SlideShare a Scribd company logo
1 of 29
«МІНБЕР» ЖУРНАЛИСТЕРДІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ




       Жаңадан блог
бастаушыға арналған
           кеңестер
                           әдістемелік құрал




Б             Л                       О        Г



                  Құрастырған Асхат Еркімбай

                  Алматы – 2011 жыл

                                                   1
Бұл шағын кітапша блог жүргізуге
                                                   қатысты бірнеше мақалалардан
                                                   тұрады. Мақала авторлары блог
                                                   жүргізудің қыр-сырларымен
                                                   бөліседі.

                                                                    МАЗМҰНЫ

                                                   Блог дегеніміз не?.................. 3-бет

                                                   Блогосфера……………………………4-бет

                                                   Блогкөпірлер……………………… 5-бет

                                                   Блогты не үшін жүргізу
                                                   керек?...................................... 6-бет

                                                   Ықпал жасау…………………………8-бет

                                                   Сәтті блог…………………………… 9-бет

                                                   Блог жазбаның 10
                                                   қағидасы……………………………11-бет

                                                   Мәтін жазуға арналған 10
                                                   кеңес………………………………….12-бет

                                                   Әдеп..………………………………… 13-бет

                                                   Блог қандай заңдарға
                                                   бағынады?.............................15-бет

                                                   Маңыздысы қайсы: мазмұн ба,
                                                   орта ма?.................................17-бет

                                                   Ең қарт блогшының
                                                   өсиеті…………………………………19-бет

                                                   Блогты насихаттау
                                                   жолдары………………………………21-бет

                                                   Блогқа не жазуға
                                                   болады?.................................23-бет

                                                   Электронды
                                                   құралдар…..…………………………26-бет

                                                   Жиі қолданылатын блог-
                                                   терминдер…………………………28-бет



Бұл кітапша Қазақстандағы АҚШ елшілігінің гранты
есебінен жарыққа шықты




                                          2
Блог дегеніміз не?


Веблог немесе өзінің қысқартылған нұсқасымен көпшілікке жақсырақ
таныс блог дегеніміз не? Блог ретінде бір адам жазған жəй ғана
онлайн күнделік, сондай-ақ редакторлар командасы дайындаған тұтас
бір вебсайт айтылуы мүмкін. Блогтардың көпшілігін бір ғана адам
жазады жəне олар сол адамның достары немесе отбасы мүшелеріне
арналады.   Ал   енді   біреулері   жаңалықтар   мен   сараптамалық
мақалалардан құралған, көпшілік аудиторияға бағытталған баспасөз
үні ретінде əрекет етеді. Кейбір блогтарды санаулы адам, ал келесі бір
блогтарды күніне жүздеген, кейде тіпті мыңдаған оқырман қарайды.
Блогтар əр түрлі қалыпта жəне түрлі көлемде болуына қарамастан,
олардың басым бөлігіне тəн ортақ сипаттар бар:
• Соңғы жазбалар беттің басында орналасқан кері хронологиялық рет
• Бұрынғы жазбаларды қарауға мүмкіндік беретін мұрағаттың болуы
• Енгізілген жазбалар бойынша оқырманның пікір білдіру мүмкіндігі
• Əдетте «blogroll» (сілтемелер тізімі) деп аталатын өзге сайттарға
жасалған сілтемелердің болуы
• Оқырмандардың блогқа жазылуына мүмкіндік беретін ақпараттың
синдикациясы
Блогтардың мазмұны əралуан. Блогтардың негізгі бөлігінің жеке
сипатта көрініс табуы, сондай-ақ авторлардың құбылмалы мүдделері
мен көңіл күйін бейнелеуі – олардың басым көпшілігінің сипатын
анықтайтын бір жайт болып табылады.
Блогтар негізінен алғанда жекелеген сипаттағы вебсайттар болып
табылады. Себебі, олардың белсенділігін демеп тұру оңайырақ,
олардың беттері жиі жаңартылып тұрады жəне пікірталас пен өзара
ықпалдастық жасауға молырақ мүмкіндігі бар.




                                    3
Блогосфера
«Блогосфера» - бұл блогтар əлемін сипаттау үшін жəне оларды
Интернет желісінің дербес бөлігі ретінде қарастыру мақсатында
айтылған термин.
Кең мағынасында «блогосфера» мазмұнына қарамастан, əрбір жеке
блогты қамтиды. Дəл қанша блог қызмет жасайтынын нақты айту қиын,
алайда Technorati (www.technorati.com) атты танымал іздеу қызметі
тіркелген блогтардың санағын жүргізіп отырады. Оның жинақтаған
ақпаратына сəйкес, əр күн сайын 75.000 жаңа блог тіркеледі жəне блог
иелері күніне 1.2 миллион жаңа жазба енгізіп отырады. Сонымен
қатар, Technorati ұсынған бұл көрсеткіш барлық жағдайдың тек бір
бөлігін ғана қамтиды. Миллиондаған блогтар Technorati бақылай
алмайтын тілдерде жəне елдерде жазылады.
Блогосфера əлем елдері секілді кішірек қоғамдастықтарға бөлінеді.
Оларды    да   көбіне   блогосфера    деп    атайды.   Мысалы,   қазақ
блогосферасы қазақ қоғамының тынысын баяндайды. Блогосфера əр
түрлі   тəсілмен   бөлінуі   мүмкін   жəне    əр   жеке   блог   түрлі
блогосфералардың бір бөлігі болуы ықтимал. Алайда, шынайы
өмірдегі аймақтар мен қоғамдастықтар секілді олар бір-бірімен тығыз
байланысты.




                                  4
Блогкөпірлер
Блогтар қоғамдастығы арасында сілтемелік қызмет атқаратын блогтар
да бар. Олардың кейбірі бұл қызметті көптеген блогосфералардың
ішінде өмір сүре отырып жəне өзара ықпалдастық жасау арқылы
атқарса, енді біреулері тек осы рөлді орындау үшін жұмыс жасайды.
Мінекей, осындай сайттар «блогкөпірлер» деп аталады.
Осы міндетті атқаратын көптеген сайттар бар. Бірақ солардың ішіндегі
ең үлкені жəне ең танымалы – ол Global Voices Online.


Global Voices Online ағылшын тілді БАҚ елей бермейтін, дегенмен
əлемнің көптеген азаматтары үшін зор маңызы бар мəселелерді
жариялайды. Бұл сайт технологияның кең түрін қолданады. Олардың
қатарына – блогтар, үнхабарлар, фотосуреттер алмастыруға арналған
құрылғылар, бейнеблогтар, агрегаторлар мен онлайн чаттар кіреді.
Бұларды пайдалана отырып, Global Voices Online əлемнің əр
бұрышындағы блогшылардың көзқарасын көпшілікке паш етеді.




                                  5
Блогты не үшін жүргізу керек?
Əр блогшы бұл сұраққа өзінше жауап береді.
Өркен Кенжебек – orkenegro.wordpress.com

                        «Əрине, əлемторда блог ашу дегеніміз,
                        жекелей əсерлерің мен өміріңде болып
                        жатқан өзгерістеріңді өзгелермен бөлісу
                        екендігін білеміз. Мен де бұл дəстүрден
                        айнымаспын. Журналистикада жарытып
                        жазғандарым онсыз да jasqazaq.kz, abai.kz,
                        platon.kz веб-сайттарында жарияланып
                        жатыр. Дегенмен, өзіме етене жақын кейбір
                        материалдар редакциялық саясаттан,
                        құрылтайшы құрығынан біраз жонылып,
сүбелі жері сылынып, алғашқы бояуынан айрылып қалып жататынын
несіне жасырайық? Міне, сондай мақалаларымды алғашқы кейпінде
осы блогқа беріп тұрсам деген ―арам‖ ойым бар».

Ербол Азанбеков – azanbekov.wordpress.com


                        «Шыны керек осы блогты ашуды бұрыннан
                        армандаған қазақ едім. Алайда басымызда
                        білім    аз       ба,    поисковигімізді    көп   іске
                        қоспаймыз          ба,    əйтеуір    блог   бастауға
                        дəрменіміз жетпей-ақ қойған еді. Жақында
                        өткен    ―Мінбер‖        орталығы    ұйымдастырған
                        ―Жаңа медиа технологияларды қазақ тілді
                        БАҚ     тəжірибесіне       енгізу‖   атты   семинар-
                        тренингтің арқасында осы блог өмірге келді.
                        Көңілге түйгенімді жеке блогымда жазып
тұруға бел шештім».


                                      6
Ал сіздің мақсатыңыз не?
Әрқайсымыздың айтарымыз жəне өзгемен бөлісеріміз бар. Егер сіздің де
айтар сөзіңіз маңызды болса, әрі ол жайлы үлкен аудиториямен бөліскіңіз
келсе, онда блогтың арқасында сіз ғаламдық аудиториямен қарым-қатынас
жасаудың мүмкіндігіне ие боласыз.

Сонымен сіздің блогыңыздың мақсаты не?




                                   7
Ықпал жасау
Блогтағы жазбалар Интернет қолданушылар үшін ашық. Сонымен
қатар іздеу жүйелері арқылы оңай табылады. Бұл да блог жүргізудің
тағы бір қыры. Осының арқасында блог көпшілікке өз ойыңды білдіруге
мүмкіндік береді. Егер де сізді онлайн күнделік жүргізу идеясы
қызықтырса, онда əрине, бұл ниетіңізді блог арқылы жүзеге асыра
аласыз. Дегенмен, қалаңыздағы, аймағыңыздағы, еліңіздегі, əлемдегі
жағдайлар туралы өз ойларыңызды жазу өзге де көптеген жандардың
қызығушылығын оятары анық. Əсіресе, егер сіз блогшылары аз
өлкеден болсаңыз, пікіріңіз бен көзқарасыңыз ғаламдық көзқарас үшін
аса құнды болмақ.
Соңғы жылдары дəстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары блогтар мен
блогшылардың күн санап өсіп келе жатқанына назар аударды. Бұған
көптеген себептер бар. Соның бірі, ағымдағы оқиғаны талқылайтын
блогтардардың көбі ақпарат жеткізудің толыққанды еместігін алға
тартып жəне шынайы емес көзқарасты əшкерелеп, БАҚ-ты үнемі өткір
сынға алады. Көптеген блогтарда кей бұқаралық ақпарат құралдарына
жетісе бермейтін білім мен жағдайдың мəн-жайына қанықтық бар.
Блогтар өз ойлары мен көкейге түйгендерін білдіру арқылы құнды
мəліметтермен де бөліседі. Сондай-ақ, көптеген блогшылар дəстүрлі
БАҚ-та жарияланбаған оқиғаларға жұртшылықтың назарын аудартады.
Осы орайда олар тегін қызмет көрсететін тілшілер ретінде, айтылмай
кеткен мəселеге ден қояды.
Блогтарға БАҚ тарапынан үлкен назар аударудың нəтижесінде
журналистер мен блогшылар бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс
жасауға кірісті. Ол ресми, не бейресми болуы мүмкін. Блогшылардың
көпшілігі өз блогтарында көтеретін тақырыбын анықтарда баспасөзге
сүйенеді. Журналистердің көбі ақпарат алу үшін жəне мəн-жайға
қанығу мақсатында блог жазбаларға жүгініп келеді. Бұл оларға өз
репортаждарының сапасын арттыруға көмектесері анық.


                                 8
Сəтті блог
Блогтың сəттілігін анықтаудың көп əдістері бар. Кейбіреулері жетістікті
оқырмандар    санымен       есептейді.       Басқалары       жетістікті   ақшамен
бағалайды.    Шындығында,        блог       арқылы    ақша     табатын     жандар
саусақпен    санарлық.      Сонымен         қатар,   блогшылардың         көпшілігі
блогтарын ақша табу үшін немесе оқырмандар үшін бастамайды.
Жетістік нені білдіретінін əр блог иесі өзі анықтайды.
Көршілеріңізбен танысыңыз – егер сіз өнер жайлы блог жүргізсеңіз,
онда өнер жайлы басқа блогтарды оқып, түсіндірме жасау жақсы
болар еді. Оқыған блогтарыңызды міндетті түрде сілтемелерге
қосыңыз. Сонымен қатар, белгілі бір блогшыларға блогыңыздың іске
қосылғандығын хабарлаңыз. Мазмұндас блогтарды табудың жақсы
амалы - Technorati (www.technorati.com) іздеу жүйесін қолдану.
Өз үніңізді табыңыз — даралығыңызды сақтаңыз! Əрбір блогтың
өзіндік дара үні бар. Өзіңізді қызықтырған жайттар туралы жазыңыз
жəне өзіңіздің жазбаларыңызға даралығыңызды енгізіңіз. Тіпті салық
жүйесі секілді түсініксіз жайттар жайлы жассаңыз да, бұл сіздің
жазбаңызға даралық сипат береді. Блогтар мен дəстүрлі БАҚ
арасындағы    ең    үлкен    айырмашылық,            біріншісінде    даралықтың
болуында. Интернет қолданушылар оларды тұрақты оқуының сыры да
осында.
Оны       тұрақты        түрде      жаңалап           отырыңыз            —     Өз
оқырмаңдарыңызды жоғалтудың бірден бір себебі – блогыңызды
жаңартпау. Бұл сіз блогыңызда күнделікті 10 жаңа хабарлама жазуды
міндеттемейді, бірақ та сіз блогты жиі жаңартуға жəне оқырмандардың
оған қайтып оралуына ат салысуыңыз керек.
Оқырманмен байланыс орнатыңыз — Оқырмандарға түсіндірме
пікір жазуға мүмкіндік беріңіз жəне оған өзіңіз де қосылыңыз. Сіздің
оқырмандарыңыз сіз байқамаған қызықты ойлар жазатыңызға көзіңіз




                                        9
жетеді жəне оқырмандарға бұл мүмкіндікті бере отырып, сіз өз
блогыңызды тұрақты оқырмандармен қамтамасыз етесіз.
Ерекше тақырып ұсыныңыз — Сəтті блог жасаудың сенімді
жолының бірі – басқалары ұсынбағанды ұсыну. Дəстүрлі БАҚ-тағы
жаңалықтарға өз түсіндірмелерін беретін блогтар көп болғанымен,
өздері жаңалықтар жазатын блогтар өте аз кездеседі.
Сəтті жазба - жақсы блог жазбаның сиқырлы формуласы жоқ. Блог
авторы жазған əрбір жақсы жазбалардың арасында кем дегенде бір
нашар жазба кездеседі.
Кейбір   блогтар баспасөздің      жай ғана        көшірмесі.   Оқырман   ол
жаналықтарды      блогтан     оқығанша,     оны     таратқан    жаңалықтар
агенттігінің сайтынан оқи алатынын
ұмытпаңыз.
 •   Жазбаңызға       тақырып      тауып
                                                  Жазбаңызды қысқаша
 алыңыз: тақырып табу үшін əртүрлі                кіріспеден немесе
                                                  түсіндірме беретін
 сайттардағы             жаңалықтармен
                                                  оқиғадан бастаңыз.
 танысыңыз.         Мүмкін,     біреуінде
 оқырмандардың       назарын    аударуға
 лайық оқиға табарсыз немесе өзара
 жақсы байланысқан екі оқиға табасыз. Əлде сіз оқыған құжаттан
 қандай да бір қателікті байқаған боларсыз.
 •   Дәйексөз   келтіріңіз:   Өзіңіздің   оқырмандарыңыздың        назарын
 аударғыңыз келген бөлікті хабарламаңызға енгізіңіз.
 • Сараптаңыз: Қажетінше енгізілген бөлікке мəн беріңіз. Егер қандай
 да бір нақты емес жайтты байқасаңыз соған қатысты ойларыңызды
 өрбітіп жазыңыз.
Мұндай хабарламалардың бірқатар мысалдарымен танысу үшін,
neweurasia (www.neweurasia.net) блогын қараңыз.

              TOL ұйымының «Блог жүргізуге арналған» нұсқаулығынан



                                    10
Блог жазбаның 10 қағидасы

1.    Əрине кез-келген оқиғаның қашан, қайда өткенін жəне оған
кімдердің қатысқанын айтып өткеніңіз жөн. Демек, сіз жазып отырған
жазбаның (мақала деуге келмес) ақпараттық негізі болғаны дұрыс.
2.    Кез-келген ақпараттың қайнар көзін көрсетіп, сілтеме жасауды
ұмытпағаныңыз абзал. Бұл сізді қиын-қыстау кезеңде құтқарып кететін
қару болмақ.
3.    Сіздің жазбаңыз жекелеген тұлғалардың ар-намысы мен іскерлік
беделіне нұқсан келтіріп, масқараламауы тиіс.
4.    Кез-келген адамды нəсіліне, дініне, саяси көзқарасына, ұлтына
жəне тіліне қарай кемсітуге болмайды.
5.    Президентті, Үкімет адамын жəне депутатты жария қорлауға
болмайды.
6.    Ұлтараздығын тудыратын жазбаларға жол бермеңіз.
7.    Жазбаңызда сыңаржақ пікірлерден аулақ болыңыз. Мейлінше,
обьективтілікті сақтаңыз.
8.    Əрине, блог сіздің жеке жазбаңыз болғандықтан, оған өз
пікіріңізді таңбаңыз деп айта алмаспыз. Журналистика талабы
бойынша, ақпаратқа өз пікіріңізді танбауыңыз керек. Журналистің
міндеті – ақпаратты тарату, болған оқиғаға қатысы бар тұлғалар мен
сарапшылардың пікірін оқушыға жеткізу, сөйтіп, қоғамдық пікір туғызу.
9.    Кез-келген пікірді, айтылған сөздерді сіздердің тарапыңыздан
бағалау, тұжырым жасау болмауы тиіс.
10.   Жекелеген адамдардың отбасылық жəне жеке құпиясын өзінің
келісімінсіз таратудан аулақ болыңыз.

                                                     Есенгүл Кəпқызы

                                          http://yesengul.wordpress.com




                                  11
Мəтін жазуға арналған 10 кеңес

   1.Тақырыпты кіші əріптермен жазу
   2.Абзац қоймау
   3.Тақырыпшаларды үлкен əріптермен жазу
   4.Əрбір азат жолдың арасын ашып отыру
   5.Жазбаңыз қысқа əрі нұсқа болсын
   6.Жазбаңызды оқуға қызықты ету мақсатында, тақырыпшалармен
     бөліп отырған абзал
   7.Əрбір сөйлем анық əрі нақты болсын
   8.Фокустан ауытқымау
   9.Обьективтілікті сақтау
   10.    Əрбір дерегіңіздің дəлелі мен дəйегі болсын.

                                                    Есенгүл Кəпқызы,

                                         http://yesengul.wordpress.com




                                 12
Әдеп
Əділеттілік — субъективті түрде əділ болу, бірақ өзіңізге қандай
құрмет көргіңіз келсе басқаларына да сондай құрмет көрсетуіңіз керек.
Бұл сіз басқалардың пікірлерін тыңдап, сіздің жұмысқа қатысты сынды
көтере алуыңыз керектігін білдіреді. Өзгелерді тыңдауға дайын болып,
өз уəжіңіз қандай екенін зерттеңіз.
Адалдық — егер сіз қандай да бір мақсаттар үшін сізге қаражат берген
ұйым туралы жазсаңыз, бұл деректі де айтып кетіңіз. Осылайша, егер
сіз саяси мəселелерді жиі көтерсеңіз, онда өз көзқарасыңызды да
жазыңыз. Себебі оқырмандар сізден не күтуге болатынын білуі керек.
Бұл оқырманмен жеке басыңызға қатысты мəліметтермен бөлісу
дегенді білдіреді. Дегенмен мүдделер шиеленісі ушығатын жерлерде
сіз ашық болуыңыз керек.
Тәуелсіздік — не жазылу керек болса, соны жазыңыз. Ықпалды
мүдделер ыңғайына көнсеңіз, өзіңізге деген адалдықтан айырыласыз.
Шынайылық — тек шын мəнінде болған оқиғалар жайлы ғана айтыңыз.
Егер сізде айтылған сөзде күмəн болса, ол туралы айтыңыз. Егер сіз
бір нəрсе туралы ойласаңыз, нақтылап алыңыз. Қосымша, қандай да
бір оқиғаны жазғанда, білмейтін жайттарды көрсетіңіз.
Сілтемелер көрсетіңіз — мүмкіндігінше сіз баяндаған материалға,
тіпті сіз онымен келіспесеңіз де, сілтеме жасаңыз. Бұл сіздің
оқырмандарыңызға өз көзқарасын қалыптастыруға көмектесіп, сіздің
дəйектемеңізді күшейтеді.
Қайнаркөзді құрметтеңіз — егер сіз біреуден сұхбат немесе
хабарламада қолдану үшін ақпарат алып жатсаңыз, қайнаркөзді
құрметтеңіз. Бұл ақпарат көзіне жүгінуге бола ма немесе алынған
ақпаратты қалай қолдануға болатыны жайлы анықтап біліңіз. Есіңізде
болсын, кейбір жағдайдарда қайнаркөзді құрметтемеу (егер ақпарат
байқап істеуді талап ететін сипатта болса) қайнаркөздің жұмысынан
айрылуына немесе түрмеге қамалуына əкеп соғуы мүмкін.


                                      13
Қателіктеріңізді     қоғам     алдында       дұрыстаңыз       —     Егер   өз
хабарламаңызда сіз айтқан немесе сіз жүгінген оқиға өтірік болып
шықса,   бұл    қателікті    тез   арада     дұрыстаңыз.    Əдетте,   бірінші
хабарламаның жаңартылған түрін дереу енгізу керек, сонда алдыңғы
жəне соңғы дұрысталған нұсқа бір жерден табылатын болады.
Өсектемеңіз — Басқаларға қатысты жалған немесе арам ниетті
сөздер   айтпаңыз.     Егер    сіз   басқа     блогшы      немесе   қоғамдық
қайраткермен келіспесеңіз, оның жеке басына немесе ол туралы өтірік
сөз айтпаңыз. Жақсы дəлелденген жəне негізделген дəйектер ұсынуға
тырысыңыз.


                     Басыңызды қатерге тікпеңіз!

Əлемнің көптеген бөлігінде блогшыларға жəне блог жүргізуге онша
жақсы ықылас танытпайды. Кей елдерде адамдар тіпті, онлайнда,
блогтарда өз пікірін білдіргені үшін түрмеге қамалған. Сондықтан, өз
тұлғаңызды қорғаңыз жəне блогты қауіпсіз жүргізіңіз!

               TOL ұйымының «Блог жүргізуге арналған» нұсқаулығынан




                                      14
Блог қандай заңдарға бағынады?

Қазақ тілінде блог бастап жүрген әрбір блогшының алдынан ерте
ме, кеш пе бұл сұрақтар туындайтындықтан төмендегі кеңестерге
назар аударғаны орынды.




1.   Блог – БАҚ па? БАҚ туралы заңға енгізілген өзгеріске сəйкес
барлық веб-ресурстар БАҚ деп танылады. Заңда көрсетілген
анықтамаға назар аударайық: Бұқаралық ақпарат құралы – мерзiмдi
баспасөз басылымы, радио жəне теледидар бағдарламасы,
киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы жəне интернет-ресурстарды
қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз жария
таратудың басқа да нысаны; (Бұқаралық ақпарат құралдары туралы
Қазақстан Республикасының 1999 ж. 23 шілдедегі № 451-1 Заңы
(2009.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен). Яғни, блог заң
тұрғысында БАҚ туралы заң бойынша да қарастырылады.
2. Блогқа жарияланған əрбір жазба үшін блог авторы жауап береді.
Бұл жазба авторлық емес, бір жерден көшіріліп алынған болса да,
блог авторы жауапты.
3. Блогта жаряланған пікірлер (комментарийлер) үшін блог авторы
жауап береді. Қазақстанда қабылдаған Халықаралық заң нормалары
бойынша егер əлдебіреуден блогыңыздағы пікірді алып тастау немесе
өзгерту жайлы өтініш келіп түссе бір күннің ішінде орындаған абзал.
4. Блогыңызда жарияланған бейəдеп сөз үшін бұзақылық бабымен
əкімшілік жазаға тартылуыңыз мүмкін. Осы айда украиналық интернет


                                  15
қолданушы форумда айтқан əдепсіз сөзі үшін 15 күнге қамауға
алынды.
5. Блогыңызда əлдебір азамат жайлы жазған болсаңыз, əрі ол
азаматтың шетелде беделі болса, онда ол шетел соттарына шағым
түсіре алады. Мəселен, Лондон қор биржасында акциялар тіркелген
қазақтың іскер азаматтары жайлы жазба жарияланса. Қазақ
бизнесмені Лондондағы іскерлік беделіме нұқсан келтірді деп Лондон
сотына шағымдана алады. Украинаның ең бай адамы Ахметовтың
«Обозреватель» сайтымен арадағы дау-дамайы нəтижесінде Лондон
соты Ахметовты қорғап шықты.
6. Ресми тіркеуден өткен ақпарат құралдарынан мақаланы
көшіргенде сілтемесін көрсету керек. Ең болмаса, гиперсілтеме
көрсетілгені жақсы, ал заң бойынша газеттің аты, шыққан күні
көрсетілуі керек.
7. Кісі атына жала жабу, ар-намысына, іскерлік беделіне нұқсан
келтіру еліміздің заңдары бойынша қылмысқа жатқызылған. Яғни,
Қылмыстық Кодексте мұндай қылмыс үшін бір жылға бас
бостандығынан айырылуы да мүмкін. Сондықтан интернетте əлдебір
кісінің атын атап жазба жазған кезде əрбір сөзіңізге сақ болғаныңыз
орынды.
8. Блогыңыздағы жазбаның аворлық құқын қорғау үшін Creative
Commons лицензиясының кодын блогқа іліп қоюға кеңес беремін.
Creative Commons сайтына кіріп, өз блогыңыздағы (интернеттегі)
шығармашылықты коммерциялық немесе тегін пайдалансаңыз болады
деп жұртқа жариялауға мүмкіндік береді. Əдетте CC үш түрлі деңгейге
(барлық құқықтар қорғалған, жартылай қорғалған, мүлдем
қорғалмаған) бөлінеді.

                                            Əзірлеген Асхат Еркімбай,

                                            http://urimtal.wordpress.com


                                  16
Маңыздысы қайсы: мазмұн ба, əлде пікір алысатын орта ма?

«Ең маңыздысы мазмұн жасау ма жоқ әлде адамдардың жиналып,
танысып, достасып (өмір бойы бір-бірлерін көрмеуі мүмкін), пікір
алысатын орта қалыптастыру ма?» деген сұраққа блог негізінде
бірінші интернет-басылымды ұйымдастырған Украина азаматтары
«Əрине, пікір алысатын орта қалыптастыру» деп жауап береді.

«Ең бастысы адамдардың не жазғаны емес, бір-бірімен қалай
сұхбаттасқаны, сөйлескені, бір-бірінен не үйренгені, қандай кәсіби иә
басқа да байланыстар тапқаны» деп санайды.

Кішкентай балалар ең бірінші телефонмен сөйлескенде не айтуды,
қалай сөйлесуді білмей дағдарып қалатынын байқаған боларсыз.
Өйткені   бет-жүзін     көрмей   тұрған,    танымайтын   адаммен   қалай
сөйлесуге болатынын білмейді. Интернетте де солай, көп адамның е-
поштаны қолдана алмауы, қашықтан оқыту курстарын да игере
алмауы да осымен байланысты. Мысалы, қазір Қазақстанда көптеген
мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар да интернетке қосылып, е-
пошталарын ашып жатыр. Бірақ е-поштаны қолдану мəдениетін
білмегендіктен, жазған хатқа жауап жазбайды, пошталарын уақытында
тексермейді,   кейбір    мекемелерге       телефон   соғып   «поштаңызды
тексеріңіз» деп айтуға тура келеді. Көбінесе мектептерді, мекемелерді
интернетке қосады, бірақ мұғалімдерді, қызметкерлерді оны қалай
қолдануға үйрету жағы ойластырылмайды, əр адам бұл мəселені
өзінше шешіп жатады.




                                     17
Бұл жазбамда мен блог жасау
деңгейіне жеткен «кəсіби» (деп
                                                 Бірнеше жыл бұрын оңтүстік-
атауға       болатын               болар)        кореялық блог негізінде жұмыс
                                                 істейтін интернет басылым
қолданушылар            туралы        сөз        «Билл Гейтс қайтыс болды»
                                                 деген ақпарат таратады. Олар
қозғағандықтан,       блогшылардың               бұл хабарды CNN атын
                                                 жамылған жалған бір сайттан
жауапкершілігі          туралы        да         алады (оның жалған сайт екенін
                                                 білмей қалады ). Сөйтіп осы
айтайық. Яғни, блогта кім не                     хабардың нәтижесінде
                                                 оңтүстік-кореялық рынок 2 %
жазам     десе   де      ерікті,    бірақ        құлдырады деген сөз бар.
шектеу    қоятын        талаптар      да
болады.     Блогта        адамдарды
жəбірлейтін,      қорлайтын,          ар-
намысына       тиетін    нəрселердің
болмауы шарт. Қолданушыларды бұған да үйрету керек.

Дəстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарында ешқашан басылмайтын,
талданбайтын тақырыптар Интернет басылымдарда, блогтарда өте
көп. Сонымен қатар кейде блогта өтірік нəрсені жазатындар, жалған
ақпарат беретіндер де болады, мысалы, Психологияда мынадай
алғышарт бар: адамдар бір-бірін көбірек білген сайын, жақсырақ біле /
тани бастайды, жақсырақ білген сайын бір-бірімен азырақ жауласады,
араз болады. Яғни адамдар интернетте болсын, өмірде болсын
(дүниенің қай түкпірінде тұрса да) көбірек сөйлесіп, араласса бір-бірін
жаудан гөрі дос ретінде қабылдайтыны сөзсіз.

                                                 Əзірлеген Бақытгүл Салықова

                          Дереккөзі: http:// neweurasia.net/kazakhstan?p=34#




                                            18
Ең қарт блогшының өсиеті

     «Қарттарды жалғыз қалдырғанша интернет үйретіңдер»

Испанияның ең қарт тұрғыны Мария Амелия Лопез Солино өзін
«әлемдегі ең қарт блогшы» ретінде таныстыратын. Себебі ол
95 жасынан бастап блог жүргізе бастады. Интернеттегі
әлеуметтік желіге деген қызығушылығын «Балам туған күніме
ақшасын шығындағысы келмей, маған блог ашып беріп еді»
деген қалжыңмен түсіндіретін.




2006 жылдың 26 желтоқсанында ашылған http://amis95.blogspot.com
атты блогы бір айдың ішінде мыңнан аса оқырманның жүрегін баурап
алды. Себебі Лопез блогында өзінің өткен өмірімен бөлісетін
(Испаниядағы ұлт азаттық көтеріліс), жеке көзқарастары (саясат,
Иранға қатысты, испан жасөспірімдерінің ішімдікке əуесі туралы) жəне
өзінің күнделікті күйбең тіршілігі мен қарттығын, ауырып жүргенін де
сөз ететін. 2007 жылы оның сайты Deutsche Welle неміс телеарнасы
жүргізген байқауда «Испанияның ең үздік блогы» атанды.

«Мен қарапайым тұрғындардың бірімін. Ешқандай ерекшелігім жоқ»
деді Лопез 2007 жылы телеарнаға берген сұхбатында. «Бар болғаны
өзімнің ойларыммен бөлісемін». Жасөспірімдер оған хат жазып, қай
университетке, қандай мамандыққа тапсырған жақсы екенін сұрайды.
Онымен сондай-ақ Испанияның үкімет басшысы Жозе Луис Запатеро
да арнайы кездескен. Лопез оған 16 жасынан бері социалист екенін
айтқан. Өз кезегінде премьер-министр оны Монколаға, Президент
Сарайына қонаққа шақырды.


                                 19
Ол өзін əлемдегі ең қарт блогшы
ретінде таныстыратын. Себебі əлемдегі     [ Мен интернетпен
ең    қарт   блогшы    2008     жылы
Австралияда 108 жасында қайтыс            жұмыс істегенде
болған еді.                               ауруларым туралы
                                          ұмытып кетемін.
Лопездің көзінің жанары суалғандықтан     Адамдармен үнемі
өзінің жазбаларын немересі Даниелге       байланыста болып,
жаздыратын. Бір айдың ішінде ғана
оның блогын 51 мың адам оқитын.           көңілімді жақсы нәрсеге
                                          аударғаным жақсы.
Лопездің өз сөзі бойынша интернет         Миым тынығып,
оның өмірін 20 жылға жасартып,            бойымда бір күш пайда
халықаралық             қауымдастықпен    болады. Себебі сол
жақындастыра түсіпті. Əрі əлемнің
                                          кезде мен өзімнің
əрбір түкпірінен достар тауып үлгерген.
                                          жалғыз емес екенімді,
2009 жылдың ақпанда ол Facebook-тен       достарыммен сөйлесіп
қарт адамдардың құқығын қорғайтын         отырғанымды білемін]
арнайы қауымдастық ашқан.

«Қарттарға зейнетақы беріп, балалары оларға арнайы күтуші
жалдағаннан гөрі интернетті қалай қолдану керектігін үйретсе
əлдеқайда жақсы болады» дейді Лопез. Егде жастағылардың
виртуалды қажеттілігін алғашқы болып айтқан Мария еді.

Қайтыс болғанда блогқа 600-ден астам көңіл білдірген. Лопездің
жақындары соңғы жазбада «блог Лопезге 880 бақытты күн сыйлады»
деп жазды. Кісінің рухы дүниедегі адамдармен қарым-қатынасқа түседі
деп сенетін Лопездің туысқандары «Анашым, қай жерде жүрсең де сен
блогыңа қалдырылған пікірлердің бірін қалдырмай оқып шығатыныңа
күмəнсіз сенеміз» депті.

Мария Амеля Лопез Солино 1911 жылы 23 желтоқсанда Галицио
жағалауындағы Муксиа ауылында дүниеге келіп, 2009 жылдың 20
маусымында қайтыс болды.
                                            Əзірлеген Асхат Еркімбай




                                 20
Блогты насихаттау жолдары
                          1. Әлеуметтік желілер
Көптен армандаған блогыңды тіркеп, ерекше ат қойып, жазбалар
енгізіп бастап-ақ кеткен шығарсың. Енді блогымды көпшілік назарына
қалай ұсынамын, қалай насихаттаймын деген ойлар келген болар.
Оны іске асыру үшін Wordpress.com-да өте ыңғайлы функциялар бар.
Интернеттегі ең басты қауым, яғни адамдардың ең көп жиі кіретін
сайттары ол -əлеуметтік желілер (Twitter, facebook, вконтакте, моймир,
т.б.) Сондықтан да блогыма PR жасаймын десең, ең алдымен осындай
əлеуметтік желілерден бастағаның жөн.
Егер сіз жаңа жазған жазбаңыз осы сайттарда көрінсін (сілтемесі)
десеңіз, өте оңай келесі қадамдарды орындайсыз: блогыңыздың
құрал-сайман тақтасындағы ―My Blogs‖-қа кіріп, ―Насихаттау‖
бағанындағы керекті сайтыңызды шертесіз. Мысалы, əр жазған
жазбаңыздың сілтемесі twitter-ге микроблог ретінде шықсын десеңіз,
―Насихаттау‖-дағы twitter-ге басасыз. Бірден сізге twitter-мен
байланысуға рұқсат сұрайды. Байланысқан соң, енді twitter сайтында
сізден Wordpress.com-мен байланысуға рұқсат сұрайды. ―Allow‖ яғни,
рұқсат беремін дегенді бассаңыз, сіздің əр жазған жазбаларыңыз
twitter-де көрінетін болатын. Басқа сайттармен де байланысты тура
осы үлгімен орындап шыға аласыз. Осылайша twitter сияқты
əлеуметтік желілердегі достарыңыз сіздің жаңа шығармаларыңызды
оқи алады, ал facebook-та дəл сонда-ақ жазбаңызға пікір қалдыра
алады. Сондай-ақ вконтакте, моймир сияқты желілерге де өзіңнің
блогыңның URL-ын микроблогтарға жазып, насихаттасаң болады.
                    2. Басқа блогтарға пікір қалдыру
Қазақ тілінде ―Алаған қолым береген‖ деген сөз бар, яғни блогыңа
толассыз пікірлер жазылсын десең, бірінші болып өзің өзгелердің
блогына пікір қалдыр. Жалпы Wordpress.com-да өзіндік пікір қалдыру
мəдениеті қалыптасқан. Қанша жерден жазбаларың ерекше де,


                                    21
қызықты болып, ал өзің басқа блоггерлерге пікір қалдырмасаң, жазбаң
көпшілік назарынан тыс қалып қояды. Ол тіпті қалыптасқан ―жүйе‖ де
емес, жай ғана егер сен басқа блогтардан пікір қалдырып көріне
бастасаң, өзгелер де сені байқай бастайды. Пікір қалдыру да өзің
туралы жұртқа айту деген сөз. Қарапайымдау айтсақ, өзіңнің ғана
блогыңда отырсаң, сені ешкім көрмейді. Ал өзге блогтарда, əсіресе
танымал, жиі оқылатын блогтарда көріне бастасаң, өз блогыңның да
рейтингісі жоғарылайды.


                                       Əзірлеген Айжан Берекетқызы
                                           http://kerbez.wordpress.com




                                  22
Блогқа не жазуға болады?

Көпшілігіміз блогты онлайн күнделік деп
ойлаймыз. Қазір блогшылар онлайн
                                               «Жұрт не ойлап
күнделікпен шектелмей, əртүрлі салада,         қалады деп
                                               ыңғайсызданудың,
əрқайсы өзіндік стилімен, өзіндік              басқалардың ой-
                                               пiкiрiнен ұялудың
бағытымен жазып келеді.                        ретi жоқ. Себебi бұл
                                               — сiздiң блогыңыз.
                                               Сiздiң интернеттегi
Жаңа блог бастаушылар блогты қандай
                                               мекенiңiз. Осы
бағытта бастаймын, не жазамын деп              мекенiңiзде
                                               жазғаныңызды
ойлаған болса онда төмендегі блогтың           мыңдаған, бәлкiм
                                               миллиондаған адам
түрлерінен өзіне ұнаған бірін таңдап алуға     оқиды. Олар сiздiң
                                               қандай көңiл-күйде
болатын сияқты.
                                               жазғаныңызды
                                               сезiнуi үшiн
                                               эмоциямен және
                                               дәлелмен жазыңыз.
1. Тазалық, ереже мен емле қатесiне            Заң шеңберiнен
                                               шықпай, нақтылы
жол бермеу — жақсы блогшы болудың              дәлелдердi
                                               пайдаланыңыз. Егер
ең басты кiлтi. Кириллицаны
                                               материалыңызда
пайдалансаңыз, бiр форматпен жəне бiр          айтылған әңгiме үш
                                               немесе одан да көп
түспен жазсаңыз, оны оқу көзге жеңіл           дерекпен расталса,
                                               онда дәлелiңiздiң
болар едi.                                     дәйектi яки нақты
                                               болғаны. Бiреудiң
                                               жеке басының
2. Блогыңызға өзгелердi тарту үшiн ең
                                               кемшiлiгiн терiп,
алдымен өзiңiздi көрсете бiлiңiз.              дерексiз мақала
                                               жазған адам
Блогтың ең басты ерекшелiгi де осы.            ешқашан жақсы
                                               блогшы бола
Блогқа кiрушiлер үшiн сiздiң ой-пiкiрiңiздiң   алмайды».
орны бөлек. Олар сiздiң қай мəселеде не
ойлайтыныңызды, қандай пiкiрде
екенiңiздi, ақыр аяғы немен
айналысатыныңызды, дəл қазiр не




                                    23
iстейтiнiңiздi де бiлгiсi келедi. Олай болса, өзiңiздi көрсету қажет.

3. Жұрттың бəрi журналист емес. Асығыстықтан немесе
салғырттықтан бiрдi-екiлi қате кетiп қалуы мүмкiн. Ондайға жол бермеу
үшiн жазып бiткеннен кейiн қайтадан мұқият оқып шығыңыз, тексерiңiз,
қажет болып жатса, түзетулер енгiзiңiз. Сонда ғана сапалы мақала
шығады.

4. Басқа блогтарға кiрiп, пiкiр бiлдiрiп тұруды да ұмытпаныз. «Мен
басқалардың блогына қызығушылықпен қарамасам, менiң блогыма да
басқалар қызықпауы мүмкiн» дегендi есте ұстаныз. Əрi басқа
блогтарға кiрiп, ой-пiкiр бiлдiру арқылы өз орныңызды көрсетуге
мүмкiндiк аласыз. Бiр жағынан өз блогыңыз туралы мəлiмет беруге де
мүмкiндiгiңiз бар.

5. Жұрт не ойлап қалады деп ыңғайсызданудың, басқалардың ой-
пiкiрiнен ұялудың ретi жоқ. Себебi бұл — сiздiң блогыңыз. Сiздiң
интернеттегi мекенiңiз. Осы мекенiңiзде жазғаныңызды мыңдаған,
бəлкiм миллиондаған адам оқиды. Олар сiздiң қандай көңiл-күйде
жазғаныңызды сезiнуi үшiн эмоциямен жəне дəлелмен жазыңыз. Заң
шеңберiнен шықпай, нақтылы дəлелдердi пайдаланыңыз. Егер
материалыңызда айтылған əңгiме үш немесе одан да көп дерекпен
расталса, онда дəлелiңiздiң дəйектi яки нақты болғаны. Бiреудiң жеке
басының кемшiлiгiн терiп, дерексiз мақала жазған адам ешқашан
жақсы блогшы бола алмайды.

6. Блогыңыздың белгiлi бiр бағытты ұстанғаны жөн. Мумкiндiгiне
карай ұқсас бағытта жасаңыз. Мысал ретiнде Эльвиранын «Аспаздық»
блогын айтуға болады.

7. Үнемi жаңалап отыру. Аптасына болмаса да, айына бiрнеше
мақала жазуға тырысыңыз. Егер бiр айда бiрде-бiр жаңа мақала


                                     24
болмайтын болса, онда бара-бара сiздiң блогыңызға ешкiм кiрмейтiн
болады.

8. Өзгелерге пайдаңды тигiзу. Қандай да бiр материалды басқа бiр
блогтан немесе басылымнан көшiрген болсаңыз, дереккөзiне сiлтеме
жасауды ұмытпаңыз. Өзiңiздiң оны оқуға жəне көшiруге уакыт
жұмсағаныңыз сияқты өзгелердiң де оған уакыт кетiретiнiн есепке
алыңыз. Жұрттың уақытын босқа алмау үшiн тек қажеттi деген
материалдарды ғана орналастыруға тырысыңыз.

9. Ел сiздiң блогыңыз арқылы басқа блогтарға баратын жолды
тауып жатса, нұр үстiне нұр. Сiздiң блогыңызды оқымаған күннiң өзiнде
де, ол адамға басқа блогтарға өтуге мүмкiндiк туғызыңыз.

10. Көлемдi материалдар оқушыны жалықтырады. Қысқаша жазуға
əдеттеніңіз. Сонымен бiрге оны қызықты жеткізуге тырысыңыз. Бiр
айтқанды екiншi мəрте қайталауға жол бермеңiз, қысқа əрi нұсқа
жазыңыз. Жалпы көпшiлiкке түсiнiктi тiлде жазыңыз, мүмкiндiгiнше
тiлге жеңiл сөздердi пайдаланыңыз.

                                       Əзірлеген Бақытнұр Бəйтелұлы

                   Дереккөзі: http://bakytnur.wordpress.com/2007/07/19/




                                  25
Электронды құралдар

1.   Пошта. gmail.com – артық суреттерімен, спам хаттарымен
мазаңызды алмайтын Google компаниясының пошталық қызметі қазақ
тілінде хат алмасуға мүмкіндік береді. Əрі төменде келтірген көптеген
онлайн қызметтеріне оңай тіркелуге себепші болады.
2.   Пернетақта. keybr.com – пернетақтада саусақтарыңыз жылдам
жүгіріп жүрсін десеңіз, осы құралмен күн сайын 5-10 минут жаттығып
тұрсаңыз болады.
3.   Браузер. mozilla – шолғышының қазақша нұсқасы бар. Əрі
қосымша үстемелерді жүктеп алсаңыз, біраз уақытыңыз үнемделеді.
Мəселен, поштаны ашып жатпай-ақ бірден тексеретін, емле қатесін
тексеретін т.б. көптеген бағдарламалар бар.
4.   Құжат өңдеу. toolkit – аударма жасауға, əрі жеке аудармашылық
сөздікті қалыптастурға арналған ресурс. Интернетте қазақ тілінде
контентті молайтуға қосар үлесі зор.
5.   Құжат өңдеу. zamzar.com – сипаты əртүрлі файлдарды қажетті
қалыпқа өңдеп береді. Мəселен, doc файлдарды.
6.   Құжат өңдеу. google desktop - компьютердегі құжаттарыңның
қайда, қашан, қай жаққа сақтап қойғаныңды білмесең, ал бастығың
тезірек тап деп жатса, осы құралды жүктеп алып, орнатуға кеңес
беремін. ctrl батырмасын екі рет шертіп, кілт сөз арқылы іздеген
құжатты тауып береді.
7.   Мəліметпен бөлісу. twitter – өзіңнің жеке ―интернет агентіңді‖
сайлап алу үшін пайдалы. Twitter-ден өзіңе пайдалы болатын
қолданушыны тауып алсаң болғаны. Ол ойларымен, мəліметтерімен
тегін бөлісіп тұрады.
8.   Мəліметпен бөлісу. bit.ly, 3cm.kz – сайттардың сілтемесімен тез,
əрі оңай, əрі қызықты бөлісу үшін.




                                     26
9.    Мəліметпен бөлісу. murl.kz – twitter т.б. шектеулі белгілермен
жылдам хабар алмасатын құралдарға арнап, сайттардың сілтемесін
қысқартып береді.
10.   Сурет өңдеу. gickr.com – онлайн жыпылық сурет (хмм, енді gif
файлды дегенді түсіндіре алдым ғой деймін) жасауға арналған ресурс.
Блогымдағы dabai.kz баннерін соның көмегімен жасадым. Бар болғаны
комптағы суреттеріңізді жүктейсіз, бірер секундта жыпылық суретіңіз
дайын!
11.   Сурет өңдеу. image resizer – суреттерді тез арада өңдеп, көлемін
кішірейту керек болса, осы құралды жүктеп алсаңыз болады. Кейін
суретке тінтуірді апарып, оның оң жағын шертіп барып, суреттің
көлемін тез арада кішірейте аласыз.

                                              Əзірлеген Асхат Еркімбай




                                    27
Жиі қолданылатын блог-терминдер


Агрегатор (Aggregator) —онлайндық қызметтің немесе таңдаулы
блогтардың синдикацияланған мазмұнын оқуға мүмкіндік беретін
бағдарламалық қамтамасыз ету.


Атом (Atom)—Атом синдикацияланған каналдың белгілі бір типі болып
табылады.


Сілтемелер     тізімі     (Blogroll)—    Блогтың       үй   бетіндегі   бағанаға
орналастырылатын өзге блогтар мен вебсайттарға жасалған сыртқы
сілтемелер тізімі.


Канал (Feed)—Каналдың RSS атомы блогтағы соңғы хабарламаны
қамтитын файлды білдіреді.


Пермасілтеме (Permalink)— ―permanent link‖ сөзінің қысқартылған түрі
(яғни, ―тұрақты сілтеме‖). Блогта орналасқан əрбір жеке материалдың
ыңғайлы бетбелгі ретінде қолданылатын веб-адресін білдіреді.


Үнхабар (Podcast)— ―iPod‖ жəне ―broadcast‖ сөздердің қысқартылған
нұсқасы   (яғни,     ―трансляциялау‖).       Үнхабар    RSS    жəне     Атомның
синдикацияланған каналдары арқылы жасалады. Оларға арнайы
подкастингтік агрегаторлар арқылы жазулуға болады. Сондай-ақ
подкастингтің белгілі бір құрамдас бөлігіне де жəне материалды
орналастырудың сəйкес тəсіліне де қатысты болуы ықтимал.


RSS—RSS бұл ―Really Simple Syndication‖ сөздерінің қысқартылған сөзі
(―Шындығында         да     қарапайым          синдикация‖).       Каналдарды
синдикациялаудың бір түрін білдіреді.


                                        28
Синдикация     (Syndication)     —     Синдикация   пайдаланушыларды
вебсайттың жаңартылуы жайлы хабар етеді. Бұл блогты қолдану
кезінде ерекше қолайлы, себебі блогтар жиі жаңартылып отырады.
Сонымен      қатар,    бұл      блогтар    мен   вебсайттарға     блогта
орналастырылған       белгілі   бір   материалдарды   түбегейлі    қайта
жаңғыруға мүмкіндік беретін тəсіл.



Уики (Wiki)—―Вики‖ термині Гавайдың ―вики-вики‖ сөзінен шыққан, ол
«тез» деген мағына береді. Уики дегеніміз – кез келген қолданушы
оңай жəне тез жаңарта алатын вебсайт.

             TOL ұйымының «Блог жүргізуге арналған» нұсқаулығынан




                                      29

More Related Content

More from Asqat Yerkimbay

Қазақ журналистерінің тәжірибесінен
Қазақ журналистерінің тәжірибесіненҚазақ журналистерінің тәжірибесінен
Қазақ журналистерінің тәжірибесіненAsqat Yerkimbay
 
Дата журналистика
Дата журналистикаДата журналистика
Дата журналистикаAsqat Yerkimbay
 
Google компаниясының өнімдері
Google компаниясының өнімдеріGoogle компаниясының өнімдері
Google компаниясының өнімдеріAsqat Yerkimbay
 
Конвергентті журналистике 7 кеңес
Конвергентті журналистике 7 кеңесКонвергентті журналистике 7 кеңес
Конвергентті журналистике 7 кеңесAsqat Yerkimbay
 
The role of Audio in the Kazakh New Media Platfrom
The role of Audio in the Kazakh New Media PlatfromThe role of Audio in the Kazakh New Media Platfrom
The role of Audio in the Kazakh New Media PlatfromAsqat Yerkimbay
 
The socioculture tradition
The socioculture traditionThe socioculture tradition
The socioculture traditionAsqat Yerkimbay
 
Norbert Wiener, cybernetic and Orteke
Norbert Wiener, cybernetic and OrtekeNorbert Wiener, cybernetic and Orteke
Norbert Wiener, cybernetic and OrtekeAsqat Yerkimbay
 
Интернеттегі мәтінге қойылатын талаптар
Интернеттегі мәтінге қойылатын талаптарИнтернеттегі мәтінге қойылатын талаптар
Интернеттегі мәтінге қойылатын талаптарAsqat Yerkimbay
 
Wikipedia деген не?
Wikipedia деген не? Wikipedia деген не?
Wikipedia деген не? Asqat Yerkimbay
 
Журналистикадағы заңнамалар
Журналистикадағы заңнамаларЖурналистикадағы заңнамалар
Журналистикадағы заңнамаларAsqat Yerkimbay
 
Кибер кеңістіктегі бостандық үшін күрес
Кибер кеңістіктегі бостандық үшін күресКибер кеңістіктегі бостандық үшін күрес
Кибер кеңістіктегі бостандық үшін күресAsqat Yerkimbay
 
Хостинг пен домен деген не?
Хостинг пен домен деген не?Хостинг пен домен деген не?
Хостинг пен домен деген не?Asqat Yerkimbay
 
Электрондық пошта
Электрондық поштаЭлектрондық пошта
Электрондық поштаAsqat Yerkimbay
 
Классикалық сараптама
Классикалық сараптамаКлассикалық сараптама
Классикалық сараптамаAsqat Yerkimbay
 
Интернет және заңнама мәселелері
Интернет және заңнама мәселелеріИнтернет және заңнама мәселелері
Интернет және заңнама мәселелеріAsqat Yerkimbay
 

More from Asqat Yerkimbay (16)

Қазақ журналистерінің тәжірибесінен
Қазақ журналистерінің тәжірибесіненҚазақ журналистерінің тәжірибесінен
Қазақ журналистерінің тәжірибесінен
 
Дата журналистика
Дата журналистикаДата журналистика
Дата журналистика
 
Google компаниясының өнімдері
Google компаниясының өнімдеріGoogle компаниясының өнімдері
Google компаниясының өнімдері
 
Конвергентті журналистике 7 кеңес
Конвергентті журналистике 7 кеңесКонвергентті журналистике 7 кеңес
Конвергентті журналистике 7 кеңес
 
The role of Audio in the Kazakh New Media Platfrom
The role of Audio in the Kazakh New Media PlatfromThe role of Audio in the Kazakh New Media Platfrom
The role of Audio in the Kazakh New Media Platfrom
 
The socioculture tradition
The socioculture traditionThe socioculture tradition
The socioculture tradition
 
Norbert Wiener, cybernetic and Orteke
Norbert Wiener, cybernetic and OrtekeNorbert Wiener, cybernetic and Orteke
Norbert Wiener, cybernetic and Orteke
 
Интернеттегі мәтінге қойылатын талаптар
Интернеттегі мәтінге қойылатын талаптарИнтернеттегі мәтінге қойылатын талаптар
Интернеттегі мәтінге қойылатын талаптар
 
Wikipedia деген не?
Wikipedia деген не? Wikipedia деген не?
Wikipedia деген не?
 
Журналистикадағы заңнамалар
Журналистикадағы заңнамаларЖурналистикадағы заңнамалар
Журналистикадағы заңнамалар
 
Кибер кеңістіктегі бостандық үшін күрес
Кибер кеңістіктегі бостандық үшін күресКибер кеңістіктегі бостандық үшін күрес
Кибер кеңістіктегі бостандық үшін күрес
 
Хостинг пен домен деген не?
Хостинг пен домен деген не?Хостинг пен домен деген не?
Хостинг пен домен деген не?
 
Электрондық пошта
Электрондық поштаЭлектрондық пошта
Электрондық пошта
 
Классикалық сараптама
Классикалық сараптамаКлассикалық сараптама
Классикалық сараптама
 
Интернет және заңнама мәселелері
Интернет және заңнама мәселелеріИнтернет және заңнама мәселелері
Интернет және заңнама мәселелері
 
Audacity
AudacityAudacity
Audacity
 

Блог бастаушыға арналған кеңестер

  • 1. «МІНБЕР» ЖУРНАЛИСТЕРДІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ Жаңадан блог бастаушыға арналған кеңестер әдістемелік құрал Б Л О Г Құрастырған Асхат Еркімбай Алматы – 2011 жыл 1
  • 2. Бұл шағын кітапша блог жүргізуге қатысты бірнеше мақалалардан тұрады. Мақала авторлары блог жүргізудің қыр-сырларымен бөліседі. МАЗМҰНЫ Блог дегеніміз не?.................. 3-бет Блогосфера……………………………4-бет Блогкөпірлер……………………… 5-бет Блогты не үшін жүргізу керек?...................................... 6-бет Ықпал жасау…………………………8-бет Сәтті блог…………………………… 9-бет Блог жазбаның 10 қағидасы……………………………11-бет Мәтін жазуға арналған 10 кеңес………………………………….12-бет Әдеп..………………………………… 13-бет Блог қандай заңдарға бағынады?.............................15-бет Маңыздысы қайсы: мазмұн ба, орта ма?.................................17-бет Ең қарт блогшының өсиеті…………………………………19-бет Блогты насихаттау жолдары………………………………21-бет Блогқа не жазуға болады?.................................23-бет Электронды құралдар…..…………………………26-бет Жиі қолданылатын блог- терминдер…………………………28-бет Бұл кітапша Қазақстандағы АҚШ елшілігінің гранты есебінен жарыққа шықты 2
  • 3. Блог дегеніміз не? Веблог немесе өзінің қысқартылған нұсқасымен көпшілікке жақсырақ таныс блог дегеніміз не? Блог ретінде бір адам жазған жəй ғана онлайн күнделік, сондай-ақ редакторлар командасы дайындаған тұтас бір вебсайт айтылуы мүмкін. Блогтардың көпшілігін бір ғана адам жазады жəне олар сол адамның достары немесе отбасы мүшелеріне арналады. Ал енді біреулері жаңалықтар мен сараптамалық мақалалардан құралған, көпшілік аудиторияға бағытталған баспасөз үні ретінде əрекет етеді. Кейбір блогтарды санаулы адам, ал келесі бір блогтарды күніне жүздеген, кейде тіпті мыңдаған оқырман қарайды. Блогтар əр түрлі қалыпта жəне түрлі көлемде болуына қарамастан, олардың басым бөлігіне тəн ортақ сипаттар бар: • Соңғы жазбалар беттің басында орналасқан кері хронологиялық рет • Бұрынғы жазбаларды қарауға мүмкіндік беретін мұрағаттың болуы • Енгізілген жазбалар бойынша оқырманның пікір білдіру мүмкіндігі • Əдетте «blogroll» (сілтемелер тізімі) деп аталатын өзге сайттарға жасалған сілтемелердің болуы • Оқырмандардың блогқа жазылуына мүмкіндік беретін ақпараттың синдикациясы Блогтардың мазмұны əралуан. Блогтардың негізгі бөлігінің жеке сипатта көрініс табуы, сондай-ақ авторлардың құбылмалы мүдделері мен көңіл күйін бейнелеуі – олардың басым көпшілігінің сипатын анықтайтын бір жайт болып табылады. Блогтар негізінен алғанда жекелеген сипаттағы вебсайттар болып табылады. Себебі, олардың белсенділігін демеп тұру оңайырақ, олардың беттері жиі жаңартылып тұрады жəне пікірталас пен өзара ықпалдастық жасауға молырақ мүмкіндігі бар. 3
  • 4. Блогосфера «Блогосфера» - бұл блогтар əлемін сипаттау үшін жəне оларды Интернет желісінің дербес бөлігі ретінде қарастыру мақсатында айтылған термин. Кең мағынасында «блогосфера» мазмұнына қарамастан, əрбір жеке блогты қамтиды. Дəл қанша блог қызмет жасайтынын нақты айту қиын, алайда Technorati (www.technorati.com) атты танымал іздеу қызметі тіркелген блогтардың санағын жүргізіп отырады. Оның жинақтаған ақпаратына сəйкес, əр күн сайын 75.000 жаңа блог тіркеледі жəне блог иелері күніне 1.2 миллион жаңа жазба енгізіп отырады. Сонымен қатар, Technorati ұсынған бұл көрсеткіш барлық жағдайдың тек бір бөлігін ғана қамтиды. Миллиондаған блогтар Technorati бақылай алмайтын тілдерде жəне елдерде жазылады. Блогосфера əлем елдері секілді кішірек қоғамдастықтарға бөлінеді. Оларды да көбіне блогосфера деп атайды. Мысалы, қазақ блогосферасы қазақ қоғамының тынысын баяндайды. Блогосфера əр түрлі тəсілмен бөлінуі мүмкін жəне əр жеке блог түрлі блогосфералардың бір бөлігі болуы ықтимал. Алайда, шынайы өмірдегі аймақтар мен қоғамдастықтар секілді олар бір-бірімен тығыз байланысты. 4
  • 5. Блогкөпірлер Блогтар қоғамдастығы арасында сілтемелік қызмет атқаратын блогтар да бар. Олардың кейбірі бұл қызметті көптеген блогосфералардың ішінде өмір сүре отырып жəне өзара ықпалдастық жасау арқылы атқарса, енді біреулері тек осы рөлді орындау үшін жұмыс жасайды. Мінекей, осындай сайттар «блогкөпірлер» деп аталады. Осы міндетті атқаратын көптеген сайттар бар. Бірақ солардың ішіндегі ең үлкені жəне ең танымалы – ол Global Voices Online. Global Voices Online ағылшын тілді БАҚ елей бермейтін, дегенмен əлемнің көптеген азаматтары үшін зор маңызы бар мəселелерді жариялайды. Бұл сайт технологияның кең түрін қолданады. Олардың қатарына – блогтар, үнхабарлар, фотосуреттер алмастыруға арналған құрылғылар, бейнеблогтар, агрегаторлар мен онлайн чаттар кіреді. Бұларды пайдалана отырып, Global Voices Online əлемнің əр бұрышындағы блогшылардың көзқарасын көпшілікке паш етеді. 5
  • 6. Блогты не үшін жүргізу керек? Əр блогшы бұл сұраққа өзінше жауап береді. Өркен Кенжебек – orkenegro.wordpress.com «Əрине, əлемторда блог ашу дегеніміз, жекелей əсерлерің мен өміріңде болып жатқан өзгерістеріңді өзгелермен бөлісу екендігін білеміз. Мен де бұл дəстүрден айнымаспын. Журналистикада жарытып жазғандарым онсыз да jasqazaq.kz, abai.kz, platon.kz веб-сайттарында жарияланып жатыр. Дегенмен, өзіме етене жақын кейбір материалдар редакциялық саясаттан, құрылтайшы құрығынан біраз жонылып, сүбелі жері сылынып, алғашқы бояуынан айрылып қалып жататынын несіне жасырайық? Міне, сондай мақалаларымды алғашқы кейпінде осы блогқа беріп тұрсам деген ―арам‖ ойым бар». Ербол Азанбеков – azanbekov.wordpress.com «Шыны керек осы блогты ашуды бұрыннан армандаған қазақ едім. Алайда басымызда білім аз ба, поисковигімізді көп іске қоспаймыз ба, əйтеуір блог бастауға дəрменіміз жетпей-ақ қойған еді. Жақында өткен ―Мінбер‖ орталығы ұйымдастырған ―Жаңа медиа технологияларды қазақ тілді БАҚ тəжірибесіне енгізу‖ атты семинар- тренингтің арқасында осы блог өмірге келді. Көңілге түйгенімді жеке блогымда жазып тұруға бел шештім». 6
  • 7. Ал сіздің мақсатыңыз не? Әрқайсымыздың айтарымыз жəне өзгемен бөлісеріміз бар. Егер сіздің де айтар сөзіңіз маңызды болса, әрі ол жайлы үлкен аудиториямен бөліскіңіз келсе, онда блогтың арқасында сіз ғаламдық аудиториямен қарым-қатынас жасаудың мүмкіндігіне ие боласыз. Сонымен сіздің блогыңыздың мақсаты не? 7
  • 8. Ықпал жасау Блогтағы жазбалар Интернет қолданушылар үшін ашық. Сонымен қатар іздеу жүйелері арқылы оңай табылады. Бұл да блог жүргізудің тағы бір қыры. Осының арқасында блог көпшілікке өз ойыңды білдіруге мүмкіндік береді. Егер де сізді онлайн күнделік жүргізу идеясы қызықтырса, онда əрине, бұл ниетіңізді блог арқылы жүзеге асыра аласыз. Дегенмен, қалаңыздағы, аймағыңыздағы, еліңіздегі, əлемдегі жағдайлар туралы өз ойларыңызды жазу өзге де көптеген жандардың қызығушылығын оятары анық. Əсіресе, егер сіз блогшылары аз өлкеден болсаңыз, пікіріңіз бен көзқарасыңыз ғаламдық көзқарас үшін аса құнды болмақ. Соңғы жылдары дəстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары блогтар мен блогшылардың күн санап өсіп келе жатқанына назар аударды. Бұған көптеген себептер бар. Соның бірі, ағымдағы оқиғаны талқылайтын блогтардардың көбі ақпарат жеткізудің толыққанды еместігін алға тартып жəне шынайы емес көзқарасты əшкерелеп, БАҚ-ты үнемі өткір сынға алады. Көптеген блогтарда кей бұқаралық ақпарат құралдарына жетісе бермейтін білім мен жағдайдың мəн-жайына қанықтық бар. Блогтар өз ойлары мен көкейге түйгендерін білдіру арқылы құнды мəліметтермен де бөліседі. Сондай-ақ, көптеген блогшылар дəстүрлі БАҚ-та жарияланбаған оқиғаларға жұртшылықтың назарын аудартады. Осы орайда олар тегін қызмет көрсететін тілшілер ретінде, айтылмай кеткен мəселеге ден қояды. Блогтарға БАҚ тарапынан үлкен назар аударудың нəтижесінде журналистер мен блогшылар бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс жасауға кірісті. Ол ресми, не бейресми болуы мүмкін. Блогшылардың көпшілігі өз блогтарында көтеретін тақырыбын анықтарда баспасөзге сүйенеді. Журналистердің көбі ақпарат алу үшін жəне мəн-жайға қанығу мақсатында блог жазбаларға жүгініп келеді. Бұл оларға өз репортаждарының сапасын арттыруға көмектесері анық. 8
  • 9. Сəтті блог Блогтың сəттілігін анықтаудың көп əдістері бар. Кейбіреулері жетістікті оқырмандар санымен есептейді. Басқалары жетістікті ақшамен бағалайды. Шындығында, блог арқылы ақша табатын жандар саусақпен санарлық. Сонымен қатар, блогшылардың көпшілігі блогтарын ақша табу үшін немесе оқырмандар үшін бастамайды. Жетістік нені білдіретінін əр блог иесі өзі анықтайды. Көршілеріңізбен танысыңыз – егер сіз өнер жайлы блог жүргізсеңіз, онда өнер жайлы басқа блогтарды оқып, түсіндірме жасау жақсы болар еді. Оқыған блогтарыңызды міндетті түрде сілтемелерге қосыңыз. Сонымен қатар, белгілі бір блогшыларға блогыңыздың іске қосылғандығын хабарлаңыз. Мазмұндас блогтарды табудың жақсы амалы - Technorati (www.technorati.com) іздеу жүйесін қолдану. Өз үніңізді табыңыз — даралығыңызды сақтаңыз! Əрбір блогтың өзіндік дара үні бар. Өзіңізді қызықтырған жайттар туралы жазыңыз жəне өзіңіздің жазбаларыңызға даралығыңызды енгізіңіз. Тіпті салық жүйесі секілді түсініксіз жайттар жайлы жассаңыз да, бұл сіздің жазбаңызға даралық сипат береді. Блогтар мен дəстүрлі БАҚ арасындағы ең үлкен айырмашылық, біріншісінде даралықтың болуында. Интернет қолданушылар оларды тұрақты оқуының сыры да осында. Оны тұрақты түрде жаңалап отырыңыз — Өз оқырмаңдарыңызды жоғалтудың бірден бір себебі – блогыңызды жаңартпау. Бұл сіз блогыңызда күнделікті 10 жаңа хабарлама жазуды міндеттемейді, бірақ та сіз блогты жиі жаңартуға жəне оқырмандардың оған қайтып оралуына ат салысуыңыз керек. Оқырманмен байланыс орнатыңыз — Оқырмандарға түсіндірме пікір жазуға мүмкіндік беріңіз жəне оған өзіңіз де қосылыңыз. Сіздің оқырмандарыңыз сіз байқамаған қызықты ойлар жазатыңызға көзіңіз 9
  • 10. жетеді жəне оқырмандарға бұл мүмкіндікті бере отырып, сіз өз блогыңызды тұрақты оқырмандармен қамтамасыз етесіз. Ерекше тақырып ұсыныңыз — Сəтті блог жасаудың сенімді жолының бірі – басқалары ұсынбағанды ұсыну. Дəстүрлі БАҚ-тағы жаңалықтарға өз түсіндірмелерін беретін блогтар көп болғанымен, өздері жаңалықтар жазатын блогтар өте аз кездеседі. Сəтті жазба - жақсы блог жазбаның сиқырлы формуласы жоқ. Блог авторы жазған əрбір жақсы жазбалардың арасында кем дегенде бір нашар жазба кездеседі. Кейбір блогтар баспасөздің жай ғана көшірмесі. Оқырман ол жаналықтарды блогтан оқығанша, оны таратқан жаңалықтар агенттігінің сайтынан оқи алатынын ұмытпаңыз. • Жазбаңызға тақырып тауып Жазбаңызды қысқаша алыңыз: тақырып табу үшін əртүрлі кіріспеден немесе түсіндірме беретін сайттардағы жаңалықтармен оқиғадан бастаңыз. танысыңыз. Мүмкін, біреуінде оқырмандардың назарын аударуға лайық оқиға табарсыз немесе өзара жақсы байланысқан екі оқиға табасыз. Əлде сіз оқыған құжаттан қандай да бір қателікті байқаған боларсыз. • Дәйексөз келтіріңіз: Өзіңіздің оқырмандарыңыздың назарын аударғыңыз келген бөлікті хабарламаңызға енгізіңіз. • Сараптаңыз: Қажетінше енгізілген бөлікке мəн беріңіз. Егер қандай да бір нақты емес жайтты байқасаңыз соған қатысты ойларыңызды өрбітіп жазыңыз. Мұндай хабарламалардың бірқатар мысалдарымен танысу үшін, neweurasia (www.neweurasia.net) блогын қараңыз. TOL ұйымының «Блог жүргізуге арналған» нұсқаулығынан 10
  • 11. Блог жазбаның 10 қағидасы 1. Əрине кез-келген оқиғаның қашан, қайда өткенін жəне оған кімдердің қатысқанын айтып өткеніңіз жөн. Демек, сіз жазып отырған жазбаның (мақала деуге келмес) ақпараттық негізі болғаны дұрыс. 2. Кез-келген ақпараттың қайнар көзін көрсетіп, сілтеме жасауды ұмытпағаныңыз абзал. Бұл сізді қиын-қыстау кезеңде құтқарып кететін қару болмақ. 3. Сіздің жазбаңыз жекелеген тұлғалардың ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіріп, масқараламауы тиіс. 4. Кез-келген адамды нəсіліне, дініне, саяси көзқарасына, ұлтына жəне тіліне қарай кемсітуге болмайды. 5. Президентті, Үкімет адамын жəне депутатты жария қорлауға болмайды. 6. Ұлтараздығын тудыратын жазбаларға жол бермеңіз. 7. Жазбаңызда сыңаржақ пікірлерден аулақ болыңыз. Мейлінше, обьективтілікті сақтаңыз. 8. Əрине, блог сіздің жеке жазбаңыз болғандықтан, оған өз пікіріңізді таңбаңыз деп айта алмаспыз. Журналистика талабы бойынша, ақпаратқа өз пікіріңізді танбауыңыз керек. Журналистің міндеті – ақпаратты тарату, болған оқиғаға қатысы бар тұлғалар мен сарапшылардың пікірін оқушыға жеткізу, сөйтіп, қоғамдық пікір туғызу. 9. Кез-келген пікірді, айтылған сөздерді сіздердің тарапыңыздан бағалау, тұжырым жасау болмауы тиіс. 10. Жекелеген адамдардың отбасылық жəне жеке құпиясын өзінің келісімінсіз таратудан аулақ болыңыз. Есенгүл Кəпқызы http://yesengul.wordpress.com 11
  • 12. Мəтін жазуға арналған 10 кеңес 1.Тақырыпты кіші əріптермен жазу 2.Абзац қоймау 3.Тақырыпшаларды үлкен əріптермен жазу 4.Əрбір азат жолдың арасын ашып отыру 5.Жазбаңыз қысқа əрі нұсқа болсын 6.Жазбаңызды оқуға қызықты ету мақсатында, тақырыпшалармен бөліп отырған абзал 7.Əрбір сөйлем анық əрі нақты болсын 8.Фокустан ауытқымау 9.Обьективтілікті сақтау 10. Əрбір дерегіңіздің дəлелі мен дəйегі болсын. Есенгүл Кəпқызы, http://yesengul.wordpress.com 12
  • 13. Әдеп Əділеттілік — субъективті түрде əділ болу, бірақ өзіңізге қандай құрмет көргіңіз келсе басқаларына да сондай құрмет көрсетуіңіз керек. Бұл сіз басқалардың пікірлерін тыңдап, сіздің жұмысқа қатысты сынды көтере алуыңыз керектігін білдіреді. Өзгелерді тыңдауға дайын болып, өз уəжіңіз қандай екенін зерттеңіз. Адалдық — егер сіз қандай да бір мақсаттар үшін сізге қаражат берген ұйым туралы жазсаңыз, бұл деректі де айтып кетіңіз. Осылайша, егер сіз саяси мəселелерді жиі көтерсеңіз, онда өз көзқарасыңызды да жазыңыз. Себебі оқырмандар сізден не күтуге болатынын білуі керек. Бұл оқырманмен жеке басыңызға қатысты мəліметтермен бөлісу дегенді білдіреді. Дегенмен мүдделер шиеленісі ушығатын жерлерде сіз ашық болуыңыз керек. Тәуелсіздік — не жазылу керек болса, соны жазыңыз. Ықпалды мүдделер ыңғайына көнсеңіз, өзіңізге деген адалдықтан айырыласыз. Шынайылық — тек шын мəнінде болған оқиғалар жайлы ғана айтыңыз. Егер сізде айтылған сөзде күмəн болса, ол туралы айтыңыз. Егер сіз бір нəрсе туралы ойласаңыз, нақтылап алыңыз. Қосымша, қандай да бір оқиғаны жазғанда, білмейтін жайттарды көрсетіңіз. Сілтемелер көрсетіңіз — мүмкіндігінше сіз баяндаған материалға, тіпті сіз онымен келіспесеңіз де, сілтеме жасаңыз. Бұл сіздің оқырмандарыңызға өз көзқарасын қалыптастыруға көмектесіп, сіздің дəйектемеңізді күшейтеді. Қайнаркөзді құрметтеңіз — егер сіз біреуден сұхбат немесе хабарламада қолдану үшін ақпарат алып жатсаңыз, қайнаркөзді құрметтеңіз. Бұл ақпарат көзіне жүгінуге бола ма немесе алынған ақпаратты қалай қолдануға болатыны жайлы анықтап біліңіз. Есіңізде болсын, кейбір жағдайдарда қайнаркөзді құрметтемеу (егер ақпарат байқап істеуді талап ететін сипатта болса) қайнаркөздің жұмысынан айрылуына немесе түрмеге қамалуына əкеп соғуы мүмкін. 13
  • 14. Қателіктеріңізді қоғам алдында дұрыстаңыз — Егер өз хабарламаңызда сіз айтқан немесе сіз жүгінген оқиға өтірік болып шықса, бұл қателікті тез арада дұрыстаңыз. Əдетте, бірінші хабарламаның жаңартылған түрін дереу енгізу керек, сонда алдыңғы жəне соңғы дұрысталған нұсқа бір жерден табылатын болады. Өсектемеңіз — Басқаларға қатысты жалған немесе арам ниетті сөздер айтпаңыз. Егер сіз басқа блогшы немесе қоғамдық қайраткермен келіспесеңіз, оның жеке басына немесе ол туралы өтірік сөз айтпаңыз. Жақсы дəлелденген жəне негізделген дəйектер ұсынуға тырысыңыз. Басыңызды қатерге тікпеңіз! Əлемнің көптеген бөлігінде блогшыларға жəне блог жүргізуге онша жақсы ықылас танытпайды. Кей елдерде адамдар тіпті, онлайнда, блогтарда өз пікірін білдіргені үшін түрмеге қамалған. Сондықтан, өз тұлғаңызды қорғаңыз жəне блогты қауіпсіз жүргізіңіз! TOL ұйымының «Блог жүргізуге арналған» нұсқаулығынан 14
  • 15. Блог қандай заңдарға бағынады? Қазақ тілінде блог бастап жүрген әрбір блогшының алдынан ерте ме, кеш пе бұл сұрақтар туындайтындықтан төмендегі кеңестерге назар аударғаны орынды. 1. Блог – БАҚ па? БАҚ туралы заңға енгізілген өзгеріске сəйкес барлық веб-ресурстар БАҚ деп танылады. Заңда көрсетілген анықтамаға назар аударайық: Бұқаралық ақпарат құралы – мерзiмдi баспасөз басылымы, радио жəне теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы жəне интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз жария таратудың басқа да нысаны; (Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының 1999 ж. 23 шілдедегі № 451-1 Заңы (2009.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен). Яғни, блог заң тұрғысында БАҚ туралы заң бойынша да қарастырылады. 2. Блогқа жарияланған əрбір жазба үшін блог авторы жауап береді. Бұл жазба авторлық емес, бір жерден көшіріліп алынған болса да, блог авторы жауапты. 3. Блогта жаряланған пікірлер (комментарийлер) үшін блог авторы жауап береді. Қазақстанда қабылдаған Халықаралық заң нормалары бойынша егер əлдебіреуден блогыңыздағы пікірді алып тастау немесе өзгерту жайлы өтініш келіп түссе бір күннің ішінде орындаған абзал. 4. Блогыңызда жарияланған бейəдеп сөз үшін бұзақылық бабымен əкімшілік жазаға тартылуыңыз мүмкін. Осы айда украиналық интернет 15
  • 16. қолданушы форумда айтқан əдепсіз сөзі үшін 15 күнге қамауға алынды. 5. Блогыңызда əлдебір азамат жайлы жазған болсаңыз, əрі ол азаматтың шетелде беделі болса, онда ол шетел соттарына шағым түсіре алады. Мəселен, Лондон қор биржасында акциялар тіркелген қазақтың іскер азаматтары жайлы жазба жарияланса. Қазақ бизнесмені Лондондағы іскерлік беделіме нұқсан келтірді деп Лондон сотына шағымдана алады. Украинаның ең бай адамы Ахметовтың «Обозреватель» сайтымен арадағы дау-дамайы нəтижесінде Лондон соты Ахметовты қорғап шықты. 6. Ресми тіркеуден өткен ақпарат құралдарынан мақаланы көшіргенде сілтемесін көрсету керек. Ең болмаса, гиперсілтеме көрсетілгені жақсы, ал заң бойынша газеттің аты, шыққан күні көрсетілуі керек. 7. Кісі атына жала жабу, ар-намысына, іскерлік беделіне нұқсан келтіру еліміздің заңдары бойынша қылмысқа жатқызылған. Яғни, Қылмыстық Кодексте мұндай қылмыс үшін бір жылға бас бостандығынан айырылуы да мүмкін. Сондықтан интернетте əлдебір кісінің атын атап жазба жазған кезде əрбір сөзіңізге сақ болғаныңыз орынды. 8. Блогыңыздағы жазбаның аворлық құқын қорғау үшін Creative Commons лицензиясының кодын блогқа іліп қоюға кеңес беремін. Creative Commons сайтына кіріп, өз блогыңыздағы (интернеттегі) шығармашылықты коммерциялық немесе тегін пайдалансаңыз болады деп жұртқа жариялауға мүмкіндік береді. Əдетте CC үш түрлі деңгейге (барлық құқықтар қорғалған, жартылай қорғалған, мүлдем қорғалмаған) бөлінеді. Əзірлеген Асхат Еркімбай, http://urimtal.wordpress.com 16
  • 17. Маңыздысы қайсы: мазмұн ба, əлде пікір алысатын орта ма? «Ең маңыздысы мазмұн жасау ма жоқ әлде адамдардың жиналып, танысып, достасып (өмір бойы бір-бірлерін көрмеуі мүмкін), пікір алысатын орта қалыптастыру ма?» деген сұраққа блог негізінде бірінші интернет-басылымды ұйымдастырған Украина азаматтары «Əрине, пікір алысатын орта қалыптастыру» деп жауап береді. «Ең бастысы адамдардың не жазғаны емес, бір-бірімен қалай сұхбаттасқаны, сөйлескені, бір-бірінен не үйренгені, қандай кәсіби иә басқа да байланыстар тапқаны» деп санайды. Кішкентай балалар ең бірінші телефонмен сөйлескенде не айтуды, қалай сөйлесуді білмей дағдарып қалатынын байқаған боларсыз. Өйткені бет-жүзін көрмей тұрған, танымайтын адаммен қалай сөйлесуге болатынын білмейді. Интернетте де солай, көп адамның е- поштаны қолдана алмауы, қашықтан оқыту курстарын да игере алмауы да осымен байланысты. Мысалы, қазір Қазақстанда көптеген мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар да интернетке қосылып, е- пошталарын ашып жатыр. Бірақ е-поштаны қолдану мəдениетін білмегендіктен, жазған хатқа жауап жазбайды, пошталарын уақытында тексермейді, кейбір мекемелерге телефон соғып «поштаңызды тексеріңіз» деп айтуға тура келеді. Көбінесе мектептерді, мекемелерді интернетке қосады, бірақ мұғалімдерді, қызметкерлерді оны қалай қолдануға үйрету жағы ойластырылмайды, əр адам бұл мəселені өзінше шешіп жатады. 17
  • 18. Бұл жазбамда мен блог жасау деңгейіне жеткен «кəсіби» (деп Бірнеше жыл бұрын оңтүстік- атауға болатын болар) кореялық блог негізінде жұмыс істейтін интернет басылым қолданушылар туралы сөз «Билл Гейтс қайтыс болды» деген ақпарат таратады. Олар қозғағандықтан, блогшылардың бұл хабарды CNN атын жамылған жалған бір сайттан жауапкершілігі туралы да алады (оның жалған сайт екенін білмей қалады ). Сөйтіп осы айтайық. Яғни, блогта кім не хабардың нәтижесінде оңтүстік-кореялық рынок 2 % жазам десе де ерікті, бірақ құлдырады деген сөз бар. шектеу қоятын талаптар да болады. Блогта адамдарды жəбірлейтін, қорлайтын, ар- намысына тиетін нəрселердің болмауы шарт. Қолданушыларды бұған да үйрету керек. Дəстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарында ешқашан басылмайтын, талданбайтын тақырыптар Интернет басылымдарда, блогтарда өте көп. Сонымен қатар кейде блогта өтірік нəрсені жазатындар, жалған ақпарат беретіндер де болады, мысалы, Психологияда мынадай алғышарт бар: адамдар бір-бірін көбірек білген сайын, жақсырақ біле / тани бастайды, жақсырақ білген сайын бір-бірімен азырақ жауласады, араз болады. Яғни адамдар интернетте болсын, өмірде болсын (дүниенің қай түкпірінде тұрса да) көбірек сөйлесіп, араласса бір-бірін жаудан гөрі дос ретінде қабылдайтыны сөзсіз. Əзірлеген Бақытгүл Салықова Дереккөзі: http:// neweurasia.net/kazakhstan?p=34# 18
  • 19. Ең қарт блогшының өсиеті «Қарттарды жалғыз қалдырғанша интернет үйретіңдер» Испанияның ең қарт тұрғыны Мария Амелия Лопез Солино өзін «әлемдегі ең қарт блогшы» ретінде таныстыратын. Себебі ол 95 жасынан бастап блог жүргізе бастады. Интернеттегі әлеуметтік желіге деген қызығушылығын «Балам туған күніме ақшасын шығындағысы келмей, маған блог ашып беріп еді» деген қалжыңмен түсіндіретін. 2006 жылдың 26 желтоқсанында ашылған http://amis95.blogspot.com атты блогы бір айдың ішінде мыңнан аса оқырманның жүрегін баурап алды. Себебі Лопез блогында өзінің өткен өмірімен бөлісетін (Испаниядағы ұлт азаттық көтеріліс), жеке көзқарастары (саясат, Иранға қатысты, испан жасөспірімдерінің ішімдікке əуесі туралы) жəне өзінің күнделікті күйбең тіршілігі мен қарттығын, ауырып жүргенін де сөз ететін. 2007 жылы оның сайты Deutsche Welle неміс телеарнасы жүргізген байқауда «Испанияның ең үздік блогы» атанды. «Мен қарапайым тұрғындардың бірімін. Ешқандай ерекшелігім жоқ» деді Лопез 2007 жылы телеарнаға берген сұхбатында. «Бар болғаны өзімнің ойларыммен бөлісемін». Жасөспірімдер оған хат жазып, қай университетке, қандай мамандыққа тапсырған жақсы екенін сұрайды. Онымен сондай-ақ Испанияның үкімет басшысы Жозе Луис Запатеро да арнайы кездескен. Лопез оған 16 жасынан бері социалист екенін айтқан. Өз кезегінде премьер-министр оны Монколаға, Президент Сарайына қонаққа шақырды. 19
  • 20. Ол өзін əлемдегі ең қарт блогшы ретінде таныстыратын. Себебі əлемдегі [ Мен интернетпен ең қарт блогшы 2008 жылы Австралияда 108 жасында қайтыс жұмыс істегенде болған еді. ауруларым туралы ұмытып кетемін. Лопездің көзінің жанары суалғандықтан Адамдармен үнемі өзінің жазбаларын немересі Даниелге байланыста болып, жаздыратын. Бір айдың ішінде ғана оның блогын 51 мың адам оқитын. көңілімді жақсы нәрсеге аударғаным жақсы. Лопездің өз сөзі бойынша интернет Миым тынығып, оның өмірін 20 жылға жасартып, бойымда бір күш пайда халықаралық қауымдастықпен болады. Себебі сол жақындастыра түсіпті. Əрі əлемнің кезде мен өзімнің əрбір түкпірінен достар тауып үлгерген. жалғыз емес екенімді, 2009 жылдың ақпанда ол Facebook-тен достарыммен сөйлесіп қарт адамдардың құқығын қорғайтын отырғанымды білемін] арнайы қауымдастық ашқан. «Қарттарға зейнетақы беріп, балалары оларға арнайы күтуші жалдағаннан гөрі интернетті қалай қолдану керектігін үйретсе əлдеқайда жақсы болады» дейді Лопез. Егде жастағылардың виртуалды қажеттілігін алғашқы болып айтқан Мария еді. Қайтыс болғанда блогқа 600-ден астам көңіл білдірген. Лопездің жақындары соңғы жазбада «блог Лопезге 880 бақытты күн сыйлады» деп жазды. Кісінің рухы дүниедегі адамдармен қарым-қатынасқа түседі деп сенетін Лопездің туысқандары «Анашым, қай жерде жүрсең де сен блогыңа қалдырылған пікірлердің бірін қалдырмай оқып шығатыныңа күмəнсіз сенеміз» депті. Мария Амеля Лопез Солино 1911 жылы 23 желтоқсанда Галицио жағалауындағы Муксиа ауылында дүниеге келіп, 2009 жылдың 20 маусымында қайтыс болды. Əзірлеген Асхат Еркімбай 20
  • 21. Блогты насихаттау жолдары 1. Әлеуметтік желілер Көптен армандаған блогыңды тіркеп, ерекше ат қойып, жазбалар енгізіп бастап-ақ кеткен шығарсың. Енді блогымды көпшілік назарына қалай ұсынамын, қалай насихаттаймын деген ойлар келген болар. Оны іске асыру үшін Wordpress.com-да өте ыңғайлы функциялар бар. Интернеттегі ең басты қауым, яғни адамдардың ең көп жиі кіретін сайттары ол -əлеуметтік желілер (Twitter, facebook, вконтакте, моймир, т.б.) Сондықтан да блогыма PR жасаймын десең, ең алдымен осындай əлеуметтік желілерден бастағаның жөн. Егер сіз жаңа жазған жазбаңыз осы сайттарда көрінсін (сілтемесі) десеңіз, өте оңай келесі қадамдарды орындайсыз: блогыңыздың құрал-сайман тақтасындағы ―My Blogs‖-қа кіріп, ―Насихаттау‖ бағанындағы керекті сайтыңызды шертесіз. Мысалы, əр жазған жазбаңыздың сілтемесі twitter-ге микроблог ретінде шықсын десеңіз, ―Насихаттау‖-дағы twitter-ге басасыз. Бірден сізге twitter-мен байланысуға рұқсат сұрайды. Байланысқан соң, енді twitter сайтында сізден Wordpress.com-мен байланысуға рұқсат сұрайды. ―Allow‖ яғни, рұқсат беремін дегенді бассаңыз, сіздің əр жазған жазбаларыңыз twitter-де көрінетін болатын. Басқа сайттармен де байланысты тура осы үлгімен орындап шыға аласыз. Осылайша twitter сияқты əлеуметтік желілердегі достарыңыз сіздің жаңа шығармаларыңызды оқи алады, ал facebook-та дəл сонда-ақ жазбаңызға пікір қалдыра алады. Сондай-ақ вконтакте, моймир сияқты желілерге де өзіңнің блогыңның URL-ын микроблогтарға жазып, насихаттасаң болады. 2. Басқа блогтарға пікір қалдыру Қазақ тілінде ―Алаған қолым береген‖ деген сөз бар, яғни блогыңа толассыз пікірлер жазылсын десең, бірінші болып өзің өзгелердің блогына пікір қалдыр. Жалпы Wordpress.com-да өзіндік пікір қалдыру мəдениеті қалыптасқан. Қанша жерден жазбаларың ерекше де, 21
  • 22. қызықты болып, ал өзің басқа блоггерлерге пікір қалдырмасаң, жазбаң көпшілік назарынан тыс қалып қояды. Ол тіпті қалыптасқан ―жүйе‖ де емес, жай ғана егер сен басқа блогтардан пікір қалдырып көріне бастасаң, өзгелер де сені байқай бастайды. Пікір қалдыру да өзің туралы жұртқа айту деген сөз. Қарапайымдау айтсақ, өзіңнің ғана блогыңда отырсаң, сені ешкім көрмейді. Ал өзге блогтарда, əсіресе танымал, жиі оқылатын блогтарда көріне бастасаң, өз блогыңның да рейтингісі жоғарылайды. Əзірлеген Айжан Берекетқызы http://kerbez.wordpress.com 22
  • 23. Блогқа не жазуға болады? Көпшілігіміз блогты онлайн күнделік деп ойлаймыз. Қазір блогшылар онлайн «Жұрт не ойлап күнделікпен шектелмей, əртүрлі салада, қалады деп ыңғайсызданудың, əрқайсы өзіндік стилімен, өзіндік басқалардың ой- пiкiрiнен ұялудың бағытымен жазып келеді. ретi жоқ. Себебi бұл — сiздiң блогыңыз. Сiздiң интернеттегi Жаңа блог бастаушылар блогты қандай мекенiңiз. Осы бағытта бастаймын, не жазамын деп мекенiңiзде жазғаныңызды ойлаған болса онда төмендегі блогтың мыңдаған, бәлкiм миллиондаған адам түрлерінен өзіне ұнаған бірін таңдап алуға оқиды. Олар сiздiң қандай көңiл-күйде болатын сияқты. жазғаныңызды сезiнуi үшiн эмоциямен және дәлелмен жазыңыз. 1. Тазалық, ереже мен емле қатесiне Заң шеңберiнен шықпай, нақтылы жол бермеу — жақсы блогшы болудың дәлелдердi пайдаланыңыз. Егер ең басты кiлтi. Кириллицаны материалыңызда пайдалансаңыз, бiр форматпен жəне бiр айтылған әңгiме үш немесе одан да көп түспен жазсаңыз, оны оқу көзге жеңіл дерекпен расталса, онда дәлелiңiздiң болар едi. дәйектi яки нақты болғаны. Бiреудiң жеке басының 2. Блогыңызға өзгелердi тарту үшiн ең кемшiлiгiн терiп, алдымен өзiңiздi көрсете бiлiңiз. дерексiз мақала жазған адам Блогтың ең басты ерекшелiгi де осы. ешқашан жақсы блогшы бола Блогқа кiрушiлер үшiн сiздiң ой-пiкiрiңiздiң алмайды». орны бөлек. Олар сiздiң қай мəселеде не ойлайтыныңызды, қандай пiкiрде екенiңiздi, ақыр аяғы немен айналысатыныңызды, дəл қазiр не 23
  • 24. iстейтiнiңiздi де бiлгiсi келедi. Олай болса, өзiңiздi көрсету қажет. 3. Жұрттың бəрi журналист емес. Асығыстықтан немесе салғырттықтан бiрдi-екiлi қате кетiп қалуы мүмкiн. Ондайға жол бермеу үшiн жазып бiткеннен кейiн қайтадан мұқият оқып шығыңыз, тексерiңiз, қажет болып жатса, түзетулер енгiзiңiз. Сонда ғана сапалы мақала шығады. 4. Басқа блогтарға кiрiп, пiкiр бiлдiрiп тұруды да ұмытпаныз. «Мен басқалардың блогына қызығушылықпен қарамасам, менiң блогыма да басқалар қызықпауы мүмкiн» дегендi есте ұстаныз. Əрi басқа блогтарға кiрiп, ой-пiкiр бiлдiру арқылы өз орныңызды көрсетуге мүмкiндiк аласыз. Бiр жағынан өз блогыңыз туралы мəлiмет беруге де мүмкiндiгiңiз бар. 5. Жұрт не ойлап қалады деп ыңғайсызданудың, басқалардың ой- пiкiрiнен ұялудың ретi жоқ. Себебi бұл — сiздiң блогыңыз. Сiздiң интернеттегi мекенiңiз. Осы мекенiңiзде жазғаныңызды мыңдаған, бəлкiм миллиондаған адам оқиды. Олар сiздiң қандай көңiл-күйде жазғаныңызды сезiнуi үшiн эмоциямен жəне дəлелмен жазыңыз. Заң шеңберiнен шықпай, нақтылы дəлелдердi пайдаланыңыз. Егер материалыңызда айтылған əңгiме үш немесе одан да көп дерекпен расталса, онда дəлелiңiздiң дəйектi яки нақты болғаны. Бiреудiң жеке басының кемшiлiгiн терiп, дерексiз мақала жазған адам ешқашан жақсы блогшы бола алмайды. 6. Блогыңыздың белгiлi бiр бағытты ұстанғаны жөн. Мумкiндiгiне карай ұқсас бағытта жасаңыз. Мысал ретiнде Эльвиранын «Аспаздық» блогын айтуға болады. 7. Үнемi жаңалап отыру. Аптасына болмаса да, айына бiрнеше мақала жазуға тырысыңыз. Егер бiр айда бiрде-бiр жаңа мақала 24
  • 25. болмайтын болса, онда бара-бара сiздiң блогыңызға ешкiм кiрмейтiн болады. 8. Өзгелерге пайдаңды тигiзу. Қандай да бiр материалды басқа бiр блогтан немесе басылымнан көшiрген болсаңыз, дереккөзiне сiлтеме жасауды ұмытпаңыз. Өзiңiздiң оны оқуға жəне көшiруге уакыт жұмсағаныңыз сияқты өзгелердiң де оған уакыт кетiретiнiн есепке алыңыз. Жұрттың уақытын босқа алмау үшiн тек қажеттi деген материалдарды ғана орналастыруға тырысыңыз. 9. Ел сiздiң блогыңыз арқылы басқа блогтарға баратын жолды тауып жатса, нұр үстiне нұр. Сiздiң блогыңызды оқымаған күннiң өзiнде де, ол адамға басқа блогтарға өтуге мүмкiндiк туғызыңыз. 10. Көлемдi материалдар оқушыны жалықтырады. Қысқаша жазуға əдеттеніңіз. Сонымен бiрге оны қызықты жеткізуге тырысыңыз. Бiр айтқанды екiншi мəрте қайталауға жол бермеңiз, қысқа əрi нұсқа жазыңыз. Жалпы көпшiлiкке түсiнiктi тiлде жазыңыз, мүмкiндiгiнше тiлге жеңiл сөздердi пайдаланыңыз. Əзірлеген Бақытнұр Бəйтелұлы Дереккөзі: http://bakytnur.wordpress.com/2007/07/19/ 25
  • 26. Электронды құралдар 1. Пошта. gmail.com – артық суреттерімен, спам хаттарымен мазаңызды алмайтын Google компаниясының пошталық қызметі қазақ тілінде хат алмасуға мүмкіндік береді. Əрі төменде келтірген көптеген онлайн қызметтеріне оңай тіркелуге себепші болады. 2. Пернетақта. keybr.com – пернетақтада саусақтарыңыз жылдам жүгіріп жүрсін десеңіз, осы құралмен күн сайын 5-10 минут жаттығып тұрсаңыз болады. 3. Браузер. mozilla – шолғышының қазақша нұсқасы бар. Əрі қосымша үстемелерді жүктеп алсаңыз, біраз уақытыңыз үнемделеді. Мəселен, поштаны ашып жатпай-ақ бірден тексеретін, емле қатесін тексеретін т.б. көптеген бағдарламалар бар. 4. Құжат өңдеу. toolkit – аударма жасауға, əрі жеке аудармашылық сөздікті қалыптастурға арналған ресурс. Интернетте қазақ тілінде контентті молайтуға қосар үлесі зор. 5. Құжат өңдеу. zamzar.com – сипаты əртүрлі файлдарды қажетті қалыпқа өңдеп береді. Мəселен, doc файлдарды. 6. Құжат өңдеу. google desktop - компьютердегі құжаттарыңның қайда, қашан, қай жаққа сақтап қойғаныңды білмесең, ал бастығың тезірек тап деп жатса, осы құралды жүктеп алып, орнатуға кеңес беремін. ctrl батырмасын екі рет шертіп, кілт сөз арқылы іздеген құжатты тауып береді. 7. Мəліметпен бөлісу. twitter – өзіңнің жеке ―интернет агентіңді‖ сайлап алу үшін пайдалы. Twitter-ден өзіңе пайдалы болатын қолданушыны тауып алсаң болғаны. Ол ойларымен, мəліметтерімен тегін бөлісіп тұрады. 8. Мəліметпен бөлісу. bit.ly, 3cm.kz – сайттардың сілтемесімен тез, əрі оңай, əрі қызықты бөлісу үшін. 26
  • 27. 9. Мəліметпен бөлісу. murl.kz – twitter т.б. шектеулі белгілермен жылдам хабар алмасатын құралдарға арнап, сайттардың сілтемесін қысқартып береді. 10. Сурет өңдеу. gickr.com – онлайн жыпылық сурет (хмм, енді gif файлды дегенді түсіндіре алдым ғой деймін) жасауға арналған ресурс. Блогымдағы dabai.kz баннерін соның көмегімен жасадым. Бар болғаны комптағы суреттеріңізді жүктейсіз, бірер секундта жыпылық суретіңіз дайын! 11. Сурет өңдеу. image resizer – суреттерді тез арада өңдеп, көлемін кішірейту керек болса, осы құралды жүктеп алсаңыз болады. Кейін суретке тінтуірді апарып, оның оң жағын шертіп барып, суреттің көлемін тез арада кішірейте аласыз. Əзірлеген Асхат Еркімбай 27
  • 28. Жиі қолданылатын блог-терминдер Агрегатор (Aggregator) —онлайндық қызметтің немесе таңдаулы блогтардың синдикацияланған мазмұнын оқуға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету. Атом (Atom)—Атом синдикацияланған каналдың белгілі бір типі болып табылады. Сілтемелер тізімі (Blogroll)— Блогтың үй бетіндегі бағанаға орналастырылатын өзге блогтар мен вебсайттарға жасалған сыртқы сілтемелер тізімі. Канал (Feed)—Каналдың RSS атомы блогтағы соңғы хабарламаны қамтитын файлды білдіреді. Пермасілтеме (Permalink)— ―permanent link‖ сөзінің қысқартылған түрі (яғни, ―тұрақты сілтеме‖). Блогта орналасқан əрбір жеке материалдың ыңғайлы бетбелгі ретінде қолданылатын веб-адресін білдіреді. Үнхабар (Podcast)— ―iPod‖ жəне ―broadcast‖ сөздердің қысқартылған нұсқасы (яғни, ―трансляциялау‖). Үнхабар RSS жəне Атомның синдикацияланған каналдары арқылы жасалады. Оларға арнайы подкастингтік агрегаторлар арқылы жазулуға болады. Сондай-ақ подкастингтің белгілі бір құрамдас бөлігіне де жəне материалды орналастырудың сəйкес тəсіліне де қатысты болуы ықтимал. RSS—RSS бұл ―Really Simple Syndication‖ сөздерінің қысқартылған сөзі (―Шындығында да қарапайым синдикация‖). Каналдарды синдикациялаудың бір түрін білдіреді. 28
  • 29. Синдикация (Syndication) — Синдикация пайдаланушыларды вебсайттың жаңартылуы жайлы хабар етеді. Бұл блогты қолдану кезінде ерекше қолайлы, себебі блогтар жиі жаңартылып отырады. Сонымен қатар, бұл блогтар мен вебсайттарға блогта орналастырылған белгілі бір материалдарды түбегейлі қайта жаңғыруға мүмкіндік беретін тəсіл. Уики (Wiki)—―Вики‖ термині Гавайдың ―вики-вики‖ сөзінен шыққан, ол «тез» деген мағына береді. Уики дегеніміз – кез келген қолданушы оңай жəне тез жаңарта алатын вебсайт. TOL ұйымының «Блог жүргізуге арналған» нұсқаулығынан 29