SlideShare a Scribd company logo
1 of 9
Download to read offline
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігі

      «КазАгроИнновация» Акционерлік қоғамы

Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты




        Мақта өнімін жинау
            ұсынысы




                   Астана 2010
УДК 631.6.626.87


Мақта өнімін жинау ұсынысы



Автор: Үмбетаев И.




Қазақстанның оңтүстігінде мақта ӛнімін жинау науқаны бойынша ұсыныстар,
мақта ӛндіретін агроқұрылымдарға, шаруа қожалықтарының басшыларына
арналған.




Издано в рамках программы 056
«Повышение конкурентоспособности сельскохозяйственной продукции»


Рассмотрено и одобрено на заседании научно-технической комиссии АО
«КазАгроИнновация», 2 августа 2010 года.
Кіріспе

      Мақта шаруашылығының экономикалық тиiмдiлiгi кӛбiне мақта
ӛндiрiсiнiң ӛсуiне, жаңа технологиялардың енгiзiлуiне, қайта ӛңдеу
ӛнеркәсiптерiн дамытуға байланысты. Осы мiндеттердің кешендiк шешiмi,
Қазақстандағы қазiргi заманғы мақта-тоқыма кластерi.
      2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 135 мың гектар жерге мақта
егілді.
      Шитті-мақтаны неғұрлым тез, қысқа мерзімде шашпай-тӛкпей ысырапсыз
жинап алу-маңызды міндет. Жиын-терімді ұзаққа созу ӛнімнің кӛп шығын
болуына, оның сапасының нашарлауына, күздік жыртудың, сортаңданған
жерлерді шаюдың, т.б. күзгі-қысқы жұмыстар мерзімінің кешіктірілуіне
соқтырады.
      Мақтаның бірқатар басқа дақылдардан ӛзіңдік ерекшелігі де сол-қозаның
кӛсектері бірден жетілмейді, біртіндеп піседі, бұл оны жинап алуды қиындата
түседі. Сондықтан да мақта қозасының бойын тоқтатып, ӛнім элементтерінің
кӛлемін арттыру үшін мақта қозасының ұшын шырпу жұмыстары жүргізіледі.
      Шитті мақта ӛнімін барынша қысқа мерзімі ішінде шашпай-тӛкпей,
ысырапсыз жинап алу қозаның жапырағын дер кезінде әрі біркелкі сапалы түсіре
алатын қажетті дефоианттарды тиімді қолдану арқылы дефолиация жүргізілген
жағдайда ғана мүмкін болады. Ӛйткені бұл шара ӛсірілген мол ӛнімді ауа
райының ашық та қолайлы, үсік ұрмай түрғанда қолтерім және машинамен
жинап алуға мүмкіндік береді.

                         Мақтаның ұшын шырпу

       Мақтаның ұшын шырпу арқылы ӛнімділікті жоғарылатумен қатар оның
тез пісіп жетілуін қамтамасыз етуге болады.
       Мақта қозасы ӛзінің ӛсіп-даму кезеңдерінде кӛптеген шанақтармен
гүлдерді құрайды, бірақ коректік заттардың жетіспеу себебімен олардың кӛбісі
түсіп қалады. Мақта қозасы тамырлар жүйесі арқылы жанама бұтақтарға
қарағанда ӛсу нүктесіне кӛбірек коректік заттарда жеткізіп тұрады. Ӛсу
нүктесіне шырпу арқылы коректік заттар ӛнім салатын бұтақтарға жіберуге
болады. Сол арқылы кӛсектердің санын 1-2-ге және салмағын 0,2-0,5 граммға
кӛтеруге қол жеткізіледі. Отандық мақта сортттарына шырпуды 12-14 ӛнім
салатын шақтар пайда болғанда жүргізген дұрыс. Бұл тамыз айының бірінші
онкүндігі болып есептеленеді. Шырпуды ерте жүргізген жағдайда мақта
қозасының ӛнім салмайтын шақтарының қаулап кетуіне және соның есебінен
ӛнімнің аз салуына алып келуі мүмкін. Шырпуды қолмен немесе трактормен
биіктігі 100-110 сантиметрде жүргізген тиімді.
Мақта қозасын дефолиациялау

      Қазіргі таңда мақта шаруашылығының даму кезеңіндегі пісіп жетілген
мақта ӛнімін жинап алу, күрделі мәселелердің бірі болуда. Сондықтан пісіп
жетіліу кезеңінде әртүрлі мақта сорттарының биологиялық және оларда
жүретін метаболизм процесстерінің ерешеліктерін ескере отырып қоршаған
ортаға зиянсыз, сондай ақ тиімділігі жоғары дефолианттарды қолдану, мақта
ӛнімділігін және оның сапасын кӛтеруде үлкен рӛл атқарады.
      Дефолианттардың       тиімділік   әсерлері   ӛсімдіктің    биологиялық
ерекшеліктерімен      бірге   температураға,   қоршаған    ортаға,   топырақ
ылғалдылығына және топырақ құнарлылығына, ӛсімдіктің қоректену деңгейіне
және де препараттардың қолдану әдісі мен мерзімдеріне де байланысты болады.
Дефолианттардың тиімді әсерлерінің шешуші факторлары – бұл ӛсімдіктің
биологиялық жағдайы. Препараттарды қолдану кезеңінде әртүрлі мақта
сорттары дефолиантттарға әртүрлі қуаттылық танытады, яғни жапырақтарының
түсуі және кӛсектердің ашылуы әртүрлі болып келеді. Сондықтан да мақта
сорттары химиялық препараттардың әсерлерін әртүрлі сезінеді.
      Мақта жапырағының ӛсіп жетілуінің ұзақтылығы, тұқымның сапасына
сонымен қатар агротехникалық шаралардың қай сапада жүргізілуіне
байланысты 43-тен-85 күнге дейін созылады. Мақта қозасы жапырақтарының
саны вегетациялық кезеңнің соңында кӛпшілік жағдайларда кӛсектің ашылуына
теріс әсерін тигізеді. Ӛсімдіктер жапырағы осы кезеңде ауру тудырғыш
бактериялардың, мақта шірелерінің ұясы болуына жағдай жасайды. Мақта
қозасының жапырақтарының қаулап ӛсуі ӛнімнің пісіп жетілуінің кешігуіне
алып келеді, сонымен қатар кӛсектердің ашылуын бәсеңдетеді.
      Мақта алқаптарын ӛнім алды химиялық тәсілмен мақта қозасын
жапырақсыздандыру-дефолиациялау, мақта зиянкестеріне қарсы күресте күз
айларында және де келесі жылғы вегетациялық кезеңінде олардың азаюуына
үлкен септігін тигізеді. Мақта қозасын дефолиациялау басқа да агротехникалық
шаралармен тығыз байланыста болады.
       Мақта шаруашылығында механизациялық шаралардың ӛркенделуі мақта
қозасын ӛңдеу жұмыстарын және шитті мақта ӛнімін жинау жұмыстарын
жоғары деңгейде жүргізілуін қамтамасыз етеді. Дегенмен мақта жапырақтары
терім машиналарының бір қалыпты жұмыс істеуіне кері әсер етеді, сондықтан
мақтаның ӛнім алды жапырағын түсіру жұмыстарын дер кезінде жүргізілуі
қажет.
      Шитті-мақтаның ӛнімін қол теріммен жинап алу, кӛп еңбек сіңіруді керек
етеді және де қымбатқа бағаланатын шаралардың бірі. Шитті мақта ӛнімін қол
теріммен жинап алу, күздің соңғы күндеріне дейін созылуына, ӛнімнің және
шитті-мақтаның сапасының тӛмендеуіне және күзгі-қысқы жұмыстар
мерзімінің кешігуіне алып келеді. Сонымен шитті мақта ӛнімін барынша қысқа
мерзім ішінде шашпай-тӛкпей, ысырапсыз жинап алу үшін қозаның жапырағын
дер кезінде сапалы әрі біркелкі түсіре алатын қажетті дефолианттарды тиімді
қолдануды керек етеді.
Дефолиация жүргізудің оңтайлы мерзімін анықтауда қоза кӛсегінің ӛсіп-
жетілуі мен күзгі ауа райының жағдайын ескере отырып таңдаудың маңызы
зор. Қозаны тым ерте, алғашқы, қауашақтары әлі ашылмаған кезде
дефолиациялау, ӛнімнің азаюуына және мақта талшығы сапасының
тӛмендеуіне әкеліп соқтырады. Сондықтан дефолиацияны ӛз уақтысында
жүргізу керек.
      Мақта қозасын дефолианттармен ӛңдеу, мақтаның бір бұтасында 2-3
немесе 3-4 кӛсек ашылғанда жүргізілуі қолайлы уақыт болып табылады.
      Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу иниституты ғалымдарының
зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша, Мактаарал-4005 ортаталшықты
мақта сортына сынақталған жаңа препараттардың ішінде Авгурон-0,5 л/га және
Авгурон-экстра-0,2 л/га мӛлшерінде, мақта жапырағының түсуіне және
кӛсектерінің ашылуына жоғары тиімділігін кӛрсетті.
      Кейінгі тиімді кӛрсеткіштері бойынша ұзақ жылдардан бері мақта
шаруашылығында Дропп-ультра және Хлорат магния қолданысындағы
дефолианттары болып есептеледі, сондай-ақ олар қазір де шаруа қожалықтары
мен ұсақ шаруа қожалықтарында қолданып келуде. Дропп-ультра препараты
0,7 л/га мӛлшерінде 70,0 пайыз жапырақ түсуін, 21,7 пайыз кӛсек ашылу
кӛрінісінде, ал Хлорат-магния препараты 12,0 кг/га мӛлшерінде 69,1 пайыз
жапырақ түсуін және 23,4 пайыз кӛсек ашылуына ықпалды белсенділігін
танытқан. Осы дефолианттар қолдану кезінде қоршаған ортаға және адамдар
мен жануарларға кем әсерлі екендігін байқатқан.
      Қазіргі уақытта қозаны жапырағынан арылту үшін мынадай препараттар
қолданылуда:
      Авгурон экстра – препараттық формасы суспензиялық концентрат, әсер
еруші заты: тидиазурон (360 г/л) және диурон (180 г/л). Авгурон экстра мақта
жапырақтарына ӛңделгеннен соң 12 сағаттың ішінде енеді. Препараттың
әсерінің алғашқы белгілері (жапырақтардың түсінің ӛзгеруі және кейбір
жапырақтардың түсуі) ӛңдеуден соң 2-4 күннен кейін байқала бастайды.
Жапырақтар мақта сабағынан құрғақ емес кӛктей күйінде үзіліп түседі.
Ӛсімдікте құрғақ жапырақтар болмайды, нәтижеде терім кезінде мақтаның
ластануы байқалмайды. Авгурон экстра препаратының ең тиімді температура
диапазоны 17 ден 33 0С аралығын құрайды.
      Магний хлораты - кристалды, түйіршікті сары түсті ұнтақ. Оның
құрамында 58-66 пайыз магний хлораты, 30 пайызға жуығы натрий хлораты
және аздаған мӛлшерде натрий хлоратының, хлорлы калийдің, магний сульфаты
мен кальцийдің қоспасы бар. Магний хлораты суда жақсы ериді Ауа еркін келіп
тұрса, одан ӛзіне ылғал тарта береді. Сондықтан оны құрғақ қоймаларда, ауа
ӛткізбейтін ыдыста сақтау керек.
      Дропп Ультра - 1 литрінде 120 г. тидиазурон және 60 г диурон бар.
Ерітіндіні жұмсау мӛлшері гектарына 150-200 литр. Онда 0,6-0,8 литр препарат
ерітілген болуы керек.
      Химиялық препараттардың кӛпшілігі мақта ӛсімдігінің жапырағына бүрку
арқылы себіледі.
Барлық препаратгар жапыраққа жетісімен оның ӛзегіне енеді де, оларды
бірте-бірте қуратады.
      Магний хлоратын қолданған кезде нәтиже бұдан да тез алынады.
Жапырақтың түсуі ол себілгеннен кейін 3-5 күн ӛтісімен басталады. Жапырағы
түскен соң қозаның кӛсектері алғашқы күндерден-ақ әдеттегіден 2 есе жылдам
ашыла бастайды. Олардың негізгі бӛлігі дефолиант қолданбаған жағдайлармен
салыстырғанда 10-15 күн бұрын ашылып бітеді. Ӛйткені жапырағынан арылған
ӛсімдікке күн молынан түсіп, кӛсегі де, топырағы да жақсы қызады,
қозалықтағы ауа да жылырақ әрі құрғағырақ болады. Күндізгі уақытта
жапырақсыз қоза алқабындагы ауаның температурасы жапырақты қоза
алқабына қарағанда 2,5-5,0 градусқа жоғары, ал ылғалдылығы 10-13 процент
тӛмен болады.
      Мақта ӛсімдігін жапырағынан арылту оның пісуін тездетеді әрі аяз түскенге
дейін терілетін шитті мақтаны гекгарына 2-6 центнерге дейін арттырады.
      Жапырақты түсіру мақтаның кӛптеген зиянкестерін (кӛсек құртын,
карадринаны, ӛрмекші кенені және мақта битін) жоюға, олардың келер жылғы
санын азайтуға септігін тигізеді, сондай-ақ кӛсекті саңырауқүлақ бактериясына
және басқа да ауруларға ұшыраудан сақтайды.
      Қозаны магний хлоратымен ӛңдеу үшін ерітіндіні себер алдында
дайындау керек. Қою ерітінді дайындау үшін 50 кг препаратты ыдысқа салып,
оған жалпы кӛлемі 100 литр суды біртіндеп құя отырып, әбден араластырады.
Оны қозалыққа себуге дайындау үшін қажетгі мӛлшерде су қосып сұйылтып
отырады.
      Магний хлоратының қолданылу мӛлшері себу мерзіміне және ауаның
температурасына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Қыркүйектің орта тұсына
дейін оны гектарына 8-9 кг, ал айдың аяғында 10-12 кг есебінен жұмсайды.
      Дефолиация жүргізудің оңтайлы мерзімін қозаның кӛсегінің ӛсіп-жетілуі
мен күзгі ауа райының жағдайын ескере отырып таңдаудың маңызы зор.
      Қозаны тым ерте, алғашқы, дұрыс піскен қауашақтары әлі ашылмаған
кезде дефолиациялау ӛнімнің азаюына және мақта талшығы сапасының
тӛмендеуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Тәуліктік орташа температура 15
градусқа дейін және одан да тӛмендеген кезде, кешіктіріліп жүргізілген
дефолиация қоза жапырақтарын толық түсіре алмайды.
      Әдетте, бір мәрте дефолиациялау қозаны жапырақтан толық арылта
коймайды, ӛйткені препарат ортаңғы және астыңғы бұтақтардың
жапырақтарына жете бермейді. Сондықтан 10-12 күннен кейін препарат қайтадан
себіледі.
      Күн салқындай түскен және қайта ӛңдеген кезде магний хлораты
қолданылады, оның мӛлшері 20 пайызға және одан да кӛбірекке арттырылады.
      Кейде, ӛнімді жинар алдында, кӛсектердің ашылуын тездету мақсатымен,
дефолиациямен қоса дессикация (қозалықты құрғату) жүргізіледі. Мұны
дефолиациялаудан кейін қоза жапырағынан ойдағыдай арылмаған, немесе
ӛсімдік ӛте күшті ӛсіп-дамыған әрі онда пісіп-жетілген, бірақ ашылмаған
кӛсектер кӛп болған жағдайда жасайды.
Қозаны құрғату (дессикация) оны магний хлоратымен ӛңдеу арқылы
жүзеге асырылады. Магний хлоратының қою ерітіндісі мақтаны
дефолиациялаған кездегідей жасалады, алайда себілетін ерітіндінің әсерлі
затының мӛлшері жоғарылау етіледі. Магний хлоратының жұмсалар мӛлшері -
20-25 кг/га, немесе 40-50 л/га қою ерітінді.
      Дефолианттар мақта ӛнімінің пісіп-жетілуін тездетіп, ауа-райының ашық
та қолайлы қысқа мерзімінде, жинап алуға үлкен мүмкіншілік тудырады.
      Мақта қозасын дефолиациялау, ауа температурасының тӛмендеуіне дейін
қысқа мерзімде есеппен жүргізіліп, толығымен аяқталу керек. Ауа-райының
орташа тәулік температурасы +14+15 градусқа дейін тӛмендеуі жапырақтардың
түсуін баяулатады, сондықтан қозаны жапырақтан арылтуға ауаның тәуліктік
орташа температурасы тым тӛмендеп кетпей тұрғанда кірісу керек.
      Жапырағы түскен соң қозаның кӛсектері алғашқы күндерден-ақ
әдеттегіден 2 есе жылдам ашыла бастайды. Олардың негізгі бӛлігі дефолиант
себілмегендегіге қарағанда 10-15 күн бұрын ашылып бітеді.
      Ӛйткені жапырағынан арылған ӛсімдікке күн молынан түсіп, кӛсегі де,
топырағы да жақсы қызады, қозалықтағы ауа да жылырақ әрі құрғағырақ
болады. Күндізгі уақытта жапырақсыз қоза алқабындағы ауаның температурасы
жапырақты қоза алқабына қарағанда 2,5-5,0 градусқа жоғары, ал ылғалдылығы
10-13 пайызға тӛмендейді және де терілетін шиті мақтаны гектарына 5-6
центнерге дейін арттырады.
      Дефолиациялауға және дессикациялауға қолданылатын препараттардың
бәрі де адамдар мен жануарлар үшін улы болып табылады. Олармен жұмыс
істеген кезде сақтанудың барлық ережелерін қатаң ұстану қажет.

                          Шитті мақтаны жинау

      Іріленген шаруашылықтардың кіші шаруа қожалықтарына бӛлініп кету
салдарынан бүгінде ӛнімнің 95 пайызы қолмен жиналуда. Бұл жағдай ӛнім
жинау науқанының созылып кетуіне, сонымен бірге мақтаның сапасының
тӛмендеуіне алып келуде. Мұндай келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін
агротехникалық шаралардың ішінде ең негізгісі болып есептелінетін ӛнім
жинау науқанын жүйелі түрде жүргізген жӛн.
      Қолмен теруді мақта қозасының кӛсектерінің 45-50 пайызы немесе бір
ӛсімдікте 5-6 кӛсек ашылғанда бастаған жӛн. Ал екінші терімді қалған
кӛсектердің 40-45 пайызы ашылғанда тере отырып, үшіншісін 12 -15 күннен
кейін бірінші суыққа дейін жүргізгенде жоғары тиімділікке қол жеткізіледі.
Мақтаны қолмен жинау

      Мақта саласын механизациялаудың кешенді жүйесінің негізгі
шараларының бірі бұл шитті мақтаны комбайндармен жинау. Бүгінгі таңда
бұрынғы тік шпинділді комбайндардың орнына ӛнімділігі жоғары ӛзі жуатын
кӛлденең шпинділді комбайндар кӛп шығарылуда. Бұл машиналардың жұмыс
ӛнімділігі бұрынғыларға қарағанда 2-2,5 есе жоғары.
      Мақтаны машинамен жинау үшін мақта қозасының биіктігі 100
сантиметрден кем болмай, жатып қалмауын қамтамасыз ету керек. Егерде
мақта қозасының 10 пайызы жатып қалса ӛнімнің 20 пайызға дейін ысырап
болуы мүмкін. Кӛп жағдайға бұл азоттық қоректендіруді және суару жүйесін
дұрыс қолданбағанда болады. Сондықтан суаруды топырақ түрін, жер асты
суларының деңгейін есепке ала отырып, мақта қозасының даму кезеңіне
сәйкестендіріп жүргізген дұрыс.
      Мақтаны машинамен жинау үшін алқаптарды алдын-ала дайындау,
палдарды, оқарықтарды тегістеу керек. Мақта жинайтын машиналардың бұрылуы
үшін әр алқаптың басы мен аяғынан ені 4-5 метрлік бұрылыс жолы алқабын
дайындайды. Бұған бос жер жоқ алқаптардың екі шетінен ені кӛрсетілгендей етіп
қозасын шабады. Шабар аддында оның ашылған мақтасын қолмен теріп алады.
Шабылған қозаны қалған кӛсектері ашылған соң мақтасын алу үшін алқаптың
шетіне жинап қояды.
      Терім машиналарының бункерінен мақтаны түсіріп алатын тіркемелер
жетіспеген немесе жоқ болған жағдайда алқаптан алдын-ала алаңшалар
(қырмандар) дайындау қажет.
      Машинамен теруге қозадағы кӛсектердің 50-60 проценті ашылған соң
кіріскен жӛн.
      Терімді машинамен жинау үшін жоғарыда аталған дефолиантарды
қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Шитті мақтаны сапалы және таза
жинауда Америкада жасап шығарылған кӛлденең шпинділді ӛзі жуатын Jonn
Deer комбайндары облыстың мақта плантацияларында қолдануды ұсынамыз.




                       Мақтаны машинамен жинау

      Жер реформасының нәтижесінде ірі шаруа қожалықтарының егістік
жерлері пай үлестеріне сәйкес ұсақ шаруа қожалықтарына бӛлініп берілген. Бұл
шаруа қожалықтарының егістік жерлерінің басым кӛпшілігі 3-10 гектар кӛлемін
құрайды. Ұсақ шаруа қожалықтарына шитті мақтаның ӛнімін жинауда жер
кӛлемінің аз болуына байланысты ӛнімділігі жоғары комбаиндарды қолдану
қымбатқа түсуде. Осыған байланысты республикада ӛндірілетін шитті
мақтаның 90 пайызға жуығын қолмен теріп алынуда. Бұл ӛз кезегінде ӛнімнің
ӛзіндік құнының жоғары болуына алып келуде. Сондықтан ұсақ шаруа
қожалықтарына ірі үлкен агроқұрылымдарға бірігіп мақта қозасы ӛнімін
комбайндермен жинауды ұсынамыз.

More Related Content

More from Вячеслав Ипполитов

26. кодекс корпоративной этики ао «казагроинновация»
26. кодекс корпоративной этики ао «казагроинновация»26. кодекс корпоративной этики ао «казагроинновация»
26. кодекс корпоративной этики ао «казагроинновация»
Вячеслав Ипполитов
 
24. қазақша басқарма туралы ереже қазагроинновация
24. қазақша басқарма туралы ереже  қазагроинновация24. қазақша басқарма туралы ереже  қазагроинновация
24. қазақша басқарма туралы ереже қазагроинновация
Вячеслав Ипполитов
 
проект программы реформ. отеч. агр. науки
проект программы реформ. отеч. агр. наукипроект программы реформ. отеч. агр. науки
проект программы реформ. отеч. агр. науки
Вячеслав Ипполитов
 
новое положение об информационной политике
новое положение об информационной политикеновое положение об информационной политике
новое положение об информационной политике
Вячеслав Ипполитов
 
новое положение об инф политике ао каи 2012
новое положение об инф политике  ао каи 2012новое положение об инф политике  ао каи 2012
новое положение об инф политике ао каи 2012
Вячеслав Ипполитов
 
технологии выращивания сеголеток и двухлеток осетровых рыб в бассейнах с испо...
технологии выращивания сеголеток и двухлеток осетровых рыб в бассейнах с испо...технологии выращивания сеголеток и двухлеток осетровых рыб в бассейнах с испо...
технологии выращивания сеголеток и двухлеток осетровых рыб в бассейнах с испо...
Вячеслав Ипполитов
 
рекомендации по формированию ремонтно маточных стад осетровых рыб в рыбоводны...
рекомендации по формированию ремонтно маточных стад осетровых рыб в рыбоводны...рекомендации по формированию ремонтно маточных стад осетровых рыб в рыбоводны...
рекомендации по формированию ремонтно маточных стад осетровых рыб в рыбоводны...
Вячеслав Ипполитов
 
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в условиях рыбоводных хо...
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в условиях рыбоводных хо...рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в условиях рыбоводных хо...
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в условиях рыбоводных хо...
Вячеслав Ипполитов
 
рекомендации по улучшению состояния рыбных ресурсов водоемов зайсан иртышског...
рекомендации по улучшению состояния рыбных ресурсов водоемов зайсан иртышског...рекомендации по улучшению состояния рыбных ресурсов водоемов зайсан иртышског...
рекомендации по улучшению состояния рыбных ресурсов водоемов зайсан иртышског...
Вячеслав Ипполитов
 
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в прудах
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в прудахрекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в прудах
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в прудах
Вячеслав Ипполитов
 

More from Вячеслав Ипполитов (20)

6df
6df6df
6df
 
Evolution
EvolutionEvolution
Evolution
 
1
11
1
 
программа апк каз
программа апк казпрограмма апк каз
программа апк каз
 
программа апк рус
программа апк руспрограмма апк рус
программа апк рус
 
26. кодекс корпоративной этики ао «казагроинновация»
26. кодекс корпоративной этики ао «казагроинновация»26. кодекс корпоративной этики ао «казагроинновация»
26. кодекс корпоративной этики ао «казагроинновация»
 
24. қазақша басқарма туралы ереже қазагроинновация
24. қазақша басқарма туралы ереже  қазагроинновация24. қазақша басқарма туралы ереже  қазагроинновация
24. қазақша басқарма туралы ереже қазагроинновация
 
устав каи 04.11.2011
устав каи 04.11.2011устав каи 04.11.2011
устав каи 04.11.2011
 
проект программы реформ. отеч. агр. науки
проект программы реформ. отеч. агр. наукипроект программы реформ. отеч. агр. науки
проект программы реформ. отеч. агр. науки
 
кодекс корп этики ао каи
кодекс корп этики  ао каикодекс корп этики  ао каи
кодекс корп этики ао каи
 
новое положение об информационной политике
новое положение об информационной политикеновое положение об информационной политике
новое положение об информационной политике
 
положение о правлении ао каи
положение  о правлении ао каиположение  о правлении ао каи
положение о правлении ао каи
 
кодекс корп этики ао каи
кодекс корп этики  ао каикодекс корп этики  ао каи
кодекс корп этики ао каи
 
новое положение об инф политике ао каи 2012
новое положение об инф политике  ао каи 2012новое положение об инф политике  ао каи 2012
новое положение об инф политике ао каи 2012
 
кодекс корп упрваления ао каи
кодекс корп упрваления ао каикодекс корп упрваления ао каи
кодекс корп упрваления ао каи
 
технологии выращивания сеголеток и двухлеток осетровых рыб в бассейнах с испо...
технологии выращивания сеголеток и двухлеток осетровых рыб в бассейнах с испо...технологии выращивания сеголеток и двухлеток осетровых рыб в бассейнах с испо...
технологии выращивания сеголеток и двухлеток осетровых рыб в бассейнах с испо...
 
рекомендации по формированию ремонтно маточных стад осетровых рыб в рыбоводны...
рекомендации по формированию ремонтно маточных стад осетровых рыб в рыбоводны...рекомендации по формированию ремонтно маточных стад осетровых рыб в рыбоводны...
рекомендации по формированию ремонтно маточных стад осетровых рыб в рыбоводны...
 
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в условиях рыбоводных хо...
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в условиях рыбоводных хо...рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в условиях рыбоводных хо...
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в условиях рыбоводных хо...
 
рекомендации по улучшению состояния рыбных ресурсов водоемов зайсан иртышског...
рекомендации по улучшению состояния рыбных ресурсов водоемов зайсан иртышског...рекомендации по улучшению состояния рыбных ресурсов водоемов зайсан иртышског...
рекомендации по улучшению состояния рыбных ресурсов водоемов зайсан иртышског...
 
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в прудах
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в прудахрекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в прудах
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в прудах
 

хлопок на казахском

  • 1. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігі «КазАгроИнновация» Акционерлік қоғамы Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Мақта өнімін жинау ұсынысы Астана 2010
  • 2. УДК 631.6.626.87 Мақта өнімін жинау ұсынысы Автор: Үмбетаев И. Қазақстанның оңтүстігінде мақта ӛнімін жинау науқаны бойынша ұсыныстар, мақта ӛндіретін агроқұрылымдарға, шаруа қожалықтарының басшыларына арналған. Издано в рамках программы 056 «Повышение конкурентоспособности сельскохозяйственной продукции» Рассмотрено и одобрено на заседании научно-технической комиссии АО «КазАгроИнновация», 2 августа 2010 года.
  • 3. Кіріспе Мақта шаруашылығының экономикалық тиiмдiлiгi кӛбiне мақта ӛндiрiсiнiң ӛсуiне, жаңа технологиялардың енгiзiлуiне, қайта ӛңдеу ӛнеркәсiптерiн дамытуға байланысты. Осы мiндеттердің кешендiк шешiмi, Қазақстандағы қазiргi заманғы мақта-тоқыма кластерi. 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 135 мың гектар жерге мақта егілді. Шитті-мақтаны неғұрлым тез, қысқа мерзімде шашпай-тӛкпей ысырапсыз жинап алу-маңызды міндет. Жиын-терімді ұзаққа созу ӛнімнің кӛп шығын болуына, оның сапасының нашарлауына, күздік жыртудың, сортаңданған жерлерді шаюдың, т.б. күзгі-қысқы жұмыстар мерзімінің кешіктірілуіне соқтырады. Мақтаның бірқатар басқа дақылдардан ӛзіңдік ерекшелігі де сол-қозаның кӛсектері бірден жетілмейді, біртіндеп піседі, бұл оны жинап алуды қиындата түседі. Сондықтан да мақта қозасының бойын тоқтатып, ӛнім элементтерінің кӛлемін арттыру үшін мақта қозасының ұшын шырпу жұмыстары жүргізіледі. Шитті мақта ӛнімін барынша қысқа мерзімі ішінде шашпай-тӛкпей, ысырапсыз жинап алу қозаның жапырағын дер кезінде әрі біркелкі сапалы түсіре алатын қажетті дефоианттарды тиімді қолдану арқылы дефолиация жүргізілген жағдайда ғана мүмкін болады. Ӛйткені бұл шара ӛсірілген мол ӛнімді ауа райының ашық та қолайлы, үсік ұрмай түрғанда қолтерім және машинамен жинап алуға мүмкіндік береді. Мақтаның ұшын шырпу Мақтаның ұшын шырпу арқылы ӛнімділікті жоғарылатумен қатар оның тез пісіп жетілуін қамтамасыз етуге болады. Мақта қозасы ӛзінің ӛсіп-даму кезеңдерінде кӛптеген шанақтармен гүлдерді құрайды, бірақ коректік заттардың жетіспеу себебімен олардың кӛбісі түсіп қалады. Мақта қозасы тамырлар жүйесі арқылы жанама бұтақтарға қарағанда ӛсу нүктесіне кӛбірек коректік заттарда жеткізіп тұрады. Ӛсу нүктесіне шырпу арқылы коректік заттар ӛнім салатын бұтақтарға жіберуге болады. Сол арқылы кӛсектердің санын 1-2-ге және салмағын 0,2-0,5 граммға кӛтеруге қол жеткізіледі. Отандық мақта сортттарына шырпуды 12-14 ӛнім салатын шақтар пайда болғанда жүргізген дұрыс. Бұл тамыз айының бірінші онкүндігі болып есептеленеді. Шырпуды ерте жүргізген жағдайда мақта қозасының ӛнім салмайтын шақтарының қаулап кетуіне және соның есебінен ӛнімнің аз салуына алып келуі мүмкін. Шырпуды қолмен немесе трактормен биіктігі 100-110 сантиметрде жүргізген тиімді.
  • 4. Мақта қозасын дефолиациялау Қазіргі таңда мақта шаруашылығының даму кезеңіндегі пісіп жетілген мақта ӛнімін жинап алу, күрделі мәселелердің бірі болуда. Сондықтан пісіп жетіліу кезеңінде әртүрлі мақта сорттарының биологиялық және оларда жүретін метаболизм процесстерінің ерешеліктерін ескере отырып қоршаған ортаға зиянсыз, сондай ақ тиімділігі жоғары дефолианттарды қолдану, мақта ӛнімділігін және оның сапасын кӛтеруде үлкен рӛл атқарады. Дефолианттардың тиімділік әсерлері ӛсімдіктің биологиялық ерекшеліктерімен бірге температураға, қоршаған ортаға, топырақ ылғалдылығына және топырақ құнарлылығына, ӛсімдіктің қоректену деңгейіне және де препараттардың қолдану әдісі мен мерзімдеріне де байланысты болады. Дефолианттардың тиімді әсерлерінің шешуші факторлары – бұл ӛсімдіктің биологиялық жағдайы. Препараттарды қолдану кезеңінде әртүрлі мақта сорттары дефолиантттарға әртүрлі қуаттылық танытады, яғни жапырақтарының түсуі және кӛсектердің ашылуы әртүрлі болып келеді. Сондықтан да мақта сорттары химиялық препараттардың әсерлерін әртүрлі сезінеді. Мақта жапырағының ӛсіп жетілуінің ұзақтылығы, тұқымның сапасына сонымен қатар агротехникалық шаралардың қай сапада жүргізілуіне байланысты 43-тен-85 күнге дейін созылады. Мақта қозасы жапырақтарының саны вегетациялық кезеңнің соңында кӛпшілік жағдайларда кӛсектің ашылуына теріс әсерін тигізеді. Ӛсімдіктер жапырағы осы кезеңде ауру тудырғыш бактериялардың, мақта шірелерінің ұясы болуына жағдай жасайды. Мақта қозасының жапырақтарының қаулап ӛсуі ӛнімнің пісіп жетілуінің кешігуіне алып келеді, сонымен қатар кӛсектердің ашылуын бәсеңдетеді. Мақта алқаптарын ӛнім алды химиялық тәсілмен мақта қозасын жапырақсыздандыру-дефолиациялау, мақта зиянкестеріне қарсы күресте күз айларында және де келесі жылғы вегетациялық кезеңінде олардың азаюуына үлкен септігін тигізеді. Мақта қозасын дефолиациялау басқа да агротехникалық шаралармен тығыз байланыста болады. Мақта шаруашылығында механизациялық шаралардың ӛркенделуі мақта қозасын ӛңдеу жұмыстарын және шитті мақта ӛнімін жинау жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізілуін қамтамасыз етеді. Дегенмен мақта жапырақтары терім машиналарының бір қалыпты жұмыс істеуіне кері әсер етеді, сондықтан мақтаның ӛнім алды жапырағын түсіру жұмыстарын дер кезінде жүргізілуі қажет. Шитті-мақтаның ӛнімін қол теріммен жинап алу, кӛп еңбек сіңіруді керек етеді және де қымбатқа бағаланатын шаралардың бірі. Шитті мақта ӛнімін қол теріммен жинап алу, күздің соңғы күндеріне дейін созылуына, ӛнімнің және шитті-мақтаның сапасының тӛмендеуіне және күзгі-қысқы жұмыстар мерзімінің кешігуіне алып келеді. Сонымен шитті мақта ӛнімін барынша қысқа мерзім ішінде шашпай-тӛкпей, ысырапсыз жинап алу үшін қозаның жапырағын дер кезінде сапалы әрі біркелкі түсіре алатын қажетті дефолианттарды тиімді қолдануды керек етеді.
  • 5. Дефолиация жүргізудің оңтайлы мерзімін анықтауда қоза кӛсегінің ӛсіп- жетілуі мен күзгі ауа райының жағдайын ескере отырып таңдаудың маңызы зор. Қозаны тым ерте, алғашқы, қауашақтары әлі ашылмаған кезде дефолиациялау, ӛнімнің азаюуына және мақта талшығы сапасының тӛмендеуіне әкеліп соқтырады. Сондықтан дефолиацияны ӛз уақтысында жүргізу керек. Мақта қозасын дефолианттармен ӛңдеу, мақтаның бір бұтасында 2-3 немесе 3-4 кӛсек ашылғанда жүргізілуі қолайлы уақыт болып табылады. Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу иниституты ғалымдарының зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша, Мактаарал-4005 ортаталшықты мақта сортына сынақталған жаңа препараттардың ішінде Авгурон-0,5 л/га және Авгурон-экстра-0,2 л/га мӛлшерінде, мақта жапырағының түсуіне және кӛсектерінің ашылуына жоғары тиімділігін кӛрсетті. Кейінгі тиімді кӛрсеткіштері бойынша ұзақ жылдардан бері мақта шаруашылығында Дропп-ультра және Хлорат магния қолданысындағы дефолианттары болып есептеледі, сондай-ақ олар қазір де шаруа қожалықтары мен ұсақ шаруа қожалықтарында қолданып келуде. Дропп-ультра препараты 0,7 л/га мӛлшерінде 70,0 пайыз жапырақ түсуін, 21,7 пайыз кӛсек ашылу кӛрінісінде, ал Хлорат-магния препараты 12,0 кг/га мӛлшерінде 69,1 пайыз жапырақ түсуін және 23,4 пайыз кӛсек ашылуына ықпалды белсенділігін танытқан. Осы дефолианттар қолдану кезінде қоршаған ортаға және адамдар мен жануарларға кем әсерлі екендігін байқатқан. Қазіргі уақытта қозаны жапырағынан арылту үшін мынадай препараттар қолданылуда: Авгурон экстра – препараттық формасы суспензиялық концентрат, әсер еруші заты: тидиазурон (360 г/л) және диурон (180 г/л). Авгурон экстра мақта жапырақтарына ӛңделгеннен соң 12 сағаттың ішінде енеді. Препараттың әсерінің алғашқы белгілері (жапырақтардың түсінің ӛзгеруі және кейбір жапырақтардың түсуі) ӛңдеуден соң 2-4 күннен кейін байқала бастайды. Жапырақтар мақта сабағынан құрғақ емес кӛктей күйінде үзіліп түседі. Ӛсімдікте құрғақ жапырақтар болмайды, нәтижеде терім кезінде мақтаның ластануы байқалмайды. Авгурон экстра препаратының ең тиімді температура диапазоны 17 ден 33 0С аралығын құрайды. Магний хлораты - кристалды, түйіршікті сары түсті ұнтақ. Оның құрамында 58-66 пайыз магний хлораты, 30 пайызға жуығы натрий хлораты және аздаған мӛлшерде натрий хлоратының, хлорлы калийдің, магний сульфаты мен кальцийдің қоспасы бар. Магний хлораты суда жақсы ериді Ауа еркін келіп тұрса, одан ӛзіне ылғал тарта береді. Сондықтан оны құрғақ қоймаларда, ауа ӛткізбейтін ыдыста сақтау керек. Дропп Ультра - 1 литрінде 120 г. тидиазурон және 60 г диурон бар. Ерітіндіні жұмсау мӛлшері гектарына 150-200 литр. Онда 0,6-0,8 литр препарат ерітілген болуы керек. Химиялық препараттардың кӛпшілігі мақта ӛсімдігінің жапырағына бүрку арқылы себіледі.
  • 6. Барлық препаратгар жапыраққа жетісімен оның ӛзегіне енеді де, оларды бірте-бірте қуратады. Магний хлоратын қолданған кезде нәтиже бұдан да тез алынады. Жапырақтың түсуі ол себілгеннен кейін 3-5 күн ӛтісімен басталады. Жапырағы түскен соң қозаның кӛсектері алғашқы күндерден-ақ әдеттегіден 2 есе жылдам ашыла бастайды. Олардың негізгі бӛлігі дефолиант қолданбаған жағдайлармен салыстырғанда 10-15 күн бұрын ашылып бітеді. Ӛйткені жапырағынан арылған ӛсімдікке күн молынан түсіп, кӛсегі де, топырағы да жақсы қызады, қозалықтағы ауа да жылырақ әрі құрғағырақ болады. Күндізгі уақытта жапырақсыз қоза алқабындагы ауаның температурасы жапырақты қоза алқабына қарағанда 2,5-5,0 градусқа жоғары, ал ылғалдылығы 10-13 процент тӛмен болады. Мақта ӛсімдігін жапырағынан арылту оның пісуін тездетеді әрі аяз түскенге дейін терілетін шитті мақтаны гекгарына 2-6 центнерге дейін арттырады. Жапырақты түсіру мақтаның кӛптеген зиянкестерін (кӛсек құртын, карадринаны, ӛрмекші кенені және мақта битін) жоюға, олардың келер жылғы санын азайтуға септігін тигізеді, сондай-ақ кӛсекті саңырауқүлақ бактериясына және басқа да ауруларға ұшыраудан сақтайды. Қозаны магний хлоратымен ӛңдеу үшін ерітіндіні себер алдында дайындау керек. Қою ерітінді дайындау үшін 50 кг препаратты ыдысқа салып, оған жалпы кӛлемі 100 литр суды біртіндеп құя отырып, әбден араластырады. Оны қозалыққа себуге дайындау үшін қажетгі мӛлшерде су қосып сұйылтып отырады. Магний хлоратының қолданылу мӛлшері себу мерзіміне және ауаның температурасына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Қыркүйектің орта тұсына дейін оны гектарына 8-9 кг, ал айдың аяғында 10-12 кг есебінен жұмсайды. Дефолиация жүргізудің оңтайлы мерзімін қозаның кӛсегінің ӛсіп-жетілуі мен күзгі ауа райының жағдайын ескере отырып таңдаудың маңызы зор. Қозаны тым ерте, алғашқы, дұрыс піскен қауашақтары әлі ашылмаған кезде дефолиациялау ӛнімнің азаюына және мақта талшығы сапасының тӛмендеуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Тәуліктік орташа температура 15 градусқа дейін және одан да тӛмендеген кезде, кешіктіріліп жүргізілген дефолиация қоза жапырақтарын толық түсіре алмайды. Әдетте, бір мәрте дефолиациялау қозаны жапырақтан толық арылта коймайды, ӛйткені препарат ортаңғы және астыңғы бұтақтардың жапырақтарына жете бермейді. Сондықтан 10-12 күннен кейін препарат қайтадан себіледі. Күн салқындай түскен және қайта ӛңдеген кезде магний хлораты қолданылады, оның мӛлшері 20 пайызға және одан да кӛбірекке арттырылады. Кейде, ӛнімді жинар алдында, кӛсектердің ашылуын тездету мақсатымен, дефолиациямен қоса дессикация (қозалықты құрғату) жүргізіледі. Мұны дефолиациялаудан кейін қоза жапырағынан ойдағыдай арылмаған, немесе ӛсімдік ӛте күшті ӛсіп-дамыған әрі онда пісіп-жетілген, бірақ ашылмаған кӛсектер кӛп болған жағдайда жасайды.
  • 7. Қозаны құрғату (дессикация) оны магний хлоратымен ӛңдеу арқылы жүзеге асырылады. Магний хлоратының қою ерітіндісі мақтаны дефолиациялаған кездегідей жасалады, алайда себілетін ерітіндінің әсерлі затының мӛлшері жоғарылау етіледі. Магний хлоратының жұмсалар мӛлшері - 20-25 кг/га, немесе 40-50 л/га қою ерітінді. Дефолианттар мақта ӛнімінің пісіп-жетілуін тездетіп, ауа-райының ашық та қолайлы қысқа мерзімінде, жинап алуға үлкен мүмкіншілік тудырады. Мақта қозасын дефолиациялау, ауа температурасының тӛмендеуіне дейін қысқа мерзімде есеппен жүргізіліп, толығымен аяқталу керек. Ауа-райының орташа тәулік температурасы +14+15 градусқа дейін тӛмендеуі жапырақтардың түсуін баяулатады, сондықтан қозаны жапырақтан арылтуға ауаның тәуліктік орташа температурасы тым тӛмендеп кетпей тұрғанда кірісу керек. Жапырағы түскен соң қозаның кӛсектері алғашқы күндерден-ақ әдеттегіден 2 есе жылдам ашыла бастайды. Олардың негізгі бӛлігі дефолиант себілмегендегіге қарағанда 10-15 күн бұрын ашылып бітеді. Ӛйткені жапырағынан арылған ӛсімдікке күн молынан түсіп, кӛсегі де, топырағы да жақсы қызады, қозалықтағы ауа да жылырақ әрі құрғағырақ болады. Күндізгі уақытта жапырақсыз қоза алқабындағы ауаның температурасы жапырақты қоза алқабына қарағанда 2,5-5,0 градусқа жоғары, ал ылғалдылығы 10-13 пайызға тӛмендейді және де терілетін шиті мақтаны гектарына 5-6 центнерге дейін арттырады. Дефолиациялауға және дессикациялауға қолданылатын препараттардың бәрі де адамдар мен жануарлар үшін улы болып табылады. Олармен жұмыс істеген кезде сақтанудың барлық ережелерін қатаң ұстану қажет. Шитті мақтаны жинау Іріленген шаруашылықтардың кіші шаруа қожалықтарына бӛлініп кету салдарынан бүгінде ӛнімнің 95 пайызы қолмен жиналуда. Бұл жағдай ӛнім жинау науқанының созылып кетуіне, сонымен бірге мақтаның сапасының тӛмендеуіне алып келуде. Мұндай келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін агротехникалық шаралардың ішінде ең негізгісі болып есептелінетін ӛнім жинау науқанын жүйелі түрде жүргізген жӛн. Қолмен теруді мақта қозасының кӛсектерінің 45-50 пайызы немесе бір ӛсімдікте 5-6 кӛсек ашылғанда бастаған жӛн. Ал екінші терімді қалған кӛсектердің 40-45 пайызы ашылғанда тере отырып, үшіншісін 12 -15 күннен кейін бірінші суыққа дейін жүргізгенде жоғары тиімділікке қол жеткізіледі.
  • 8. Мақтаны қолмен жинау Мақта саласын механизациялаудың кешенді жүйесінің негізгі шараларының бірі бұл шитті мақтаны комбайндармен жинау. Бүгінгі таңда бұрынғы тік шпинділді комбайндардың орнына ӛнімділігі жоғары ӛзі жуатын кӛлденең шпинділді комбайндар кӛп шығарылуда. Бұл машиналардың жұмыс ӛнімділігі бұрынғыларға қарағанда 2-2,5 есе жоғары. Мақтаны машинамен жинау үшін мақта қозасының биіктігі 100 сантиметрден кем болмай, жатып қалмауын қамтамасыз ету керек. Егерде мақта қозасының 10 пайызы жатып қалса ӛнімнің 20 пайызға дейін ысырап болуы мүмкін. Кӛп жағдайға бұл азоттық қоректендіруді және суару жүйесін дұрыс қолданбағанда болады. Сондықтан суаруды топырақ түрін, жер асты суларының деңгейін есепке ала отырып, мақта қозасының даму кезеңіне сәйкестендіріп жүргізген дұрыс. Мақтаны машинамен жинау үшін алқаптарды алдын-ала дайындау, палдарды, оқарықтарды тегістеу керек. Мақта жинайтын машиналардың бұрылуы үшін әр алқаптың басы мен аяғынан ені 4-5 метрлік бұрылыс жолы алқабын дайындайды. Бұған бос жер жоқ алқаптардың екі шетінен ені кӛрсетілгендей етіп қозасын шабады. Шабар аддында оның ашылған мақтасын қолмен теріп алады. Шабылған қозаны қалған кӛсектері ашылған соң мақтасын алу үшін алқаптың шетіне жинап қояды. Терім машиналарының бункерінен мақтаны түсіріп алатын тіркемелер жетіспеген немесе жоқ болған жағдайда алқаптан алдын-ала алаңшалар (қырмандар) дайындау қажет. Машинамен теруге қозадағы кӛсектердің 50-60 проценті ашылған соң кіріскен жӛн. Терімді машинамен жинау үшін жоғарыда аталған дефолиантарды қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Шитті мақтаны сапалы және таза
  • 9. жинауда Америкада жасап шығарылған кӛлденең шпинділді ӛзі жуатын Jonn Deer комбайндары облыстың мақта плантацияларында қолдануды ұсынамыз. Мақтаны машинамен жинау Жер реформасының нәтижесінде ірі шаруа қожалықтарының егістік жерлері пай үлестеріне сәйкес ұсақ шаруа қожалықтарына бӛлініп берілген. Бұл шаруа қожалықтарының егістік жерлерінің басым кӛпшілігі 3-10 гектар кӛлемін құрайды. Ұсақ шаруа қожалықтарына шитті мақтаның ӛнімін жинауда жер кӛлемінің аз болуына байланысты ӛнімділігі жоғары комбаиндарды қолдану қымбатқа түсуде. Осыған байланысты республикада ӛндірілетін шитті мақтаның 90 пайызға жуығын қолмен теріп алынуда. Бұл ӛз кезегінде ӛнімнің ӛзіндік құнының жоғары болуына алып келуде. Сондықтан ұсақ шаруа қожалықтарына ірі үлкен агроқұрылымдарға бірігіп мақта қозасы ӛнімін комбайндермен жинауды ұсынамыз.