SlideShare a Scribd company logo
Сейдалиева Лейла Камидуллаевна, магистр, аға оқытушы
Тақырып 12. Микроклимат туралы түсінік,
параметрлері. Оңтайлы климаттық
жағдайлары
Тіршілік қауіпсіздігінің
негіздері және еңбекті
қорғау
1. Микроклимат туралы түсінік
2. Микроклиматтық параметрлер және оларды бақылаудың әдістері
3. Микроклиматты топтастыру
Дәріс мақсаты:
- өндірістік ғимараттарда ауа құрамы мен параметрлеріне әсер ететін
құбылыстар мен процестер, адамдардың еңбегі мен демалысына жайлы
жағдайды қамтамасыз ететін, қауіпсіз еңбек ету үшін микроклиматтың қолайлы
параметрлерін жасақтауды меңгеру
- өндірістік орындардың жұмыс зонасындағы микроклиматтық шарттарды
мөлшерлеудің қағидасын оқып білу және ортаның анықталған параметрлерінің
жақсаруына тиімді әсері туралы студенттерде ғылыми және инженерлік
көзқарастарын дамыту
- параметрлерін бағалау жайлы білімдерді қалыптастыру
1. Микроклимат туралы түсінік
Микроклимат – ол, жабық бөлмелерді сыртқы қолайсыз әсерден қорғайтын
комфорттық жағдайды камтамасыз етуге жасалған жасанды климаттық жағдайлар.
Өндірістік ортаның метеорологиялық шарттары - ауалы ортаның физикалық
жағдайына тәуелді және негізгі метеорологиялық элементтерімен сипатталады.
Олар:
- қоршаған ортаның температурасы
- ауа қозғалысының жылдамдығы және ылғалдылығы
- барометрлік қысымы
- қондырғылардың және қолданылатын заттар мен бұйымдардың қыздырылған
беттерінің жылулық сәулеленуі жатады.
Осы өндіріс бөліміне лайықты бұл себептердің жиынтығы өндірістік микроклимат
деп аталады.
Өндірістік және қосымша бөлмелерде жарықтандыру, жылыту, ауаның
айналымы және конденсациялануы ауалық ортаның адамның денсаулығын
сақтауға және оның жұмыс қабілеттілігін жоғарылатуға қолайлы жағдайлар
жасауға мүмкіндік береді.
Жылу алмасуды химиялық және физикалық деп бөледі.
Химиялық жылу алмасу зат алмасу деңгейінің өзгеруімен сипатталады.
Физикалық жылу алмасу ағзаның қоршаған ортаға жылу алмасуын сипаттайды.
Түрлі жылу алмасулардың арасындағы қатынастар метеорологиялық
факторларға тәуелді өзгереді.
Өндірістік жұмыс орындарындағы температура өндірістік ортадағы
метеорологиялық жағдайды анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып
табылады.
Жоғары температураның адам ағзасына ұзақ уақыт бойы әсері, әсіресе жоғары
ылғалдылықта, адам ағзасында жылудың көп мөлшерде жиналуына соқтырады
(мысалы, гипертония, кан қысымының артуы).
Жылу бөлініуді төмендетудің шаралары:
- жылу тасымалдайтын бу-газ құбырларын және қондырғыларын жылу сақтайтын
материалдармен қаптау;
– құрал-жабдықтардың герметизациясы;
– ауа алмасу жүйесін пайдалану;
– жеке қорғану заттарды қолдау.
Жұмыс
дәрежесі
Ауа темпера-
турасы,0С
Салыстырмалы
ылғалдылық,%
Ауаның қозғалу
жылдамдығы,
м/сек
үйлесімді мүмкін үйлесімді мүмкін үйлесімді мүмкін
І 20-23 19-25 60-40 75 0,2 0,2
Іа 18-20 17-23 60-40 75 0,2 0,3
Іб 17-19 15-21 60-40 75 0,3 0,4
2 16-18 13-19 60-40 75 0,3 0,5
Жылдың суық және ауыспалы кезеңдерінде
өндіріс аймағындағы микроклимат параметрлері
Жұмыс дәрежесінің жіктелімі:
І жұмыс дәрежесіне – отырып, тұрып немесе жүріп істейтін, денеге күш
түсірмейтін жеңіл жұмыстар жатады
Іа – салмақ түсірмейтін орташа ауырлықтағы жұмыстар
Іб – 10 кг-ға дейін салмақ түсіретін орташа ауырлықтағы жұмыстар
2 - ауыр жұмыстар
Микроклиматтағы параметрлердің және жұмыстың ауырлығына байланысты
адам организміндегі температураны реттеу - термореттеу деп аталады.
Термореттелу кезінде денедегі артық жылу қоршаған ортаға, жылулық
сәулелену арқылы және тердің кебу процестері арқылы беріледі. Термореттеу
тек қана микроклиматтың белгілі бір параметрлерін қамтамасыз
етеді.Термореттеу орталық жүйке жүйесінің бақылауындағы физиологиялық
процесс. Ол ағзадағы зат алмасу процесінде үздіксіз түзілетін жылу мөлшері
мен қоршаған ортаға үздіксіз берілетін жылу артығы арасындағы тепе - теңдікті,
яғни адам ағзасындағы жылу балансын үстап тұруды қамтамасыз етеді.
Термореттеу химиялық және физикалық болып бөлінеді. Химиялық
термореттеу ағза қызу қауіпінде немесе салқындауда алмасудың күшеюімен
зат алмасу деңгейінің төмендеуімен орындалады. Дегенмен сыртқы ортамен
ағзаның жылулық тепе-теңдігіндегі химиялық термореттеуіның ролі қоршаған
ортаға жылу беруді реттейтін физикалық термореттеумен салыстырғанда
айтарлықтай емес.
2. Микроклиматтық параметрлер және оларды бақылаудың әдістері
Микроклимат параметрлерінің ауа ортасының санитарлық нормаларына сәйкес
келуін білу үшін, температура, қатыстық ылғалдылық және ауа қозғалысының
жылдамдығын сандық бағалау қажет.
Өндірістік ғимараттардағы ауа температурасы әдетте біршама шектерде ауытқиды.
Сондықтан оны объективті бағалау үшін өлшеуді ғимараттың бірнеше сипаттамалы
нүктелерінде жұмыс орнының еденнен 1,3-1,5 м деңгейінде ауысымның әртүрлі
уақытында жүргізеді. Тыныс алу зонасы температурасының айтарлықтай айырмасы
кезінде қосымша аяқ астынан еденнен 0,15-0,2 м деңгейінде өлшеулер жасайды.
Өлшеу нүктелері, ереже бойынша жылу көзі мен ғимараттың сыртқы қабырғасынан
1 м қашықтыққа жақын орналаспауы тиіс.
*Тыныс алу зонасы – жұмыскердің бетінен радиусы 50 см дейінгі кеңістік.
Температураны өлшеу құралдары:
- термометр (спиртті немесе сынапты)
- термограф
- булы термометр
- электрлік термометр
Қатыстық ылғалдылықты өлшеу құралдары:
- психрометр
- гигрометр
- гигрограф
- электронды психрометр
Ауаның қозғалыс жылдамдығын өлшеу құралдары:
- конструкциялы анемометр
- механикалық анемометр (қанатты және табақшалы)
- индукционды анемометр
- кататермометр
- электроанемометр
- аэродинамикалық анемометр
Жылулық сәулеленудің қарқындылығын өлшеу құралдары:
- актинометр
2. Микроклиматты топтастыру
Гигиеналық классификациясы бойынша микроклиматтық жағдайлары төрт топқа
бөлінеді:
1- оптималдық (адамға ұзақ және жүйелі әсер етуі кезінде термореттеу
реакциясының күшеюінсіз ағзаның қалыпты функционалдық және жылу жағдайын
сақтауды қамтамасыз ететін микроклиматтық параметрлердің үйлесуі)
2 - шекті, болуы мүмкін (ауытқу) (адамға ұзақ және жүйелі әсер етуі кезінде
ағзаның функционалдық және жылу жағдайының өткінші өзгерісін және
термореттеу реакциясының күшеюін туғызатын микроклимат параметрлерінің
үйлесуі)
3 - зиянды (зиянды жұмыс жағдайы гигиеналық нормативтерден жоғары болса
және адам aғзасына қалыпсыз әсер ететін жағдайлары болып есептеледі)
4 - қауіпті (экстремалдық) (адам өміріне қауіп төндіретін,тіпті өлімге алып келетін
жағдай)
Метеорологиялық жағдайларды нормада ұстау және қоршаған ортамен адам
ағзасындағы жылулықты тепе-тең күйде ұстау үшін мынадай шаралар өткізіледі:
- ауыр жұмыстарды механизациялау және автоматизациялау;
- жұмыскерлерді жылу әсерінен сақтандыру үшін жылу шығаратын процестер мен
аппараттарды дистанциялық басқару;
- жылу шығаратын аппараттарды, жабдықтарды, коммуникацияларды және басқа
да жылу шығаратын көздерді тиімді орналастыру және оларды оқшаулау;
-жылу шығаратын жабдықтарды жұмыс орындарға жылу сәулелері бармайтындай
етіп орналастыру немесе ашық жерге қою керек;
- жылу оқшаулауын, жабдықтардың сыртқы қабатының температурасы 45˚С
аспайтын етіп жасау керек;
- жұмыс орындарын жылу сәулесінен қорғау үшін қорғаныс экран, сулы және ауалы
жапқыш жасау керек;
- жұмысшылар жаурамау үшін және тұмаудан сақтандыру үшін ауадан жапқыш
жасап, сыртқы суық ауаны бөлменің жоғары аймағына жібереді ;
- суықта көп уақыт жұмыс істейтіндерге арнаулы бөлмелер жасалады.
Жұмысшылар мезгіл-мезгіл жылынуы үшін беті ашық бу шығаратын шымылдықтар
(ванналар, аппараттар және суы бар шымылдықтар) орналастырылады немесе
жергілікті сорғыштармен жабдықталады;
- жеке қорғану құралдарды қолдану;
- жұмысшыларды ыңғайлы арнаулы киіммен және аяқ киіммен
қамтамасыздандырады;
- қызған беттерді және бу-, газ - құбырларды жылуды шығармайтын
материалдармен (шыны мақтамен, асбесті мастикамен және басқалармен) жабу;
- жабдықтарды герметизациялау ;
- ауаны кондиционерлеу.

More Related Content

More from ssuserde63af

слайд 15.2.pptx
слайд 15.2.pptxслайд 15.2.pptx
слайд 15.2.pptx
ssuserde63af
 
слайд 15.1.pptx
слайд 15.1.pptxслайд 15.1.pptx
слайд 15.1.pptx
ssuserde63af
 
слайд 14.1.pptx
слайд 14.1.pptxслайд 14.1.pptx
слайд 14.1.pptx
ssuserde63af
 
слайд 13.2.pptx
слайд 13.2.pptxслайд 13.2.pptx
слайд 13.2.pptx
ssuserde63af
 
слайд 13.1.pptx
слайд 13.1.pptxслайд 13.1.pptx
слайд 13.1.pptx
ssuserde63af
 
слайд 12.1.pptx
слайд 12.1.pptxслайд 12.1.pptx
слайд 12.1.pptx
ssuserde63af
 
слайд 11.2.pptx
слайд 11.2.pptxслайд 11.2.pptx
слайд 11.2.pptx
ssuserde63af
 
слайд 11.1.pptx
слайд 11.1.pptxслайд 11.1.pptx
слайд 11.1.pptx
ssuserde63af
 
слайд 10.3.pptx
слайд 10.3.pptxслайд 10.3.pptx
слайд 10.3.pptx
ssuserde63af
 
слайд 10.2.pptx
слайд 10.2.pptxслайд 10.2.pptx
слайд 10.2.pptx
ssuserde63af
 
слайд 10.1.pptx
слайд 10.1.pptxслайд 10.1.pptx
слайд 10.1.pptx
ssuserde63af
 
слайд 9.2.pptx
слайд 9.2.pptxслайд 9.2.pptx
слайд 9.2.pptx
ssuserde63af
 
слайд 9.1.pptx
слайд 9.1.pptxслайд 9.1.pptx
слайд 9.1.pptx
ssuserde63af
 
слайд 8.1.pptx
слайд 8.1.pptxслайд 8.1.pptx
слайд 8.1.pptx
ssuserde63af
 
слайд 7.2.pptx
слайд 7.2.pptxслайд 7.2.pptx
слайд 7.2.pptx
ssuserde63af
 
слайд 7.1.pptx
слайд 7.1.pptxслайд 7.1.pptx
слайд 7.1.pptx
ssuserde63af
 
слайд 6.1.pptx
слайд 6.1.pptxслайд 6.1.pptx
слайд 6.1.pptx
ssuserde63af
 
слайд 5.1.pptx
слайд 5.1.pptxслайд 5.1.pptx
слайд 5.1.pptx
ssuserde63af
 
слайд 4.1.pptx
слайд 4.1.pptxслайд 4.1.pptx
слайд 4.1.pptx
ssuserde63af
 
слайд 3.1.pptx
слайд 3.1.pptxслайд 3.1.pptx
слайд 3.1.pptx
ssuserde63af
 

More from ssuserde63af (20)

слайд 15.2.pptx
слайд 15.2.pptxслайд 15.2.pptx
слайд 15.2.pptx
 
слайд 15.1.pptx
слайд 15.1.pptxслайд 15.1.pptx
слайд 15.1.pptx
 
слайд 14.1.pptx
слайд 14.1.pptxслайд 14.1.pptx
слайд 14.1.pptx
 
слайд 13.2.pptx
слайд 13.2.pptxслайд 13.2.pptx
слайд 13.2.pptx
 
слайд 13.1.pptx
слайд 13.1.pptxслайд 13.1.pptx
слайд 13.1.pptx
 
слайд 12.1.pptx
слайд 12.1.pptxслайд 12.1.pptx
слайд 12.1.pptx
 
слайд 11.2.pptx
слайд 11.2.pptxслайд 11.2.pptx
слайд 11.2.pptx
 
слайд 11.1.pptx
слайд 11.1.pptxслайд 11.1.pptx
слайд 11.1.pptx
 
слайд 10.3.pptx
слайд 10.3.pptxслайд 10.3.pptx
слайд 10.3.pptx
 
слайд 10.2.pptx
слайд 10.2.pptxслайд 10.2.pptx
слайд 10.2.pptx
 
слайд 10.1.pptx
слайд 10.1.pptxслайд 10.1.pptx
слайд 10.1.pptx
 
слайд 9.2.pptx
слайд 9.2.pptxслайд 9.2.pptx
слайд 9.2.pptx
 
слайд 9.1.pptx
слайд 9.1.pptxслайд 9.1.pptx
слайд 9.1.pptx
 
слайд 8.1.pptx
слайд 8.1.pptxслайд 8.1.pptx
слайд 8.1.pptx
 
слайд 7.2.pptx
слайд 7.2.pptxслайд 7.2.pptx
слайд 7.2.pptx
 
слайд 7.1.pptx
слайд 7.1.pptxслайд 7.1.pptx
слайд 7.1.pptx
 
слайд 6.1.pptx
слайд 6.1.pptxслайд 6.1.pptx
слайд 6.1.pptx
 
слайд 5.1.pptx
слайд 5.1.pptxслайд 5.1.pptx
слайд 5.1.pptx
 
слайд 4.1.pptx
слайд 4.1.pptxслайд 4.1.pptx
слайд 4.1.pptx
 
слайд 3.1.pptx
слайд 3.1.pptxслайд 3.1.pptx
слайд 3.1.pptx
 

Слайды к лекции 12.pptx

  • 1. Сейдалиева Лейла Камидуллаевна, магистр, аға оқытушы Тақырып 12. Микроклимат туралы түсінік, параметрлері. Оңтайлы климаттық жағдайлары Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері және еңбекті қорғау
  • 2. 1. Микроклимат туралы түсінік 2. Микроклиматтық параметрлер және оларды бақылаудың әдістері 3. Микроклиматты топтастыру Дәріс мақсаты: - өндірістік ғимараттарда ауа құрамы мен параметрлеріне әсер ететін құбылыстар мен процестер, адамдардың еңбегі мен демалысына жайлы жағдайды қамтамасыз ететін, қауіпсіз еңбек ету үшін микроклиматтың қолайлы параметрлерін жасақтауды меңгеру - өндірістік орындардың жұмыс зонасындағы микроклиматтық шарттарды мөлшерлеудің қағидасын оқып білу және ортаның анықталған параметрлерінің жақсаруына тиімді әсері туралы студенттерде ғылыми және инженерлік көзқарастарын дамыту - параметрлерін бағалау жайлы білімдерді қалыптастыру
  • 3. 1. Микроклимат туралы түсінік Микроклимат – ол, жабық бөлмелерді сыртқы қолайсыз әсерден қорғайтын комфорттық жағдайды камтамасыз етуге жасалған жасанды климаттық жағдайлар. Өндірістік ортаның метеорологиялық шарттары - ауалы ортаның физикалық жағдайына тәуелді және негізгі метеорологиялық элементтерімен сипатталады. Олар: - қоршаған ортаның температурасы - ауа қозғалысының жылдамдығы және ылғалдылығы - барометрлік қысымы - қондырғылардың және қолданылатын заттар мен бұйымдардың қыздырылған беттерінің жылулық сәулеленуі жатады. Осы өндіріс бөліміне лайықты бұл себептердің жиынтығы өндірістік микроклимат деп аталады.
  • 4. Өндірістік және қосымша бөлмелерде жарықтандыру, жылыту, ауаның айналымы және конденсациялануы ауалық ортаның адамның денсаулығын сақтауға және оның жұмыс қабілеттілігін жоғарылатуға қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Жылу алмасуды химиялық және физикалық деп бөледі. Химиялық жылу алмасу зат алмасу деңгейінің өзгеруімен сипатталады. Физикалық жылу алмасу ағзаның қоршаған ортаға жылу алмасуын сипаттайды. Түрлі жылу алмасулардың арасындағы қатынастар метеорологиялық факторларға тәуелді өзгереді. Өндірістік жұмыс орындарындағы температура өндірістік ортадағы метеорологиялық жағдайды анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады.
  • 5. Жоғары температураның адам ағзасына ұзақ уақыт бойы әсері, әсіресе жоғары ылғалдылықта, адам ағзасында жылудың көп мөлшерде жиналуына соқтырады (мысалы, гипертония, кан қысымының артуы). Жылу бөлініуді төмендетудің шаралары: - жылу тасымалдайтын бу-газ құбырларын және қондырғыларын жылу сақтайтын материалдармен қаптау; – құрал-жабдықтардың герметизациясы; – ауа алмасу жүйесін пайдалану; – жеке қорғану заттарды қолдау.
  • 6. Жұмыс дәрежесі Ауа темпера- турасы,0С Салыстырмалы ылғалдылық,% Ауаның қозғалу жылдамдығы, м/сек үйлесімді мүмкін үйлесімді мүмкін үйлесімді мүмкін І 20-23 19-25 60-40 75 0,2 0,2 Іа 18-20 17-23 60-40 75 0,2 0,3 Іб 17-19 15-21 60-40 75 0,3 0,4 2 16-18 13-19 60-40 75 0,3 0,5 Жылдың суық және ауыспалы кезеңдерінде өндіріс аймағындағы микроклимат параметрлері Жұмыс дәрежесінің жіктелімі: І жұмыс дәрежесіне – отырып, тұрып немесе жүріп істейтін, денеге күш түсірмейтін жеңіл жұмыстар жатады Іа – салмақ түсірмейтін орташа ауырлықтағы жұмыстар Іб – 10 кг-ға дейін салмақ түсіретін орташа ауырлықтағы жұмыстар 2 - ауыр жұмыстар
  • 7. Микроклиматтағы параметрлердің және жұмыстың ауырлығына байланысты адам организміндегі температураны реттеу - термореттеу деп аталады. Термореттелу кезінде денедегі артық жылу қоршаған ортаға, жылулық сәулелену арқылы және тердің кебу процестері арқылы беріледі. Термореттеу тек қана микроклиматтың белгілі бір параметрлерін қамтамасыз етеді.Термореттеу орталық жүйке жүйесінің бақылауындағы физиологиялық процесс. Ол ағзадағы зат алмасу процесінде үздіксіз түзілетін жылу мөлшері мен қоршаған ортаға үздіксіз берілетін жылу артығы арасындағы тепе - теңдікті, яғни адам ағзасындағы жылу балансын үстап тұруды қамтамасыз етеді. Термореттеу химиялық және физикалық болып бөлінеді. Химиялық термореттеу ағза қызу қауіпінде немесе салқындауда алмасудың күшеюімен зат алмасу деңгейінің төмендеуімен орындалады. Дегенмен сыртқы ортамен ағзаның жылулық тепе-теңдігіндегі химиялық термореттеуіның ролі қоршаған ортаға жылу беруді реттейтін физикалық термореттеумен салыстырғанда айтарлықтай емес.
  • 8. 2. Микроклиматтық параметрлер және оларды бақылаудың әдістері Микроклимат параметрлерінің ауа ортасының санитарлық нормаларына сәйкес келуін білу үшін, температура, қатыстық ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығын сандық бағалау қажет. Өндірістік ғимараттардағы ауа температурасы әдетте біршама шектерде ауытқиды. Сондықтан оны объективті бағалау үшін өлшеуді ғимараттың бірнеше сипаттамалы нүктелерінде жұмыс орнының еденнен 1,3-1,5 м деңгейінде ауысымның әртүрлі уақытында жүргізеді. Тыныс алу зонасы температурасының айтарлықтай айырмасы кезінде қосымша аяқ астынан еденнен 0,15-0,2 м деңгейінде өлшеулер жасайды. Өлшеу нүктелері, ереже бойынша жылу көзі мен ғимараттың сыртқы қабырғасынан 1 м қашықтыққа жақын орналаспауы тиіс. *Тыныс алу зонасы – жұмыскердің бетінен радиусы 50 см дейінгі кеңістік.
  • 9. Температураны өлшеу құралдары: - термометр (спиртті немесе сынапты) - термограф - булы термометр - электрлік термометр Қатыстық ылғалдылықты өлшеу құралдары: - психрометр - гигрометр - гигрограф - электронды психрометр
  • 10. Ауаның қозғалыс жылдамдығын өлшеу құралдары: - конструкциялы анемометр - механикалық анемометр (қанатты және табақшалы) - индукционды анемометр - кататермометр - электроанемометр - аэродинамикалық анемометр Жылулық сәулеленудің қарқындылығын өлшеу құралдары: - актинометр
  • 11. 2. Микроклиматты топтастыру Гигиеналық классификациясы бойынша микроклиматтық жағдайлары төрт топқа бөлінеді: 1- оптималдық (адамға ұзақ және жүйелі әсер етуі кезінде термореттеу реакциясының күшеюінсіз ағзаның қалыпты функционалдық және жылу жағдайын сақтауды қамтамасыз ететін микроклиматтық параметрлердің үйлесуі) 2 - шекті, болуы мүмкін (ауытқу) (адамға ұзақ және жүйелі әсер етуі кезінде ағзаның функционалдық және жылу жағдайының өткінші өзгерісін және термореттеу реакциясының күшеюін туғызатын микроклимат параметрлерінің үйлесуі) 3 - зиянды (зиянды жұмыс жағдайы гигиеналық нормативтерден жоғары болса және адам aғзасына қалыпсыз әсер ететін жағдайлары болып есептеледі) 4 - қауіпті (экстремалдық) (адам өміріне қауіп төндіретін,тіпті өлімге алып келетін жағдай)
  • 12. Метеорологиялық жағдайларды нормада ұстау және қоршаған ортамен адам ағзасындағы жылулықты тепе-тең күйде ұстау үшін мынадай шаралар өткізіледі: - ауыр жұмыстарды механизациялау және автоматизациялау; - жұмыскерлерді жылу әсерінен сақтандыру үшін жылу шығаратын процестер мен аппараттарды дистанциялық басқару; - жылу шығаратын аппараттарды, жабдықтарды, коммуникацияларды және басқа да жылу шығаратын көздерді тиімді орналастыру және оларды оқшаулау; -жылу шығаратын жабдықтарды жұмыс орындарға жылу сәулелері бармайтындай етіп орналастыру немесе ашық жерге қою керек; - жылу оқшаулауын, жабдықтардың сыртқы қабатының температурасы 45˚С аспайтын етіп жасау керек; - жұмыс орындарын жылу сәулесінен қорғау үшін қорғаныс экран, сулы және ауалы жапқыш жасау керек;
  • 13. - жұмысшылар жаурамау үшін және тұмаудан сақтандыру үшін ауадан жапқыш жасап, сыртқы суық ауаны бөлменің жоғары аймағына жібереді ; - суықта көп уақыт жұмыс істейтіндерге арнаулы бөлмелер жасалады. Жұмысшылар мезгіл-мезгіл жылынуы үшін беті ашық бу шығаратын шымылдықтар (ванналар, аппараттар және суы бар шымылдықтар) орналастырылады немесе жергілікті сорғыштармен жабдықталады; - жеке қорғану құралдарды қолдану; - жұмысшыларды ыңғайлы арнаулы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыздандырады; - қызған беттерді және бу-, газ - құбырларды жылуды шығармайтын материалдармен (шыны мақтамен, асбесті мастикамен және басқалармен) жабу; - жабдықтарды герметизациялау ; - ауаны кондиционерлеу.