Successfully reported this slideshow.
We use your LinkedIn profile and activity data to personalize ads and to show you more relevant ads. You can change your ad preferences anytime.

Wordpress.com: Блог бастайық

1,411 views

Published on

Бұл шағын кітапша wordpress.com блогтұғырынан блог тіркегісі келген оқырманға арналған.
Автор блог тіркеудің бастамасымен таныстырады.
Кітапшада блогты тіркеу мен блог жүргізуде қажетті болатын бірнеше функцияларға шолу жасалып, қалай іске қосу қажеттігі түсіндіріледі.

Published in: Education
  • Be the first to comment

  • Be the first to like this

Wordpress.com: Блог бастайық

  1. 1. Жаңа медианы зерттеу тобы | Алматы 2010 жыл «МІНБЕР» ЖУРНАЛИСТЕРДІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ WORDPRESS.COM: БЛОГ БАСТАЙЫҚ!
  2. 2. 2 Кітапшаның мұқабасында СС рұқсаты негізінде 4everyoung есімді flickr сурет торабы қолданушысының суреті қолданылды Бұл шағын кітапша wordpress.com блогтұғырынан блог тіркегісі келген оқырманға арналған. Автор блог тіркеудің бастамасымен таныстырады. Кітапшада блогты тіркеу мен блог жүргізуде қажетті болатын бірнеше функцияларға шолу жасалып, қалай іске қосу қажеттігі түсіндіріледі. Асхат Еркімбай Ескерту: Wordpress.com бағдарламасы ұдайы даму үстінде болғандықтан кейбір функцияларды іске қосу реті өзгеруі мүмкін
  3. 3. 3 1. Жеке блог бастау. Ең әуелі WordPress.com мекенін ашып, блог тіркеу қажет. Бұдан соң, sign up now (тіркелу) деген қызыл батырманы басасыз. Wordpress.com блогтұғыры қазақ тіліне аударылуда. Қазақша тіркелгіңіз келсе, http://kk.wordpress.com (тӛменгі суретте) сілтемесін ашасыз.
  4. 4. 4 2. Қолданушы аты. Сұралған мәліметтерді толтыру барысында қолданушы аты мен блогтың мекен-жайы сұралады. Қолданушы аты дегеніміз интернеттегі блогтың иесі ретінде кӛрінетін сіздің есіміңіз. Ал блогтың мекені дегеніміз интернеттегі блогыңыздың мекен-жайы. Ол әдетте http:// деген белгілермен басталып жазылады. Мәселен, блог тіркегенде urimtal деп кӛрсетілген болса, блог мекені: http://urimtal.wordpress.com болмақ. Егер барлығын дұрыс толтырған болсаңыз, соңынан кӛрсеткен электронды поштаға блог тіркегеніңізді мақұлдайтын сілтеме жіберіледі. Сол сілтемені ашқан соң барып, блогыңыз іске қосылады.
  5. 5. 5 Блогыма қалай кіремін? Блогқа ену. Блог тіркеп болған соң, оған ену үшін интернетке қосылған кез- келген компьютерден WordPress.com мекенін ашып, сол жақ үстіңгі бұрышқа қолданушы аты мен кілт сӛзіңізді енгізесіз.
  6. 6. 6 Блогымды қалай жүргіземін? 1. Құрал-саймандар тақтасы (Dashboard). Жеке блогыңызға енгенде алдымен құрал-саймандар бӛлімі ашылады. Бұл бӛлім тек блог иесіне ғана кӛрінеді. Ағылшын тілінде бұл бӛлімді «dashboard» деп атайды. Қазақ тілінде «құрал-саймандар» деген баламасы қолданылады. Себебі осы бӛлімде блогқа жазба орнату, оны безендіру, блог оқырмандарының статистикасы т.с.с. негізгі функциялар орналасқан.
  7. 7. 7 2. Баптаулар (Settings): Бұл бӛлімді құрал-саймандар тақтасының сол жақ тӛменгі бұрышынан таба аласыз. Баптаулар > General (жалпы) > деген тізбек арқылы ӛтсеңіз, «Негізгі баптауларға» тап боласыз. Ол жерде блогтың атын ӛзгертіп, уақыт белдеуін кӛрсетіп, жеке суретіңізді жариялай аласыз. Осы бӛлімде блогтың сипатына қатысты жалпы мәліметтерді кӛріп, ӛзгертуге болады. Бірақ домен атауын ӛзгерте алмайсыз.
  8. 8. 8 3. Appearance (Келбеті): Бұл бӛлімге кіріп, сіз блогыңыздың келбетін ӛзгерте аласыз. Ол үшін Appereance (1) > Theme (2) дегенді басасыз. Алдыңыздан wordpress.com ұсынған жүзден аса блог келбеттері шығады. Әр ұсынылған келбеттің астында «активациялау» және «қарап шығу» (preview) деген жазу бар. Блог келбеті ұнаса, әуелі қарап шығуды басып, кейін активациялайсыз (тӛменгі сурет).
  9. 9. 9 4. Widgets: Appearance (ағыл. келбеті) деген бӛлімде сонымен қатар Widgets (ағыл. үстемелер немесе қосымшалар) деген бӛлім бар. Оны ашатын болсаңыз, блогыңызға «Күнтізбе», «жиі оқылған жазбалар», «соңғы пікірлер», «сілтемелер» тәрізді үстеме функцияларды қоса аласыз. Ол үшін widgets бетінің ортаңғы бағанындағы «Available widgets» (ағыл. Қолдануға болатын үстемелер) деген жерден қажеттісін тінтуірмен сол жақ бағандағы жақтауға (sidebar) сүйретіп апарасыз.
  10. 10. 10 Блогыма жазбаны қалай жариялаймын? 5. Жазбалар. (ағыл. Posts): Кез келген блог жазбаларымен ерекшеленеді. Блогыңызға жаңа жазба енгізу үшін Құрал-саймандар бӛліміндегі «Жазбалар» деген бӛлімнен «Add New» (ағыл. Жаңасын қосу) дегенді басасыз (1). Сол кезде алдыңыздан бӛлек терезе ашылады. Терезедегі үстіңгі ақ жолаққа жазбаңыздың тақырыбын енгізесіз (2). Оның астындағы терезеге негізгі мәтін жазылады. Жазбаңызға сурет қосқыңыз келсе, upload/insert деген (3) жазулардың қасындағы батырманы басып, енгізесіз. Суретті енгізуге арнайы тоқталатын боламыз.
  11. 11. 11 Блогыма өзге сілтемелерді қалай қосамын? 6. Links.(Сілтемелер). Бұл бӛлім Құрал-саймандар бӛлімінде «Жазбалардың» астында «Медиадан» кейін орналасқан. Әдетте блогшылардың кейбірі «Мен блог аштым. Алайда оны енді басқалары қайдан табады?» деген заңды сұрақ қояды. Егер сіздің блогыңызға ӛзге блогшылар сілтеме жасап қойсын десеңіз сіз де пайдалы деп тапқан блогтардың, интернет ресурстардың сілтемесін ӛз блогыңызда кӛрсетіп қойыңыз. BLOGROLL (БЛОГТАР СІЛТЕМЕСІНІҢ ТІЗІМІ) – БЛОГТЫҢ БІР ЖАҚ БАҒАНЫНДАҒЫ ӨЗГЕ РЕСУРСТАРДЫҢ ТІЗІМІ. КЕЙБІР БЛОГШЫЛАР ОНЫ БЕЛГІЛІ БІР ТАҚЫРЫП БОЙЫНША (БАҚ, ДОСТАР, ҚАЗАҚ БЛОГШЫЛАРЫ Т.С.С.) ТОПТАСЫП ТА БЕРЕДІ НЕМЕСЕ “КӨРШІЛЕР” ДЕГЕН АТПЕН ДЕ ЖАРИЯЛАНЫП ТҰРУЫ МҮМКІН. Ӛз блогыңа ӛзге блогтардың (сайттардың, т.с.с.) сілтемесін қою не үшін керек? Біріншіден, бұл ӛзге ресурстың танымалдылығына жәрдемдесу деген сӛз. Сіздің блогқа бас сұққан адам, ӛзгенікін де кӛре алады. Бұл әсіресе, кӛп оқылатын блогта сіздің блогтың сілтемесі тұрса жақсы. Блогыңыз бірден танылады. Екіншіден, сіз белгілі бір тақырыпта жазып жүрсеңіз (мәселен, аспаздық тақырыбында) онда сіз оқырмандарыңызға ӛзіңіз дұрыс деп тапқан сайттар мен блогтардың сілтемесін кӛрсету арқылы оларға қосымша мәлімет бересіз. Әрі блогыңыз аспаздыққа жайлы мәлімет беретін шағын кітапханаға айналады. Үшіншіден, ӛзгенің блогыңнан ӛз блогыңның сілтемесін кӛргің келсе, әуелі ӛзгелердің блогына сілтеме жасап қой. Сонымен wordpress.com тұғырынан блог ашсаңыз, сілтемелер қою оңай. Ол үшін dashboard (құрал-саймандар) – Links (сілтемелер) – Add New (жаңасын қосу) деген жерді ашамыз. Сізде мынадай терезе ашылуы керек (сурет келесі бетте).
  12. 12. 12 «Name» деген жерге блогтың атын жазасыз. Мәселен, менің блогымның аты – Ӛрімтал (немесе блог авторын да жазып қойсаңыз болады). Оның астындағы Web Address деген жерге блогтың (немесе сайттың) адресін жазасыз. ОСЫ ЖЕРДЕ МАҢЫЗДЫ БІР ЖАЙТ БАР. БЛОГТЫҢ АДРЕСІН ЖАЗҒАН КЕЗДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ HTTP:// ДЕП (КІШІ ӘРІПТЕРМЕН) АЛДЫНА КӨРСЕТУ КЕРЕК. ЕКІ РЕТ ЖАЗЫЛЫП КЕТУІНЕН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ. ЕГЕР ОСЫ АДРЕС ДҰРЫС КӨРСЕТІЛМЕСЕ, СІЛТЕМЕ ДЕ КЕЙІН ДҰРЫС АШЫЛМАЙ ҚАЛАДЫ. Одан кейін Сипаттамасы деген жерге блогты бір-екі ауыз сӛзбен сипаттасаңыз болады (мысалы, “Ӛмірдің ӛз ӛрнегі” блогы), бермесеңіз де болады. Соңынан Add Link (Сілтеме Қос) дегенді басасыз. Одан кейін блогыңызға барып, тексеріп кӛріңіз. Кітапшаның келесі бетінде блогқа сурет және видео жариялаудың тәсілдеріне тоқталамыз.
  13. 13. 13 . Images. Суреттер. Интернет жазба әдетте суретпен қоса берілсе, тартымды болмақ. Сондықтан жазбаңызды суретпен безендіруді ойласаңыз, тӛмендегі кеңеске құлақ түріңіз. «Блогыма суретті қалай жариялаймын? 1. Әуелі, ең қарапайым жолын айтайын. Ол үшін жаңа жазбаны жазған кезде ашылатын терезені ашасыз. Upload/Insert (Жариялау/Енгізу) деген тұста бес белгіні кӛруге болады. Соның біріншісі сурет жарялауға арналған 2. “Қарап шығу” дегенді басасыз да, суреттің орнын кӛрсетесіз 3. Суреттің салмағы жеңіл болса, тез жүктеледі. Ауыр болса, кӛлемін кішірейткен жӛн
  14. 14. 14 5. Сәл тӛмен түссеңіз, суреттің орналастыру ретін, кӛлемін реттей аласыз. Соңынан “post” дегенді басуды ұмытпаңыз.
  15. 15. 15 7. Videos. (Видеолар немесе бейнелі жазба) WordPress.com блогына видеоны тікелей жариялау үшін блогыңыз “ӛз алдына отау иесі” болуы керек. Яғни, urimtal.wordpress.com емес, www.urimtal.kz деген тәрізді. Ал кӛпшілігіміздің блогымыз wordpress.com блогтұғырында болғандықтан біз видеоларды бір жерден кӛшіріп жарялаймыз. Бұл кітапшада блогқа видеоны ӛзге ресурстан (youtube.com) алып жариялау тәсілін кӛрсетпекпін. 1. Мәселен, «Туған күніңмен, Астана» атты видеоны мен әуелі Youtube.com видео- сервисіне жарияладым. (Егер Сіз gmail.com-ға тіркелсеңіз, youtube-қа автоматты түрде тіркелесіз) 2. Одан кейін блогқа жазба жазғанда қолданатын терезе үстіндегі upload/Insert деген жазу қасындағы екінші батырманы түртесіз. Тінтуірді апара жатқанда кейде ADD VIDEO деген жазу шығады.
  16. 16. 16 3. Бәрін дұрыс орындаған болсаңыз, мынадай терезе ашылуы керек. Байқағаныңыздай бұл жерде үш талғау бар. Бізге керегі екіншісі, FROM URL. 4. Ағылшынша жазылған жазу «видеоның сілтемесін кӛрсеткенде youtube= деп жазып, барлығын тік жақшаға [ ] алыңыз» дейді. Ал жариялағалы отырған видеоның сілтемесін youtube-тан қараймыз. 5. Youtube әдетте видеоның сілтемесін осылай тӛменгі жағына (үстіңгі сурет) кӛрсетіп қояды. Одан кейін сол сілтемені кӛшіріп аламыз да, алдыңғы жерге жазамыз. 6. Енді бар болғаны Insert into Post (ағыл. Жазбаға енгізу) дегенді басу ғана қалды. Жазбаңыздың ортасында әдемі сілтеме пайда болады.
  17. 17. 17 Видеоны жариялаудың балама жолы: видеоңыздың сілтемесін бірден білген болсаңыз, осы жазу үлгісін сақтап, бірден жазба ортасына жазып кетсеңіз, әлдеқайда оңай болмақ. Ескерту: WordPress.com блогына кез келген видеосервистен жариялай алмайсыз. Ӛзім кӛбіне тек youtube видеоларын жариялаймын. Мүмкін, уақыт ӛте келе басқа жерде жарияланған видеоларды орнататын күн туар.
  18. 18. 18 8. Categories. (ағыл. айдарлар, бөлімдер). Құрал-cаймандар бӛліміндегі жазбалардың ішіне кіретін бұл функция блог жазбаларды белгілі бір айдар немесе бӛлім аясында топтастыруға кӛмектеседі. Себебі блогта жазбалар саны кӛбейген сайын оларды белгілі бір тақырыптар бойынша реттеу қажеттілігі туындайды. Бұл орайда wordpress блогында категориялар немесе бӛлімдер деген арнайы қызметі бар екенін еске салғым келеді. Оны блогтың құрал-саймандар (eng. dashboard) бӛліміндегі жазбалар (1) деген жерден табуға болады.
  19. 19. 19 Қалтафоннан блогқа сурет жариялауға бола ма? Әрине! Wordpress.com ӛз доменіне тіркелген блогқа қалтафоннан сурет жолдау жүйесін оңайлатты. Ең әуелі бір сурет жіберудің құны оператордың қойып отырған бағасына байланысты. Қазақстандағы операторларда mms қызметі 15-20 теңге айналасында. Десе де мобильді операторлардан алдын ала тексеріп алғанның айыбы жоқ. Wordpress осыдан бір айдай уақыт бұрын электронды пошта арқылы блогқа жазба жазу мүмкіндігін енгізген. Яғни, блогыңызға арнайы пошта береді де, соған жіберген дүниеңіз блогыңызға (егер хатпен бірге сурет тіркеген болсаңыз ол да) жарияланады. Ең бірінші блогыңыздың электронды поштасын алу керек. Ол үшін My blogs (менің блогтарым) > Manage Blogs деген жерге барасыз. Сол жердегі блогтың тұсындағы post by email дегеннің астындағы “рұқсат” деген түймені түртесіз. Таңдаған блогыңызға дербес адрес беріледі. Әдетте ол символдар жиынтығы болады да соңы @post.wordpress.com деп аяқталады. Соны қалтафоныңызға сақтап қоясыз, Кейін суреттеріңізді, жазбаларыңызды сол адреске жолдай бересіз. __________________________________________________ Әзірге осы! Ұсыныстар мен пікірлеріңізді urimtal@gmail.com поштасына жолдай аласыз. Құрметпен, «Өрімтал» (http://urimtal.wordpress.com) блогының авторы Асхат Еркімбай

×