SlideShare a Scribd company logo
1 of 5
Download to read offline
Тақырыбы: "Қазақтың дəсүрлі ойын-сауық мəдениеті"
5B020400 — "Мəдениеттану“ мамандығы
Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым министрлігі
Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия жəне саясаттану факультеті
Мəдениеттану жəне дінтану кафедрасы
Орындаған: 2 курс студенті Ержанова Аружан
Өндірістік тəжірибе жетекшісі: Есболова Мөлдір
Жоспар:
Кіріспе
Қазақтың ұлттық ойындары – халқымыздың мəдени
асыл мұрасы
1.1 Ақсүйек
1.2Бəйге
1.3 Көкпар
1.4Қазақша күрес
1.5 Асық ойындары
1.6 Қыз қуу
1.7 Алтыбақан
Қорытынды
Кіріспе
Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға
жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нəрсе. Қай
халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен əлеуметтік-
психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан халық арасында
қалыптасқан ойындар туралы сипаттамалық жинақтар, деректер жəне құжаттардұрыс
зерттеу мен талдауды қажет етеді.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тəрбие беру -
қазіргі міндеттердің бірі.
Жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық
қатынасын тəрбиелеу мақсатын халқымыздың мəдени рухани мұрасының, салт-
дəстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады.
Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын
арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.
Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-əрекетіне
еліктейді.Соның нəтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет
түрлерін жаңғыртады. Мəселен, қазақтың ұлттық ойындарын айтатын болсам: «Бəйге»,
«Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ», «Алтыбақан»,
«Қазақша күрес», «Теңге алу», «Арқан тарту» жəне тағы басқа коптеген ойындар
балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.
«Ақсүйек» деп аталатын ойын сиырдың сүйегін пайдаланады. Ақсүйек -
қазақ халқының ежелгі ойыны. Бұл ойын түнде, жылы мезгілде,
жарық ай жарқырап тұрған кезде ойналды. Бұл ойын командалық
ойын, оған оннан астам адам қатысады. Ойынға қатысушылар екі
командаға бөлінеді. Əрі қарай, сүйекті лақтыратын адам таңдалады.
Осыдан кейін ол сүйектерді мүмкіндігінше домалайды. Сүйек жерге
түскеннен кейін оны іздей бастайды. Егер бір адам сүйек тапса, онда
ол сүйекті өз командасына береді. Əрі қарай сүйекті ойынға
қатысушылар таңдаған арнайы орынға əкелу керек.
Сүйегі бар команда ойыншылары эстафеталық жарыстағыдай, оны
мүмкіндігінше тезірек мəреге жеткізу үшін досына бере бастайды.
Олардың қарсыластары сүйекті тартып алмақшы. Сүйекті белгіленген
жерге жеткізген топ жеңімпаз болады. Жеңілген команда «жаза»
ретінде жеңімпаздарды əндерімен жəне билерімен қуантуы керек. Бұл
ойын шапшаңдық пен тапқырлыққа үйретеді. Сонымен қатар, тез
шешім қабылдауға жəне қараңғыда жол табуға үйретеді.
Қазақтың ұлттық ойындары – халқымыздың мəдени асыл мұрасы
1.1 Ақсүйек
Ақсүйек - тек жастар ойнайтын ойын. Ойын барысында олар бір-бірімен көңілді жəне
əзілдеседі. Ойын көңілді жəне аз спорттық мəнерде ойналады, өйткені ол спорттық
емес, көңіл көтереді. Əуесқойлар үшін бұл ойын бір-біріне деген сүйіспеншілікті
жариялаудың жақсы тəсілі, өйткені бұл ойын жастардың жабық кездесуімен астасып
жатыр.
1.2 Бəйге
Бəйге - ұлттық спорт ойындарының бір түрі. Ат спортының бұл түрі
түркі тектес басқа халықтарда да бар. Мысалы, Бəйге өзбектерде
“пайга”, қырғыздарда “чабыш” деп аталады. Кейбір деректер бойынша,
15 ғ-дың 70-жылдарында Керей мен Жəнібек сұлтандар Қазақ хандығын
құрғанда , Шу өзенінің жағасында , Тұлпарсаз деген жерде бəйге
ұйымдастырылған. Осы кезден бастап Бəйге қазақ халқының алқалы
жиындарының ажырамас құрамдас бөлігіне айналған болатын.
Бұрын бəйгеге қосылған аттар түстік, күндік жерге, ұзақ
қашықтықтарға шабатын. 1957 жылы Қазақстанда қабылданған ереже
бойынша құнан бəйге 1200, 1500, 1600, 1800, 2000 м, дөнен бəйге 2400,
3000, 3200, 4000, 4800 м, ат бəйгесі 5000, 8000, 10000 м қашықтықтарда
өткізіледі. Көбінесе, қашықтық төрешілер алқасының шешімі
бойынша бəйге алаң айналымының ұзындығына байланысты белгіленіп
отырған.
Бəйгеге мал дəрігерінің қарауынан өткен аттар жіберіледі. Жарысқа
қатысушылардың кеудесіне жəне арқасына нөмірлер тағылады;
шабандоз жеңіл, ыңғайлы, белгісі бар ұлттық киім киеді. Аттың ер-
тұрманында, шабандоздың киімінде адам жарақаттанатындай заттар
болмауы тиіс. Бəйгеге қатысушы атын оздыру үшін өзі білетін, ережеде
рұқсат етілген тəсілдердің бəрін қолдануына болады. Ал қатарласып
келе жатқан атқа қамшысын тигізуге немесе қамшысын үйіріп басқа
аттарды жасқауға, айқайлауға, ысқыруға, жарыс жолынан шығып кетуге,
оның айналмаларынан төтелеп өтуге болмайды. 1-ші орын мəреге
атының тұмсығы бірінші іліккен шабандозға, қалған орын аттардың
келу ретіне қарай беріледі. Қазақ халқы Бəйге аттарын ерекше күтімге
алған. Құлагер, Ақбақай, Маңмаңгер сияқты сəйгүліктерді əн-жырға
қосқан. Топтан озған тұлпарлар туралы халқымыздың ауыз
əдебиетінде, эпостық жырларында, мақал-мəтелдерінде көп айтылып
отырады.
1.3 Көкпар
● Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойын атауының шығу
тегіне байланысты бірнеше нұсқалар бар: “көк бөрі” немесе "көк бөрте". Тағы
бір нұсқасында "көкпар" сөзіндегі "пар" бөлшегі паршалау, пəрелеу деген
сөздерден шыққандығы айтылады.
Дəстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке
терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 20-30кг-дай келеді. Басқа малдың терісі
жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды.
Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі.
Ол қырғыз тілінде "көк бөрү", “улак тартыш”, тəжік тілінде “бузкаши” деп аталады.
Көкпар тарту сияқты ұлттық ат спорты ойындары басқа да Шығыс елдерінде де
бар. Ауғанстанда кең тараған бузавиш ойыны Көкпарға өте ұқсас. Сондай-
ақ, Аргентина халқының да Көкпарға ұқсас ат спорты ойыны болған.
Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде
мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар – аттың қалай бапталып
үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай жəне дода тартыс болып
екіге бөлінеді. Жаппай тартыста əркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода
тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде марта тарту деп те атайды.
1.4 Қазақша күрес
Қазақ күресі — қазақтың ұлттық күресі. Қазақ күресі
қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазіргі Қазақстанда бұл
жекпе-жек өнер үлкен сұранысқа ие, ал қазақ күресі бойынша
жарыстар мерекелер мен салтанаттарда жүргізіледі.
● 1938 жылдан бері республикалық жарыстар бағдарламасына
кіреді. 2016 жылы ЮНЕСКО, толеранттылық, ізгі ниет жəне
ынтымақтастыққа принциптеріне негізделген қауымдарды
арасындағы қатынастарды нығайтуға əсерін атап өте
отырып, қазақша күресті адамзаттың материалдық емес мəдени
мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізді.
Күрестің ұлттық түрі «қазақ күресінің» даму тарихы қазақ
халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып
жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің
сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен
балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына
айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының
тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың
əлемдік элитасының қатарына кірді.
●
«Қазақша күрес» бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы
спартакиада аясында өткен. Сол сəттен бастап жарыс дəстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты
өткізіліп келеді. Ірі Халықаралық турнирлер 1952 жəне 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының
қатысуымен өткізілді. Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін
алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін
болды.
1.5 Асық ойындары
● Асық ойындары — Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.Ұлттық
ойындары көбінесе əр халықтың əлеуметтік-экономикалық жағдайларына,
шаруашылың мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық
ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал
шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған
икемделеді. Əсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой
асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының
ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны
баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дəлдікке, ұстамдылыққа,
байсалдылыққа тəрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік,
шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де
көздеген мақсатынан шыға бермейді. Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген
кəріге дейін ойнайтын түрлері болған.
1.6 Қыз қуу
Қыз қуар — (Кейде қыз қуу деп те аталуы мүмкін) Мерекелерде өткізілетін ат үстіндегі
спорттық мəні бар ойындардың бірі. Қыз қуарға бір қыз, бір жігітті көз көрім жерге атпен жібереді.
Барғанша жігіт қызбен əзілдесіп барады. Қайтарда Жігіт озуға тырысады, ал қыз жігітті қамшымен
шықпыртуға тырысады. Ереже бойынша қыз жетсе, қамшының астына алуға хақылы. Жігіт тек тез
қашуды жəне қамшы тигізбеуді көздейді. Көп жағыдайларда қыз қуып жетсе жігітке қамшы тигізбей,
жай басынан қамшы үйіреді. Бұл жігіт үшін намысты жағдай. Егер жігітке ызаланса аямауы мүмкін.
Бұл ойынды бір-бірін ұнататындар да, былайғы боз балалар да еркін ойнауы мүмкін. Ол əрі ат
үстіндегі мəдение дене тəрбие.
Қыз қуар Қазақстанда, Қырғызстанда ойналатын ұлттық ат ойыны тобына жатады. Мерекеден басқа, бұл
ойын бұрын үйлену тойларында өткізілген. Əрине, ежелгі нұсқасы қазір ережеге түсіп, бəлгілі бір
тəртіппен өтізілу қолға алынды, бірақ негізгі нəрселер өзгерген жоқ. Ойынның негізгі көздегені
жігіттердің намысын шыңдау, ат үстіндегі өнерін, қабілетін арттыру, жақсы ат баптау. Мықты жігіттер
жақсы ат баптайды, ат үстінде де өте жақсы отырады, демек ол қыздан таяқ жей қоймайды. Ал,
болбыр жігіттер ат үстінде дұрыс отыра алмайды, аты да шабан болуы мүмкін, демек ол қыздың
қамшысына қалады.
1.7 Алтыбақан
Алтыбақан — қазақ жастарының ежелден келе жатқан кешкілік бас қосып, əн айтып,
домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып айтысып, бір-бірімен əзілдесіп көңіл көтеретін ойын-
сауығы.
Тымық кеште, айлы түнде, ауыл сыртында ойналады. Алтыбақан құру үшін 6 бақан немесе 6 сырық,
үш арқан керек. Бақандарды үш-үштен бір басын буып, аралығын үш-төрт метр етіп, мосы
тəріздендіріп орнатады да жоғары жағы сырықпен жалғастырылады. Бақандардың жоғарғы
ашаларына екеуі жоғарырақ, бірі төмен етіліп үш арқан тартылады. Жоғарғы екеуі отыруға немесе
бел сүйеуге арналады, төменгі арқанға табан тіреледі. Қыз бен жігіт қарама-қарсы орналасып, бел
арқанның екі жақтауынан бекем ұстап, үшінші адамның демеуімен тербетіледі.
Тербелушілер қосылып əн бастайды да оған тамашалаушылар қосылып, думандатып əкетеді. Бел,
табан арқандарының орнына соңғы кезде жеңіл тақтайлар қолданылып жүр. Алтыбақан ойыны
ежелгі көшпелі елдің бəріне кең таралған. Отырықшы халықтарда ол əткеншек деп те
аталады. Алтыбақаннан айырмасы ол тұрақты орнатылады жəне жалғыз адамға арналады.
Алтыбақанның қажетті заттары – тез құрастырылып, жиналатын үймүліктері. Ойын көпшілікке
арналған. Жастарды əріптес таңдауға, ептілікке, тапқырлыққа, өнерлілікке бейімдейді.
Алтыбақан көріністері театр өнерінде халықтың ұлттық тұрмыс ерекшеліктерін көрсету, сахнаны
əсерлендіру тұрғысында да лайықты орын алды.
Қазір де үлкен тойларда алтыбақан құрылады.
1.8 Арқан тарту
Арқан тарту — ұлттық ойын.
Бұл ойынды ойнау үшін, алдымен бес-алты ойыншы тартқанда үзілмейтін арқан жəне
үлкен адамның алақаны көлеміндей екі тақтай дайындап алу қажет. Ол
тақтайлардың ортасынан арқан өтетіндей етіп теседі. Енді қарды жентектеп,
аққалаға ұқсатып үйеді де, оның орта шенінен таяқпен тесіп, əлгі арқанды өткізеді.
Содан кейін тақтайіпанын, екеуін арқанның екі ұшына кигізеді де, таяқшаларды
аққалаға екі-үш қарыстай таңап қалғанда тоқтатады да, тақтайшалар аққалаға
тірелгенде кейін сырғып кетпес үшін арқанды түйеді. Бəрі дайын болған соң,
балалар екі топқа бөлінеді де, арқанды екі жаққа тартады. Аққала қалай құласа, сол
топ жеңіп шыққан болады. Жеңілген топ аққаланы қайта жасайды. Ойын қайта
басталады. Ойын ойынға қатынасушылардың күш-қуатын дамытуға, таза ауада дем
алып, еңбектенуге үйретеді.
Қорытынды:
Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына
аса зор мəн берген. Нəтижесінде дəстүрлі бала тəрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып,
дамытып отырған. Қазақ халқы- ұлт ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты тағы басқа
қуаты молдылығын, білек күшін дененің сомданып шынығуын қажет етеді.
Сонымен бірге, бұл ойындар əділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Өйткені, ойынға
қатыспай тұрып-ақ оған күн ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді. Мысалы, бəйгені алайық.
Ол үшін алдымен бəйгеге қатысатын атты таңдап алады. Ол атты баптап, бағып-күтуге тура келеді, оның ішетін
суы мен жейтін жеміне дейін белгілі бір мөлшерге келтіреді. Сондықтан, қазақтың ұлттық ойындары сауықтық
жағынан ғана емес, ол-спорт, ол- өнер, ол- шаруашылық тəжірибелік маңызы бар тəрбие құралы.
Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын табақ ату жəне тағы басқалары
спорттық сипатпен бірге үлкен тəжірибелік маңызға да ие болды.
Көшпелі қазақтардың өмір-салты денсаулыққа аса зор мəн берген. Атқа міну өнері жас баланы сезімі мен денесін
жаттықтырудың басты жəне ортақ дəстүріне айналды. Бозбала да, қыз бала да жастайынан аттың құлағында
ойнауға бейімделді, соған тырысты.
Ойын-сауық тəжірибе мен тəсілдің еркіндігі, тапқырлық пен болжамның қиылысатын шебі, мұрат пен меженің
тоғысқан шеңбері. Жарыссыз ойын, ойынсыз əзіл-қалжың бола берді. Ойын-сауық қара күш көрсететін
озбырлық немесе біреудің намысын жыртатын қастандық емес. Ой өтімділігі мен сөз өткірлігі, шеберлер өз
мəртебесін мойындатып жатады. Ойын серіктесті таба білуге, онымен тіл табысуға үйретеді. Ойында адам
қарсыласының олқы жəне оң жақтарып дұрыс анықтауға ерекше мəн береді. Оның күш қабілетін тура бағалау
ережесіне енеді. Халқымызда қозғалмалы ойындардың түрі кең таралған.
Ұлтымыздың тұғыры мықты болуында ұлттық ойындардың ұмытылмай ойналып тұруы да өз үлесін қоспақ.
Қазақтың ұлттық ойындары.pdf

More Related Content

Similar to Қазақтың ұлттық ойындары.pdf

Similar to Қазақтың ұлттық ойындары.pdf (8)

акме хандар туралы
акме хандар туралыакме хандар туралы
акме хандар туралы
 
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындарҰлттық ойындар
Ұлттық ойындар
 
ұлттық ойын
ұлттық ойынұлттық ойын
ұлттық ойын
 
қозыкүрен1
қозыкүрен1қозыкүрен1
қозыкүрен1
 
қозыкүрен1
қозыкүрен1қозыкүрен1
қозыкүрен1
 
к¦тапша математика
к¦тапша математикак¦тапша математика
к¦тапша математика
 
ххі ғасыр көшбасшысы
ххі ғасыр көшбасшысыххі ғасыр көшбасшысы
ххі ғасыр көшбасшысы
 
2.жарыс ашық сабаққ утегенова
2.жарыс ашық сабаққ утегенова2.жарыс ашық сабаққ утегенова
2.жарыс ашық сабаққ утегенова
 

Қазақтың ұлттық ойындары.pdf

  • 1. Тақырыбы: "Қазақтың дəсүрлі ойын-сауық мəдениеті" 5B020400 — "Мəдениеттану“ мамандығы Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым министрлігі Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Философия жəне саясаттану факультеті Мəдениеттану жəне дінтану кафедрасы Орындаған: 2 курс студенті Ержанова Аружан Өндірістік тəжірибе жетекшісі: Есболова Мөлдір Жоспар: Кіріспе Қазақтың ұлттық ойындары – халқымыздың мəдени асыл мұрасы 1.1 Ақсүйек 1.2Бəйге 1.3 Көкпар 1.4Қазақша күрес 1.5 Асық ойындары 1.6 Қыз қуу 1.7 Алтыбақан Қорытынды Кіріспе Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нəрсе. Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен əлеуметтік- психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан халық арасында қалыптасқан ойындар туралы сипаттамалық жинақтар, деректер жəне құжаттардұрыс зерттеу мен талдауды қажет етеді. Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тəрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі. Жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын тəрбиелеу мақсатын халқымыздың мəдени рухани мұрасының, салт- дəстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-əрекетіне еліктейді.Соның нəтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мəселен, қазақтың ұлттық ойындарын айтатын болсам: «Бəйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ», «Алтыбақан», «Қазақша күрес», «Теңге алу», «Арқан тарту» жəне тағы басқа коптеген ойындар балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.
  • 2. «Ақсүйек» деп аталатын ойын сиырдың сүйегін пайдаланады. Ақсүйек - қазақ халқының ежелгі ойыны. Бұл ойын түнде, жылы мезгілде, жарық ай жарқырап тұрған кезде ойналды. Бұл ойын командалық ойын, оған оннан астам адам қатысады. Ойынға қатысушылар екі командаға бөлінеді. Əрі қарай, сүйекті лақтыратын адам таңдалады. Осыдан кейін ол сүйектерді мүмкіндігінше домалайды. Сүйек жерге түскеннен кейін оны іздей бастайды. Егер бір адам сүйек тапса, онда ол сүйекті өз командасына береді. Əрі қарай сүйекті ойынға қатысушылар таңдаған арнайы орынға əкелу керек. Сүйегі бар команда ойыншылары эстафеталық жарыстағыдай, оны мүмкіндігінше тезірек мəреге жеткізу үшін досына бере бастайды. Олардың қарсыластары сүйекті тартып алмақшы. Сүйекті белгіленген жерге жеткізген топ жеңімпаз болады. Жеңілген команда «жаза» ретінде жеңімпаздарды əндерімен жəне билерімен қуантуы керек. Бұл ойын шапшаңдық пен тапқырлыққа үйретеді. Сонымен қатар, тез шешім қабылдауға жəне қараңғыда жол табуға үйретеді. Қазақтың ұлттық ойындары – халқымыздың мəдени асыл мұрасы 1.1 Ақсүйек Ақсүйек - тек жастар ойнайтын ойын. Ойын барысында олар бір-бірімен көңілді жəне əзілдеседі. Ойын көңілді жəне аз спорттық мəнерде ойналады, өйткені ол спорттық емес, көңіл көтереді. Əуесқойлар үшін бұл ойын бір-біріне деген сүйіспеншілікті жариялаудың жақсы тəсілі, өйткені бұл ойын жастардың жабық кездесуімен астасып жатыр. 1.2 Бəйге Бəйге - ұлттық спорт ойындарының бір түрі. Ат спортының бұл түрі түркі тектес басқа халықтарда да бар. Мысалы, Бəйге өзбектерде “пайга”, қырғыздарда “чабыш” деп аталады. Кейбір деректер бойынша, 15 ғ-дың 70-жылдарында Керей мен Жəнібек сұлтандар Қазақ хандығын құрғанда , Шу өзенінің жағасында , Тұлпарсаз деген жерде бəйге ұйымдастырылған. Осы кезден бастап Бəйге қазақ халқының алқалы жиындарының ажырамас құрамдас бөлігіне айналған болатын. Бұрын бəйгеге қосылған аттар түстік, күндік жерге, ұзақ қашықтықтарға шабатын. 1957 жылы Қазақстанда қабылданған ереже бойынша құнан бəйге 1200, 1500, 1600, 1800, 2000 м, дөнен бəйге 2400, 3000, 3200, 4000, 4800 м, ат бəйгесі 5000, 8000, 10000 м қашықтықтарда өткізіледі. Көбінесе, қашықтық төрешілер алқасының шешімі бойынша бəйге алаң айналымының ұзындығына байланысты белгіленіп отырған. Бəйгеге мал дəрігерінің қарауынан өткен аттар жіберіледі. Жарысқа қатысушылардың кеудесіне жəне арқасына нөмірлер тағылады; шабандоз жеңіл, ыңғайлы, белгісі бар ұлттық киім киеді. Аттың ер- тұрманында, шабандоздың киімінде адам жарақаттанатындай заттар болмауы тиіс. Бəйгеге қатысушы атын оздыру үшін өзі білетін, ережеде рұқсат етілген тəсілдердің бəрін қолдануына болады. Ал қатарласып келе жатқан атқа қамшысын тигізуге немесе қамшысын үйіріп басқа аттарды жасқауға, айқайлауға, ысқыруға, жарыс жолынан шығып кетуге, оның айналмаларынан төтелеп өтуге болмайды. 1-ші орын мəреге атының тұмсығы бірінші іліккен шабандозға, қалған орын аттардың келу ретіне қарай беріледі. Қазақ халқы Бəйге аттарын ерекше күтімге алған. Құлагер, Ақбақай, Маңмаңгер сияқты сəйгүліктерді əн-жырға қосқан. Топтан озған тұлпарлар туралы халқымыздың ауыз əдебиетінде, эпостық жырларында, мақал-мəтелдерінде көп айтылып отырады. 1.3 Көкпар ● Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойын атауының шығу тегіне байланысты бірнеше нұсқалар бар: “көк бөрі” немесе "көк бөрте". Тағы бір нұсқасында "көкпар" сөзіндегі "пар" бөлшегі паршалау, пəрелеу деген сөздерден шыққандығы айтылады. Дəстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 20-30кг-дай келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды. Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Ол қырғыз тілінде "көк бөрү", “улак тартыш”, тəжік тілінде “бузкаши” деп аталады. Көкпар тарту сияқты ұлттық ат спорты ойындары басқа да Шығыс елдерінде де бар. Ауғанстанда кең тараған бузавиш ойыны Көкпарға өте ұқсас. Сондай- ақ, Аргентина халқының да Көкпарға ұқсас ат спорты ойыны болған. Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай жəне дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста əркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде марта тарту деп те атайды.
  • 3. 1.4 Қазақша күрес Қазақ күресі — қазақтың ұлттық күресі. Қазақ күресі қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазіргі Қазақстанда бұл жекпе-жек өнер үлкен сұранысқа ие, ал қазақ күресі бойынша жарыстар мерекелер мен салтанаттарда жүргізіледі. ● 1938 жылдан бері республикалық жарыстар бағдарламасына кіреді. 2016 жылы ЮНЕСКО, толеранттылық, ізгі ниет жəне ынтымақтастыққа принциптеріне негізделген қауымдарды арасындағы қатынастарды нығайтуға əсерін атап өте отырып, қазақша күресті адамзаттың материалдық емес мəдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізді. Күрестің ұлттық түрі «қазақ күресінің» даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың əлемдік элитасының қатарына кірді. ● «Қазақша күрес» бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сəттен бастап жарыс дəстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді. Ірі Халықаралық турнирлер 1952 жəне 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді. Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды. 1.5 Асық ойындары ● Асық ойындары — Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.Ұлттық ойындары көбінесе əр халықтың əлеуметтік-экономикалық жағдайларына, шаруашылың мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Əсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дəлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тəрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді. Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген кəріге дейін ойнайтын түрлері болған. 1.6 Қыз қуу Қыз қуар — (Кейде қыз қуу деп те аталуы мүмкін) Мерекелерде өткізілетін ат үстіндегі спорттық мəні бар ойындардың бірі. Қыз қуарға бір қыз, бір жігітті көз көрім жерге атпен жібереді. Барғанша жігіт қызбен əзілдесіп барады. Қайтарда Жігіт озуға тырысады, ал қыз жігітті қамшымен шықпыртуға тырысады. Ереже бойынша қыз жетсе, қамшының астына алуға хақылы. Жігіт тек тез қашуды жəне қамшы тигізбеуді көздейді. Көп жағыдайларда қыз қуып жетсе жігітке қамшы тигізбей, жай басынан қамшы үйіреді. Бұл жігіт үшін намысты жағдай. Егер жігітке ызаланса аямауы мүмкін. Бұл ойынды бір-бірін ұнататындар да, былайғы боз балалар да еркін ойнауы мүмкін. Ол əрі ат үстіндегі мəдение дене тəрбие. Қыз қуар Қазақстанда, Қырғызстанда ойналатын ұлттық ат ойыны тобына жатады. Мерекеден басқа, бұл ойын бұрын үйлену тойларында өткізілген. Əрине, ежелгі нұсқасы қазір ережеге түсіп, бəлгілі бір тəртіппен өтізілу қолға алынды, бірақ негізгі нəрселер өзгерген жоқ. Ойынның негізгі көздегені жігіттердің намысын шыңдау, ат үстіндегі өнерін, қабілетін арттыру, жақсы ат баптау. Мықты жігіттер жақсы ат баптайды, ат үстінде де өте жақсы отырады, демек ол қыздан таяқ жей қоймайды. Ал, болбыр жігіттер ат үстінде дұрыс отыра алмайды, аты да шабан болуы мүмкін, демек ол қыздың қамшысына қалады.
  • 4. 1.7 Алтыбақан Алтыбақан — қазақ жастарының ежелден келе жатқан кешкілік бас қосып, əн айтып, домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып айтысып, бір-бірімен əзілдесіп көңіл көтеретін ойын- сауығы. Тымық кеште, айлы түнде, ауыл сыртында ойналады. Алтыбақан құру үшін 6 бақан немесе 6 сырық, үш арқан керек. Бақандарды үш-үштен бір басын буып, аралығын үш-төрт метр етіп, мосы тəріздендіріп орнатады да жоғары жағы сырықпен жалғастырылады. Бақандардың жоғарғы ашаларына екеуі жоғарырақ, бірі төмен етіліп үш арқан тартылады. Жоғарғы екеуі отыруға немесе бел сүйеуге арналады, төменгі арқанға табан тіреледі. Қыз бен жігіт қарама-қарсы орналасып, бел арқанның екі жақтауынан бекем ұстап, үшінші адамның демеуімен тербетіледі. Тербелушілер қосылып əн бастайды да оған тамашалаушылар қосылып, думандатып əкетеді. Бел, табан арқандарының орнына соңғы кезде жеңіл тақтайлар қолданылып жүр. Алтыбақан ойыны ежелгі көшпелі елдің бəріне кең таралған. Отырықшы халықтарда ол əткеншек деп те аталады. Алтыбақаннан айырмасы ол тұрақты орнатылады жəне жалғыз адамға арналады. Алтыбақанның қажетті заттары – тез құрастырылып, жиналатын үймүліктері. Ойын көпшілікке арналған. Жастарды əріптес таңдауға, ептілікке, тапқырлыққа, өнерлілікке бейімдейді. Алтыбақан көріністері театр өнерінде халықтың ұлттық тұрмыс ерекшеліктерін көрсету, сахнаны əсерлендіру тұрғысында да лайықты орын алды. Қазір де үлкен тойларда алтыбақан құрылады. 1.8 Арқан тарту Арқан тарту — ұлттық ойын. Бұл ойынды ойнау үшін, алдымен бес-алты ойыншы тартқанда үзілмейтін арқан жəне үлкен адамның алақаны көлеміндей екі тақтай дайындап алу қажет. Ол тақтайлардың ортасынан арқан өтетіндей етіп теседі. Енді қарды жентектеп, аққалаға ұқсатып үйеді де, оның орта шенінен таяқпен тесіп, əлгі арқанды өткізеді. Содан кейін тақтайіпанын, екеуін арқанның екі ұшына кигізеді де, таяқшаларды аққалаға екі-үш қарыстай таңап қалғанда тоқтатады да, тақтайшалар аққалаға тірелгенде кейін сырғып кетпес үшін арқанды түйеді. Бəрі дайын болған соң, балалар екі топқа бөлінеді де, арқанды екі жаққа тартады. Аққала қалай құласа, сол топ жеңіп шыққан болады. Жеңілген топ аққаланы қайта жасайды. Ойын қайта басталады. Ойын ойынға қатынасушылардың күш-қуатын дамытуға, таза ауада дем алып, еңбектенуге үйретеді. Қорытынды: Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мəн берген. Нəтижесінде дəстүрлі бала тəрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған. Қазақ халқы- ұлт ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты тағы басқа қуаты молдылығын, білек күшін дененің сомданып шынығуын қажет етеді. Сонымен бірге, бұл ойындар əділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Өйткені, ойынға қатыспай тұрып-ақ оған күн ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді. Мысалы, бəйгені алайық. Ол үшін алдымен бəйгеге қатысатын атты таңдап алады. Ол атты баптап, бағып-күтуге тура келеді, оның ішетін суы мен жейтін жеміне дейін белгілі бір мөлшерге келтіреді. Сондықтан, қазақтың ұлттық ойындары сауықтық жағынан ғана емес, ол-спорт, ол- өнер, ол- шаруашылық тəжірибелік маңызы бар тəрбие құралы. Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын табақ ату жəне тағы басқалары спорттық сипатпен бірге үлкен тəжірибелік маңызға да ие болды. Көшпелі қазақтардың өмір-салты денсаулыққа аса зор мəн берген. Атқа міну өнері жас баланы сезімі мен денесін жаттықтырудың басты жəне ортақ дəстүріне айналды. Бозбала да, қыз бала да жастайынан аттың құлағында ойнауға бейімделді, соған тырысты. Ойын-сауық тəжірибе мен тəсілдің еркіндігі, тапқырлық пен болжамның қиылысатын шебі, мұрат пен меженің тоғысқан шеңбері. Жарыссыз ойын, ойынсыз əзіл-қалжың бола берді. Ойын-сауық қара күш көрсететін озбырлық немесе біреудің намысын жыртатын қастандық емес. Ой өтімділігі мен сөз өткірлігі, шеберлер өз мəртебесін мойындатып жатады. Ойын серіктесті таба білуге, онымен тіл табысуға үйретеді. Ойында адам қарсыласының олқы жəне оң жақтарып дұрыс анықтауға ерекше мəн береді. Оның күш қабілетін тура бағалау ережесіне енеді. Халқымызда қозғалмалы ойындардың түрі кең таралған. Ұлтымыздың тұғыры мықты болуында ұлттық ойындардың ұмытылмай ойналып тұруы да өз үлесін қоспақ.