Successfully reported this slideshow.
We use your LinkedIn profile and activity data to personalize ads and to show you more relevant ads. You can change your ad preferences anytime.

Экологиялық журналистика

7,996 views

Published on

Экологиялық журналистикаға арналған қазақ тіліндегі электронды кітапты назарларыңызға ұсынамын. Кітап "MediaNet" Халықаралық Журналистика орталығында әзірленді.

  • Be the first to comment

Экологиялық журналистика

  1. 1. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ПРАКТИКАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР
  2. 2. «Экологиялық журналистика. Практикалық кеңестер» нұсқаулығын жасау ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылды. Нұсқаулықтың мазмұны донордың жеке көзқарасын білдіруі міндетті емес. Редакторы: Игорь Братцев Дизайнер/беттеуші: Светлана Грудницкая Аудармашы: Дінмұхамед Зиядин, Сәния Әбдіғапар
  3. 3. КІРІСПЕ4 5 19 30 45 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚҰҚЫҒЫН ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ШАҚЫРТУЛАР МЕН БАҚ-ТЫҢ РӨЛІ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЖАЗУ ҮШІН ТІЛШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ПРАКТИКАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР ІСКЕРЛІК БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ ЭКОЛОГИЯ ТАҚЫРЫБЫ ЭКОЛОГИЯ ТАҚЫРЫБЫНДА МАҚАЛА ЖАЗУДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ
  4. 4. Қазіргі таңда Қазақстан ақпарат айдынында экологиялық мәселелерге қатысты жазылған ма- териалдар жеткіліксіз. Оның бірнеше себептері бар. Көп жағдайда экология тақырыбында жа- затын журналистер оқиғаны суреттеумен не- месе интернеттегі мақалаларды аударумен ғана шектеледі. Қызықты тақырыптарды табу, түрлі пікірлерді жинақтау, болған оқиғаға қорытынды жасау, сондай-ақ, статистиканы және тарихи ма- териалдарды қолдану жағы жетпей жатады. Экология тақырыбында қалам тербейтін журналистердің көбі ақпарат көздерін, өзекті тақырыптарға қатысты пікір айтатын сарап- шыларды дұрыс таңдай алмайды. Сондай-ақ, арнайы дайындықтары жоқ. Көп жағдайда Қазақстандық мемлекеттік мекемелермен, халықаралық ұйымдармен тиімді байланыс ор- ната алмай жатады. Авторлардың ойынша, бұл нұсқаулық, аталмыш мәселелерді шешуде өз пайдасын тигізуі қажет. «Экологиялық журналистика. Практикалық кеңестер» нұсқаулығы Астанадағы ЕҚЫҰ Орта- лығының қолдауымен Қазақстанда өткізілген экологиялық журналистика бойынша ар- найы жоба негізінде жасалды. Қазақстанның төрт қаласында, Атырау, Шымкент, Павлодар, Қарағандыда, экология мәселелері бойынша жа- затын журналистерге арналған арнайы мастер класстар мен тренингтер өткізілді. Жүргізушілер мен тренерлер ретінде тәжірбиелі қазақстандық және шет елдік журналистер, тәуелсіз сарап- шылар, сондай-ақ, азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Басылымда қазақстандық және шет елдік журналистердің, сарапшылардың тәжірбиелері жинақталған. Ақпарат көздері ұсынылған. Сондай-ақ, әр форматта мақала жазу жолдары көрсетілген. Нұсқаулыққа енгізілген практикалық кеңестер көптеген мәселелерді көтеруде тап- тырмас көмек құралы бола алады. Нұсқаулық авторлары бұл еңбек журналисти- ка факультетінің студентеріне, практик-журна- листерге, оқытушыларға, сонымен қатар, осы салаға қызығушылығы бар мамандарға көмегі тиеді деп үміттенеді. КІРІСПЕ
  5. 5. 5 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚҰҚЫҒЫН ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ШАҚЫРТУЛАР МЕН БАҚ-ТЫҢ РӨЛІ
  6. 6. 6 Қоршаған орта саласына байланысты негізгі тер- миндер: қоршаған орта - атмосфералық ауаны, жердiң озон қабатын, жер бетiндегi және жер астындағы суларды, жердi, жер қойнауын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн, сондай-ақ олардың өзара iс-әрекетiнен туындайтын климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектiлердiң жиынтығы; қоршаған ортаны қорғау - қоршаған орта- ны сақтау мен қалпына келтiруге, шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға терiс әсерiн болғызбауға және оның зардаптарын жоюға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi; қоршаған ортаның ластануы - қоршаған ортаға ластаушы заттардың, радиоактивтi материалдардың, өндiрiс және тұтыну қалдық- тарының түсуi, сондай-ақ шудың, тербелiстердiң, магнит өрiстерiнiң және өзге де зиянды физикалық әсерлердiң қоршаған ортаға әсерi; қоршаған ортаға келтiрiлетiн залал - табиғи ресурстардың жұтаңдануы мен сарқылуын не- месе тiрi организмдердiң қырылуын туындатқан немесе туындататындай етiп қоршаған ортаны ластау немесе табиғи ресурстарды белгiленген нормативтерден артық алу; қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - қоршаған ортаны қорғау және ГЛОССАРИЙ Бұл бөлімде Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау жүйесінің негізгі компоненттері, терминдері және жұмыс барысы қысқаша баяндалады. Сонымен қатар, экологиялық ақпараттарды табу және сараптау жолдарына байланысты кеңестер беріледі. Марат Шибутов, сарапшы, Қазақстандағы шекаралық ынтымақтастық қауымдастығы
  7. 7. 7 табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттiк са- ясатты әзiрлеу мен iске асыру мәселелерi бой- ынша басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары; экологиялық сараптама - көзделiп отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта сапасының нормативтерiне және экологиялық талаптарға сәйкестiгiн белгiлеу, сондай-ақ осы қызметтiң қоршаған ортаға тигiзуi мүмкiн қолайсыз әсерлерiнiң және олармен байланысты әлеуметтiк салдарлардың алдын алу мақсатында экологиялық сараптама объектiсiн iске асыруға жол берiлуiн айқындау; мемлекеттiк экологиялық бақылау - уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде қоршаған орта- ны қорғау саласындағы Қазақстан Республи- касы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентi жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларының талап- тарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi; шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрi - нәтижесiнде қоршаған ортаны авариялық ластайтын неме- се ластауы мүмкiн жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қызметi; экологиялық аудит - аудиттелетiн субъектiлердiң шаруашылық және өзге де қызметiн экологиялық тәуекелдердi анықтау мен бағалау және олардың қызметiнiң экологиялық қауiпсiздiк деңгейiн арт- тыру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге бағытталған тәуелсiз тексеру; экологиялық рұқсат - жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат; (ҚОҚМ тарапынан беріледі); қоршаған ортаға эмиссиялар - ластау- шы заттардың шығарындылары, төгiндiлерi, қоршаған ортада өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету, күкiрттi қоршаған ортада ашық түрде орналастыру және сақтау; қоршаған ортаға эмиссияларға арналған ли- миттер - қоршаған ортаға белгiлi бiр мерзiмге белгiленетiн эмиссиялардың нормативтiк көлемi; эмиссиялар нормативтерi - қоршаған орта са- пасы нормативтерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге жол берiлетiн эмиссиялар көрсеткiштерi; қауiптi қалдықтар - құрамында қауiптi қасиеттерi (уыттылығы, жарылыс қаупi, радиоактивтiлiгi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi) бар зиянды заттарды қамтитын және дербес неме- се басқа заттармен қосылған кезде қоршаған ортаға және адамның денсаулығына тiкелей не- месе ықтимал қауiп төндiретiн қалдықтар; қауiпсіз қалдықтар - қауiптi қасиетi жоқ қалдықтар.
  8. 8. 8 Журналистің басты міндеті - нақты, дәйекті экологиялықақпараттабу.Солсебепті,ақпаратты қайдан, кімнен және қалай алуда журналистің өз құқығын білуі аса маңызды. Орхус конвенциясы Орхус конвенциясы – «Ақпаратқа қол жеткізу, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу» туралы БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының конвенциясы. Конвенцияның мақсаты – қоршаған орта мен адам денсаулығының құқықтық қорғалуына көмек жасау, қоршаған ортаға байланы- сты соттық шешім қабылдау мен іс-жүргізу процестеріне қатыса алуға мүмкіндіктер туғызу. Конвенцияның негізгі талаптары:  Ақпаратқа қолжетімділік (Ақпаратқа сұраныс берген тарапты кез-келген қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету);  Қоғамды интернет кеңістігі арқылы үздіксіз ақпаратпен қамтамасыз ету; ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТТАРДЫ ТАБУ МЕН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ  Ақпарат таратуда оған деген қоғамның қызығушылығын анықтау;  Сұралған ақпарат мекемеде жок болған жағдайда, сұранысты қанағаттандыра ала- тын басқа мекемеге сілтеме көрсету;  Адам денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп-қатер төнген жағдайда тез арада қоғамды ақпараттандыру. 2009 жылы Орхус конвенцияны іске асы- ру мақсатында қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қолдауымен «ҚР қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-сараптамалық орталығында» төмендегідей міндеттерді атқаратын Орхус орталығы құрылды.  жеке және заңды тұлғаларға сұранымдары бойынша экологиялық ақпараттар ұсыну;  мерзімді баспасөз беттерінде мақалалар жариялау, теледидар және радио арқылы ақпарат тарату, жарнама беру, қоғамдық экологиялық тыңдалымдарға ақпараттық қолдау көрсету;  Орхус орталығының веп-порталына (www. aarhus.kz.) экологиялық ақпараттарды енгізіп отыру.
  9. 9. 9 Экологиялық ақпараттардың дерек көздері Экологиялық ақпараттардың негізгі дерек көздері:  Ғылымиэкологиялықзерттеулердіңқорытын- дылары  Табиғаттытұтынушылардыңесебі(статистика- лық мәліметтер, экологиялық бақылау өндірі- сінің жауаптары)  Жобалардың қоршаған ортаға әсерін бағалау  Мемлекеттік экологиялық мониторингтің мәліметтері  Экологиялық аудиттің мәліметтері  Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы және түрлі аймақтық жобалар  Табиғатты қорғауға байланысты өткізілетін іс- шаралар жобасы Қоғамдық тыңдау Қоғамдық тыңдау - қоршаған орта жағдайын анықтау және көпшілік пікірін білу мақсатында жүргізілетін тыңдау түрі. Қоғамдық тыңдауда жоба алдында және жоба барысында туындаған қоршаған ортаға және адам денсаулығына айтарлықтай әсер ететін ҚОӘБ қорытындылары ұсынылады. Олар мөлшері, жиілігі және даму барысы бойынша есептеледі. Қоғамдық тыңдау шараларының қатысушылары ретінде қызығушылық танытқан қоғам мүшелері, әлеуметтік және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, жергілікті атқарушы органдар мен БАҚ өкілдері қатысуы мүмкін. Қоршаған ортаға әсер ету мәселелері талқы- ланатын қоғамдық тыңдауларды басқару, шару- ашылық, инвестиция және басқа саладағы жұмыстарды тапсырыс беруші (бастамашы) ұйымдастырады. Тапсырыс беруші жергілікті атқарушы органдар- мен бірлесе отырып қоғамдық тыңдаудың өту уақыты мен өту орнын келісіп, БАҚ-та хабар- ландыру жариялайды. Хабарландыру қоғамдық тыңдауға 20 күн қалғанда қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. Хабарландыруда ҚОӘБ туралы толық мәліметтер беретін мекеменің толық мекен – жайы көрсетіледі. Хабарландыру берілген күннен бастап тапсырыс беруші ҚОӘБ жобасы бойын- ша қоғамдық тыңдауға қатысушыларды ақпаратпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, қатысушыларды қабылдаумен, өтініштері мен ұсыныстарын тіркеумен айналысады. Тапсырыс берушінің міндетіне баяндамаларды, сұрақ- жауаптарды, кіріспе сөздерді жинақтау жатады. Кей жағдайда, аудио және видео жазбалармен айналысуы да мүмкін. Қоғамдық тыңдаудың қорытындысы төраға мен хатшының қол қоюы арқылы, қоғамдық тыңдау хаттамасында бекітіледі. Хаттама көшірмесінің бір данасы жергілікті атқарушы органға тапсы- рылады. Тапсырыс беруші қоғамдық тыңдаудың нәтижелерін қорытындылап, қоғам пікірін негізге ала отырып жобаға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Тапсырыс беруші мемлекеттік экологиялық бақылауға қоғамдық тыңдау хаттамасы мен қоғамдық пікірді негізге ала отырып жасалған ҚОӘБ жобасының нәтижелерін ұсынады. Олар Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілері негізінде жасалады.
  10. 10. 10 Қоғамдық тыңдаулардың өткізілуі қатысу- шылардың санына байланысты емес. Ол белгіленген уақытта міндетті түрде өткізілуі тиіс. Қаржылық, материалдық-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында жұмсалған шығындар тікелей тапсырыс беруші тарапынан төленетін болады. Ақпаратты қайдан қарау керек? Экология тақырыбындағы ақпаратты төмендегі сайттардан табуға болады: Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің рес- ми сайты (www.eco.gov.kz). Мемлекеттік сая- сат, статистикалық мәліметтер, «Казгидромед» ұсынған мәліметтер, қоршаған ортаны қорғау бойынша іске асырылған жобалар, құқықтық негіздер. Экологиялық бақылау комитетінің сайты (www. ecokomitet.kz). Мемлекеттік бақылау нәтижелері, рұқсаттар мен лицензияларды алу үлгілері, мен жарияланымдар және барлық Комитет бөлімшелерінің мекен-жайлары. Ұлттық Орхус орталығының ресми сайты (www.aarhus.kz). Экологиялық жағдай туралы ақпараттар жиынтығы. Көбіне қоршаған ортаны қорғау министрлігінің сайтынан көшіріліп басы- лады. Қоршаған ортаны қорғау тақырыбында жазылған мақалалар, қоғамдық тыңдаулардың өткізілуі туралы хабарламалар, құқықтық негіздер мен экологиялық бірлестіктер сайтта- рына сілтемелер. «Экоинфоправо» сайты (www.ecoinfo.iacoos. kz) 900-ден астам нормативтік құжаттар жинақталған. База жиі жаңартылады. ҚР табиғат ресурстарының мемлекеттік кадас- трлары тізімі де бар (http://193.225.78/). Мұнда жануарлар әлемінің кадастрлық бөлімі, ор- ман фонды, ерекше қорғалатын аймақтар мен балық аулау шаруашылығы аймақтары жайында мәліметтер алуға болады. Сұрақтар кімге жолданады? Кімнен қосымша пікір алуға болады? Сұрақ қою төмендегі талаптар бойынша жүргізілуі керек: 1. Сұраққа жауап беретін мемлекеттік мекемені анықтау (4.2. бөлім) 2. Экология тақырыбында ақпарат тарататын сайттарды үнемі назарда ұстау (2.4. бөлім) 3. Ақпаратқа «сұраныс» жазу 4. Мекеме ақпарат беруден бас тартқан жағдайда экологиялық бақылау комитетіне хабарласу 5. Аналогиялық сұрақтар бойынша сарапшы- лар немесе жоғары дәрежелі мамандар көмегіне жүгіну 6. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты сұрақтарға жауап бере алатын жоғары дәрежелі мамандарды ғылыми кәсіпорын немесе Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің лицензиясы бар арнайы мекемелерден іздеу керек. Мысалы, «жа- сылдар» деп аталатын қоғамдық сектор әлеуметтік пікірді білдірумен айналысады.
  11. 11. 11 Қоршаған ортаға тиетін әсерлер мен олардың түрлері Қоршаған ортаға әсер етуді саралауда төмендегі жағдайларды ескеру керек:  Тікелей әсер ету – жобаланған объектінің орналасу аймағымен тікелей байланысты.  Жанама әсер ету – жобаны іске асы- ру барысында пайда болатын қосымша әрекеттердің әсерінен туындайды.  Жинақталған әсер ету – бұрынғы, қазіргі және болуы ықтимал өзгерістердің әсерінен туындайтын өзгерістердің әсер етуі. Қоршаған ортаның әсерін анықтауда төмендегі жағдайлар басты назарға алына- ды: атмосфералық ауа, жер асты және жер үсті сулары, су қоймалары, жер ресурстары мен топырақ қабаттары, өсімдіктер мен жануар- лар әлемі, экологиялық жүйелердің жағдайы, тұрғындардың денсаулық жағдайы, халықтың әлеуметтік жағдайы (білімі, қызметі). Қоршаған ортаға сыртқы күштерден келетін әсерлерді сараптауда адам денсаулығына пайда- лы және зиянды жақтарын анықтау керек. АДАМНЫҢ ТАБИҒАТҚА ӘСЕРІ Динамика мен мөлшердегі есептің қажеттілігі Экологиялық сараптамалар жүргізу бары- сында оған жиналған қалдықтардың жылдық мөлшерлемесін білу керек. Мысалы, Нұра өзеніне көптеген жылдар бойы сынап қалдықтары жиналып келген. Қазіргі уақытта тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алай- да, сынап қалдықтары шамадан тыс мөлшерде жиналғандықтан, олар «тарихи ластанулар» де- ген атқа ие болып отыр. Сонымен қатар, мұнай өндірісінде мұнай қалдықтарын өзенге тастау жиі орын алуда. Ластану динамикасын ауызға алғанда, бұл факторды баса назарға алу аса маңызды. Кез келген ластану түрін сипаттағанда, олардың таралу аймағын білу керек. Табиғат өзін өзі та- зарту қабілетіне ие, сондықтан таралу көзін анықтау ластануды азайтуға өз септігін тигізеді. Сондай-ақ, кез келген қоршаған ортаның ласта- нуы қысқа уақыт аралығында өзгеріп тұратын көптеген факторлармен тікелей байланысты.
  12. 12. 12 Қоршаған ортаның ластану қауіптілігі Қоршаған ортаның ластану қауіптілігі мен ортаға тигізетін әсері ластаушы заттар мен ластану индексінің Шекті рұқсат етілген концентрациясы (ШРК) арқылы өлшенеді. Шекті рұқсат етілген концентрация (ШРК) (ШРК) – бұл бекітілген санитарлық-гигиеналық мөлшерлеме. Химиялық элементтер жиынтығы мен олардың қоршаған ортамен байланы- сы күнделікті өмірде ұзақ уақыт бойында адам ағзасына патологиялық өзгерістер алып келмейді. Сондай-ақ, заманауи зерттеу әдістері орнатқан, өскелең ұрпақ кез келген жасында шалдығуы мүмкін ауруларды айтуға болады. Зи- янды факторлардың таралу аумағы ШРК есебінен анықталды. Мысалы, белгілі бір аймақта жүру (өнімді тұтыну) адам үшін қауіпсіз болуы мүмкін. Ауа, су, жер, азық-түліктерге ШРК орнатылады. Жұмыс аумағын өлшеу арқылы ауаға арналған (мекеме аумағы үшін) ШРК және жергілікті ме- кендерге арналған ШРК жасалады. Ал су үшін ШРК балықшаруашылығына арналған су және шаруашылықта ішуге жарайтын су болып екі топқа бөлінеді. ШРК әсер ету уақыты максималды бір реттік (яғни бір өлшем бойынша) және тәуліктік орташа (тәулік бойы өлшем жиынтығы) болып бөлінеді. Ластаушы заттардың әсері қысқа уақытқа ғана созылып, қоршаған ортаға айтарлықтай қауіп алып келмеуі мүмкін. Сол себептен максималды бір реттік өлшем екіншіге қарағанда қауіпсіздеу. Ал, тәуліктік орташа өлшем көрсеткіші аса маңызды. Себебі, ұзақ уақытқа созылған ластану адам ағзасына кері әсер етеді. Ластану индекстері Ауада және суда 25-тен астам түрлі ластау- шы заттар кездеседі. Табиғат объектісінің ла- стану деңгейін анықтау мақсатында ластану индексі енгізілді. Оны анықтау үшін ластау- шы заттардың белгілі көрсеткіштері таңдалып (5,7,10,25), олардың құрамдары жазылады. Одан кейін ластаушы заттың құрамы берілген заттың ШРК-а бөлінеді. Осылайша барлық заттардың ластану индекстері анықталған соң, әр түрлі көрсеткіштер бойынша салыстырылады. Мы- салы, атмосфераның ластану индексі 5 болса, ауаның ластану қауіптілігі төмен деп есептеуге болады. Ал ластану индексі 7 мен 14 аралығын көрсетсе, қауіптілік деңгейі жоғары. Әсерлерді бағалау әдістемесі Қоршаған ортаға төнетін қауіпті анықтау бірнеше кезеңнен тұратын зерттеуден соң орнатылады: 1. Жұмыс кезеңі мен қоршаған орта компоненттеріне әсер етуші факторлар- ды анықтау. Мысалы, құрылыс жұмыстары кезінде жердің жоғарғы қабатының зақымдалуы, жердің беткі қабатының тығыздалуы, қоқыс салдарынан ауаның ла- стануы және т.б. 2. Әсер етуші факторлар бойынша масштабы, уақыты, қарқындылығы анықталады. Әр көрсеткіш шкала бойынша бағаланады. Көрсеткіштердің қорытындысы сыртқы күштер- дің қоршаған ортаға әсерін көрсетеді.
  13. 13. 13 Жүйенің жалпы сипаттамасы Қоршаған ортаны қорғаудың негізін қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекеттік бақылау мен Қазақстан Республикасының экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында табиғат ресурстарын пайдалануды мемлекеттік басқару ережесі құрайды. Қазақстанда кез келген шаруашылық қызмет мемлекет тарапынан экологиялық қауіп туды- рушы фактор ретінде қаралады. Сондықтан, шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін анықтау аса маңызды. Мемлекет экономикалық және әкімшілік шек- теулер арқылы табиғатты тұтынушылар тарапы- нан табиғатқа келетін қауіптерді, қалдықтардың мөлшерін, қоршаған ортаның тазалығын бақылауда ұстап отырады. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ
  14. 14. 14 Мекемелер атауы Жауапкершілік аймақтары Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi. Экологиялық бақылау комитеті Мемлекеттік экологиялық бақылау, мониторинг, сарапта- ма, ғылыми зерттеулер, табиғат пайдаланушыларының тізімі, табиғатты қорғауға қатысты өткізілген іс-шаралар, І дәрежелі мекемелер үшін табиғатты пайдалануға рұқсат алу Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау комитеті Кәсіпорындардағы жұмыс орындарын бақылау, халықтың денсаулығы, жер асты және жер үсті суларының сапасы, ауаның, жердің сапасы, радиациялық жағдайлар мен физикалық фак- торлар әсері Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитеті Радиациалық сәулелерді бақылау және радиоактивті материалдар- ды пайдалану Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және кен пайдалану комитеті Пайдалы қазбалар мен жер асты сулары Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетi Балықтар, балық ресурстары өндірісі, балық ресурстарын сақтауды қадағалау Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аң шаруашылығы комитеті Ерекше қорғауға алынған табиғи аймақтар, өсімдік әлемі және жануарлар әлемін қорғау. Аңшылықты реттеу және басқару Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитет Су ресурстары, оларды қорғау, су асты жануарларының мекені, суды тиімді қолдану Мұнай және газ министрлігі Ғылыми экологиялық зерттеулер Жер ресурстарын басқару агенттігі Жердің жағдайы, жер кадастры, жер есебі Табиғиресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу облыстық басқармасы Мемлекеттік экологиялық сараптама, ғылыми зерттеулер, табиғатты қорғауға байланысты өткізілетін іс-шараларды өткізу, I,II,III,IV категориялы мекемелерге табиғатты қолдануға рұқсат беру Мемлекеттік мекемелер Қазіргі кезде қоршаған ортаны қорғау жүйесіне жауапты бірнеше мекемелер тіркелген. Ең негізгісі – Қоршаған ортаны қорғау министрлігі. Заңнама Журналистер білуге тиіс негізгі құжаттар: 1. ҚР Экологиялық Кодексі 2. Жоспар алдындағы, жоспарлы және жоба алдындағы және жоба құжаттамаларын әзірлеген кезде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға тигізетін әсеріне баға беруді жүргізу жөніндегі нұсқаулық. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 28 шілдедегі № 204-п бұйрығымен бекітілген. 3. Мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу ережелері. ҚР Қоршаған орта- ны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 28 шілдедегі № 207-п бұйрығымен бекітілген. 4. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарла- масын және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарды келісу ережелері. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 24сәуір № 123-п бұйрығымен бекітілген. 5. Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесі. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 7 маусым № 135-п бұйрығымен бекітілген. 6. Табиғат пайдаланушыларды және қоршаған ортаны ластау көздерін мемлекеттік есеп- ке алу Ережесі. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 6 тамыздағы N 252-п бұйрығымен бекітілген. 7. Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және көзделген шаруашылық және басқа да қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа қол жеткізу ережесін бекіту туралы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 25 шілдедегі № 238-п бұйрығымен бекітілген.
  15. 15. 15 Өндірістік объектілерді жобалау Өндірістік объектілерді жобалауда кәсіпорын- дардың қоршаған ортаға ықпалын бағалау маңызды жайт болып есептеледі. Жоспарланған кәсіпорынды салуда табиғатты қорғау нормативтеріне жүгіну керек. Жоспар алдындағы, жоспарлы және жоба алдындағы және жоба құжаттамаларын әзірлеген кезде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға тигізетін әсеріне баға беруді жүргізу әр кезең бойынша жүреді. Оны мемлекеттік экологиялық сараптама мақұлдауы тиіс. Қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) формасы, пайдаланылған материалдар көлемі, экологиялық ғылыми зерттеулердің деңгейі, сондай-ақ, өндірістік объектілердің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсері жобалау кезеңдеріне байланысты анықталады. ҚОӘБ материалдары құжат түрінде жоба кезеңдеріне сәйкесінше жасалады. Олар жоба алды және жоба құжаттамаларының ажырамас бөлігі болып табылады. Кестеде ҚОӘБ-дың кезеңдері және құрылыс жо- басымен сәйкестігі көрсетілген. Қоршаған ортаға әсерді бағалау нысанның күрделілігіне және төндірер қаупіне байланысты. ҚОӘБ материалдарын жасау кезеңдері Тағайындалған өндірісті салудағы Нысанның құрылыстық жобалау кезеңі 1. Қоршаған орта жағдайына шолу жасау (ҚОӘБ -ң бірінші кезеңі) Өндірістік объектілерді салуға ниет білдіру 2. Қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау. Алдын ала жасалған ҚОӘБ. (ҚОӘБ-ң екінші кезеңі) Инвестицияларды негіздеу, бизнес жоспар және т.б. жобаға қатысты құжаттар, технологиялық сызбалар 3. Қоршаған ортаға әсерді бағалау. Үлкен көлемді және экологиялық қауіпті қызметтерге арналған ҚОӘБ. Оларға жобалау құжаттамалары екі кезеңде жасалады. (ҚОӘБ-ң үшінші кезеңі) Орнатылған жобалар 4. «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі. Бұл жұмыс құжаттарының құрамында жобаға арналған ҚОӘБ енгізіледі. (ҚОӘБ -ң төртінші кезеңі) Жұмыс құжатнамасы «Жұмыстық жоба» құжаттарының құрамындағы экологиялық қауіпті емес және экологиялық аса қауіпті әрекеттерге анализ жасалады. ҚОҚС-ң үшінші кезеңі бойынша орындалады Жұмыс жобасы 5. Жобадан кейінгі сараптама (шығарылған қорытын- дылар қаншалықты шындықпен сәйкес келеді).  
  16. 16. 16 Кәсіпорындар Қазіргі уақытта жұмыс жасап жатқан кәсіпорындар қоршаған ортаға әсерді бағалау үшін жобалар жасамайды. Олар эмиссия- ларды нормалаумен, өндірістік экологиялық бақылау жасаумен айналысады. Сонымен қатар, табиғатты қорғауға қатысты іс-шаралар ұйымдастырады. Жылына бір рет кәсіпорындар эмиссияға рұқсат алады. Лимиттен асып кеткен жағдайда үлкен көлемде айыппұл салынады. Барлық эмисси- ялар үшін бюджетке ақша аударылады. Егер лимит мөлшерден асып кетсе, он есе төленеді. Эмиссия мөлшерін нақтылау үшін арнайы жо- балар жүзеге асырылады. Онда сыртқа шығатын қоқыс мөлшері, өндіріс қалдықтары есептеледі. Барлық көрсеткіштер ШРК орнатқан мөлшерден асып кетпеуі тиіс. Қоршаған ортаның жағдайын жіті бақылауда ұстап отыру үшін, кәсіпорындар барлық қоршаған орта компоненттеріне әсер ететін факторларға экологиялық бақылау жасайды. Қоршаған ортаның жағдайын жақсарту үшін ар- найы тазалау құралдары қолданылады. Экологиялық бақылау мен мониторинг жүйесі Мемлекет табиғатты тұтынушылардың әрекет- теріне байланысты қоршаған ортаның жағдайын анықтау мақсатында мемлекеттік экологиялық бақылау және мемлекеттік экологиялық мони- торинг жүргізеді. Ал кәсіпорындар өнідірістік экологиялық бақылау және экологиялық зерт- теу жүргізеді. Сондай-ақ, қоғамдық ұйымдарға ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беріледі. Қоршаған орта жағдайын анықтау мақсатымен жүргізілетін зерттеу жұмыстарымен айналысатын ұйымдардың зерттеу жұмысымен айналысу үшін берілген аттестацисы және ак- кредитациясы болуы керек. РМК «Казгидромед» жүйесі Қоршаған орта жағдайын бақылау мақсатындағы мемлекеттік мониторинг жүйесі келесі кезеңдерден тұрады: • Атмосфералық ауа мониторингісі. (Стационарлық бақылау пунктері 28 елді- мекеніндерге орналасқан) • Атмосфералық жауын-шашын және қар жамылғысы жай-күйінің мониторингісі. (45 метеостансаларды қамтиды) • Беткі сулардың сапалы жай-күйінің мониторингісі (200-н астам гидропосттарды қамтиды) • Топырақ жай-күйінің мониторингісі • Радиациялық мониторингті (43 метеостан- сада-жиынтық бета–белсенділікті анықтауды және 79 метеостансада-гамма-сәулененудің экспозициялық мөлшерінің қуаттылығын өлшеуді қамтиды. • Трансшекаралық су ағыстарының монито- рингісін қамтиды. • Жалпы мониторинг (халықаралық желі- мен байланысқан станция Бурабайда орна- ласқан) Бақылау нәтижесінде белгілі болған барлық көрсеткіштер бюллетендерге (тоқсандық, жар- ты жылдық, жылдық) жинақталады. Олар ҚОҚМ сайтында, Экологиялық бақылау комитетінің сайтында, Орхус Ұлттық орталығының сайтында жарияланады. Табиғат пайдаланушылар және қоршаған ортаны ластау көздерінің мемлекеттік есебі Табиғат пайдаланушыларды және қоршаған ортаны ластау көздерін мемлекеттік есепке алу
  17. 17. 17 жүйеленген, кезеңмен толықтырылатын және нақтыланатын табиғат пайдаланушылар және оған тиесілі қоршаған ортаны ластау көздері туралы біріңғайланған қысқа мәліметтердің жиынтығынан құралады. Ластаушы заттардың әрқайсына тізімдемелік паспорт жасалады. Табиғат пайдаланушылар мен ластану көздерін мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру- да екі тізімдеме жүргізіледі. Олар табиғат пайдаланушылардың мемлекеттік тізімдемесі және Қоршаған ортаны ластау көздерінің мемлекеттік тізімдемесі. Мемлекеттік тізімдемелер табиғат пайдала- нушылардың есептілігі, ғылыми зерттеу- лер, жобалық іздеулер және экологиялық ақпараттардың басқа да көздерінің деректері бойынша жүргізіледі. Жыл сайын барлық табиғат пайдаланушыларды ҚОҚМ жанындағы экологиялық бақылау комитеті тексереді. Тексеріс нәтижесі бойынша акт жа- салады. Табиғат пайдаланушыларға ескертулер болған жағдайда ескертулер қоса жазылады. Басқа мекемелер жүргізетін мониторинг жүйесі Қоршаған ортаны қорғауға қатысы бар кез кел- ген мекеме өзінің зерттеу жұмыстарын жүргізе алады. Алайда, олар қамту аймағы бойынша, деректері мен қорытындылары бойынша «Каз- гидромед» РМК желісімен бәсекелесе алмайды. Су ресурстары комитеті «Казгидромед» РМК ұсынған мәліметтерді пайдаланады. Себебі, өздерінің бақылау желілері жоқ. Өндірістік экологиялық бақылау және біртұтас экологиялық зерттеулер Өндiрiстiк экологиялық бақылауды табиғат пай- даланушы әзiрлеген өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасы негiзiнде табиғат пайда- ланушы жүзеге асырады. Өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарла- масында өндiрiстiк экологиялық бақылау процесiнде қадағаланып отыратын мiндеттi па- раметрлер тiзбесi, оның мерзiмдiлiгiн, ұзақтығы мен өлшемдер жиiлiгiн айқындау критерийлерi, есептiк әдiстері белгiленедi. Біртұтас экологиялық зерттеулер табиғатты пайдаланушылардың шаруашылық жұмыстары басталмас бұрын қоршаған ортаның бастапқы жағдайын анықтау мақсатында жүргізіледі. Өндірістік экологиялық бақылау және біртұтас экологиялық зерттеу көрсеткіштерін салыстыру арқылы кәсіпорынның қоршаған ортаға тигізер әсерін анықтайды. Аймақтық экологиялық жобалар Кәсіпорындар емес, мемлекет тарапынан жасалған жобаларға:  Қала ауасын мөлшерлі рұқсат етілген деңгейде ластау жобасы  Су ресурстары мен өзен бассейндерін ра- ционалды пайдалану мен қорғау сызбасы  Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы  Су сақтау қоймалары мен өзен жағалаулары бағдарламасы  Әр түрлі тақырыптардағы ғылыми зерттеулер Мемлекеттік экологиялық сараптама Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресур- старды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылаудың мақсаты экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, табиғи
  18. 18. 18 және энергетикалық ресурстарды үнемдеу, биологиялық ресурстарды орнықты пайдалану, ұлттық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру болып табылады. Табиғатты пайдаланушылардың халық денсау- лығына тигізетін әсерін анықтауға арналған мемлекеттік экологиялық сараптама бекітілген құқықтық, шаруашылық және басқару шешімдері негізінде жасалуы міндетті. Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асырушылар:  қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және аймақтық бөлімшелері. І категориялы нысандарға бақылау жүргі- зетін арнайы мекемелер;  жергілікті атқарушы органдар. ІI, III және IV категориялы нысандарға бақылау жүргізетін арнайы мекемелер. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы сараптама қорытындыланғанда белгілі болады. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына әсер етудегі құқықтық, ұйымдастырушылық және шаруашылық шешімдерді қабылдау жүргізіледі. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмаса, жобаны іске асыруға тыйым салынады. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы экологиялық сараптама объектiсiн iске асыру жөнiнде шешiм қабылдауға болатындығы мен мүмкiндiгi туралы тұжырымдарды қамтиды. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың терiс қорытындысы болған кезде тапсырыс беру- ші сараптамаға ұсынылған материалдарды сараптамалық қорытындының ұсыныстары мен ескертпелерiне сәйкес пысықтауды қамтамасыз етуге және барлық материалдарды қайтадан экологиялық сараптамаға табыс етуге не белгiленiп отырған қызметiнен бас тартуға мiндеттi. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзу мерзімі мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдарға алдын ала сарапта- мадан өткен қажеттi барлық құжаттама берiлген кезден бастап I санаттағы объектілер үшін - екі айдан, II, III және IV санаттардағы объектілер үшін бір айдан аспауға тиіс. Қайтадан мемлекеттiк экологиялық сарапта- маны жүргізу мерзімі тіркелген күнінен бастап I санаттағы объектілер үшін - бір айдан, II, III және IV санаттардағы объектілер үшін он жұмыс күнінен аспауға тиіс. Алдын ала сараптама- дан өткiзу мерзiмi құжаттаманың мемлекеттiк экологиялық сараптамаға келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен аспауға тиiс. Табыс етiлген құжаттама толық болмаған жағдайда ол табыс еткен тұлғаға қайтарылады. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты қоғамдық экологиялық сараптама жүргізген азаматтар мен мекемелер сараптама қорыты- ндысын мемлекеттік мекемелерге тексеруге жіберулері тиіс.
  19. 19. Дэвид Полсон, Мичиган штатының Мемлекеттік университеті, Экологиялық журналистика орталығы директорының орынбасары ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЖАЗУ ҮШІН ТІЛШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ПРАКТИКАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР
  20. 20. 20 Қоршағанортанықорғаутақырыбынамақалалар жазу көптеген ақпарат көздеріне жүгінуді қажет етеді. Экология тақырыбында жазып жүрген жас журналистер көп жағдайда үкіметтік ме- кемелер мен өзге ресми дерек көздер ұсынған ақпараттарға қатты сенеді. Бұл, әрине, оңай. Сондай-ақ, мұндай ақпараттар беделді ақпарат көздерінен алынды деп есептеледі. Бұл ақпараттардың барлығы дерлік шындық болып көрінеді. Ал, кейбір кездері олар тексерілмеген не жалған ақпарат болуы да мүмкін. Мұндай ақпарат көздерінен алынған дүниені жа- риялау біреудің оқығанын қағазға түсіріп беру- мен тең. Бұл журналистика негіздеріне жатпайды. Кейбір кездері ресми өкілдердің пікірі шындық болып көрінгенімен тексерілмеген болуы мүмкін. Қайткен күнде де, ресми мәлімдемелер мен біреудің айтқан пікірі тексерілуі қажет. Бұл жерде пікір білдірушінің бедел-абыройы, манса- бы маңызды еме. Ғалымдарды ақпарат көзі ретінде қарастырыңыз Экологиялық журналистикада ғалымдар сая- си тұлғалардың, түрлі мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдар берген мәліметтердің дұрыс- бұрыстығын тексеруге жәрдем бере алады. Мысалы: 2011 жылы 29 шілдеде кениялық Daily Nation газеті Aquiess Global Rain Project атты топтың Шығыс Африкада жасанды жолмен 90 күннің АҚПАРАТ КӨЗДЕРІ ішінде жаңбыр шақыру туралы ұсынысы жайында жазды. (http://www.nation.co.ke/ News/Will-artificial-rain-end-the-cycle-of- hunger---/-/1056/1210290/-/item/0/-/feyhyjz/-/ index.html). Мақалада Aquiess ұйымының екі мүшесі тура- лы айтылды. Олар электромагнитті энергияның көмегімен бұлттарды жаңбыр жаумайтын аймаққа бағыттай аламыз деді. Олар бұл жо- баны Шығыс Африкада жүзеге асыру үшін «донорлық қауымдастық» 11 млн доллар төлесе деген тілектерін білдірген екен. Мақала соңында Кения үкіметі қызметкерінің пікірі берілген. Ол «жаңбыр шақыру жобасы үлкен қаражатты қажет етеді. Алайда, мұндай шаралар аймақты дамытуға арналған ұзақ мерзімді жоспарларға жатқызылады»,-дейді. Бір атап өтер жайт, журналист тек ұйымның пікірімен ғана шектелмеген. Шенеуніктің пікірі аса маңызды болмағанымен, сол аймақта атал- мыш жобаны іске асыру бойынша бастама көтерілгендігін растайды. Мақалада мәлімдеменің тексерілгендігі және адамдардың объективтілігі жайлы нақты дәлелдер келтірілмеген. Тіпті, жобаның қайда жасалғандығы жайлы да айтылмаған. Тек ғылыми ұйымдарға сілтеме берумен шектелген. Онда сұхбат берушінің аты-жөні, мамандығы көрсетілмеген. Мақалада осы жоба нәтижесінде Австралияда, Қатарда және АҚШ-та жаңбыр жауғаны жайлы
  21. 21. 21 ақпарат берілген. Бірақ бұл ақпаратты растай- тын ешқандай дәлел мен дәйек келтірілмеген. Тіпті, осы оқиғаға қатысты ақпарат бере алатын мекеме қызметкерінің немесе фермердің пікірі де жоқ. Мұндай дәлелсіз ақпарат Aquiess ұйымының шынымен жаңбыр шақыра алатындығына, және 11 млн доллардың тиімді жұмсалатындығына күман тудырады. Мақалада ұйымның қалай және қашан жаңбырды шақыратындығы, жаңбыр қалай жауатындығы жайлы айтылмайды. Мақала қоршаған орта жайлы болғанымен, эколо- гия тақырыбында жазылған сапалы мақалаға жатқыза алмаймыз. Тақырып ашылмаған. Журналист қажетті адам- дардан, ұйымдардан қажетті пікірлерді жинай алмаған. Материал жарияланған соң Daily Nation газеті «Пікірлер» атты парақшасында Найро- би университетінің География және эколо- гия факультетінің профессоры Ричард Самсон Одингодан келген хатты жариялады. Профессор мақалаға сілтеме бере отырып, өз дәлелдерімен, 90 күн арасында аймақта жаңбыр жаууы мүмкін емес дейді. Кения мен әлемдегі ауа райының өзгеруіне нақты эксперименттер жасалмағандығын айта- ды. Тұрғындар аталмыш экологиялық мәселенің шешімін таппасына көздері жеткен кезде ұйым осы жобаны ұсынды. Ұйым мүшелері жобаның Қатарда жүзеге асы- рылуына сенімді болса, Шығыс Африканың ке- дей аймақтарында жаңа технологияны тексер- местен басқа шөл далада жобаны неге тексеріп көрмейді деген сұрақ қояды. Мақала жазғанда журналистің идея авторлары- на қоятын бірінші сұрағы осы болуы керек-ті. Бұл оқиғада ғылыми мақаланы сапалы жазба- ғаны үшін журналисті кінәлауға да болмас. Алайда, Найроби университетіне хабарласып, кез келген ғалымнан осы жайлы ақпарат беруін, әлде пікір білдіруін сұрамағаны журналист тара- пынан үлкен қателік болды. Ол ғалымдардан қосымша мәлімет алып қана қоймай, идея авторларына арналған сұрақтарын да нақтылайтын еді. Әрине, қоршаған ортаға қатысты барлық ақпараттардан хабардар болу журналист үшін өте қиын. Мұндай жағдайда журналист тақырыпты зерттеген, сала жайында хабары бар маманның көмегіне жүгінуі қажет. Себебі, эко- логия тақырыбында мақала жазу үлкен зерттеуді қажет етеді. Қарапайым халықты ақпарат көзі ретінде қарастырыңыз Қарапайым халықты ақпарат көзі ретінде алуға ғалымдар келіспеуі мүмкін. Алайда, мақалада ғалымдардың пікірін қолданбас бұрын, олардың қайда жұмыс жасайтындықтарын білу маңызды. Басқа сала мамандарының да пікіріне жүгінуге болады. Ғылым – шексіз және шетсіз әлем! Зерттеу жүргізгенде, ғалымдардың дайын зерттеуімен шектелмеңіз. Қоршаған ортаға қатысты баршаға ортақ жайттар оқырман үшін өте қызықты. Осы тұрғыдан алғанда, әр адамды жеке ақпарат көзі ретінде қарастырамыз. Қарапайым мысал, мекеме өкілі немесе шенеунік «Су тап-таза» деуі мүмкін. Ал бірнеше адам- дар осы суды ішкеннен кейін, ауырып қалдық десе ақпарат ретінде қолдануға болады. Бірақ оқырман көкейінде, расымен де аурудың себебі су ма, әлде басқа ма деген сұрақ тууы мүмкін. Тұрғындар өздері өмір сүріп отырған мекендері жайлы көптеген қызықты мәліметтермен бөлісуі мүмкін. Белгілі бір аймақта ұзақ өмір сүрген адамдардың түрлі экологиялық оқиғалары болады.
  22. 22. 22 Олар қоршаған орта мен ауа-райына, табиғатқа қатысты көптеген деректермен бөлісуі мүмкін. Мәселен, бұрындары қандай жануарлардың мекендегенін, бұл мекенде қашаннан бастап ауа ластанғанын, бұрын табиғат қандай болғандығын әсерлі суреттеп береді. Тіптен, ата-әжелерінің әңгімесінен есте қалған бұрынғы экологиялық жағдайларды еске түсірулері мүмкін. Осындай ақпаратты іздеңіз. Мұндай бақылаулар тек журналист материалының негізі ғана емес, ғылыми зерттеулерге, ресми статистикаға өзгерістер алып келуі мүмкін. Экология тақырыбында қалам тербейтін жур- налистер көп жағдайда үкімет мүшелері мен ғалымдар ұсынған ресми мәліметтерге жүгінеді. Мұндай материалдар ресми не ғылыми баян- дама секілді қабылданады. Ең алдымен, журна- листер оқырман санасында қалатын қызықты мақала дайындауы қажет. Ал белгілі аймақ жайлы қызықты жайттарды оқу оқырман үшін қызықты. Оған түрлі статистика, мәліметтер, зерттеу қорытындылары қосылса мақаланың ажары ашыла түседі. Журналистті ақпарат көзі ретінде қарастырыңыз Өз түйсігіңізге сеніңіз. Не көріп тұрсыз? Нені бақыладыңыз? Экология тақырыбында мақала жазудың ең тиімді жолы – табиғатты жан тәніңмен сезіне білу. Мысалы, ақпарат беруші табиғаттың жағдайы күн өткен сайын жақсарып келеді дейді. Ал, сіз зауыттардың өзенге төгілген қалдықтарын көріп тұрсыз. Ендеше, көзбен көргеніңізді жазыңыз. Әрине, барлық экологиялық мәселелерді көзбен көріп, сараптап, тізбелеп шығу мүмкін емес. Сонда да, бұл тақырыпта журналистің қаламы ешқашан тоқтамауы тиіс. Тамақтың құрамында улы сынап бар екендігін дәлелдеу үшін, балықпен қоректенетін адамдардың шашын жинап зерттеген журналистер де болған. Өте лас өзендер мен көлдерден су алып, ластаушы заттардың құрамын анықтау үшін, ғалымдардың зерттеуін өтінген журналистер де болған. Мұндай зерттеулер жүргізу көптеген медиа ұйымдар үшін қиын. Алайда, мұндай мақалаларды жарыққа шығару үшін көп күш жұмсау қажет. Судың тазалығын анықтайтын құралдардың бірі - Секки дискі. Оны суға толық енгенше ба- тыру керек. Яғни, белгілі бір уақыт аралығында, судың тұнықтығын анықтауға болады. Әрине, бұл тәжірбие қорытындыларына пікір білдіретін мамандарды табу керек. Зерттеу ба- рысында орын алған көптеген өзгерістердің себебін ғалымдар түсіндіріп береді. Аймақтымекендейтінжануарларменөсімдіктерді бақылау арқылы да қоршаған орта жағдайын білуге болады. Олардың ағзаларын зерттеу арқылы судың сапасын анықтауға болады. Мұндай тақырыптарды жазып үйрену үшін, ең бірінші, қоршаған ортаға қатысты ғалымдардың жұмыстарымен танысу керек. Олар неге және қалай жазды? Сұраудан және үйренуден жалықпаңыз. Ғалымдарды кез келген жерден таба аласыз. Ал өзгелер мән бермеген өзенді зерттеу арқылы сіз керемет жаңалық аша аласыз. Үкіметтік емес ұйымдар ақпарат көзі ретінде Қоршаған ортаны қорғауға қатысты жұмыстармен үкіметтік емес ұйымдар да ай- налысады. Олардың жұмыс барыстары да әртүрлі. Экология тақырыбында жазатын жур-
  23. 23. 23 налист ең алдымен, қай ақпарат көзінің сенімді екенін нақтылап алуы керек. Мұндай ұйымдар мемлекеттік мекемелер бере алмайтын, оларға таныс емес ақпараттармен де бөлісулері мүмкін. Сонымен қатар, оларды тәуелсіз ақпарат көздері ретінде де алуға болады. Көп жағдайда қоршаған орта саласындағы шенеуніктер белгілі бір экологиялық мәселеге қатысты пікір айтудан бас тартып жатады. Бірақ осы салада хабары бар сарапшылар және басқа аймақ тұрғындары орын алған мәселе бойынша ой бөлісуге әрдайым дайын тұрады. Жалпыға ортақ дүниелерге қауіп төнген жағдайда осы іспетті ақпараттарды қолдану тиімді. Әлемнің ең үлкен 5 өзенін біріктіретін Ка- нада және АҚШ-тың Great Lake аймағын айтуға болады. Ол 8 штат үкімітетіне, 2 провинцияға және 2 ұлтқа тиесілі. Аталшыш мәселелерді шешуде нақты шешім шығару да қиындық тудырады. Ондай жағдайда, журналист екі тарапқа да қатысы жоқ штат өкілінің пікіріне жүгіне алады. Немесе шеттен келген сарапшылар бақылау жа- сай алады. Қытайдың бас қалаларындағы ауаның ласта- ну деңгейі жайлы жалған ақпарат берген үшін қытайлық шенеуніктер жауапқа тартылған болатын. Ақпараттың негізсіздігін қала тұрғындарының өздері байқаған. Ең бірінші, бұл ақпарат Қытайдағы АҚШ елшілігінің назарын аударды. Елшілік өкілдері ауаны ластаушы заттарды зерттеп, қорытындысын жариялай бастады. Қытай үкіметінің қарсылығына қарамастан, Қытайда тұратын америкалықтар аптаның қай күндері далада жүрсе денсаулықтарына зиян тимейді деген сұраққа жауап іздейміз деген мақсатпен, америкалық шенеуніктер зерттеу жұмыстарын жалғастыра берді. Сол уақыттарда Америка-қытай қарым-қаты- насы жөніндегі орталық ауа-райына қатысты Қытай қалаларының суретін жариялай бастады. ChinaAirDaily.com сайтында жарияланды. Міне, осы зерттеуді тәуелсіз зерттеуге жатқызамыз. Мұндай сараптамамен журналист те айналыса алады.
  24. 24. 24 Экологиялық тақырыбында сұхбат өткізу оқиғағаның даму барысымен және ақпарат көзімен тікелей байланысты. Саясаткерлерден жауап ала алмау, бітпейтін қағазбастылық, басшылардың сұхбат беру- ден бас тартуы, өз пікірімен бөлісе алмайтын қала тұрғындарын сөйлете алмау журналист қауымына өте таныс. Сонымен қатар, ғалымдардың ғылыми тілін түсіну де журналист үшін оңай жұмыс емес. Қоршаған ортаны қорғаушылардың әртүрлі арыздарын да тексеру көп еңбекті қажет етеді. Қоршаған орта тақырыбында сәтті сұхбат өткізу жолдарына қатысты бірнеше практикалық кеңестерді ұсынамыз. Кеңестерді экологиялық журналистер қауымдастығының мүшелері SeJournal ұйымының журналында жариялаған болатын Сұрақтар Сұрақтар қарапайым болғаны дұрыс. «Неге?» деген сұрақ 36 жыл журналистік тәжірбиесі бар Трудт Тынанға көптеген мақала жазуға көмек берді. «Сұрақтарыңызды асықпай, саралап қызығушылықпен қойыңыз!» Бұл - Associated Press агенттігі қызметкерлерінің кеңесі. «Қанағаттанарлық жауап алғанша сұрай беріңіз. Қойған сұрағыңызға нақты жауап ала алмасаңыз, формасын өзгертіп қайта сұраңыз. Анықтаушы сұрақтар қойсаңыз да болады. Мысалы, «сіздің ойыңызша, ХХХХ ғой?», жауап беруші «жоқ, олай емес ҮҮҮҮ» деп айтуы мүмкін. Одан кейін «не себепті?» деген сұрағыңызды қоя берсеңіз болады. Тынанның айтуынша, қойылған сұраққа нақты жауап алу үшін осы сұрақты қою керек. Егер жауапберуші қобалжып, сөздерінен шатасса, неге екенін де сұраңыз. Екінші сұрақ «Оның әсері қандай?» Висконсина қоғамдық радиосының тілшісі Чак Куимбах, сарапшы-ғалымдар «түсініксіз» ғылыми тілде жауап бере бастаса осы сұрақты қойыңыз деп кеңес береді. «Ғалымдар көп жағдайда өздерінің еңбектері жайлы айтқылары келеді. Балтимордағы экологиялық журналистер қауымдастығындағы көп жылдық тәжірбие маған осы тұжырымды үйретті»,- дейді Чак Куимбах. ЭКОЛОГИЯ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СҰХБАТ
  25. 25. 25 Ottawa Citizen жаңалықтар қызметінің журналисті Кейт Джейметтің айтуынша, ғалымның айтқандарын түсінбесеңіз, түсінікті тілмен түсіндіріп жіберуін өтініңіз. Ол ғалымның сенімділігін арттырады және сіздің тыңдауға дайын екеніңізді көрсетеді. Оқиғаның ең қызықты жерін таңдап алу үшін, Kansas City Star тілшісі Майк Мансур: «Егер бұл кинодағы бірінші көрініс болса, екінші көрініске қайсын алар едіңіз?» деген сұрақты қоюға кеңес береді. Қосымша материал алудың тағы бір жолы – сұхбат соңында сұхбат берушінің өзінен сұрау. Виконсинаның фрилансер-журналисті Кристин Хайнрихс сұхбат берушіден тағы қосып-алар ақпараты бар ма екен, соны сұрауды ұмытпаңыз дейді. Көп журналистер қиын сұрақтарды сұхбаттың аяқ жағында қояды. Сұрақтардың күрделілігіне емес, әңгіме желісіне қатысты қойыңыз. «Сұхбат уақыты шектеулі болып, 1-2 ғана сұрақ қоюға мүмкіндік алған жағдайда (саясаткер- лерден сұхбат алғанда), ең маңызды, ең өткір деген сұрақтарыңызды қойыңыз. Қарапайым сұрақтарға жауапты кез келген басқа сарапшы- лар бере алады» дейді Джеймет. Үнсіздік Сұхбат барысындағы үнсіздік. Көп журналистердің айтуынша, жауаптар арасында үнсіздік көп болса, сәтті сұхбат жазуға болады. Сұхбат беруші үнсіз қалса, сұрақты қайталап ма- залай бермеңіз. «Сөзін бөле бермесеңіз, сұхбат берушілер көптеген маңызды ақпараттармен бөліседі»,- дейді USA Today-дің ғылыми репортері Элизабет Вайз. «Өткен жексенбіде тауда серуендеумен айналы- сатын жасөспірімнің анасынан сұхбат алуым ке- рек болды. Бала тауға өте үлкен жылдамдықпен көтеріліп бара жатып, таудан құлап қайтыс бола- ды. Өзімен бірге 4 адамды ала кетеді. Баланың анасынан барлық телеарна, газет журналистері сұхбат алды. Анасы «Барлығы құдайдың қолында» деген сөзін қоса берді» деп еске ала- ды Мансур. «Сұхбат алу үшін олардың үйіне келдім. Баланың анасы қайтадан «барлығы құдайдың қолында» деумен шектелді. Мен бір минут бой- ында үндемей күтіп отырдым. Біразға созылған үнсіздіктен соң, барлығына мен кінәлімін, балам- ды жібермеуім керек еді деді. Менің сұхбатым осы сәттен бастап әңгіме желісіне ауысты. Ба- ласынан айрылған ананың қайғысы нанымды суреттелді». «Сұхбат барысында журналистер «ақымақ» бо- лып көрінуден қашқақтайды. Сонда да, сұхбат берушімен әңгімеде достық байланыс орнатуға тырысыңыз» дейді Мансур. Des Moines Register-дің журналисті Пери Биманның кеңесі: «сұхбат барысында жауап берушінің ойлануына жағдай жасаумен қатар, қайраттандыратын, демеу беретін сөздер айту да маңызды. Сұхбат екі адам арасындағы әңгімелесу түрінде еркін өтсе әсерлі шығады. Ұзаққа созылған үнсіздік кезінде сіздің мұқият тыңдап отырғаныңыз өте маңызды». Сұхбат жүргізгенде байқап көріңіз, ең негізгі тұшымды жауаптар сұхбаттың аяқ жағында ай- тылады. Ол кезде жауап беруші өзін еркін сезіне бастайды. Диктофоныңыз бен блокнотыңызды жинамай қоя тұрыңыз. Табандылық пен қажырлық Ғылыми терминдер оқырман үшін түсініксіз болып қалмауы үшін, оларға түсінік беріп оты- ру қажет. US Black Engineer and Information Technology-ң редакторы Рождер Визерспун
  26. 26. 26 жазбаларында инженерден сұхбат алған сәтін жазады. Ол атауы өте күрделі ғылыми жаңа ме- ханизм ойлап тапқан. «Мен инженерден баршаға түсінікті тілмен айтып беруін өтіндім. Ол күлді де, маған диаграмманы жіберді. Мен диаграммаға қарап түкке түсінбедім. Түсіндіріп беруін қайта өтіндім. Ол тағы да күлді де, маған мұның ұшақ моторының жаңа үлгісі екенін түсіндіріп берді. Егер бұл қолданысқа енсе, мотор майын қолданбауға болады. Солайша қоршаған ортаға зиянды нәрселерді шығармауға болатындығын түсіндірді». Сұхбатқа дайындық «Ең бірінші, үкімет мүшелерінің, саясаткерлердің және компания басшыларының қызметтерімен танысып алыңыз. Кімнің қандай жұмыстармен айналысатынын білу, кімге қандай сұрақ қою керек екенін анықтауға көмектеседі»,-деп кеңес береді California Energy Circuit журналисті Бил Келл. И.Ф.Стоун атты журналист мақалаларын сұхбат негізінде емес, ақпараттар ағымына байланысты жазады. Себебі, адамдардың ісі мен сөзі арасында үйлесім жоқ деп есептейді журналист. Ал, іс-әрекет сөзден маңызды. Бірақ көп жағдайда ресми өкілдің ісі емес, сөзі жаңалықтарда таратылады дейді ол. Сұхбатқа алдын ала дайындық журналист үшін өте пайдалы. Тек ол үшін ғана емес, сұхбаттың сәтті өтуіне тікелей әсер етеді. Сұхбат барысында алынған жауап- тардыбірденсаралап,нақтылапотыруға көмектеседі. «Шамадан көп сұрақтар қоймаңыз. Видео- лардан, веб-сайттардан, газеттерден, есеп- терден табуға болатын материалдарды жауап берушіге қоя бермеңіз. Сұхбат уақытын тиімді пайдаланыңыз»,- деп кеңес береді Animal People редакторы Мерит Флитон. Мақала тақырыбына байланысты өзіңіз-дің зерттеуіңізді жасап алғаннан соң, сұрақта- рыңызды дайындаңыз. Жауап беруші жауап беруден бас тартқан жағдайда Журналист ақпарат көзі тарапынан айтылған барлық ақпаратты жариялай бермейді. Сарап- тап, саралап барып қажеттісін қоғамға ұсынады. «Көп жағдайда саясаткерлер мен ұйым мүшелері қойылған сұраққа нақты жауап бермей, сұрақтан ауытқып кетіп жатады. Ондай кездерде «Сіз менің сұрағыма жауап бермедіңіз. Егер нақты жауап бере алмасаңыз, сізді жауап беруден бас тартты деп жазамын» деп айтамын» деп жазады Визерспун. Сұхбатты ресмилендірмеңіз Егер сұхбат интервьюердің үйінде өтсе, жұмыс столын, сөредегі кітаптарып, жалпы үй жағдайын көре аласыз. Мұндай жағдайда өткізілетін сұхбаттарды тым ресмилендірмеген абзал. «Егер сұхбат алу үшін интервьердің жұмыс ор- нына келсеңіз, қосымша ресми мәліметтер алуға мүмкіндігіңізбар. Ғалымдардан,зерттеушілерден сұхбат алған кезде тақырып жайлы жазылған зерттеу жүмыстарын сұраймын. Көп жағдайда жұмыстарын оқып шыққым келетінін айтқанда, олар таң қалады. Сол жұмыстарды оқу арқылы көптеген ақпараттарға қол жеткізе аламын» дейді Шляйфштейн. Ғалымдар тек ғылым жайлы айтпайды «Егерғалымменсұхбаттасуғакелсеңіз,текғылыми жобалар мен экологиялық мәселелермен шектелмеңіз. Оның жұмыс тәжірбиесінде болған қызықты оқиғаларымен бөлісуін сұраңыз. Неге бұл саланы таңдағандарын, ғылыми жолға қалай келгендерін де сұраңыз. Сіз үшін ақпарат, ал ғалым үшін ой бөлісу» деп жазады журналист- фотограф Венди Хольткамп.
  27. 27. 27 Сұхбат берушіден түрлі аңыздар жайлы, тарихи оқиғалар жайлы сұрауды да ұмытпаңыз. Осы сипаттағы мәліметтер мақалыңыздың ажарын аша түседі. Жеке тұлғаның ішкі сезіміне назар салыңыз. Ол өз саласына қатысты ақпаратпен бөліскенде қандай көңіл күйде болды. Әр де- тальды қалт жібермеңіз. Әңгіме желісін бақылаңыз Оқиғаға барлық қырынан баға бердіңіз бе? Барлық жағын қарадыңыз ба? Ғалымдар өз зерт- теу жұмыстары жайлы көп айтқылары келеді. Әрине, ол қызықты. Бірақ кімнен, нені, қашан, қалай сұрайтыныңызды жоспарлап алыңыз.
  28. 28. 28 Ақпарат жинау мақаланы жарыққа шығарудың бастапқы сатысы. Экология тақырыбында мақала жазуда қиын әрі қызықты тақырыпты оқырманға түсінікті етіп жеткізу маңызды. Жақсы журналист шешендік өнерді меңгеруі қажет. Экология тақырыбында жазатын журнали- стер түсініксіз терминдерді көп қолданады. Олар ғылыми мақалаларды талдауға, экология мәселелеріне қатысты ақпарат жинауға өте көп уақыт жұмсайды. Барлық бастапқы жұмыстарды артқа тастап, журналист мақала жазуға отырады. Көбіне мақалалар ғалымдарға арналып жазылатындай көрінеді. Ал біздің аудитория – барша халық. Сондықтан, баршаға түсінікті етіп жазыңыз. «Қателіктер жіберілді» деп жазумен шектелмей, қандай қателіктер орын алғанын толық жазыңыз. Түсініксіз ғылыми терминдерді мақалада қолданбаудың бір жолы, ғалымға қатысы жоқ адамнан терминнің баламасын сұраңыз. Экологиялық мәселені сіз достарыңызға, АЛ, ЕНДІ МАҚАЛА ЖАЗУ ЖОЛДАРЫНА ТОҚТАЛАМЫЗ Экология тақырыбындағы мақалалар оқырманның көз алдына оқиғаны елестетеді. Күрделі тұжырымдамаларды түсіндіруде метафора, салыстыру әдістері қолданылады. Ең тиімді жолы, қарапайым тілмен жеткізе білу мен оқырман назарын аудару. Ал кәсіби журналист үшін бұл қиын емес.
  29. 29. 29 отбасыңызға қалай түсіндірер едіңіз, мақаланы солай жазыңыз. Экология тақырыбында жазатын журналистер үшін өз мақалаларын өздерінің редакциялауы маңызды. Яғни, артық сөздер мен артық ақпаратты алып тастау қажет. Бұлмақаладақолданылмағанақпараттарбасқамақалаңызға азық болады. Тағы бір кеңес – экология тақырыбын жазумен айналыссаңыз, өзіңіздің ұзақ уақытқа арналған жобаңызды жасаңыз. Қолдағы бар материалды бір мақалаға енгізсеңіз оқырманның қабылдауына қиын. Ал бір мәселе жайлы бірнеше мақала жазсаңыз тұрақты аудиторияңыз үшін қызықты. Экологиялық мәселелелер адам ағзасына қалай әсер ететінін білу – оқырман үшін маңызды. Табиғаттың ғажап көрінісі, сиреп бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер жайлы оқу қызықты,әрине. Бірақ адамзат үшін өзінің денсаулығы барлығынан маңызды. Қоршаған ортаның ластануына қатысты өткізілген сау- алнамадан соң, журналист Роджер Визерспун, ластанған топырақты тазалаудың тиімді жолы - жәндіктермен күрес деген қорытынды жасады. Ғалым тек салыстыру әдісін қажет етпейді. Экология саласындағы заңнамалар мен құжаттар оқырманның қызығушылығын оята алмайды. Техникадан бұрын, нақтылық қажет. «Қазірядролық өнеркәсіптезауыттан шыққан қалдықтардың суға жайылуын анықтауда «шлейф» термині қолданылады. Қарапайым халық үшін бұл термин түсініксіз. Ал ядролық өнеркәсіпте зауыттардан он миллиондап төгілетін ластаушы заттар дегенді білдіреді» деп жазады Визерспун. Сол себепті, сұхбат барысында бейтаныс сөздер кездессе нақтылап алыңыз.
  30. 30. Сергей Домнин, «Эксперт Казахстан» іскерлік апталығының тілшісі ІСКЕРЛІК БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ ЭКОЛОГИЯ ТАҚЫРЫБЫ
  31. 31. 31 Біріншіден, бұл әзіл қазіргі отандық іскерлік басылымдардағыэкологиялықмақалаларғаарқау болады. Екіншіден, іскерлік журналистиканың зерттеу негізіндегі экономиканың басты дилем- масын көрсетеді. Мәселен, табиғат ресурста- ры шектеулі, ал адамзаттың қажеттілігі шексіз. Үшіншіден, экологиялық мақалаларды іскерлік журналистикаға жатады. Себебі, ондай матери- алдар қысқа-нұсқа жазылады, әрі толық мәлімет береді. Бөлім авторының мақсаты – отандық іскерлік БАҚ-тағы экология тақырыбында жазылған мақалалармен таныстыру. Бөлімде осы салада жарық көрген мақалалар мысал түрінде көрсе- тілген. Экология тақырыбында мақалалар қалай жазылуда? Сонымен қатар, автор экология тақырыбында жазылған шетелдік материалдарға тоқталады. Басқаша қалай жазуға болады? Бөлім соңында бірнеше дидактикалық кеңестерді ұсы- нады. Экология тақырыбында қалай жазу керек? Жазғы экологиялық мектептің сабағында мұғалім: - Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісі бізге нені үйретеді?-деп сұрайды. Бір қыз орнынан тұрып: - Бұл ертегі қазіргі заманда тұтынудың шексіздігі экологиялық және гуманитарлық апатқа алып келетінін көрсетеді,-деп жауап берді (халық әзілі)

×