The document discusses the history of the children's organization "Atameken" in Kazakhstan. It describes how the organization was originally founded in 1988 by students and teachers in Karakol village who wanted to support local shepherds. This early initiative was noted for its cultural activities. The group was later able to participate in competitions and work at the renowned Artek camp. In the late 1980s, supporters worked to revive "Atameken" as a new organization in Almaty, establishing the first chapter at School No. 112. In 1991, the first republic conference was held, bringing representatives from across Kazakhstan together to help develop "Atameken" further.
The document discusses petroglyphs found in Taskesken, Kazakhstan that were created approximately 4,000 years ago. It describes the location of the petroglyphs along a small river near the village of Taskesken, between hills at the foot of the Tarbagatai Mountains. The petroglyphs depict animals and symbols spread across three areas and provide insight into the ancient culture and mythology of the nomadic herders who inhabited the region. Further research is needed to properly document and analyze the Taskesken petroglyphs within the archaeological context of other ancient sites in Kazakhstan and worldwide.
Таңертеңгі сағат 7-30 да үйдің айналасын (Достар ықшамауданы 7 емхана) жүгіре отырып, шолу жасадым. Табиғат керемет. Аулада машина сыймай жатыр. Үй мен Орман арасы 500 метр екен. Ол орманның ұзындығы 5 км барады. ЕХРО 2017 Көрмесіне орай бұл жерге арнайы демалыс паркі,мәдени-спорттық алаңдар, түнгі серуен бағы және автотұрақ салуға болады екен. Шамамен 10 млн. теңге жетіп қалар. Астана Әкімдігі мен BI*group компанисы біріге отырып неге салмасқа? Орман іші ғажап, салқын әрі ит-құсқа бай. Шалғынды аймақтың өзі жұмақ дерсің..?
The document appears to be a biography and CV for Professor Muhamedrahim Kursabaev. It details his personal information, education history, employment history, and scholarly/creative works. Some of the key details include:
- He was born in 1961 in Kazakhstan and is married with two children.
- He has a PhD in pedagogical sciences and is a professor at Turan University in Astana.
- His career has included teaching, research, and administrative roles in education across Kazakhstan.
- He has authored books and articles on Kazakh culture and history and developed tourism sites.
The document contains comments from Professor Muhamedrahim Kursabaev of the Univercity of Turan-Astana in Kazakhstan on a variety of topics including the biosphere, geophysiology, sustainable development, and human welfare. Many of the comments reference Wikipedia pages on these topics or link to presentations and articles on subjects like the ancient history of Kazakh nomads, the Latin alphabet in Kazakhstan, and editing uploads on SlideShare.
The document appears to be a comment posted on March 18, 2014 by Professor Muhamedrahim Kursabaev. It consists of a series of hyperlinks to various websites related to topics like education, science, history and archaeology. The professor appears to be sharing and commenting on online resources for others.

The Latyn kazakh Alphabet by professor Muhamedrahim Kursabaev
ТАБИҒАТТАНУ-1, 5 сынып (М.Құрсабаев)
1. ТАБИҒАТТАНУ ИНТЕРНЕТ ОҚУЛЫҒЫ
5 сынып
Авторы профессор Мұхамедрахим Құрсабаев
Univercity of Turan-Astana, Kazakhstan. Comment by professor Muhamedrahim Kursabaev, 9.03.2014
2. Тұңғыш Интернет-оқулық авторы
профессор Мұхамедрахим ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ
5 сынып
ISBN 9965 – 721 – 05 – ХББК 74. 213
Аталмыш оқулық «Тұран-Астана» университеті базасында орындалды.
Кеңесшілер: Жаппарова Г.Ә, Бейсенова Ә.С, Ғабдуллина М.Х, Мазбаев О.Б, Аяпбекова
Ә.Е, Серғалиева Р, Баймұхамбетова Р.Қ, Жақыпов Қ.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
3. І. ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНІНЕ КІРІСПЕ
Табиғат туралы жалпы түсінік
Тірі және өлі табиғат арасындағы тұтастық
Табиғат құбылыстары және олардың бір-бірімен байланысы
Қоршаған ортадағы микро және макроәлем
«Табиғаттану пәніне кіріспе» тақырыбын зерделеу
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
4. ІІ. АДАМ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ
Қоршаған ортаны тану жөнінде көне ілімдер
Табиғатты тану жөніндегі ғылыми жаңалықтар
Қоршаған ортадағы құбылыстарды тану әдістемелері. Табиғатты бақылау
Эксперимент әдісі
«Адам мен табиғат» тақырыбын зерделеу
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
5. ІІІ. ТАБИҒАТТАҒЫ ДЕНЕЛЕР. АСПАН ДЕНЕЛЕРІ
Денелердің құрамындағы түрлі заттар
Нұрсәулелі аспан денелері
Жер планетасына жақын орналасқан жұлдыздар
Күн системасындағы планеталар шеруі
Ғарыш кеңістігіндегі астероидтар, кометалар, метеорлар һәм метеориттер
«Табиғаттағы денелер. Аспан денелері» тақырыбын зерделеу
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
6. ІҮ. ЖЕР – ТАБИҒАТ АНАСЫ
Жер жаратылысының құпиясы
Жердің сыртқы қабатындағы бұлтты толқындар
Құрлықтар мен мұхиттар
Жер қыртысының құрылысы
Жер қойнауындағы пайдалы қазбалар
Топырақ жамылғысы
«Жер – табиғат жаратылысы» тақырыбын зерделеу
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
7. Ү. ТІРІ ТАБИҒАТ ДЕНЕЛЕРІ. ОРГАНИЗМДЕР
Тіршілік дүниесінің алуан түрлі сипаты
Жан-жануарлар дүниесі
Өсімдік әлемі
Саңырауқұлақтар патшалығы
Қарапайым организмдер патшалығы
Бактериалар дүниесі
Вирустар
«Тірі табиғат денелері. Организмдер» тақырыбын зерделеу
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
8. ҮІ. ЗАТТАР
Жансыз заттардың құрамы
Заттардың табиғи ортадағы қалпы
Заттардың өзгеру ерекшеліктері
Таза және аралас заттар
«Заттар» тақырыбын зерделеу
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
9. ҮІІ. ҚОРШАҒАН ОРТАДАҒЫ ЗАТТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Атомдық бөлшектер
Атомның құрылысы
Химиялық элементтер
Заттардың алуан түрлі бейнесі
Қарапайым һәм күрделі жансыз заттар
Органикалық және бейорганикалық заттар
«Қоршаған ортадағы заттардың құрылымы» тақырыбын зерделеу
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
10. ҮІІІ. КЛЕТКАЛАР
Тіршілік дүниесінің элементарлық бөлшектері
Клеткалардың құрылысы
Көпклеталы организмдер
«Клеткалар» тақырыбын зерделеу
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
11. ІХ. ҚОРШАҒАН ОРТАДАҒЫ БІРТҰТАСТЫЛЫҚ ҺӘМ ӨЗАРА
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕСІ
Материя
Жер бетіндегі су айналымының ерекшеліктері
«Қоршаған ортадағы біртұтастылық және өзара байланыс жүйесі»
тақырыбын зерделеу
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
12. І. ТАБИҒАТТАНУ ПӘНІНЕ КІРІСПЕ
Табиғат туралы жалпы түсінік
Тірі және өлі табиғат арасындағы тұтастық
Табиғат құбылыстары және олардың бір-бірімен байланысы
Қоршаған ортадағы микро және макроәлем
«Табиғаттану пәніне кіріспе» тақырыбын зерделеу
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
13. Табиғат туралы жалпы түсінік
1. Бізді қоршап тұрған ортаға қандай анықтама береміз?
2. Адамзат баласы табиғатты не үшін зерттейді ?
Құрметті оқушылар! Міне жаңа оқу жылы басталып, тамылжытқан жаз
айы артта қалды. Біз осы мезгіл арқылы орман-тоғайға серуенге
шыққанымызды, бұрын көрмеген қала келбетімен танысқанымызды,
алыстағы ауылымызға барып мал төлдерін қызықтағанымызды, суға
түсіп, күнге күйген тамаша сәттерімізді еске аламыз.
Әсіресе, сылдырлаған бұлақтың басындағы шалғынды көгалда ойнақ
салып жан-жағымызға зер салған кезде біздер, аспан неге көкпеңбек,
ағаштың жапырағы неге жасыл, тіпті кей уақытта кеше неге күн бұлтты,
әрі жаңбырлы, ал бүгін неге күн жарқырап, шайдай ашылып тұр деп
талай таң қалғанымыз рас.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
16. Бүгін азанмен мектепке бара жатқан жолыңда сен ағаштар
жапырақтарының неге сарғая бастағанын, ал ауа райының жаздағыдай
емес, біраз салқындай бастағанын сезіп, оған жауап іздеген де шығарсың?
Жас дос! Біз саған ең қызық және ең құпия сыйлықты тарту етпекпіз. Ол,
алақаныңа жаңа ғана тиген «Табиғаттану» кітабы өзіңді қоршаған
ортадағы тылсым табиғат құпияларын тануыңа жәрдемші болмақ. Ерте
уақытта табиғатты «жаратылыс» деп айтқан.
Демек, жаратылыстану дегеніміз – табиғатты тану жөніндегі білім саласы
болмақ.
Қолыңдағы кітаптың бетін аша отыра сендер өткен сыныптарда
тақырыптарды еске алып, оқулықтағы түрлі-түсті суреттердің көмегімен
қоршаған орта жөнінде өз білімдеріңді жетілдіре береді деген сенімдеміз.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
18. Сендер балалар табиғаттың – жалпы жаратылыстың ажырамас бөлігі
болып табылатын қоршаған әлемнің әралуандық көрінісі екенін білдіңдер.
Адам баласы да табиғаттың біртұтас бөлшегі. Сол себепті адам табиғаттан
бөлек өмір сүре алмайды.
Адамзат перзенті мыңдаған жылдар бойы өзі өмір сүрген ортасын тануға
ұмтылып келді. Табиғаттың тылсым дүниесін тану әлі толастаған емес.
Бүгінгі заман адамы таным зердесін мұхит қайраңдары мен ғарыш
кеңістіктері жөнінде ақпарат алуға бағыттау үстінде. Жер бетіндегі Қиыр
солтүстік пен тропикалық аймақтарға ғылыми экспедициялық топтар
аттануда.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
22. Тылсым табиғаттың сыры туралы білімнің адамға қаншалықты керек екенін
сендер ойладыңдар ма? Бұл сұраққа жауап беру барысында төмендегі суреттерге
назар аударыңдар.
Табиғат ғажайып әрі сан алуан. Ол өзінің сырын тек еңбекқор, көпізденгіш және
төзімді жандарға ашады. Егер осы қасиеттер бойыңнан табылса, сенің еңбегің
жанып, өзің күтпеген ғылыми жаңалықтар иесі боласың?
Жас дос! Сен көктегі кемпірқосақ жарқылының қалай пайда болатынын білесің
бе? Төмендегі әңгімені оқи отыра сен кемпірқосақ туралы біліміңді одан ары
тереңдете аласың.
Жаңбыр қатты сіркіреп жауғаннан кейін, лезде тоқтап қалған сәтте аспан көгіне жол
салған баспалдақ тәрізді қақпа ашылып артынша түрлі-түсті жолақтары бар кемпірқосақ
көрінеді. Бұл ғажайып көрініс қалай пайда болды екен? Оны тез арада тым әдемі қылып
кім жасады деген ойда қаласың.
Шынында, кемпірқосақ жаңбыр тамшылары арасынан көк аспан төрінен жерге
шашыраған күн сәулесі екені анық. Сәулелердің шамшырақтары бұлт толқындарына
шағылысқан сәтте аспан көгінде жеті түрлі түсі бар жолақ кескінінде ғажайып көрініс
табады. Кей жағдайда аспан әлемінде баршамызды қатты таңдандыратын қос
кемпірқосақ қатар көрінетін сәттер болады. Оның бірі анық байқалса, екіншісі –
бұлыңғыр болып көрінеді. Мұндай көрініс күн сәулесінің жаңбыр тамшылыры арасынан
екі қайтара шағылысуы нәтижесінде пайда болады. (Ары қарай әңгіме құрастыр, слайд
жаса, ғылыми жоба жаз)
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
23. https://www.facebook.com/pages/%D0%96%
D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0
%BB%D1%8B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%
Bref_type=bookmark
Тылсым табиғаттың сыры туралы білімнің адамға қаншалықты керек
екенін сендер ойладыңдар ма?
Бұл сұраққа жауап беру барысында төмендегі суреттерге назар
аударыңдар.
Табиғат ғажайып әрі сан алуан. Ол өзінің сырын тек еңбекқор, көпізденгіш
және төзімді жандарға ашады. Егер осы қасиеттер бойыңнан табылса,
сенің еңбегің жанып, өзің күтпеген ғылыми жаңалықтар иесі боласың?
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
24. Тірі және өлі табиғат арасындағы тұтастық
1. Қоршаған ортадағы тірі және өлі табиғат көріністерін қандай белгілер
бойынша анықтауға болады?
2. Аталмыш көріністердің біртұтастығы мен өзара байланысын қалай
дәлелдейді?
Табиғи ортадағы құбылыстар жайлы сендер көп нәрсе білдіңдер. Алдағы
уақытта өз білімдеріңді одан ары тереңдету үшін төмендегі суреттерге
назар аударыңдар. Аталмыш көріністерге терең назар аударып ондағы
табиғи нысандарды қандай принциптерге сүйеніп екі топқа бөлуге
болады?
Демек, қоршаған ортадағы әр алуан табиғи объектілерге зер сала отырып
жаратылысты тірі және өлі табиғат деп бөлеміз. Сол себепті біз екеуінің
ерекшелігін қалай ажыратуымызға болады?
Не себепті біз тау, тас, өзен, көл, бұлт пен күн сәулесін өлі табиғатқа
жатқызамыз? Олардың арасында қандай ортақ байланыс бар?
Сол сияқты араны, кесірткені, емен ағашын, елікті, гүлді өсімдікті және
ұшқан құсты біздер ойланбастан тірі табиғат нысандарына жатқызамыз?
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
26. ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДА:
• Жас ұрпақ! Жоғарыда көрсетілген бейнелер мен тұжырымдар негізінде
тірі және өлі табиғат көріністері туралы мысалдар келтір.
Бізді қоршаған орта бір-біріне ұқсамайтын және көпқырлы әр алуан тірі
организмдер жаратылысынан тұрады. Егер сен осы сала бойынша
біліміңді шыңдай білсең, табиғи ортадағы табиғат құбылыстарының әр
алуандығы туралы толық мағлұмат алу мүмкіндігіне ие боласың.
Мысалы, сен бүршік жарған тал мен шіріген ағаштың айырмашылығын
ажырата аласың.
Кез келген тірі организмде тыныс алу, даму, көбею, қоректену, өз бойынан
энергия шығару сияқты белгілері болады.
Егер күн сәулесі мен ылғалды су тапшылығын сезінген өсімдіктің
жағдайының мүшкіл болу себебі неліктен деп ойлайсың? Ал хайуандардар
неге сусыз өмір сүре алмайды? Міне, сол себепті қоршаған ортадағы тірі
және өлі табиғат әуел бастан бір-бірімен тұтас және өзара тығыз
байланысты.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
28. ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДА:
Далада бүгін жаңбыр жауды. Бірер минуттан соң жер бетіне түскен су
тамшылары өсімдік организмдері қоректенетін ылғалға айналады.
Табиғат, ол қандай жағдайда болмасын, өлі немесе тірі, алыс немесе
жақын, белгілі және белгісіз болмасын қашанда біртұтас. Онда артық
немесе керексіз деген ұғым жоқ. Барлық организмдердің орны мен
маңыздылығы табиғатта өлшеулі. Сондықтан, біздер аталмыш
заңдылықты таза қалпында қабылдауымыз болашақта көптеген
жаратылыс сырларының ашылуына түрткі болмақ.
Жас өркен! Ауа райын бақылайтын күнделік дәптеріңе қоршаған
ортадағы тірі мен өлі табиғаттың біртұтастығы мен өзара байланысы
жөнінде мағлұматтарды келтіріп жаз .
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
30. Жас дос! Қолыңа кәдімгі қара қарындашты алып, оның ұшындағы қара түске
назар аудар. Аталмыш табиғи материалды графит деп атайды. Графиттің қатты
болғанына қарамастан өсімдік жамылғысымен байланысты екенін сен
байқадың ба?
Табиғи аясында жиі кездесетін сынған немесе шіріген ағаштар жер қабатының
жоғарғы бөлігінде топырақ және басқа шөгінді жыныстардың астына көміледі.
Ол жерде ауаның мөлшері шектеледі. Бұл аймақты жер астындағы саркофаг деп
атайды.
Уақыт өткен сайын шөгінді жыныстарды жоғарғы жағы қалыңдай түсіп жасыл
желекті ағашты одан ары жаншытады. Бұл үрдіс мыңдаған жылдарға созылады.
Алдымен ағаштар жаншылған аймақта қоңыр көмір пайда болады. Дегенмен,
жаншылу өзінің әрекетін «жер асты лабораториясында» жалғастыра береді.
Миллиндаған жылдар артқа қалған соң қалыңдай бастаған шөгінді жыныстар
ойысында қатты жаншылудың әсерінен жоғарғы температуралық көрсеткішпен
есептелетін қысым пайда болады. Қысымның әсерінен қоңыр көмір қатая түсіп,
қара түске енеді.
Енді, міне кәдімгі үйге жылу беретін қара көмір жер астынан қазылып тиісті
жерлерге тасымалданады. Қара көмір орналасқан шөгінді аймақ уақыт өте келе
графитке айналады.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
33. Жас дос! Келесі тапсырманы мұқият орында!
Адамзат перзенті ерте заманнан бері қоршаған ортадағы ауа райының
өзгеруі жануарлар дүниесіне ықпал ететінін сезген. Халық тағылымында
осы құбылыстарға байланысты көптеген ырымдар мен тыйым сөздер
сақталған. Қазақ халқында «сауысқан мезгілсіз шықылықтаса» - салқын
түседі, «түйе боздаса» - боран соғады, «көкек шақырса» - жаңбыр жауады
деп жорамалдаған.
Егер сенің үйіңде аталған төрт түлік иелері болса, олардың жүріс-
тұрысына бақылау жасап, нәтижесіп күнделік дәптеріңе жазып қой.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
34. 1. Табиғат құбылыстары дегеніміз не?
2. Адамдар табиғат құбылыстары жөніндегі білімдерін қалай пайдаланады?
Біз өткен сабақ арқылы қоршаған ортада тірі және өлі табиғат бар екеніне көз жеткіздік.
Тірі организмдердің тыныс алатынын, қоректенетінін, өсетінін және шіріп-
жойылатынын білдік. Олар ұдайы өзгеріс үстінде болады. Кейбір организмдер тез
өзгерсе, басқалары баяу өзгерістерге ұшырайды.
Ал, өлі табиғат ше? Оларда өзгерістер байқала ма? Төмендегі суреттерге зер сала
отырып, өз жауабыңды мысал келтіре отырып түсіндір.
Ойлап қарасақ, айтылған өзгерістер тірі табиғатпен қатар өлі табиғатта кездеседі екен.
Ауа райын күнделік бетіне жазып, бақылау барысында біздер күннің шығуы мен кештің
батуын, ауа температурасының ауытқу көрсеткішін, өзен суларының тасуын және басқа
табиғат құбылыстарын аңғардық.
Мына суреттер арқылы сендер табиғат құбылыстарының бір-бірімен тығыз байланысты
екенін байқадың ба? Бір құбылыстың келесі бір табиғат құбылысын тудыртатын және
осы үрдіс ары қарай жалғаса беретініне көзің жетті ме?
Айталық, жер бетіне түскен күннің сәулесі топырақ бетін және суды да қыздырады.
Қызған судың буы аспанға көтеріліп бұлт қабаттарының пайда болуына ықпал етеді.
Бұлт арқылы жерге жауын-шашын түседі. Жауын жер бетіндегі өсімдіктерге нәр береді.
Ал, өсімдіксіз адам баласы мен жан-жануарлардың өмір сүруі мүмкін емес.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
37. Енді, айтылған тұжырымдар мен төмендегі суреттерді пайдалана отырып
мынадай тәжірибе жұмысын жүргіз.
1. Екі химиялық ыдыстың (1 л) үштен бір бөлігіне су құй.
2. Бір ыдысқа үлкен қасықпен толтыра 3-4 қасық ас тұзын салып
араластыр.
3. Тұз араласпаған ыдысқа тауықтың жұмыртқасын сал. Не байқалғанын
күнделікке жаз.
4. Енді тұз араласқан ыдысқа тауықтың жұмыртқасын сал. Өзгерістерді
дәптерге жаз.
5. Көрген-түйгеніңді мұқият зерделей отырып бақылау күнделігіңе жаз.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
39. Табиғат құбылыстарын зерттеген ғалымдар екі аралықта айырықша
заңдылықтардың бар екеніне көз жеткізді. Алған нәтижелер болашақта
қоршаан ортаның табиғи қалпын сақтау ісіне ұтымды пайдаланылады.
Сендер ағын судың өз арнасындағы ауыр тастар мен басқа заттарды
ғаламат күшпен ағызып әкететінін білесіңдер. Осыдан ғалымдар су
тасқынының неғұрлым биік жерден аққан сайын, соғұрлым су қуатының
көп болатынын есептеп шығарды.
Аталмыш заңдылықтарды білу өзен арналарына бөгендер орнату арқылы
гидроэлектростанциялық қондырғылар орнату ісінде өзінің тиімділігін
көрсетті. Су бөгендері мен биік плотиналар жасауда адамдар жасанды су
сарқырамаларын орнатты.
Арнайы орналастырылған құбырларға биіктен құлап аққан су ағыны
ондағы турбиналарды айналдырып, нәтижесінде электр қуатының пайда
болуына септігін тигізеді.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
41. Екінші жағынан адамзат баласы табиғат байлықтарын игеру барысында
көптеген сауатсыз әрекеттерге бой алдырып, мыңдаған жылдар бойына
қалыптасып келе жатқан табиғи баланстың ауытқуына жол беруде.
Осындай, адам әрекетінің жауапсыздығы салдарынан ауа райы уланып,
өзен-көл мен мұхит экожүйелері ластануда, топырақ қабаты эрозияға
ұшырауда. Аталмыш апаттың салдарынан жер бетінде көптеген өсімдік
түрлері мен жануарлардың жойылып кету қаупі туындауда.
Табиғат құбылыстарын алдын-ала зерттеп, оның қыр-сырларына терең
назар аудару арқылы біз болашақта адамзат тарапынан табиғи ортаға
жасалатын кесепаттарды болдырмауға күш саламыз.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
44. Құлаққағыс!
Әлемдегі әр халықтың табиғатты қорғау жөнінде экологиялық білімдері
қалыптасты. Әсіресе ауа райын алдын-ала болжауда халық қарғалардың
әрекеттеріне назар аударған. Халық тағылымына сүйенсек қарға жаңбыр
жауар алдында қанатын кең жайып қарқылдай бастайды екен.
Ал, қыс кезінде қарғалар аяқ астына топталып, бір қора болып қосарлана
қарқылдаса- қар жауады. Сонымен қатар қарға тұмсығын қанатының
арасына жиі сұққылай бастаса, көп кешікпей қатты аяз түседі екен. Қатты
үскірік аяздың алдында қарғалар ағаштың жоғарғы жағына қонақтаса,
боран немесе қатты жел соғар алдында ағаштың төменгі бұтақтарына
жайғасады. Қыстың аязды бір күнінде қарғалар тағы да топталып ойнақ
салып қарқылдаса күн жылынады.
Жаз немесе күз айларының жаймашуақ бір күнінде қарғалар мезгілсіз
қарқылдаса жаңбыр жауады екен.
• Жұлдыздар жарқыраған түнгі уақытта аспан көгіндегі құс жолы мен
ғарыш шамшырақтарына көз жүгірту арқылы бақылау жасап, көрген-
түйгеніңді күнделік бетіне тізіп жаз.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
45. 1. Макро және микро әлем деген ұғымды қалай түсінесің?
2. Жаратылыстың макро және микро дүниесі жөнінде мағлұмат беретін
аспаптар жөнінде не білеміз?
Түнгі аспан шеруіне сен достарыңмен саяхат жасаған сәтте сен тылсым
кеңістіктен қандай құбылысты байқадың? Шексіз аспан кеңістігі сені таң
қалдырмауы мүмкін емес. Сан мыңдаған жарық жұлдыздарды көк жүзіне
құдды Жаратушы бір күш шам сияқты шашыратып іліп қойған тәрізді.
Осы ұлан-ғайыр аспан кеңістігін және ондағы сансыз ғарыш денелерін
макроәлем деп айтамыз. Көне грек тілінде «макрос» сөзі «орасан» деген
ұғымды білдіреді.
Сендер төменгі сыныпта аспандағы жұлдыздардың көлемі өте үлкен
екенін білдіңдер. Олар тек көлемі жағынан ғана емес, сонымен бірге ара
қашықтығы жағынан да бір-бірінен алыс орналасқан. Мысалы, Күнді
салыстырмалы түрде, шамамен диаметрі 7 см болып табылатын бильярд
шары ретінде есептесек, Жер планетасы диаметрі 0,5 мм болатын кішкене
шар кейпінде болар еді. Олардың ара қашықтығы Астана мен Атырау
қалаларының арасындағы (шамамен 2000 км) жолдың ұзақтығына тең
болар еді.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
46. Адам баласының көру мүмкіндігінен тым қашық орналасқан ғарыш
кеңістігіндегі аспан денелерін бақылайтын аспапты телескоп дейді. Ол
грек тілінен аударғанда «теле» - алыс, «скопео» - бақылаймын деген
ұғымды білдіреді.
Егер мұқият түнгі аспан кеңістігіне көз жіберіп зер салсақ, бұлыңғыр
ақшыл түсті ұзын-сонар бірде сопақша, бірде қисық тізбектеле орналасқан
шоқ тәрізді жұлдыздар шоғырын көруге болады.
Телескоп арқылы біз Құс жолындағы сан мыңдаған жұлдыздар шоғырын,
тіпті оның тығыз орналасқан жерлерін оңай көруімізге болады. Аталмыш
шоғырларды, оның ішінде Күннің де қоса қамтылған ауқымды жұлдызды
шоғырларды Құс жолы деп атайды.
• Төмендегі Құс жолына қатысты көне аңыз әңгімелерге назар аударып,
оның не себепті аталғанын түсіндір.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
49. Есіңе сақта!
Көк аспандағы Құс жолының ғарыштық құпиясы адамзат перзентін ерте заманнан бері
толғантып келеді. Әр халық оны өздерінше түсіндіруге тырысты.
Көне гректер оны Мәңгілік шеңбер, кейде Ақ сүт деп атады. Олардың ойынша
Құс жолы құдыретті Олимп құдайына апаратын жол деп санаған. Көне Үнді халықтары
оны Құдай жолы деген.
Сондай-ақ Құс жолының Рим жолы немесе Ақ сүт жолы атты атаулары болған. Оны
кейде Құс жолы деп айтқан. Оның себебі, аспан төрінде аталмыш ғарыш жолы ұшқан
құстар тізбегіне ұқсаған.
Мұсылман халықтары, оның ішінде арабтар Құс жолын өзен деп атаған. Сонымен
бірге қазақтар Құс жолы десе, вьетнамдықтар Жұлдызды өзен деген екен.
Енді көк әлемінен төмен түсіп Жер планетасына келіп, оның айналасында қандай
ғарыштық құбылыстар болып жатқанына көз жеткізейік.
Біз Жердің беткі қабатын қоршап тұрған ауа қабатының қалай пайда болғанын қалай
білуге болады? Ауаның түссіз екені, сонымен бірге оның иісін сезуге, көзбен көруге,
құлақпен естуге болмайтыны белгілі.
Егер қолыңмен ерсілі-қарсылы айналаңды қаттырақ серпілтсең ауаны сезесің. Еңістен
төмен қарай атпен шапқан кезде, басыңдағы тақияңды ұстап отырмасаң, ауаның күшімен
ұшып кетуі мүмкін. Далада қатты боран соққан кезде, желге қарсы жүрер болсаң – сен
ауаның көлденең бағытта қозғалатынына көз жеткізесің. Ауаның бұлай қозғалуы кейде
қатты үдей түсіп орасан тайфундар мен бұрқасындар әкеледі.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
50. Жалпы жел ұсақ бөлшектердің жиынтығынан тұрады. Ол бөлшектерді
көзбен көру былай тұрсын, тіпті арнайы микроскопиялық аспап арқылы
көру қиын.
Дегенмен, желді өлі табиғатқа жатқызуға болмайды. Тірі табиғаттың
ішінде аса ұсақ нысандарды кездестіруге бола ма? Соңғы ғылыми
жетістіктер ондай ұсақ организмдердің бар екенін дәлелдеді.
Олардың бар екенін тек арнайы микроскоп құралы арқылы көруімізге
болады. «Микроскоп» атауы гректің «ұсақ» деген сөзінен алынған.
ҚАРАПАЙЫМ МЕКТЕП МИКРОСКОПЫ
Микроскоп айналамыздағы ұсақ микрообъектілерді терең зерттеу үшін
пайдаланылады. Сол үшін аталмыш құрал тез тозбауы үшін оған күтім
керек.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
52. Микроскоппен жұмыс істеу тәртібі
1. Окуляр мен объективтің шынысын арнайы матамен сүрт
2. Микроскопты арнайы қобдишада сақта.
3. Микроскопты арнайы қобдишада сақта.
4.Пайдалану барысында микроскопты екі қолыңмен мықтап, қысып ұста.
5. Өз жұмысыңды отырып орында
6. Микроскопты өзіңнен 5-10 см қашықтықта ұста. Жұмыс кезінде
орныңда қозғалма.
7. Окулярды бұрау кезінде зерттеу нысанына айнаны дұрыс бағыттап,
жарық түсір.
8. Жазық тақтайшаға затты қойған соң оның қысқышпен бекіт.
9. Тақтайшаның оң жағындағы реттегіш бұранда арұылы нысанды
айнадан 5-7 мм түсіріп ұста.
10. Реттегіш бұранданы пайдалануда окуляр арқылы микрообъектіні көру
түтікшесін өз ыңғайыңа келтір.
11. Жұмыс аяқталар алдында көру түтікшесі мен айнаны тиісті орнына
келтір.
12. Көру түтікшесін бастапқы қалпына келтірген соң, микроскопты
қобдишасына сал.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
53. Осылайша, біздер микроскоп туралы толық мағлұмат алып, қоршаған
ортадағы микроорганизмдер құрылысы жөнінде тәжірибе жинақтадық.
Енді бір тамшы судың ішінде қанша микроорганизмдер бар екені
турасында эксперименттік тәжірибе жұмыстарын жүргізіп көрейік.
• Микроскопты жұмысқа дайында.
• Микрообъектіні арнайы тақтайшаға орналастыр.
• Аталмыш нысанның қанша есе үлкейгені жөнінде мағлұматтарды
жинақтап, шешім қабылда.
• Микроорганизм жөнінде көріп-білген нәтижелерді талдап, дәптерге тізіп
жаз.
• Өзің атқарған жұмыстар жөнінде толық талдау жасап, бақылау
нәтижелерін қағазға түсір.
Жас дос! Сен өзіңді қоршаған ортада макроәлеммен бірге көзге көрінбейтін
шексіз микроәлем нысандары бар екеніне көзің жетті. Олар ешқандай
дүниеге ұқсамайтын микроәлемді құрайды.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
56. Есіңе сақта!
Сен біраз уақыт қоршаған ортадағы құбылыстар жөнінде бақылау
жүргізіп келдің. Енді сол жазған дүниелеріңді қайта парақтап, ондағы
маңызды тақырыптарға тоқталып өт.
Қайталау барысында міндетті түрде сұрақтар туындайды. Сол себепті, сен
бірнеше сұрақты дайындап мұғалімге қоюды ұмытпа.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
57. 1. Табиғат дегеніміз ..
2. Біз өмір сүріп отырған ортаны өлі және ...................... табиғат қоршап тұр.
3. Тірі табиғаттың өлі табиғаттан өзгешеліктерін атап өт. Мысал.
4. Табиғат ортасында түрлі құбылыстар болып тұрады. Мысал.
5. Абай Құнанбаевтың «Қыс» деген өлеңін жатқа айтып, ондағы табиғат
құбылыстары жөнінде өз ойыңды пысықта.
Ақ киімді денелі ақсақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан ізі сықырлап келіп қалды.
6. Қоршаған ортадағы тірі табиғат пен өлі табиғат бір-бірімен тығыз
байланысты. Осыған байланысты нақты мысалдар келтір.
Табиғаттағы кез келген нысан – ол біртұтас организм жүйесі болып
табылады. Осыған орай тірі организмдерге байланысты қандай анықтама
беруге болады?
7. Кейбір табиғат нысандары өзінің көлемі жағынан аса ауқымды болып
келеді. Мысал. Енді айтылған тұжырымымызға керісінше кейбір ұсақ
объектілер де бар. Оларға не жатады? Мысал.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
59. 8. Адамзат перзенті не үшін табиғат заңдылықтары мен құбылыстарын
зерттейді?
9. Төменде атақты жиһангер әрі жазушы Джералд Даррелдің
естеліктерінен үзінді келтіреміз: «Біз өзімізді қанша ересек болсақ та кейде
ақылсыз бір баладай қалың жүзім-бақтың ішіне біреу тастап кеткен
сияқты елестетеміз. Әсем бақтың ішінде біз құдды қараусыз қалған сотқар
балаға ұқсаймыз. Ол сотқар бала не істемеді! Қалың орманды өртке орап
күл қылды, сосын ойына келгенін істеп өзен-көлді улады, шалғымен
мәңгілік жасыл өсімдіктерді шауып, оқ-дәріні пайдаланып қопарылыс
жасап, әсем табиғатты шөлге айналдырды».
Дж.Даррел сендердің пайымдауынша қандай адамдардың жат
қылықтарын әшкерледі деп ойлайсыңдар?
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
61. ІІ. АДАМ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ
Қоршаған ортаны тану жөнінде көне ілімдер
Табиғатты тану жөніндегі ғылыми жаңалықтар
Қоршаған ортадағы құбылыстарды тану әдістемелері. Табиғатты бақылау
Эксперимент әдісі
«Адам мен табиғат» тақырыбын зерделеу
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
62. Қоршаған ортаны тану жөнінде көне ілімдер
1. Қоршаған орта туралы адам баласының санасында қандай көзқарастар
қалыптасты?
2. Ежелгі адамдар тәжірибесінде табиғатты тану жөнінде білімдері неге көп
жағдайда теріс болды ?
Жас өркен! Сен енді біраз нәрсе білдің. Әрине Жер планетасы жөнінде көп
мағлұматтар бере аласың. Жердің шар тәрізді екені, сонымен қатар ол өз
орбитасында айналып жүретіні саған белгілі болды. Дегенмен, кей
жағдайда әсіресе географиялық картамен жұмыс істегенде Жер шары
жазық болып келеді деген ой болуы мүмкін. Өйткені, сен жердің бетін
аяғыңмен басқан кезде, айналаң жазық болып көрінбей ме?
Ал, көк аспан ше? Аспан үйіңнің төбесіндегі шаңырақ, ал Күн болса биікте
ілініп тұрған шам деп те ойлауға болады. Дәл сен ойлағандай – ежелгі
адамдар қоршаған ортадағы құбылыстарды жоғарыда айтылғандай
қабылдағаны рас. Өйткені, көнеден біздің заманымызға жеткен
мифологиялық аңыздар оған дәлел. Адамдар өздерінің жаратылыстану
туралы ойларын аңызға айналдырды, кей жағдайда оны ескерткіш ретінде
тас суреттер мен жазулар, саз балшықтан жасалған таңбалар арқылы
болашақ ұрпағына мирас етті.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
66. Ол ескерткіштер топырақ қойнауында қалған көне шаһарлардың қамалдарында,
ғибадатханаларда, көсемдер жерленген қорымдарда сақталды. Адамзат
тарихындағы көне өркениет өкілдері арийлер мен сақтар, шумерлер мен
вавилондықтар, парсылар мен гректер, қытайлықтар мен үнді халықтары
аталмыш мұраларын мыңдаған жылдар бойына сақтап келді.
Көне шумер халықтары Жер мен Аспан бір-бірінен бөлек орналасқан деп
жорамалдады. Жаратылыстың негізі Жер құдайы - Ки болса, Аспан құдайы – Ан
деп аталған. Ауа құдайы – Энмель олардың баласы кейін өсе келе Жер мен
Аспанның арасын айырып жіберді. Энмелдің баласы – Нанна Ай планетасының
құдайы атанып, күні бүгінге дейін тылсым ғарышта самғап жүр.
Көне Үнді халықтары «Веда», ал мұсылман халықтары «Құран» атты өздерінің
қасиетті кітаптарында әлем жаратылысы туралы мағлұматтар береді. Шығыс
халықтары Жерді алып өгіз мүйізімен ұстап тұрса, үнділіктер мұхит бетінде
қалқып бара жатқан тасбақаның арқасындағы төрт пілдің үстінде тұр деп айтқан.
Вавилон халқы жаратылыстың негізі көк жүзінде жарқырап тұрған
шамшырақтың бүкіл әлемге шашыратқан сәулесі деген. Жер де шыны тәрізді
шардың ішінде сәулеге бөленіп, орасан мұхиттың ортасында тұр деп санаған.
Қазақ даласында ғұмыр кешкен көшпенді халықтар өкілдері арийлер мен сақтар,
ғұндар мен түркілер көктегі Күнді Тәңір – Аспан-Ата, ал жерді жаратқан Жер-Ана
деп қабылдап, кейін бүкіл әлемді жаратқан бір Аллаһ тағаланың құдыретіне
табынған.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
69. Әлемге әйгілі алып пирамидалар елі көне Мысырда жаратылыстану жөнінде көптеген
мифологиялық аңыздар сақталған. Ең алдымен мұхит суынан жаралған Атум құдай –
бүкіл ғаламды жаратқан. Оның ұрпақтары Шу ауа құдайы, ал Тернут ылғал құдайы, Геб
– жер, ал атақты Нут – аспан құдайы болған.
Көне Грекия халықтары әлемді ғаламдық хаостан көктегі құдайлар жаратқан деп түсінді.
Хаос – шексіз кеңістіктегі барлық жаратылыс нысандары. Хаос ұғымы бүгінгі заманда
«бейберекетсіздік» деп те айтылады. Гректердің пайымдауынша Жер ең алғаш
жаратылғанда әлемдік мұхиттың бетінде қалқып жүрген. Күн құдайы Гелиос өзінің
күймесіне отырып ең алдымен Шығыс теңізінен көкке көтерілген. Ол өзіне бағынбаған
Атлант мұхитын иығында ұстай отыра, аспан көгіндегі барлық нысандарды аралап
жүрген.
Жас ұрпақ! Әлем жаратылысы туралы мол мағлұматтар алып, енді сен көне заманда
қоршаған орта туралы ой-пікірлердің қазіргі заманғы ғылыми тұжырымдардан басқа
екенін түсіндің.
Шынында, ежелгі адамдар жаратылыс туралы арнайы білім алмағаннан кейін көптеген
сұрақтарға жауап таба алмады. Тек аса білімді адамдар ғана табиғаттың сырларына
терең мән берді. Олар оның қыр-сырларын оқып-тануға, терең зерделеуге бүкіл
ғұмырларын сарп етті. Солардың бірі, көне грек ойшылы Аристотель еді. Көп жылғы
зерттеулеріне сүйене отырып дана ойшыл Жердің шартәрізді екеніне көз жеткізіп,
тұңғыш рет өзінің ғаламтану жөніндегі моделін ұсынды. Аристотель тағылымдары
жаратылыстану саласы бойынша ауқымды зерттеу жүргізген ғалымдардың еңбектеріне
арқау болды
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
72. Есіңе сақта!
Осыдан 24 ғасыр бұрын жаратылыстану жөнінде өзінің қарапайым ғылыми жаңалығын
ашқан дана Аристотель әлемде тұңғыш рет Жердің шар тәрізді екенін дәлелдеді.
- Ал шәкірттерім енді дәрісті бастайық,- деп, Аристотель кафедра бөлмесінен далаға
шығуға бет алды. Ұстазының бұл әрекетіне таң қалған шәкірттер оған ілесе таза ауаға
шығуға асықты.
Ғұлама өзінің дәрісін шын мәнісінде таза ауада серуендей отырып оқығанды дәстүрге
айландырған еді. Ұстаздың тобын көпшілік қауым «перипатетиктер» (таза ауада
серуендеушілер) деп айтатын. Әдеттегідей дәрісін бастаған ұстаз бүгінгі сабағында
Жердің формасы жайында әңгімелей бастады.
- Құрметті менің кішкентай достарым,- деді Аристотель шәкірттеріне тас төселген
соқпақпен жоғары қарай көтеріле сөйлеп: «Осы кезге дейін біз Жердің бетін, шет
аймақтарын мұхиттар қоршаған жазықтық деп санап келдік. Милеттік Фалес ғұлама бұл
туралы терең ой тастады. Оның мұндай шешімге келуі – жер сілкінісінің Жердің ішкі
қабатымен тығыз байланыстығында деген пікірінен туындаса керек. Ол жауапты
мұхиттың қайраңындағы дүмпулерден іздеуге тырысты. Фалестың әріптесі Анаксимандр
Жердің жазық екеніне сенді. Ал, құрметті Ксенофан Жерді кәдімгі ағаштың тамыры
іспеттес дүниеге жатқызды. Жердің тамыры көктен қуат алып, тамырын жердің ішкі
қабатына жайып, одан ары шексіздікпен байланысады деген. Анаксимандр Жерді
тақтайға ұқсатса, менің қадірлі ұстазым Платон «куб» тәрізді деді».
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
73. Ұстазының дәрісіне қызыққан шәкірттер тас соқпақпен ұзап кете бара Жер формасы
туралы жаңа мағлұматтар алды.
- Сендер, бір сәт Жерді тақтай сияқты жазық деп көз алдарыңа елестетіп көріңдерші!
Оған Күннің жарығы бірдей түсер еді. Бұлай болуы мүмкін емес. Себебі бізден басқа
елдерде таң біркелкі атпайды ғой!? Ол жердің уақыты біздің Афин уақытымен бірдей
емес. Ал, Жердің қабаты шар сияқты үрленген формада болса ше? Мұндай жағдайда біз
шындыққа едәуір жақындай бастаймыз. Күндізгі уақытта күн сәулесінің тас төбемізде
тұратыны белгілі. Біраз уақыттан соң Күннің біртіндеп бата бастағанын көреміз.
Түнгі уақытта аспандағы жұлдыздар шеруіне бір сәт назар аударып көріңдерші?! Біз
дүниенің қай жетінде болсақ та, аспан денелерінің өзгеріп тұратын көрінісін байқаймыз.
Біздің тас төбемізде жарқырап тұрған жұлдыз біраз уақыт бақылаудан кейін біртіндеп
көше бастайтынына куә боламыз. Бұл үрдіс жұлдыздардан гөрі Ай қозғалысынан анық
байқалады. Әсіресе, Айдың толған күнін мұқият бақыласақ, біз көптеген сұрақтарға
жауап табамыз. Бұл ғажап құбылыстың ерекше бір құбылысы – Ай жарығына
шағылысқан Жер көлеңкесінің жан-жаққа шашырауы болып табылады. Мінеки, олив
жидегін алып қараңызшы! Оның жерге түскен көлеңкесі дөңгелек пішінде екені анық
көрініп тұр. Бұл ғажайып көрініс Ай толған кездегі оның бетіне түскен Жер
планетасының көлеңкесі де дөңгелек пішінде болатыны – нақты дәлел емес пе? Жердің
Ай бетіндегі көлеңкесі дөңгеленіп келеді. Ал, мұндай көрініс Жер планетасының тек
шар тәрізді болған жағдайында ғана мүмкін болмақ.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
76. Жоғарыда айтылған мағлұматтарды қазақ халқының мақал-мәтелдері,
тыйым сөздері және аңыз әңгімелері арқылы салыстыра отырып талдау
жаса.
Одан түйген ой-пікірлеріңді тиянақтап, күнделік дәптеріңе жаз.
Мұғалімге сұрақ дайында.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
77. Оқушының білімін бағалайтын электронды
Аты жөні Үй
тапсырмасы
КҮНДЕЛІК-1
Бақылау
күнделігі
Практикалық
жұмыс
Жиыны
Бейбарыс
Ержанұлы
86 83 90 89,089
Жамели
Ринатқызы
87 78 91 89,056
Шырын
Тұрғанбек
қызы
89 88 92 91,002
Ислам
Нұрболатұлы
80 88 90 89,008
Динара
Қуатбекқызы
91 89 90 91,021
Ажар
Мұратханқызы
79 89 91 90,008
Ерасыл
Нұржанұлы
85 89 89 89,009
Univercity of Turan-Astana, Kazakhstan. Comment by professor Muhamedrahim Kursabaev, 9.03.2014
78. 1. Табиғатты танумен қандай ғылым салалары айналысады?
2. Табиғат құбылыстарын бақылау барысында неге бірнеше ғылым
салалары зерттейді?
Сен өзің күнделікті қоршаған ортада көрген-білген жеке тәжірибелеріңе
сүйене отырып Жердің шар тәрізді екенін дәлелдей аласың ба? Сенің
аргументің Аристотель айтқан тұжырымдардан басқа да болуы мүмкін.
Жер планетасының шар тәрізді екенін дәлелдеу үшін не себепті көне
ойшылдар табиғат құбылыстарын жіті бақылау арқылы қарапайым
ғылыми жаңалықтарға қол жеткізді? Сендер келтірген дәлелдемелер неге
кешегі грек ойшылдары ұзақ жылдар зерттеген жаңалықтардан өзгеше?
Бүгінде адамзат өркениетінің алдыңғы қатарлы ғылыми жетістіктері
жаратылыстанудың басқа қырларын жер бетінде жиі қайталанып тұратын
құпия күштердің белгілерін пайдаланумен шектелмей, басқа тұрғыда
зерттеуді қолға алуда. Алғашында, әсіресе ежелгі дәуірде адамдардың
жаратылыстану жөніндегі ғылыми түсініктері қарапайым болды. Уақыт
өте келе, адам баласы өткен тәжірибелерге сүйене отырып, оны озық
ғылым жаңалықтарымен толықтырып отырды. Аталмыш тәжірибелердің
бір жүйеге келуі – оны ғылыми тұрғыда терең зерттеуді қажет ететін
жаратылыстану ғылым саласының пайда болуына ұйытқы болды.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
79. • Оқулықтағы 6 беттегі суреттерді пайдалана отырып табиғат
құбылыстарын зерттейтін ғылым салаларына назар аудар.
• Қосымша сұрақтарға жауап ізде.
Найзағай неге жарқылдайды? Қатты жаңғырық дауысына қандай
факторлар әсер етеді? Жылы немесе салқын жағдайды табиғаттағы
денелер қалай қабылдайды? Міне, бұл сұраққа нақты жауапты физика
ғылымы береді. Ол грек тілінен аударғанда «phfisis-табиғат» деген ұғымды
білдіреді.
Физика ғылымы заңдылықтарының негізі – жалпы жаратылыстану
құбылыстарының себеп-салдарын анықтау болып табылады. Күнделікті
өмірде біз физика заңдылықтарына қатысты көптеген құбылыстарды
(дыбыс, жарық, денелер қозғалысы, жылу т.б) байқаймыз.
Сол себепті физика ғылымынсыз біз бүгінгі өмірімізге аса қажетті радио,
теледидар, автокөлік, компьютер мен ғарыш кемелерін және басқа
дүниелерге қол жеткізе алмас едік.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
82. • Төмендегі суреттерге назар аудара отырып физика ғылымының адамзат өркениеті үшін
қаншалықты маңызды екенін түсіндір.
• Ойыңды тиянақтап, өмірден нақты мысал келтір.
Астрономия ғылымы. Ол көне грек тілінен аударғанда «astron-жұлдыз» және «nomos-
заң» деген ұғымды білдіреді. Бұл сала ғарыштық денелер жүйесіне кіретін спутник,
комета, планета, жұлдыз, метеорит т.б дүниелермен тығыз байланысты. Оларды
жаратылыстану ғылымында аспан (космос) денелері дейді. Осыдан біздер астрономия
– космостық денелер туралы ғылым деген тұжырымдама жасаймыз. Ол сонымен бірге
аталмыш денелердің құрамы мен құрылымын және ғарыштағы қозғалысын зерттейді.
Жұлдызды аспан шынында ғажап құбылыс! Ол тылсым дүниені неге ежелгі адамдар
ерекше таңырқап, зерделеуге тырысты?
Көне Мысыр астрономдары аспан денелерін ұзақ уақыт бақылау нәтижесінде Сириус
жұлдызының Күн ұясына енген уақытта көрінуі – қасиетті Нил өзені аңғарының суға
толуымен сәйкес келуіне көз жеткізген. Бұл табиғат құбылысы халықтың жер жыртып,
егін салуға дайындалуының белгісі деп ұққан. Ал, ғарыш кеңістігіндегі жұлдыздар
шоғырында жыл сайын байқалатын «Бикеш» шоқжұлдызының пайда болуы – егін ору
науқанының басталуына тұспа-тұс келген. Дәл осындай астрономиялық бақылау Үнді,
Қытай, Вавилон және Орта Азия жерлерінде жүргізілген. Көне Үнді астрономдары
Дели қаласының маңында аспан денелерін бақылауға арналған арнайы тас үйінділерден
(обсерватория) нысандар салған.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
90. Химия - өлі және тірі табиғи заттардың жаратылысы мен олардың өзгеру
заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Адамдар тірі және өлі табиғат
организмдерінің қыр-сырларын терең ұғынып, нәтижесінде минералды,
табиғи және өсімдік дүниелерінен дайын өнім өндірді. Сөйтіп, адам баласы
тек қана табиғатпен сырласып қана қоймай, пайдалы қазбалар мен басқа
организмдерді химиялық жолмен зерттеп, өздеріне қажетті заттарды
игіліктеріне жаратты.
Ғарыш кемелері Жер сыртындағы тылсым кеңістікке самғады. Ол
кеменің жылдамдығын күшейтетін, темірі мен басқа тетіктерін қауіпсіз
және сапалы қылатын арнайы материалдар химия ғылымының көмегі
арқылы өндірілді. Химияны терең игеру – жер қойнауындағы пайдалы
қазбалардан металл өндіруге мүмкіндік берді.
Сенің қолыңдағы пластмассадан жасалған қалам мен бөтелкелер,
автокөлік дөңгелектері мен минералды тыңайтқыштар химия
ғылымының жетістігі арқылы қол жеткізілген дүниелер.
• Химиялық жолмен жасалған бірнеше (10-12 зат) заттарды жинастырып,
олардың құрамы мен құрылымы жөнінде нақты мағлұматтар бер.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
93. Қоршаған ортадағы өлі табиғат дүниесі аса күрделі. Ал тірі табиғат әлемі
одан да күрделірек. Сол себепті біз өмір сүріп отырған Жер планетасын
тіршілік дүниесінен бөлек қарастыру мүмкін емес.
Әр алуан тірі табиғат организмдері - өсімдіктер, жан-жануарлар,
саңырауқұлақтар және микроорганизмдер Жер шарының барлық
бөліктерін: мұхит қайраңы, орман-тоғай, таулар мен жазықтар, ауа қабаты
мен топырақ жамылғысын мекен етеді. Біз адамзат перзенті – тірі табиғат
дүниесінің ажырамас бір бөлшегіміз.
Сондықтан, тірі табиғат дүниесін зерттейтін ғылым саласын – биология
деп атайды. Ол грек тілінен аударғанда «bios-өмір» және «logos-ілім» деген
ұғымды білдіреді. Биология ғылымы көптеген сұрақтарға жауап береді.
Мысалы: Жер бетінде қанша тірі организмдер бар? Тірі организмдердің
құрылысы қалай, олар қалай дамиды және көбейеді? Тірі организмдер мен
өлі табиғат арасында қандай байланыс бар? Бүгінде биолог ғалымдардың
алдында адамзат перзентінің антропогендік (шаруашылық) әрекеттерінің
салдарынан жойылып кету қаупіне душар болған өсімдік, жануар түрлерін
сақтап қалуға бағытталған үлкен шаруа тұр.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
97. Жаратылыстану ғылымдарының бір саласына география ғылымы жатады. Ол гректің
«geo-жер» «graphy-жазу» деген сөзінен шыққан.
География – Жер бетіндегі климаттың өзгеруін, жердің беткі және ішкі қабатын, рельеф
пен ландшафты, құрлық пен су айдындарын, ауаның қозғалысын, жер сілкіну мен
вулкандық атқылаулардың себеп-салдарын зерттейді.
Бүгінгі таңда география ғылымы адам баласының жер бетіндегі шаруашылық әрекетінің
салдарынан қоршаған ортаға әсер ететін зиянды жақтарын зерттейтін жаңа ғылыми
бағытты айқындады. Аталмыш бағыт бойынша зерттеулер жүргізетін адамдар жер
бетіндегі шаруашылық нысандар, қала мен ауыл инфраструктурасы, халықтар
(этностар) миграциясы, нәсілдік ерекшеліктері мен қоныстары және басқа сала бойынша
материалдар жинақтауда.
Қалай айтсақ та, Жер бетіндегі географиялық, химиялық, физикалық, астрономиялық
һәм биологиялық дүниелер табиғат құбылыстарымен біртұтас әрі тығыз байланысты
екені анық. Мысалы, адам топырақ қабатына белгілі бір өсімдікті сеуіп, өсіруі үшін
алдымен биологтармен кеңесуі тиіс.
Өсімдіктің қоректену ерекшелігін химия саласының мамандары түсіндіреді. Өсімдік
тамырынан бастау алған судың өз мөлшерімен бұтақтар мен сабақтарға біркелкі таралу
себептерін физика заңдарына сүйене отырып зерделегеніміз абзал. География ғылымы
арқылы біз өсімдіктің жер бетіне таралу шекаралары және оның басқа жерлерде тамыр
жаюы немесе қурап кетуі жөнінде мағлұмат аламыз. Ал, астрономдар болса Жер
бетінен қашықта орналасқан басқа планеталардағы өсімдіктер дүниесі туралы
мағлұматтар жинастырады.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
101. Есіңе сақта!
Төмендегі тірі табиғаттың бір саласы – ботаника ғылымы жөніндегі мағлұматпен
мұқият танысып, ой қорытындыла.
Алғашқы адамдар өзінің айналасындағы өсімдік жамылғысы туралы бірқатар білім
жинақтаған. Кейбір өсімдіктің тамырын, ал кейбіреулерінің жемісі мен сабақтарын
тамақтану мақсатында, басқа өсімдік түрлерін дәрі-дәрмек жасап, тұрмысқа қажетті
аңшылық-шаруашылық құралдар жасау үшін пайдаланған.
Көп өсімдіктердің ішінен адам өзіне қажетті шөпті бөлек баптап, бертін келе оның тиімді
түрлерін ойлап тапты. Өсімдік дүниесіне деген ерекше бетбұрыс күн өткен сайын білім
мен тәжірибе жинақтап, нәтижесінде өсімдіктер дүниесі жөніндегі ғылым саласының
қалануына түрткі болды.
Көне Грекия ғалымы, ғұлама Аристотельдің шәкірті Теофраст өсімдіктер дүниесі
жөнінде ғылыми еңбек жазған және зерттеген тұңғыш ғалым болды. Теофраст жан-
жануарлар әлемін зерттейтін зоология ғылымынан өсімдіктану ғылымының бөлініп
шығуына зор еңбек сіңірді. Ол өсімдік дүниесі жөнінде ұзақ бақылау жүргізіп, мол
тәжірибе жинақтап бір жүйеге келтіріп «ботаника» (грек тілінде «botane-шөптің
жапырағы») ғылымының негізін салды. Теофрастың «Өсімдіктер дүниесін зерттеу» атты
9 кітаптан, «Өсімдіктердің өсуі мен таралу себептері» атты 6 кітаптан тұратын көлемді
шығармалары әлем халықтарының тілдеріне аударылып, күні бүгінге дейін сақталып
келеді. Автор өз еңбегінде 500-ден астам өсімдіктер дүниесі туралы ғылыми зерттеулер
жүргізіп, анықтамалар берген.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
105. Табиғатты бақылау
1. Табиғатты ғылыми тұрғыда зерттеу әдісі дегеніміз не?
2. Табиғат құбылыстарына қызығу мен таңырқаудың ғылыми бақылаудан
ерекшелігі қандай?
Адамзат перзенті ерте заманнан бері табиғат құбылыстары мен құпиясына
ерекше таңырқап, қызығып және зерттеуге құлшыныс білдіргені белгілі.
Жас дос! Табиғатты тану жөнінде сен білімді және сұрағыңа жауапты
қандан аласың? Қоршаған ортадағы өзгерістер жөнінде нақты білім
алуыңа саған қандай материалдар көмектеседі?
Адам баласы қоршаған ортадағы құбылыстар жөнінде өзіне қажетті
дүниелердің басым бөлігін көзбен көру арқылы қабылдайды. Шынында,
сен көз алдыңдағы өсімдіктер мен тауларды, өзендер мен жазық жерлерді,
тіпті түнгі уақытта көз ұшындағы жұлдыздарды көзіңмен көресің. Көз
қарашығымыздың түрлі-түсті суреттерді оңай ажырата білу қасиеті – бізді
қоршаған ортамыздағы құбылыстар туралы толық мағлұмат
алуымыздың кепілі.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
107. Табиғат сырларын тануда есту органының маңызы зор. Ол арқылы сен
табиғаттағы түрлі дыбыстарды естисің. Қоршаған ортадағы басқа
дүниелерді сен өне бойыңдағы сезім органдары арқылы қабылдайсың.
Нәтижеде сен иісті, жылы мен суықты, тыныштық пен сыбырды сезесің.
Сол себепті адам өзі өмір сүріп отырған ортасындағы табиғат
құбылыстарын оған әр түрлі әсер етіп, сол ретте сенің сана-сезіміңнің
қоршаған ортаның құпияларын одан ары зерделеуге жетелейтінін білесің.
Ол рас, өйткені табиғат аясында барлық дүние бір қалыпта болмайды,
қоршаған орта - өзгерістерге толы. Ол өзгерістер бір сәтте көз алдыңда
көрініп тұрса, кейбіреулері біраз уақыт өткен соң байқалады. Адамның
бүкіл ғұмырының өзі - алуан түрлі өзгерістерге толы.
Біз биік таулы қыраттың бірнеше миллион жылдан кейін аласа тауға
айналатынын көре алмаймыз. Оны байқауға біздің өміріміз жетпейді.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
108. Сол себепті өткен өмір кезеңдерін және белгілі табиғи нысанның себеп-
салдарын анықтау мақсатында ғылыми әдістер (методтар) қолданылады.
Ол гректің «methodos-әдіс» деген сөзінен алынған.
Айталық біздің өткенде қоршаған ортадағы құбылыстарды белгілі бір
жоспар бойынша бақылау жүргеніміз ғылыми әдістің бірі болып
табылады. Бұл әдістің қарапайым түрі ғана. Ғылыми әдістің көмегімен
ғалымдар табиғат құбылыстарын жан-жақты зерттеуге мүмкіндік алады.
Алдымен зерттеу әдісінің негізгі мақсаты айқындалады. Мақсаттың жүзеге
асырылуы алдын-ала құрылған және көпшілікпен мақұлданған жоспарға
байланысты. Жоспарланған шараның болашақтағы жалпы ғылым саласы
үшін маңыздылығы мен құндылығы да анықталғаны шарт.
Аталған міндеттер орындалғанда зерттеу объектісінің орны, жұмыстың
орындалу шарттары және басқа қажетті нысандары айқындалады.
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014