SlideShare a Scribd company logo
1 of 20
Тайжанова Ләйлім Сабытайқызы, магистр, аға оқытушы
Тақырып 13. Өндірісті желдету жүйесі. Шу
және діріл. Адам ағзасына зиянды әсері,
қорғану жолдары
Тіршілік қауіпсіздігінің
негіздері және еңбекті
қорғау
1. Желдету жүйелерінің арнауы және сипаттамасы
2. Механикалық желдету және желдеткіштер жіктелімі
3. Шу және тербеліс туралы жалпы мағлұмат
4. Шу мен тербелістің зиянды әсері, оларды нормалау және қорғану
тәсілдері
Дәріс мақсаты:
- жұмыс орындарында және адам қоныстанатын жерлерде нормалы атмосфера
шарттарын, ауаға қажетті тазалық дәрежесін техникалық амалдармен,
практикалық тәсілдермен орнатып ұстап тұру жұмыстарына қатысты ғылыми
негіздермен және қолданылатын техникалық құрылымдармен таныстыру
– студенттерге өндірістік желдетудің негізгі бағыттарын, желдету тәсілдерінің
жүйелерін және негізгі түрлерін үйрету және басқару бойынша теориялық және
практикалық дағдыларын дайындау
– өндірістің зияндылықтар ретінде шуға, дірілге, инфрадыбыс пен
ультрадыбысқа сипаттама беру және олардың адамға әсерімен күресу
шараларын көрсету.
1. Желдету жүйелерінің арнауы және сипаттамасы
Желдету (латынша ventilatio, орысша - вентиляция) ғимараттағы ауа алмасуды
қадағалайды, ауаның оңтайлы параметрлерін қамтамасыз етеді. Ауа ортасының
параметрлеріне ауаның құрамы, температурасы, ылғалдылығы және т.б. жатады.
Адам қоршаған ортадағы оттегіні жұтады және көмірқышқыл газын бөліп
шығарады. Демалу үшін таза ауадағы мөлшері 21 % болуы қажет, оттегінің
концентрациясы төмен болса ауамен демалу қиындайды, адамның басы ауырады.
Оттегінің үнемі жетіспеуінен жұмыс істеу қабілеті төмендейді, қартаю процесін
жылдамдатады, адам денсаулығына кері әсер тигізеді.
Желдету - өндірістердегі ауаны белгілі дәрежеде алмастырып тұруды қамтамасыз
ететін құрылғылар. Бөлме тазалығы мен температурасын, ауа ылғалдылығын
бірқалыпты ұстау үшін желдету өте қажет. Бұл талаптар гигиеналық тұрғыдан
белгіленеді.
Инфильтрация - біріккен табиғи желдеткіш құрылыс конструкциясының
элементінің және қоршауының тығыздығымен емес, бөлменің ішкі және сыртқы
әртүрлі қысым арқылы ауа ауыстырумен болады. Бұндай ауа ауыстырылу
кездейсоқ факторларға байланысты – күш және жел бағыты, бөлменің ішкі және
сыртқы ауа температурасы, құрылыс жұмысынең мөлшері. Инфильтрация
тұрғын үйге арналған, бөлменің 0,5-0,75 көлеміне 1 сағатта жетеді, ал үлкен
өндіріс орындарда 1,5 дейін.
Аэрация – біріккен табиғи жалпы ауыспалы желдету, ауаның шығуы және кіруі
ашылатын фрамуги терезесінен және фонар арқылы ауыстырылады. Аэрация
желдеткішін көп мөлшерде жылу бөлетін өндірістерде кеңінен қолданылады.
Аэрацияның негізгі артықшылығы көп мөлшерде ауа ауыстырылуы
механикалық энергияның шығынынсыз жүреді.
Тіршілік қауіпсіздігіне ауа ауыстыру шараларын ұйымдастыру негізінен 3 түрге
бөлінеді:
1 - Жалпы ауыспалы (ауаның ауысуы бөлменің, лабораторияның т.б. барлық
көлемінде ауысады. Көбінесе бұл әдісті улы зат бөлме ішінде аздап бөлінген
жағжайда қолданылады).
2 - Жергілікті ауысу (улы зат немесе улы газ; бөлменің бір жерінен бөлінсе мұнда
осы әдіс қолданылады).
3 - Қиыстырылған ауа ауыстыру (жалпы және жергілікті ауа ауыстыру бір бөлмеде
орналасқан жағдайда қолданылады).
Ауаның ауысуы механикалық және табиғи болып екі түрге бөлінеді:
Механикалық ауа ауысуы бұл бөлме ішінде орнатылған қондырғылар арқылы улы
газ немесе шаң т.б. заттарды шығарып таза ауамен алмастырады.
Табиғи ауа ауысу, ол табиғи себебінен - жылулық немесе желдің бағытына
байланысты, ауа ауысып отырады.
Механикалық және табиғи ауа ауысуы араласса онда аралас ауа ауыстыру деп
атайды.
Жалпы ауысымды желдету бөлмедегі ауаның керекті параметрлерін қалыпты
ұстауға негізделген. Жалпы ауысымды желдетудің жүйесі тиімді болу үшін
бөлмеге кіретін ауаның мөлшері (Lпр) одан шығарығарылатын ауаның мөлшеріне
(Lвыт) тең болу қажет.
Жалпы ауысымды желдету схемасы.
Ауа алмасудың ұйымдасу әдісі бойынша желдету жалпы алмасу, жергілікті
және аралас болып бөлінеді.
Бөлменің барлық көлемінде өтетін ауа алмасуын жалпы алмасу вентиляциясы
деп аталады, зиянды заттар аз мөлшерде және бөлме бойынша бірдей таралатын
жағдайларда жиі қолданылады.
Жергілікті вентиляция зиянды заттарды (газ, су, шаң, артық жылу) олардың
пайда болу орнынан сорып алуға және бөлмеден оларды жоюға арналған.
Аралас жүйе – бір мезгілде жергілікті және жалпы алмасу желдетуін қолдану.
Табиғи желдету жүйесі – сыртқы және ішкі ортаның температурасының әртүрлі
болуынан, желдің әсерінен болады.
Табиғи ауа ауыстырылуы екі түрге бөлінеді: ұйымдастырылған және
ұйымдастырылмаған.
Ұйымдастырылған табиғи ауа ауыстырылуы арнайы орнатылған құралдар
арқылы улы заттар (шаң, газ т.б.) бір бағытта жылжиды. Ол аэрация және
дефлекторлар арқылы жүзеге асады, және де реттеуге келеді.
Ұйымдастырылмаған желдету ауаның сыртқы ортадан ішке немесе керісінше
жүруімен жүзеге асады.
Ғимараттағы табиғи желдетудің схемасы:
а – жел жоқ кезде; б – жел бар кезде;
1- ауа шығып кіретін саңылаулар; 2 – зиянды заттарды
шығаратын агрегат; 3 – аэрациялық фонарь.
Қолданатын жеріне байланысты желдеткіш – жалпы ауысымды және жергілікті
болады. Жалпы ауысымды желдеткішті өндіріс орнындағы ластанған,
қыздырылған ауаны таза ауамен алмастыру үшін қолданады. Бұл желдетудің
түрін мына жағдайда қолданады: зиянды заттардың жылу және ылғал түрінде
бөлме ішінде бірқалыпты таралған кезде. Желдетудің бұл түрі үшін бөлменің
барлық параметрлері есепке алынады.
2. Механикалық желдету және желдеткіштер жіктелімі
Механикалық ауа ауысуы бұл бөлме ішінде орнатылған қондырғылар арқылы улы
газды, буды немесе шаңды шығарып таза ауамен алмастырады.
Механикалық желдету жүйелері жалпы ауа ауысу, жергілікті, аралас, авариялық
және кондиционерлеу жүйелері болып бөлінеді.
Механикалық желдетудің түрлері:
а) ауа сорғыш;
б) ауа шығарғыш;
в) ауа сорып-шығарғыш
Механикалық желдету ауа желдеткіштер, эжекторлар, ауа жүретін құбырлар және
т. б. қондырғылар арқылы орындалады.
Желдету – ағындата желдету, сора желдету, ағындата-сора желдету болып бірнеше
топқа бөлінеді.
Ағындата желдету – ішке тек таза ауа беруді қамтамасыз етеді. Ал ауаны тысқа
шығару іштегі қысымның артуына байланысты саңылаулардан, есіктің ашылып-
жабылуы кезінде іске асады.
Сора желдету – желдетілетін бөлмедегі ауаны әкету үшін керек. Бұл жағдайда
бөлмедегі ауа қысымы кемиді де, саңылау-саңылаудан таза ауа кіреді.
Ағындата-сора желдетуде таза ауаның енуі мен лас ауаның әкетілуі бір мезгілде
қатар жүреді. Мұнда осы екі процестің қайсысының қарқынды өтуіне қарай,
бөлмедегі ауа қысымы не артады, не кемиді. Соның нәтижесінде көрші бөлмедегі
ауа қысымы күрт артады да, лас ауа оларға тарамайды. Ауа алмасуы үнемі
қарқынды жүрген кезде ғана бұл әдіс тиімді.
Желдету жүйесін құрастырғанда келесі санитарлық-гигиеналық талаптар
орындалуы қажет:
- сыртқа шығатын ауаның мөлшері сырттан келетін ауаның мөлшерімен тең болуы
керек, айырмашылығы минималды болу керек. Лас ауаның таза ауадан үлкен
немесе керісінше болып түруы үшін ауа алмасуды үйымдастыру керек. Мысалы,
сыртқа шығатын ауаның мөлшері сырттан келетін ауаның мөлшерінен көп болады,
сол себептен өндіріс орнында ауаның сиретілуі байқалады. Өндіріс орындарында
артық қысымды ұстап тұру үшін ауа алмасудың сызбасын басқаша орнатуы мүмкін.
Мысалы, электровакуумды цехтарда шаңның мүлдем болмауы өте маңызды;
- ауа шығарғыш ауа сорғыш желдету жүйесін өндіріс орнында дұрыс
орналастырылған болу керек. Зиянды заттараздап бөлінетін жерге тазаауаны көп
мөлшерде түсіру керек, ал зиянды заттар көптеп бөлінетін жерден көптеп шығару
керек;
- желдету жүйесі өндіріс орнындағы жұмысшылардың салқындауына немесе
ыстықтауына алып келмеуі керек;
- желдету жүйесі жұмыс орнында шу шығармауы керек;
- желдету жүйесі электрлі, өртке төзімді, жарылу қауіпі жоқ, қарапайым құрылғыдан
құрастырылуы керек.
.
Желдеткіш - өндіріс орындарындағы қысым арқылы ауаның алмасуына
қамтамасыз ететін машина. Оның қысымы желдеткіштің роторы немесе
қалақшаларының жүру жылдамдылығына тәуелді.
Желдеткіштер білікті және ортадан тепкіш болып екі түрге бөлінеді.
Ортадан тепкіш желдеткіш (сурет а) ауаны айналмалы доңғалақтармен ішке
сорады да, орталықтан тепкіш күш әсерімен сыртқа шығарып отырады. Білікті
желдеткіште (сурет б) ауаның сорылуы оське қиғаштап орнатылған қалақшалар
арқылы жүзеге асырылады.
Өндірістік желдеткіштер
а - ортадан тепкіш; б-білікті (осьтік).
Ауаның орнығуына байланысты желдеткіштерді арнайы материалдардан және түрлі
құрылымдардан құрастырады:
- қарапайым жасалған – таза және температурасы 800 С аз шаңдалған ауаны
тазалайтын болаттың сортынан жасайды;
- коррозияға қарсы тұратын - агрессивті ортаны (қышқылдық, сілтілік булары бар)
тазалайтын. Бұл жағдайда желдеткіштерді хромтемір және хромникелді құрыштан
жасайды, ал шағымды мөлшерде – винипласт қолданады.
- жарылыстан және жалыннан қорғайтындар – газ бен жарылыс қауіпі бар булы
ауаны (мысалы құрамында сутек, ацетон бар) шығарып тастауға арналған;
олардың роторы мен тұлғалары үшқынды болдырмайтын материалдардан
(алюминий, жез, пластмасс қосындылары, дюралюминий) немесе арнайы
оқшаулағыш материалдармен әдіптелген болып орындалуы қажет.
Желдеткіштер кіші (100 кГ/м2), орташа (300 кГ/м2 дейін) және жоғары (1000 кГ/м2)
қысымды болады.
3. Шу және тербеліс туралы жалпы мағлұмат
Шу деп кез келген жағымсыз дыбысты немесе оганизмге қолайсыз әсер
көрсететін, жұмыс істеуге және демалуға кедергі жасайтын түрлі жиіліктегі және
қарқындылығы түрлі болатын ретсіз құралатын дыбыстар жиынтығы. Қалыпты
еститін адам қабылдайтын 16 Гц – 20 кГц жиіліктегі акустикалық тербелістер
дыбыстық, 16 Гц-тен төмен – инфрадыбыс, 20 кГц-тен жоғары – ультрабыс деп
аталады.
Дыбыс толқыны тербелу периодымен, тербелу жиілігімен және тербелу
амплитудасымен сипатталады. Шуды гигиеналық нормалау үшін 20 Гц-тен 11000
Гц-ке дейінгі дыбыс диапазонын пайдаланады. Оған орташа геометриялық
жиіліктері 31,5; 63; 125; 250; 500; 1000; 2000; 4000; 8000 Гц болатын 9 белсенді
жолақ кіреді.
Шу децибелмен (дБ) – дыбыс қысымының логарифмдік бірліктерімен өлшенеді.
Шулар кең жолақты және тоналды, тұрақты, тұрақсыз және импульсивті
болып бөлінеді.
Діріл – серпімді байламдары бар ортаның тербеліс қозғалыстары. Оператор-
адамға берілу тәсілі бойынша жергілікті және жалпы дірілді ажыратады. Спектр
сипаттамасы бойынша тар жолақты және кең жолақты дірілді, жиілік құрамы
бойынша төмен жиілікті (негізінен 8-16 Гц октавалық жолақтағы максималды
деңгейлер), орташа жиілікті (31,5 және 63 Гц), жоғары жиілікті (125, 250, 500 и 1000
Гц – жергілікті діріл үшін; жұмыс орындарының дірілі үшін 1 және 4 Гц, 8 және 16
Гц, 31,5 және 63 Гц) дірілді ажыратады.
Ультрадыбыс дегеніміз – жоғары есту шегі 20кГц-тен асатын, қатты ортадағы
механикалық тербеліс жиілігі. Ультрадыбыс физико-химиялық корсеткіштері
бойынша дыбыспен бірдей сипатталады. Ультрадыбыс көзі – ультрадыбыстық
тербеліс генераторы болып табылады.
Инфрадыбыс – жиілігі 20Гц-тен төмен акустикалық тербеліс. Организмге әсері –
астенизация, қолайсыз сезімдер тудырады, организмнің функционалдық жүйесінің
жағдайын өзгертеді. Инфрадыбыс кең жолақты және гармоникалық, тұрақты және
тұрақсыз болып бөлінеді. Инфрадыбыстың нормаланған сипаттамасы дыбыс
қысымының деңгейі болып табылады.
Өндірістерде шу мен тербелістен қорғану іс-шаралары МЕСТ 12.1.029-97
талаптарына сәйкес жүргізіледі. Шу мен дірілден қорғанудың келесі әдістері бар: шу
мен дірілдің пайда болу көзіндегі мөлшерін төмендету және оларды өқшаулау. Шу
мен дірілді пайда болу көзінде жою тиімді әдіс болып табылады.
Шу мен дірілдің мөлшерін төмендетуге өндірістік бөлмелердің дұрыс жоспарлануы
айтарлықтай әсер етеді. Шу деңгейін нормалауда екі тәсіл бар, шудың белгілі
спектрі бойынша және дыбыс деңгейі бойынша, дБ. Бірінші тәсіл үздіксіз шу үшін
нормалау деңгейін дыбыс қысымы 8 октава жолақ жилігінде 63, 125, 250, 500, 1000,
2000, 4000, 8000 Гц белгілейді жұмыс орнындағы шу рұқсат етілген деңгейден аспау
керек, ол сандарды нормада көрсетілген.
Өндірістегі жұмыс орындарында шудың болуы мүмкін параметрлері 12.1.003-86
МЕСТ «Шу қауіпсіздігінің жалпы талаптары» бойынша нормаланады.
Тербеліс - бұл қатты денелердің - аппараттардың машиналардың, жабдықтардың,
қүрылғылардың адам организмімен сілкініс ретінде қабылданатын тербеліс. Әдетте
тербеліс естілетін шумен қоса жүреді.
4. Шу мен тербелістің зиянды әсері, оларды нормалау және қорғану тәсілдері
Жұмыс орындары ДБ октавты жолдағы дыбыс деңгейі ортагеометриялық
жиілігімен, Гц
Дыбыс деңгейі
және
эквивалентті
деңгейі, дБА
63 125 250 500 1000 2000 4000 8000
Оператор және жұмыс
бөлмелері
79 70 68 63 55 52 50 49 60
Лабороториялық тәжірибелерді
өткізетін бөлмелер
94 87 82 78 75 73 71 70 80
Кәсіпорын аймағындағы
жұмыс орындары және жұмыс
аймақтары
99 92 86 83 80 78 76 74 85
Шу мен дірілдің өлшемдері
Шумен күресудің шаралары.
І топ - құрылыстық-жоспарлық
ІІ топ - Конструктивтік
ІІІ топ - шуды шығу көздерінде төмендету
IV топ – Ұйымдастырушылық шаралары
Шуға қарсы күрестегі ең тиімді жолы – бұл соққыдан пайда болатын тербеліске,
үйкеліс күшіне, механикалық күштерге қарсы құрал-жабдықтардың
конструкциясын жақсарту.
Дыбыс изоляциясы - бұл бөлмеден екіншіге немесе бір бөлмеде таралуына
бөгет болатын арнайы тосқауыл құрылғылары (дуал, шымылдық, қаптамалар,
экрандар және т.б. түрінде). Өндірістк жағдайларда әдетте дыбыс-изоляциясымен
бірге дыбыс сіңіргіштерді пайдаланады. Дыбысты ең тиімді сіңіретіндер кеуекті
материалдар.
Жеке қорғану кұралдардың негізгі арнауы – құлақтың есту мембранасына әсер
ететін зиянды дыбыстарды төмендету.
Өте күшті шулы өндірістерде антифондар, жапсырмалар, құлаққа киетін
«Беруши» құлақжапшықтар, шлемдерді қолданады.
«Беруши» шуды 15дб - 30дб дейін төмендетеді. Ал шудың деңгейі өте жоғары
болса (120дБ астам) шлемдерді қолданады.
Шудан қорғанатын жеке қорғалу құралдар.
Тербелістен қорғалудың тиімді тәсілі – тербелістен қорғайтын оқшаулағыштарды
пайдалану. Тербелістен оқшаулау - бұл тербелудің олардың шығу көздерінен
берілу дәрежесінің төмендеуі тербелісизоляциясы тербелетін машина мен оның
негізі арасында орналасқан серпімді элементтер.
Тербелістен қорғалудың тиімді тәсілі – тербелістен қорғайтын оқшаулағыштарды
пайдалану. Олар машина мен оның тұрған фундаментінің арасында қойылатын
серпінді элементтер.
Тербелістен оқшаулағыштың схемасы:
а - тіректелген түрі; б – аспалы түрі; в – тік және көлбеу тербелістен
оқшаулаудың түрі.

More Related Content

Similar to Слайды к лекции 13.pptx

Слайды к лекции 11.pptx
Слайды к лекции 11.pptxСлайды к лекции 11.pptx
Слайды к лекции 11.pptxssuserde63af
 
6.1. Промышленная вентиляция.ppt
6.1. Промышленная вентиляция.ppt6.1. Промышленная вентиляция.ppt
6.1. Промышленная вентиляция.pptssuserde63af
 
14.1. Промышленная вентиляция.ppt
14.1. Промышленная вентиляция.ppt14.1. Промышленная вентиляция.ppt
14.1. Промышленная вентиляция.pptssuserde63af
 
Слайды к лекции 12.pptx
Слайды к лекции 12.pptxСлайды к лекции 12.pptx
Слайды к лекции 12.pptxssuserde63af
 
лекция 4.pptx
лекция 4.pptxлекция 4.pptx
лекция 4.pptxShynar8
 
13.1. Промышленная вентиляция.ppt
13.1. Промышленная вентиляция.ppt13.1. Промышленная вентиляция.ppt
13.1. Промышленная вентиляция.pptssuserde63af
 
5.1. Промышленная вентиляция.ppt
5.1. Промышленная вентиляция.ppt5.1. Промышленная вентиляция.ppt
5.1. Промышленная вентиляция.pptssuserde63af
 
лекция 3.pptx
лекция 3.pptxлекция 3.pptx
лекция 3.pptxShynar8
 
10.1. Промышленная вентиляция.ppt
10.1. Промышленная вентиляция.ppt10.1. Промышленная вентиляция.ppt
10.1. Промышленная вентиляция.pptssuserde63af
 
10.1. Промышленная вентиляция.ppt
10.1. Промышленная вентиляция.ppt10.1. Промышленная вентиляция.ppt
10.1. Промышленная вентиляция.pptssuserde63af
 

Similar to Слайды к лекции 13.pptx (10)

Слайды к лекции 11.pptx
Слайды к лекции 11.pptxСлайды к лекции 11.pptx
Слайды к лекции 11.pptx
 
6.1. Промышленная вентиляция.ppt
6.1. Промышленная вентиляция.ppt6.1. Промышленная вентиляция.ppt
6.1. Промышленная вентиляция.ppt
 
14.1. Промышленная вентиляция.ppt
14.1. Промышленная вентиляция.ppt14.1. Промышленная вентиляция.ppt
14.1. Промышленная вентиляция.ppt
 
Слайды к лекции 12.pptx
Слайды к лекции 12.pptxСлайды к лекции 12.pptx
Слайды к лекции 12.pptx
 
лекция 4.pptx
лекция 4.pptxлекция 4.pptx
лекция 4.pptx
 
13.1. Промышленная вентиляция.ppt
13.1. Промышленная вентиляция.ppt13.1. Промышленная вентиляция.ppt
13.1. Промышленная вентиляция.ppt
 
5.1. Промышленная вентиляция.ppt
5.1. Промышленная вентиляция.ppt5.1. Промышленная вентиляция.ppt
5.1. Промышленная вентиляция.ppt
 
лекция 3.pptx
лекция 3.pptxлекция 3.pptx
лекция 3.pptx
 
10.1. Промышленная вентиляция.ppt
10.1. Промышленная вентиляция.ppt10.1. Промышленная вентиляция.ppt
10.1. Промышленная вентиляция.ppt
 
10.1. Промышленная вентиляция.ppt
10.1. Промышленная вентиляция.ppt10.1. Промышленная вентиляция.ppt
10.1. Промышленная вентиляция.ppt
 

More from ssuserde63af

слайд 15.2.pptx
слайд 15.2.pptxслайд 15.2.pptx
слайд 15.2.pptxssuserde63af
 
слайд 15.1.pptx
слайд 15.1.pptxслайд 15.1.pptx
слайд 15.1.pptxssuserde63af
 
слайд 14.1.pptx
слайд 14.1.pptxслайд 14.1.pptx
слайд 14.1.pptxssuserde63af
 
слайд 13.2.pptx
слайд 13.2.pptxслайд 13.2.pptx
слайд 13.2.pptxssuserde63af
 
слайд 13.1.pptx
слайд 13.1.pptxслайд 13.1.pptx
слайд 13.1.pptxssuserde63af
 
слайд 12.1.pptx
слайд 12.1.pptxслайд 12.1.pptx
слайд 12.1.pptxssuserde63af
 
слайд 11.2.pptx
слайд 11.2.pptxслайд 11.2.pptx
слайд 11.2.pptxssuserde63af
 
слайд 11.1.pptx
слайд 11.1.pptxслайд 11.1.pptx
слайд 11.1.pptxssuserde63af
 
слайд 10.3.pptx
слайд 10.3.pptxслайд 10.3.pptx
слайд 10.3.pptxssuserde63af
 
слайд 10.2.pptx
слайд 10.2.pptxслайд 10.2.pptx
слайд 10.2.pptxssuserde63af
 
слайд 10.1.pptx
слайд 10.1.pptxслайд 10.1.pptx
слайд 10.1.pptxssuserde63af
 
слайд 9.2.pptx
слайд 9.2.pptxслайд 9.2.pptx
слайд 9.2.pptxssuserde63af
 
слайд 9.1.pptx
слайд 9.1.pptxслайд 9.1.pptx
слайд 9.1.pptxssuserde63af
 
слайд 8.1.pptx
слайд 8.1.pptxслайд 8.1.pptx
слайд 8.1.pptxssuserde63af
 
слайд 7.2.pptx
слайд 7.2.pptxслайд 7.2.pptx
слайд 7.2.pptxssuserde63af
 
слайд 7.1.pptx
слайд 7.1.pptxслайд 7.1.pptx
слайд 7.1.pptxssuserde63af
 
слайд 6.1.pptx
слайд 6.1.pptxслайд 6.1.pptx
слайд 6.1.pptxssuserde63af
 
слайд 5.1.pptx
слайд 5.1.pptxслайд 5.1.pptx
слайд 5.1.pptxssuserde63af
 
слайд 4.1.pptx
слайд 4.1.pptxслайд 4.1.pptx
слайд 4.1.pptxssuserde63af
 
слайд 3.1.pptx
слайд 3.1.pptxслайд 3.1.pptx
слайд 3.1.pptxssuserde63af
 

More from ssuserde63af (20)

слайд 15.2.pptx
слайд 15.2.pptxслайд 15.2.pptx
слайд 15.2.pptx
 
слайд 15.1.pptx
слайд 15.1.pptxслайд 15.1.pptx
слайд 15.1.pptx
 
слайд 14.1.pptx
слайд 14.1.pptxслайд 14.1.pptx
слайд 14.1.pptx
 
слайд 13.2.pptx
слайд 13.2.pptxслайд 13.2.pptx
слайд 13.2.pptx
 
слайд 13.1.pptx
слайд 13.1.pptxслайд 13.1.pptx
слайд 13.1.pptx
 
слайд 12.1.pptx
слайд 12.1.pptxслайд 12.1.pptx
слайд 12.1.pptx
 
слайд 11.2.pptx
слайд 11.2.pptxслайд 11.2.pptx
слайд 11.2.pptx
 
слайд 11.1.pptx
слайд 11.1.pptxслайд 11.1.pptx
слайд 11.1.pptx
 
слайд 10.3.pptx
слайд 10.3.pptxслайд 10.3.pptx
слайд 10.3.pptx
 
слайд 10.2.pptx
слайд 10.2.pptxслайд 10.2.pptx
слайд 10.2.pptx
 
слайд 10.1.pptx
слайд 10.1.pptxслайд 10.1.pptx
слайд 10.1.pptx
 
слайд 9.2.pptx
слайд 9.2.pptxслайд 9.2.pptx
слайд 9.2.pptx
 
слайд 9.1.pptx
слайд 9.1.pptxслайд 9.1.pptx
слайд 9.1.pptx
 
слайд 8.1.pptx
слайд 8.1.pptxслайд 8.1.pptx
слайд 8.1.pptx
 
слайд 7.2.pptx
слайд 7.2.pptxслайд 7.2.pptx
слайд 7.2.pptx
 
слайд 7.1.pptx
слайд 7.1.pptxслайд 7.1.pptx
слайд 7.1.pptx
 
слайд 6.1.pptx
слайд 6.1.pptxслайд 6.1.pptx
слайд 6.1.pptx
 
слайд 5.1.pptx
слайд 5.1.pptxслайд 5.1.pptx
слайд 5.1.pptx
 
слайд 4.1.pptx
слайд 4.1.pptxслайд 4.1.pptx
слайд 4.1.pptx
 
слайд 3.1.pptx
слайд 3.1.pptxслайд 3.1.pptx
слайд 3.1.pptx
 

Слайды к лекции 13.pptx

  • 1. Тайжанова Ләйлім Сабытайқызы, магистр, аға оқытушы Тақырып 13. Өндірісті желдету жүйесі. Шу және діріл. Адам ағзасына зиянды әсері, қорғану жолдары Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері және еңбекті қорғау
  • 2. 1. Желдету жүйелерінің арнауы және сипаттамасы 2. Механикалық желдету және желдеткіштер жіктелімі 3. Шу және тербеліс туралы жалпы мағлұмат 4. Шу мен тербелістің зиянды әсері, оларды нормалау және қорғану тәсілдері Дәріс мақсаты: - жұмыс орындарында және адам қоныстанатын жерлерде нормалы атмосфера шарттарын, ауаға қажетті тазалық дәрежесін техникалық амалдармен, практикалық тәсілдермен орнатып ұстап тұру жұмыстарына қатысты ғылыми негіздермен және қолданылатын техникалық құрылымдармен таныстыру – студенттерге өндірістік желдетудің негізгі бағыттарын, желдету тәсілдерінің жүйелерін және негізгі түрлерін үйрету және басқару бойынша теориялық және практикалық дағдыларын дайындау – өндірістің зияндылықтар ретінде шуға, дірілге, инфрадыбыс пен ультрадыбысқа сипаттама беру және олардың адамға әсерімен күресу шараларын көрсету.
  • 3. 1. Желдету жүйелерінің арнауы және сипаттамасы Желдету (латынша ventilatio, орысша - вентиляция) ғимараттағы ауа алмасуды қадағалайды, ауаның оңтайлы параметрлерін қамтамасыз етеді. Ауа ортасының параметрлеріне ауаның құрамы, температурасы, ылғалдылығы және т.б. жатады. Адам қоршаған ортадағы оттегіні жұтады және көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Демалу үшін таза ауадағы мөлшері 21 % болуы қажет, оттегінің концентрациясы төмен болса ауамен демалу қиындайды, адамның басы ауырады. Оттегінің үнемі жетіспеуінен жұмыс істеу қабілеті төмендейді, қартаю процесін жылдамдатады, адам денсаулығына кері әсер тигізеді. Желдету - өндірістердегі ауаны белгілі дәрежеде алмастырып тұруды қамтамасыз ететін құрылғылар. Бөлме тазалығы мен температурасын, ауа ылғалдылығын бірқалыпты ұстау үшін желдету өте қажет. Бұл талаптар гигиеналық тұрғыдан белгіленеді.
  • 4. Инфильтрация - біріккен табиғи желдеткіш құрылыс конструкциясының элементінің және қоршауының тығыздығымен емес, бөлменің ішкі және сыртқы әртүрлі қысым арқылы ауа ауыстырумен болады. Бұндай ауа ауыстырылу кездейсоқ факторларға байланысты – күш және жел бағыты, бөлменің ішкі және сыртқы ауа температурасы, құрылыс жұмысынең мөлшері. Инфильтрация тұрғын үйге арналған, бөлменің 0,5-0,75 көлеміне 1 сағатта жетеді, ал үлкен өндіріс орындарда 1,5 дейін. Аэрация – біріккен табиғи жалпы ауыспалы желдету, ауаның шығуы және кіруі ашылатын фрамуги терезесінен және фонар арқылы ауыстырылады. Аэрация желдеткішін көп мөлшерде жылу бөлетін өндірістерде кеңінен қолданылады. Аэрацияның негізгі артықшылығы көп мөлшерде ауа ауыстырылуы механикалық энергияның шығынынсыз жүреді.
  • 5. Тіршілік қауіпсіздігіне ауа ауыстыру шараларын ұйымдастыру негізінен 3 түрге бөлінеді: 1 - Жалпы ауыспалы (ауаның ауысуы бөлменің, лабораторияның т.б. барлық көлемінде ауысады. Көбінесе бұл әдісті улы зат бөлме ішінде аздап бөлінген жағжайда қолданылады). 2 - Жергілікті ауысу (улы зат немесе улы газ; бөлменің бір жерінен бөлінсе мұнда осы әдіс қолданылады). 3 - Қиыстырылған ауа ауыстыру (жалпы және жергілікті ауа ауыстыру бір бөлмеде орналасқан жағдайда қолданылады). Ауаның ауысуы механикалық және табиғи болып екі түрге бөлінеді: Механикалық ауа ауысуы бұл бөлме ішінде орнатылған қондырғылар арқылы улы газ немесе шаң т.б. заттарды шығарып таза ауамен алмастырады. Табиғи ауа ауысу, ол табиғи себебінен - жылулық немесе желдің бағытына байланысты, ауа ауысып отырады. Механикалық және табиғи ауа ауысуы араласса онда аралас ауа ауыстыру деп атайды.
  • 6. Жалпы ауысымды желдету бөлмедегі ауаның керекті параметрлерін қалыпты ұстауға негізделген. Жалпы ауысымды желдетудің жүйесі тиімді болу үшін бөлмеге кіретін ауаның мөлшері (Lпр) одан шығарығарылатын ауаның мөлшеріне (Lвыт) тең болу қажет. Жалпы ауысымды желдету схемасы.
  • 7. Ауа алмасудың ұйымдасу әдісі бойынша желдету жалпы алмасу, жергілікті және аралас болып бөлінеді. Бөлменің барлық көлемінде өтетін ауа алмасуын жалпы алмасу вентиляциясы деп аталады, зиянды заттар аз мөлшерде және бөлме бойынша бірдей таралатын жағдайларда жиі қолданылады. Жергілікті вентиляция зиянды заттарды (газ, су, шаң, артық жылу) олардың пайда болу орнынан сорып алуға және бөлмеден оларды жоюға арналған. Аралас жүйе – бір мезгілде жергілікті және жалпы алмасу желдетуін қолдану. Табиғи желдету жүйесі – сыртқы және ішкі ортаның температурасының әртүрлі болуынан, желдің әсерінен болады. Табиғи ауа ауыстырылуы екі түрге бөлінеді: ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған. Ұйымдастырылған табиғи ауа ауыстырылуы арнайы орнатылған құралдар арқылы улы заттар (шаң, газ т.б.) бір бағытта жылжиды. Ол аэрация және дефлекторлар арқылы жүзеге асады, және де реттеуге келеді. Ұйымдастырылмаған желдету ауаның сыртқы ортадан ішке немесе керісінше жүруімен жүзеге асады.
  • 8. Ғимараттағы табиғи желдетудің схемасы: а – жел жоқ кезде; б – жел бар кезде; 1- ауа шығып кіретін саңылаулар; 2 – зиянды заттарды шығаратын агрегат; 3 – аэрациялық фонарь. Қолданатын жеріне байланысты желдеткіш – жалпы ауысымды және жергілікті болады. Жалпы ауысымды желдеткішті өндіріс орнындағы ластанған, қыздырылған ауаны таза ауамен алмастыру үшін қолданады. Бұл желдетудің түрін мына жағдайда қолданады: зиянды заттардың жылу және ылғал түрінде бөлме ішінде бірқалыпты таралған кезде. Желдетудің бұл түрі үшін бөлменің барлық параметрлері есепке алынады.
  • 9. 2. Механикалық желдету және желдеткіштер жіктелімі Механикалық ауа ауысуы бұл бөлме ішінде орнатылған қондырғылар арқылы улы газды, буды немесе шаңды шығарып таза ауамен алмастырады. Механикалық желдету жүйелері жалпы ауа ауысу, жергілікті, аралас, авариялық және кондиционерлеу жүйелері болып бөлінеді. Механикалық желдетудің түрлері: а) ауа сорғыш; б) ауа шығарғыш; в) ауа сорып-шығарғыш Механикалық желдету ауа желдеткіштер, эжекторлар, ауа жүретін құбырлар және т. б. қондырғылар арқылы орындалады.
  • 10. Желдету – ағындата желдету, сора желдету, ағындата-сора желдету болып бірнеше топқа бөлінеді. Ағындата желдету – ішке тек таза ауа беруді қамтамасыз етеді. Ал ауаны тысқа шығару іштегі қысымның артуына байланысты саңылаулардан, есіктің ашылып- жабылуы кезінде іске асады. Сора желдету – желдетілетін бөлмедегі ауаны әкету үшін керек. Бұл жағдайда бөлмедегі ауа қысымы кемиді де, саңылау-саңылаудан таза ауа кіреді. Ағындата-сора желдетуде таза ауаның енуі мен лас ауаның әкетілуі бір мезгілде қатар жүреді. Мұнда осы екі процестің қайсысының қарқынды өтуіне қарай, бөлмедегі ауа қысымы не артады, не кемиді. Соның нәтижесінде көрші бөлмедегі ауа қысымы күрт артады да, лас ауа оларға тарамайды. Ауа алмасуы үнемі қарқынды жүрген кезде ғана бұл әдіс тиімді.
  • 11. Желдету жүйесін құрастырғанда келесі санитарлық-гигиеналық талаптар орындалуы қажет: - сыртқа шығатын ауаның мөлшері сырттан келетін ауаның мөлшерімен тең болуы керек, айырмашылығы минималды болу керек. Лас ауаның таза ауадан үлкен немесе керісінше болып түруы үшін ауа алмасуды үйымдастыру керек. Мысалы, сыртқа шығатын ауаның мөлшері сырттан келетін ауаның мөлшерінен көп болады, сол себептен өндіріс орнында ауаның сиретілуі байқалады. Өндіріс орындарында артық қысымды ұстап тұру үшін ауа алмасудың сызбасын басқаша орнатуы мүмкін. Мысалы, электровакуумды цехтарда шаңның мүлдем болмауы өте маңызды; - ауа шығарғыш ауа сорғыш желдету жүйесін өндіріс орнында дұрыс орналастырылған болу керек. Зиянды заттараздап бөлінетін жерге тазаауаны көп мөлшерде түсіру керек, ал зиянды заттар көптеп бөлінетін жерден көптеп шығару керек; - желдету жүйесі өндіріс орнындағы жұмысшылардың салқындауына немесе ыстықтауына алып келмеуі керек; - желдету жүйесі жұмыс орнында шу шығармауы керек; - желдету жүйесі электрлі, өртке төзімді, жарылу қауіпі жоқ, қарапайым құрылғыдан құрастырылуы керек. .
  • 12. Желдеткіш - өндіріс орындарындағы қысым арқылы ауаның алмасуына қамтамасыз ететін машина. Оның қысымы желдеткіштің роторы немесе қалақшаларының жүру жылдамдылығына тәуелді. Желдеткіштер білікті және ортадан тепкіш болып екі түрге бөлінеді. Ортадан тепкіш желдеткіш (сурет а) ауаны айналмалы доңғалақтармен ішке сорады да, орталықтан тепкіш күш әсерімен сыртқа шығарып отырады. Білікті желдеткіште (сурет б) ауаның сорылуы оське қиғаштап орнатылған қалақшалар арқылы жүзеге асырылады. Өндірістік желдеткіштер а - ортадан тепкіш; б-білікті (осьтік).
  • 13. Ауаның орнығуына байланысты желдеткіштерді арнайы материалдардан және түрлі құрылымдардан құрастырады: - қарапайым жасалған – таза және температурасы 800 С аз шаңдалған ауаны тазалайтын болаттың сортынан жасайды; - коррозияға қарсы тұратын - агрессивті ортаны (қышқылдық, сілтілік булары бар) тазалайтын. Бұл жағдайда желдеткіштерді хромтемір және хромникелді құрыштан жасайды, ал шағымды мөлшерде – винипласт қолданады. - жарылыстан және жалыннан қорғайтындар – газ бен жарылыс қауіпі бар булы ауаны (мысалы құрамында сутек, ацетон бар) шығарып тастауға арналған; олардың роторы мен тұлғалары үшқынды болдырмайтын материалдардан (алюминий, жез, пластмасс қосындылары, дюралюминий) немесе арнайы оқшаулағыш материалдармен әдіптелген болып орындалуы қажет. Желдеткіштер кіші (100 кГ/м2), орташа (300 кГ/м2 дейін) және жоғары (1000 кГ/м2) қысымды болады.
  • 14. 3. Шу және тербеліс туралы жалпы мағлұмат Шу деп кез келген жағымсыз дыбысты немесе оганизмге қолайсыз әсер көрсететін, жұмыс істеуге және демалуға кедергі жасайтын түрлі жиіліктегі және қарқындылығы түрлі болатын ретсіз құралатын дыбыстар жиынтығы. Қалыпты еститін адам қабылдайтын 16 Гц – 20 кГц жиіліктегі акустикалық тербелістер дыбыстық, 16 Гц-тен төмен – инфрадыбыс, 20 кГц-тен жоғары – ультрабыс деп аталады. Дыбыс толқыны тербелу периодымен, тербелу жиілігімен және тербелу амплитудасымен сипатталады. Шуды гигиеналық нормалау үшін 20 Гц-тен 11000 Гц-ке дейінгі дыбыс диапазонын пайдаланады. Оған орташа геометриялық жиіліктері 31,5; 63; 125; 250; 500; 1000; 2000; 4000; 8000 Гц болатын 9 белсенді жолақ кіреді. Шу децибелмен (дБ) – дыбыс қысымының логарифмдік бірліктерімен өлшенеді. Шулар кең жолақты және тоналды, тұрақты, тұрақсыз және импульсивті болып бөлінеді.
  • 15. Діріл – серпімді байламдары бар ортаның тербеліс қозғалыстары. Оператор- адамға берілу тәсілі бойынша жергілікті және жалпы дірілді ажыратады. Спектр сипаттамасы бойынша тар жолақты және кең жолақты дірілді, жиілік құрамы бойынша төмен жиілікті (негізінен 8-16 Гц октавалық жолақтағы максималды деңгейлер), орташа жиілікті (31,5 және 63 Гц), жоғары жиілікті (125, 250, 500 и 1000 Гц – жергілікті діріл үшін; жұмыс орындарының дірілі үшін 1 және 4 Гц, 8 және 16 Гц, 31,5 және 63 Гц) дірілді ажыратады. Ультрадыбыс дегеніміз – жоғары есту шегі 20кГц-тен асатын, қатты ортадағы механикалық тербеліс жиілігі. Ультрадыбыс физико-химиялық корсеткіштері бойынша дыбыспен бірдей сипатталады. Ультрадыбыс көзі – ультрадыбыстық тербеліс генераторы болып табылады. Инфрадыбыс – жиілігі 20Гц-тен төмен акустикалық тербеліс. Организмге әсері – астенизация, қолайсыз сезімдер тудырады, организмнің функционалдық жүйесінің жағдайын өзгертеді. Инфрадыбыс кең жолақты және гармоникалық, тұрақты және тұрақсыз болып бөлінеді. Инфрадыбыстың нормаланған сипаттамасы дыбыс қысымының деңгейі болып табылады.
  • 16. Өндірістерде шу мен тербелістен қорғану іс-шаралары МЕСТ 12.1.029-97 талаптарына сәйкес жүргізіледі. Шу мен дірілден қорғанудың келесі әдістері бар: шу мен дірілдің пайда болу көзіндегі мөлшерін төмендету және оларды өқшаулау. Шу мен дірілді пайда болу көзінде жою тиімді әдіс болып табылады. Шу мен дірілдің мөлшерін төмендетуге өндірістік бөлмелердің дұрыс жоспарлануы айтарлықтай әсер етеді. Шу деңгейін нормалауда екі тәсіл бар, шудың белгілі спектрі бойынша және дыбыс деңгейі бойынша, дБ. Бірінші тәсіл үздіксіз шу үшін нормалау деңгейін дыбыс қысымы 8 октава жолақ жилігінде 63, 125, 250, 500, 1000, 2000, 4000, 8000 Гц белгілейді жұмыс орнындағы шу рұқсат етілген деңгейден аспау керек, ол сандарды нормада көрсетілген. Өндірістегі жұмыс орындарында шудың болуы мүмкін параметрлері 12.1.003-86 МЕСТ «Шу қауіпсіздігінің жалпы талаптары» бойынша нормаланады. Тербеліс - бұл қатты денелердің - аппараттардың машиналардың, жабдықтардың, қүрылғылардың адам организмімен сілкініс ретінде қабылданатын тербеліс. Әдетте тербеліс естілетін шумен қоса жүреді. 4. Шу мен тербелістің зиянды әсері, оларды нормалау және қорғану тәсілдері
  • 17. Жұмыс орындары ДБ октавты жолдағы дыбыс деңгейі ортагеометриялық жиілігімен, Гц Дыбыс деңгейі және эквивалентті деңгейі, дБА 63 125 250 500 1000 2000 4000 8000 Оператор және жұмыс бөлмелері 79 70 68 63 55 52 50 49 60 Лабороториялық тәжірибелерді өткізетін бөлмелер 94 87 82 78 75 73 71 70 80 Кәсіпорын аймағындағы жұмыс орындары және жұмыс аймақтары 99 92 86 83 80 78 76 74 85 Шу мен дірілдің өлшемдері
  • 18. Шумен күресудің шаралары. І топ - құрылыстық-жоспарлық ІІ топ - Конструктивтік ІІІ топ - шуды шығу көздерінде төмендету IV топ – Ұйымдастырушылық шаралары Шуға қарсы күрестегі ең тиімді жолы – бұл соққыдан пайда болатын тербеліске, үйкеліс күшіне, механикалық күштерге қарсы құрал-жабдықтардың конструкциясын жақсарту. Дыбыс изоляциясы - бұл бөлмеден екіншіге немесе бір бөлмеде таралуына бөгет болатын арнайы тосқауыл құрылғылары (дуал, шымылдық, қаптамалар, экрандар және т.б. түрінде). Өндірістк жағдайларда әдетте дыбыс-изоляциясымен бірге дыбыс сіңіргіштерді пайдаланады. Дыбысты ең тиімді сіңіретіндер кеуекті материалдар.
  • 19. Жеке қорғану кұралдардың негізгі арнауы – құлақтың есту мембранасына әсер ететін зиянды дыбыстарды төмендету. Өте күшті шулы өндірістерде антифондар, жапсырмалар, құлаққа киетін «Беруши» құлақжапшықтар, шлемдерді қолданады. «Беруши» шуды 15дб - 30дб дейін төмендетеді. Ал шудың деңгейі өте жоғары болса (120дБ астам) шлемдерді қолданады. Шудан қорғанатын жеке қорғалу құралдар. Тербелістен қорғалудың тиімді тәсілі – тербелістен қорғайтын оқшаулағыштарды пайдалану. Тербелістен оқшаулау - бұл тербелудің олардың шығу көздерінен берілу дәрежесінің төмендеуі тербелісизоляциясы тербелетін машина мен оның негізі арасында орналасқан серпімді элементтер.
  • 20. Тербелістен қорғалудың тиімді тәсілі – тербелістен қорғайтын оқшаулағыштарды пайдалану. Олар машина мен оның тұрған фундаментінің арасында қойылатын серпінді элементтер. Тербелістен оқшаулағыштың схемасы: а - тіректелген түрі; б – аспалы түрі; в – тік және көлбеу тербелістен оқшаулаудың түрі.