SlideShare a Scribd company logo
1 of 7
«Қызықты математика сағаты» атты ашық шара
1-жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Қызықты
математика сағаты» атты ашық шарамызға қош келдіңіздер!
Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән апталықтарының
орны ерекше. Бұл шараны өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушылар
информатика, физика мен математиканы тек сабақта ғана пайдаланып
қоймай , өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. Осы шара арқылы
сіздердің пәнге деген қызығушылықтарыңыз бен құрметтеріңізді ояту.
Олай болса бүгінгі шарамызды ашық деп жәриялайық.
2- жүргізуші: Қатысыңыздар, Қолдаңыздар, Есептен шет қалмаңыздар,
ойлаңыздар, есеп додасы басталды, кірісейік жұмысқа! Жайбарақат
болмаңыздар. Қатыратын бастарыңызды , шара міне басталды
1-жүргізуші: Хор. « Математиканың ән ұраны»
(«Ақ бантик» әнінің әуенімен)
І. Балауса пән едің бір кезде
Көбейту, қосудан басталған
Түрленіп кеттіңғой бұл күнде
Мәніңе көз тастап ойланам.
Қайырмасы: Өрнек, бөлшек қандай қызық
Армандайды химик физик
Математи - кай,
Сен биіксің еркем, тау шыңдарындай
ІІ. Ғылымдар патшасы өзіңсің
Нарықты заманның көзісің,
Ақыл-ой сананы әрдайым
Тәртіпке келтірген өзіңсің
Қайырмасы: Өрнек, бөлшек қандай қызық
Армандайды химик физик
Математи - кай,
Сен биіксің еркем, тау шыңдарындай
2 – жүргізуші: Сонау- сонау алысқа, жүзсін десең кемелер
Тылсым сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер
Жасау үшін бәрін де,
Математика -
Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтанда сол ғылымның тілін біл!
1 – жүргізуші: Жүзген кеме тұманда, неге адасып кетпейді?
Немесе ол бір маңда, неге төмен шөкпейді?
Оны сақтап қалатын,
Математика -
Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтанда сол ғылымның тілін біл!
2-жүргізуші:Математикалық софизм. Көріністі Махиева Альбина және
Қылышбаев Иманғали көрсетеді.
1-жүргізуші: « Сандар жыры» Орындайтын: Үдеров Мақсат
Бір дегенім- бесік,
Шықтым содан өсіп.
Екі- дегенім елім,
Далам, тауым, көгім
Үш дегенім- үміт
Үміт артар жігіт.
Төр дегенім- төзім,
Төзе білем өзім.
Бес- дегенім бақыт
Бағалайтын уақыт.
Алты деген- ақыл,
Тыңдағаның мақұл
Жеті деген- жалау,
Жүректегі алау.
Сегіз деген- сөзім
Серт беретін кезім
Тоғыз деген тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
Он- дегенім Отан
Қорға соны ботам.
2 -жүргізуші: Ән шашу: Орындайтын: Маханова Лаура
1 -жүргізуші: Көрініс: «Арифметикалық орта» Орындайтындар:
Жақсылық Назерке мен Жақсығали Рамазан
2-жүргізуші: Қазір сіздер «Математика өмірде» атты монтаж
тыңдайсыздар.
(Оқушылар жаттаған тақпақтарын айтады
Айдан хабар алғызған
Теңіз суын каналмен
Шөл далаға бұрғызған
Биік үйлер салғызған
Математика демек бұл
Таби ғат сырын аштырған
Тоқ пен қазан астырған
Миллион гектар жерлерді
Механизммен аштырған
Математика демек бұл
Шындықты алғаш таратқан
Жыл күніңді санатқан
Тауып үлкен жаңалық
Жоқтан барды жаратқан
Математика демек бұл
Құтқарып ауыр еңбектен
Техниканы үйреткен
Роботтай адамды
Тіл бергізіп сөйлеткен
Математика демек бұл
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кидірген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Математика демек бұл
Жас достар бұны бәріміз ұғайық
Математика құрметтеуге ылайық
1 –жүргізуші:
Сан мен таңба тұр сап түзеп,
Орындап формула әмірін
Кім айтсын өлеңнен жақсы деп,
Есептің сырлы өмірін.
Ұшқыштар дауыспен қоса өрлеп,
Ғарыштық сапарды мақтасақ
Оны біз жасай аларма ек
Алдымен есептеп шықпасақ.
Болымсыз ойға алаң, сәл сабыр
Мен айтсам ағымнан жарылып
Сенің бар айналаң, өмірің
Есептің заңына бағынған.
Заводтар салынып орманда
Шын оттар жанама жалынсыз
Тепловоз рельспен зуларма
Математиканың заңысыз
2 –жүргізуші:
Ғылымды автомат боп жетеледім
Білесіз ауыр жүкті көтергенін
Дем беріп Гаусс, Эйлер, Галилей,Рене Декарт
Өмірді техникалық процесске әкелгенін
Қолдайды бүгін мені медицина
Бөлініп шықты менен көп-көп сала
Бәріне ата болдым, мейрімді ана
Сондықтан сыйлайды мені етіп дана
Математика ол менің мақтанышым
Тағдырды есепке алып отырғаны үшін
Талай адам жатырғой бас қатырып
Ядролық қарудың тоқтауы үшін.
1-жүргізуші: Ендігі кезек фокусшыға беріледі. Фокусшы Алдияров
Атамұрат «Тез қосу» деген фокусты көрсетеді.
2-жүргізуші: Ән шашу. Орындайды Махиева Альбина
МАТЕМАТИКА ( «Ананың тілі» әнінің мотиві)
Мектепке келдім, ұстазды көрдім,
Жазу, сызу мен санау үйрендім.
Сан менен өрнек, теңдеу мен бөлшек,
Сырына оның, үңіліп көрсек.
Математика – бар ілім басы,
Математика – ғылым патшасы.
Математика- өмір тірегі
Математика – шәкірт жүрегі.
Сенсіз дүкенге бара алмаймыз,
Сенсіз үйлерді сала алмаймыз.
Сенсіз уақытты біле алмаймыз.
Сенсіз тарихты жаза алмаймыз
1-жүргізуші: Көрініс: «Көбейту кестесі» Орындайтындар: Маханова
Лаура және Сабурбаев Нұрболат
2-жүргізуші: «Мақал - сөз атасы» дегендей , бәріңізді мақал- мәтелдер
сайысына шақырамыз. Мұнда сіздер қызықты сұрақпен берілген
мақалдарды толық айтуыңыз керек.
1- жүргізуші: Инемен құдық қазуға болама? (Білім алу инемен құдық
қазғандай)
2-жүргізуші: Аппақ қарға болама? (Қарға баласын аппағым дейді)
1 -жүргізуші: Қар жанама? (Қалауын тапсаң қар жанар)
2-жүргізуші: Қой мен қасқыр ойланама? (Қойдың ойлағаны амандық,
қасқырдың ойлағаны арамдық)
1-жүргізуші: Қарғыстың ең жаманы не? ( Өзің білме, білгеннің тілін
алма)
2-жүргізуші: Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр? (Көз
қорқақ, қол батыр)
1-жүргізуші: Етікті қонышынан басып киюге болама? (Қолыңнан келсе,
қонышыңнан бас)
2-жүргізуші: Үлкен көз, үлкен сөз болама? (Қорқақтың көзі үлкен,
ақымақтың сөзі үлкен)
1-жүргізуші: Тауық түс көреме? ( Тауықтың түсіне тары енеді)
2-жүргізуші: Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман)
1-жүргізуші: Тіл каратист пе? (Тіл тас жарады, тас жармаса бас
жарады)
2-жүргізуші: Көрініс: «Жіп» Орындайды: Сәрсенбайқызы Ақерке және
Аженов Бексұлтан
1-жүргізуші: Білімдіден шығады алғыр, шешен,
Шешендіктен болған ғой барлық көсем.
Сайра шәкірт, суырыл , шарықташы,
Қалмасыншы бұл кеште сенің есең. Деп ендігі кезекті
«Жаңылтпаштар» ға береміз. Шарты: Жаңылтпашты 3 рет оқып беруі
керек.
1-оқушыға
Шеңбер,шеңбер доп емес
Доп сияқты,доп емес
Доп деп, доп деп шеңберді
Ойлама шеңбер ол емес.
2-оқушыға:
Бес түп алма,”бестік” алғандікі
Төрт түп алма,”төрттік” алғандікі
“Төрттік” алған бес түп алма
алмайды
“Бестік” алған төрт түп алма
алмайды.
1 -жүргізуші: Енді бәріміз бірігіп қызықты есептер және викториналар
шешеміз.
Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым
алға жүріп,1 шақырым кейін қайтады. Қырсық екі араны неше күнде
өтеді?(10 күн)
2- жүргізуші: Дүкеннен 19 теңгеге сауда жасадың. Бірақ сенде кілең үш
теңгеліктер, ал сатушыда кілең бес теңгеліктер бар. Тұғырықтан қалай
шығуға болады? Жауабы: ( 3 теңгеліктен 24 теңге берсең, 5 теңге қайтарады).
1- жүргізуші: Тауда екі ағаш бар, әр ағаштың түбінде екі іннен бар. Ал әр
інде түлкінің екі күшігінен жатыр. Сонда барлығы неше түлкінің күшігі
бар.(сегіз)
2-жүргізуші: Арыстан 1 қойды 2 сағатта,қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта
жеп, тауыса алады.Барлығы бірігіп жегенде қойды қанша сағатта жеп
бітіреді? (бір)
1-жүргізуші: Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы
және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған
жоқ.алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған? (3)
2-жүргізуші: Үлкен ағасында 2кәмпит,ал інісінде 12 кәмпит бар.Үлкен
ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттілік орнап,олардың
кәмпиттерінің саны теңеледі?(5)
1-жүргізуші: Кішкентай Есетті мысық тырнап алғанда,ол 5 мин бақырды,ал
ара шағып алғанда ол 3 мин ұзақ бақырды,өзінің анасы ұстап алып сабынмен
жуындырғанда Есет ара шағып алғандағыдан екі есе көп уақыт
бақырды.Анасы Есетті 11мин жуындырды.Есет жуынып болғаннан кейін
қанша уақыт бақырды?(5мин)
2-жүргізуші: Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру
үшін нешінші басқышты басу керек. (8)
1-жүргізуші: Үйде 12 шәшке мен 9 табақшалар бар.Балалар шәшкелердің
жартысын және 7 табақша сындырды.Неше шәшке табақшасыз қалды? (4)
2-жүргізуші: Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуі
жолдың жартысын өткенде, жолдың жартысы қалғанша ұйықтайды.
Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтайды? ( 1/4)
1-жүргізуші: Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті.
Неше бөлік пайда болды? (15)
2-жүргізуші: Бір бала ас үйде тарақандарды ұстап жүріп,5-ін өлтірді, ал 3
есе көбін жаралады.3 тарақанды өте ауыр жаралады және олар
жарақаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті,бірақ балаға ренжіп
көршілеріне мүлдем кетіп қалды.Көршілеріне неше тарақан кетіп қалды? (12)
1-жүргізуші: Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді.Әсет өзінің
тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан
Азатқа қарап қызғаныштан жыдана жаздады.Әсет әлі неше минут
қызғаныштан жынданатын болды? (14)
2-жүргізуші: Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет
қию керек. (4)
1-жүргізуші: Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының
қосындысы сегізге тең болды.Бес жылдан кейін олардың жастарының
қосындысы неге тең болады?(18 жас)
2-жүргізуші: Ненің ұшын және ақырын табу мүмкін емес?
1-жүргізуші: Қалалық бай тұрғын үш ұлына мұраға екі үй қалдырды.
Ұлдары мұраны тең бөлуді шешті. Үлкен екі ұлдың әрқайсысының еншісіне
үй тиді, ал кенжесіне ақша бөлінді: оған ағаларының әрқайсысы 500 динар
берді. Сонда бір үйдің құны қанша динар тұрады? (1500 )
2-жүргізуші: Жеті рет кір жуылғаннан кейін сабынның өлшемдері екі
есе кішірейді. Сабынның қалдығы тағы неше рет жууға жетеді? (1 рет)
1-жүргізуші: Ауылда 28 үй бар .Оның 15-інің үйінде түйесі , 8-інің
сиыры , 6-ның сиыры да, түйесі де бар. Неше үйде мал жоқ? (5 үйде)
2-жүргізуші:Енді «Шахмат тақтасы туралы аңызды» тыңдаймыз.
Аңызды Туленова Индира оқиды.
1 –жүргізуші:
Математикалық атаулар мен ұғымдар,
Есте болар, құрбылар, бәріңнің де.
Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек
Артық болмас, бастайық, кезек бізде. Енді кезекті жұмбақтар шешуге
берейік.
2 –жүргізуші:
Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы, бұл қандай сан,
Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан)
1 –жүргізуші:
Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды, қолда бары? ( 6 )
2 –жүргізуші:
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазылып тұр бойында. ( сызғыш )
1 –жүргізуші:
Айқасқан екі таяқ
Тұрады жоқты сұрап (икс)
2-жүргізуші: Бір нүктеден айналдым
Теңдей қашық жол салдым
Қане өзің ойлап тап
Қай фигура атандым
1-жүргізуші :
Бір – бірімен жарысқан
4 аю, бір арыстан
2 қой мен 1 түлкі
Бәрі нешеу кім білді / 8 /
2- жүргізуші: Атам, әжем,аға,
Әкем, інім және мен
Анам және енесі
Енесінің бөлесі
Отыр едік шай ішіп
Жеңгем кірді: майысып
Арқасында кіші інім
Саны қанша айта қой
Үйдегі бар кісінің? (10)
1-жүргізуші: Жайылып жүр сегіз лақ
Үшеуі оның егіз лақ
Бала болғын келсе егер
Сегіз лақтың енесін
тез есептеп бересің?
2-жүргізуші: Он бір түйе, бес жылқы
Екі сиыр бір ешкі
Екі қоян, үш түлкі
Сонда неше болады? (24)
1-жүргізуші:. Елбасымыз «ХХІ ғасыр – білім мен ғылым ғасыры» деп атаған.
Математика- ғылымдар патшасы, информатика- ақпараттар ғылымы. Яғни
оған бүгінгі күнде көзіміз жетіп отыр, күннен күнге ғылым мен техника
өрлеп дамып келе жатыр. 30 елдің қатарына қосылу үшін әрбір жас өз үлесін
қосу керек. Биыл тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы. 25 жыл ішінде
біз көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Бүгінгі шараны мен «Білімсіз –
адам, тұзсыз тағаммен тең» деп аяқтағым кеп отыр. Барлығымыз бір
жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып жұмыс жасайық. Білімді және белсенді
болыңыздар!
2-жүргізуші: Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды,
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
Сіздермен кездесеміз біздер әлі,
Кешіміз бүгінгі аяқталды.
1-жүргізуші: Сөз кезегі ұстазымызға.
https://www.kp.ru/daily/26322.4/3202196/

More Related Content

Featured

How Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental Health
How Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental HealthHow Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental Health
How Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental Health
ThinkNow
 
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie InsightsSocial Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Kurio // The Social Media Age(ncy)
 

Featured (20)

2024 State of Marketing Report – by Hubspot
2024 State of Marketing Report – by Hubspot2024 State of Marketing Report – by Hubspot
2024 State of Marketing Report – by Hubspot
 
Everything You Need To Know About ChatGPT
Everything You Need To Know About ChatGPTEverything You Need To Know About ChatGPT
Everything You Need To Know About ChatGPT
 
Product Design Trends in 2024 | Teenage Engineerings
Product Design Trends in 2024 | Teenage EngineeringsProduct Design Trends in 2024 | Teenage Engineerings
Product Design Trends in 2024 | Teenage Engineerings
 
How Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental Health
How Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental HealthHow Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental Health
How Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental Health
 
AI Trends in Creative Operations 2024 by Artwork Flow.pdf
AI Trends in Creative Operations 2024 by Artwork Flow.pdfAI Trends in Creative Operations 2024 by Artwork Flow.pdf
AI Trends in Creative Operations 2024 by Artwork Flow.pdf
 
Skeleton Culture Code
Skeleton Culture CodeSkeleton Culture Code
Skeleton Culture Code
 
PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024
PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024
PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024
 
Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)
Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)
Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)
 
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
 
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie InsightsSocial Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
 
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
 
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
 
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
 
Getting into the tech field. what next
Getting into the tech field. what next Getting into the tech field. what next
Getting into the tech field. what next
 
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search IntentGoogle's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
 
How to have difficult conversations
How to have difficult conversations How to have difficult conversations
How to have difficult conversations
 
Introduction to Data Science
Introduction to Data ScienceIntroduction to Data Science
Introduction to Data Science
 
Time Management & Productivity - Best Practices
Time Management & Productivity -  Best PracticesTime Management & Productivity -  Best Practices
Time Management & Productivity - Best Practices
 
The six step guide to practical project management
The six step guide to practical project managementThe six step guide to practical project management
The six step guide to practical project management
 
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
 

математикалық кеш.docx

  • 1. «Қызықты математика сағаты» атты ашық шара 1-жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Қызықты математика сағаты» атты ашық шарамызға қош келдіңіздер! Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән апталықтарының орны ерекше. Бұл шараны өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушылар информатика, физика мен математиканы тек сабақта ғана пайдаланып қоймай , өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. Осы шара арқылы сіздердің пәнге деген қызығушылықтарыңыз бен құрметтеріңізді ояту. Олай болса бүгінгі шарамызды ашық деп жәриялайық. 2- жүргізуші: Қатысыңыздар, Қолдаңыздар, Есептен шет қалмаңыздар, ойлаңыздар, есеп додасы басталды, кірісейік жұмысқа! Жайбарақат болмаңыздар. Қатыратын бастарыңызды , шара міне басталды 1-жүргізуші: Хор. « Математиканың ән ұраны» («Ақ бантик» әнінің әуенімен) І. Балауса пән едің бір кезде Көбейту, қосудан басталған Түрленіп кеттіңғой бұл күнде Мәніңе көз тастап ойланам. Қайырмасы: Өрнек, бөлшек қандай қызық Армандайды химик физик Математи - кай, Сен биіксің еркем, тау шыңдарындай ІІ. Ғылымдар патшасы өзіңсің Нарықты заманның көзісің, Ақыл-ой сананы әрдайым Тәртіпке келтірген өзіңсің Қайырмасы: Өрнек, бөлшек қандай қызық Армандайды химик физик Математи - кай, Сен биіксің еркем, тау шыңдарындай 2 – жүргізуші: Сонау- сонау алысқа, жүзсін десең кемелер Тылсым сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер Жасау үшін бәрін де, Математика - Ең маңызды ғылым бұл, Сондықтан да, сондықтанда сол ғылымның тілін біл! 1 – жүргізуші: Жүзген кеме тұманда, неге адасып кетпейді? Немесе ол бір маңда, неге төмен шөкпейді? Оны сақтап қалатын, Математика - Ең маңызды ғылым бұл, Сондықтан да, сондықтанда сол ғылымның тілін біл! 2-жүргізуші:Математикалық софизм. Көріністі Махиева Альбина және Қылышбаев Иманғали көрсетеді. 1-жүргізуші: « Сандар жыры» Орындайтын: Үдеров Мақсат Бір дегенім- бесік, Шықтым содан өсіп. Екі- дегенім елім,
  • 2. Далам, тауым, көгім Үш дегенім- үміт Үміт артар жігіт. Төр дегенім- төзім, Төзе білем өзім. Бес- дегенім бақыт Бағалайтын уақыт. Алты деген- ақыл, Тыңдағаның мақұл Жеті деген- жалау, Жүректегі алау. Сегіз деген- сөзім Серт беретін кезім Тоғыз деген тоқтау, Елдің жоғын жоқтау. Он- дегенім Отан Қорға соны ботам. 2 -жүргізуші: Ән шашу: Орындайтын: Маханова Лаура 1 -жүргізуші: Көрініс: «Арифметикалық орта» Орындайтындар: Жақсылық Назерке мен Жақсығали Рамазан 2-жүргізуші: Қазір сіздер «Математика өмірде» атты монтаж тыңдайсыздар. (Оқушылар жаттаған тақпақтарын айтады Айдан хабар алғызған Теңіз суын каналмен Шөл далаға бұрғызған Биік үйлер салғызған Математика демек бұл Таби ғат сырын аштырған Тоқ пен қазан астырған Миллион гектар жерлерді Механизммен аштырған Математика демек бұл Шындықты алғаш таратқан Жыл күніңді санатқан Тауып үлкен жаңалық Жоқтан барды жаратқан Математика демек бұл Құтқарып ауыр еңбектен Техниканы үйреткен Роботтай адамды Тіл бергізіп сөйлеткен Математика демек бұл Білмегенді білдірген Өлшеп киім кидірген Барлық істі атқарып Пайдасын елге тигізген Математика демек бұл
  • 3. Жас достар бұны бәріміз ұғайық Математика құрметтеуге ылайық 1 –жүргізуші: Сан мен таңба тұр сап түзеп, Орындап формула әмірін Кім айтсын өлеңнен жақсы деп, Есептің сырлы өмірін. Ұшқыштар дауыспен қоса өрлеп, Ғарыштық сапарды мақтасақ Оны біз жасай аларма ек Алдымен есептеп шықпасақ. Болымсыз ойға алаң, сәл сабыр Мен айтсам ағымнан жарылып Сенің бар айналаң, өмірің Есептің заңына бағынған. Заводтар салынып орманда Шын оттар жанама жалынсыз Тепловоз рельспен зуларма Математиканың заңысыз 2 –жүргізуші: Ғылымды автомат боп жетеледім Білесіз ауыр жүкті көтергенін Дем беріп Гаусс, Эйлер, Галилей,Рене Декарт Өмірді техникалық процесске әкелгенін Қолдайды бүгін мені медицина Бөлініп шықты менен көп-көп сала Бәріне ата болдым, мейрімді ана Сондықтан сыйлайды мені етіп дана Математика ол менің мақтанышым Тағдырды есепке алып отырғаны үшін Талай адам жатырғой бас қатырып Ядролық қарудың тоқтауы үшін. 1-жүргізуші: Ендігі кезек фокусшыға беріледі. Фокусшы Алдияров Атамұрат «Тез қосу» деген фокусты көрсетеді. 2-жүргізуші: Ән шашу. Орындайды Махиева Альбина МАТЕМАТИКА ( «Ананың тілі» әнінің мотиві) Мектепке келдім, ұстазды көрдім, Жазу, сызу мен санау үйрендім. Сан менен өрнек, теңдеу мен бөлшек, Сырына оның, үңіліп көрсек. Математика – бар ілім басы, Математика – ғылым патшасы. Математика- өмір тірегі Математика – шәкірт жүрегі. Сенсіз дүкенге бара алмаймыз, Сенсіз үйлерді сала алмаймыз.
  • 4. Сенсіз уақытты біле алмаймыз. Сенсіз тарихты жаза алмаймыз 1-жүргізуші: Көрініс: «Көбейту кестесі» Орындайтындар: Маханова Лаура және Сабурбаев Нұрболат 2-жүргізуші: «Мақал - сөз атасы» дегендей , бәріңізді мақал- мәтелдер сайысына шақырамыз. Мұнда сіздер қызықты сұрақпен берілген мақалдарды толық айтуыңыз керек. 1- жүргізуші: Инемен құдық қазуға болама? (Білім алу инемен құдық қазғандай) 2-жүргізуші: Аппақ қарға болама? (Қарға баласын аппағым дейді) 1 -жүргізуші: Қар жанама? (Қалауын тапсаң қар жанар) 2-жүргізуші: Қой мен қасқыр ойланама? (Қойдың ойлағаны амандық, қасқырдың ойлағаны арамдық) 1-жүргізуші: Қарғыстың ең жаманы не? ( Өзің білме, білгеннің тілін алма) 2-жүргізуші: Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр? (Көз қорқақ, қол батыр) 1-жүргізуші: Етікті қонышынан басып киюге болама? (Қолыңнан келсе, қонышыңнан бас) 2-жүргізуші: Үлкен көз, үлкен сөз болама? (Қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен) 1-жүргізуші: Тауық түс көреме? ( Тауықтың түсіне тары енеді) 2-жүргізуші: Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман) 1-жүргізуші: Тіл каратист пе? (Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады) 2-жүргізуші: Көрініс: «Жіп» Орындайды: Сәрсенбайқызы Ақерке және Аженов Бексұлтан 1-жүргізуші: Білімдіден шығады алғыр, шешен, Шешендіктен болған ғой барлық көсем. Сайра шәкірт, суырыл , шарықташы, Қалмасыншы бұл кеште сенің есең. Деп ендігі кезекті «Жаңылтпаштар» ға береміз. Шарты: Жаңылтпашты 3 рет оқып беруі керек. 1-оқушыға Шеңбер,шеңбер доп емес Доп сияқты,доп емес Доп деп, доп деп шеңберді Ойлама шеңбер ол емес. 2-оқушыға: Бес түп алма,”бестік” алғандікі Төрт түп алма,”төрттік” алғандікі “Төрттік” алған бес түп алма алмайды “Бестік” алған төрт түп алма алмайды. 1 -жүргізуші: Енді бәріміз бірігіп қызықты есептер және викториналар шешеміз. Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп,1 шақырым кейін қайтады. Қырсық екі араны неше күнде өтеді?(10 күн)
  • 5. 2- жүргізуші: Дүкеннен 19 теңгеге сауда жасадың. Бірақ сенде кілең үш теңгеліктер, ал сатушыда кілең бес теңгеліктер бар. Тұғырықтан қалай шығуға болады? Жауабы: ( 3 теңгеліктен 24 теңге берсең, 5 теңге қайтарады). 1- жүргізуші: Тауда екі ағаш бар, әр ағаштың түбінде екі іннен бар. Ал әр інде түлкінің екі күшігінен жатыр. Сонда барлығы неше түлкінің күшігі бар.(сегіз) 2-жүргізуші: Арыстан 1 қойды 2 сағатта,қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жеп, тауыса алады.Барлығы бірігіп жегенде қойды қанша сағатта жеп бітіреді? (бір) 1-жүргізуші: Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ.алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған? (3) 2-жүргізуші: Үлкен ағасында 2кәмпит,ал інісінде 12 кәмпит бар.Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттілік орнап,олардың кәмпиттерінің саны теңеледі?(5) 1-жүргізуші: Кішкентай Есетті мысық тырнап алғанда,ол 5 мин бақырды,ал ара шағып алғанда ол 3 мин ұзақ бақырды,өзінің анасы ұстап алып сабынмен жуындырғанда Есет ара шағып алғандағыдан екі есе көп уақыт бақырды.Анасы Есетті 11мин жуындырды.Есет жуынып болғаннан кейін қанша уақыт бақырды?(5мин) 2-жүргізуші: Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек. (8) 1-жүргізуші: Үйде 12 шәшке мен 9 табақшалар бар.Балалар шәшкелердің жартысын және 7 табақша сындырды.Неше шәшке табақшасыз қалды? (4) 2-жүргізуші: Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуі жолдың жартысын өткенде, жолдың жартысы қалғанша ұйықтайды. Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтайды? ( 1/4) 1-жүргізуші: Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15) 2-жүргізуші: Бір бала ас үйде тарақандарды ұстап жүріп,5-ін өлтірді, ал 3 есе көбін жаралады.3 тарақанды өте ауыр жаралады және олар жарақаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті,бірақ балаға ренжіп көршілеріне мүлдем кетіп қалды.Көршілеріне неше тарақан кетіп қалды? (12) 1-жүргізуші: Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді.Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қарап қызғаныштан жыдана жаздады.Әсет әлі неше минут қызғаныштан жынданатын болды? (14) 2-жүргізуші: Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек. (4) 1-жүргізуші: Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы сегізге тең болды.Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неге тең болады?(18 жас) 2-жүргізуші: Ненің ұшын және ақырын табу мүмкін емес?
  • 6. 1-жүргізуші: Қалалық бай тұрғын үш ұлына мұраға екі үй қалдырды. Ұлдары мұраны тең бөлуді шешті. Үлкен екі ұлдың әрқайсысының еншісіне үй тиді, ал кенжесіне ақша бөлінді: оған ағаларының әрқайсысы 500 динар берді. Сонда бір үйдің құны қанша динар тұрады? (1500 ) 2-жүргізуші: Жеті рет кір жуылғаннан кейін сабынның өлшемдері екі есе кішірейді. Сабынның қалдығы тағы неше рет жууға жетеді? (1 рет) 1-жүргізуші: Ауылда 28 үй бар .Оның 15-інің үйінде түйесі , 8-інің сиыры , 6-ның сиыры да, түйесі де бар. Неше үйде мал жоқ? (5 үйде) 2-жүргізуші:Енді «Шахмат тақтасы туралы аңызды» тыңдаймыз. Аңызды Туленова Индира оқиды. 1 –жүргізуші: Математикалық атаулар мен ұғымдар, Есте болар, құрбылар, бәріңнің де. Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек Артық болмас, бастайық, кезек бізде. Енді кезекті жұмбақтар шешуге берейік. 2 –жүргізуші: Нәрселерді санағанда, Керек ол бізге ауадай, Айтыңдаршы, бұл қандай сан, Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан) 1 –жүргізуші: Дүкеннен мен сабын алдым, Оның және қабын алдым, Екі дәптер, бір қарындаш, Тіс ысқышты тағы да алдым. Есептеші сонда бәрі Қанша болды, қолда бары? ( 6 ) 2 –жүргізуші: Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, Ұзындығы жазылып тұр бойында. ( сызғыш ) 1 –жүргізуші: Айқасқан екі таяқ Тұрады жоқты сұрап (икс) 2-жүргізуші: Бір нүктеден айналдым Теңдей қашық жол салдым Қане өзің ойлап тап Қай фигура атандым 1-жүргізуші : Бір – бірімен жарысқан 4 аю, бір арыстан 2 қой мен 1 түлкі Бәрі нешеу кім білді / 8 / 2- жүргізуші: Атам, әжем,аға, Әкем, інім және мен Анам және енесі Енесінің бөлесі Отыр едік шай ішіп Жеңгем кірді: майысып
  • 7. Арқасында кіші інім Саны қанша айта қой Үйдегі бар кісінің? (10) 1-жүргізуші: Жайылып жүр сегіз лақ Үшеуі оның егіз лақ Бала болғын келсе егер Сегіз лақтың енесін тез есептеп бересің? 2-жүргізуші: Он бір түйе, бес жылқы Екі сиыр бір ешкі Екі қоян, үш түлкі Сонда неше болады? (24) 1-жүргізуші:. Елбасымыз «ХХІ ғасыр – білім мен ғылым ғасыры» деп атаған. Математика- ғылымдар патшасы, информатика- ақпараттар ғылымы. Яғни оған бүгінгі күнде көзіміз жетіп отыр, күннен күнге ғылым мен техника өрлеп дамып келе жатыр. 30 елдің қатарына қосылу үшін әрбір жас өз үлесін қосу керек. Биыл тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы. 25 жыл ішінде біз көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Бүгінгі шараны мен «Білімсіз – адам, тұзсыз тағаммен тең» деп аяқтағым кеп отыр. Барлығымыз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып жұмыс жасайық. Білімді және белсенді болыңыздар! 2-жүргізуші: Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды, Демеңіздер біз өнерді аяп қалды. Сіздермен кездесеміз біздер әлі, Кешіміз бүгінгі аяқталды. 1-жүргізуші: Сөз кезегі ұстазымызға. https://www.kp.ru/daily/26322.4/3202196/