SlideShare a Scribd company logo
1 of 11
Қадыр Мырза Әлі
«Қызыл кітап» поэмасы
I, VІ бөлім
Қадыр Мырза Әлі
(1935-2011)
Қадыр Ғинаятұлы Мырза Әли,
1935 жылы 5 қаңтарда Орал
облысының Жымпиты кентінде
туған. Ақын, Қазақстанның
халық жазушысы (1995), ҚР
Мемлекеттік сыйлығының иегері.
1958 жылы Қазақ мемлекеттік
университетінің филология
факультетін тәмамдаған. Еңбек
жолын сол кезде жаңадан
ашылған балалар журналы
«Балдырғаннан» бастаған.
«Жұлдыз» журналы
редакциясында поэзия және сын
бөлімінің меңгерушісі, жауапты
хатшы, бас редактордың
орынбасары,
1968-1973 жылдары «Жазушы»
баспасында қазақ поэзиясы
бөлімінің меңгерушісі, «Балауса»
баспасының редакторы, кейін
Қазақстан Жазушылар одағында
поэзия секциясының кеңесшісі
болған.
1966 жылы «Ой орманы»
жинағы үшін Қазақстан Ленин
комсомолының сыйлығы берілді.
1980 жылы «Жерұйық» жыр
кітабы үшін Қазақ КСР
Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты атанды.
Ол Қазақстанның халық
жазушысы. 2001 жылы Тәуелсіз
«Тарлан» сыйлығын алды.
 Ақынның том-том жыр жинақтарын оқып отырғанда туған жер, табиғат, адам
болмысы, өткен-кеткен өмір елестері, ата-ана тағдыры, достық, жолдастық,
махаббат, арман-үміт, бейнет-зейнет - бәрі-бәрі маржандай тізіліп тұр. Қадырдың
ана туралы жырлары да жүрек тебірентеді. Анаңнан, өзіңнен басқа арқасүйер
ешкімнің жоқтығы айналаңа ой көзімен қарауға, әр нәрседен сақтануға батыл
әрекеттер жасауға бағыттайды. Қадыр қазақтың барлық ұлы адамдары туралы өлең
жазды. Шоқан, Ыбырай, Исатай, Махамбет, Біржан сал, Қажымұқан туралы жеке
жырлары бар. Тіпті Әл-Фараби жөнінде де тереңінен толғап жазған.
Қ.Мырза Әлінің шығармашылығы
Поэма
«Өткелдер» «Дерт» «Заман-ай»
Поэзия
«Қазақтарды шетелдік қонақтарға
таныстыру», «Домбыра»
«Ақша қар», «Ақ әлем», «Екі
көктем», «Табиғат тойы», «Көктем
құдыреті», «Жаңбыр жауар
алдында»
«Табиғат-жаратылы пернесі»,
«Ауыл- атамекен пернесі»
«Қызыл кітап» поэмасы I бөлім
Мылтық көрсем төрлерден іліп қойған,
Менің мазам кетеді күдікті ойдан.
Жұртпен бірге мәз болып,
Ду-ду етіп
Қайта алмаймын одан соң күліп тойдан.
Аңшылыққа қалай жұрт қызығады?!
Қан жуады олардың ізін әлі.
Көргеннен-ақ мылтықты
Менің үшін
Дүниенің дидары бұзылады.
Аяймын мен анасыз,
Атасызды.
Аяймын мен құлынсыз,
Ботасызды.
Хайуанатқа жасаған қиянатың —
Бауырыңа жасаған опасыздық!
Қызыл түлкі даланың көрігі еді.
Жаға болып ол енді «керіледі».
Бөкебаймен бүркеулі анау қалпақ —
Қалпақ емес —
Қақпан боп көрінеді.
Тымырсығы-ай!
Қалада жел еспейді.
Жел есетін бұл жайлау емес дейді.
Анау киім ілгішке көзім түссе,
Бұғылардың мүйізі елестейді.
Ауылда, өспе, мейлі, сен қалада өспе,
Анаң сенің бәрібір
Дала емес пе?!
Терезеге ұстаған анау шілтер
Құсқа құрған торларды салады еске.
Айналайын бұлбұлым,
Бал таңдайым,
Саған тор да,
Қасқырға қақпан дайын.
Шынтақтаған жастықты
Көрінеді
Аққу-қазды жаныштап жатқандайын.
Өкпелетпеу керек қой қожайынды.
Айта алмайсың халыңды,
Не жайыңды.
Ұстай беріп айырды
Шошып кетем
Шаншығалы жатқандай дәу жайынды!
Тартып алған аңдардың бір киерін,
Қыз-келіншек үшін мен құр күйемін.
Кешіре гөр біздерді,
Әулие көл!
Кешіре гөр біздерді,
Қыр киелі!
1-тапсырма
«Қызыл кітап» поэмасының негізгі идеясы қандай?
«Хайуанатқа жасаған қиянатың - Бауырыңа жасаған опасыздық!»
деген өлең жолдарын тарқатып, адам мен табиғат арасындағы
байланысты талқылаңдар.
Ақын жан-жануарларға жасалып жатқан қиянаттың себебін неден іздейді?
2- тапсырма
 Төменде кесте ішінде берілген сөздерге қатысты ақын қандай
мәселені көтереді? Бұл мәселелердің қазіргі замандағы
көрінісіне мысал келтіріп, әлі күнге дейін өзектілігін
жоймағанын дәлелдеңдер.
тон, ішік жаға бөкебай
киімілгіш шілтер жастық
VI бөлім
Ұстағандай тұтқасын әлдененің,
Кейбіреудің көрсеңіз дәндегенін?!
Құсты айтасыз,
Сөз боп па құс дегенің?!
Аңды айтасың,
Сөз боп па аң дегенің?!
Шүкір! Шүкір!
Сұмдықтан Далам аулақ.
Сол Далада өседі балам аунап.
Бірақ, бірақ,
Кәдімгі осы адамдар
Адам сатқан бір кезде,
Адам аулап!
Керек еді жазалау әңгілерді,
Кім тыңдаған ол кезде мән білерді?!
Құл сатушы кәззәптар
АҚШ-ына
Торға қамап жеткізген зәңгілерді.
Айдаһарға дауа жоқ жеті басты!
Кейбіреудің одан да ақылы асты.
Адам емес,
Маймылдың бір түрі деп
Зообақта ұстаған папуасты!
Жіберілген «жігіттер» әскер үшін
Мәз қылам деп Париждің жас
перісін,
Тірідей-ақ
Парикке лайықтап
Үндендердің сыпырған бас терісін.
Күні бітсе құндыз бен құнулардың,
Ешқандай да қақы жоқ бұғуға
ардың.
Сөйте тұра
Фашистер
Төсек үшін
Бұрымдарын қырыққан сұлулардың.
Тұла бойын тілгілеп сабау-қайғы,
Қара жердің жотасы алаулайды.
Орта ғасыр өткенмен
Кейбір елде
Адамдарды, бауырым, әлі аулайды!
Ысқырғанда құлдықтың
қамшылары,
Белгілі ғой кімнен қан тамшылары!
Аңдып жүріп атады
Зәңгілерді
Ку-клукс-кланның аңшылары!
Бас орнында демесең,
Шаш орнында.
Өмірге аян мықтың да,
Нашарың да.
3- тапсырма
 Ақын адамның рухани жан дүниесіндегі жұтандық пен
табиғаттағы жұтаңдықты қатар алу арқылы «Табиғат пен Адам»
мәселесі бойынша қандай тұжырым жасайды? Поэмада
айтылған ойды төмендегі кесте негізінде талдап, қорытынды
шығарыңдар.
Адамның рухани жан
дүниесіндегі жұтандық
Табиғат экологиясындағы
жұтаңдық
Тұжырым
Автор, шығарма
Тақырыбы
Жанр түрі
Идеясы (Идея – автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны
өз көзқарасы,өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат,
мүддесін, арманын білдіреді)
Шумақ саны
(Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді)
Тармақ саны
(Тармақ – өлеңнің әр жолы)
Бунақ саны
(Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі)
Буын саны
(Буын саны – сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты)
Ұйқас түрі
(Өлең тармақтарының соңғы сөзі біріне бірі ұқсас дыбыстармен үйлесе келуін ұйқас дейміз)
4-тапсырма
Өлең құрылысына талдау жасаңыз.
Үйге тапсырма:
1. «Қызыл кітап» поэмасынан үзінді жаттау
2. Шығармада көтерілген басты мәселені өзіндік көзқарас
тұрғысынан талдап, «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
табиғаттың оны айтатын тілі жоқ» тақырыбында
шығармашылық жұмыс жазыңыздар. Өлең, әңгіме, немесе эссе
жазуға болады.

More Related Content

Similar to 84 топ Қазақ әдебиеті.pptx

№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
ssuser7a793e
 
№17 «Қызыл кітап» поэмасы. X бөлім.pptx
№17  «Қызыл кітап» поэмасы. X бөлім.pptx№17  «Қызыл кітап» поэмасы. X бөлім.pptx
№17 «Қызыл кітап» поэмасы. X бөлім.pptx
ssuser7a793e
 
байтұрсынов 2
байтұрсынов 2байтұрсынов 2
байтұрсынов 2
Dan41k
 
мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5
sanvia
 
Айтұлы Несіпбек Байтерек шығармасы талдау.pptx
Айтұлы Несіпбек Байтерек шығармасы талдау.pptxАйтұлы Несіпбек Байтерек шығармасы талдау.pptx
Айтұлы Несіпбек Байтерек шығармасы талдау.pptx
ssuser65c8d2
 

Similar to 84 топ Қазақ әдебиеті.pptx (20)

№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
 
үш байтерек б.с.д.
үш байтерек б.с.д.үш байтерек б.с.д.
үш байтерек б.с.д.
 
жабаев жамбыл
жабаев жамбылжабаев жамбыл
жабаев жамбыл
 
Төлеген Айбергенов
Төлеген АйбергеновТөлеген Айбергенов
Төлеген Айбергенов
 
Иманжан Жылқайдарұлы
Иманжан    ЖылқайдарұлыИманжан    Жылқайдарұлы
Иманжан Жылқайдарұлы
 
дюсекина
дюсекинадюсекина
дюсекина
 
№17 «Қызыл кітап» поэмасы. X бөлім.pptx
№17  «Қызыл кітап» поэмасы. X бөлім.pptx№17  «Қызыл кітап» поэмасы. X бөлім.pptx
№17 «Қызыл кітап» поэмасы. X бөлім.pptx
 
Абай Құнанбаев: “Жаз”,”Күз” өлеңдері
Абай Құнанбаев: “Жаз”,”Күз” өлеңдеріАбай Құнанбаев: “Жаз”,”Күз” өлеңдері
Абай Құнанбаев: “Жаз”,”Күз” өлеңдері
 
Әлия(С.Жиенбаев)
Әлия(С.Жиенбаев)Әлия(С.Жиенбаев)
Әлия(С.Жиенбаев)
 
байтұрсынов 2
байтұрсынов 2байтұрсынов 2
байтұрсынов 2
 
а.кунанбаев
а.кунанбаева.кунанбаев
а.кунанбаев
 
Қара өлеңнің аңсадым дара шыңын...”
Қара өлеңнің аңсадым  дара шыңын...”Қара өлеңнің аңсадым  дара шыңын...”
Қара өлеңнің аңсадым дара шыңын...”
 
с бит
с  битс  бит
с бит
 
алматы мастер класс
алматы мастер классалматы мастер класс
алматы мастер класс
 
Тарих ғасырлар куәсі
Тарих ғасырлар куәсіТарих ғасырлар куәсі
Тарих ғасырлар куәсі
 
сценарий косбаевой к.к.
сценарий  косбаевой к.к.сценарий  косбаевой к.к.
сценарий косбаевой к.к.
 
Ыбырай Сандыбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Ыбырай Сандыбайұлының  өмірі мен шығармашылығыЫбырай Сандыбайұлының  өмірі мен шығармашылығы
Ыбырай Сандыбайұлының өмірі мен шығармашылығы
 
мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5
 
Абай, Шәкәрім өлеңдеріндегі ой үндестігі
Абай, Шәкәрім өлеңдеріндегі ой үндестігіАбай, Шәкәрім өлеңдеріндегі ой үндестігі
Абай, Шәкәрім өлеңдеріндегі ой үндестігі
 
Айтұлы Несіпбек Байтерек шығармасы талдау.pptx
Айтұлы Несіпбек Байтерек шығармасы талдау.pptxАйтұлы Несіпбек Байтерек шығармасы талдау.pptx
Айтұлы Несіпбек Байтерек шығармасы талдау.pptx
 

84 топ Қазақ әдебиеті.pptx

  • 1. Қадыр Мырза Әлі «Қызыл кітап» поэмасы I, VІ бөлім
  • 2. Қадыр Мырза Әлі (1935-2011) Қадыр Ғинаятұлы Мырза Әли, 1935 жылы 5 қаңтарда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. Ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995), ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған. 1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ол Қазақстанның халық жазушысы. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды.
  • 3.  Ақынның том-том жыр жинақтарын оқып отырғанда туған жер, табиғат, адам болмысы, өткен-кеткен өмір елестері, ата-ана тағдыры, достық, жолдастық, махаббат, арман-үміт, бейнет-зейнет - бәрі-бәрі маржандай тізіліп тұр. Қадырдың ана туралы жырлары да жүрек тебірентеді. Анаңнан, өзіңнен басқа арқасүйер ешкімнің жоқтығы айналаңа ой көзімен қарауға, әр нәрседен сақтануға батыл әрекеттер жасауға бағыттайды. Қадыр қазақтың барлық ұлы адамдары туралы өлең жазды. Шоқан, Ыбырай, Исатай, Махамбет, Біржан сал, Қажымұқан туралы жеке жырлары бар. Тіпті Әл-Фараби жөнінде де тереңінен толғап жазған.
  • 4. Қ.Мырза Әлінің шығармашылығы Поэма «Өткелдер» «Дерт» «Заман-ай» Поэзия «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру», «Домбыра» «Ақша қар», «Ақ әлем», «Екі көктем», «Табиғат тойы», «Көктем құдыреті», «Жаңбыр жауар алдында» «Табиғат-жаратылы пернесі», «Ауыл- атамекен пернесі»
  • 5. «Қызыл кітап» поэмасы I бөлім Мылтық көрсем төрлерден іліп қойған, Менің мазам кетеді күдікті ойдан. Жұртпен бірге мәз болып, Ду-ду етіп Қайта алмаймын одан соң күліп тойдан. Аңшылыққа қалай жұрт қызығады?! Қан жуады олардың ізін әлі. Көргеннен-ақ мылтықты Менің үшін Дүниенің дидары бұзылады. Аяймын мен анасыз, Атасызды. Аяймын мен құлынсыз, Ботасызды. Хайуанатқа жасаған қиянатың — Бауырыңа жасаған опасыздық! Қызыл түлкі даланың көрігі еді. Жаға болып ол енді «керіледі». Бөкебаймен бүркеулі анау қалпақ — Қалпақ емес — Қақпан боп көрінеді. Тымырсығы-ай! Қалада жел еспейді. Жел есетін бұл жайлау емес дейді. Анау киім ілгішке көзім түссе, Бұғылардың мүйізі елестейді. Ауылда, өспе, мейлі, сен қалада өспе, Анаң сенің бәрібір Дала емес пе?! Терезеге ұстаған анау шілтер Құсқа құрған торларды салады еске. Айналайын бұлбұлым, Бал таңдайым, Саған тор да, Қасқырға қақпан дайын. Шынтақтаған жастықты Көрінеді Аққу-қазды жаныштап жатқандайын. Өкпелетпеу керек қой қожайынды. Айта алмайсың халыңды, Не жайыңды. Ұстай беріп айырды Шошып кетем Шаншығалы жатқандай дәу жайынды! Тартып алған аңдардың бір киерін, Қыз-келіншек үшін мен құр күйемін. Кешіре гөр біздерді, Әулие көл! Кешіре гөр біздерді, Қыр киелі!
  • 6. 1-тапсырма «Қызыл кітап» поэмасының негізгі идеясы қандай? «Хайуанатқа жасаған қиянатың - Бауырыңа жасаған опасыздық!» деген өлең жолдарын тарқатып, адам мен табиғат арасындағы байланысты талқылаңдар. Ақын жан-жануарларға жасалып жатқан қиянаттың себебін неден іздейді?
  • 7. 2- тапсырма  Төменде кесте ішінде берілген сөздерге қатысты ақын қандай мәселені көтереді? Бұл мәселелердің қазіргі замандағы көрінісіне мысал келтіріп, әлі күнге дейін өзектілігін жоймағанын дәлелдеңдер. тон, ішік жаға бөкебай киімілгіш шілтер жастық
  • 8. VI бөлім Ұстағандай тұтқасын әлдененің, Кейбіреудің көрсеңіз дәндегенін?! Құсты айтасыз, Сөз боп па құс дегенің?! Аңды айтасың, Сөз боп па аң дегенің?! Шүкір! Шүкір! Сұмдықтан Далам аулақ. Сол Далада өседі балам аунап. Бірақ, бірақ, Кәдімгі осы адамдар Адам сатқан бір кезде, Адам аулап! Керек еді жазалау әңгілерді, Кім тыңдаған ол кезде мән білерді?! Құл сатушы кәззәптар АҚШ-ына Торға қамап жеткізген зәңгілерді. Айдаһарға дауа жоқ жеті басты! Кейбіреудің одан да ақылы асты. Адам емес, Маймылдың бір түрі деп Зообақта ұстаған папуасты! Жіберілген «жігіттер» әскер үшін Мәз қылам деп Париждің жас перісін, Тірідей-ақ Парикке лайықтап Үндендердің сыпырған бас терісін. Күні бітсе құндыз бен құнулардың, Ешқандай да қақы жоқ бұғуға ардың. Сөйте тұра Фашистер Төсек үшін Бұрымдарын қырыққан сұлулардың. Тұла бойын тілгілеп сабау-қайғы, Қара жердің жотасы алаулайды. Орта ғасыр өткенмен Кейбір елде Адамдарды, бауырым, әлі аулайды! Ысқырғанда құлдықтың қамшылары, Белгілі ғой кімнен қан тамшылары! Аңдып жүріп атады Зәңгілерді Ку-клукс-кланның аңшылары! Бас орнында демесең, Шаш орнында. Өмірге аян мықтың да, Нашарың да.
  • 9. 3- тапсырма  Ақын адамның рухани жан дүниесіндегі жұтандық пен табиғаттағы жұтаңдықты қатар алу арқылы «Табиғат пен Адам» мәселесі бойынша қандай тұжырым жасайды? Поэмада айтылған ойды төмендегі кесте негізінде талдап, қорытынды шығарыңдар. Адамның рухани жан дүниесіндегі жұтандық Табиғат экологиясындағы жұтаңдық Тұжырым
  • 10. Автор, шығарма Тақырыбы Жанр түрі Идеясы (Идея – автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы,өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат, мүддесін, арманын білдіреді) Шумақ саны (Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді) Тармақ саны (Тармақ – өлеңнің әр жолы) Бунақ саны (Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі) Буын саны (Буын саны – сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты) Ұйқас түрі (Өлең тармақтарының соңғы сөзі біріне бірі ұқсас дыбыстармен үйлесе келуін ұйқас дейміз) 4-тапсырма Өлең құрылысына талдау жасаңыз.
  • 11. Үйге тапсырма: 1. «Қызыл кітап» поэмасынан үзінді жаттау 2. Шығармада көтерілген басты мәселені өзіндік көзқарас тұрғысынан талдап, «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтатын тілі жоқ» тақырыбында шығармашылық жұмыс жазыңыздар. Өлең, әңгіме, немесе эссе жазуға болады.