SlideShare a Scribd company logo
1 of 10
Тайжанова Ләйлім Сабытайқызы, магистр, аға оқытушы
Тақырып 6. Көшіру шаралары және
оларды ұйымдастыру
Тіршілік қауіпсіздігінің
негіздері және еңбекті
қорғау
1.Көшірудің жалпы принциптері, мәні мен әдістері
2. Көшіру органдары, құрылымдары мен міндеттері
3.Бейбіт және соғыс уақытында ТЖ көшіру шараларын жоспарлау және
жүргізу
Дәріс мақсаты:
- ТЖ кезінде халықты көшірудің мәнін, әдістерін игере отырып, көшіру
органдары, олардың құрылымдары мен міндеттері туралы түсінік қалыптастыру;
- бейбіт және соғыс уақытында көшіру шараларын ұйымдастыруда дәріс
барысында алынған мәлімет негізінде білімін, дағдаысын көрсету және
ұйымдастырылған шараны жоспарлауда және оларды жүргізуде белсенділік
танытуға студенттерді баулу.
1.Көшірудің жалпы принциптері, мәні мен әдістері
Көшіру шаралары зілзалаға, апаттарға душар болуы мүмкін аудандардан,
зақымдану аумақтарынан халықты алдын ала әкету мақсатында, тұрғындарды,
жұмысшылар мен қызметшілерді табиғи және техногендік төтенше жағдайлар
кезіндегі, сондай-ақ осы зақымдау құралдары қолданылған кезінде қорғау тәсілі
ретіндегі негізгі әдісі болып табылады.
Көшіру шаралары мынаны қамтиды:
- көшіру – төтенше жағдайлар аймағымен және осы заманғы зақымдау
құралдары қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың өмірін және
өндірістің жұмыс істеуін сақтау мақсатында халық пен материалдардың
құндылықтарды ұйымшылдықпен әкету.
- қоныстандыру – бұл соғыс уақыты жағдайында қалаларында жұмысын
жалғастыратын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін (олардың
отбасы мүшелерін) қала сыртындағы аймаққа ұйымшылдықпен апару және
орналастыру. Қаладағы ұйымдарда тек ауысымда жұмыс істеушілер ғана
қалады, ал қалған жұмысшылар мен қызметшілер қала сыртындағы аймаққа
орналастырылады.
Қауіпсіз аймақ – бұл ықтимал қирау, радиоактивті ластану және химиялық
зақымдану, сондай-ақ шекаралаық аудандардан тыс апатты су аймағынан
тысқары көшірілетін халықты орналастыру және оларды қажетті тіршілік көзімен
қамсыздандыру үшін даярланған аумақ.
Көшірудің негізгі принциптері:
- көшірілуге тиіс халықтың барлық санытын барынша қамту;
- көшіру шараларын өндірістік принцип пен тұрғылықты жері бойынша жүргізу;
- көшіру шараларын мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізу
- көшіру шараларын жүргізу кезінде көліктің барлық түрлерін олардың белгіленген
жұмыс режимін бұзбай пайдалану, сондай-ақ жеке көлікті пайдалану;
- орналастыру, қоныстандыру орындарын дер кезінде даярлау;
- көшірілетін халықты жолда орналастыру орындарында тіршілік көзімен
қамсыздандыру;
- өз қызметін жалғастыратын объектілерді үздіксіз және тұрақты жұмыспен
қамтамасыз ету.
Бытыраңқы орналастыру – соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп
отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған
қалалардан, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа ораналастыру.
Халықты көшіру сабақтас тәсілмен – халықты жаяу немесе көлікті барлық түрімен
көп мөлшерде әкетуді үйлестіру жолымен жүзеге асырылады.
Көшіру туралы ақпарат
келіп түскен жағдайда!
1. сабырлықты сақтаңыз
2. құқық қорғау органдарының
нұсқаулықтарын орындаңыз
3. нақты, асығыстықсыз және әбігерсіз
ғимараттан шығыңыз
4. киініп, бөгеліп қалған әріптестеріңізге
көмектесеңіз
5. газды, суды, электр қуатын сөндіріңіз
6. ғимараттан алысырақ болыңыз
7. шыққан адамдарды түгендеңіз
2. Көшіру органдары, құрылымдары мен міндеттері
Халықты бытыраңқы орналастыру мен көшіруді жоспаралауды және өткізуді
тікелей жүзеге асыру үшін көшіру органдар құрылады, олар тиісті АҚ бастықтары
АҚ бастықтары шешімдерімен құралады. Өз уақытында көшіру комиссиялары,
көшіру-қабылдау комиссиялары, жиналу-көшіру пункттері құрылады. Көшіру
органдарымен қатар көшіру мәселесін жылдам шешу үшін көлікке отырғызу,
қозғалыс пен адамдарды түсірудің бастапқы нүктелері жабдықталады.
Құрылымдар
аралық көшіру
пунктері
көшіру-жиналу
пункттері
көшіру
комиссиялар
көшіру-қабылдау
комиссиялары
көшіру-қабылдау
пункттері
3. Бейбіт және соғыс уақытында ТЖ көшіру шараларын
жоспарлау және жүргізу
Көшіру шараларын жоспарлау тігінен жүргізіледі: республика-облыс-қала, аудан-
кәсіпорын.
Халықты бытыраңқы орналастыру мен көшіруді жоспарлауды жергілікті атқару
органдарының, Азаматтық қорғаныстың, АҚ қызметтерінің, барлық деңгейдегі
көшіру мен қабылдау комисиялары жүргізеді.
Жоспарлау үшін негізгі бастапқы мәліметтер:
- қалалар мен қауіпсіз аймақта тұратын, жұмылдыру қағазы бар және ҚР Қарулы
күштеріне шақыруға жататын халықтың саны;
- қалаларда өз қызметін жалғастыратын объектілердің тізбесі, сонда жұмыс
істейтін ауысымдарды, жұмысшыларды, қызметшілерді және олардың
отбасыларының мүшесін көрсету;
- қауіпсіз аймақта өз қызметін жалғастыратын объектілердің тізбесі, онда
жұмысшылар, қызметшілер, отбасы мүшелерін көрсету;
- студенттер, оқушылар, балалар санын, сондай-ақ оқытушылар құрамы мен
қызмет көсетуші қызметшілер саны көрсетілген жоғары және орта арнаулы оқу
орындарының, кәсіптік-техникалық училищелерінің, жалпы білім беретін
мектептердің, мектеп интернаттарының, бала-бақшалардың және ведомстволық
балалар мекемелерінің саны;
- халықты орналастыратын аудандарда қорғаныс құрылыстарының (паналар,
радиацияға қарсы баспаханалар, тау-кен орны), сондай-ақ сумен қамтамасыз
ету көздерінің болуы;
- көшіру тасымалдауға тартылатын көліктің мүмкіндігі;
- жол торабы, оның жай-күйі мен босату қабілеті;
- халықты жаяу тәртіппен көшіру үшін маршруттардың болуы және іс жүзінде
пайдалану мүмкіндігі;
- бытыраңқы орналастыру мен көшіру туралы халыққа хабарлауға, сондай-ақ
көшіру шараларды басқаруға араналған байланыс құралдары мен жүйелер;
- халықты бытыраңқы орналастыру мен көшіруді жүргізуге әсер ететін жергілікті
жағдайлар мен маусымдық климаттық ерекшеліктер.
Көшірілетін азаматтардың кезегін анықтау және оларды орналастырудың нақты жоспарын
анықтау үшін көшірілетіндер үш топқа бөлінеді:
Бірінші топ:
соғыс кезінде қалада өз жұмысын тоқтатпайтын, сондай-ақ оның тіршілікке қабілетін
қаматамасыз ететін ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасының
мүшелері;
Екінші топ:
соғыс кезінде өз қызметін қауіпсіз аймаққа көшіруші ұйымдардың жұмысшылары, олардың
отбасы мүшелері; министрліктер мен департаменттердің орталық аппараттарының
қызметкерлері; соғыс уақытында өз қызметін тоқтататын ұйымдардың жұмысшылары мен
қызметшілері, олардың отбасы мүшелері.
Үшінші топ:
жоғары оқу орындарының студенттері, орта арнаулы оқу орындарының, кәсіптік-
техникалық училищелерінің оқушылары мен қызметкерлері, мектеп-интернаттардың
оқушылары, балалар үйлері мен арнаулы балалар мекемелерінде тәрбиеленушілер мен
қызмет көрсетуші құрам; мүгедектер мен қарттар үйіндегі зейнеткерлер, қызмет көрсетуші
песонал; жалғыз басты зейнеткерлер, жұмыссыздар коммерциялық құрылымдардың
жеке кәсіпорындардың және өзге мемлекеттік емес мекемелер мен фирмалардың
қызметкерлері.

More Related Content

More from ssuserde63af

More from ssuserde63af (20)

слайд 13.2.pptx
слайд 13.2.pptxслайд 13.2.pptx
слайд 13.2.pptx
 
слайд 13.1.pptx
слайд 13.1.pptxслайд 13.1.pptx
слайд 13.1.pptx
 
слайд 12.1.pptx
слайд 12.1.pptxслайд 12.1.pptx
слайд 12.1.pptx
 
слайд 11.2.pptx
слайд 11.2.pptxслайд 11.2.pptx
слайд 11.2.pptx
 
слайд 11.1.pptx
слайд 11.1.pptxслайд 11.1.pptx
слайд 11.1.pptx
 
слайд 10.3.pptx
слайд 10.3.pptxслайд 10.3.pptx
слайд 10.3.pptx
 
слайд 10.2.pptx
слайд 10.2.pptxслайд 10.2.pptx
слайд 10.2.pptx
 
слайд 10.1.pptx
слайд 10.1.pptxслайд 10.1.pptx
слайд 10.1.pptx
 
слайд 9.2.pptx
слайд 9.2.pptxслайд 9.2.pptx
слайд 9.2.pptx
 
слайд 9.1.pptx
слайд 9.1.pptxслайд 9.1.pptx
слайд 9.1.pptx
 
слайд 8.1.pptx
слайд 8.1.pptxслайд 8.1.pptx
слайд 8.1.pptx
 
слайд 7.2.pptx
слайд 7.2.pptxслайд 7.2.pptx
слайд 7.2.pptx
 
слайд 7.1.pptx
слайд 7.1.pptxслайд 7.1.pptx
слайд 7.1.pptx
 
слайд 6.1.pptx
слайд 6.1.pptxслайд 6.1.pptx
слайд 6.1.pptx
 
слайд 5.1.pptx
слайд 5.1.pptxслайд 5.1.pptx
слайд 5.1.pptx
 
слайд 4.1.pptx
слайд 4.1.pptxслайд 4.1.pptx
слайд 4.1.pptx
 
слайд 3.1.pptx
слайд 3.1.pptxслайд 3.1.pptx
слайд 3.1.pptx
 
слайд 2.1.pptx
слайд 2.1.pptxслайд 2.1.pptx
слайд 2.1.pptx
 
слайд 1.2.pptx
слайд 1.2.pptxслайд 1.2.pptx
слайд 1.2.pptx
 
слайд 1.1.pptx
слайд 1.1.pptxслайд 1.1.pptx
слайд 1.1.pptx
 

Слайды к лекции 6.pptx

  • 1. Тайжанова Ләйлім Сабытайқызы, магистр, аға оқытушы Тақырып 6. Көшіру шаралары және оларды ұйымдастыру Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері және еңбекті қорғау
  • 2. 1.Көшірудің жалпы принциптері, мәні мен әдістері 2. Көшіру органдары, құрылымдары мен міндеттері 3.Бейбіт және соғыс уақытында ТЖ көшіру шараларын жоспарлау және жүргізу Дәріс мақсаты: - ТЖ кезінде халықты көшірудің мәнін, әдістерін игере отырып, көшіру органдары, олардың құрылымдары мен міндеттері туралы түсінік қалыптастыру; - бейбіт және соғыс уақытында көшіру шараларын ұйымдастыруда дәріс барысында алынған мәлімет негізінде білімін, дағдаысын көрсету және ұйымдастырылған шараны жоспарлауда және оларды жүргізуде белсенділік танытуға студенттерді баулу.
  • 3. 1.Көшірудің жалпы принциптері, мәні мен әдістері Көшіру шаралары зілзалаға, апаттарға душар болуы мүмкін аудандардан, зақымдану аумақтарынан халықты алдын ала әкету мақсатында, тұрғындарды, жұмысшылар мен қызметшілерді табиғи және техногендік төтенше жағдайлар кезіндегі, сондай-ақ осы зақымдау құралдары қолданылған кезінде қорғау тәсілі ретіндегі негізгі әдісі болып табылады. Көшіру шаралары мынаны қамтиды: - көшіру – төтенше жағдайлар аймағымен және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың өмірін және өндірістің жұмыс істеуін сақтау мақсатында халық пен материалдардың құндылықтарды ұйымшылдықпен әкету. - қоныстандыру – бұл соғыс уақыты жағдайында қалаларында жұмысын жалғастыратын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін (олардың отбасы мүшелерін) қала сыртындағы аймаққа ұйымшылдықпен апару және орналастыру. Қаладағы ұйымдарда тек ауысымда жұмыс істеушілер ғана қалады, ал қалған жұмысшылар мен қызметшілер қала сыртындағы аймаққа орналастырылады.
  • 4. Қауіпсіз аймақ – бұл ықтимал қирау, радиоактивті ластану және химиялық зақымдану, сондай-ақ шекаралаық аудандардан тыс апатты су аймағынан тысқары көшірілетін халықты орналастыру және оларды қажетті тіршілік көзімен қамсыздандыру үшін даярланған аумақ. Көшірудің негізгі принциптері: - көшірілуге тиіс халықтың барлық санытын барынша қамту; - көшіру шараларын өндірістік принцип пен тұрғылықты жері бойынша жүргізу; - көшіру шараларын мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізу - көшіру шараларын жүргізу кезінде көліктің барлық түрлерін олардың белгіленген жұмыс режимін бұзбай пайдалану, сондай-ақ жеке көлікті пайдалану; - орналастыру, қоныстандыру орындарын дер кезінде даярлау; - көшірілетін халықты жолда орналастыру орындарында тіршілік көзімен қамсыздандыру; - өз қызметін жалғастыратын объектілерді үздіксіз және тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету.
  • 5. Бытыраңқы орналастыру – соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардан, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа ораналастыру. Халықты көшіру сабақтас тәсілмен – халықты жаяу немесе көлікті барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үйлестіру жолымен жүзеге асырылады.
  • 6. Көшіру туралы ақпарат келіп түскен жағдайда! 1. сабырлықты сақтаңыз 2. құқық қорғау органдарының нұсқаулықтарын орындаңыз 3. нақты, асығыстықсыз және әбігерсіз ғимараттан шығыңыз 4. киініп, бөгеліп қалған әріптестеріңізге көмектесеңіз 5. газды, суды, электр қуатын сөндіріңіз 6. ғимараттан алысырақ болыңыз 7. шыққан адамдарды түгендеңіз
  • 7. 2. Көшіру органдары, құрылымдары мен міндеттері Халықты бытыраңқы орналастыру мен көшіруді жоспаралауды және өткізуді тікелей жүзеге асыру үшін көшіру органдар құрылады, олар тиісті АҚ бастықтары АҚ бастықтары шешімдерімен құралады. Өз уақытында көшіру комиссиялары, көшіру-қабылдау комиссиялары, жиналу-көшіру пункттері құрылады. Көшіру органдарымен қатар көшіру мәселесін жылдам шешу үшін көлікке отырғызу, қозғалыс пен адамдарды түсірудің бастапқы нүктелері жабдықталады. Құрылымдар аралық көшіру пунктері көшіру-жиналу пункттері көшіру комиссиялар көшіру-қабылдау комиссиялары көшіру-қабылдау пункттері
  • 8. 3. Бейбіт және соғыс уақытында ТЖ көшіру шараларын жоспарлау және жүргізу Көшіру шараларын жоспарлау тігінен жүргізіледі: республика-облыс-қала, аудан- кәсіпорын. Халықты бытыраңқы орналастыру мен көшіруді жоспарлауды жергілікті атқару органдарының, Азаматтық қорғаныстың, АҚ қызметтерінің, барлық деңгейдегі көшіру мен қабылдау комисиялары жүргізеді. Жоспарлау үшін негізгі бастапқы мәліметтер: - қалалар мен қауіпсіз аймақта тұратын, жұмылдыру қағазы бар және ҚР Қарулы күштеріне шақыруға жататын халықтың саны; - қалаларда өз қызметін жалғастыратын объектілердің тізбесі, сонда жұмыс істейтін ауысымдарды, жұмысшыларды, қызметшілерді және олардың отбасыларының мүшесін көрсету; - қауіпсіз аймақта өз қызметін жалғастыратын объектілердің тізбесі, онда жұмысшылар, қызметшілер, отбасы мүшелерін көрсету;
  • 9. - студенттер, оқушылар, балалар санын, сондай-ақ оқытушылар құрамы мен қызмет көсетуші қызметшілер саны көрсетілген жоғары және орта арнаулы оқу орындарының, кәсіптік-техникалық училищелерінің, жалпы білім беретін мектептердің, мектеп интернаттарының, бала-бақшалардың және ведомстволық балалар мекемелерінің саны; - халықты орналастыратын аудандарда қорғаныс құрылыстарының (паналар, радиацияға қарсы баспаханалар, тау-кен орны), сондай-ақ сумен қамтамасыз ету көздерінің болуы; - көшіру тасымалдауға тартылатын көліктің мүмкіндігі; - жол торабы, оның жай-күйі мен босату қабілеті; - халықты жаяу тәртіппен көшіру үшін маршруттардың болуы және іс жүзінде пайдалану мүмкіндігі; - бытыраңқы орналастыру мен көшіру туралы халыққа хабарлауға, сондай-ақ көшіру шараларды басқаруға араналған байланыс құралдары мен жүйелер; - халықты бытыраңқы орналастыру мен көшіруді жүргізуге әсер ететін жергілікті жағдайлар мен маусымдық климаттық ерекшеліктер.
  • 10. Көшірілетін азаматтардың кезегін анықтау және оларды орналастырудың нақты жоспарын анықтау үшін көшірілетіндер үш топқа бөлінеді: Бірінші топ: соғыс кезінде қалада өз жұмысын тоқтатпайтын, сондай-ақ оның тіршілікке қабілетін қаматамасыз ететін ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасының мүшелері; Екінші топ: соғыс кезінде өз қызметін қауіпсіз аймаққа көшіруші ұйымдардың жұмысшылары, олардың отбасы мүшелері; министрліктер мен департаменттердің орталық аппараттарының қызметкерлері; соғыс уақытында өз қызметін тоқтататын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасы мүшелері. Үшінші топ: жоғары оқу орындарының студенттері, орта арнаулы оқу орындарының, кәсіптік- техникалық училищелерінің оқушылары мен қызметкерлері, мектеп-интернаттардың оқушылары, балалар үйлері мен арнаулы балалар мекемелерінде тәрбиеленушілер мен қызмет көрсетуші құрам; мүгедектер мен қарттар үйіндегі зейнеткерлер, қызмет көрсетуші песонал; жалғыз басты зейнеткерлер, жұмыссыздар коммерциялық құрылымдардың жеке кәсіпорындардың және өзге мемлекеттік емес мекемелер мен фирмалардың қызметкерлері.