SlideShare a Scribd company logo
1 of 7
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ШЫМКЕНТ АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ірі қара малындағы желінсауды анықтау
Орындаушы: Ашірбеков Есімхан
Ғылыми жетекші: Абдуллаева Құралай
Шымкент-2017ж.
Аннотация
«Ірі қара малындағы желінсауды анықтау» тақырыбына жазылған ғылыми жұмыс 6
беттен тұрады. Бұл ғылыми жұмыста кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және ұсыныстар,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі және 1 кесте қарастырылған.
Кіріспе бөлімінде жасырын желінсау ауруының алдын алғанда, экономикаға
сонымен қатар, халықты азықпен және шикізатпен қамтамасыз етуде ең маңызды фактор
болып табылатындығы жайында айтылған.
Негізгі бөлімінде желінсау ауруларының анықтамасы, оның түрлері, желінсауды
анықтау тәсілдері, оның ішінде лабораториялық диагноз қою әдістері және сүт өнімін
арттыру жолдары қарастырылған.
Ірі қара малындағы желінсауды анықтау
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік сүт Федерациясының 1982 жылғы мәліметіне
сәйкес желінсау мәселесі жер бетіндегі көптеген мемлекеттердегі сүт өндіретін
шаруашылықтар үшін өте өзекті мәселе. Желінсаудан келетін экономикалық шығын
жалпы 12 позициядан тұрады, ал соның ішінде ең көп шығын келтіретін факторлар –
сиырлардың сүттілігінің төмендеуі мен сүт сапасының төмендеуі.
Желінсаумен күресте қазір белгілі бір жетістіктерге қол жеткен. Осылай, желінсаудың
балауы жетілдерілген және мамандар желінсауды емдеу мақсатында заман талаптарына
сай антимикробтық препараттар пайдаланады, сүт өндіретін шаруашылықтарға жаңа
технологиялар енгізілуде. Бірақ арнайы әдістердің шегі белгілі бір дәрежеге жетті.
Желінсаудан келетін экономикалық шығындар әлі жоғарғы деңгейде, мысалы АҚШ жыл
сайын 1,3 млрд. долларды құрайды, соның ішінде 81% - шығын, сүт өнімділігінің
төмендеуінен, 13 % - сүт сапасының төменеуінен және 4% - шығын, ауру жануарларды
емдеуден тұратын шығын.
Ғалымдардың пікірінше желінсаудың этиологиясының ең басты себептерінің бірі-
машинамен сауу технологиясының бұзылуы. Желінсаудан келетін экономикалық шығын
сиырлардың сүттілігінің төмендеуі, сиырларды уақытысынан бұрын пайдалануға
жарамсыз деп табу, бұзаулардың ауруларының жиілеп кетуі, сүттің сапасының төмендеуі
және сүттің технологиялық жарамсыз болуы. Ағылшын мамандарының есептеулері
бойынша желінсаумен ауырған сиыр өз лактациялық кезеңінде 450 кг сүтті кем береді
және ол қаржымен шаққанда бүкіл мемлекет көлемінде жыл сайын 300 млн. фунт
стерлингті құрайды.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары малшаруашылығы қайта жаңғырып,
жаңадан көптеген сүт өндіретін шаруашылықтар ашылып, немесе бұрынғы
шаруашылықтар жаңадан дами бастады.
Бүгінгі таңда малшаруашылығында сүт өнімділігін арттырудын негізгі жолдарының
бірі – сауынды сиырлардың сүттілігін көбейту. Бірақта бірден бір кедергі факторларының
бірі сиырдың желін безінің қабынуы, жарақаттануы, қабынбай өтетін аурулары мен малды
дұрыс бағып күтпеу.
Негізгі бөлім
Желінсау – дегеніміз желіннің қабынуы және ауру туғызатын себептерге қарсы
организмінің жауап беруі. Желінсау желін безіндегі ұлпаларда және секретіндегі
патологиялық өзгерістермен сипатталады. Бұл ауру малшаруашылығына орасан зор зиян
келтіреді, малдың сүт өнімділігі төмендеп, сүттің санитарлық, технологиялық тағамдық
сапасы бұзылады және сиырларды уақытынан бұрын шаруашылық істен шығаруға тура
келеді.
Желінсаудың себептері – желінсау қоршаған ортаның қалайсыз әсерінен болады.
Желінсауды тудыратын нақты және жиі кездесетін себептерді атап айтатын болсақ олар:
індет аурулары, организмнің улануы, әртүрлі жарақаттар, сауу ережелерінің бұзылуы
және сауу аппараттарының дұрыс пайдаланбауы.
Желінсаудың тікелей себептерінен басқа осы ауруға әкеп соқтыратын жағдайларды
да айтуға болады: азықтандыру ережелерінің бұзылуы, сиырлардың қорасының
антисанитарлық жағдайы, желіннің суыққа урынуы, малдың гиподинамиясы, организмнің
төзімділігінің төмендеуінен желін безіне микробтардың еніп дамуы.
Микроорганизмдердің дамуы немесе қабыну процессінің асқынуы желінсауға әкеп
соқтырады.
Желінсау түрлерінің жіктелуі
Профессор А.П.Студенцовтың кестесі бойынша қабыну процессінің сипатына қарай
желінсаудың келесі клиникалық түрлері кездеседі:
- серозды (сірлі)
- қатаралды а) сүт жалдарымен және цистерналардың катары
б) альвеолалар катары
- фибронозды
- ірінді а) ірінді – катаралды
б) желін абцесі
в) желін флегмонасы
- геморрагиялық
- тәнді(белгілі бір аурулардың салдарынан)
а) желін аусылы
б) желін туберкулезі
в) желін актиномикозы
- асқынған түрлері : а) желін индурациясы
б) желін гангренасы
Желінсауды анықтау
____________________________________________________
↓ ↓ ↓
Клиникалық Лабораториялық Экспресс
тексеру тексеру анықтау
↓ ↓ ↓
Қарау СБП арқылы ЖМИ- I,ЖЭАП
↓ ↓ ↓
Сипау Димастинмен Мастидинмен
тексеру тексеру
______________
↓
Егер ауру анықталса
↓
_________________________________________________________
↓ ↓
Бактериологиялық тексеру Тұндыру
және микрофлораның антибиотиктерге
сезімталдығын тексеру.
Ескерту: СБП – сүтті бақылау пластинкасы
ЖМИ- желінсаудың механикалық индикаторы
ЖЭАП- желінсаудың экспресс анықтау приборы
Желіннің әрбір бөлігінің консистенциясын, ауырсынуын, тығыздануын тканді жайлап
қысып көру арқылы анықтайды.
Қалыпты жағдайда желіннің терісі нәзік, oңaй қатпарланады, жылжымалы келеді, ал
паренхимасы серпімді бөлікті ткань ретінде сезіледі.
Емшектің арнасы мен цистернасын сұқ саусақ пен және бас бармақпен қысыңқылай
ұстап негізінен ұшынa қарай тексеріп шығады. Емшекті саусақтармен уқалай отырып
морфологиялық өзгерістермен сүт құмдарының бар-жоқтығын анықтайды.
Сипау арқылы желін үсті лимфа түйіндерінің мөлшерін, ойналмалығын,
констенциясын, ауырсынуын анықтайды. Қалыпты жағдайда олардың ұзындығы 7-8 см,
диаметрі 1 см, ойналмалы, ауырсынбайтын, консистенциясы серпімді келеді. Желінсау
кезінде желін үсті лимфа түйіндерінің мөлшері үлкейеді, ауырсынады, тығызданады,
ойналмалығы жоғалады.
Сауып көру арқылы емшек арнасы сфинктерінің кеңдігі немесе тарлығы, cүттің
мөлшері және сапасы анықталады.
Егер сүтте ісіктер байқалса желінсаудың бір белгісі деп есептеледі [3,6,9].
Желінсауды лабораториялық анықтау
Сүттің физикалық-химиялық, биологиялық өзгерістеріне, ондағы дене клеткаларының
көбеюіне (лейкоцидтер, шығару арналарының эпителоидті клеткалары) және
қоздырғыштардың бөлінуіне негізделген. Осы өзгерістерді анықтау үшін димастин,
мастидин сияқты диагностикалық препараттар Қолданылады, ал егер күмәнданған
жағдайда тұндыруды қoлдaнaды, керек болса бактериологиялық тексеру жүpгізеді
(аурудың қоздырғышын анықтап, антибиотиктерге сезімталдығын тeкcepy).
Клиникалық желінсауға күнделікті сауын кезінде тексерсе, жасырын желінсауға
(ешбір белгісіз) айына бір рет тексереді.
Сауылып жүрген сиырлардан тексеретін сүтті тек сауын біткен соң алады. Егер сиыр
жаңа сауылған болса, желінін сипап жіберу керек. Сауынға дейінгі немесе сауын кезінде
алынған сүт тексеруге жарамсыз.
Суалу кезінде сиырлаpды желінсауға екі рет тексереді: суала салып және бұзаулауға
10-15 күн қалғанда.
Суалып суалтуға қойған сиырлардың сүтінің түсін консистенциясын, тұнбасының бар
жоқтығын тексереді.
Суалып жүрген және суалуға қойған сиырлардың сүті қалыпты жағдайда сілтілі
болып келеді. Сондықтан желіннің әрбір бөлігінің сүтінің іріңі, іртігі, сасық иісі бар ма,
жоқ па екенін мұқият тексеріледі.
Суалу кезеңінің соңында барлық сиырларды желінсауға тексереді: ол үшін
димастиннің 5% немесе мастидиннің 10% ерітіндісі, тұндыру әдісі қолданылады.
Димастиннің 5% ерітіндісін дистилденген немесе қайнаған жылы суға дайындап
алады.
Пластинканың әрбір шұқырында желіннің осыған сәйкес бөлігінен 1 мл-ден сүт
сауылады да 1 мл дайындалған ерітінді тамызылады.
Алынған қопаны шыны таяқшамен 10-15 секунд кезекпен араластыру керек.
Реакцияны қопаның жалқаяқтануы мен түсінің өзгеруіне байланысты анықтайды.
Реакцияны жалақтануына байланысты былай оқуға болады.
Теріс реакция-біркелкі суық.
Күдікті реакция - жалқаяқтана бастауы, жалқыаяқтың орны байқалуы, егер шыны
таяқшамен былғағанда таяққа ілесе береді.
Түсіне қарай анықтау:
Тоқсары, тоқ-сарғьш-қызғылтым - сүттің қалыпты реакциясы(6.5-6,8) сары - сүттің
қышқылдығы apтуы (рН-6,5).
Қызыл - сүттің сілтілігінің артуы (рН-6,8).
Ашық қызыл малина түсті - өте сілтіленудің белгісі (рН-7,0).
Мастидиннің 10% ерітіндісімен тексеру әдісі
Сиырдың желінсауын сауылған сүтіне қарап анықтау үшін мастидиннің 10%
ерітіндісін қолданылады.
Реакцияны қолдануына жалқыаяқтануына қарай оқу тура димастин әдісіндегідей.
Сүттің рН-ын түсіне қарай анықтау
Ашық күлгін, түтін түстес – рН-ы қалыпты, аққа жақын қыщшқылдығы жоғары, қою
күлгін – сілтілігі жоғары.
Мал желінінің қай бөлігі зақымданғанын анықтау үшін 10% мастидинге күдікті және
оң реакция берген бөліктерін, қайталай 2% димастинмен тексереді.
Мастидиннің 2% ерітіндісін дайындау үшін мастидиннің 10% ерітіндісінен 100 мл.
алып оған 400 мл дистилденген су қосылады.
Сүттің реакциясын іртіктің пайда болуына және түсінің өзгеруіне қарап анықтайды.
Димастин және мастидин әдістерімен тексергенде сүттің жалқыаяқтануы негізгі, ал
түсінің өзгеруі қосымша анықтау белгісі болып табылады.
Тұндыру әдісімен анықтау
Сүтті димастин және мастидин әдістерімен нәтижесі күмәнді болса тұндыру әдісін
қолданады.
Сауымның соңын ала пробиркаға 10 мл сүт алып, ашып кетпеу үшін салқын жерге 16-
18 сағатқа тұндыруға қояды. Нәтижесін келесі күні күндіз анықтаған жөн.
Онда тұнбаның бар жоқтығына, көлеміне, кілегейдің мөлшеріне, сүттің түсіне көңіл
аударады.
Сау сиырдың ақшыл немесе көкшілдеу келеді, тұнбасы болмайды.
Ауру сиырдың сүті сылдыр су сияқты, кілегейі созылмалы, шырышты, іртікті болып
келеді.
Тұндыру әдісінің негізгі диагностикалық көрсеткіші сүтте тұнба пайда болу немесе
кілегейдің шырыштануы, іріктенуі. Бұндай сиырды желінсаумен ауырған деп бөлектеп
емдеу керек. желіннің ауырған бөлігінен сүтті жеке сауып, жойып жіберу керек.
Ал сау бөліктерінің сүтін емдеуіне байланысты нұсқаларға сәйкес жарамсыз деп табу
керек.
Бактериологиялық тексеру әдісі патогендік микрофлораның бар-жоқтығына және
олардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтауға негізделген.
Желінсаумен ayырғaн сиырлардың ауру бөліктерінен сүт алып, ем жасаудың алдында
малдәрігерлік лабораторияларға жібереді.
Сүт алу әдісі
Бактериологиялық тексеруге сүтті сауымның соңында асептикалық ережелерді сақтай
отырып алады. Ол үшін eмшeктepдi 70 проценттік этилді немесе денатуралді спиртке
батырылған мақтамен сүртіп стерильді пробиркаға 5-10 мл сүт сауып алынады.
Қорытынды
Мал дәрігері сүт үлгілерінің нәтижелерін тексере oтырып диагноз қояды, ал
микрофлораның антибиотиктерге сезімталдығын ескере отырып ем қолданады [3,6,9].
Желінсаудың алдын алу үшін:
Ұйымдастыру, зоотехникалық, мал дәрігерлік-санитарлық шаралардың негізі – сауу
ережелерін сақтау, малды дұрыс күтіп-бағу, дұрыс азықтандыру.
Бір жақты құрама жем, сүрлем, бұзылған, көгерген, үсіп кеткен азық, нитриті көп
жасыл азық беруге болмайды [4,6,7].
Қорыта айтқанда, шаруашылық бойынша айына бір рет желінсауға лабораториялық
зерттеу және клиникалық зерттеулер жүргізу керек. Шаруашылық бойынша сиыр
желінсауының алдын алу істерін үнемі жүргізу қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қалтаев Ш.Қ. Жоланов М.Н. Мал акушерлігі гинекологиясы және көбею
биотехнологисы. Талгар, 1996. 19-21 б.
2. Әшетов И.Қ. Есенов Ш.С. Қалтаев Ш.Қ. мал акушерлігі гинекологиясы
және көбею биотехнологиясы. Чапай 1994. 45-49 б.
3. Студенцов а.П. Шипилов В.С. под ред Никитина В.Я. ветеринарное
акушерство, гинекология и биотехника размножения. М: Колос-2000 97-100 б.
4. Шипилов В. С.,Зверева Г.В.,Родин И.И.,Никитин В.Я.»Практикум по акушерству,
гинекологии и искусственному осеменению сельскохозяйственных животных». М.
Агропромиздат. 1988. 54-56 б.
5. Ивашура А.И. Доильная система и состояние молочной железы коров: учебное пособие
для вузов / Ивашура А.И., М, Колос,1983.- 123с.
6. Ивашура А.И. «Гигиена производства молока: учебное пособие для вузов / Ивашура
А.И. Москва – Россельхозизу, 1984.-154с.
7. Ивашура А.И. Клиническая диагностика и лечению коров при маститах: учебное
пособие для вузов / Ивашура А.И., Гордоцов В.Ф. Рига, 1983.-156с.
8. Картошова В.М. Профилактика мастита в период сухостоя: статья / Картошова В.М.
Ветеринария 1984, №1
9. Картошова В.М , Оскамитный Н.К «Контроль состояния вымени у коров: статья /
Картошова В.М. Ветеринария 1985,№ 8

More Related Content

Viewers also liked

IRJET-Design and Analysis Of Shock Absorber
IRJET-Design and Analysis Of Shock AbsorberIRJET-Design and Analysis Of Shock Absorber
IRJET-Design and Analysis Of Shock AbsorberIRJET Journal
 
IRJET- Effective Demosaicking for Bayer Color Filter Arrays with Direction...
IRJET- 	  Effective Demosaicking for Bayer Color Filter Arrays with Direction...IRJET- 	  Effective Demosaicking for Bayer Color Filter Arrays with Direction...
IRJET- Effective Demosaicking for Bayer Color Filter Arrays with Direction...IRJET Journal
 
IRJET-Simulation of Smart Meter Using Proteus software for Smart Grid
IRJET-Simulation of Smart Meter Using Proteus software for Smart GridIRJET-Simulation of Smart Meter Using Proteus software for Smart Grid
IRJET-Simulation of Smart Meter Using Proteus software for Smart GridIRJET Journal
 
Ch.3 b.principles of organization
Ch.3 b.principles of organizationCh.3 b.principles of organization
Ch.3 b.principles of organizationjaydeep shirote
 
آموزش Sql
آموزش Sqlآموزش Sql
آموزش Sqlaminifar
 

Viewers also liked (7)

IRJET-Design and Analysis Of Shock Absorber
IRJET-Design and Analysis Of Shock AbsorberIRJET-Design and Analysis Of Shock Absorber
IRJET-Design and Analysis Of Shock Absorber
 
IRJET- Effective Demosaicking for Bayer Color Filter Arrays with Direction...
IRJET- 	  Effective Demosaicking for Bayer Color Filter Arrays with Direction...IRJET- 	  Effective Demosaicking for Bayer Color Filter Arrays with Direction...
IRJET- Effective Demosaicking for Bayer Color Filter Arrays with Direction...
 
IRJET-Simulation of Smart Meter Using Proteus software for Smart Grid
IRJET-Simulation of Smart Meter Using Proteus software for Smart GridIRJET-Simulation of Smart Meter Using Proteus software for Smart Grid
IRJET-Simulation of Smart Meter Using Proteus software for Smart Grid
 
Trek Miles
Trek MilesTrek Miles
Trek Miles
 
L4: Systematic Approach
L4: Systematic ApproachL4: Systematic Approach
L4: Systematic Approach
 
Ch.3 b.principles of organization
Ch.3 b.principles of organizationCh.3 b.principles of organization
Ch.3 b.principles of organization
 
آموزش Sql
آموزش Sqlآموزش Sql
آموزش Sql
 

Similar to ғылыми жұмыс

шығармашылық жұмыс
шығармашылық жұмысшығармашылық жұмыс
шығармашылық жұмысAsem Sarsembayeva
 
Ешкі сүті
Ешкі сүтіЕшкі сүті
Ешкі сүтіBilim All
 
хасанов санжар нирс 2017 руков жубантаева
хасанов санжар нирс 2017 руков жубантаевахасанов санжар нирс 2017 руков жубантаева
хасанов санжар нирс 2017 руков жубантаеваAsem Sarsembayeva
 
сиырды с__т __н¦мд¦л¦г¦. ашы__ жас о__ыт. мектеб¦. dok1
сиырды   с__т __н¦мд¦л¦г¦. ашы__ жас о__ыт. мектеб¦. dok1сиырды   с__т __н¦мд¦л¦г¦. ашы__ жас о__ыт. мектеб¦. dok1
сиырды с__т __н¦мд¦л¦г¦. ашы__ жас о__ыт. мектеб¦. dok1oquzaman
 

Similar to ғылыми жұмыс (6)

шығармашылық жұмыс
шығармашылық жұмысшығармашылық жұмыс
шығармашылық жұмыс
 
баяндама
баяндамабаяндама
баяндама
 
Ешкі сүті
Ешкі сүтіЕшкі сүті
Ешкі сүті
 
хасанов санжар нирс 2017 руков жубантаева
хасанов санжар нирс 2017 руков жубантаевахасанов санжар нирс 2017 руков жубантаева
хасанов санжар нирс 2017 руков жубантаева
 
кан1 — копия
кан1 — копиякан1 — копия
кан1 — копия
 
сиырды с__т __н¦мд¦л¦г¦. ашы__ жас о__ыт. мектеб¦. dok1
сиырды   с__т __н¦мд¦л¦г¦. ашы__ жас о__ыт. мектеб¦. dok1сиырды   с__т __н¦мд¦л¦г¦. ашы__ жас о__ыт. мектеб¦. dok1
сиырды с__т __н¦мд¦л¦г¦. ашы__ жас о__ыт. мектеб¦. dok1
 

ғылыми жұмыс

  • 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ШЫМКЕНТ АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС Тақырыбы: Ірі қара малындағы желінсауды анықтау Орындаушы: Ашірбеков Есімхан Ғылыми жетекші: Абдуллаева Құралай Шымкент-2017ж.
  • 2. Аннотация «Ірі қара малындағы желінсауды анықтау» тақырыбына жазылған ғылыми жұмыс 6 беттен тұрады. Бұл ғылыми жұмыста кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және ұсыныстар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және 1 кесте қарастырылған. Кіріспе бөлімінде жасырын желінсау ауруының алдын алғанда, экономикаға сонымен қатар, халықты азықпен және шикізатпен қамтамасыз етуде ең маңызды фактор болып табылатындығы жайында айтылған. Негізгі бөлімінде желінсау ауруларының анықтамасы, оның түрлері, желінсауды анықтау тәсілдері, оның ішінде лабораториялық диагноз қою әдістері және сүт өнімін арттыру жолдары қарастырылған.
  • 3. Ірі қара малындағы желінсауды анықтау Кіріспе Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік сүт Федерациясының 1982 жылғы мәліметіне сәйкес желінсау мәселесі жер бетіндегі көптеген мемлекеттердегі сүт өндіретін шаруашылықтар үшін өте өзекті мәселе. Желінсаудан келетін экономикалық шығын жалпы 12 позициядан тұрады, ал соның ішінде ең көп шығын келтіретін факторлар – сиырлардың сүттілігінің төмендеуі мен сүт сапасының төмендеуі. Желінсаумен күресте қазір белгілі бір жетістіктерге қол жеткен. Осылай, желінсаудың балауы жетілдерілген және мамандар желінсауды емдеу мақсатында заман талаптарына сай антимикробтық препараттар пайдаланады, сүт өндіретін шаруашылықтарға жаңа технологиялар енгізілуде. Бірақ арнайы әдістердің шегі белгілі бір дәрежеге жетті. Желінсаудан келетін экономикалық шығындар әлі жоғарғы деңгейде, мысалы АҚШ жыл сайын 1,3 млрд. долларды құрайды, соның ішінде 81% - шығын, сүт өнімділігінің төмендеуінен, 13 % - сүт сапасының төменеуінен және 4% - шығын, ауру жануарларды емдеуден тұратын шығын. Ғалымдардың пікірінше желінсаудың этиологиясының ең басты себептерінің бірі- машинамен сауу технологиясының бұзылуы. Желінсаудан келетін экономикалық шығын сиырлардың сүттілігінің төмендеуі, сиырларды уақытысынан бұрын пайдалануға жарамсыз деп табу, бұзаулардың ауруларының жиілеп кетуі, сүттің сапасының төмендеуі және сүттің технологиялық жарамсыз болуы. Ағылшын мамандарының есептеулері бойынша желінсаумен ауырған сиыр өз лактациялық кезеңінде 450 кг сүтті кем береді және ол қаржымен шаққанда бүкіл мемлекет көлемінде жыл сайын 300 млн. фунт стерлингті құрайды. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары малшаруашылығы қайта жаңғырып, жаңадан көптеген сүт өндіретін шаруашылықтар ашылып, немесе бұрынғы шаруашылықтар жаңадан дами бастады. Бүгінгі таңда малшаруашылығында сүт өнімділігін арттырудын негізгі жолдарының бірі – сауынды сиырлардың сүттілігін көбейту. Бірақта бірден бір кедергі факторларының бірі сиырдың желін безінің қабынуы, жарақаттануы, қабынбай өтетін аурулары мен малды дұрыс бағып күтпеу. Негізгі бөлім Желінсау – дегеніміз желіннің қабынуы және ауру туғызатын себептерге қарсы организмінің жауап беруі. Желінсау желін безіндегі ұлпаларда және секретіндегі патологиялық өзгерістермен сипатталады. Бұл ауру малшаруашылығына орасан зор зиян келтіреді, малдың сүт өнімділігі төмендеп, сүттің санитарлық, технологиялық тағамдық сапасы бұзылады және сиырларды уақытынан бұрын шаруашылық істен шығаруға тура келеді. Желінсаудың себептері – желінсау қоршаған ортаның қалайсыз әсерінен болады. Желінсауды тудыратын нақты және жиі кездесетін себептерді атап айтатын болсақ олар: індет аурулары, организмнің улануы, әртүрлі жарақаттар, сауу ережелерінің бұзылуы және сауу аппараттарының дұрыс пайдаланбауы. Желінсаудың тікелей себептерінен басқа осы ауруға әкеп соқтыратын жағдайларды да айтуға болады: азықтандыру ережелерінің бұзылуы, сиырлардың қорасының антисанитарлық жағдайы, желіннің суыққа урынуы, малдың гиподинамиясы, организмнің төзімділігінің төмендеуінен желін безіне микробтардың еніп дамуы. Микроорганизмдердің дамуы немесе қабыну процессінің асқынуы желінсауға әкеп соқтырады.
  • 4. Желінсау түрлерінің жіктелуі Профессор А.П.Студенцовтың кестесі бойынша қабыну процессінің сипатына қарай желінсаудың келесі клиникалық түрлері кездеседі: - серозды (сірлі) - қатаралды а) сүт жалдарымен және цистерналардың катары б) альвеолалар катары - фибронозды - ірінді а) ірінді – катаралды б) желін абцесі в) желін флегмонасы - геморрагиялық - тәнді(белгілі бір аурулардың салдарынан) а) желін аусылы б) желін туберкулезі в) желін актиномикозы - асқынған түрлері : а) желін индурациясы б) желін гангренасы Желінсауды анықтау ____________________________________________________ ↓ ↓ ↓ Клиникалық Лабораториялық Экспресс тексеру тексеру анықтау ↓ ↓ ↓ Қарау СБП арқылы ЖМИ- I,ЖЭАП ↓ ↓ ↓ Сипау Димастинмен Мастидинмен тексеру тексеру ______________ ↓ Егер ауру анықталса ↓ _________________________________________________________ ↓ ↓ Бактериологиялық тексеру Тұндыру және микрофлораның антибиотиктерге сезімталдығын тексеру. Ескерту: СБП – сүтті бақылау пластинкасы ЖМИ- желінсаудың механикалық индикаторы ЖЭАП- желінсаудың экспресс анықтау приборы Желіннің әрбір бөлігінің консистенциясын, ауырсынуын, тығыздануын тканді жайлап қысып көру арқылы анықтайды. Қалыпты жағдайда желіннің терісі нәзік, oңaй қатпарланады, жылжымалы келеді, ал паренхимасы серпімді бөлікті ткань ретінде сезіледі.
  • 5. Емшектің арнасы мен цистернасын сұқ саусақ пен және бас бармақпен қысыңқылай ұстап негізінен ұшынa қарай тексеріп шығады. Емшекті саусақтармен уқалай отырып морфологиялық өзгерістермен сүт құмдарының бар-жоқтығын анықтайды. Сипау арқылы желін үсті лимфа түйіндерінің мөлшерін, ойналмалығын, констенциясын, ауырсынуын анықтайды. Қалыпты жағдайда олардың ұзындығы 7-8 см, диаметрі 1 см, ойналмалы, ауырсынбайтын, консистенциясы серпімді келеді. Желінсау кезінде желін үсті лимфа түйіндерінің мөлшері үлкейеді, ауырсынады, тығызданады, ойналмалығы жоғалады. Сауып көру арқылы емшек арнасы сфинктерінің кеңдігі немесе тарлығы, cүттің мөлшері және сапасы анықталады. Егер сүтте ісіктер байқалса желінсаудың бір белгісі деп есептеледі [3,6,9]. Желінсауды лабораториялық анықтау Сүттің физикалық-химиялық, биологиялық өзгерістеріне, ондағы дене клеткаларының көбеюіне (лейкоцидтер, шығару арналарының эпителоидті клеткалары) және қоздырғыштардың бөлінуіне негізделген. Осы өзгерістерді анықтау үшін димастин, мастидин сияқты диагностикалық препараттар Қолданылады, ал егер күмәнданған жағдайда тұндыруды қoлдaнaды, керек болса бактериологиялық тексеру жүpгізеді (аурудың қоздырғышын анықтап, антибиотиктерге сезімталдығын тeкcepy). Клиникалық желінсауға күнделікті сауын кезінде тексерсе, жасырын желінсауға (ешбір белгісіз) айына бір рет тексереді. Сауылып жүрген сиырлардан тексеретін сүтті тек сауын біткен соң алады. Егер сиыр жаңа сауылған болса, желінін сипап жіберу керек. Сауынға дейінгі немесе сауын кезінде алынған сүт тексеруге жарамсыз. Суалу кезінде сиырлаpды желінсауға екі рет тексереді: суала салып және бұзаулауға 10-15 күн қалғанда. Суалып суалтуға қойған сиырлардың сүтінің түсін консистенциясын, тұнбасының бар жоқтығын тексереді. Суалып жүрген және суалуға қойған сиырлардың сүті қалыпты жағдайда сілтілі болып келеді. Сондықтан желіннің әрбір бөлігінің сүтінің іріңі, іртігі, сасық иісі бар ма, жоқ па екенін мұқият тексеріледі. Суалу кезеңінің соңында барлық сиырларды желінсауға тексереді: ол үшін димастиннің 5% немесе мастидиннің 10% ерітіндісі, тұндыру әдісі қолданылады. Димастиннің 5% ерітіндісін дистилденген немесе қайнаған жылы суға дайындап алады. Пластинканың әрбір шұқырында желіннің осыған сәйкес бөлігінен 1 мл-ден сүт сауылады да 1 мл дайындалған ерітінді тамызылады. Алынған қопаны шыны таяқшамен 10-15 секунд кезекпен араластыру керек. Реакцияны қопаның жалқаяқтануы мен түсінің өзгеруіне байланысты анықтайды. Реакцияны жалақтануына байланысты былай оқуға болады. Теріс реакция-біркелкі суық. Күдікті реакция - жалқаяқтана бастауы, жалқыаяқтың орны байқалуы, егер шыны таяқшамен былғағанда таяққа ілесе береді. Түсіне қарай анықтау: Тоқсары, тоқ-сарғьш-қызғылтым - сүттің қалыпты реакциясы(6.5-6,8) сары - сүттің қышқылдығы apтуы (рН-6,5). Қызыл - сүттің сілтілігінің артуы (рН-6,8). Ашық қызыл малина түсті - өте сілтіленудің белгісі (рН-7,0). Мастидиннің 10% ерітіндісімен тексеру әдісі Сиырдың желінсауын сауылған сүтіне қарап анықтау үшін мастидиннің 10% ерітіндісін қолданылады.
  • 6. Реакцияны қолдануына жалқыаяқтануына қарай оқу тура димастин әдісіндегідей. Сүттің рН-ын түсіне қарай анықтау Ашық күлгін, түтін түстес – рН-ы қалыпты, аққа жақын қыщшқылдығы жоғары, қою күлгін – сілтілігі жоғары. Мал желінінің қай бөлігі зақымданғанын анықтау үшін 10% мастидинге күдікті және оң реакция берген бөліктерін, қайталай 2% димастинмен тексереді. Мастидиннің 2% ерітіндісін дайындау үшін мастидиннің 10% ерітіндісінен 100 мл. алып оған 400 мл дистилденген су қосылады. Сүттің реакциясын іртіктің пайда болуына және түсінің өзгеруіне қарап анықтайды. Димастин және мастидин әдістерімен тексергенде сүттің жалқыаяқтануы негізгі, ал түсінің өзгеруі қосымша анықтау белгісі болып табылады. Тұндыру әдісімен анықтау Сүтті димастин және мастидин әдістерімен нәтижесі күмәнді болса тұндыру әдісін қолданады. Сауымның соңын ала пробиркаға 10 мл сүт алып, ашып кетпеу үшін салқын жерге 16- 18 сағатқа тұндыруға қояды. Нәтижесін келесі күні күндіз анықтаған жөн. Онда тұнбаның бар жоқтығына, көлеміне, кілегейдің мөлшеріне, сүттің түсіне көңіл аударады. Сау сиырдың ақшыл немесе көкшілдеу келеді, тұнбасы болмайды. Ауру сиырдың сүті сылдыр су сияқты, кілегейі созылмалы, шырышты, іртікті болып келеді. Тұндыру әдісінің негізгі диагностикалық көрсеткіші сүтте тұнба пайда болу немесе кілегейдің шырыштануы, іріктенуі. Бұндай сиырды желінсаумен ауырған деп бөлектеп емдеу керек. желіннің ауырған бөлігінен сүтті жеке сауып, жойып жіберу керек. Ал сау бөліктерінің сүтін емдеуіне байланысты нұсқаларға сәйкес жарамсыз деп табу керек. Бактериологиялық тексеру әдісі патогендік микрофлораның бар-жоқтығына және олардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтауға негізделген. Желінсаумен ayырғaн сиырлардың ауру бөліктерінен сүт алып, ем жасаудың алдында малдәрігерлік лабораторияларға жібереді. Сүт алу әдісі Бактериологиялық тексеруге сүтті сауымның соңында асептикалық ережелерді сақтай отырып алады. Ол үшін eмшeктepдi 70 проценттік этилді немесе денатуралді спиртке батырылған мақтамен сүртіп стерильді пробиркаға 5-10 мл сүт сауып алынады. Қорытынды Мал дәрігері сүт үлгілерінің нәтижелерін тексере oтырып диагноз қояды, ал микрофлораның антибиотиктерге сезімталдығын ескере отырып ем қолданады [3,6,9]. Желінсаудың алдын алу үшін: Ұйымдастыру, зоотехникалық, мал дәрігерлік-санитарлық шаралардың негізі – сауу ережелерін сақтау, малды дұрыс күтіп-бағу, дұрыс азықтандыру. Бір жақты құрама жем, сүрлем, бұзылған, көгерген, үсіп кеткен азық, нитриті көп жасыл азық беруге болмайды [4,6,7]. Қорыта айтқанда, шаруашылық бойынша айына бір рет желінсауға лабораториялық зерттеу және клиникалық зерттеулер жүргізу керек. Шаруашылық бойынша сиыр желінсауының алдын алу істерін үнемі жүргізу қажет.
  • 7. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1. Қалтаев Ш.Қ. Жоланов М.Н. Мал акушерлігі гинекологиясы және көбею биотехнологисы. Талгар, 1996. 19-21 б. 2. Әшетов И.Қ. Есенов Ш.С. Қалтаев Ш.Қ. мал акушерлігі гинекологиясы және көбею биотехнологиясы. Чапай 1994. 45-49 б. 3. Студенцов а.П. Шипилов В.С. под ред Никитина В.Я. ветеринарное акушерство, гинекология и биотехника размножения. М: Колос-2000 97-100 б. 4. Шипилов В. С.,Зверева Г.В.,Родин И.И.,Никитин В.Я.»Практикум по акушерству, гинекологии и искусственному осеменению сельскохозяйственных животных». М. Агропромиздат. 1988. 54-56 б. 5. Ивашура А.И. Доильная система и состояние молочной железы коров: учебное пособие для вузов / Ивашура А.И., М, Колос,1983.- 123с. 6. Ивашура А.И. «Гигиена производства молока: учебное пособие для вузов / Ивашура А.И. Москва – Россельхозизу, 1984.-154с. 7. Ивашура А.И. Клиническая диагностика и лечению коров при маститах: учебное пособие для вузов / Ивашура А.И., Гордоцов В.Ф. Рига, 1983.-156с. 8. Картошова В.М. Профилактика мастита в период сухостоя: статья / Картошова В.М. Ветеринария 1984, №1 9. Картошова В.М , Оскамитный Н.К «Контроль состояния вымени у коров: статья / Картошова В.М. Ветеринария 1985,№ 8