SlideShare a Scribd company logo
1 of 4
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Восход жалпы орта білім беретін мектебі
Адиев Жасулан Самиголлиевич
тарих пәнінің мұғалімі
Мақсаты:
Білімділік: Мауараннахр билеушісі Әмір Темірдің көрші мемлекеттер – Ақ Орда,
Алтын Орда, Моғолстанға жорығы жайлы талдау, басқыншылық зардабын
көрсету;
Дамытушылық: Оқушыларға өз бетінше ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Адамгершілікке, қандай да болсын басқыншылық соғыс атаулыны жек
көруге тәрбиелеу;
Көрнекілік: «Әмір Темір жорықтары» картасы, жаңа тақырыпқа, үй тапсырмасына
қатысты кестелер, карточкалық сұрақтар, «Мазар» диограммасы.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру.
II. Жаңа білімді қалыптастыру.
Ой қозғау. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қою.
1. Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында құрылған мемлекет
(Моғолстан)
2. Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі ұлан-ғайыр жерді алып жатқан үлкен
мемлекет (Алтын Орда)
3. ХІІІ ғасыр мен ХV ғасырдың басында Шығыс Гешті Қыпшақта өмір сүрген
мемлекет (Ақ Орда)
Топтастыру: Сұрақтардың жауабын алған соң, мемлекет атауларын тақтаға іліп, су атаулар
бойынша «шырша»әдісімен үш топқа бөлу.
1. Моғолстан
2. Алтын Орда
3. Ақ Орда
Үш топқа жеке-жеке сұрақтар беріп, жаңа тақырыпқа шығу.
(жұмбақ кейіпкерлерді табу)
«Моғолстан» тобына: «Алтын Орда» тобына: «Ақ Орда» тобына:
Үш топтың да сұрақтарын тақтаға іліп, ортақ кейіпкерлерді жазу.
Жазба деректерге қарағанда
«Батпақ шайқасында» екі
жақтан он мыңға жуық адам
қырылған. Шайқаста
Моғолстан ханы Ілияс –
Қожа жеңіске жеткен. Ол
болса қашып құтыл-ған.
Тоқтамыс оның көмегімен
Алтын Орда билігін өз
қолына алды. Бірақ
Тоқтамыстың опасыздығы
үшін Алтын Ордаға
бірнеше рет шабуыл жасап,
өзі әлсіреп тұрған елді бас
көтере алмастай етіп
қиратты.
Ол Тоқтамысқа қару-жарақ
беріп, Ақ Орданы басып
алуға жіберді.
Тоқтамыстың жорығы еш
нәтиже бермеді. Тек
Тоқтақия қайтыс болғасын
ол Тоқтамысты Ақ
Орданың тағына
отырғызды.
ӘМІР
ТЕМІР
АЛТЫН
ОРДА
МОҒОЛ-
СТАН
АҚ
ОРДА
Тақтаға жаңа тақырып пен жоспарын жазу, картаны іліп, Әмір Темірдің жаулаушылық жорығын
көрсету.
Жоспары:
1. Алтын Орда жеріне жасалған жорығы
2. Моғол хандығына жорығы
3. Жаулап алу зардаптары
Оқулықпен жұмыс:
Жауап берген оқушыларды бағалап отыру.
Бағалау парағы: (Үш топқа бір парақтан, топ жетекшілері белгілеп отырады «+»)
Бағасы
Аты-
жөні
«3» «4» «5»
+ + + + + + + + + +
+ + + + + + +
+ + + +
1-тапсырма:Жоспар бойынша үш топқа тақырыпшаларды бөліп беріп, оқып
талдауға 10 минут уақыт беру.
Шектелген уақыт өткен соң әр топтан бір оқушыға қысқаша айтқызу, топ болып жаңа сабаққа қатысты
тақтаға ілінген екі кестені толтыртқызу.
1 – кесте 2 –кесте
2-тапсырма: «Рольге ену» (бөлініп берілген тапсырма бойынша үзінді беріп, сондағы тарихи
тұлғаның роліне ену).
1-топ: 1391 жыл 21 қаңтар, Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы дау.
(диалог құру)
2-топ:1371 –1372 жылдардағы сәтті жорықтан кейінгі Әмір Темір мен оның Моғолстанға аттандырған
әскерін басқарған әскербасы арасындағы әңгіме. (диалог құру)
3-топ:Әмір Темір жорығының зардабын көрген «қария».
ІІІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
Жаңа тақырып бойынша берілген екі кестені пайдаланып, әр бөліміне, яғни, оқиғаның болған жылдары,
зардаптары және Әмір Темірдің ішкі-сыртқы саясаттарына тоқтала отырып оқушылар арқылы
қорытынды жасау.
ІV. Үйге тапсырма беру.
1)§25 оқу;
2)«Әмір Темір жорықтары» кестесін толтыру;
3)Тақырыпта кездесетін тарихшылардың сөздерін, жаңа сөздерді қосымша
дәптерлерге жазу;
4) «Мазар» диаграммасын толтыру (Ақ Орда, Алтын Орда, Моғолстан және
Мауареннахр мемлекеттерінің сыртқы саясаттарын «Мазардың» төрт
қабырғасына, ортақ белгілерін күмбезіне жазу)
V. Үй тапсырмасын тексеру. §22, §23, §24
Әмір Темірдің саясаты
ішкі сыртқы
Әмір Темір жорықтары
жылы оқиға зардабы
Ақ Орда, Алтын Орда, Моғолстан мемлекеттері бойынша үй тапсырмасын сұрау, карточка бойынша
сұрақтар беру.
Үй тапсырмасы бойынша «жеті» оқушыны тақтаға шығарып кесте арқылы жеті тапсырма беру.
1-тапсырма:Алтын Орда мемлекеті.
Ретін тап: «Алтын Орда хандары» Батый, Берке, Тохты, Меңгу-Темір, Өзбек, Шейх-
Ахмед, Жәнібек.
2-тапсырма: Алтын Орда мемлекеті.
«Кім? Қашан? Билік құрған?»
Хандар: Өзбек, Берке, Тохты, Батый, Меңгу-Темір, Жәнібек, 20 астам хан.
Жылдар: 1312-1342 жж, 1357-1380 жж, 1256-1266 жж, 1266-1280 жж,
1290-1312 жж, 1227-1255 жж, 1342-1357 жж.
(ватманға әзірленген қалташаларға ретімен салу)
3-тапсырма: Ақ Орда мемлекеті.
Ретін тап: «Ақ Орда хандары» Барақ, Ұрұс, Мүбәрак, Ерзен, Қойыршақ,
Тоқтамыс, Әбілхайыр. (ватманға әзірленген қалташаларға ретімен салу)
4-тапсырма: Ақ Орда мемлекеті.
«Кім? Қашан? Не істеді?»
ХV ғ. 2 ширегі, Қойыршақ, Барақ, Ұрұс, Мүбәрак, Ерзен.
1) Ақ Орданың қалалық мәдениеті дамыды. Хан көптеген қалаларда мешіт, медіреселер салғызды.
2) Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін әрекет жасаған. Темірдің немересі
Қлықбекті жеңіп, көптеген қалаларды өзіне қаратты.
3) 1327-1328 жылдары Сығанақ қаласында өз атынан теңге соқтырды. Бірақ бұл
жағдайға Алтын Орда билеушілері қарсы болды.
4) Талас-тартысты дер кезінде пайдаланып Ақ Орда билігін өз қолына алды. 1368-1369
жылдары сығанақ қаласында өз атынан теңге соқтырды.
5) Әмір Темір 1395 жылы Тоқтамыстың орнына Ақ Орда тағына отырғызды.
6) Ақ Орданың Алтын Ордадан біржола бөліне бастаған кезі.
(ватманға әзірленген қалташаларға ретімен салу)
5-тапсырма: Алтын Орда мемлекеті.
«Ішкі, сыртқы саясаты»
Батый, Берке, Тохты, Меңгу-Темір, Өзбек, Тоқтамыс.
1)Алтын Ордада билік құрған кезде 1382 жылы Мәскеуге басып кіріп қаланы өртеп
жіберді.
2) Ол батысқа жеті жыл жорық жасап, көптеген елдерді басып алды. Алтын Орда
шекарасы батысқақарай кеңейіп, күшейе түсті.
3)Билік құрған кезде Иран, Кавказ елдерімен сауда қатынасы дамыды. Египет
мәмлүктерімен тығыз байланыста болды.
4) Алтын Орда ханы. Қалалық өмірдің дамуына көп көңіл бөлген. Оның билігі кезінде
ислам діні мемлекеттік дін деп жарияланды.
5)Ол билік құрған кезде Монғол империясына тәуелділігін мойындамады. Египет
сұлтаны Бейбарыспен байланысын күшейтті. Әзірбайжан жеріне мешіт салдырды.
6)1271 жылы Алтын Орданың Египетпен байланысына кедергі келтіруге тырысқан
Византияға жорық ұйымдастырып, бейбіт келісімге келген.
(ватманға әзірленген қалташаларға ретімен салу)
6-тапсырма: Моғолстан мемлекеті.
Ретін тап: «Моғолстан хандары» Ілияс-Қожа, Полодшы, Қызыр-Қожа,
Есен-Бұға, Шер-Мұхаммед, Абдар-Рашид, Мұхаммед, Шамс-ад-Дин,
Қамар-ад-Дин, Тоғылық-Темір, Жүніс, Уәйіс.
(ватманға әзірленген қалташаларға ретімен салу)
7-тапсырма: Моғолстан мемлекеті.
«Кім? Қашан? Не істеді?»
Полодшы, Тоғылық-Темір, Ілияс-Қожа, Қамар-ад-Дин, Жүніс, Қызыр-Қожа.
1)Шағатай ханның ұрпағы Дува ханның немересі. 1348 он алты жасында Моғолстан
ханы болып сайланды.
2)Тоғылық-Темір 1360-1361 жылдары Мауараннахрға екі рет жорық жасап, оны сонда
хан тағына отырғызып қайтты. «Батпақ шайқасында» ол жеңіске жетті.
3) Оның тұсында Моғол хандығы Әмір Темір шабуылынан әбден әлсірейді. хандық
бірнеше иеліктерге бөлініп, ол Темірге тәуелділігін мойындайды.
4) Моғол хандығында билік еткен дулат тайпасының атақты әмірі. Ол өзін тыңдайтын
Тоғылық-Темірдің соңғы ұрпағын хан тағына отырғызып, дулат тайпасының
әмірлерінің жағдайын жақсартуға күш салды.
5) Ол Есен-Бұғамен таққа таласады. Есен-Бұға хан тағына отырғасын ол Әбу Саидтан
көмек сұрайды. Жетікентте билік құрған ол Есен-Бұға қаза болғасын Моғолстанға келіп
өзін хан етіп жариялайды.
6) Моғолстан хандығын басқарған, Шағатай ханға адал қызмет еткен, дулат
тайпасының әміршісі.
(ватманға әзірленген қалташаларға ретімен салу)
Карточкалық сұрақтар: (Үй тапсырмасы бойынша)
1.Алтын Орданың орталығы қай қала? (Сарай-Бату,Сарай-Берке)
2.Алтын Ордада іс-қағаздарын жүргізушілер қалай аталады? (білікшілер,хатшылар)
3.Алтын Ордада әскери істі кім басқарды? (беклер бек)
4.Парсы тарихшысы Жувейни былай деп кім туралы жазған: «Оның ордасына саудагерлер барлық
жерлерден келіп жатты. Ол тауарлардың барлығын алғызып, оның үстіне бағаны артығымен төлеп
отырды »? (Батый хан)
5. Ақ Орданың орталығы қай қала? (Сығанақ)
6. «Шағатай хан өз мемлекетін үлестерге бөлген, өзіне адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі
Полодшыға Маңлай-Сүбе жерін берген» – деген сөз кімнің дерегінде кездеседі? (Мұхаммед Хайдар
Дулати)
7. Моғолстан орталығы қай қала? (Алмалық)
8. «Қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен көлденеңі 7-8 айшылық жол. Шығыс шеті
қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл, Емел және Ертісті өзіне қосады. Солтүстігінде
оның шекарасы Көкшетеңіз (Балқаш), Түркістамен және Ташкентпен шектеседі, оңтүстігінде
Ферғана уәлаятымен Қашғар, Ақсу, Шалыш және Тұрфанмен шектеседі» – деп кімнің еңбегінде
көрсетілген? (Тарих-и-Рашиди)
VI. Бағалау.
Бағалау парағындағы оқушылардың алған баға деңгейі бойынша бағалау.

More Related Content

More from Айбек Қуандықұлы

Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметіЖүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметіАйбек Қуандықұлы
 
Электроника және импульсті техника
Электроника және импульсті техникаЭлектроника және импульсті техника
Электроника және импульсті техникаАйбек Қуандықұлы
 
"Мың бұралған бишілер» би байқауының сценарийі
"Мың бұралған бишілер»  би байқауының сценарийі"Мың бұралған бишілер»  би байқауының сценарийі
"Мың бұралған бишілер» би байқауының сценарийіАйбек Қуандықұлы
 
Бақытты отбасында--бақытты бала
Бақытты отбасында--бақытты балаБақытты отбасында--бақытты бала
Бақытты отбасында--бақытты балаАйбек Қуандықұлы
 
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұзЖыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұзАйбек Қуандықұлы
 
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлу
Екі  таңбалы  санды  бір  таңбалы  санға  ауызша  бөлуЕкі  таңбалы  санды  бір  таңбалы  санға  ауызша  бөлу
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлуАйбек Қуандықұлы
 

More from Айбек Қуандықұлы (20)

табиғат тіршілік анасы
табиғат тіршілік анасытабиғат тіршілік анасы
табиғат тіршілік анасы
 
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметіЖүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі
 
Ғажайыптар әлемі
Ғажайыптар әлеміҒажайыптар әлемі
Ғажайыптар әлемі
 
Open lesson everything is good in its season
Open lesson everything is good in its seasonOpen lesson everything is good in its season
Open lesson everything is good in its season
 
Weather “Seasons”.
Weather “Seasons”.Weather “Seasons”.
Weather “Seasons”.
 
Ғылыми жоба
Ғылыми жобаҒылыми жоба
Ғылыми жоба
 
Мың бұралған бишілер
Мың бұралған бишілерМың бұралған бишілер
Мың бұралған бишілер
 
Электроника және импульсті техника
Электроника және импульсті техникаЭлектроника және импульсті техника
Электроника және импульсті техника
 
"Мың бұралған бишілер» би байқауының сценарийі
"Мың бұралған бишілер»  би байқауының сценарийі"Мың бұралған бишілер»  би байқауының сценарийі
"Мың бұралған бишілер» би байқауының сценарийі
 
Бақытты отбасында--бақытты бала
Бақытты отбасында--бақытты балаБақытты отбасында--бақытты бала
Бақытты отбасында--бақытты бала
 
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұзЖыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
 
Тұмар түйіндер
 Тұмар түйіндер Тұмар түйіндер
Тұмар түйіндер
 
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлу
Екі  таңбалы  санды  бір  таңбалы  санға  ауызша  бөлуЕкі  таңбалы  санды  бір  таңбалы  санға  ауызша  бөлу
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлу
 
Шоқан Уәлихан
Шоқан УәлиханШоқан Уәлихан
Шоқан Уәлихан
 
допты беру және қабылдап алу
допты беру және қабылдап алудопты беру және қабылдап алу
допты беру және қабылдап алу
 
архимед күші
архимед күшіархимед күші
архимед күші
 
архимед күші
архимед күшіархимед күші
архимед күші
 
тізбек бөлігі үшін ом заңы
тізбек бөлігі үшін ом заңытізбек бөлігі үшін ом заңы
тізбек бөлігі үшін ом заңы
 
тізбек бөлігі үшін ом заңы
тізбек бөлігі үшін ом заңытізбек бөлігі үшін ом заңы
тізбек бөлігі үшін ом заңы
 
Зат есім
Зат есімЗат есім
Зат есім
 

Моғолстан

  • 1. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Восход жалпы орта білім беретін мектебі Адиев Жасулан Самиголлиевич тарих пәнінің мұғалімі Мақсаты: Білімділік: Мауараннахр билеушісі Әмір Темірдің көрші мемлекеттер – Ақ Орда, Алтын Орда, Моғолстанға жорығы жайлы талдау, басқыншылық зардабын көрсету; Дамытушылық: Оқушыларға өз бетінше ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру; Тәрбиелік: Адамгершілікке, қандай да болсын басқыншылық соғыс атаулыны жек көруге тәрбиелеу; Көрнекілік: «Әмір Темір жорықтары» картасы, жаңа тақырыпқа, үй тапсырмасына қатысты кестелер, карточкалық сұрақтар, «Мазар» диограммасы. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру. II. Жаңа білімді қалыптастыру. Ой қозғау. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қою. 1. Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында құрылған мемлекет (Моғолстан) 2. Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі ұлан-ғайыр жерді алып жатқан үлкен мемлекет (Алтын Орда) 3. ХІІІ ғасыр мен ХV ғасырдың басында Шығыс Гешті Қыпшақта өмір сүрген мемлекет (Ақ Орда) Топтастыру: Сұрақтардың жауабын алған соң, мемлекет атауларын тақтаға іліп, су атаулар бойынша «шырша»әдісімен үш топқа бөлу. 1. Моғолстан 2. Алтын Орда 3. Ақ Орда Үш топқа жеке-жеке сұрақтар беріп, жаңа тақырыпқа шығу. (жұмбақ кейіпкерлерді табу) «Моғолстан» тобына: «Алтын Орда» тобына: «Ақ Орда» тобына: Үш топтың да сұрақтарын тақтаға іліп, ортақ кейіпкерлерді жазу. Жазба деректерге қарағанда «Батпақ шайқасында» екі жақтан он мыңға жуық адам қырылған. Шайқаста Моғолстан ханы Ілияс – Қожа жеңіске жеткен. Ол болса қашып құтыл-ған. Тоқтамыс оның көмегімен Алтын Орда билігін өз қолына алды. Бірақ Тоқтамыстың опасыздығы үшін Алтын Ордаға бірнеше рет шабуыл жасап, өзі әлсіреп тұрған елді бас көтере алмастай етіп қиратты. Ол Тоқтамысқа қару-жарақ беріп, Ақ Орданы басып алуға жіберді. Тоқтамыстың жорығы еш нәтиже бермеді. Тек Тоқтақия қайтыс болғасын ол Тоқтамысты Ақ Орданың тағына отырғызды. ӘМІР ТЕМІР АЛТЫН ОРДА МОҒОЛ- СТАН АҚ ОРДА
  • 2. Тақтаға жаңа тақырып пен жоспарын жазу, картаны іліп, Әмір Темірдің жаулаушылық жорығын көрсету. Жоспары: 1. Алтын Орда жеріне жасалған жорығы 2. Моғол хандығына жорығы 3. Жаулап алу зардаптары Оқулықпен жұмыс: Жауап берген оқушыларды бағалап отыру. Бағалау парағы: (Үш топқа бір парақтан, топ жетекшілері белгілеп отырады «+») Бағасы Аты- жөні «3» «4» «5» + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + 1-тапсырма:Жоспар бойынша үш топқа тақырыпшаларды бөліп беріп, оқып талдауға 10 минут уақыт беру. Шектелген уақыт өткен соң әр топтан бір оқушыға қысқаша айтқызу, топ болып жаңа сабаққа қатысты тақтаға ілінген екі кестені толтыртқызу. 1 – кесте 2 –кесте 2-тапсырма: «Рольге ену» (бөлініп берілген тапсырма бойынша үзінді беріп, сондағы тарихи тұлғаның роліне ену). 1-топ: 1391 жыл 21 қаңтар, Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы дау. (диалог құру) 2-топ:1371 –1372 жылдардағы сәтті жорықтан кейінгі Әмір Темір мен оның Моғолстанға аттандырған әскерін басқарған әскербасы арасындағы әңгіме. (диалог құру) 3-топ:Әмір Темір жорығының зардабын көрген «қария». ІІІ. Жаңа сабақты қорытындылау. Жаңа тақырып бойынша берілген екі кестені пайдаланып, әр бөліміне, яғни, оқиғаның болған жылдары, зардаптары және Әмір Темірдің ішкі-сыртқы саясаттарына тоқтала отырып оқушылар арқылы қорытынды жасау. ІV. Үйге тапсырма беру. 1)§25 оқу; 2)«Әмір Темір жорықтары» кестесін толтыру; 3)Тақырыпта кездесетін тарихшылардың сөздерін, жаңа сөздерді қосымша дәптерлерге жазу; 4) «Мазар» диаграммасын толтыру (Ақ Орда, Алтын Орда, Моғолстан және Мауареннахр мемлекеттерінің сыртқы саясаттарын «Мазардың» төрт қабырғасына, ортақ белгілерін күмбезіне жазу) V. Үй тапсырмасын тексеру. §22, §23, §24 Әмір Темірдің саясаты ішкі сыртқы Әмір Темір жорықтары жылы оқиға зардабы
  • 3. Ақ Орда, Алтын Орда, Моғолстан мемлекеттері бойынша үй тапсырмасын сұрау, карточка бойынша сұрақтар беру. Үй тапсырмасы бойынша «жеті» оқушыны тақтаға шығарып кесте арқылы жеті тапсырма беру. 1-тапсырма:Алтын Орда мемлекеті. Ретін тап: «Алтын Орда хандары» Батый, Берке, Тохты, Меңгу-Темір, Өзбек, Шейх- Ахмед, Жәнібек. 2-тапсырма: Алтын Орда мемлекеті. «Кім? Қашан? Билік құрған?» Хандар: Өзбек, Берке, Тохты, Батый, Меңгу-Темір, Жәнібек, 20 астам хан. Жылдар: 1312-1342 жж, 1357-1380 жж, 1256-1266 жж, 1266-1280 жж, 1290-1312 жж, 1227-1255 жж, 1342-1357 жж. (ватманға әзірленген қалташаларға ретімен салу) 3-тапсырма: Ақ Орда мемлекеті. Ретін тап: «Ақ Орда хандары» Барақ, Ұрұс, Мүбәрак, Ерзен, Қойыршақ, Тоқтамыс, Әбілхайыр. (ватманға әзірленген қалташаларға ретімен салу) 4-тапсырма: Ақ Орда мемлекеті. «Кім? Қашан? Не істеді?» ХV ғ. 2 ширегі, Қойыршақ, Барақ, Ұрұс, Мүбәрак, Ерзен. 1) Ақ Орданың қалалық мәдениеті дамыды. Хан көптеген қалаларда мешіт, медіреселер салғызды. 2) Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін әрекет жасаған. Темірдің немересі Қлықбекті жеңіп, көптеген қалаларды өзіне қаратты. 3) 1327-1328 жылдары Сығанақ қаласында өз атынан теңге соқтырды. Бірақ бұл жағдайға Алтын Орда билеушілері қарсы болды. 4) Талас-тартысты дер кезінде пайдаланып Ақ Орда билігін өз қолына алды. 1368-1369 жылдары сығанақ қаласында өз атынан теңге соқтырды. 5) Әмір Темір 1395 жылы Тоқтамыстың орнына Ақ Орда тағына отырғызды. 6) Ақ Орданың Алтын Ордадан біржола бөліне бастаған кезі. (ватманға әзірленген қалташаларға ретімен салу) 5-тапсырма: Алтын Орда мемлекеті. «Ішкі, сыртқы саясаты» Батый, Берке, Тохты, Меңгу-Темір, Өзбек, Тоқтамыс. 1)Алтын Ордада билік құрған кезде 1382 жылы Мәскеуге басып кіріп қаланы өртеп жіберді. 2) Ол батысқа жеті жыл жорық жасап, көптеген елдерді басып алды. Алтын Орда шекарасы батысқақарай кеңейіп, күшейе түсті. 3)Билік құрған кезде Иран, Кавказ елдерімен сауда қатынасы дамыды. Египет мәмлүктерімен тығыз байланыста болды. 4) Алтын Орда ханы. Қалалық өмірдің дамуына көп көңіл бөлген. Оның билігі кезінде ислам діні мемлекеттік дін деп жарияланды. 5)Ол билік құрған кезде Монғол империясына тәуелділігін мойындамады. Египет сұлтаны Бейбарыспен байланысын күшейтті. Әзірбайжан жеріне мешіт салдырды. 6)1271 жылы Алтын Орданың Египетпен байланысына кедергі келтіруге тырысқан Византияға жорық ұйымдастырып, бейбіт келісімге келген. (ватманға әзірленген қалташаларға ретімен салу) 6-тапсырма: Моғолстан мемлекеті. Ретін тап: «Моғолстан хандары» Ілияс-Қожа, Полодшы, Қызыр-Қожа, Есен-Бұға, Шер-Мұхаммед, Абдар-Рашид, Мұхаммед, Шамс-ад-Дин, Қамар-ад-Дин, Тоғылық-Темір, Жүніс, Уәйіс. (ватманға әзірленген қалташаларға ретімен салу) 7-тапсырма: Моғолстан мемлекеті. «Кім? Қашан? Не істеді?» Полодшы, Тоғылық-Темір, Ілияс-Қожа, Қамар-ад-Дин, Жүніс, Қызыр-Қожа.
  • 4. 1)Шағатай ханның ұрпағы Дува ханның немересі. 1348 он алты жасында Моғолстан ханы болып сайланды. 2)Тоғылық-Темір 1360-1361 жылдары Мауараннахрға екі рет жорық жасап, оны сонда хан тағына отырғызып қайтты. «Батпақ шайқасында» ол жеңіске жетті. 3) Оның тұсында Моғол хандығы Әмір Темір шабуылынан әбден әлсірейді. хандық бірнеше иеліктерге бөлініп, ол Темірге тәуелділігін мойындайды. 4) Моғол хандығында билік еткен дулат тайпасының атақты әмірі. Ол өзін тыңдайтын Тоғылық-Темірдің соңғы ұрпағын хан тағына отырғызып, дулат тайпасының әмірлерінің жағдайын жақсартуға күш салды. 5) Ол Есен-Бұғамен таққа таласады. Есен-Бұға хан тағына отырғасын ол Әбу Саидтан көмек сұрайды. Жетікентте билік құрған ол Есен-Бұға қаза болғасын Моғолстанға келіп өзін хан етіп жариялайды. 6) Моғолстан хандығын басқарған, Шағатай ханға адал қызмет еткен, дулат тайпасының әміршісі. (ватманға әзірленген қалташаларға ретімен салу) Карточкалық сұрақтар: (Үй тапсырмасы бойынша) 1.Алтын Орданың орталығы қай қала? (Сарай-Бату,Сарай-Берке) 2.Алтын Ордада іс-қағаздарын жүргізушілер қалай аталады? (білікшілер,хатшылар) 3.Алтын Ордада әскери істі кім басқарды? (беклер бек) 4.Парсы тарихшысы Жувейни былай деп кім туралы жазған: «Оның ордасына саудагерлер барлық жерлерден келіп жатты. Ол тауарлардың барлығын алғызып, оның үстіне бағаны артығымен төлеп отырды »? (Батый хан) 5. Ақ Орданың орталығы қай қала? (Сығанақ) 6. «Шағатай хан өз мемлекетін үлестерге бөлген, өзіне адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Полодшыға Маңлай-Сүбе жерін берген» – деген сөз кімнің дерегінде кездеседі? (Мұхаммед Хайдар Дулати) 7. Моғолстан орталығы қай қала? (Алмалық) 8. «Қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен көлденеңі 7-8 айшылық жол. Шығыс шеті қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл, Емел және Ертісті өзіне қосады. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз (Балқаш), Түркістамен және Ташкентпен шектеседі, оңтүстігінде Ферғана уәлаятымен Қашғар, Ақсу, Шалыш және Тұрфанмен шектеседі» – деп кімнің еңбегінде көрсетілген? (Тарих-и-Рашиди) VI. Бағалау. Бағалау парағындағы оқушылардың алған баға деңгейі бойынша бағалау.