SlideShare a Scribd company logo
1 of 8
Download to read offline
Астана, 2016 жыл
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ
ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУГЕ ТИІС?
I. Міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыру туралы нені білу қажет:
Медициналық сақтандыру көптеген елдерде халық үшін, сонымен бірге
жұмыс берушілер үшін денсаулық сақтау жүйесінің тиімді модельдерінің
бірі ретінде танылған.
Ол азаматтарға медициналық көмекті кеңінен алуға мүмкіндік береді.
Жұмыс берушілерде, бір жағынан, жұмыскерлердің уақытша еңбекке
жарамсыздығына байланысты өндірістегі шығындары төмендейді, енді бір
жағынан, көп жағдайда олар жүзеге асыратын жарналар салыққа
есептеледі.
Бұл жүйе Германияда канцлер Бисмарк басқарған уақыттан бері бір
ғасырдан артық қолданылуда.
Қазіргі уақытта 16 европалық мемлекетте, сонымен бірге Түркия мен
Жапонияда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘлМС) жүйесі
қолданылуда. Дәл осы елдердің медицинасы қазіргі уақытта жоғарғы
деңгейде және адамдардың өмір сүру ұзақтығы да жоғары - 80-85 жасқа
дейін.
МӘлМС-тің тиімділігі денсаулықты сақтау үшін мемлекет, жұмыс беруші
және азаматтың өзі жауапкершілікте болатынына негізделеді.
Бұл ретте мемлекет өзіне мынадай міндеттемелерді алады:
* мемлекеттің барлық азаматтарына медициналық көмектің негізгі ең
төмен пакетін немесе тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін
ұсыну.
Қазақстанда мұндай көмекті 17 млн. адам немесе мемлекеттің барлық
тұрғындары алады.
* азаматтардың МӘлМС шеңберінде ұсынылатын медициналық көмекті
алуы үшін экономикалық белсенді емес тұрғындарға Медициналық
сақтандыру қорына жарналарды жүзеге асыру. Қазақстанда экономикалық
белсенді емес тұрғындар саны шамамен 10 млн. адамды құрайды. Бұл
балалар, егде жастағы адамдар, көп балалы аналар, жүкті әйелдер, жұмыс
істемейтін мүгедектер және т.б.
Жұмыс берушілер сонымен бірге өз жұмыскерлерінің денсаулығына
қамқор болуға тиіс, себебі дені сау және өнімді еңбек ресурстары – кез-
келген кәсіпорынның табыстылығының кепілі. Сондықтан МӘлМС
қолданылатын барлық елдерде жұмыс берушілер медициналық сақтандыру
жүйесін еңбекақы төлеу қорынан 3%-дан 15%-ға дейін мөлшері құрайтын
жарналарды енгізеді.
Қазақстан кәсіпорындарында қазіргі уақытта 5,6 млн-нан астам адам
еңбек етеді, олар үшін МӘлМС жарналарын жұмыс берушілер жүргізеді.
Жұмыс істейтін азаматтар, егер олар нақты бір кәсіпорында жұмыс
істейтін болса немесе өздерінің жеке ісі болса, өздерінің табыстарынан
аударатын болады.
Әлемдік практикада егер азаматтар жалдамалы жұмыскерлер болса, онда
олардың аударым көлемі еңбекақыдан 1%-дан 8,2%-ды құрайды, ал егер
жеке кәсіпкер болса, онда өзі көрсеткен кірістен (ең төменгі еңбекақыдан
төмен болмауға тиіс) 7%-дан 15,5%-ды құрайды.
Барлық аударымдар мен салымдардың бірыңғай қорға шоғырландырылуы
осы елдерге қаражатты мақсатқа сай пайдалануды, ұсынылатын
медициналық көмек түрін кеңейтуге және оның сапасын арттыруға және ең
негізгісі – жарна төлеушілердің алдында денсаулық сақтау жүйесінің есеп
беруін қамтамасыз етті.
Осындай шарттар медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін
қамтамасыз етті және Қазақстанның сол жүйені таңдауына негіз болды.
МӘлМС жүйесі Қазақстан Республикасында 2017 жылдан бастап
енгізіледі және Қазақстан Республикасының барлық сақтандырылған
азаматтарының жынысына, жасына, әлеуметтік дәрежесіне, тұрғылықты
жеріне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең
қол жетімділікке кепілдік береді.
II. Жұмыс берушілерге медициналық
сақтандырудың жаңа жүйесі не береді?
Біріншіден.
Жұмыскерлердің уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты
өндірістегі шығынды азайту.
Жыл сайын 2,6 млн. астам жұмыскерлер уақытша еңбекке
жарамсыздығына байланысты еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдейді.
Егер күн сайын орта есеппен әрбір жұмыскер 12,6 мың теңгеге өнім
(немесе қызмет көрсетсе) шығарса, онда жұмыс берушілердің жыл сайынғы
шығыны шамамен 370 млрд. теңгені құрайды.
Ең жақсы клиникаларда уақтылы профилактикалық қарап-тексеруден өту,
сапалы ем және қымбат тұратын арнайы көмек қабылдау жұмыс істейтін
азаматтардың денсаулығын сақтауға, олардың уақытша еңбекке
жарамсыздық күндерін қысқартуға және осының нәтижесінде жұмыс
берушінің шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Екіншіден.
Салық бойынша шегерімдер.
Әрбір жұмыс беруші кезең-кезеңімен Қорға өзінің жұмыскерлері үшін
жарналар аударып отырады. Аудару сомалары корпоративтік табыс
салығынан шегеруге жатқызылады.
Мысалға, егер Сіздің табысыңыз МӘлМС енгізілгенге дейін 100 мың теңгені,
ал шығындарыңыз 80 мың теңгені (оның ішінде еңбекақы төлеу қоры 40 мың
теңге) құраған болса, онда сіздің салық төлемдеріңіз 4 мың теңгені құраған
болар еді.
Ал МӘлМС жағдайында аударымдар жұмыс берушінің шығындарына
жатқызылатындықтан, салық төлемдері 3,8 мың теңгені құрайды.
Үшіншіден.
Мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдар арасынан кәсіпорын
жұмыскерлерін тіркеу үшін ең мықты клиниканы таңдау мүмкіндігі.
Әрбір жұмыс берушіге Қордың медициналық қызметтерін жеткізушілерінің
бірыңғай тізбесіне қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.
Жұмыс берушілер Бірыңғай тізбе деректері бойынша профилактикалық
қарап-тексеруді уақтылы және сапалы жүргізетін және білікті медициналық
көмек көрсететін клиниканы таңдау құқығына ие.
Төртіншіден.
Сіздің жұмыскерлеріңіздің қымбат тұратын жоғары білікті
мамандандырылған медициналық көмекті алу мүмкіндігі.
Мемлекеттің, азаматтардың өзінің және жұмыс берушілердің бірлескен
жауапкершілігі науқастанған кезеңде дені сау азаматтардан науқастарға
келіп түскен қаражатты қайта бөлуге мүмкіндік береді. Бұл
жұмыскерлердің жұмыс беруші, сондай-ақ жұмыскерлер бірлесіп жүргізген
аударым көлемінен артылатын медициналық көмекті алуына мүмкіндік
береді.
Бесіншіден.
Жұмыс беруші:
- қызметтің ашықтығын қамтамасыз ететін - Қоғамдық бақылау
комиссиясының мүшесі;
- стандарттарды қарауға және тарифтерді бекітуге қатысатын
- кәсіби қауымдастық мүшесі бола тұра әлеуметтік медициналық
сақтандыру Қорының қызметін қоғамдық бақылауға қатыса алады.
III. Медициналық сақтандыру жүйесіне
аударымдар көлемі қандай болуға тиіс?
Егер Сіз жұмыс беруші болсаңыз,
онда Сіз ай сайын Қорға - 2017 жылдан бастап сіздің жұмыскерлеріңіздің
еңбекақы қорынан - 2%, 2018 жылы - 3%, 2019 жылы - 4%, 2020 жылы -
5% сақтандыру аударымдарын жүргізетін боласыз. Төлем сомалары
корпоративтік табыс салығынан шегеруге жатқызылады.
Сонымен бірге, ай сайын жұмыскердің нақты еңбекақысынан 2019 жылы -
1%, ал 2020 жылы - 2% ұстап қалып, Қорға аудару қажет. Төлем сомалары
жеке табыс салығынан шегеруге жатқызылады.
САҚТАНДЫРУ АУДАРЫМДАРЫ МЕН ЖАРНАЛАР ҚОРҒА МЫНАДАЙ ТАБЫС
ТҮРЛЕРІНЕН ТӨЛЕНБЕЙДІ:
* қызметтік іссапарларға компенсациялардан және қосалқы сипаттағы
жұмыстан;
* жұмыскерлердің егістік жұмыстарынан;
* бюджет қаражатынан жұмыскерлерді жеткізуге, оқуға ақы төлеуге, жәрдемақы
және компенсацияға байланысты шығындардан;
* сауықтыруға арналған жәрдемақы мен демалыс жәрдемақысынан, медициналық
қызметтерге ақы төлеу, бала туу кезіндегі, ең төменгі еңбекақы төлемі (ТЕТ)
шеңберіне жерлеуге берілген төлемдерден;
* стипендиядан;
* сақтандыру сыйақыларынан.
Егер Сіз жұмыскер болсаңыз,
онда Сіз жұмыскер ретінде 2019 жылдан бастап айлық еңбекақыдан 1%
төлей бастайсыз, ал 2020 жылдан - 2%. Мысалға, еңбек келісімшартына
сәйкес белгіленген және аударылатын Сіздің еңбекақыңыз 50 000 теңгені
құрайтын болса, онда жұмыс беруші Сіз үшін 2017 жылы 900 теңгені аударуы
қажет, ал Сіз 2019 жылдан бастап айына 450 теңге сомасында аударасыз.
Жұмыскердің аударымдары жеке табыс салығынан шегеруге жатқызылады.
Егер Сіз жеке кәсіпкер болсаңыз,
онда 2017 жылы ай сайын әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына
Сіздің табысыңыздан 2% аударылуы қажет. 2018 жылы – 3%, 2019 жылы
– 5%, 2020 жылдан – 7%.
Мысалға, Сіздің ай сайынғы табысыңыз жеке кәсіпкер ретінде 100 000 теңге
болсын. Қорға аударым 2000 теңгені құрайтын болады.
Мемлекет экономикалық белсенді емес тұрғындар үшін 2017 жылы
алдыңғы 2 жылғы экономика бойынша орташа еңбекақыдан 4% төлейтін
болады, 2018 жылдан бастап – 5%, 2023 жылы - 6%, 2024 жылы - 7%.
Экономикалық белсенді емес тұрғындарға жататындар:
* балалар;
* «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Ардақты
ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы»
ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;
* Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер;
* мүгедектер;
* жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
* интернат ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін адамдар;
* техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары білім, сондай-ақ
резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын адамдар;
* баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап
алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды)
күтіп-бағу бойынша демалыста жүрген әйелдер;
* жүкті әйелдер, сондай-ақ бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін
оны (оларды) тәрбиелеп отырған әйелдер;
* зейнеткерлер;
* соттың үкімі бойынша жазасын сот-атқарушылық жүйе мекемелерінде
(пенитенциарлық) өтеп жүрген адамдар (ең төменгі қауіпсіздік мекемелерін
қоспағанда);
* уақытша ұстау изоляторында және тергеу изоляторында ұсталатын
адамдар.
IV. Медициналық сақтандыру
жүйесі қалай жұмыс істейтін
болады?
Жұмыскер, жұмыс беруші, жеке кәсіпкер және мемлекет экономикалық
белсенді емес тұрғындар үшін жүргізген барлық салымдар мен аударымдар
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (Қор) түсетін болады.
Қорға түскенін бақылау Мемлекеттік кіріс комитетіне, ал жеке есепке
алу «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүктеледі.
Қор медициналық ұйымдардан медициналық қызметтердің бірыңғай
стратегиялық сатып алушысы болып табылады. Сатып алу мемлекеттік
және жеке клиникалар арасында конкурстық негізде жүргізіледі.
Осылайша, тиісті ресурстық қамтамасыз етілген және білікті көмек
көрсететін тәжірибелі мамандары бар ең мықты мемлекеттік және жеке
клиникалар медициналық көмекті ұсыну мүмкіндігіне ие болады.
V. Азаматтар қандай медициналық
көмек түрлерін ала алады?
1. Барлық азаматтар үшін:
* Жедел жәрдем және санитариялық авиация;
* Әлеуметтік маңызы бар аурулар мен жедел жағдайлар кезіндегі
медициналық көмек;
* Профилактикалық егулер;
* Амбулаториялық-дәрілік қамтамасыз ету арқылы амбулаториялық-
емханалық көмек (2020 жылға дейін).
2. Сақтандырылған азаматтар үшін: (МӘлМС шеңберіндегі медициналық көмек)
* Амбулаториялық-емханалық көмек:
-Емханадағы емдеу;
-Дәрігерлердің қабылдауы;
-Зертханалық қызметтер;
-Диагностика және манипуляциялар;
* Стационарлық көмек - жоспарлы тәртіпте ауруханаларда емдеу;
* Стационар алмастырушы көмек - күндізгі стационарда ем қабылдау;
* Жоғары технологиялық медициналық қызметтер - күрделі және
бірегей медициналық технологияларды пайдалану арқылы орындалатын
медициналық көмек;
* Дәрімен қамтамасыз ету - амбулаториялық-емханалық көмек көрсету
кезінде;
* Мейіргерлік күтім - басынан кешкен аурудың салдарынан өз-өзіне
қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ, бөгде адамдардың тұрақты күтімін немесе
қарауын қажет ететін адамдар;
* Паллиативті көмек - емдеуге келмейтін, өміріне қауіпті және ағымы
ауыр аурулары бар пациенттердің өмір сүру сапасын адам үшін мүмкін
болатын ең жоғары қолайлы деңгейде қолдау.
3. Сақтандырылмаған азаматтар үшін:
* Жедел жәрдем және санитариялық авиация;
* Әлеуметтік маңызы бар аурулар мен жедел жағдайлар кезіндегі
медициналық көмек;
* Профилактикалық егулер.
ЖҰМЫСКЕРЛЕРІҢІЗДІҢ ДЕНІНІҢ САУЛЫҒЫ – БҰЛ СІЗДІҢ ПАЙДАҢЫЗ!
ӨЗ ПАЙДАҢЫЗДЫ ЖОҒАЛТПАҢЫЗ!

More Related Content

Viewers also liked

Executive Summary - Turf Study
Executive Summary - Turf StudyExecutive Summary - Turf Study
Executive Summary - Turf Study
Iraj Khadka
 
Melissa nieves rivera
Melissa nieves riveraMelissa nieves rivera
Melissa nieves rivera
elicintron
 
#HappySoundsLike Wrap Report
#HappySoundsLike Wrap Report#HappySoundsLike Wrap Report
#HappySoundsLike Wrap Report
Orla Keefe
 

Viewers also liked (19)

Буклет для населения на казахском
Буклет для населения на казахскомБуклет для населения на казахском
Буклет для населения на казахском
 
Informativo ago-11
Informativo   ago-11Informativo   ago-11
Informativo ago-11
 
1. initial plans
1. initial plans1. initial plans
1. initial plans
 
Ateste coletivo
Ateste coletivoAteste coletivo
Ateste coletivo
 
ENGLISH REC
ENGLISH RECENGLISH REC
ENGLISH REC
 
7 claves para refinar la mirada (colin john mc govern)
7 claves para refinar la mirada (colin john mc govern)7 claves para refinar la mirada (colin john mc govern)
7 claves para refinar la mirada (colin john mc govern)
 
test
testtest
test
 
Los Modelos Atómicos QC01
Los Modelos Atómicos QC01Los Modelos Atómicos QC01
Los Modelos Atómicos QC01
 
Phi Kappa Phi Certificate (2) JB
Phi Kappa Phi Certificate (2) JBPhi Kappa Phi Certificate (2) JB
Phi Kappa Phi Certificate (2) JB
 
03102012467
0310201246703102012467
03102012467
 
Executive Summary - Turf Study
Executive Summary - Turf StudyExecutive Summary - Turf Study
Executive Summary - Turf Study
 
Dados1
Dados1Dados1
Dados1
 
Sir Solar and Plumbing
Sir Solar and PlumbingSir Solar and Plumbing
Sir Solar and Plumbing
 
SELECT Community Partnerships
SELECT Community PartnershipsSELECT Community Partnerships
SELECT Community Partnerships
 
Eyendas
EyendasEyendas
Eyendas
 
Melissa nieves rivera
Melissa nieves riveraMelissa nieves rivera
Melissa nieves rivera
 
Что должны знать медицинские работники об обязательном социальном медицинском...
Что должны знать медицинские работники об обязательном социальном медицинском...Что должны знать медицинские работники об обязательном социальном медицинском...
Что должны знать медицинские работники об обязательном социальном медицинском...
 
Understanding Dog Bites - When Dogs Bite and How to Deal With Them
Understanding Dog Bites - When Dogs Bite and How to Deal With ThemUnderstanding Dog Bites - When Dogs Bite and How to Deal With Them
Understanding Dog Bites - When Dogs Bite and How to Deal With Them
 
#HappySoundsLike Wrap Report
#HappySoundsLike Wrap Report#HappySoundsLike Wrap Report
#HappySoundsLike Wrap Report
 

Similar to Жұмыс берушілер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы нені білуге тиіс?

Перспективы развития АО ЕНПФ и НПС РК (УНС+ДПВ)_каз
Перспективы развития АО ЕНПФ и НПС РК (УНС+ДПВ)_казПерспективы развития АО ЕНПФ и НПС РК (УНС+ДПВ)_каз
Перспективы развития АО ЕНПФ и НПС РК (УНС+ДПВ)_каз
MukhamedArgyn
 

Similar to Жұмыс берушілер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы нені білуге тиіс? (6)

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДЫ ЕНГІЗУ
МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДЫ ЕНГІЗУМІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДЫ ЕНГІЗУ
МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДЫ ЕНГІЗУ
 
Перспективы развития АО ЕНПФ и НПС РК (УНС+ДПВ)_каз
Перспективы развития АО ЕНПФ и НПС РК (УНС+ДПВ)_казПерспективы развития АО ЕНПФ и НПС РК (УНС+ДПВ)_каз
Перспективы развития АО ЕНПФ и НПС РК (УНС+ДПВ)_каз
 
1 бож кд К.Аян.pptx
1 бож кд К.Аян.pptx1 бож кд К.Аян.pptx
1 бож кд К.Аян.pptx
 
«БЖЗҚ» АҚ және ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесінің даму келешегі
«БЖЗҚ» АҚ және ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесінің даму келешегі«БЖЗҚ» АҚ және ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесінің даму келешегі
«БЖЗҚ» АҚ және ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесінің даму келешегі
 
Зейнетақы жүйелерінің үлгісі
Зейнетақы жүйелерінің үлгісіЗейнетақы жүйелерінің үлгісі
Зейнетақы жүйелерінің үлгісі
 
Зейнетақы жүйесіндегі жаңа енгізулер
Зейнетақы жүйесіндегі жаңа енгізулерЗейнетақы жүйесіндегі жаңа енгізулер
Зейнетақы жүйесіндегі жаңа енгізулер
 

More from Zhanat Chukeev

More from Zhanat Chukeev (20)

2017 жылғы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру
2017 жылғы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру2017 жылғы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру
2017 жылғы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру
 
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
 
алгоритм инфраструктура
алгоритм инфраструктураалгоритм инфраструктура
алгоритм инфраструктура
 
алгоритм гарантирования на одной странице
алгоритм гарантирования на одной страницеалгоритм гарантирования на одной странице
алгоритм гарантирования на одной странице
 
алгоритм инфраструктура
алгоритм инфраструктураалгоритм инфраструктура
алгоритм инфраструктура
 
алгоритм гарантирования на одной странице
алгоритм гарантирования на одной страницеалгоритм гарантирования на одной странице
алгоритм гарантирования на одной странице
 
гражданский бюджет 2017 год уточненный
гражданский бюджет 2017 год уточненныйгражданский бюджет 2017 год уточненный
гражданский бюджет 2017 год уточненный
 
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналғанАЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
 
Пошаговая инструкция подачи заявления на выдачу лицензии деятельностью по нер...
Пошаговая инструкция подачи заявления на выдачу лицензии деятельностью по нер...Пошаговая инструкция подачи заявления на выдачу лицензии деятельностью по нер...
Пошаговая инструкция подачи заявления на выдачу лицензии деятельностью по нер...
 
Пошаговая инструкция подачи заявления на выдачу лицензии на деятельности в сф...
Пошаговая инструкция подачи заявления на выдачу лицензии на деятельности в сф...Пошаговая инструкция подачи заявления на выдачу лицензии на деятельности в сф...
Пошаговая инструкция подачи заявления на выдачу лицензии на деятельности в сф...
 
ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПОДДЕРЖКА БИЗНЕСА 2020
ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПОДДЕРЖКА БИЗНЕСА 2020ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПОДДЕРЖКА БИЗНЕСА 2020
ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПОДДЕРЖКА БИЗНЕСА 2020
 
ГРАЖДАНСКИЙ БЮДЖЕТ НА 2017-2019 ГОДЫ
ГРАЖДАНСКИЙ БЮДЖЕТ НА 2017-2019 ГОДЫГРАЖДАНСКИЙ БЮДЖЕТ НА 2017-2019 ГОДЫ
ГРАЖДАНСКИЙ БЮДЖЕТ НА 2017-2019 ГОДЫ
 
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚБЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналғанАЗАМАТТЫҚБЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
 
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚБЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналғанАЗАМАТТЫҚБЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
 
гражданский бюджет 2017 год утвержденный
гражданский бюджет 2017 год утвержденныйгражданский бюджет 2017 год утвержденный
гражданский бюджет 2017 год утвержденный
 
презентация осмс от 13.06.2017 г.
презентация осмс от 13.06.2017 г.презентация осмс от 13.06.2017 г.
презентация осмс от 13.06.2017 г.
 
ВНЕДРЕНИЕ ОБЯЗАТЕЛЬНОГО СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ
ВНЕДРЕНИЕ ОБЯЗАТЕЛЬНОГО СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯВНЕДРЕНИЕ ОБЯЗАТЕЛЬНОГО СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ
ВНЕДРЕНИЕ ОБЯЗАТЕЛЬНОГО СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ
 
Маршрут оформления инвалидности
Маршрут оформления инвалидностиМаршрут оформления инвалидности
Маршрут оформления инвалидности
 
Список зарубежных клиник, осуществляющих лечение граждан Республики Казахстан...
Список зарубежных клиник, осуществляющих лечение граждан Республики Казахстан...Список зарубежных клиник, осуществляющих лечение граждан Республики Казахстан...
Список зарубежных клиник, осуществляющих лечение граждан Республики Казахстан...
 
Лечение граждан Республики Казахстан за рубежом за счет бюджетных средств
Лечение граждан Республики Казахстан за рубежом за счет бюджетных средствЛечение граждан Республики Казахстан за рубежом за счет бюджетных средств
Лечение граждан Республики Казахстан за рубежом за счет бюджетных средств
 

Жұмыс берушілер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы нені білуге тиіс?

  • 1. Астана, 2016 жыл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУГЕ ТИІС?
  • 2. I. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы нені білу қажет: Медициналық сақтандыру көптеген елдерде халық үшін, сонымен бірге жұмыс берушілер үшін денсаулық сақтау жүйесінің тиімді модельдерінің бірі ретінде танылған. Ол азаматтарға медициналық көмекті кеңінен алуға мүмкіндік береді. Жұмыс берушілерде, бір жағынан, жұмыскерлердің уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты өндірістегі шығындары төмендейді, енді бір жағынан, көп жағдайда олар жүзеге асыратын жарналар салыққа есептеледі. Бұл жүйе Германияда канцлер Бисмарк басқарған уақыттан бері бір ғасырдан артық қолданылуда. Қазіргі уақытта 16 европалық мемлекетте, сонымен бірге Түркия мен Жапонияда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘлМС) жүйесі қолданылуда. Дәл осы елдердің медицинасы қазіргі уақытта жоғарғы деңгейде және адамдардың өмір сүру ұзақтығы да жоғары - 80-85 жасқа дейін. МӘлМС-тің тиімділігі денсаулықты сақтау үшін мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың өзі жауапкершілікте болатынына негізделеді. Бұл ретте мемлекет өзіне мынадай міндеттемелерді алады: * мемлекеттің барлық азаматтарына медициналық көмектің негізгі ең төмен пакетін немесе тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну. Қазақстанда мұндай көмекті 17 млн. адам немесе мемлекеттің барлық тұрғындары алады. * азаматтардың МӘлМС шеңберінде ұсынылатын медициналық көмекті алуы үшін экономикалық белсенді емес тұрғындарға Медициналық сақтандыру қорына жарналарды жүзеге асыру. Қазақстанда экономикалық белсенді емес тұрғындар саны шамамен 10 млн. адамды құрайды. Бұл балалар, егде жастағы адамдар, көп балалы аналар, жүкті әйелдер, жұмыс істемейтін мүгедектер және т.б. Жұмыс берушілер сонымен бірге өз жұмыскерлерінің денсаулығына қамқор болуға тиіс, себебі дені сау және өнімді еңбек ресурстары – кез- келген кәсіпорынның табыстылығының кепілі. Сондықтан МӘлМС қолданылатын барлық елдерде жұмыс берушілер медициналық сақтандыру жүйесін еңбекақы төлеу қорынан 3%-дан 15%-ға дейін мөлшері құрайтын жарналарды енгізеді. Қазақстан кәсіпорындарында қазіргі уақытта 5,6 млн-нан астам адам еңбек етеді, олар үшін МӘлМС жарналарын жұмыс берушілер жүргізеді.
  • 3. Жұмыс істейтін азаматтар, егер олар нақты бір кәсіпорында жұмыс істейтін болса немесе өздерінің жеке ісі болса, өздерінің табыстарынан аударатын болады. Әлемдік практикада егер азаматтар жалдамалы жұмыскерлер болса, онда олардың аударым көлемі еңбекақыдан 1%-дан 8,2%-ды құрайды, ал егер жеке кәсіпкер болса, онда өзі көрсеткен кірістен (ең төменгі еңбекақыдан төмен болмауға тиіс) 7%-дан 15,5%-ды құрайды. Барлық аударымдар мен салымдардың бірыңғай қорға шоғырландырылуы осы елдерге қаражатты мақсатқа сай пайдалануды, ұсынылатын медициналық көмек түрін кеңейтуге және оның сапасын арттыруға және ең негізгісі – жарна төлеушілердің алдында денсаулық сақтау жүйесінің есеп беруін қамтамасыз етті. Осындай шарттар медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін қамтамасыз етті және Қазақстанның сол жүйені таңдауына негіз болды. МӘлМС жүйесі Қазақстан Республикасында 2017 жылдан бастап енгізіледі және Қазақстан Республикасының барлық сақтандырылған азаматтарының жынысына, жасына, әлеуметтік дәрежесіне, тұрғылықты жеріне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қол жетімділікке кепілдік береді. II. Жұмыс берушілерге медициналық сақтандырудың жаңа жүйесі не береді? Біріншіден. Жұмыскерлердің уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты өндірістегі шығынды азайту. Жыл сайын 2,6 млн. астам жұмыскерлер уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдейді. Егер күн сайын орта есеппен әрбір жұмыскер 12,6 мың теңгеге өнім (немесе қызмет көрсетсе) шығарса, онда жұмыс берушілердің жыл сайынғы шығыны шамамен 370 млрд. теңгені құрайды. Ең жақсы клиникаларда уақтылы профилактикалық қарап-тексеруден өту, сапалы ем және қымбат тұратын арнайы көмек қабылдау жұмыс істейтін азаматтардың денсаулығын сақтауға, олардың уақытша еңбекке
  • 4. жарамсыздық күндерін қысқартуға және осының нәтижесінде жұмыс берушінің шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Екіншіден. Салық бойынша шегерімдер. Әрбір жұмыс беруші кезең-кезеңімен Қорға өзінің жұмыскерлері үшін жарналар аударып отырады. Аудару сомалары корпоративтік табыс салығынан шегеруге жатқызылады. Мысалға, егер Сіздің табысыңыз МӘлМС енгізілгенге дейін 100 мың теңгені, ал шығындарыңыз 80 мың теңгені (оның ішінде еңбекақы төлеу қоры 40 мың теңге) құраған болса, онда сіздің салық төлемдеріңіз 4 мың теңгені құраған болар еді. Ал МӘлМС жағдайында аударымдар жұмыс берушінің шығындарына жатқызылатындықтан, салық төлемдері 3,8 мың теңгені құрайды. Үшіншіден. Мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдар арасынан кәсіпорын жұмыскерлерін тіркеу үшін ең мықты клиниканы таңдау мүмкіндігі. Әрбір жұмыс берушіге Қордың медициналық қызметтерін жеткізушілерінің бірыңғай тізбесіне қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. Жұмыс берушілер Бірыңғай тізбе деректері бойынша профилактикалық қарап-тексеруді уақтылы және сапалы жүргізетін және білікті медициналық көмек көрсететін клиниканы таңдау құқығына ие. Төртіншіден. Сіздің жұмыскерлеріңіздің қымбат тұратын жоғары білікті мамандандырылған медициналық көмекті алу мүмкіндігі. Мемлекеттің, азаматтардың өзінің және жұмыс берушілердің бірлескен жауапкершілігі науқастанған кезеңде дені сау азаматтардан науқастарға келіп түскен қаражатты қайта бөлуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыскерлердің жұмыс беруші, сондай-ақ жұмыскерлер бірлесіп жүргізген аударым көлемінен артылатын медициналық көмекті алуына мүмкіндік береді. Бесіншіден. Жұмыс беруші: - қызметтің ашықтығын қамтамасыз ететін - Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшесі; - стандарттарды қарауға және тарифтерді бекітуге қатысатын - кәсіби қауымдастық мүшесі бола тұра әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының қызметін қоғамдық бақылауға қатыса алады.
  • 5. III. Медициналық сақтандыру жүйесіне аударымдар көлемі қандай болуға тиіс? Егер Сіз жұмыс беруші болсаңыз, онда Сіз ай сайын Қорға - 2017 жылдан бастап сіздің жұмыскерлеріңіздің еңбекақы қорынан - 2%, 2018 жылы - 3%, 2019 жылы - 4%, 2020 жылы - 5% сақтандыру аударымдарын жүргізетін боласыз. Төлем сомалары корпоративтік табыс салығынан шегеруге жатқызылады. Сонымен бірге, ай сайын жұмыскердің нақты еңбекақысынан 2019 жылы - 1%, ал 2020 жылы - 2% ұстап қалып, Қорға аудару қажет. Төлем сомалары жеке табыс салығынан шегеруге жатқызылады. САҚТАНДЫРУ АУДАРЫМДАРЫ МЕН ЖАРНАЛАР ҚОРҒА МЫНАДАЙ ТАБЫС ТҮРЛЕРІНЕН ТӨЛЕНБЕЙДІ: * қызметтік іссапарларға компенсациялардан және қосалқы сипаттағы жұмыстан; * жұмыскерлердің егістік жұмыстарынан; * бюджет қаражатынан жұмыскерлерді жеткізуге, оқуға ақы төлеуге, жәрдемақы және компенсацияға байланысты шығындардан; * сауықтыруға арналған жәрдемақы мен демалыс жәрдемақысынан, медициналық қызметтерге ақы төлеу, бала туу кезіндегі, ең төменгі еңбекақы төлемі (ТЕТ) шеңберіне жерлеуге берілген төлемдерден; * стипендиядан; * сақтандыру сыйақыларынан. Егер Сіз жұмыскер болсаңыз, онда Сіз жұмыскер ретінде 2019 жылдан бастап айлық еңбекақыдан 1% төлей бастайсыз, ал 2020 жылдан - 2%. Мысалға, еңбек келісімшартына сәйкес белгіленген және аударылатын Сіздің еңбекақыңыз 50 000 теңгені құрайтын болса, онда жұмыс беруші Сіз үшін 2017 жылы 900 теңгені аударуы қажет, ал Сіз 2019 жылдан бастап айына 450 теңге сомасында аударасыз. Жұмыскердің аударымдары жеке табыс салығынан шегеруге жатқызылады. Егер Сіз жеке кәсіпкер болсаңыз, онда 2017 жылы ай сайын әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына Сіздің табысыңыздан 2% аударылуы қажет. 2018 жылы – 3%, 2019 жылы – 5%, 2020 жылдан – 7%. Мысалға, Сіздің ай сайынғы табысыңыз жеке кәсіпкер ретінде 100 000 теңге болсын. Қорға аударым 2000 теңгені құрайтын болады. Мемлекет экономикалық белсенді емес тұрғындар үшін 2017 жылы алдыңғы 2 жылғы экономика бойынша орташа еңбекақыдан 4% төлейтін болады, 2018 жылдан бастап – 5%, 2023 жылы - 6%, 2024 жылы - 7%.
  • 6. Экономикалық белсенді емес тұрғындарға жататындар: * балалар; * «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар; * Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер; * мүгедектер; * жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар; * интернат ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін адамдар; * техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары білім, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын адамдар; * баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) күтіп-бағу бойынша демалыста жүрген әйелдер; * жүкті әйелдер, сондай-ақ бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған әйелдер; * зейнеткерлер; * соттың үкімі бойынша жазасын сот-атқарушылық жүйе мекемелерінде (пенитенциарлық) өтеп жүрген адамдар (ең төменгі қауіпсіздік мекемелерін қоспағанда); * уақытша ұстау изоляторында және тергеу изоляторында ұсталатын адамдар. IV. Медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейтін болады? Жұмыскер, жұмыс беруші, жеке кәсіпкер және мемлекет экономикалық белсенді емес тұрғындар үшін жүргізген барлық салымдар мен аударымдар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (Қор) түсетін болады. Қорға түскенін бақылау Мемлекеттік кіріс комитетіне, ал жеке есепке алу «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүктеледі. Қор медициналық ұйымдардан медициналық қызметтердің бірыңғай стратегиялық сатып алушысы болып табылады. Сатып алу мемлекеттік және жеке клиникалар арасында конкурстық негізде жүргізіледі. Осылайша, тиісті ресурстық қамтамасыз етілген және білікті көмек көрсететін тәжірибелі мамандары бар ең мықты мемлекеттік және жеке клиникалар медициналық көмекті ұсыну мүмкіндігіне ие болады.
  • 7. V. Азаматтар қандай медициналық көмек түрлерін ала алады? 1. Барлық азаматтар үшін: * Жедел жәрдем және санитариялық авиация; * Әлеуметтік маңызы бар аурулар мен жедел жағдайлар кезіндегі медициналық көмек; * Профилактикалық егулер; * Амбулаториялық-дәрілік қамтамасыз ету арқылы амбулаториялық- емханалық көмек (2020 жылға дейін). 2. Сақтандырылған азаматтар үшін: (МӘлМС шеңберіндегі медициналық көмек) * Амбулаториялық-емханалық көмек: -Емханадағы емдеу; -Дәрігерлердің қабылдауы; -Зертханалық қызметтер; -Диагностика және манипуляциялар; * Стационарлық көмек - жоспарлы тәртіпте ауруханаларда емдеу; * Стационар алмастырушы көмек - күндізгі стационарда ем қабылдау; * Жоғары технологиялық медициналық қызметтер - күрделі және бірегей медициналық технологияларды пайдалану арқылы орындалатын медициналық көмек; * Дәрімен қамтамасыз ету - амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде; * Мейіргерлік күтім - басынан кешкен аурудың салдарынан өз-өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ, бөгде адамдардың тұрақты күтімін немесе қарауын қажет ететін адамдар; * Паллиативті көмек - емдеуге келмейтін, өміріне қауіпті және ағымы ауыр аурулары бар пациенттердің өмір сүру сапасын адам үшін мүмкін болатын ең жоғары қолайлы деңгейде қолдау. 3. Сақтандырылмаған азаматтар үшін: * Жедел жәрдем және санитариялық авиация; * Әлеуметтік маңызы бар аурулар мен жедел жағдайлар кезіндегі медициналық көмек; * Профилактикалық егулер.
  • 8. ЖҰМЫСКЕРЛЕРІҢІЗДІҢ ДЕНІНІҢ САУЛЫҒЫ – БҰЛ СІЗДІҢ ПАЙДАҢЫЗ! ӨЗ ПАЙДАҢЫЗДЫ ЖОҒАЛТПАҢЫЗ!