4. Ахметов Сағит,1913ж.т.,қазақ.Октябрь ауданы,
Балуан ауылында туған.07.1941 ж. шақырылы,
05.1942 ж. Октябрь АӘК (жарақаты бойынша) есепке
тұрған.7 АП,24 АД,атқыш қатарыңдағы
жауынгер.Наградалары:дәрежелі Ұлы Отан соғысы
ордені, «Германияны жеңгені үшін» медалі,мерейтойлық
медальдар.1983ж. қайтыс болған.Балуан ауылында
жерленген.
6. Капешов Билял, 15.03.1912 жылы Октябрь ауд,Балуан
селосында туған.Қазақ.15.08.1941 жылы шақырылған
және 1946 жылы Октябрь АӘК-на есепке тұрған.99-шы
жол құрылыс батальонында қызметін атқарған.Бөлімше
командирі.Сержант.Мерекелік медальдармен
марапатталған.2000жылға қайтыс болды.Тимирязово
селосында жерленген.
8. Құсаинов Аманат, 10.11.1917. жылы Октябрь ауд,Балуан
селосында туған.Қазақ.1941 жылы шақырылған және
1946 жылы Октябрь АӘК-на есепке тұрған
(жаралануына байланысты).
Ұлы Отан соғысына қатысушы.Қатардағы
жауынгер.Мерекелік медальдармен марапат-
талған.19.06.1989. жылы қайтыс болды.Шал ақын
ауд,Балуан селосында жерленген.
10. Мұстафин Қажытай Мұстафаұлы 1913 жылы Балуан ауылында дүниеге
келді.1913-1936 жж Балуан мектебінде оқыды,1937-1940 жж Ленин орта
мектебін оқып бітірді.1942 ж Совет Армиясы қатарына алынды.Дайындық
сапы Ақмола қаласында өтті.42-ші жылдың маусым,тамыз айларында
Қалмақ даласында майданға кіріп,Кательников станциясын азат ету ісінде
немістің 100 самолётінің бомбалауынан контузия алып,жараланған соң
Капустин яр госпиталіне түскен.Госпитальдан емделіп шыққаннан кейін
Сталинград майданының Аштық аралында (Голодный остров) соғысқа
кірген.Жоғарғы команданың бұйрығы бойынша Қажытай Мұстафаұлы
Саратов қаласыңдағы танктік училищеге оқуға жіберіледі.Курс біткеннен
кейін Нижний Тагил қаласынан танкі алып,Орёл,Курск жерлерін азат
етіп,Брянск,Сумское,Чернигов, Киев қаларына және Беларуссия,Германияның
алғашқы шекарасын,Кинсберг қаласын азат етуге қатысқан.1944 жылдары
Румыния,Австрия,Чехославакия жерлерін азат етіп,майдан жолын Прага
қаласында аяқтады.Осы майдан жолындағы еңбектері үшін «Ұлы Отан
соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен мараппатталған.Жеңіс күнін
Чехославакияның астанасы Прага қаласында қарсы алған.1946 жылдың
желтоқсан айында елге оралды.1947 жылдың қаңтар айынан бастап
мектебіне мұғалім болып орналасып1982 жылға дейін үзбей мұғалімдік
қызметін атқарып,сол жылы құрметті демалысқа шықты.
Ұлы Отан соғысының ардагері Мұстафин Қажытай Мұстафаұлы 2002 жылы
қазан айында дүниеден өтті.