Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
удк
1. УДК
МЕМЛЕКЕТТІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ РЕВМАТОИДТЫҚ АРТРИТКЕ
ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР АССОРТИМЕНТІНІҢ ӨЗГЕРІСТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Датхаев У.М, Шопабаева А.Р., Мусабек Г.К.
С.Д. Асфендиярова атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, Алматы қ.
Негізі, мемлекеттің басты байлығы – адам. Ал кез келген адамның басты байлығы – оның денсаулығы. Сондықтан әрбір адамды сақтау, оның денсаулығын қорғау
мемлекеттің ең негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға
дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы
Ревматоидтық артрит - негізінен синовиалды қабықтардың, буындардың
айналасындағы дәнекер тіннің және буын шеміршегінің зақымдануымен сипатталатын
созылмалы сырқат. Ревматоидтық артриттің таралуы бойынша 1%. 40-50 жастан кейін
басталады, әйелдер еркектерге қарағанда 4-5 есе жиі ауырады. Ауру 20 жылдан кейін
күшейді,науқастардың 90%-ы жұмысқа қабілетсіз, ал үштен бірі инвалид болып қалады.
Ревматоидты артриттің этиологиясы толық анықталмаған, оның дамуында вирустар,
бактериялар, микоплазмалалар, яғни инфекциялар қатысады деген ғылыми дерек бар.
Науқастардың өмірлік болжамы жыларлықтай. Қауымдастықтағы жиілігі-1%, РА
ауыр түрінің жиілігі- 0,23 %, ауыр инвалидке алып келетін ауыр РА-тің жыл сайынға жиілігі1:10000, базисті препараттармен емдегенге қарамастан, жұмысқа қабілетсіздіктің 5 жыл
ішінде дамуы-16%. Емделушілердің тірі қалуы қант диабетімен, инсультпен бірдей.
Соңғы жылдары РА емдеуде көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Ревматоидқа қарсы
базистік препараттардың (метоторексат, лефлюномид және т.б.) және негізінен биологиялық
агенттердің (мысалы, өспе некрозының факторына моноклоналды антидене – Ремикейд)
көмегімен науқастарды емдеудің көмегімен көптеген науқастарда аурудың активтілігі
басылды (Америкалық ревматоллогтардың алқаны бойынша «жауабы»70%-ға жетеді). Бұл
сырқаттан толық жазылу мүмкін болмағандықтан, оның фармакотерапиясы медицинадағы
өте күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Бұл көптеген себептерге
байланысты(этиологиясы белгісіз, патогенезі толық зерттелмеген, аурудың гетерогенділігі,
сырқанттың кеш анықтаулуы, универсалды қабынуға қарсы препараттың жоқтығынан).