәтижелі болуы үшін алдымен «өзіндік жұмыс»
деген ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алу қажеттігі туады: біріншіден,
өз бетінше жұмыс балалардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды
ешкімнің көмегінсіз орындаулары, екіншіден, мұндай жұмыстар балаларды
ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жинақылыққа, бақылай білуге тәрбиелейді.
Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынандай талаптарды орындау
керек:
1.Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай
болуы керек;
2. Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;
3. Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек;
4. Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек.
5. Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:
6. Мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;
7. Жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
8. Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың
жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;
9. Оған әсер ететін мотивтер.
Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру - күрделі мәселе.
Оның жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыс
түрлері:
а) Жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша
баяндауының жспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге үйрену).
ә) Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару, түрлі жазбаша,
графикалық, практикалық т.б. жұмыстар).
2. Өздік жұмысқа қойылатын талаптар
Өздік жұмысқа мынадай талаптар қойылады:
1) Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек.
2) Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек (8-15 мин. ұзақ
болмайды).
3) Міндетті түрде тексерілуі керек.
4) Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды қабылдауға,
өткен материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады.
5) Өздік жұмыстың мақсаты, орыдау әдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс.
6) Өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр түрлі уақыт
жұмсайтынын ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша материалдар
дайындап әкелу керек.
Тәжірибелік тапсырмалар
Өздік жұмыстың түрлерін дайындау
Үлгі №1
Үлгі №2
Үлгі №3
3.1тақырып. ШЖБМ тәрбие процесінің мақсаты мен міндеттері,
ұйымдастыру ерекшеліктері
Мақсаты: Тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған салаларымен
таныстыру. Студенттердің таным қызығушылығын дамыту.
1. ШЖБМ тәрбие процесінің мақсаты мен міндеттері
2.Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы
1. ШЖБМ тәрбие процесінің мақсаты мен міндеттері
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының
құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға
бағытталған – балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені
меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін
қалыптастыру. Соған орай оның негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге
асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың
қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен
ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс
ұйымдастыруды көздейді.
1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы
өзіне-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара
дамуының негізі болады. Себебі, тәжірибе көрсеткендей «қиын балада» өзі
туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Соған орай дұрыс
ұйымдастырылған сабақтан тыс тәрбие жұмысы оқу процесіндегі шектеуді
жоюға мүмкіндік береді және баланың өзі жөнінде жағымды көзқарастың
қалыптасуына, өзінің күш-қайратына сенімнің орнауына жағдай туғызады.
2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын
қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар
жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара
міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі
қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу
дағдысы қалыптасқан.
3. Балада әртүрлі көркемөнер әркеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы
ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара
ерекшеліктерін жіне қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде
қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне
пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра
алуы қажет.
4. Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік, эмоционалдық,
ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыста бала адамгершілік түсінік
арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді.
Эмоциялық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы
қалыптасады.
5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс
жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді.
Өйткені сабақтан тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұндай
көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға бағытталған. Баланың
таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс
істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.
Жоғарыда аталған міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың негізгі
бағыттарын анықтайды. Нақтылы іске, сыныпқа, мұғалім жағдайының
ерекшелігіне байланысты олар нақтыланып, өзгертілуі мүмкін.
2.Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы
Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім.
Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін
әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және
мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмыс – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын
қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен
ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып
келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің
жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.
Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін
болмайтын жан - жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу
баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның
адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті
практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің
әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген
құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген
тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан
болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете
алады. Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса,
соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі.
Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана
баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге
оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде
және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне
қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді.
Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық,
спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық
тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік
нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп көрініс қойды
делік, онда өзара қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді. Сыныптың
тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибесін
меңгереді.
Спорттық әрекетте балалар «бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» деген қағиданың
маңызын жете түсінеді.
Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде
уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның
формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда
ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы және сенімі болады.
Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті
бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен
оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді.
Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау
өте көп қиындықты туғызады. Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен
табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым-қатынаста
немқұрайлылыққа жол бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда
шиеленіскен жағдайдың болмауын қажет етеді.
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx
ШЖМ КТЖ бойынша.docx

More Related Content

What's hot

etseg ehiin bulan
etseg ehiin bulanetseg ehiin bulan
etseg ehiin bulanbolormaa87
 
გაკვეთილის გეგმა
გაკვეთილის გეგმაგაკვეთილის გეგმა
გაკვეთილის გეგმაlelakvachantiradze7
 
809... Upravljanje kompetencijama zaposlenih u apotekama
809... Upravljanje kompetencijama zaposlenih u apotekama809... Upravljanje kompetencijama zaposlenih u apotekama
809... Upravljanje kompetencijama zaposlenih u apotekamaIgor Lazarevi?, MSc Economics
 
лекц 4 цусны эргэлтийн тогтолцоо
лекц 4 цусны эргэлтийн тогтолцоолекц 4 цусны эргэлтийн тогтолцоо
лекц 4 цусны эргэлтийн тогтолцооE-Gazarchin Online University
 
РОЗВИТОК ТВОРЧИХ ЗДІБНОСТЕЙ МОЛОДШИХ ШКОЛЯРІВ В. УМОВАХ ГПД
РОЗВИТОК ТВОРЧИХ ЗДІБНОСТЕЙ МОЛОДШИХ ШКОЛЯРІВ В. УМОВАХ ГПДРОЗВИТОК ТВОРЧИХ ЗДІБНОСТЕЙ МОЛОДШИХ ШКОЛЯРІВ В. УМОВАХ ГПД
РОЗВИТОК ТВОРЧИХ ЗДІБНОСТЕЙ МОЛОДШИХ ШКОЛЯРІВ В. УМОВАХ ГПДКовпитська ЗОШ
 
Ұйқы безі
Ұйқы безіҰйқы безі
Ұйқы безіBilim All
 
1 კლასი მათემატიკა
1 კლასი  მათემატიკა1 კლასი  მათემატიკა
1 კლასი მათემატიკაCira Bujiashvili
 
презентація професіїT
презентація професіїTпрезентація професіїT
презентація професіїTVetal_4
 

What's hot (12)

etseg ehiin bulan
etseg ehiin bulanetseg ehiin bulan
etseg ehiin bulan
 
გაკვეთილის გეგმა
გაკვეთილის გეგმაგაკვეთილის გეგმა
გაკვეთილის გეგმა
 
Имандылық – ізгілік негізі
Имандылық – ізгілік негізіИмандылық – ізгілік негізі
Имандылық – ізгілік негізі
 
809... Upravljanje kompetencijama zaposlenih u apotekama
809... Upravljanje kompetencijama zaposlenih u apotekama809... Upravljanje kompetencijama zaposlenih u apotekama
809... Upravljanje kompetencijama zaposlenih u apotekama
 
Әдіс.pptx
Әдіс.pptxӘдіс.pptx
Әдіс.pptx
 
лекц 4 цусны эргэлтийн тогтолцоо
лекц 4 цусны эргэлтийн тогтолцоолекц 4 цусны эргэлтийн тогтолцоо
лекц 4 цусны эргэлтийн тогтолцоо
 
РОЗВИТОК ТВОРЧИХ ЗДІБНОСТЕЙ МОЛОДШИХ ШКОЛЯРІВ В. УМОВАХ ГПД
РОЗВИТОК ТВОРЧИХ ЗДІБНОСТЕЙ МОЛОДШИХ ШКОЛЯРІВ В. УМОВАХ ГПДРОЗВИТОК ТВОРЧИХ ЗДІБНОСТЕЙ МОЛОДШИХ ШКОЛЯРІВ В. УМОВАХ ГПД
РОЗВИТОК ТВОРЧИХ ЗДІБНОСТЕЙ МОЛОДШИХ ШКОЛЯРІВ В. УМОВАХ ГПД
 
Ұйқы безі
Ұйқы безіҰйқы безі
Ұйқы безі
 
Kurikulum
KurikulumKurikulum
Kurikulum
 
Zagas
ZagasZagas
Zagas
 
1 კლასი მათემატიკა
1 კლასი  მათემატიკა1 კლასი  მათემატიკა
1 კლასი მათემატიკა
 
презентація професіїT
презентація професіїTпрезентація професіїT
презентація професіїT
 

Similar to ШЖМ КТЖ бойынша.docx

Мұғалжар ауданы «Ақкемер» тірек мектебі
Мұғалжар  ауданы «Ақкемер»  тірек  мектебіМұғалжар  ауданы «Ақкемер»  тірек  мектебі
Мұғалжар ауданы «Ақкемер» тірек мектебіakkemir
 
2022-2023 Әдс нұсқау хат.pdf
2022-2023 Әдс нұсқау хат.pdf2022-2023 Әдс нұсқау хат.pdf
2022-2023 Әдс нұсқау хат.pdfssuserb35bcc
 
Кабинет жүйелеу
Кабинет жүйелеуКабинет жүйелеу
Кабинет жүйелеуseitzhan
 
Развитие ресурсов школьных библиотек в рамках обновления содержания образования
Развитие ресурсов школьных библиотек в рамках обновления содержания образованияРазвитие ресурсов школьных библиотек в рамках обновления содержания образования
Развитие ресурсов школьных библиотек в рамках обновления содержания образованияakkemir
 
шыгар жоба
шыгар жобашыгар жоба
шыгар жобаoquzaman
 
Министерство образования и науки Республики Казахстан Национальная академия о...
Министерство образования и науки Республики Казахстан Национальная академия о...Министерство образования и науки Республики Казахстан Национальная академия о...
Министерство образования и науки Республики Казахстан Национальная академия о...akkemir
 
2016-2017 оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйым...
2016-2017 оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйым...2016-2017 оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйым...
2016-2017 оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйым...akkemir
 
мұғалімнің жетістіктері
мұғалімнің жетістіктерімұғалімнің жетістіктері
мұғалімнің жетістіктеріAsem Sarsembayeva
 
бастауыштың міндетті стандарты жаңа № 327 қаулы
бастауыштың  міндетті  стандарты  жаңа № 327  қаулыбастауыштың  міндетті  стандарты  жаңа № 327  қаулы
бастауыштың міндетті стандарты жаңа № 327 қаулыakkemir
 
87783ererereree
87783ererereree87783ererereree
87783erererereenurlan93kz
 
сборник
сборниксборник
сборникoquzaman
 
модульная рабочая программа. каз яз.тулеуова на конкурс
модульная рабочая программа. каз яз.тулеуова   на конкурсмодульная рабочая программа. каз яз.тулеуова   на конкурс
модульная рабочая программа. каз яз.тулеуова на конкурсAsem Sarsembayeva
 
Негізгі Орта стандарт жаңа № 292 қаулы
Негізгі  Орта  стандарт  жаңа  № 292  қаулыНегізгі  Орта  стандарт  жаңа  № 292  қаулы
Негізгі Орта стандарт жаңа № 292 қаулыakkemir
 
Manual2014
Manual2014Manual2014
Manual2014dankkk
 

Similar to ШЖМ КТЖ бойынша.docx (20)

жақсылық к.авторлық бағдарлама
жақсылық к.авторлық бағдарламажақсылық к.авторлық бағдарлама
жақсылық к.авторлық бағдарлама
 
Мұғалжар ауданы «Ақкемер» тірек мектебі
Мұғалжар  ауданы «Ақкемер»  тірек  мектебіМұғалжар  ауданы «Ақкемер»  тірек  мектебі
Мұғалжар ауданы «Ақкемер» тірек мектебі
 
2022-2023 Әдс нұсқау хат.pdf
2022-2023 Әдс нұсқау хат.pdf2022-2023 Әдс нұсқау хат.pdf
2022-2023 Әдс нұсқау хат.pdf
 
Кабинет жүйелеу
Кабинет жүйелеуКабинет жүйелеу
Кабинет жүйелеу
 
Развитие ресурсов школьных библиотек в рамках обновления содержания образования
Развитие ресурсов школьных библиотек в рамках обновления содержания образованияРазвитие ресурсов школьных библиотек в рамках обновления содержания образования
Развитие ресурсов школьных библиотек в рамках обновления содержания образования
 
шыгар жоба
шыгар жобашыгар жоба
шыгар жоба
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
жануарлар сабақ жоспары
жануарлар сабақ жоспарыжануарлар сабақ жоспары
жануарлар сабақ жоспары
 
Министерство образования и науки Республики Казахстан Национальная академия о...
Министерство образования и науки Республики Казахстан Национальная академия о...Министерство образования и науки Республики Казахстан Национальная академия о...
Министерство образования и науки Республики Казахстан Национальная академия о...
 
2016-2017 оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйым...
2016-2017 оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйым...2016-2017 оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйым...
2016-2017 оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйым...
 
мұғалімнің жетістіктері
мұғалімнің жетістіктерімұғалімнің жетістіктері
мұғалімнің жетістіктері
 
бастауыштың міндетті стандарты жаңа № 327 қаулы
бастауыштың  міндетті  стандарты  жаңа № 327  қаулыбастауыштың  міндетті  стандарты  жаңа № 327  қаулы
бастауыштың міндетті стандарты жаңа № 327 қаулы
 
дарынды балалармен жұмыс
дарынды балалармен жұмысдарынды балалармен жұмыс
дарынды балалармен жұмыс
 
87783ererereree
87783ererereree87783ererereree
87783ererereree
 
сборник
сборниксборник
сборник
 
модульная рабочая программа. каз яз.тулеуова на конкурс
модульная рабочая программа. каз яз.тулеуова   на конкурсмодульная рабочая программа. каз яз.тулеуова   на конкурс
модульная рабочая программа. каз яз.тулеуова на конкурс
 
Rekom conf 2017
Rekom conf 2017Rekom conf 2017
Rekom conf 2017
 
Негізгі Орта стандарт жаңа № 292 қаулы
Негізгі  Орта  стандарт  жаңа  № 292  қаулыНегізгі  Орта  стандарт  жаңа  № 292  қаулы
Негізгі Орта стандарт жаңа № 292 қаулы
 
Gylymi zoba PS-2023 -Kursabayev.pdf
Gylymi zoba PS-2023 -Kursabayev.pdfGylymi zoba PS-2023 -Kursabayev.pdf
Gylymi zoba PS-2023 -Kursabayev.pdf
 
Manual2014
Manual2014Manual2014
Manual2014
 

ШЖМ КТЖ бойынша.docx

  • 1. МАЗМҰНЫ 1. Пәннің мақсаты мен міндеттері ................................... 4 2. Тақырыптық жоспардың мазмұны ................................ 4 3. Сабақтардың мазмұны .................................................... 8 4. Пән бойынша бақылау сұрақтары ................................. 65 5. Пән бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары .......... 66 6. Пайдаланылған әдебиеттер ............................................ 69
  • 2. 1. ПӘННІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ Пәннің мақсаты: «Шағын жинақталған мектепте оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыру» пәнінің негізгі мақсаты бастауыш шағын жинақталған мектепте класс және класс комплект жағдайындағы бастауыш мектептерде оқу - тәрбие процесін ұйымдастыру жолдарын меңгерту. Пәннің міндеттері: ҚР-дағы "Шағын жинақталған мектеп түсінігі", мақсаты мен міндеттерін айқындау; ҚР-дағы шағын жинақталған мектептердің даму тұжырымдамасын іске асыру; ШЖМ-тердегі педагогикалық проблемалар және оларды шешу жолдары; Бастауыш шағын жинақталған мектепте жеке пәндерді класс және класс - комплект жағдайында оқытудың тиімділігі мен қиыншылығын талдау; Бастауыш шағын жинақталған мектепте оқыту және тәрбие процестерін ұйымдастыру жолдарын меңгерту. 2. САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ 1 бөлім. Кіріспе 1.1тақырып. Шағын жинақталған бастауыш мектеп және оның ерекшелігі Мақсаты: шағын жинақталған бастауыш мектеп туралы мағлұмат беру. «Шағын жинақталған мектепте оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыру» пәнінің мақсаты мен мазмұны туралы меңгерту.
  • 3. 1.Шағын жинақталған бастауыш мектеп туралы түсінік 2.Қазақстандағы алғашқы мектептер 3.Шағын жинақталған бастауыш мектептің ерекшелігі 1. Шағын жинақталған бастауыш мектеп туралы түсінік Жастарға жалпы орта білім беруді жүзеге асыруда негізгі және орта мектептермен қатар, бастауыш мектептердің, оның ішінде шағын комплектілі мектептердің атқаратын ролі орасан зор. Жалпы шағын жинақты бастауыш мектеп жаңадан пайда болған құбылыс емес. Оның негізі бастауыш білім беру жөнінде белгілі педагогтар К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой жасаған оқыту методикасында жатыр. Қазақстан топырағына бұл құбылыстың келуі қазақтың тұңғыш педагогі Ы.Алтынсариннің есімімен байланысты. Содан бері қанша уақыт өтсе де шағын жинақты мектептер өмір сүруде. Шағын жинақты мектептер – қазақтың шағын ауылының іргесі, ұйытқысы, оның әлеуметтік экономикалық дамуының өзегі. Республикамыздың экономикалық және географиялық ерекшеліктеріне байланысты орталықтан шалғай, алыс жерлерде орналасқан қазірдің өзінде Қазақстанда 75-80% шағын комплектілі мектептер бар. 2007 жылы республикадағы барлық шағын жинақты мектептердің ішінде 1014 – бастауыш, 979 – негізгі және 2413 – орта мектептер жұмыс жасайды. 2004 жылмен салыстырғанда, ШЖМ 58%-ға өсіп, оның саны жалпы білім беретін мектептердің 55,4% құрады. Мұндай мектептер негізінен ауылдық жерлерде орналасатыны белгілі. Мұндай мектептердегі оқушылар саны 423,6 мың, оның ішінде бастауыш сыныптарда 12,3 мың, 46,8 мың – негізгі және 364,4 мың оқушы орта мектептерде оқиды. ШЖМ жүйесінің өзгеру динамикасы шағын жинақты бастауыш және негізгі мектептердің қысқарып, орта мектептердің көбейіп келе жатқанын байқатады. Мектеп құрылымы бұлай өзгеше аталғанымен, мұндағы білім мен тәрбие сапасына қойылатын талап барлық білім беру мекемелеріне қойылатын талаппен бірдей болып қала береді. Сондықтан да шағын жинақты мектеп жұмысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу керек. 2.Қазақстандағы алғашқы мектептер Ы.Алтынсариннің басшылығымен ұлттық мектептердің қазақстандық үлгі жүйесі пайда болды. Ол басшыларға жазған баяндама хаттарында «қазақтардың тұрмыс-тіршілігіне ыңғайлы, мектептің көшпелі болуы қажет, жазда ауылдармен бірге жайлауда, ал қыста қыстауда болғаны жөн» − деп, дәлелдеген. Ол 1986 жылы 5 болыстық мектеп ашты: Торғайда (Қараторғай мектебі), Николаевскіде (Убалан мектебі) және жетіқара мектебі, Илецкіде (Буртин мектебі). Ал ХХ ғасырдың басында ауылдық жерлерде білім алудың жинақталған мектептер жүйесінің негізі қаланды. Сол кезде ауылдағы алғашқы қазақ мектептерінің көбі шағын жинақты бастауыш мектептер болғаны байқалады. 1916 жылы олардың саны – 727, ондағы оқушы саны –
  • 4. 22414 болды. 1920-1921 жылдары шағын жинақты мектептердің саны екі есе өсті. ХІХ ғ. ІІ-жартысында Қазақстанда әр түрлі типтегі орыс - қазақ мектептері көптеп ашыла бастады (басым көпшілігі - шағын комплектілі мектептер). Ақмола мен Семей облыстарында - мектеп - интернаттар мен ауыл шаруашылық бастауыш училищелері, Торғай мен Оралда – ауылдық, облыстық (1-кластық, 2-кластық – оқу мерзімі – 6 жылдық) орыс-қазақ училищелері, Жетісу мен Сырдарияда - орыс-түземдік училищелер, Ішкі Ордада – старшындық және бөлімшелік училищелер ашылды. ХХғ. бас кезінде «Бұратана халықтарға арналған бастауыш училищелер туралы» (1906) ережеге сай Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстарындағы және Ішкі Ордадағы барлық қазақ мектептері 1-кластық орыс-қазақ училищелеріне айналдырылды. ХХ ғ. бас кезінде Қазақстандағы мектептердің жанынан 32 кәсіптік бөлімше және 270 қол еңбегін оқытатын кластар ашылды. Түркі тілдес ұлттық мектептердің оқу бағдарламаларына қатысты алғашқы ескертпелер 1906 жылғы «Россияның шығысында тұратын бұратана халықтар үшін ашылған бастауыш училищелер» туралы ережелерде берілген. «Ережеде» оқу жоспарлары ғана емес, оқу бағдарламалары, әдістемелік нұсқаулар да берілген (арифметика бойынша да қосымшалар бар). Бірдей ортақ типтік бағдарламалар болған жоқ, жер ерекшеліктеріне қарай мектеп директорлары бағдарламаларды не қысқартып, не кеңейтіп, өз жағдайларына қарай үнемі өзгертіп отырды. Сонымен бірге, бірдей оқулық та болған жоқ. Орыс, орыс-татар, кейінірек башқұрт, латыш, украин, өзбек, татар, чуваш халықтарына арналған кітаптар пайдаланылды. 3. Шағын жинақталған бастауыш мектептің ерекшелігі Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу- тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз. Нақты айтқанда, 1999-жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ-ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп». ШЖБМ-те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте – екі сынып, ал бір комплектілі мектепте – үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды. Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады. Егер мектепте барлық балалар саны 15-тен аспайтын болса, 1- сынып комплект, 15-тен жоғары 2 немесе 3-сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1
  • 5. сынып-комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген. (Гигиенические требования к условиям обучения школьников в различных видах современных общеобразовательных учреждений № 2.01.07.-99.г §2 Пункт 9.11 - 21 стр.). Мұнда екінші сынып-комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3 сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының аздығына байланысты, яғни 5-тен 15-ке дейін ғана бала болса, онда 1 сынып-комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген. «ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелерде»: (-2000 ж. №32 (6)) «Жалпы білім беретін мектептерде оқыту үдерісін ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы реттеледі»,- делінген. Сұрақтар: 1. Шағын жинақталған мектеп дегеніміз не? 2. Шағын жинақты бастауыш мектеп қайда пайда болды? 3. Қазақстанда кімнің есімімен байланысты? 4. Сыныптарды комплектіге біріктіру жолдары 1.2тақырып. Қазақстан Республикасындағы шағын жинақталған бастауыш мектептердің проблемалары мен оларды шешу жолдары Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы шағын жинақталған бастауыш мектептердің проблемалары мен олардың шешу жолдары туралы мағлұмат беру. 1.Қазақстан Республикасындағы шағын жинақталған бастауыш мектептердің проблемалары 2. Оларды шешу жолдары 1.Қазақстан Республикасындағы шағын жинақталған бастауыш мектептердің проблемалары Жалпы осы уақытқа дейін шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсарту, оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандарт дәрежесіне көтеру сияқты мәселелері бірқатар ғалымдарымыз бен әдіскерлеріміздің назарын аударған. Олардың еңбектерінде бірнеше сыныпты бір мезгілде қатар оқытудың тиімді жолдарын іздестіру (Ж.Аймауытов, Ғ.Бегалиев, Ж.Қаржасбаев, М.Бүрлібаев, Ғ.Сүлейменов, А.Асқарбаева), сабақты ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін анықтау (Б.Құлмағамбетова, А.Асқарбаева, Г.М.Храпченков, Қ.Аймағамбетова); «Қазақ тілі», «Ана тілі», «Математика», «Айналамен таныстыру» пәндерін оқытудың мазмұны мен практикалық бағытын белгілеу (Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаева, Б.Құлмағамбетова); бір пәндік, бір тақырыптық сабақтардың
  • 6. тиімділігін дәлелдеу (М.Сайпин, З.Бейсенбаева, Е.Шапаева, О.Сатқанов, Б.Катембаева);. осы үлгідегі мектептер үшін болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері (З.Әділғазинов) қарастырылады. Шағын жинақты бастауыш мектеп мәселесін зерттеуге белсене араласқандардың бірі – Ғ.Сүлейменов. Оның 1963 жылы «Қазақстан мектебі журналында «Аз комплектілі бастауыш кластарда сабақ кестесін қалай жасау керек ?», 1965 жылы «Екі комплектілі мектепте оқу процесіне басшылық ету туралы», 1968 жылы Р.Мұраталиевпен бірлесе отырып жазған «Аз комплектілі мектептерде оқу процесін ұйымдастыру туралы» мақалалары басылды. Ғалым алғашқы мақаласында аталған мектептер үшін сабақ кестесін құрудың бірнеше нұсқасын ұсынды. Ал келесі мақаласы 1 және 2, 2 және 4-сыныптарды қатар оқытудың әдістері мен тәсілдерін көрсетуге арналды. Мұнда автор алдымен шағын жинақталған мектептерде жұпталған сабақтардың, негізінен, 3 түрі болатындығын айтады: 1) екі сыныпта да жаңа материал өтілетін сабақ; 2) бір сыныпта жаңа материал, ал екіншісінде пысықтау не қайталау (немесе оқушылардың білімін тексеру) жұмысы жүргізілетін сабақ; 3) екі сыныпта да бұрынғы өтілген материал пысықталатын не қайталанатын (немесе бір сыныпта бақылау жұмысы алынатын) сабақ. Одан әрі қарай әрбір түрге байланысты сабақты жоспарлаудың және өткізудің үлгісін мысалдармен түсіндіреді. Р.Мұраталиевпен бірлесіп жазған мақаласында көрнекі құралдар, әсіресе, шағын жинақты мектептер үшін өте қажет деп есептеп, оларды қолдану жолдары туралы пайдалы ұсыныстар білдіреді. 1870 жылғы 26 наурызда жарияланған «Россияда тұратын басқа ұлттарға білім беру шаралары туралы заң» мен «Басқа ұлттарға арналған бастауыш училищелер туралы» ереже (1906, 1907, 1913) Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық бастауыш мектептерде бастауыш оқуды ана тілінде оқытуға рұқсат берді. ХІХ ғ. 70-жылынан бастап орыс-қазақ мектептеріндегі бастауыш оқу қазақ тілінде жүргізілетін болды. Орыс-қазақ мектептерінде арифметиканы оқыту бір орынға қарайтын оқу мекемелері басшыларының пікірі бойынша ауызша және жазбаша санауға, арифметикалық амалдарды орындауға үйрету міндеттерін шешуге тиіс болды. Арифметика ғылым ретінде қажет деген пікірге ерекше көңіл бөлінді. ХІХғ. екінші жартысы мен ХХғ. бас кезінде Ресейдің бастауыш мектептерінде оқытылатын арифметика бойынша 200-ден астам әр түрлі оқулықтар, оқу құралдары, есеп жинақтары басылды. Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда аса кең тараған К.П.Арженниковтың, В.А.Евтушевскийдің, Г.М.Вишневскийдің, А.И.Гольденбергтің, К.П.Бурениннің, А.Ф.Малиннің, Н.И.Паульсонның, С.И.Шохор-Троцкийдің кітаптары еді. Бұдан басқа орыс-қазақ училищелеріндегі ұлт мектептеріне арналған Н.А.Бобровниковтың, С.М.Граменицкийдің, Т.Г.Лубенцтің, И.С.Михеевтің т.б. кітаптары пайдаланылды. Қазақ ССР Оқу министрлігінің 1987 жылы 10 маусымда «Республикадағы шағын комплектілі мектептердің қазіргі жайы және
  • 7. олардың жұмысын жақсарту шаралары жайында» қарары қабылданды. Ал 1975 жылғы 9 желтоқсанда Қазақ ССР Оқу министрлігі Коллегиясының шешімі бойынша ШЖМ үшін орыс, ана тілі, табиғаттану мен математикадан әдістемелік құралдар дайындау Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтына тапсырылды. Осы тапсырманы орындау үшін Бастауыш білім беру әдістемесі 1974-78 жж. «ШКМ-тегі оқыту мазмұны мен әдістемесін жетілдіру» атты зерттеу жұмыстарын жүргізді. Шағын жинақты бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі де кез- келген ғылым саласы сияқты екі жағдайда дамиды. Оның біріншсі - әдіскер, психолог, педагог сияқты ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асса, екіншісі – кейбір мұғалімдердің шығармашылық тәжірибелерін оқып үйренудің, оларды ғылыми түрде негіздеу, жалпылау арқылы жүзеге асады. Шағын жинақты бастауыш мектептерде де математика пәні қалыпты мектептерге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының көмегімен оқытылады. Қазақстанда қазақ бастауыш мектептері төл оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі әріден келе жатқан, нақтырақ айтсақ, бастауыш қазақ халқының ұлы ағартушысы Ы.Алтынсариннің өзінен алатыны, бір жарым ғасырға жуық уақыт бойы күн тәртібінен түспеген мәселелердің бірі. «Ы.Алтынсарин орыс - қазақ мектептері үшін математика оқулықтарын таңдап алуға зор маңыз беріп, сол кездегі орыс бастауыш мектебінде қолданылып жүрген оқу-құралдардың ең жақсыларын енгізуге тырысты»- дейді Б.М.Қосанов. ХХ ғасырдың басында М.Әуезов, А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ оқымыстылары бұл істі жаңа сатыға көтереді. Басқа салалардың мамандары бола тұра, олар мектепті оқу құралдарымен қамтамасыз етудің зор маңызын түсініп, осы іске бел шеше кірісті. Соның нәтижесінде Қазан төңкерісіне дейін-ақ математика пәндерінен төл оқулықтар қазақ балаларының қолына түсе бастады. 1920-1930 жылдары математика пәнінен оқулықтар мен оқу- әдістемелік құралдар дайындауға М.Дулатұлы, С.Қожанұлы, К.Жәленұлы, Қ.Сәтбаев т.б атсалысты. Сөйтіп, сол заман тұрғысынан қарағанда, қандай да деңгейде болмасын білім дәрежесі көтеріліп, жүйеленіп бір ізге түсе бастады. 1930 жылы жеткіншек ұрпақтың санасын өз қажетінше қалыптастыруға бағытталған Мәскеу шенеуніктерінің қаулылары Қазақстандағы қауырт дамып келе жатқан бұл істі пышақ кескендей тыйды. Яғни, математика құралдары тек қана орталыққа дайындалып, жергілікті жерлерде олардың аудармаларын ғана пайдалануды міндеттеді. Мұндай әрекетке ғалым- педагогтар тарапынан қарсылық болды. 2. Оларды шешу жолдары 1970-1980 жылдары шағын жинақты бастауыш сыныптағы оқыту әдістемесін зерттеуге белсене кіріскен ғалымдарымыздың бірі – Б.Құлмағанбетова. Ол мақалаларында мұғалімге көмек ретінде әдістемелік нұсқаулар беруді мақсат ете отырып, қазақ тілі сабақтарында өздігінен
  • 8. орындалатын жұмыстардың түрлері мен оны ұйымдастыру жолдарын көрсетуге баса мән береді. 1974 жылы Б.Құлмағанбетованың «Аз комплектілі мектепте сабақты ұйымдастыру» деген еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте мынандай мәселелер қарастырылды: 1) аз комплектілі мектептердің қазіргі жайы; 2) аз комплектілі мектептерде жұмыс түрлерін ұйымдастыру; 3) аз комплектілі мектептерде сабақты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері; 4) аз комплектілі мектептерде тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру. Автор алдымен шағын жинақты бастауыш сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің іс-тәжірибелеріне шолу жасай келіп, әрбір сыныпта оқылатын тақырыптарды, оларға қатысты материалдарды, көрнекі құралдар мен әдістемелік жаттығуларды орынды пайдаланып, жұптасқан сабақтардың құрылысын, өздік жұмыстардың түрлерін, көлемін, оған кететін уақытты т.с.с дұрыс белгілеп алса, мұндай мектептердегі оқу-тәрбие жұмысы нәтижелі болады деген қорытынды жасайды. 1980 жылы Ш.Әуелбаевтың «Қазақ тілі сабақтарының мазмұны мен жоспарлау үлгілері» атты еңбегі жарыққа шықты. Автордың бұл еңбегі шағын жинақты бастауыш сынып мұғалімдері үшін қиындық келтіріп отырған қазақ тілі сабақтарының мазмұнын анықтау мәселесін шешуге байланысты жасалған алғашқы әрекет болып есептеледі. Өйткені бағдарламада үлкен тақырыптарға арналған сағат сандары ғана көрсетіледі де, әрбір жеке сабақтың мазмұнын белгілеу үлкен қиындық туғызады. Сондықтан бұл құралда қазақ тілі сабағының мазмұны мен көлемі анықталып, оның толық жоспарлау үлгілері берілген. 1981 жылы басылып шыққан А.Асқарбаева мен Г.М.Храпченковтың «Шағын комплектілі мектептегі оқытудың мазмұны мен әдістері» деп аталатын еңбегінің маңызы аса зор болды. Бұл құралдағы көңіл аударарлық мәселе – шағын жинақты бастауыш сыныптарда ана тілі сабақтарын бір пәндік жүйемен жоспарлағанда қатар сыныптарда тақырыбы мен мазмұны жағынан жақын, бір-біріне ұқсас материалдарды іріктеп алып, жұптастырып, бір мезгілде өткізудің тиімді болатындығы. Осы тұста шағын жинақты мектептегі оқыту мәселесіне қатысты әдістемелік нұсқаулар да пайда бола бастады. Атап айтқанда: Қ.Аймағамбетованың «Аз комплектілі бастауыш мектептерде табиғаттануды оқыту», М.Сайпиннің «Шағын комплектілі мектептерде математиканы оқыту» (1984), О.Сатқановтың «Еңбекке үйрету методикасының кейбір ерекшеліктері» (1990) атты еңбектері. Аталған еңбектерде шағын жинақты мектептердің өзіндік ерекшеліктері, жеке пәнді оқыту әдіс-тәсілдері, ұтымды жұмыс түрлері, сабақ жоспарлары тәрізді негізгі мәселелер қамтылған. Олар, негізінен, бір пәннің бір мезгілде өткізілуін қолдап, соған сай бір тақырыптық сабақтарды жоспарлау үлгісін көрсеткен. 1970-1980 жылдары жоғарыда аты аталған ғалымдар мен кейбір мектеп мұғалімдерінің қатысуымен «Мектеп» баспасынан бірнеше көрнекі құралдар да жарық көрді. Мысалы: «Ана тілінен тіл дамытуға арналған сюжетті
  • 9. картиналар» (1976), «Аз комплектілі мектептер үшін грамматикалық таблицалар» (1979), «Ана тілінен үлестірмелі картиналар» (1981). Сұрақтар мен тапсырмалар: 1. Бірнеше сыныпты бір мезгілде қатар оқытудың тиімді жолдарын іздестіруде белсене кіріскен ғалымдар еңбектері 2. Шағын жинақты бастауыш мектеп мәселесін зерттеуге белсене араласқан ғалымдарды еңбектері 3. Шағын жинақты бастауыш мектеп проблемаларын шешуге көмектескен ғалымдар еңбектері 1.3тақырып. Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі мен қиыншылығы Мақсаты: Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі туралы түсінік беру. Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы туралы сипаттау. 1.Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі 2. Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы 1.Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі ШЖМ-нің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар: - балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар. - дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады; - оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады; - оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді; - бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-4) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді; - әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол; - аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады. 2. Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы ШЖМ-тің жоғарыда келтірілген артықшылықтарымен қоса, кемшіліктері, кері жақтары да бар: - мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық белсенділігінің артуына жол болмайды; - сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды; - мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады;
  • 10. - мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады; - өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды; - белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ; - оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді; - ШЖБМ оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін қалады; ШЖБМ бағдарламасын өз деңгейінде орындап шығу қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені қойылатын талап негізгі мектептермен бірдей. Аталмыш мектеп жағдайында бағдарламаны сапалы орындау төмендегі жағдайларды, талаптарды орындағанда ғана мүмкін болады: - егер мұғалім ШЖМ -нің өзіндік ерекшелігін, сабақтың ерекшелігін түсіне, сезіне алатын болса; - егер мұғалім ШЖМ математика сабағын ұйымдастырудың мәселелері бойынша қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өткен болса; - математика сабағында мұғалім балаларды қызықтыра алатындай, сабақты түрлендіре жүргізетін, олардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын дұрыс қолданатын болса. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1.ШЖМ-нің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары қандай? 2.Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығын атаңдар? 3.Тиімділігі мен қиыншылығынан салыстырмалы түрде кесте құрастырыңдар 2 бөлім. ШЖБМ-те оқыту процесін ұйымдастыру 2.1 тақырып. ШЖБМ-те педагогикалық процесстің ерекшелігі Мақсаты: Шағын жинақталған бастауыш мектептің педагогикалық процесінің ерекшілігі мен тиімділігін анықтауды меңгерту. 1. ШЖБМ-те педагогикалық процесстің ерекшелігі 2. Жалпы жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары 1. ШЖБМ-те педагогикалық процесстің ерекшелігі ШЖБМ-тегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері: - бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40
  • 11. сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет. - бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс; - шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады. - мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек. 2. Жалпы жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары Жалпы жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары Жалпы жаңа жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары: • сабақтың оқу бағдарламасына сәйкес жоспарлануы; • бірнеше сыныптың оқу материалының бір тақырыптың жүйеге ыңғайластырылуы; • көрнекі дидактикалық құралдардың алдын ала дайындалуы; • сабақ тақырыбының өзара байланысы; • сыныптарды комплектіге дұрыс біріктіру; • сабақтардың кестесін дұрыс жасау; • тиімді оқыту әдістерін таңдау; • сабақтың максатқа сай келетін құрылымын анықтау; • оқушылардың өздік жұмыстарын мұғалім басшылығымен істелетін жұмыстармен ауыстырып отыру; • мұғалімнің 4-5 рет жұмыс түрін ауыстыруы; • барлық сыныптарда тәрбие процесін жүргізу. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1. ШЖБМ-тегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері қандай? 2. Жалпы жаңа жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттарын атаңыздар 3. Бірнеше сыныппен жұмыс істегенде сабақтың ұйымдастыру кезеңдері 4. Сабақ барысында әдіс-тәсілдерді түрлендіру
  • 12. 2.2тақырып. ШЖБМ-тегі жұмыстың тиімділігін анықтау шарттары Мақсаты: ШЖМ-те оқу – процесінің тиімділігін анықтауды, сабақты табысты өткізу үшін методикалық әдістерді меңгерту. 1. ШЖМ-те оқу –тәрбие процесінің тиімділігін анықтау 2. Шағын кешенді мектептегі сабақтың табыстылығы 1. ШЖМ-те оқу – процесінің тиімділігін анықтау ШЖМ – тің оқу - тәрбие үрдісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар: - біріншіден, сабақтың ерекшіліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрылысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді, өзіндік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс; - сабақтын екінші ерекшелігі - тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі. Осы екі ерекшелік - ШЖМ - нің негізгі мектептен төмендегі ерекшелігін туғызады: - бір сыныптын өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа байланысты; - екіншіден, 3 - 4 сынып қатар оқытылғандықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет. 2. Шағын кешенді мектептегі сабақтың табыстылығы Шағын кешенді мектептегі сабақтың табыстылығы мұғалімнің түсіндіруі мен өздік жұмысты ұштастыруына байланысты. Түсіндіру нақтыландыратын мысал, қосымша ой-пікірлерсіз қысқа болу керек. Мұғалім әдетте жаңа білімді меңгерту үшін бір не екі мысал келтіреді.Мұғалім тақырыпты түсіндіргеннен кейін өздік жұмысты қалай орындау керектігі туралы қысқаша нұсқау беріп, оқушылардың жұмысқа әзірлігін тексеріп, келесі сыныппен жұмыс істеуге көшеді, тақырыпты түсіндіріп болған соң сыныпқа өздік жұмыс береді.Оқу жұмысының түрлерін ауыстырып, өздік жұмысты орындау процесін бақылап, мұғалім сабақты жүргізіп отырады. Сабақтың құрылымы: 1. Мұғаліммен жұмыс - өздік жұмыс. 2. Өздік жұмыс - мұғаліммен жұмыс. Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағының құрылымы 1. Ұйымдастыру бөлімі 1. Ұйымдастыру бөлімі 2. Мұғалімнің сұрағына жауап беруге әзірлену, көрнекі кұралмен немесе басқа шағын тапсырмамен жұмыс 2. Үй тапсырмасын тексеру 3. Жаңа материалды түсіндіру 3. Өздік жұмыс 4. Өздік жұмыс. 4. Жаңа материалды түсіндіру 5. Өздік жұмысты тексеру. Сабақтың қорытындыларын шығару. Үйге
  • 13. тапсырма 5. Өздік жұмыс 6. Үй тапсырмасының мазмұнын өз бетімен оқу және күнделікке жазу 7. Өздік жұмысты тексеру. Сабақтың қорытындыларын шығару. Үйге тапсырма Мұғалім екі сыныптың оқушыларының да іс-әрекетін толықтай бақылап, өздік жұмыстың нәтижелерін міндетті түрде тексеріп, жауап беріп көмектеседі. Әр сыныптағы өздік жұмысқа 15 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде мұғалім басқа сыныптың оқушыларына жаңа сабақ түсіндіреді, оны қайталаттырады, жүйелетеді. ІІІағын кешенді мектепте жұмыс істейтін мұғалім кіші мектеп жасындағы оқушыларға берілетін өздік жұмыстың барлық түрлерін білу керек. Шағын кешенді мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу негізінен сабақ арқылы жүреді. Мұғалім сабақты, бекітілген сабақтың кестесі бойынша өткізеді. Сыныпта әр жастағы оқушылар оқып, бір сабақта бірнеше пәннен алынған ұқсас тақырыптар түсіндіріледі. Сабақтар бір бөлмеде өтеді. Мұғалімнің мақсаты: • әр сыныппен істейтін жұмысына уақытты дұрыс бөлу; • таным процесінің жүйесін бұзбау; • оқушылардың жаңа тақырыпты қабылдауын, түсінуін, меңгеруін, есте сақтауларын ынталандыру; • барлық сыныппен бір мезгілде тәрбие жұмысын жүргізу; • білімнің негізгі мазмұнын меңгерту. Сұрақтар мен тапсырмалар 1. ШЖМ – тің оқу - тәрбие үрдісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері 2. Шағын кешенді мектептегі сабақтың табыстылығының сатылары 3. Сабақтың құрылымына тоқталыңдар. 4. Сабақ кезіндегі мұғалімінің мақсаты қандай? 2.3 тақырып. Сынып. Сынып – комплект құрастыру Мақсаты: Екі немесе үш сыныпты комплект құрастырудың әдіс-тәсілдерін меңгерту. 1.Сынып – комплект құрастыру ерекшеліктері 2. Екі немесе үш сыныппен өткізілетін сабақты ұйымдастыру 1.Сынып – комплект құрастыру ерекшеліктері Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады. Егер мектепте барлық балалар саны 15-тен аспайтын болса, 1- сынып комплект, 15-тен жоғары 2 немесе 3-сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1
  • 14. сынып-комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген. (Гигиенические требования к условиям обучения школьников в различных видах современных общеобразовательных учреждений № 2.01.07.-99.г §2 Пункт 9.11 - 21 стр.). Мұнда екінші сынып-комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3 сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының аздығына байланысты, яғни 5-тен 15-ке дейін ғана бала болса, онда 1 сынып-комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген. «ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелерде»: (-2000 ж. №32 (6)) «Жалпы білім беретін мектептерде оқыту үдерісін ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы реттеледі» - делінген.ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты – бағдарлама мен мектеп белгілеген жоспарды орындап шығу. 2. Екі немесе үш сыныппен өткізілетін сабақты ұйымдастыру Екі немесе үш сыныппен өткізілетін сабақты ұйымдастырғанда оқушының білімін бағалау, жеке жұмыс жүргізу, тапсырманы өздігінен қалай орындағандықтарын бақылап, жұмыстарын тексеріп отыру да педагогикалық шеберлікті, жете мән беруді талап етеді. Яғни, 45 минуттық бір сабақтың ішінде шағын жинақты мектеп мұғалімі 3, тіпті кейде 4 сабақты өткізіп, 3 не 4-сынып оқушыларын қатар оқытуға әрі әрбір «кіші сабақтың» білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарының орындалуын қадағалауға мәжбүр болады. Осыған орай сабақтың құрылымы да өзгереді. Бүгінгі күнге дейін сабақтың екі кезеңі анықталған болатын: мұғалім басшылығымен жұмыс және өздігінен орындалатын жұмыс. Бұл екі кезең «үлкен сабақтың» өн бойында бірнеше рет қайталанып отырады. Енді осы сабақтардың ұйымдастыру барысына тоқталайық: ортақ тақырыптық қағиданы ұстанғандықтан белгілі бір тақырыпты барлық сыныпқа бір мезгілде өткізуге болады. Ал, жаңа сабаққа байланысты жаттығулар мен тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай әрбір сыныпқа лайықтап, саралап, әрқайсысына жеке орындатуға болады. Сұрақтар мен тапсырмалар Мұнда сабақ екі кезеңнен: біріктірілген (ортақ) бөлімнен және сараланған (дифференцияланған) бөлімнен тұрады. Енді осы екі жағдайды салыстырайық: 2-сынып 3-сынып 4-сынып М Ө Ө
  • 15. Ө М Ө Ө Ө М (М − мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс, Ө − өздігінен орындалатын жұмыс). 2-сынып 3-сынып 4-сынып Біріктірілген (ортақ) бөлім ( жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі) Сараланған бөлім (жаттықтыру кезеңі) Біріктірілген (ортақ) бөлім (бекіту кезеңі) Көріп отырғанымыздай, бірінші жағдайда жаңа тақырыпты түсіндіру 4- сыныпта сабақтың ең соңына түсуі мүмкін. Ал психологиялық еңбектердн бастауыш сынып оқушыларының жаңа материалды шамамен сабақтың алғашқы 10-15 минутында ғана жақсы қабылдайтыны туралы пікірлерді кездестіреміз. Сондықтан сабақты бұл жолмен жоспарлау көп қиындық туғызатыны сөзсіз. Тапсырма: сіздің үлгіңіз... 2.4 тақырып. ШЖБМ-те сабақ кестесін құрастыру жолдары Мақсаты: ШЖБМ-те тиімді сабақ кестесінің үлгілерін жасап үйрету. Сабақ кестесін жасаудың әдіс - тәсілдерін меңгерту. 1. Сабақ кестесінің түрлері және оларды құру технологиясы 2. Сабақ кестесінің үлгілері Оқу жылындағы оқушы мен оқытушының күнбе-күнгі оқу еңбегі сабақ кестесімен анықталады. Шағын жинақты мектептерде оқыту, тәрбиелеу жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін дұрыс, жан-жақты ой елегінен өткізілген сабақ кестесін жасау қажет. Сабақ кестесі мектептегі балалар мен сынып санына байланысты жасалады. Егер мектепте барлық балалар саны 10-нан аспайтын болса, онда бір оқытушы немесе бір комплектілі мектеп, ал 12 оқушы болса, екі комплектілі, 15-тен артық болса, ол үш комплектілі болып есептеледі. Егер мектепте барлық сыныпқа бір оқытушы болса, яғни бір комплектілі мектеп болса, тиімді сабақ кестесін жасау керек болады. Мектепте екі оқытушы болса, әр сыныптың оқушылар саны мен білім деңгейі, дайындықтарына байланысты біріктіріледі. Дұрыс сабақ кестесін жасау үшін оқытушылар қандай пәндерді біріктіргенде, өзіндік жұмысты ұйымдастыруға барынша мүмкіндік беретін принципті ескеру керек. Екі сыныппен жүргізілетін сабақтың сапалы болуы үшін сабақ кестесіндегі пәндерді қалай болса солай біріктіре салуға болмайды. Екі сыныпта екі түрлі
  • 16. пәнді жүргізгеннен гөрі, екі сыныпта да бір пән бойынша, мәселен, қазақ тілін қазақ тілімен, арифметиканы арифметикамен біріктіріп өткізген жеңіл болатынын тәжірбие көрсетіп отыр. Бұл өзінен өзі түсінікті, өйткені пәндерді біріктіріп жүргізгенде мұғалімнің зейіні бір пәнге бағытталған болады, сол себептен де жұмыс сапалы жүргізіледі. Өзбетінше жұмыс істеуді ұйымдастыруға барлық пәндердің бірдей дәрежеде мүмкіндік бере бермейтінін есте ұстау керек. Мысалы: музыка мен денешынықтыру сабақтарын біріктіруге болмайды, тек сабақты топқа бөліп өткізуге болады. Тиімді сабақ кестесін құрастыру үшін комплект құру, пәндерді біріктіру проблемасы негізгі сұрақ болып табылады. Аптаның сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері – оқушылардың ең жоғарғы деңгейде жұмыс істей алатын күндері. Бірдей жағдайда екінші, үшінші сабақ оқушылардың іскерлігіне әсер ететін, нәтижелі сабақтар болып саналады. Барлық жағдайда екі, үш, төрт сыныппен барлық сабақтарды біріктіріп, сабақ кестесінің түрлерін әр нұсқада ұсынуға болады. Сабақ кестесінің түрлері қатар оқытылатын сыныптардағы оқытылатын пәндердің ретіне байланысты. Қатар оқытылатын сыныптарда бір пәнді бір мезгілде оқытуға, әр пәндік, бір тақырыптық негізде өткізуге болады. Сонымен бірге, бір сыныпты жеке оқытып, 2-3 сыныпты қатар оқытуға болады. 2. Сабақ кестесінің үлгілері Сабақ кестесін жасағанда 1-топпен 2-топты біріктіріп жасауға да болады. Қазақ тілі сабақтарында барлық сыныпқа ортақ сұрақтар беру, диктант, қызықты тапсырмалар, дидактикалық ойындар жүргізуге болады. Көп жағдайларда 2-3 сыныпты біріктіріп сабақ өткізуге тура келеді. Келесі сыныптарда 3-сабаққа ауыстыруы керек. Мысалы: қатар оқитын 1-4, 1-3 үшін күніне 1 пән немесе 2 пән қатар оқытылады. Ал қалған пәндер 2 сыныпта 30 мин бөлек жүргізеді. Мұндағы негізгі мақсат 1-сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескеріп, 1-сыныпқа 30 минут бөлек уақыт беру керек. Қатарынан 1-2-3 сынып үшін, 1-3-4 сыныптар үшін, 2-3-4 сынып үшін бұл жағдай сабақ өткізудің қиындығын болдырады. Сондықтан, күніне 1 рет 1 пәнді қатар өткізеді. Қалғанына өзіндік жұмыстар беріледі. Оқушылардың санына байланысты, сынып комплектісін құру, сабақ кестелерінің үлгілерін оқушыларға түсіндіріп оқыту керек. Мысалы: бақылау жұмысы мен диктант сабақтарын біріктіру, математика сабақтары үшін тиімді болады. Ал, кей жағдайларда тиімді бола бермейді. Мұндай кезде еңбек, бейнелеу сабақтарын бірге өткізіп, аталған пәндерді бөлек оқыту керек. Сабақ кестесі жарты жылдық уақытқа арналып құрастырылады.. Шағын комплектілі мектеп мұғалімдері күнделікті 8 не 14 сабақ жоспарын жазып, оған көрнекілік дайындайды. Сондықтан да оқу-тәрбие жұмысының нәтижелі болуына сабақ кестесінің әдістемелік тұрғыда дұрыс жасалуының маңызы зор. Тәжірибелік тапсырмалар
  • 17. Сабақ кестесінің үлгісін жасау: Н.Базарбаеваның біріктірілген 4 сыныпқа арналған сабақ кестесінің үлгісі: Күні Р.с 4 - сынып 3 – сынып 2 - сынып 1 - сынып Дүйсенбі 1 2 3 4 5 Қазақ тілі Математика Ана тілі Валеология Сынып сағаты Математика Ана тілі Валеология Сынып сағ Қазақ тілі Ана тілі Валеология Сынып сағ Қазақ тілі Математика Валеология Сынып сағ Ана тілі Математика Ана тілі Сейсенбі 1 2 3 4 5 6 Қазақ тілі Математика Ана тілі Дене –шынық Дүниетану Математика Ана тілі Дене-шынық Дүниетану Қазақ тілі Ана тілі Дене шынық Дүниетану Қазақ тілі Математика Денешынық Дүниетану Ана тілі Математика Ана тілі Сәрсенбі 1 2 3 4 5 6 Қазақ тілі Математика Ана тілі Бейн.өнері Ана тілі Бейн. өнері Қазақ тілі Ана тілі Бейнелеу өнері Қазақ тілі Математика Бейн. өнері Ана тілі Математика Ана тілі Бейсенбі 1 2 3 4 5 Қазақ тілі Математика Ана тілі Дене-шын Дүниетану Математика Ана тілі Дене-шын Дүниетану Қазақ тілі Ана тілі Дене-шын Дүниетану Қазақ тілі Математика Дене-шын Дүниетану Қазақ тілі Математика Ана тілі Жұма 1 2 3 4 5 Орыс тілі Математика Тіл дамыту Музыка Қыз. мат Орыс тілі Математика Тіл дамыту Музыка Қыз. мат Тіл дамыту Музыка Қыз. мат Тіл дамыту Музыка Қыз. мат
  • 18. Сенбі 1 2 3 4 Орыс тілі Еңбек Еңбек Дене-шын Орыс тілі Еңбек Еңбек Дене-шын Еңбек Еңбек Дене-шын Еңбек Еңбек Дене-шын Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім Академиясының ғылыми қызметкерлері З.Бейсенбаев, Ә.Наурызбаевалар төмендегідей алты күндік сабақ кестесінің үлгісін келтіреді: Қатар оқытылатын 1-2 сыныптар үшін Күні Саба қ реті 1 - сынып 2- сынып ДҮЙСЕНБІ 1 2 3 4 Әліппе Математика Денешынықтыру Айналамен таныстыру Қазақ тілі Математика Денешынықтыру Дүниетану СЕЙСЕНБІ 1 2 3 4 Математика Жазу Әліппе Әліппе Математика Қазақ тілі Ана тілі Ана тілі СӘРСЕНБІ 1 2 3 4 Әліппе Математика Еңбек Ана тілі Математика Еңбек Қазақ тілі БЕЙСЕНБІ 1 2 3 Әліппе Айналамен таныстыру Бейнелеу өнері Қазақ тілі Дүниетану Бейнелеу өнері ЖҰМА 1 2 3 4 Математика Әліппе Ән Жазу Математика Ана тілі Ән Қазақ тілі СЕНБІ 1 2 3 Әліппе Еңбек Денешынықтыру Бейнелеу өнері Көркем жазу Еңбек Денешынықтыру Бейнелеу өнері 2.5 тақырып. Бір пәндік, бір тақырыптық жүйе бойынша құрылған сабақтар. ШЖМ сабақтарды өткізу ерекшеліктері және оқыту түрлері
  • 19. Мақсаты: Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақтардың ерекшеліктері туралы мағлұмат беру, бірпәндік, біртақырыптық сабақтарды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін меңгерту 1.Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақтардың ерекшеліктері 2.Біріктірілген сыныптарда біртақырыптық сабақтарды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері 1.Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақтардың ерекшеліктері Шағын жинақты мектептің оқу үдерісін ұйымдастыруда бірқатар қиындықтар кездесетіні жасырын емес. Өйткені бұл үлгідегі мектепте мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс істейтіндіктен, сабақтың өзіндік ерекшелігі болады. Осы ерекшелікке байланысты оқу үдерісі бір мезгілде екі сыныпта бірдей ұйымдастырылады. Сондықтан екі, үш сыныптың бір мезгілде қатар оқытылуы оқушыларға да, мұғалімге де психологиялық және әдістемелік тұрғыдан қолайсыздық туғызады. Шағын жинақты мектептердегі оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімділігі төмендегі жағдайларға байланысты: - сыныптарды бiрiктiрудiң педагогикалық ұтымдылығы мен дұрыстығы; - сабақ кестелерiнiң оңтайлы жасалуы; - тәрбие мен оқытудың тиiмдi әдiстерi мен түрлерiн таңдау, оларды оқыту үдерiсінде дұрыс үйлестiру және ұтымды пайдалану; - сабақтың белгiленген мақсатқа сай неғұрлым тиiмдi құрылуынын анықтау; - оқу-тәрбие жұмысының сабақ үстіндегі және сабақтан тыс түрлерiн дұрыс үйлестiру; - оқушылардың өзiндiк жұмысы мен мұғалім басшылығымен атқаратын жұмысының ұтымды алмастырылуы; - оқушылардың бойында бiлiм алу және өздiгiнен оқып бiлу дағдыларын қалыптастыруға баса назар аудару; - оқушылардың бiлiмі мен тәрбиелілік деңгейлерi дамуының ғылыми диагностикасы; - оқушылардың бiлiм, бiлiктерiн iзгiлiктi педагогикалық ұстанымдарға негiзделген жүйелi бақылау. Екі, үш сыныппен жүргізілетін сабақ сапалы болуы үшін сабақ кестесінде пәндерді қалай болса солай қоса салуға болмайды. Екі сыныпта екі түрлі пәнді жүргізгеннен гөрі сабақты бір пән бойынша өткізген жеңіл болатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Өйткені пәндерді біріктіріп жүргізгенде, мұғалім білімнің бір саласынан екінші бір саласына көшпей, оның назары бір пәнге бағытталады. Бірпәндік оқыту жүйесі іс жүзінде біртақырыптық сабақтар жүргізуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Қазіргі шағын жинақты мектеп тәжірибесінде мұндай сабақтарды ұйымдастырудың тиімділігі арта түсуде. Осыған орай, шағын жинақты мектеп мұғалімдері оқыту үдерісін мүмкіндігінше біртақырыптық жүйеде құрастырғаны дұрыс. Өйткені белгілі
  • 20. бір ортақ тақырып бойынша барлық сыныпқа бірдей бір мезгілде түсіндірген мұғалімге де, оқушыларға да тиімді. Біртақырыптық сабақтар дегеніміз – бір пән ішіндегі мазмұны ұқсас тақырыптарды екі сыныпта қатарынан оқыту. Біртақырыптық сабақтарды ұйымдастырудың бірқатар артықшылығы қарастырылды. Біріншіден, шағын жинақты мектеп төменгі сынып оқушыларының оқуға деген ықыласын табысты дамытуға жағдай жасайды. Екіншіден, біртақырыптық сабақтарды өткізгенде, оқушылардың оқу әрекетін табысты жоспарлау білігі, бір-бірін тексеру немесе өзін-өзі бақылау кезінде жұмыстың барысын бақылау, яғни оқушыны өзіндік жұмыстарға даярлығын анықтайтын біліктер қалыптасады. Үшіншіден, біртақырыптық сабақтар оқушының сөйлеу мәдениетін қалыптастырады, жолдастарының жауаптарын тыңдау, диалог жүргізу мәдениетіне үйретеді, сөйлеу қабілеттерін дамытады. Осыған байланысты сөйлеу қарым-қатынасының аясы кеңейеді, бұл, әсіресе, шағын жинақты мектептер жағдайында өте маңызды. Төртіншіден, біртақырыптық сабақтар практикалық және оқу әрекеттерінде ұжымда жұмыс істей білуге, басқа оқушылардың пікіріне құрметпен қарауға, өз пікірін дәлелдеуге мүмкіндік береді. Әрбір сыныппен тақырып бойынша жүргізілетін сабақтар оқу материалы мазмұнының күрделілігімен анықталады. Әрине, біртақырыптық сабақтарды әзірлеу және өткізу мұғалімнен педагогикалық шеберлікті талап етеді. Бұл жерде, бір жағынан, оқу материалын жоспарлау жұмысы тұрса, екінші жағынан, сабақ құрылымын жетілдіру және оны ұйымдастыру жұмысы тұрады. Оқушылардың белсенділігі, ең бірінші кезекте, сабақ кезеңдерінің реттілігін қатаң сақтауынан емес, сабақты тақырып бойынша жоспарлап, оны әрбір сабаққа сәйкес мақсаты нақты анықталған жағдайда көрінеді. Біртақырыптық сабақтарды жоспарлау оқу бағдарламасының белгілі бір тақырыбы немесе тарауы бойынша өтілетін сабақтар мен сабақтан тыс оқу жүйесіндегі оқу-тәрбие үрдісі білім беру, дамыту және тәрбие беру қызметтерін іске асыруының қолайлы жолдарын анықтау үшін қажет. Бұл жүйеге негізгі дидактикалық мақсатына байланысты сабақтың әр алуан тұрпаты және түрлерімен қоса, оқушылардың сыныптан тыс және оқудан тыс жұмыстарының басқа түрлері де кіреді. Шағын жинақты мектепте біртақырыптық жоспарлаудың ойдағыдай іске асырылуы, көбінесе, мұғалімнің оқушылар нені білуі керек, қалай оқыту керек, т.б. мәселелерді қаншалықты терең ойластырғанына байланысты. Сондықтан мұғалім біртақырыптық жоспарлауды пәннің оқу бағдарламасымен, білім беру стандартымен мұқият танысудан, пәнді оқыту кезіндегі және берілген тақырып бойынша дидактикалық міндеттерді шешудегі негізгі тәрбиелік мақсаттарды және оқушыларды дамыту мақсаттарын анықтаудан бастауы қажет. Біртақырыптық сабақты жоспарлау – бұл мұғалімнің сабаққа тиянақты дайындығының көрінісі, яғни сабақты жоспарлау, тақырыптық жоспарлауды
  • 21. әрбір жеке сабаққа сәйкес нақтыландыру, сабақтың негізгі мазмұны мен бағыты анықталғаннан кейін сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұнын терең ойластыру мен құрастыру. Сабақ жоспары мұғалімнің жұмыс тәжірибесіне, кәсіби біліктілігіне, педагогикалық шеберлігінің деңгейіне қарамастан, әрбір мұғалім үшін қажет. Сабақтың жоспары тақырыптық жоспар, бағдарлама мазмұны негізінде мұғалімнің оқушыларды және олардың дайындық деңгейіне қарай құрастырылады. Сабақты жоспарлауда және оны өткізу технологияларын дайындауда екі өзара байланысты бөліктер бар: сабақ мақсатын, оның әрбір қадамын терең ойластыру қажет. Әдістемелік құралдың соңында пән ішіндегі мазмұны ұқсас тақырыптарды оқытуға арналған сабақ үлгілері ұсынылған. Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақты жоспарлауға қажетті ұстанымдар: 1. Әртүрлі жастағы оқушыларды оқыту міндеттері, мазмұны мен оқыту құралдарының кірігуі мен саралануы. Әр сынып оқушыларында түрлі деңгейде меңгерілетін сұрақтар, құбылыстар мен түсініктер туралы ортақ ұғым болуы. 2. Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру – бірқатар педагогикалық қызметтерді жоғары сынып оқушысының атқаруы (бақылау, жаңа материалды түсіндіру, қиындықтарды жеңуде төменгі сынып оқушыларына көмектесу). Дайындық жұмыстары: ақыл-кеңесшілерді іріктеу, ақыл-кеңес беру, олардың әрекетінің маңыздылығын көрсету, атқаратын қызметтерді бөлу, сабаққа және сабақ үстіндегі дайындық кезеңінде тапсырмалар беру. 2.Біріктірілген сыныптарда біртақырыптық сабақтарды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сәйкес білім беру мақсаты мен міндеттері оқушыларды әлемдік даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі бір біліммен қаруландыруды көздейді. Осы орайда шағын жинақты мектеп мұғалімдері оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерінің бар мүмкіндіктерін қарастыру қажет. Ол үшін бір сабақтың үстінде мұғалім әртүрлі жастағы, ой өрісі мен білім дәрежесі әртүрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс. Оқытудың әдіс-тәсілдері көп болғандықтан, шағын жинақты мектепте қолдануға болатын бірқатар әдістерге сипаттама берілді. Қазіргі қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту және ақпараттық қоғамға бейімдеу. Осы орайда логикалық-құрылымдық әдіс оқытудың тұтас жүйесін жобалай отырып, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық процесс құруды, мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйе таңдап, құруды және оқушылармен жұмыс істеуде кездесетін қиындықтардың алдын алып, түзеу жұмыстарының жүйесін жасауды көздейді Бұл әдістің негізін академик В.М.Монаховтың технологиясы
  • 22. құрайды. Әдістегі негізгі объект – тақырыптық-дидактикалық модуль. Мұнда әр пакеттің өзінше қамтитын нақты мәселелері болады [2, 3]. Логикалық-құрылымдық әдіс оқытушының бір оқу жылында пайдаланатын әдістемелерді жоспарлауына көмектесіп, төмендегідей кезеңдер жүзеге асырылады: 1-кезең – нақты технологияға көзқарас жүйесін (тұжырымдаманы), оның мағлұмат түрлері мен нақты дидактикалық модуль шеңберіндегі технологиялық процестің соңғы қорытындысын өз құрамында сақтайтын «оқытудың жаңа әдісін теориялық тұрғыдан негіздеу» деп аталатын құжаттар жинағын (пакетті) зерттеп, дайындау; 2-кезең – «берілген дидактикалық модуль шеңберіндегі технологиялық атқару тәртібі» деп аталатын құжаттар жинағын дайындау; 3-кезең – берілген дидактикалық модульге сай «мұғалімнің әдістемелік жабдықтары» атты құжаттар жинағын дайындау; 4-кезең – берілген дидактикалық модульге сай «технологиялық жұмыс мақсатын іске асырудың қорытындыларын өлшеу әдістемесі мен белгілері» деген құжаттар жинағын дайындау; 5-кезең – «оқытудың жаңа әдіс-тәсілін меңгеру мәдениеті» атты құжаттар жинағын дайындау. Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Шағын жинақты мектептердегі оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімділігі 2. Екі, үш сыныппен жүргізілетін сабақ сапалы болуы үшін сабақ кестесінің құрылу тәсілі 3. Біртақырыптық сабақ дегеніміз не? 4. Логикалық-құрылымдық әдіске сипаттама 2.6 тақырып. Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру жолдары Мақсаты: Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру жолдарымен таныстыру. Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керектігін ұғындыру. 1. Өзіндік жұмыс, оның түрлері 2. Өздік жұмысқа қойылатын талаптар 1. Өзіндік жұмыс, оның түрлері Өзіндік жұмыс – оқушының күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Шағын жинақты бастауыш мектепте оқу-тәрбие жұмыстарының ерекше көңіл аударатын бір саласы – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. Бірнеше сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің негізгі педагогикалық міндеті – жеке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына қойған міндетпен бірдей. Ол да оқу жоспарын, бағдарлама талаптарын орындауға тиіс.
  • 23. Өзіндік жұмыстардың нәтижелі болуы үшін алдымен «өзіндік жұмыс» деген ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алу қажеттігі туады: біріншіден, өз бетінше жұмыс балалардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары, екіншіден, мұндай жұмыстар балаларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жинақылыққа, бақылай білуге тәрбиелейді. Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынандай талаптарды орындау керек: 1.Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек; 2. Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс; 3. Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек; 4. Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек. 5. Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар: 6. Мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі; 7. Жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі; 8. Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі; 9. Оған әсер ететін мотивтер. Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру - күрделі мәселе. Оның жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыс түрлері: а) Жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге үйрену). ә) Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару, түрлі жазбаша, графикалық, практикалық т.б. жұмыстар). 2. Өздік жұмысқа қойылатын талаптар Өздік жұмысқа мынадай талаптар қойылады: 1) Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек. 2) Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек (8-15 мин. ұзақ болмайды). 3) Міндетті түрде тексерілуі керек. 4) Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды қабылдауға, өткен материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады. 5) Өздік жұмыстың мақсаты, орыдау әдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс. 6) Өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр түрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша материалдар дайындап әкелу керек. Тәжірибелік тапсырмалар Өздік жұмыстың түрлерін дайындау Үлгі №1
  • 24. Үлгі №2 Үлгі №3 3.1тақырып. ШЖБМ тәрбие процесінің мақсаты мен міндеттері, ұйымдастыру ерекшеліктері Мақсаты: Тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған салаларымен таныстыру. Студенттердің таным қызығушылығын дамыту. 1. ШЖБМ тәрбие процесінің мақсаты мен міндеттері 2.Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы 1. ШЖБМ тәрбие процесінің мақсаты мен міндеттері Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға
  • 25. бағытталған – балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Соған орай оның негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді. 1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзіне-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады. Себебі, тәжірибе көрсеткендей «қиын балада» өзі туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Соған орай дұрыс ұйымдастырылған сабақтан тыс тәрбие жұмысы оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және баланың өзі жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына, өзінің күш-қайратына сенімнің орнауына жағдай туғызады. 2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасқан. 3. Балада әртүрлі көркемөнер әркеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін жіне қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет. 4. Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік, эмоционалдық, ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыста бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді. Эмоциялық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады. 5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өйткені сабақтан тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұндай көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға бағытталған. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді. Жоғарыда аталған міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын анықтайды. Нақтылы іске, сыныпқа, мұғалім жағдайының ерекшелігіне байланысты олар нақтыланып, өзгертілуі мүмкін. 2.Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
  • 26. Сыныптан тыс тәрбие жұмыс – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады. Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан - жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді. Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады. Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады. Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі. Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп көрініс қойды делік, онда өзара қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді. Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибесін меңгереді. Спорттық әрекетте балалар «бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» деген қағиданың маңызын жете түсінеді. Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы және сенімі болады. Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте көп қиындықты туғызады. Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым-қатынаста немқұрайлылыққа жол бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен жағдайдың болмауын қажет етеді.