SlideShare a Scribd company logo
(Халы а ыны Иманжан Жыл айдар лынық қ қ ұ ң
ту анына 125 жыл )ғ
Мультимедиялы мірбаянды жадынамаө қ
Бұл мультимедиялы өмірбаяндық жадынама халық
ақыны Иманжан Жылқайдарұлының туғанына 125 жылды
-ғына арналған. Жадынамада ақынның өмірі,
шығармашылығы, өлеңдері жазылған.
Төмендегідей бөлімдерден тұрады:
1.” Тауына тартып туған ұл”
2.”Халық өнерінің хас шебері”
3.” Ақынның баласы Мұқанға шығарған өлеңі”
4.”Қарт ұстазым-Иманжан”
5. Пайдаланған әдебиеттер
Жадынама жалпы оқырмандарға,студенттерге,
оқушыларға, ұстаздарға арналған.
Ұрпақтарға болашақ аңыз болар жыр болар,
Осы жерден тараған не бір алып тұлғалар.
Деген бар ғой: “Туған ұл топырағына тартады”,
Қасиетті атадан қасиетті ұл қалар
Жанысбаев Т.
Кіріспе сөзКіріспе сөз
Қасиетті Ұлытау жері қашанда таланттыға кенде болмаған.
Солардың бірі-Иманжан Жылқайдарұлы десек артық болмас.
Тауына тартып ту ан лғ ұТауына тартып ту ан лғ ұ
Иманжан Жылқайдарұлы 1886 жылы 28 қаңтар айында бұрынғы Ақмола
облысы, Атбасар ауданына қарасты Ұлытау болысында (бүгінгі Қарағанды
облысы,Ұлытау ауданының Арпабұлақ бөлімшесінде) дүниеге келді.
Иманжанның әкесі Жылқайдар от ауызды,ортақ тілді шешен адам болған.
Ал, шешесі атақты Жәуке батырдың інісі Шоңның Қалипа атты ақылына
көрікті сай сұлу қызы екен. Қазақтың ежелгі салт-дәстүріне сай Иманжан
жеті жасқа жеткенше үлкен шешесі-әжесі Бұлдықара бәйбішенің тәрбиесінде
болып, оның тәлімін алады. Балалық шағы Ұлытаудың ең бір шұрайлы да
шуақты, мөлдіреген бұлақты, жайнаған жасыл нуы бар бар,көрген көздің
жауын алатын ғаламат,ғажап бөктерінде өтеді. Иманжан Жылқайдарұлы
жастайынан өлең-жырға,домбыраға құмартты. Үлкен әженің бауырында
жүргенде Арқа еліне атағы сол кезде кеңінен танымал болған Сәмбет
күйшіден домбыра тартуды үйренеді.
Жастайынан өлең-жыр,домбыраға
құмар Иманжан есейе келе серілік,
салдық, ақындық жолға түседі. Оның
ескіше оқып, хат танып, сауат ашуына
әкесі Жылқайдар елеулі ықпал еткен.
Әкесі Жылқайдар мыңды айдаған бай
болды. Тігілген үйдің екі жағындағы
шалғыны жапырылмайтын.
Сондай қатал да ызғарлы,сұсты әкенің
кәріне ұшырамау үлкенге де, кішіге де
сын болатын. Иманжанның сауатын ашу
үшін Уфадан арнайы молда алдырған.
Зерек те алғыр Иманжанның білімге ден қоя білуі оның алғашқы
ұстазы Әмірғали Құлтыбайұлының назарынан тыс қалған жоқ. Ол
оған “ақын болғың келсе, шығыс шиырларын оқып, үйрен”деп
кеңес береді. Өзі Иманжанның араб,парсы, шағатай тілдерін еркін
меңгеруіне, оқып,жаза білуіне үлес қосады. Бұл Иманжанның
шығыс дастандары мен хиссаларын түпнұсқадан оқып үйренуіне
мүмкіндік береді.
Иманжанның сегіз баласы: 3 ұл, 5 қыз болған.Үшінші баласы
Мұқаннан- басқасы жас шағында қайтыс болыпты. Баласы
жазушы Мұқан Иманжанов 43 жас қана өмір сүрген.
.
Мұқан Иманжанов танымал жазушы,прозаик. Міне, бір отбасынан ақын да,
жазушы да шықты. Ұлытаудың тумасы Шытырбаев Түлкібай Досымұлының
”Ұлытау-мақтанышым менің” атты кітабында (Алматы,2007) Иманжан
Жылқайдаров туралы былай суреттейді: “Иманжан әкей біздің үйге көп келіп
жаздай жатушы еді үйткені менің әкем Досым қашан зейнет ақыға
шыққанша жастайынан таудың күнгей бетінде Айбас, Дара,
Тоғызбай, Арпабұлақ және Иманжанның қыстауы Қызыл үйде
қыстап,жазда төртқара байдың қызыл тамын жәйлайтын да, біздің
осы жерде отырғанда келіп өзінің туып-өскен, кіндік қаны тамған
жерін аңсап келіп аунап-қунап жататын. Ол кісі елге силы,
әңгімешіл,көрген кісісін ұмытпайтын әсіресе балалардың атына
дейін жадына сақтайтын зерек кісі еді.” (158-168 бет )
Иманжан ақын көп жыл Алматыда тұрды. Баласы Мұқан қайтыс
болғаннан кейін өмірінің соңғы жылдары Жезқазған қалашығында
тұрды. Иманжан Жылқайдарұлы 1972 жылы дүниеден өтті.
Бәйбішесі екеуінің тірі кезіндегі айтатын армандары“Туған жерден
топырақ бұйырса болғаны” дейтін тілегін туыстары орындады.
Ұлытаудың батысындағы өзінің ата-бабалары жатқан “Қызылтамға”
қойылды.
(164бет)
Екеулеп ажал қарттың әлсіреттік
Тың едім дақ түспеген кешегі күнде.
Тұғырдан қалған аттан жұрдай қылып,
Жататын нағыз кеуде төсегінде.
Орныңа өрт салдыңда тайып тұрдың,
Жолдасың құндағынан шіркін жаттың.
Жетеуін ажал келіп алғанында,
Мұқан бар,елеспеді,жас албырттың.
Баламның бас аяғы сегіз еді,
Қалдырмай тазаладың қолғанаттың.
Көктөбе жер ортасы дегендей-ақ,
Ағыздың көз жасымды,аңыраттың.
Иманжан ақынның баласы М ан айтыс бол андаұқ қ ғ
шығарған өлеңі. 1958 жыл 18 март
Жетпістің келдім биыл бесеуіне,
Ай-жылма, өтеді өмір пешеңіне.
Ажалдың қай күні келер ер мәлімі жоқ.
Тағдырдың кім жетеді нешеуіне.
Дегенге қартайасың көңлім сезбей,
Әр істің қасіретін тартқан білер.
Жас күнде кім болжайды шалдық келмей,
Бүркеніп отырасың төсегіңде.
Бұрынғы кей жүргендер сәлем бермей,
Көрерсің көресіңді көрге түспей,
Жасыма осы менің келсең өлмей...
(Өлең қысқартылып жазылды)
Шытырбаев Т.Д. “Ұлытау-мақтанышым
менің”- 165-168 бетте.
Астында топырақтың балам жатыр,
Жер болып бірер жылда жоғалатын,
Басына белгі қойып орнатуға,
Қол қысқа жетпей жатыр қаражатым.
Аға-інім,үлкен-кіші жазған хатын,
Халыққа қайғылы қарт белгілі атым.
Тіленіп бір алладан өтінемін,
Көркейсе ұрпақтанып кейінгі артым...
Халы неріні хас шеберіқ ө ңХалы неріні хас шеберіқ ө ң
Ақынның суырып салма ақындығы жас
кезінен байқалады. Бірінші рет Иманжан ауылдың
ақыны Бибіғалы Онғарбаевамен айтысады. Содан
бастап ауыл арасында ақындық, жыршылық аты
тарай бастап, басқа ақындармен ұсақ айтыстарға
да түсе бастайды. Өзінің өлеңдерін халық
арасында революцияға дейін орындап жүреді.
Халық ақындары Балуан-Шолақпен, айтыскер
ақын Ыбырай Сандыбаймен,Ақан Серімен, Тайжан
Қалмағанбетовпен үнемі кездесіп тұрған. Сол уақытта оны “Өлеңші
бала”деп атаған екен. Иманжан арабша, парсы,шағатай тілін меңгерген.
Соның арқасында ол Шығыстың ұлы ағартушыларының мұраларымен
және ауыз әдебиетін танысып білуге мүмкіндік береді.
Иманжан Жылқайдаров ғылыми экспедицияның тарихи-этнографиялық
материалдарын жинауға қатысқан.Сол кездегі Орталық Қазақстанның
экспедициясын басқарған академик Ә.Марғұлан еді. Осы экспедициядан
алған әсерінен “Саяхатшы сыры” атты поэмасы дүниеге келді.
1928 жылы қазақтың көрнекті жазушысы Сәбит Мұқанов
Қарсақбайда болғанда осы өлкенің танымал ақындары Тайжан және
Иманжанмен алғашқы рет танысады. Олар туралы Сәбит өзінің “Өмір
мектебі” атты трилогиясының “Қарсақбайға саяхат” деген бөлімінде
жазады. Ақынның поэзиялық мұрасы өте бай. Ол халықтық аңыз
әңгімелер, мақал-мәтелдерді және ақындар айтысының мәтінін
жинақтаған. Иманжан ақын тек өлең лирикасы мен эпос
құрастырушысы ғана емес сонымен қатар ол сықақшы. Өткір әзіл-
оспақ қалжыңдары “Сөз күші” (Сила слова) атты жинағында
“Жазушы” баспасынан 1967 жылы шықты.
Асылы,Иманжан Жылқайдарұлы жыршы,әңгімеші, шежіреші,өлке-
танушы, құсбегі, аудармашы, сал-сері бір сөзбен айтқанда,
заманында қатарластырының алдындағы озық ойлысы болған.
Ақынның өлеңдерін, жырларын оқығанда оның шығармаларының
басты тақырыбы- Отан,туған жер, елдік пен ерлік, адамгершілік
болып жалғаса береді. Халық ақыны Иманжанның арнасы кең. Ол
нені айтып, нені жырласа да жүрегімен жарыла ақтарылып, тебіренеді.
Айтпақ ойына образдар мен тың теңеулерді таба білген. Ақынның
ақындық қуатының өзі де дәл осында болса керек. Ол табиғатты
адамның ой-сезім дүниесіне бағындыра жанды бейнеде суреттейді.
“Ұлытау” деген өлеңінде:
Айнадай жарқырайды суы жайнап,
Тасқа су шағылысып жалт-жұлт ойнап,
Көл суы балдан тәтті, қардан суық,
Шымырлап көбіктеніп бұрқ-бұрқ, қайнап,
Жігі жоқ екі шоқы өрген тастан,
Айтуға да болады жақын аспан.
Жүргінші ұшпа бұлттар түлеп қонып,
Секілді қонақ үйде басын қосқан
Жігі жоқ екі шоқы өрген тастан,
Айтуға да болады жақын аспан.
Жүргінші ұшпа бұлттар түлеп қонып,
Секілді қонақ үйде басын қосқан
Айнала жасыл шалғын, көкшіл құрақ,
Ну ағаш қалың біткен сыртын орап,
Күзеткен осыларды жасақшыдай
Қисайып жатыр көлбеп арша сұлап,-
деп өзі туып өскен жердің
пейзаждық суретін береді.
1970 жылы Жезқазған қалашығындағы
Кеншілер мәдениет сарайында Қазақстан
Республикасы мен Қазақстан Компартиясының
50 жылдығына орай жергілікті ақындардың
айтыс-концертіне қатысқан.
шешімімен “Жезқазған қаласының құрметті атағы” берілді. 1938
жылдан бастап СССР Жазушылар Одағының мүшесі болған.
1948 жылы Иманжан Жылқайдаров
Әлішер Навоидің поэмасы мен өлеңін және
қара сөзін қазақшаға аударған. Сол уақытта
ақынның бір қатар өлеңдері “Сәуле”,
“Ақмарқа”, “Қалқаман”, “Әлібидің ерлігі” т.б.
өлеңдері баспа беттеріне жарияланды.
Бір жылдан кейін осы сарайда Иманжан Жылқайдаровтың 85
жылдығы және шығармашылдық қызметінің 70 жылдығына
байланысты салтанатты кеш ұйымдастырылған. Кеште көптеген
құттықтау сөздер оның ішінде СССР Жазушылар және Қазақстан
Жазушылар Одағы басқармасы атынан және ғалымдар мен
партиялық органдар, еңбек ұжымдары жылы лебіздерін білдірді.
Иманжан Жылқайдаровқа Жезқазған Қалалық Атқару комитетінің
Ақынның шығармашылығының елеулі бір саласы бақытты
балалық шақты жырлауға арналған. Осығай орай оның 1959 жылы
жарық көрген өлеңдер жинағының “Жастарым,жайна” деп аталуы
әбден орынды. Бұл жинаққа ақынның жиырмаға тарта өлеңдері
енген. Ақын жастарды өнер үйренуге шақырған.
Ақынның әр кездердегі өлең-жырларын қашан оқысаң да дәл бүгін
жазылғандай ескірмейді. Бұл да болса ақын жырларының
өміршеңдігін көрсетеді. Шығыс әдебиетін оқып үйренген ол соған
еліктеп,тұңғыш өлеңін сабынның сыртына салынған жылтыр
қағаздағы әдемі, сұлу қызға деген сезімін жырға түсіріп “Гүлжаһанға”
деген атпен жазып жібереді.Өлең былай басталады:
Иесі Гүлжаһансың бұл сабынның,
Кейпің бар формасындай бір сағымсың.
Төсіңнен төменгі жер әммасы жоқ,
Келмейді бұл реті ырғағыңның.
Почтамен мен жіберсем біраз өлең,
Өнерін сен де көрсет тіл жағыңның.
Өлеңге аса шебер болмасаңыз,
Тіл сөйлеп,ізін түсір бармағыңның.
Ризалы бойың жарға,көңілің хош па,
Көзің сал қағаздағы мына нәшка
Қолыңа тие қалса жауап қайыр
Осындай жіберілді жаяу почта.
Мәлімсіз кім екені түсініксіз,
Қайқиып жетіп келед кесік баста.
Сартпысың,татармысың, өзбекпісің,
Білдіріп ата-тегін сөз раста.
Біреудің ақ некелі жары болсаң,
Екінші сабынменен атың шашпа?
Қыз болсаң саған міне жаздым жауап,
Бойдақпын тиер болсаң сөз раста.
Атбасар дуанымыз,Ақмола облыс.
Мекенім отырған жер Ұлытау болыс,
Жылқайдар әкем аты, мен Иманжан.
Мінеки,біздің адрес,осы дұрыс.
( Мырзабеков Б.Мысты өңір.-2006.-
11 тамыз.-8-9 бет )
Болаша мірқ өБолаша мірқ ө ЖылқайдаровЖылқайдаров И. ,халықИ. ,халық
а ынықа ынық
Гогольдің өрлеп жүрсең кең көшесін
Бағына Панфиловтың кездесесің.
Қыс шарап,кәтілеті, жаз қымызы.
Сусындап ат шалдырып түстенесің
Бойыңды салқын ұстап тұмауратсаң,
Тастайсың ауырлықтың он есесін.
Алдыңызда Горькийдің бау-бақшасы,
Сырты тау,алды өзен екі жағы.
Көрмеге күжілдетіп қойған жайнап,
Жолбарыс, арыстан,аю аңдар тағы.
Көз көріп тіл айта алмас тамашасын,
Асхана дайындаған шарап асын,
Жамылып көк желекті маржан тізген,
Меңзейсің аруларға әр ағашын.
Маралдай маңғаздар жүр керіп қасын,
Жарымен қолтықтасып изеп басын.
Қырандай бозбалалар шүйлігіп жүр,
Тартқандай таң тоспадан томағасын.
Мейрамдап басын осып р демалыс,қ ә
н сонда,Ә әзіл күлкі,ыстық қағыс.
Ойынның орталығы ордасында,
Өнерлі ойынпаздар тапқан табыс
Аз емес жүрген сонда кемпір-шалдар,
Кесердей ақ орамал желпіп қолда.
Бейне бір балапандай тізбектелген,
Сүт кенже немерелер еріп сонда.
Сауық кеш ойын үйі қыс пенен жаз,
Көреді орындыққа отырып қаз.
Кездесті сол арада екі жас қыз,
Аңырап сымбатына тұрдым біраз.
Қасына болды мүмкін тоқтап тұрғам,
Аталық мейірім түсіп келді көргім.
Пішінмен еркелеген ширатылып,
Аталап кетті құрмет,демей бұл кім.
Толықсып атқан таңдай сар
иектен,
Зұлпыдай асып бұғақ ақ иектен.
Бойына ойы серік сымбат шырай,
Жас дәуір көрем бүгін келешектен.
Шытырбаев Т лкібай Досым лыныү ұ ң
Иманжан Жылқайдаровқа шығарған өлеңі:
Қарт ұстазым-Иманжан
Қиыспай бір өлеңім қиналғанда,
Көрсеттім үйге келген қарт ақынға.
Ол оқып,оқып басын шайқай,
Сүйенді қолындағы таяғына.
Менде үнсіз қапа болдым төмен қарай,
Жоқ әлде,сынай тұрма мені байқап.
Бір кезде,әй “ақыным”-деді маған.
Сен оқы,ақындардың ауылын,шарлап.
Арала елдің ішін-жеріңді көр,
Боласың ақын сонда қара да тұр.
Тыңдасаң мына менің ақылымды,
Халық пен күндіз-түні сен бірге жүр.
Осылай деді маған қарт ұстазым
Осыны жүрегімде қатты ұстадым.
Иманжан-әкем еді бата беріп,
Үйімде қона жатып мені ұғатын.
Қарт ұстаз әкем еді ел ойлаған
Әңгімесін ұйып жұрты көп тыңдаған.
Шежіре еді тарихты қозғағанда,
Шіркін-ай жазып әттең неге алмадым
Шытырбаев Т.Д. “Ұлытау-мақтанымшым
менің”-14-15 бетте
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мұқанұлы Ө.Ұлытаудан қанаттанған қырандар.-Алматы:Қазақпарат,
2005.-114-115 б.
2. Ұлытау ақындары: (Мақалалар,өлеңдер,толғаула,айтыстар)-
Алматы: Эверо,2007.-55-60 б.
3. Шытырбаев Т.Д. Ұлытау-мақтанышым менің:Өлеңдер,әңгімелер
жинағы.-Алматы,2007.-115-168 б.
Х Х Х
1.Мырзабеков Б. Халық өнерінің хас шебері:(Иманжан Жылқайдарұлының
туғанына*120 жыл) // Сарыарқа.-2006 (№55).-28 шілде.-4 б.
2.Мырзабеков Б. Тауына тартып туған ұл: Мұра //Мысты өңір.-2006.-11
тамыз.-8-9 б.
3.Жетібаева Б. Жерлестердің жадында:( Халық ақыны Иманжан
Жылқайдарұлы 115 жаста) // Сарыарқа.-2001(№20).-16 ақпан.-2 б.
Х Х Х
1.Букуров С. Из глубин народных: К 100- летию со дня рождения акына
Иманжана Жылкайдарова // Джезказганская правда.-1986.-28 февраля.
2.Жуманов А. Народный акын Иманжан // Жезказганская правда.-20011.-24
января.-С.3
Компьютерден терген және құрастыртырған:
Бекетова К.А.- АББ меңгерушісі.
Безендіруші: Зыкрин Ж.Ж.- бағдарламашы.

More Related Content

What's hot

Қара өлеңнің аңсадым дара шыңын...”
Қара өлеңнің аңсадым  дара шыңын...”Қара өлеңнің аңсадым  дара шыңын...”
Қара өлеңнің аңсадым дара шыңын...”
sanvia
 
Makataev
MakataevMakataev
Makataev
DNT_
 
ұлылық туралы ұлағат 2
ұлылық туралы ұлағат 2ұлылық туралы ұлағат 2
ұлылық туралы ұлағат 2sanvia
 
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жылМұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Abilkair Zhakupov
 
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tomKilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Дулат Кабыл
 
256fd
256fd256fd
мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5sanvia
 
Fariza ongarsynova
Fariza ongarsynovaFariza ongarsynova
Fariza ongarsynova
temnosvet
 
мұхтар омарханұлы әуезов
мұхтар омарханұлы әуезовмұхтар омарханұлы әуезов
мұхтар омарханұлы әуезовGotov .kz
 
үш байтерек б.с.д.
үш байтерек б.с.д.үш байтерек б.с.д.
үш байтерек б.с.д.
Asem Sarsembayeva
 
а.кунанбаев
а.кунанбаева.кунанбаев
а.кунанбаев
dimissanova
 
улендермим с
улендермим сулендермим с
улендермим сnurbolat84
 
Мое творчество
Мое творчествоМое творчество
Мое творчествоnurbolat84
 
Ақтамберді жырау
Ақтамберді жырауАқтамберді жырау
Ақтамберді жырау
Айбек Қуандықұлы
 
алматы мастер класс
алматы мастер классалматы мастер класс
алматы мастер класс
Asem Sarsembayeva
 
отаншыл патриоттарды тәрбиелеу
отаншыл патриоттарды тәрбиелеуотаншыл патриоттарды тәрбиелеу
отаншыл патриоттарды тәрбиелеу
Asem Sarsembayeva
 
вертуальная выставка
вертуальная выставкавертуальная выставка
вертуальная выставка
Jako Bektibaev
 
ғылыми жұмыс
ғылыми жұмысғылыми жұмыс
ғылыми жұмыс
nurbolat84
 

What's hot (20)

Қара өлеңнің аңсадым дара шыңын...”
Қара өлеңнің аңсадым  дара шыңын...”Қара өлеңнің аңсадым  дара шыңын...”
Қара өлеңнің аңсадым дара шыңын...”
 
Makataev
MakataevMakataev
Makataev
 
ұлылық туралы ұлағат 2
ұлылық туралы ұлағат 2ұлылық туралы ұлағат 2
ұлылық туралы ұлағат 2
 
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жылМұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
 
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tomKilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
 
256fd
256fd256fd
256fd
 
мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5
 
Fariza ongarsynova
Fariza ongarsynovaFariza ongarsynova
Fariza ongarsynova
 
мұхтар омарханұлы әуезов
мұхтар омарханұлы әуезовмұхтар омарханұлы әуезов
мұхтар омарханұлы әуезов
 
үш байтерек б.с.д.
үш байтерек б.с.д.үш байтерек б.с.д.
үш байтерек б.с.д.
 
а.кунанбаев
а.кунанбаева.кунанбаев
а.кунанбаев
 
М. Әуезов Абай жолы
М. Әуезов Абай жолыМ. Әуезов Абай жолы
М. Әуезов Абай жолы
 
улендермим с
улендермим сулендермим с
улендермим с
 
Мое творчество
Мое творчествоМое творчество
Мое творчество
 
Ақтамберді жырау
Ақтамберді жырауАқтамберді жырау
Ақтамберді жырау
 
М. Әуезовтың шығармашылығы
М. Әуезовтың шығармашылығыМ. Әуезовтың шығармашылығы
М. Әуезовтың шығармашылығы
 
алматы мастер класс
алматы мастер классалматы мастер класс
алматы мастер класс
 
отаншыл патриоттарды тәрбиелеу
отаншыл патриоттарды тәрбиелеуотаншыл патриоттарды тәрбиелеу
отаншыл патриоттарды тәрбиелеу
 
вертуальная выставка
вертуальная выставкавертуальная выставка
вертуальная выставка
 
ғылыми жұмыс
ғылыми жұмысғылыми жұмыс
ғылыми жұмыс
 

Viewers also liked

35 жыл ундескен тарих
35 жыл ундескен тарих35 жыл ундескен тарих
35 жыл ундескен тарих
sanvia
 
Әнші–ақындар шығармашылығы.
Әнші–ақындар шығармашылығы.Әнші–ақындар шығармашылығы.
Әнші–ақындар шығармашылығы.
Айбек Қуандықұлы
 
Ханшатыр жанындағы Талдыкөлді ЕХРО 2017 туристері орталығына айналдыру
Ханшатыр жанындағы Талдыкөлді ЕХРО 2017 туристері орталығына айналдыруХаншатыр жанындағы Талдыкөлді ЕХРО 2017 туристері орталығына айналдыру
Ханшатыр жанындағы Талдыкөлді ЕХРО 2017 туристері орталығына айналдыру
Muhamedrahim Kursabaev61
 
Логикалык есеп
Логикалык есепЛогикалык есеп
Логикалык есеп
Айбек Қуандықұлы
 
Әлем шаттық пен сұлулыққа толатын күн
Әлем шаттық пен сұлулыққа толатын күнӘлем шаттық пен сұлулыққа толатын күн
Әлем шаттық пен сұлулыққа толатын күн
Meiyrzhan Auelkhan
 
Корей халық аспаптары
Корей халық аспаптарыКорей халық аспаптары
Корей халық аспаптары
Айбек Қуандықұлы
 

Viewers also liked (6)

35 жыл ундескен тарих
35 жыл ундескен тарих35 жыл ундескен тарих
35 жыл ундескен тарих
 
Әнші–ақындар шығармашылығы.
Әнші–ақындар шығармашылығы.Әнші–ақындар шығармашылығы.
Әнші–ақындар шығармашылығы.
 
Ханшатыр жанындағы Талдыкөлді ЕХРО 2017 туристері орталығына айналдыру
Ханшатыр жанындағы Талдыкөлді ЕХРО 2017 туристері орталығына айналдыруХаншатыр жанындағы Талдыкөлді ЕХРО 2017 туристері орталығына айналдыру
Ханшатыр жанындағы Талдыкөлді ЕХРО 2017 туристері орталығына айналдыру
 
Логикалык есеп
Логикалык есепЛогикалык есеп
Логикалык есеп
 
Әлем шаттық пен сұлулыққа толатын күн
Әлем шаттық пен сұлулыққа толатын күнӘлем шаттық пен сұлулыққа толатын күн
Әлем шаттық пен сұлулыққа толатын күн
 
Корей халық аспаптары
Корей халық аспаптарыКорей халық аспаптары
Корей халық аспаптары
 

Similar to Иманжан Жылқайдарұлы

№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
ssuser7a793e
 
15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
ssuser7a793e
 
с бит
с  битс  бит
с бит
oquzaman
 
елінің еңлік гүлі
елінің еңлік гүліелінің еңлік гүлі
елінің еңлік гүліulugbek81
 
Төлеген Айбергенов
Төлеген АйбергеновТөлеген Айбергенов
Төлеген Айбергенов
Айбек Қуандықұлы
 
сәбит мұқанов
сәбит мұқановсәбит мұқанов
сәбит мұқановrs95
 
Aimautov
AimautovAimautov
байтұрсынов 2
байтұрсынов 2байтұрсынов 2
байтұрсынов 2Dan41k
 
Қазақстанның Халық қаһарманы Қасым Қайсеновке 100 жыл
Қазақстанның Халық қаһарманы Қасым Қайсеновке 100 жыл Қазақстанның Халық қаһарманы Қасым Қайсеновке 100 жыл
Қазақстанның Халық қаһарманы Қасым Қайсеновке 100 жыл
Orleu Taraz
 
жұбан молдағалиев
жұбан молдағалиевжұбан молдағалиев
жұбан молдағалиевrs95
 
«Информатика көшбасшысы"
«Информатика көшбасшысы"«Информатика көшбасшысы"
«Информатика көшбасшысы"
Айбек Қуандықұлы
 
Bir el - bir kitap 2021
Bir el - bir kitap 2021Bir el - bir kitap 2021
Bir el - bir kitap 2021
ssuser19e2ac
 
гылыми жоба байкауы
гылыми жоба байкауыгылыми жоба байкауы
гылыми жоба байкауы
nurbolat84
 
олжас сүлейменов
олжас сүлейменоволжас сүлейменов
олжас сүлейменовGotov .kz
 
Cпандияр Көбеев.ppt
Cпандияр Көбеев.pptCпандияр Көбеев.ppt
Cпандияр Көбеев.ppt
BIka
 
о.сүлейменов
о.сүлейменово.сүлейменов
о.сүлейменовGotov .kz
 
Айтұлы Несіпбек Байтерек шығармасы талдау.pptx
Айтұлы Несіпбек Байтерек шығармасы талдау.pptxАйтұлы Несіпбек Байтерек шығармасы талдау.pptx
Айтұлы Несіпбек Байтерек шығармасы талдау.pptx
ssuser65c8d2
 
баян шы5аруо
баян  шы5аруобаян  шы5аруо
баян шы5аруо
Nurlan Abilhanov
 
шәкәрім құдайбердіұлы
шәкәрім құдайбердіұлышәкәрім құдайбердіұлы
шәкәрім құдайбердіұлыGotov .kz
 

Similar to Иманжан Жылқайдарұлы (20)

№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
 
15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
 
жабаев жамбыл
жабаев жамбылжабаев жамбыл
жабаев жамбыл
 
с бит
с  битс  бит
с бит
 
елінің еңлік гүлі
елінің еңлік гүліелінің еңлік гүлі
елінің еңлік гүлі
 
Төлеген Айбергенов
Төлеген АйбергеновТөлеген Айбергенов
Төлеген Айбергенов
 
сәбит мұқанов
сәбит мұқановсәбит мұқанов
сәбит мұқанов
 
Aimautov
AimautovAimautov
Aimautov
 
байтұрсынов 2
байтұрсынов 2байтұрсынов 2
байтұрсынов 2
 
Қазақстанның Халық қаһарманы Қасым Қайсеновке 100 жыл
Қазақстанның Халық қаһарманы Қасым Қайсеновке 100 жыл Қазақстанның Халық қаһарманы Қасым Қайсеновке 100 жыл
Қазақстанның Халық қаһарманы Қасым Қайсеновке 100 жыл
 
жұбан молдағалиев
жұбан молдағалиевжұбан молдағалиев
жұбан молдағалиев
 
«Информатика көшбасшысы"
«Информатика көшбасшысы"«Информатика көшбасшысы"
«Информатика көшбасшысы"
 
Bir el - bir kitap 2021
Bir el - bir kitap 2021Bir el - bir kitap 2021
Bir el - bir kitap 2021
 
гылыми жоба байкауы
гылыми жоба байкауыгылыми жоба байкауы
гылыми жоба байкауы
 
олжас сүлейменов
олжас сүлейменоволжас сүлейменов
олжас сүлейменов
 
Cпандияр Көбеев.ppt
Cпандияр Көбеев.pptCпандияр Көбеев.ppt
Cпандияр Көбеев.ppt
 
о.сүлейменов
о.сүлейменово.сүлейменов
о.сүлейменов
 
Айтұлы Несіпбек Байтерек шығармасы талдау.pptx
Айтұлы Несіпбек Байтерек шығармасы талдау.pptxАйтұлы Несіпбек Байтерек шығармасы талдау.pptx
Айтұлы Несіпбек Байтерек шығармасы талдау.pptx
 
баян шы5аруо
баян  шы5аруобаян  шы5аруо
баян шы5аруо
 
шәкәрім құдайбердіұлы
шәкәрім құдайбердіұлышәкәрім құдайбердіұлы
шәкәрім құдайбердіұлы
 

Иманжан Жылқайдарұлы

  • 1. (Халы а ыны Иманжан Жыл айдар лынық қ қ ұ ң ту анына 125 жыл )ғ Мультимедиялы мірбаянды жадынамаө қ
  • 2. Бұл мультимедиялы өмірбаяндық жадынама халық ақыны Иманжан Жылқайдарұлының туғанына 125 жылды -ғына арналған. Жадынамада ақынның өмірі, шығармашылығы, өлеңдері жазылған. Төмендегідей бөлімдерден тұрады: 1.” Тауына тартып туған ұл” 2.”Халық өнерінің хас шебері” 3.” Ақынның баласы Мұқанға шығарған өлеңі” 4.”Қарт ұстазым-Иманжан” 5. Пайдаланған әдебиеттер Жадынама жалпы оқырмандарға,студенттерге, оқушыларға, ұстаздарға арналған. Ұрпақтарға болашақ аңыз болар жыр болар, Осы жерден тараған не бір алып тұлғалар. Деген бар ғой: “Туған ұл топырағына тартады”, Қасиетті атадан қасиетті ұл қалар Жанысбаев Т. Кіріспе сөзКіріспе сөз
  • 3. Қасиетті Ұлытау жері қашанда таланттыға кенде болмаған. Солардың бірі-Иманжан Жылқайдарұлы десек артық болмас. Тауына тартып ту ан лғ ұТауына тартып ту ан лғ ұ Иманжан Жылқайдарұлы 1886 жылы 28 қаңтар айында бұрынғы Ақмола облысы, Атбасар ауданына қарасты Ұлытау болысында (бүгінгі Қарағанды облысы,Ұлытау ауданының Арпабұлақ бөлімшесінде) дүниеге келді. Иманжанның әкесі Жылқайдар от ауызды,ортақ тілді шешен адам болған. Ал, шешесі атақты Жәуке батырдың інісі Шоңның Қалипа атты ақылына көрікті сай сұлу қызы екен. Қазақтың ежелгі салт-дәстүріне сай Иманжан жеті жасқа жеткенше үлкен шешесі-әжесі Бұлдықара бәйбішенің тәрбиесінде болып, оның тәлімін алады. Балалық шағы Ұлытаудың ең бір шұрайлы да шуақты, мөлдіреген бұлақты, жайнаған жасыл нуы бар бар,көрген көздің жауын алатын ғаламат,ғажап бөктерінде өтеді. Иманжан Жылқайдарұлы жастайынан өлең-жырға,домбыраға құмартты. Үлкен әженің бауырында жүргенде Арқа еліне атағы сол кезде кеңінен танымал болған Сәмбет күйшіден домбыра тартуды үйренеді.
  • 4. Жастайынан өлең-жыр,домбыраға құмар Иманжан есейе келе серілік, салдық, ақындық жолға түседі. Оның ескіше оқып, хат танып, сауат ашуына әкесі Жылқайдар елеулі ықпал еткен. Әкесі Жылқайдар мыңды айдаған бай болды. Тігілген үйдің екі жағындағы шалғыны жапырылмайтын. Сондай қатал да ызғарлы,сұсты әкенің кәріне ұшырамау үлкенге де, кішіге де сын болатын. Иманжанның сауатын ашу үшін Уфадан арнайы молда алдырған. Зерек те алғыр Иманжанның білімге ден қоя білуі оның алғашқы ұстазы Әмірғали Құлтыбайұлының назарынан тыс қалған жоқ. Ол оған “ақын болғың келсе, шығыс шиырларын оқып, үйрен”деп кеңес береді. Өзі Иманжанның араб,парсы, шағатай тілдерін еркін меңгеруіне, оқып,жаза білуіне үлес қосады. Бұл Иманжанның шығыс дастандары мен хиссаларын түпнұсқадан оқып үйренуіне мүмкіндік береді. Иманжанның сегіз баласы: 3 ұл, 5 қыз болған.Үшінші баласы Мұқаннан- басқасы жас шағында қайтыс болыпты. Баласы жазушы Мұқан Иманжанов 43 жас қана өмір сүрген. .
  • 5. Мұқан Иманжанов танымал жазушы,прозаик. Міне, бір отбасынан ақын да, жазушы да шықты. Ұлытаудың тумасы Шытырбаев Түлкібай Досымұлының ”Ұлытау-мақтанышым менің” атты кітабында (Алматы,2007) Иманжан Жылқайдаров туралы былай суреттейді: “Иманжан әкей біздің үйге көп келіп жаздай жатушы еді үйткені менің әкем Досым қашан зейнет ақыға шыққанша жастайынан таудың күнгей бетінде Айбас, Дара, Тоғызбай, Арпабұлақ және Иманжанның қыстауы Қызыл үйде қыстап,жазда төртқара байдың қызыл тамын жәйлайтын да, біздің осы жерде отырғанда келіп өзінің туып-өскен, кіндік қаны тамған жерін аңсап келіп аунап-қунап жататын. Ол кісі елге силы, әңгімешіл,көрген кісісін ұмытпайтын әсіресе балалардың атына дейін жадына сақтайтын зерек кісі еді.” (158-168 бет ) Иманжан ақын көп жыл Алматыда тұрды. Баласы Мұқан қайтыс болғаннан кейін өмірінің соңғы жылдары Жезқазған қалашығында тұрды. Иманжан Жылқайдарұлы 1972 жылы дүниеден өтті. Бәйбішесі екеуінің тірі кезіндегі айтатын армандары“Туған жерден топырақ бұйырса болғаны” дейтін тілегін туыстары орындады. Ұлытаудың батысындағы өзінің ата-бабалары жатқан “Қызылтамға” қойылды. (164бет)
  • 6. Екеулеп ажал қарттың әлсіреттік Тың едім дақ түспеген кешегі күнде. Тұғырдан қалған аттан жұрдай қылып, Жататын нағыз кеуде төсегінде. Орныңа өрт салдыңда тайып тұрдың, Жолдасың құндағынан шіркін жаттың. Жетеуін ажал келіп алғанында, Мұқан бар,елеспеді,жас албырттың. Баламның бас аяғы сегіз еді, Қалдырмай тазаладың қолғанаттың. Көктөбе жер ортасы дегендей-ақ, Ағыздың көз жасымды,аңыраттың. Иманжан ақынның баласы М ан айтыс бол андаұқ қ ғ шығарған өлеңі. 1958 жыл 18 март Жетпістің келдім биыл бесеуіне, Ай-жылма, өтеді өмір пешеңіне. Ажалдың қай күні келер ер мәлімі жоқ. Тағдырдың кім жетеді нешеуіне.
  • 7. Дегенге қартайасың көңлім сезбей, Әр істің қасіретін тартқан білер. Жас күнде кім болжайды шалдық келмей, Бүркеніп отырасың төсегіңде. Бұрынғы кей жүргендер сәлем бермей, Көрерсің көресіңді көрге түспей, Жасыма осы менің келсең өлмей... (Өлең қысқартылып жазылды) Шытырбаев Т.Д. “Ұлытау-мақтанышым менің”- 165-168 бетте. Астында топырақтың балам жатыр, Жер болып бірер жылда жоғалатын, Басына белгі қойып орнатуға, Қол қысқа жетпей жатыр қаражатым. Аға-інім,үлкен-кіші жазған хатын, Халыққа қайғылы қарт белгілі атым. Тіленіп бір алладан өтінемін, Көркейсе ұрпақтанып кейінгі артым...
  • 8. Халы неріні хас шеберіқ ө ңХалы неріні хас шеберіқ ө ң Ақынның суырып салма ақындығы жас кезінен байқалады. Бірінші рет Иманжан ауылдың ақыны Бибіғалы Онғарбаевамен айтысады. Содан бастап ауыл арасында ақындық, жыршылық аты тарай бастап, басқа ақындармен ұсақ айтыстарға да түсе бастайды. Өзінің өлеңдерін халық арасында революцияға дейін орындап жүреді. Халық ақындары Балуан-Шолақпен, айтыскер ақын Ыбырай Сандыбаймен,Ақан Серімен, Тайжан Қалмағанбетовпен үнемі кездесіп тұрған. Сол уақытта оны “Өлеңші бала”деп атаған екен. Иманжан арабша, парсы,шағатай тілін меңгерген. Соның арқасында ол Шығыстың ұлы ағартушыларының мұраларымен және ауыз әдебиетін танысып білуге мүмкіндік береді. Иманжан Жылқайдаров ғылыми экспедицияның тарихи-этнографиялық материалдарын жинауға қатысқан.Сол кездегі Орталық Қазақстанның экспедициясын басқарған академик Ә.Марғұлан еді. Осы экспедициядан алған әсерінен “Саяхатшы сыры” атты поэмасы дүниеге келді.
  • 9. 1928 жылы қазақтың көрнекті жазушысы Сәбит Мұқанов Қарсақбайда болғанда осы өлкенің танымал ақындары Тайжан және Иманжанмен алғашқы рет танысады. Олар туралы Сәбит өзінің “Өмір мектебі” атты трилогиясының “Қарсақбайға саяхат” деген бөлімінде жазады. Ақынның поэзиялық мұрасы өте бай. Ол халықтық аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдерді және ақындар айтысының мәтінін жинақтаған. Иманжан ақын тек өлең лирикасы мен эпос құрастырушысы ғана емес сонымен қатар ол сықақшы. Өткір әзіл- оспақ қалжыңдары “Сөз күші” (Сила слова) атты жинағында “Жазушы” баспасынан 1967 жылы шықты. Асылы,Иманжан Жылқайдарұлы жыршы,әңгімеші, шежіреші,өлке- танушы, құсбегі, аудармашы, сал-сері бір сөзбен айтқанда, заманында қатарластырының алдындағы озық ойлысы болған. Ақынның өлеңдерін, жырларын оқығанда оның шығармаларының басты тақырыбы- Отан,туған жер, елдік пен ерлік, адамгершілік болып жалғаса береді. Халық ақыны Иманжанның арнасы кең. Ол нені айтып, нені жырласа да жүрегімен жарыла ақтарылып, тебіренеді. Айтпақ ойына образдар мен тың теңеулерді таба білген. Ақынның ақындық қуатының өзі де дәл осында болса керек. Ол табиғатты адамның ой-сезім дүниесіне бағындыра жанды бейнеде суреттейді.
  • 10. “Ұлытау” деген өлеңінде: Айнадай жарқырайды суы жайнап, Тасқа су шағылысып жалт-жұлт ойнап, Көл суы балдан тәтті, қардан суық, Шымырлап көбіктеніп бұрқ-бұрқ, қайнап, Жігі жоқ екі шоқы өрген тастан, Айтуға да болады жақын аспан. Жүргінші ұшпа бұлттар түлеп қонып, Секілді қонақ үйде басын қосқан Жігі жоқ екі шоқы өрген тастан, Айтуға да болады жақын аспан. Жүргінші ұшпа бұлттар түлеп қонып, Секілді қонақ үйде басын қосқан Айнала жасыл шалғын, көкшіл құрақ, Ну ағаш қалың біткен сыртын орап, Күзеткен осыларды жасақшыдай Қисайып жатыр көлбеп арша сұлап,- деп өзі туып өскен жердің пейзаждық суретін береді.
  • 11. 1970 жылы Жезқазған қалашығындағы Кеншілер мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы мен Қазақстан Компартиясының 50 жылдығына орай жергілікті ақындардың айтыс-концертіне қатысқан. шешімімен “Жезқазған қаласының құрметті атағы” берілді. 1938 жылдан бастап СССР Жазушылар Одағының мүшесі болған. 1948 жылы Иманжан Жылқайдаров Әлішер Навоидің поэмасы мен өлеңін және қара сөзін қазақшаға аударған. Сол уақытта ақынның бір қатар өлеңдері “Сәуле”, “Ақмарқа”, “Қалқаман”, “Әлібидің ерлігі” т.б. өлеңдері баспа беттеріне жарияланды. Бір жылдан кейін осы сарайда Иманжан Жылқайдаровтың 85 жылдығы және шығармашылдық қызметінің 70 жылдығына байланысты салтанатты кеш ұйымдастырылған. Кеште көптеген құттықтау сөздер оның ішінде СССР Жазушылар және Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы атынан және ғалымдар мен партиялық органдар, еңбек ұжымдары жылы лебіздерін білдірді. Иманжан Жылқайдаровқа Жезқазған Қалалық Атқару комитетінің
  • 12. Ақынның шығармашылығының елеулі бір саласы бақытты балалық шақты жырлауға арналған. Осығай орай оның 1959 жылы жарық көрген өлеңдер жинағының “Жастарым,жайна” деп аталуы әбден орынды. Бұл жинаққа ақынның жиырмаға тарта өлеңдері енген. Ақын жастарды өнер үйренуге шақырған. Ақынның әр кездердегі өлең-жырларын қашан оқысаң да дәл бүгін жазылғандай ескірмейді. Бұл да болса ақын жырларының өміршеңдігін көрсетеді. Шығыс әдебиетін оқып үйренген ол соған еліктеп,тұңғыш өлеңін сабынның сыртына салынған жылтыр қағаздағы әдемі, сұлу қызға деген сезімін жырға түсіріп “Гүлжаһанға” деген атпен жазып жібереді.Өлең былай басталады: Иесі Гүлжаһансың бұл сабынның, Кейпің бар формасындай бір сағымсың. Төсіңнен төменгі жер әммасы жоқ, Келмейді бұл реті ырғағыңның. Почтамен мен жіберсем біраз өлең, Өнерін сен де көрсет тіл жағыңның. Өлеңге аса шебер болмасаңыз, Тіл сөйлеп,ізін түсір бармағыңның.
  • 13. Ризалы бойың жарға,көңілің хош па, Көзің сал қағаздағы мына нәшка Қолыңа тие қалса жауап қайыр Осындай жіберілді жаяу почта. Мәлімсіз кім екені түсініксіз, Қайқиып жетіп келед кесік баста. Сартпысың,татармысың, өзбекпісің, Білдіріп ата-тегін сөз раста. Біреудің ақ некелі жары болсаң, Екінші сабынменен атың шашпа? Қыз болсаң саған міне жаздым жауап, Бойдақпын тиер болсаң сөз раста. Атбасар дуанымыз,Ақмола облыс. Мекенім отырған жер Ұлытау болыс, Жылқайдар әкем аты, мен Иманжан. Мінеки,біздің адрес,осы дұрыс. ( Мырзабеков Б.Мысты өңір.-2006.- 11 тамыз.-8-9 бет )
  • 14. Болаша мірқ өБолаша мірқ ө ЖылқайдаровЖылқайдаров И. ,халықИ. ,халық а ынықа ынық Гогольдің өрлеп жүрсең кең көшесін Бағына Панфиловтың кездесесің. Қыс шарап,кәтілеті, жаз қымызы. Сусындап ат шалдырып түстенесің Бойыңды салқын ұстап тұмауратсаң, Тастайсың ауырлықтың он есесін. Алдыңызда Горькийдің бау-бақшасы, Сырты тау,алды өзен екі жағы. Көрмеге күжілдетіп қойған жайнап, Жолбарыс, арыстан,аю аңдар тағы. Көз көріп тіл айта алмас тамашасын, Асхана дайындаған шарап асын, Жамылып көк желекті маржан тізген, Меңзейсің аруларға әр ағашын. Маралдай маңғаздар жүр керіп қасын, Жарымен қолтықтасып изеп басын. Қырандай бозбалалар шүйлігіп жүр, Тартқандай таң тоспадан томағасын.
  • 15. Мейрамдап басын осып р демалыс,қ ә н сонда,Ә әзіл күлкі,ыстық қағыс. Ойынның орталығы ордасында, Өнерлі ойынпаздар тапқан табыс Аз емес жүрген сонда кемпір-шалдар, Кесердей ақ орамал желпіп қолда. Бейне бір балапандай тізбектелген, Сүт кенже немерелер еріп сонда. Сауық кеш ойын үйі қыс пенен жаз, Көреді орындыққа отырып қаз. Кездесті сол арада екі жас қыз, Аңырап сымбатына тұрдым біраз. Қасына болды мүмкін тоқтап тұрғам, Аталық мейірім түсіп келді көргім. Пішінмен еркелеген ширатылып, Аталап кетті құрмет,демей бұл кім. Толықсып атқан таңдай сар иектен, Зұлпыдай асып бұғақ ақ иектен. Бойына ойы серік сымбат шырай, Жас дәуір көрем бүгін келешектен.
  • 16. Шытырбаев Т лкібай Досым лыныү ұ ң Иманжан Жылқайдаровқа шығарған өлеңі: Қарт ұстазым-Иманжан Қиыспай бір өлеңім қиналғанда, Көрсеттім үйге келген қарт ақынға. Ол оқып,оқып басын шайқай, Сүйенді қолындағы таяғына. Менде үнсіз қапа болдым төмен қарай, Жоқ әлде,сынай тұрма мені байқап. Бір кезде,әй “ақыным”-деді маған. Сен оқы,ақындардың ауылын,шарлап. Арала елдің ішін-жеріңді көр, Боласың ақын сонда қара да тұр. Тыңдасаң мына менің ақылымды, Халық пен күндіз-түні сен бірге жүр.
  • 17. Осылай деді маған қарт ұстазым Осыны жүрегімде қатты ұстадым. Иманжан-әкем еді бата беріп, Үйімде қона жатып мені ұғатын. Қарт ұстаз әкем еді ел ойлаған Әңгімесін ұйып жұрты көп тыңдаған. Шежіре еді тарихты қозғағанда, Шіркін-ай жазып әттең неге алмадым Шытырбаев Т.Д. “Ұлытау-мақтанымшым менің”-14-15 бетте
  • 18. Пайдаланған әдебиеттер: 1. Мұқанұлы Ө.Ұлытаудан қанаттанған қырандар.-Алматы:Қазақпарат, 2005.-114-115 б. 2. Ұлытау ақындары: (Мақалалар,өлеңдер,толғаула,айтыстар)- Алматы: Эверо,2007.-55-60 б. 3. Шытырбаев Т.Д. Ұлытау-мақтанышым менің:Өлеңдер,әңгімелер жинағы.-Алматы,2007.-115-168 б. Х Х Х 1.Мырзабеков Б. Халық өнерінің хас шебері:(Иманжан Жылқайдарұлының туғанына*120 жыл) // Сарыарқа.-2006 (№55).-28 шілде.-4 б. 2.Мырзабеков Б. Тауына тартып туған ұл: Мұра //Мысты өңір.-2006.-11 тамыз.-8-9 б. 3.Жетібаева Б. Жерлестердің жадында:( Халық ақыны Иманжан Жылқайдарұлы 115 жаста) // Сарыарқа.-2001(№20).-16 ақпан.-2 б. Х Х Х 1.Букуров С. Из глубин народных: К 100- летию со дня рождения акына Иманжана Жылкайдарова // Джезказганская правда.-1986.-28 февраля. 2.Жуманов А. Народный акын Иманжан // Жезказганская правда.-20011.-24 января.-С.3
  • 19. Компьютерден терген және құрастыртырған: Бекетова К.А.- АББ меңгерушісі. Безендіруші: Зыкрин Ж.Ж.- бағдарламашы.