SlideShare a Scribd company logo
ӘБІЛҚАЙЫР ХАН
(1693-1748)
 Әбілқайыр ханға байланысты жер-су
атаулары.
Әбілқайыр (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан)
(1693 — 12.08.1748) — хан, қолбасшы, 1718—1748 жж.
билік құрған Кіші жүз ханы. Соғыстарда батырлығымен,
айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра
білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз
беделімен Кіші жүздің ханы болды.
Әбілқайыр хан 1693 жылы Түркістан қаласында туған.
Ол - Әз Жәнібектің бесінші ұрпағы. Шыңғыс ханнан
бастап тарататын болса ол хан әулетінің он сегізінші
ұрпағы. Әз Жәнібектен тоғыз ұл тарайды, солардың бірі -
Өсеке сұлтан одан Бөлекей ноян, одан Ырыс сұлтан, одан
Хожа сұлтан, одан Абдолла сұлтан туған, Әбілқайыр осы
Абдолла сұлтанның баласы.
1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас
Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан
болып сайланды, ал түмен басы болып атақты Бөгенбай
батыр тағайындалды.
18 ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар
тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты.
Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының
иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау
жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың
қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен
соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр
мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді.
Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және
білгір саясаткер болды. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан
құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы
әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық
дәрежеге қалай жеткендігін 1736 жылы оның Ордасына келген ағылшын
суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді:Ол зор тұлғалы, сымбатты,
аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор
денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл
ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана
болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар
қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен
тұтқынға алғаннан кейін… Кіші орда оны хан сайлады.
Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды,
соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде
адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 жылы
қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында,
Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар
қонтайшының ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады.
Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіске қол жеткізуге болады деген
сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді.
Алайда бұл жеңілістен кейін де жау әлі күшті күйінде қалды. Жағдайға
қанық Әбілқайыр жаңа шабуыл бастады. 1730 жылы көктемде
Балқаштың оңтүстік шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр
бастаған қазақ әскері жауларды тағы талқандады. Жоңғарларға қарсы
жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті кезеңге аяқ басты, жеңіске
бір табан жақындағандай болды.
Алайда дәл осы кезеңде Болат хан қаза табады. Сондықтан да басқа
ханды тағайындау төңірегінде сауал туындайды. Қат-қабат келген
жағдайларға байланысты, Болат ханның жас ұлы Әбілмәмбет хан
сайланды. Билік басына келген жаңа ханды Әбілқайыр құптамай, бас
сардар атағынан бас тартып, өз әскерімен Кіші жүзге келеді. Осыдан соң
біріктірілген қазақ халқының жасақтары ыдырай бастады.
Ханға байланысты жер-су атаулары
Ханға қатысты жер-су аттары. Қазақ хандары мен батырларының арасында
Әбілқайыр ханға қатысты жер-су аттары жиі кездеседі. Қаратаудың "Қатын
қамал», Жолбарыс қамал" аталатын жерінде, Саудакенттің оңтүстігінде
Әбілқайыр ханның бұлағы бар. Арқалық тауындағы "Үлкен орда қонған»,
Кіші орда қонған" сияқты жер аттары Әбілқайыр атымен тығыз
байланысты. Қырғыз Алатауының солтүстік бөктерінде қазіргі Тұрар
Рұсқұлов ауданында, Алғабас ауылының солтүстік-батысының Әбілқайыр
өзені ағып жатыр. Оған жапсарлас Сұмқайтты өзенін көресіз. Әбілқайыр хан
қол бастап, шайқасқа түскен Қарақатты өзенінің шығысында қалмақтар
қырылған Молалы немесе Ойранды тауы бар. Оның шығыс жағында
Ойранды өзені ағып жатыр. Негізі, Әбілқайыр шайқасқа қатысқан жерлер -
қазақтың өркениетті, көне қалалар орналасқан аймақтар. Олар - Ақыртас,
Құлан, Меркі, Аспара, Актөбе және Ақтөбенің солтүстік шығысындағы
Тоғанбай, Жайықтың бойындағы Таскешу өткелдері. Атасу, Сарысу
өзендерінің оңтүстігінде Тайатқан, Шұнақ тауларынан Әбілқайыр өзені
басталады. Оның батысында Албанның Сүйерқұлдан тараған Шажағай -
Әбілқайыр бастаған шайқасқа қатысқан батыр. Балқаштың бер жағында,
Ақсүйектің жанында Әбілқайыр жалы болса, Дегерес, Шолақ өзендерінің
бойында хан ордасы бар. Әбілқайыр осы хан ордасында отырып ел басқарған.
Жалпы, Әбілқайырға қатысты жер-су аттары өте көп. Мысалы, Ордабасы,
Хан ордасы, Орда тауы, Орда қонған, Орда ашқан, Бала орда, Хан қонған,
Хан төбесі, Қалмақ қырылған, Ойранды өзені, Ойран бұлақ, Ойран төбе,
Қалмақ құлаған, Молалы төбе, Қалмақ қырған, Қалмақемел, Торғауыт
қонған, Топанбұлақ және тағы басқа Әбілқайырдың шайқаста қолданған
әскери әдіс тәсілдеріне сәйкес те жер-су аттары қалған. Мәселен, Бас қарауыл,
Орта қарауыл, Аяқ қарауыл, Кіші қарауыл, Қарауыл төбе, Қарауыл келді,
Қатынқамал, Жолбарысқамал, Садыр қамал, Тарақты қамал. Топонимика
мен ономастикада Әбілқайыр атының қалуының бір себебі - ол көптеген
жорықтарды басқарып, жеңістерге жетіп, қазақтардың бүкіл батыс өңірін
сақтап қалған.
 Әбілқайыр бастаған қол 1726 жылдан 1730 жылға дейін 4 жыл бойы жоңғарларға
қарсы үздіксіз шайқастарға қатысқан. Әбілқайырдың қолбасшылығымен
шайқастар өткен жерлер - Сыр бойының Жаркент, Оғызжайылған, Жент, Сауран,
тағы басқа көне қалалары орналасқан аймақтар. Әбілқайырға қатысты "Сауранды
екі айналған" деген сөз содан қалған. Осы қалалардың барлығы да Әбілқайырдың
араласуымен жау қолынан босатылған. Кейінгі шайқастарда Нұра өзенінің бойында
болғаны белгілі. Екінші үлкен шайқас Сарыарқаның солтүстік-шығысындағы
Шідерті өзенінің бойында өткен. Ол жерде Орда тауы бар. Сондай-ақ
"Шүршітқырылған", "Қаламақырылған" атты жер атаулары сақталып қалған.
Біздің туған жеріміз Ақтөбе облысында да Әбілқайыр ханға қатысты жер-су
атаулары жеткілікті.Солардың бірі Темір ауданындағы Қарабас, Кенжалы,
Келбатыр өзендері және Ботагөз бұлағы.Есет Көкіұлы Күші жүздің ханы
Әбілқайырдың сенімді серігі, кеңесшісі, өз тайпасының ту ұстаушы әйгілі батыры
болған.1731 жылғы Әбілқайыр ханның Ресей империясына қатысты саясатында
халық алдындағы сенімді тірегі, хан мен халық арасына түскен жарықшақты
дәнекерлеп бітістірушісі бола білген. Хан басына үйірілген қауіп бұлтын сейілтуде ол
сол кездің тарихи ірі тұлғалары Бөкенбай, Жәнібек батырлар мен бірлесе отырып,
оған көмек көрсетеді.Осы ерлік күрестердің көрінісін Ә.Кекілбаев өзінің «Үркер»
романынының 1 томында:
 «Темір қаласындағы шайқас қазақтардың жығылған жалын қайта тіктегендей
болды» - деп көрсетеді.1742 жылы Есет батыр қалмаққа қарсы соғыс мәселесін
шешу үшін орда кеңесіне кетеді де, оның ағасы Қарабас Әжібай бидің ауылында
қонақта болады. Қонақта жүрген Қарабас еліне жау шапқанын естіп, өзіне ерген бір
топ адаммен Алтықарасу деп аталатын жерде қалмақтарды қуып жетеді. Осы
соғыста Ойылға құятын өзеннің бойында Қарабас мерт болады. Сол себепті өзен
Қарабас аталып кеткен
 Ал «Кенжалы» өзенінің аталуына келетін болсақ, Қарабас батырдың баласы Кенжалы
әкесі өлген жер қазіргі «Қарабас» деп аталып жүрген өзеннен 25 шақырым жерде
Ойылға құятын бір өзеннің бойында өзі де жаумен айқаста мерт болады да, кейіннен
сол өзен «Кенжалы» деп аталып кетеді.Ақжол бастаған топ көп ұзамай сол жердегі
елді жинап, қазіргі Темір ауданының «Құмқұдық» атты ауылының тұсында
қырғынға ұшыраған. Есет ауылының кегін қайтару үшін 2-3 күннің ішінде үлкен қол
жинайды. Батырлардың шұбап келіп жатқан жердегі өзенді уақыт өте «Келбатыр» деп
атаған.
 Әбілқайыр ханның қыстауларының бірі Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданындағы
Жалғызағаш шатқалында орналасқандығы туралы деректер кездеседі. Оған Б.
Залесскийдің ХІХ ғасырдағы салған суреті дәлел.
 Елімізді жаудан найзаның ұшымен қорғаған батырлардың ішінде Тама Есеттің қызы,
Әжібай бидің келіні Ботагөз батыр да болды. Ол 1719-1744 жылдары өмір сүрген.
Ғалым С.Толыбеков «Қазақ шежіресі» атты кітабында: Үстірт жотасындағы «Сам»
құмын бірге қыстап шыққан Жетірудың Тама руына қараған қырық шақты ауыл
ішінде Есет батырдың ауылы бар. Жем өзеніне жақындап қонып, қой қоздатып, қозы
аяқтандырып отырған кезінде Есет батырдың Ботагөзі әлі үйінде, бойжеткен қыз- деп
жазады.
 1742 жылы қалмақтар тұтқиылдан шабуыл жасаған кезде Есет батырдың қызы
Ботагөз бастаған топ жауды екі жақтан қуып, айламен қоршап, қалмақтың Қонды
деген батырын қолға түсіреді. Қондыны қазақтар жеке қоршап, кеудесіне найза тіреп
тұрған уақытта күрең атты бір жігіт Қондының күжірейген мойнына қыл арқан
бұғалық тастап жіберіп, шалқалай тартқанда қалмақ жерге ат үстінен гүрс етіп
құлайды. Сол кезде жігіттер шапқылап өлтіреді. Жаудың біреуі де тірі қалмайды.
Қондыны бұғалықтаған жігіт- Ботагөз екен. Тарихи дерек бойынша Ақ кете Әжібай
би жиені Есет батырдың қызына құда түсіп, Әжібай бидің баласы Барсай мен
Ботагөздің некесі қиылып, отаулары тігіледі.
 Жолшыбай кіші орда Құлшығайдан өтіп, әбден болдырған көш түйелерін шөгеріп,
жүктерін түсіріп, дамылдаса керек. Ботагөз қасына Садықты, бірнеше қыз-келіншектерді
ертіп, су іздейді. Жан-жағын барлап, сайдың тақырлау жеріне шығып тұрған бір түп
қамысты көреді. Қамыс, ши шыққан жерде жер асты суы жақын болатынын жадында
сақтаған қыз қамысты тартып қалғанда су білінеді. Кетпенмен екі-үш ойғанда-ақ мөп-
мөлдір бұлақтың көзін ашады. Келе жатқан көш сол бұлақтан су ішеді, осы бұлақ Ботагөз
бұлағы деп тарихта қалды. Иманұлы Жарылғасынның дерегінде келтірілген.
 Ал енді «Қалмаққырылған» деп аталатын қазақ жерінің тәуелсіздігі үшін күрестің куәсі
болған тарихи мекен атауына келетін болсақ,ол Ақтөбе облысының Темір ауданының
орталығы Шұбарқұдықтан 30 шақырым жерде орналасқан теміржол бекеті. Бұл аумақ ХХ
ғасырдың 30-жылдарында Қандыағаш-Гурьев теміржол торабы салынғанда, осылай
аталатын жерге байланысты Қалмаққырған бекеті ретінде әлемдік теміржолдар картасына
енгізілген екен. Бұл әуелгіде 2-3 үй болған, қазір 50-60 үйлік дербес ауылға айналған бекет
аты. Ал шындығында бұл атау – Темір, Ойыл өзендерінің басындағы жерлерді, Шилі,
Кенжалы өзендерінің алқабын алып жатқан кең аңғарлы аймақ. Міне, осы арада шамамен
1719 жылы немесе осыдан 290 жыл бұрын Әбілқайыр хан (1710-1748) бастаған 25 мыңдық
Кіші жүз қолы мен Аюке хан (1669-1724) бастаған 30 мыңдық Еділ бойы қалмақтарының
арасында орасан зор шайқас болған екен. Жалпы саны 55 мыңнан аса бес қаруы сақадай
сай екі жақтың әскерлері ұзақ шайқасқан. Қорытындысында Әбілқайыр хан бастаған қол
жеңіске жеткен. Сол алқапта қазақ жерін, елін қорғау үшін жүргізілген қанды майданда
мыңдаған Әлім, он екі ата Байұлы, Жетіру боздақтары құрбан болған, қалмақтар
тарапынан да он мыңнан аса адам ажал құшқан. Әлгі алқаптағы көріністі бейнелейтін
«қан суша ақты, өліктен басар жер болмады» деген сөз біздің заманымызға жеткен екен. Ол
заманда шейіт болғандарды шайқастан кейін топтап та жерлеген, тізе бойы шұңқыр қазып
бетін жаба салған жағдайлар да болған. Осы Қалмаққырған немесе Қалмаққырылған
атауы, демек, Әбілқайыр есімімен тығыз байланысты.
Хан моласы
 Хан моласы" атауы 1748 жылдары-ақ пайда болған.
Ханның қазасы қабырғаларын қайыстырған ел бұл
қорымды солай атаған. Ең негізгі сүйенетін айғақ – патша
шенеунігі, Орынбор губернаторының зерттеу
тапсырмаларын орындаған Николай Рычковтың
жазбалары дейді зерттеушілер. Рычков 1771 жылы
жазылған жарияланымдарда Әбілқайыр ханның әулеті, ол
жерленген мекенге байланысты сипаттамалар берген. Осы
сипаттамалардың негізі – Қабырға мен Өлкейек өзендерінің
құйылысы, хан жерленген қорым жанынан өтетін екі тарам
жол, оқшау жатқан бейіт басында өсіп тұрған жалғыз ағаш
жергілікті адамдардың айтқандарымен сәйкес келеді.
Жерленген жері де осы. Жалпы, қазақ жер-су атауларына
ерекше қараған. Оған аса ыждағаттылықпен қарап, атауды
тектен-текке бермеген. "Мола" - қазақтың төл сөзі. Алайда
XIX ғасырдағы Ресей қарталарында бұл жер "Хан сүйегі"
деп көрсетілген. Қате жазбалар да кездеседі. Мысалы,
"Қанды суық" деген де бар. 60- жылдардағы
топографиялық картада солай. Бірақ ең дұрыс атауы - "Хан
моласы" Қорым солтүстіктен оңтүстікке қарай 600 метрге
дейін, батыстан шығысқа қарай 250 метрге дейінгі жер
аумағын алып жатыр.
 Осы маңға жақын саналатын елді мекендер – Ақтөбе облысы Әйтеке би
ауданына қарайтын Толыбай және Аққұм ауылдары. Осы екі ауыл мен
«Хан моласының» арасы 90 шақырым. Ал қос ауылға қарағанда, бұрынғы
Торғай облысы Жангелдин ауданының Миялы елді мекені одан да
жақынырақ – «Хан моласымен» арасы 35 шақырым. Археологтар бұл
жерден 41 құлыптас тапты. Жетпісінші жылдардың соңынан бергі
уақытта бұл жерді бірнеше экспедиция тексерді. Кейін, 1998 жылы кезекті
экспедиция кезінде зерттеулерді тереңірек жүргізуге мүмкіндік туды. Осы
жылдан бастап елімізде тарихи-мәдени ескерткіштерді зерделеуге баса
назар аударыла басталған-ды. Содан 2001 жылы "Әбілқайыр хан"
халықаралық қорының ұйымдастыруымен және қаржыландыруымен 15-
20 адамнан тұратын үлкен экспедиция ұйымдастырылды. 10 күн ішінде
қорымның топографиялық жоспарын сызып, бұл жолы нақты 942 зират
белгіленді. "Хан моласы"" зерттеу жұмыстарын Серік Әжіғали бастаған
ғалымдар тобы 1978 жылдан бастап жүргізіп келеді. 2004 жылдан бастап
зерттеу бұрынғыдан да салмақты түрде өткізіле бастады және оны сол
уақыттан бастап Ақтөбе облысының бюджеті қаржыландырып келеді.
Кешенді зерттеу жұмыстарына тек жергілікті археологтар ғана емес,
шетелдік мамандар да қатысты. Мамандардың нақты қортындысы
бойынша, №92 объект Әбілқайыр ханның, не оның туыстарының сүйегі
болуы мүмкін. Бір айдан кейін "Хан моласына" жерленген адам сүйегінің
нақты бейнесі жасалды. Онымен Венгрияның Ұлттық мұражайы
жанындағы антропология институтының бір топ ғалымдары айналысты.
«Хан моласы» деген атауды көбіне Әбілқайыр ханның жақын серіктерінің
бірі Жәнібек батырдың соңынан ерген арғын,қыпшақ руларының
қарттары есте ұстап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген.
Әбілқайыр ханға арнап салынған мемориалдық
кешен.
 Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік шара
облыс орталығынан 550 шақырым қашықтықта жатқан Хан мо-
ласында жалғасты. Хан моласындағы кешенде стелла, күмбезді
бейіт бар. Құрылыс жұмыстарын жүргізген компания директоры
Зұлқожа Қожаевтың айтуынша, «алғашқы жұмыс 2014 жылдың
қыркүйегінде басталған. Қажетті құрылыс материалдарының
барлығы Ақтөбе өңірінен алынды. Ескерткіштің тасы
Маңғыстау өңірінде шығарылатын ағылай тасы. Бұл тас
жаңбырға, күнге қатая береді. Биіктігі – 25 метр» деді. Идея
авторы бұрын Қорқыт ата ескерткішін салған сәулетші Бек
Ыбыраев болды. Ашылу салтанатына арнайы келген сәулет-
шінің айтуынша, авторлық ұжым алдымен алтын түстес
металдан күмбез жасауды ұсынған. Бірақ ауылдан жырақ жатқан
хан моласын тонап кету қаупі басым болды. Сондықтан ұжым
қайта сараптап, Ұлы, Орта, Кіші жүзді бейнелейтін ескерткіш
ойлап тапты. Бұл ескерткіштің ортасына шырақ қойылады.
«Хан моласынан табылған сүйекті облыс ортылығына жақын
жерге көму керек» деген бос сөз. Қай жерде қорым, киелі жер
болса, ол жер сол халықтікі» дейді Б.Ибраев. Ескерткіште үш
жүздің ондаған таңбасы бейнеленіп, Әбілқайыр хан деп латын әр-
пімен жазылған.
 Мемориалдық кешен алдағы уақытта жастарды тәрбиелеу,
патриоттық сезім мен отансүйгіштікті бойға дарыту мақсатында
үлкен ықпалын тигізеді.
әбілқайыр хан

More Related Content

Featured

2024 State of Marketing Report – by Hubspot
2024 State of Marketing Report – by Hubspot2024 State of Marketing Report – by Hubspot
2024 State of Marketing Report – by Hubspot
Marius Sescu
 
Everything You Need To Know About ChatGPT
Everything You Need To Know About ChatGPTEverything You Need To Know About ChatGPT
Everything You Need To Know About ChatGPT
Expeed Software
 
Product Design Trends in 2024 | Teenage Engineerings
Product Design Trends in 2024 | Teenage EngineeringsProduct Design Trends in 2024 | Teenage Engineerings
Product Design Trends in 2024 | Teenage Engineerings
Pixeldarts
 
How Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental Health
How Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental HealthHow Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental Health
How Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental Health
ThinkNow
 
AI Trends in Creative Operations 2024 by Artwork Flow.pdf
AI Trends in Creative Operations 2024 by Artwork Flow.pdfAI Trends in Creative Operations 2024 by Artwork Flow.pdf
AI Trends in Creative Operations 2024 by Artwork Flow.pdf
marketingartwork
 
Skeleton Culture Code
Skeleton Culture CodeSkeleton Culture Code
Skeleton Culture Code
Skeleton Technologies
 
PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024
PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024
PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024
Neil Kimberley
 
Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)
Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)
Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)
contently
 
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
Albert Qian
 
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie InsightsSocial Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Kurio // The Social Media Age(ncy)
 
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
Search Engine Journal
 
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
SpeakerHub
 
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
Clark Boyd
 
Getting into the tech field. what next
Getting into the tech field. what next Getting into the tech field. what next
Getting into the tech field. what next
Tessa Mero
 
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search IntentGoogle's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
Lily Ray
 
How to have difficult conversations
How to have difficult conversations How to have difficult conversations
How to have difficult conversations
Rajiv Jayarajah, MAppComm, ACC
 
Introduction to Data Science
Introduction to Data ScienceIntroduction to Data Science
Introduction to Data Science
Christy Abraham Joy
 
Time Management & Productivity - Best Practices
Time Management & Productivity -  Best PracticesTime Management & Productivity -  Best Practices
Time Management & Productivity - Best Practices
Vit Horky
 
The six step guide to practical project management
The six step guide to practical project managementThe six step guide to practical project management
The six step guide to practical project management
MindGenius
 
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
RachelPearson36
 

Featured (20)

2024 State of Marketing Report – by Hubspot
2024 State of Marketing Report – by Hubspot2024 State of Marketing Report – by Hubspot
2024 State of Marketing Report – by Hubspot
 
Everything You Need To Know About ChatGPT
Everything You Need To Know About ChatGPTEverything You Need To Know About ChatGPT
Everything You Need To Know About ChatGPT
 
Product Design Trends in 2024 | Teenage Engineerings
Product Design Trends in 2024 | Teenage EngineeringsProduct Design Trends in 2024 | Teenage Engineerings
Product Design Trends in 2024 | Teenage Engineerings
 
How Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental Health
How Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental HealthHow Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental Health
How Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental Health
 
AI Trends in Creative Operations 2024 by Artwork Flow.pdf
AI Trends in Creative Operations 2024 by Artwork Flow.pdfAI Trends in Creative Operations 2024 by Artwork Flow.pdf
AI Trends in Creative Operations 2024 by Artwork Flow.pdf
 
Skeleton Culture Code
Skeleton Culture CodeSkeleton Culture Code
Skeleton Culture Code
 
PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024
PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024
PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024
 
Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)
Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)
Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)
 
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
 
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie InsightsSocial Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
 
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
 
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
 
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
 
Getting into the tech field. what next
Getting into the tech field. what next Getting into the tech field. what next
Getting into the tech field. what next
 
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search IntentGoogle's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
 
How to have difficult conversations
How to have difficult conversations How to have difficult conversations
How to have difficult conversations
 
Introduction to Data Science
Introduction to Data ScienceIntroduction to Data Science
Introduction to Data Science
 
Time Management & Productivity - Best Practices
Time Management & Productivity -  Best PracticesTime Management & Productivity -  Best Practices
Time Management & Productivity - Best Practices
 
The six step guide to practical project management
The six step guide to practical project managementThe six step guide to practical project management
The six step guide to practical project management
 
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
 

әбілқайыр хан

  • 1. ӘБІЛҚАЙЫР ХАН (1693-1748)  Әбілқайыр ханға байланысты жер-су атаулары.
  • 2. Әбілқайыр (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан) (1693 — 12.08.1748) — хан, қолбасшы, 1718—1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды. Әбілқайыр хан 1693 жылы Түркістан қаласында туған. Ол - Әз Жәнібектің бесінші ұрпағы. Шыңғыс ханнан бастап тарататын болса ол хан әулетінің он сегізінші ұрпағы. Әз Жәнібектен тоғыз ұл тарайды, солардың бірі - Өсеке сұлтан одан Бөлекей ноян, одан Ырыс сұлтан, одан Хожа сұлтан, одан Абдолла сұлтан туған, Әбілқайыр осы Абдолла сұлтанның баласы. 1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты Бөгенбай батыр тағайындалды.
  • 3. 18 ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді. Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін 1736 жылы оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді:Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін… Кіші орда оны хан сайлады.
  • 4. Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді. Алайда бұл жеңілістен кейін де жау әлі күшті күйінде қалды. Жағдайға қанық Әбілқайыр жаңа шабуыл бастады. 1730 жылы көктемде Балқаштың оңтүстік шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауларды тағы талқандады. Жоңғарларға қарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды. Алайда дәл осы кезеңде Болат хан қаза табады. Сондықтан да басқа ханды тағайындау төңірегінде сауал туындайды. Қат-қабат келген жағдайларға байланысты, Болат ханның жас ұлы Әбілмәмбет хан сайланды. Билік басына келген жаңа ханды Әбілқайыр құптамай, бас сардар атағынан бас тартып, өз әскерімен Кіші жүзге келеді. Осыдан соң біріктірілген қазақ халқының жасақтары ыдырай бастады.
  • 5. Ханға байланысты жер-су атаулары Ханға қатысты жер-су аттары. Қазақ хандары мен батырларының арасында Әбілқайыр ханға қатысты жер-су аттары жиі кездеседі. Қаратаудың "Қатын қамал», Жолбарыс қамал" аталатын жерінде, Саудакенттің оңтүстігінде Әбілқайыр ханның бұлағы бар. Арқалық тауындағы "Үлкен орда қонған», Кіші орда қонған" сияқты жер аттары Әбілқайыр атымен тығыз байланысты. Қырғыз Алатауының солтүстік бөктерінде қазіргі Тұрар Рұсқұлов ауданында, Алғабас ауылының солтүстік-батысының Әбілқайыр өзені ағып жатыр. Оған жапсарлас Сұмқайтты өзенін көресіз. Әбілқайыр хан қол бастап, шайқасқа түскен Қарақатты өзенінің шығысында қалмақтар қырылған Молалы немесе Ойранды тауы бар. Оның шығыс жағында Ойранды өзені ағып жатыр. Негізі, Әбілқайыр шайқасқа қатысқан жерлер - қазақтың өркениетті, көне қалалар орналасқан аймақтар. Олар - Ақыртас, Құлан, Меркі, Аспара, Актөбе және Ақтөбенің солтүстік шығысындағы Тоғанбай, Жайықтың бойындағы Таскешу өткелдері. Атасу, Сарысу өзендерінің оңтүстігінде Тайатқан, Шұнақ тауларынан Әбілқайыр өзені басталады. Оның батысында Албанның Сүйерқұлдан тараған Шажағай - Әбілқайыр бастаған шайқасқа қатысқан батыр. Балқаштың бер жағында, Ақсүйектің жанында Әбілқайыр жалы болса, Дегерес, Шолақ өзендерінің бойында хан ордасы бар. Әбілқайыр осы хан ордасында отырып ел басқарған. Жалпы, Әбілқайырға қатысты жер-су аттары өте көп. Мысалы, Ордабасы, Хан ордасы, Орда тауы, Орда қонған, Орда ашқан, Бала орда, Хан қонған, Хан төбесі, Қалмақ қырылған, Ойранды өзені, Ойран бұлақ, Ойран төбе, Қалмақ құлаған, Молалы төбе, Қалмақ қырған, Қалмақемел, Торғауыт қонған, Топанбұлақ және тағы басқа Әбілқайырдың шайқаста қолданған әскери әдіс тәсілдеріне сәйкес те жер-су аттары қалған. Мәселен, Бас қарауыл, Орта қарауыл, Аяқ қарауыл, Кіші қарауыл, Қарауыл төбе, Қарауыл келді, Қатынқамал, Жолбарысқамал, Садыр қамал, Тарақты қамал. Топонимика мен ономастикада Әбілқайыр атының қалуының бір себебі - ол көптеген жорықтарды басқарып, жеңістерге жетіп, қазақтардың бүкіл батыс өңірін сақтап қалған.
  • 6.  Әбілқайыр бастаған қол 1726 жылдан 1730 жылға дейін 4 жыл бойы жоңғарларға қарсы үздіксіз шайқастарға қатысқан. Әбілқайырдың қолбасшылығымен шайқастар өткен жерлер - Сыр бойының Жаркент, Оғызжайылған, Жент, Сауран, тағы басқа көне қалалары орналасқан аймақтар. Әбілқайырға қатысты "Сауранды екі айналған" деген сөз содан қалған. Осы қалалардың барлығы да Әбілқайырдың араласуымен жау қолынан босатылған. Кейінгі шайқастарда Нұра өзенінің бойында болғаны белгілі. Екінші үлкен шайқас Сарыарқаның солтүстік-шығысындағы Шідерті өзенінің бойында өткен. Ол жерде Орда тауы бар. Сондай-ақ "Шүршітқырылған", "Қаламақырылған" атты жер атаулары сақталып қалған. Біздің туған жеріміз Ақтөбе облысында да Әбілқайыр ханға қатысты жер-су атаулары жеткілікті.Солардың бірі Темір ауданындағы Қарабас, Кенжалы, Келбатыр өзендері және Ботагөз бұлағы.Есет Көкіұлы Күші жүздің ханы Әбілқайырдың сенімді серігі, кеңесшісі, өз тайпасының ту ұстаушы әйгілі батыры болған.1731 жылғы Әбілқайыр ханның Ресей империясына қатысты саясатында халық алдындағы сенімді тірегі, хан мен халық арасына түскен жарықшақты дәнекерлеп бітістірушісі бола білген. Хан басына үйірілген қауіп бұлтын сейілтуде ол сол кездің тарихи ірі тұлғалары Бөкенбай, Жәнібек батырлар мен бірлесе отырып, оған көмек көрсетеді.Осы ерлік күрестердің көрінісін Ә.Кекілбаев өзінің «Үркер» романынының 1 томында:  «Темір қаласындағы шайқас қазақтардың жығылған жалын қайта тіктегендей болды» - деп көрсетеді.1742 жылы Есет батыр қалмаққа қарсы соғыс мәселесін шешу үшін орда кеңесіне кетеді де, оның ағасы Қарабас Әжібай бидің ауылында қонақта болады. Қонақта жүрген Қарабас еліне жау шапқанын естіп, өзіне ерген бір топ адаммен Алтықарасу деп аталатын жерде қалмақтарды қуып жетеді. Осы соғыста Ойылға құятын өзеннің бойында Қарабас мерт болады. Сол себепті өзен Қарабас аталып кеткен
  • 7.  Ал «Кенжалы» өзенінің аталуына келетін болсақ, Қарабас батырдың баласы Кенжалы әкесі өлген жер қазіргі «Қарабас» деп аталып жүрген өзеннен 25 шақырым жерде Ойылға құятын бір өзеннің бойында өзі де жаумен айқаста мерт болады да, кейіннен сол өзен «Кенжалы» деп аталып кетеді.Ақжол бастаған топ көп ұзамай сол жердегі елді жинап, қазіргі Темір ауданының «Құмқұдық» атты ауылының тұсында қырғынға ұшыраған. Есет ауылының кегін қайтару үшін 2-3 күннің ішінде үлкен қол жинайды. Батырлардың шұбап келіп жатқан жердегі өзенді уақыт өте «Келбатыр» деп атаған.  Әбілқайыр ханның қыстауларының бірі Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданындағы Жалғызағаш шатқалында орналасқандығы туралы деректер кездеседі. Оған Б. Залесскийдің ХІХ ғасырдағы салған суреті дәлел.  Елімізді жаудан найзаның ұшымен қорғаған батырлардың ішінде Тама Есеттің қызы, Әжібай бидің келіні Ботагөз батыр да болды. Ол 1719-1744 жылдары өмір сүрген. Ғалым С.Толыбеков «Қазақ шежіресі» атты кітабында: Үстірт жотасындағы «Сам» құмын бірге қыстап шыққан Жетірудың Тама руына қараған қырық шақты ауыл ішінде Есет батырдың ауылы бар. Жем өзеніне жақындап қонып, қой қоздатып, қозы аяқтандырып отырған кезінде Есет батырдың Ботагөзі әлі үйінде, бойжеткен қыз- деп жазады.  1742 жылы қалмақтар тұтқиылдан шабуыл жасаған кезде Есет батырдың қызы Ботагөз бастаған топ жауды екі жақтан қуып, айламен қоршап, қалмақтың Қонды деген батырын қолға түсіреді. Қондыны қазақтар жеке қоршап, кеудесіне найза тіреп тұрған уақытта күрең атты бір жігіт Қондының күжірейген мойнына қыл арқан бұғалық тастап жіберіп, шалқалай тартқанда қалмақ жерге ат үстінен гүрс етіп құлайды. Сол кезде жігіттер шапқылап өлтіреді. Жаудың біреуі де тірі қалмайды. Қондыны бұғалықтаған жігіт- Ботагөз екен. Тарихи дерек бойынша Ақ кете Әжібай би жиені Есет батырдың қызына құда түсіп, Әжібай бидің баласы Барсай мен Ботагөздің некесі қиылып, отаулары тігіледі.
  • 8.  Жолшыбай кіші орда Құлшығайдан өтіп, әбден болдырған көш түйелерін шөгеріп, жүктерін түсіріп, дамылдаса керек. Ботагөз қасына Садықты, бірнеше қыз-келіншектерді ертіп, су іздейді. Жан-жағын барлап, сайдың тақырлау жеріне шығып тұрған бір түп қамысты көреді. Қамыс, ши шыққан жерде жер асты суы жақын болатынын жадында сақтаған қыз қамысты тартып қалғанда су білінеді. Кетпенмен екі-үш ойғанда-ақ мөп- мөлдір бұлақтың көзін ашады. Келе жатқан көш сол бұлақтан су ішеді, осы бұлақ Ботагөз бұлағы деп тарихта қалды. Иманұлы Жарылғасынның дерегінде келтірілген.  Ал енді «Қалмаққырылған» деп аталатын қазақ жерінің тәуелсіздігі үшін күрестің куәсі болған тарихи мекен атауына келетін болсақ,ол Ақтөбе облысының Темір ауданының орталығы Шұбарқұдықтан 30 шақырым жерде орналасқан теміржол бекеті. Бұл аумақ ХХ ғасырдың 30-жылдарында Қандыағаш-Гурьев теміржол торабы салынғанда, осылай аталатын жерге байланысты Қалмаққырған бекеті ретінде әлемдік теміржолдар картасына енгізілген екен. Бұл әуелгіде 2-3 үй болған, қазір 50-60 үйлік дербес ауылға айналған бекет аты. Ал шындығында бұл атау – Темір, Ойыл өзендерінің басындағы жерлерді, Шилі, Кенжалы өзендерінің алқабын алып жатқан кең аңғарлы аймақ. Міне, осы арада шамамен 1719 жылы немесе осыдан 290 жыл бұрын Әбілқайыр хан (1710-1748) бастаған 25 мыңдық Кіші жүз қолы мен Аюке хан (1669-1724) бастаған 30 мыңдық Еділ бойы қалмақтарының арасында орасан зор шайқас болған екен. Жалпы саны 55 мыңнан аса бес қаруы сақадай сай екі жақтың әскерлері ұзақ шайқасқан. Қорытындысында Әбілқайыр хан бастаған қол жеңіске жеткен. Сол алқапта қазақ жерін, елін қорғау үшін жүргізілген қанды майданда мыңдаған Әлім, он екі ата Байұлы, Жетіру боздақтары құрбан болған, қалмақтар тарапынан да он мыңнан аса адам ажал құшқан. Әлгі алқаптағы көріністі бейнелейтін «қан суша ақты, өліктен басар жер болмады» деген сөз біздің заманымызға жеткен екен. Ол заманда шейіт болғандарды шайқастан кейін топтап та жерлеген, тізе бойы шұңқыр қазып бетін жаба салған жағдайлар да болған. Осы Қалмаққырған немесе Қалмаққырылған атауы, демек, Әбілқайыр есімімен тығыз байланысты.
  • 9. Хан моласы  Хан моласы" атауы 1748 жылдары-ақ пайда болған. Ханның қазасы қабырғаларын қайыстырған ел бұл қорымды солай атаған. Ең негізгі сүйенетін айғақ – патша шенеунігі, Орынбор губернаторының зерттеу тапсырмаларын орындаған Николай Рычковтың жазбалары дейді зерттеушілер. Рычков 1771 жылы жазылған жарияланымдарда Әбілқайыр ханның әулеті, ол жерленген мекенге байланысты сипаттамалар берген. Осы сипаттамалардың негізі – Қабырға мен Өлкейек өзендерінің құйылысы, хан жерленген қорым жанынан өтетін екі тарам жол, оқшау жатқан бейіт басында өсіп тұрған жалғыз ағаш жергілікті адамдардың айтқандарымен сәйкес келеді. Жерленген жері де осы. Жалпы, қазақ жер-су атауларына ерекше қараған. Оған аса ыждағаттылықпен қарап, атауды тектен-текке бермеген. "Мола" - қазақтың төл сөзі. Алайда XIX ғасырдағы Ресей қарталарында бұл жер "Хан сүйегі" деп көрсетілген. Қате жазбалар да кездеседі. Мысалы, "Қанды суық" деген де бар. 60- жылдардағы топографиялық картада солай. Бірақ ең дұрыс атауы - "Хан моласы" Қорым солтүстіктен оңтүстікке қарай 600 метрге дейін, батыстан шығысқа қарай 250 метрге дейінгі жер аумағын алып жатыр.
  • 10.  Осы маңға жақын саналатын елді мекендер – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданына қарайтын Толыбай және Аққұм ауылдары. Осы екі ауыл мен «Хан моласының» арасы 90 шақырым. Ал қос ауылға қарағанда, бұрынғы Торғай облысы Жангелдин ауданының Миялы елді мекені одан да жақынырақ – «Хан моласымен» арасы 35 шақырым. Археологтар бұл жерден 41 құлыптас тапты. Жетпісінші жылдардың соңынан бергі уақытта бұл жерді бірнеше экспедиция тексерді. Кейін, 1998 жылы кезекті экспедиция кезінде зерттеулерді тереңірек жүргізуге мүмкіндік туды. Осы жылдан бастап елімізде тарихи-мәдени ескерткіштерді зерделеуге баса назар аударыла басталған-ды. Содан 2001 жылы "Әбілқайыр хан" халықаралық қорының ұйымдастыруымен және қаржыландыруымен 15- 20 адамнан тұратын үлкен экспедиция ұйымдастырылды. 10 күн ішінде қорымның топографиялық жоспарын сызып, бұл жолы нақты 942 зират белгіленді. "Хан моласы"" зерттеу жұмыстарын Серік Әжіғали бастаған ғалымдар тобы 1978 жылдан бастап жүргізіп келеді. 2004 жылдан бастап зерттеу бұрынғыдан да салмақты түрде өткізіле бастады және оны сол уақыттан бастап Ақтөбе облысының бюджеті қаржыландырып келеді. Кешенді зерттеу жұмыстарына тек жергілікті археологтар ғана емес, шетелдік мамандар да қатысты. Мамандардың нақты қортындысы бойынша, №92 объект Әбілқайыр ханның, не оның туыстарының сүйегі болуы мүмкін. Бір айдан кейін "Хан моласына" жерленген адам сүйегінің нақты бейнесі жасалды. Онымен Венгрияның Ұлттық мұражайы жанындағы антропология институтының бір топ ғалымдары айналысты. «Хан моласы» деген атауды көбіне Әбілқайыр ханның жақын серіктерінің бірі Жәнібек батырдың соңынан ерген арғын,қыпшақ руларының қарттары есте ұстап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген.
  • 11. Әбілқайыр ханға арнап салынған мемориалдық кешен.  Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік шара облыс орталығынан 550 шақырым қашықтықта жатқан Хан мо- ласында жалғасты. Хан моласындағы кешенде стелла, күмбезді бейіт бар. Құрылыс жұмыстарын жүргізген компания директоры Зұлқожа Қожаевтың айтуынша, «алғашқы жұмыс 2014 жылдың қыркүйегінде басталған. Қажетті құрылыс материалдарының барлығы Ақтөбе өңірінен алынды. Ескерткіштің тасы Маңғыстау өңірінде шығарылатын ағылай тасы. Бұл тас жаңбырға, күнге қатая береді. Биіктігі – 25 метр» деді. Идея авторы бұрын Қорқыт ата ескерткішін салған сәулетші Бек Ыбыраев болды. Ашылу салтанатына арнайы келген сәулет- шінің айтуынша, авторлық ұжым алдымен алтын түстес металдан күмбез жасауды ұсынған. Бірақ ауылдан жырақ жатқан хан моласын тонап кету қаупі басым болды. Сондықтан ұжым қайта сараптап, Ұлы, Орта, Кіші жүзді бейнелейтін ескерткіш ойлап тапты. Бұл ескерткіштің ортасына шырақ қойылады. «Хан моласынан табылған сүйекті облыс ортылығына жақын жерге көму керек» деген бос сөз. Қай жерде қорым, киелі жер болса, ол жер сол халықтікі» дейді Б.Ибраев. Ескерткіште үш жүздің ондаған таңбасы бейнеленіп, Әбілқайыр хан деп латын әр- пімен жазылған.  Мемориалдық кешен алдағы уақытта жастарды тәрбиелеу, патриоттық сезім мен отансүйгіштікті бойға дарыту мақсатында үлкен ықпалын тигізеді.