Желі стандарттарының түрлері:
-Желіге арналған стандарттар
- ІЕЕЕ стандарттары
Интернет архитектурасы туралы кеңес
- RFC құжаттары
- W3C косорциумы
Қазіргі таңда біз компьютерлік желілерге, әсіресе интернет желісіне кез
келген құрылғыны, мысалы, ноутбук, смартфон, ДК, планшет және т.б. қоса
аламыз. Ол біз пайдаланып отырған құрылғының ОЖ, өндіруші компаниясына,
пайдаланып отырған программамызға тәуелді емес.
Бірақ желілердің дамуының алғашқы кезеңінде, 1960-1970 жж бір өндірушінің
құрылғысын екінші өндірушінің құрылғысымен байланыстыру мүмкін емес еді.
Мысалы ІВМ құрылғылары тек ІВМ құрылғыларымен байланыстыру мүмкіншілігі
ғана бар еді. Оған басты себеп:
- Құрылғылардың өзара сәйкессіздігі;
- Программалық қамтамасыз етудің сәйкессіздігі
- Әртүрлі желілік хаттамалардың қолданылуы
Осы мәселелердің шешу үшін құрылғылар, бағдарламалық қамтама және
желілік хаттамалар үшін стандарттар керек болды.
Стандарт түрлері
De jure (заңды) стандарттарды осы стандарттарды қабылдау құқығына ие
ұйымдар қабылдайды.
De facto (фактический) — қолданыс барысында өздігінен пайда болған
стандарттар. Мысалы қолдануға ыңғайлы жаңа технология пайда болып, ол өте
жылдам әрі кең таралуы мүмкін. Ол заңды ережелерсіз ақ халқаралық стандартқа
айналуы мүмкін.Оның айқын мысалы ТСР/ІР хаттамасы.
Желіге арналған стандарттар
Желілермен жұмыс жасау үшін сан алуан стандарттар қабылданған. Соладың
ішінен ең маңызды, кең таралғандарын қарастырсақ:
- Халқаралық стандарттау үйымы (IOS) стандарт ретінде OSI эталондық
моделін қабылдады. Ол компьютерлік желілер қалай құрылуы керек екенін
сипаттайды.
- Электроника және электротехника инженерлерінің институты (ІЕЕЕ)
мәлімет алмасу технологияларының стандарттарын қабылдайды.
- Интернет архитектура жайлы кеңес интернет хаттамаларының
стандарттарын қабылдайды
- W3C консорциумы Web ауқымындағы стандарттарды қабылдайды.
2.
IEEE стандарты
ІЕЕЕ институтыкомпьютерлік желілер ғана емес, басқа да электроника
өнімдерінің стандарттарын бекітеді. Инстититут комитеттерге бөлінген.
Компьютерлік желілерге арналған стандарттармен № 802 комитет айналысады.
№ Бағыты
802.3 Ethernet желісі
802.11 Сымсыз локальдық желілер (WiFi)
802.15 Жеке сымсыз желілер(Bluetooth)
802.16 WiMAX кеңжолақты сымсыз желілер
Әрбір № стандарттар тобы. Мысалы, 802.3 стандарты Fast Ethernet, Gigabit
Ethernet және 10 Gigabit Ethernet секілді Ethernetтехнологиялардың барлығын
қамтиды.
Интернет архитектура жайлы кеңес
Кеңес екі бөлікке бөлінген Интернетті зерттеу тобы (Internet Research Task
Force, IRTF) интернет саласындағы перспективалық бағытты зерттейді..
№2 топ Интернетті жобалау тобы (Internet Engineering Task Force, IETF)
желілік хаттамаларға стандарттар құрастырады. IETF - RFC (Request for
Comments) құжаттарын немесе пікірлерге сұраныстар дайындайды. Осы құжаттар
интернет хаттамалардың толығырақ сипаттамаларынан тұрады. Егер сіз басқа
хаттамаларды қолданатын болсақ, сіздің бағдарламаларыңыз интернет желісінде
жұмыс жасай алмайды.
RFC құжаттары
Әрбір RFC құжаттың өзінің жеке бірегей номері бар және ол қандай да бір
интернет хаттамасын сипаттайды.
W3C консорциумі (World Wide Web)
W3C Веб беттерге арналған стандарттарды құрастырады. Консорциум
құжаттары RFC құжаттары секілді формальды құжаттар болып табылады. Олар
3.
стандарттар деп аталмайды,тек қана ұсыныс ретінде қолданылады. Бірақ бұл
ұсыныстарды қолданбасаңыз веб ресурстармен жұмыс жасай алмайсыз.
W3C консорциумінің ең маңызды ұсыныстары келесілер болып табылады:
Html тілі;
Css каскадты стильдер кестесі;
Веб сервистер архитектурасы жайлы кеңестер;
Xml тілі.