SlideShare a Scribd company logo
1 of 27
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКАЯ
ОБЛЫСЫ ОБЛАСТЬ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ГОРОД СЕМЕЙ
БІЛІМ МЕКЕМЕСІ УЧРЕЖДЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ
«АВИЦЕННА» МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ
КОЛЛЕДЖІ «АВИЦЕННА»
СЫНЫПТАН ТЫС ІС ШАРАНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ
«ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМ»
Түсінік хат
Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға
бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқықтың ерекшелігі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды
жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды
жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз
пікір туғызады.
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда
тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ
жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған.
Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған.
Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады.
Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да
әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық - заңды, оның қағидаларын
құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол
адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің
іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа
түседі.
Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі
заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің
қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы
дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды
бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы
әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет - бұл құқық нормаларының іс-қимыл
жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-
қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.
Тақырыбы: «Құқық бұзушылық және жасөспірім»
Тәрбие сабақтың мақсаты:
Білімділік: Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық
тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу,
өз ойларын еркін айтуға үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз
құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету,
құқықтық білімдерін, ой-өрістерін дамыту
Тәрбиелік: Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси
саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата заңын құрметтеуге, сыйлауға
тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: тәрбие сағат
Сабақтың міндеттері:
• кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықтың, қылмыстың және өзге де
құқық бұзушылықтардың алдын алу;
• оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықтық алаң, оқушының құқығы мен
міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен
шешуге үйрету;
• оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы,
құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке,
елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс:
• Құқық негіздері
• Экономикалық теория негіздері
• Қазақстан тарихы
Тәрбие сағатында қолданылатын технология
• Ақпараттық технология
• Коммуникативтік технология
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап, мәнерлеп оқу, пікірталас.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, слайдтар, бүктемелер.
Жоспар:
І.Ұйымдастыру кезеңі. (5 минут)
ІІ. Негізгі бөлім:
• Құқық бұзушылық жайлы ақпарат (10 минут)
• Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты бейнелейтін видеожазба (5 минут)
• Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер (5 минут)
• «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу) (10 минут)
• Сұрақ-жауап, пікірталас (5 минут)
• Ойлан тап (5 минут)
• «Сенің құқығың-менің құқығым» (5 минут)
• Баяндама «Қылмысқа барған жасөспірімдер» (5 минут)
ІІІ. Қорытынды. (5 минут)
Күтілетін нәтиже: Құқықтық нормативтік актілерді еске түсіреді. Қоғамдағы құқық
бұзушылық пен тәртіпсіздікке “нөлдік төзімділік” қағидатты талқылайды. Өз құқықтары
мен міндеттерін талқылау. Құқықтық сауаттылықты дамытады. Адам құқықтарын
сақтау өмірде маңызды екенін бағалайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Айымханова Н. Қазақстан Республикасы еңбек құқығы: Оқу құралы. Алматы: Жетi
жарғы, 2002.
2. Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. Алматы: Болашақ баспа, 2002.
3. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлiм: Оқулық. Алматы: Жетi жарғы, 2001.
4. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негiздерi: Оқу құралы.
Алматы: Жетi жарғы, 2003.
5. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы: Оқу-әдiстемелiк
құрал. Алматы, 2004.
6. Бұғыбай Д.Б. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлiм: Лекциялар курсы. Алматы: Қайнар,
2003.
7. Жоламанов Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. Алматы: Жетi жарғы, 2004.
8. Маймақов Ғ. Қазақстан Республикасының саяси құқықтық тарихи. Алматы, 2000.
9. Наумов А.В. Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлiм: Лекциялар курсы. Астана: Фолиант,
2001.
10. Қазақстан Республикасының мемлекетi мен құқығының негiз-дерi: Оқулық/Құр. Е.
Баянов. Алматы, 2003.
Интернет-құралдар және электронды әдебиеттер:
• http://bankreferatov.kz/zan/782-kilmis-ilmisti-koptg.html
• http://kontrosha.net/189861286894933.html
• http://kk.wikipedia.org/wiki/
• http://1referat.kz/kukyk-kogam-kriminalistika/quqyq-buzushylyq-zhane-zandy-
zhauapkershilik.html
• http://bigox.kz/kukyk-buzushylyk-tusinigi-tarixy/
Тәрбие сағатының барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқытушы сөзі: Бүгінігі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Құқық бұзушылық және
жасөспірім». Тәрбие сағатымыздың мақсаты: құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін
оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі
түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету.
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда
тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ
жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған.
Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған.
Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады.
Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да
әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық - заңды, оның қағидаларын
құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол
адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады.
Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен
қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады.
Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық,
ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп,
бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге
асырылады.
Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық
нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
Әрекет - бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал
әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу
арқылы орын алады.
ІІ. Негізгі бөлім
Құқық бұзушылық жайлы ақпарат
Рустам
Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп
қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті
бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады,
қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның
өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді.
Азамат өзіне жүктелген міндеттерді орындаса немесе құқықтары мен
бостандықтарын пайдалана алса, мұндай іс-әрекет азаматқа да, қоғамға да пайдасын
тигізетіні сөзсіз. Азаматтар заңда белгіленген міндеттерін бұлжытпай орындаса, қоғамда
зандылық орнап, құқықтық тәртіп сақталады. Азаматтар өз құқықтары мен
бостандықтарын тиімді пайдалана алса, қоғамның жан-жақты дамуына, адамдардың
түрмыс жағдайларының жақсаруына, халық мәдениетінің өркендеуіне тиісті жағдай
туады.
Сондықтан әр мемлекет, оның аппараттары мен органдары қоғамда заңдылыққа,
құқықтық тәртіпке нұқсан келтірмеуді қамтамасыз етеді. Олар жеке және заңды
тұлғалардың іс-әрекеттерін қатаң бақылап отырады.
Мадина
Құқық бұзушылық өзіндік пайда бағу, даму және жойылу зандылықтарына ие белгілі
бір қоғамдық құбылыс ретінде көптеген жекелеген құқық бұзушылықтардан құралады,
олардың барлығы да ортақ қасиетке ие болады. Белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік
әлеуметтік табиғаты мен занды нысанын бейнелейтін осындай қасиеттердің жиынтығы
құқық бұзушылықтың түсінігін береді.
Құқық бұзушылық — биологиялық, физиологиялық, технологиялық ерекшеліктерге
сай, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік көрінісі.
Құқық бұзушылық — құқыққа, оның талаптарына қарсы бағытталған мінез —
құлық. Демек, құқықты бұзған ат-үсті қарап, талаптарынан айналып өту деген сөз. Әрбір
құқық бұзушылық — нақтылы құбылыс. Оны нақты адам, белгілі бір жерде, мезгілде,
жағдайда жасайды. Ол құқық нормаларының қағидасына қайшы келеді және өзіне тән
оның белгілері болады. Сонымен бірге жекелеген құқық бұзушылыққа тән жалпы
белгілері де кездеседі.
Алишер
Құқық бұзушылықтың екі зияны бар:
1. Құқық бұзушылық — қоғамға зиянды әрекеттің объективтік нысандағы бейнесі,
сыртқы көрінісі болып табылады. Бұл қоғамға зиянды, қауіпті әрекет, әрекетсіздік занда
құқыққа қайшы сипатта ресми түрде бекітілуі керек деген мағынаны білдіреді.
2. Құқық бұзушылық — объективтік процесс болып табылады. Бұндағы объективті
деп отырғанымыз, кез келген құқық бұзушылық құқықтың қорғайтын әлеуметтік
игіліктері: жалпы мүдде, қоғамдықтәртіпке қауіп төндіреді. Дәл осы мағынада құқық
бұзушылық қоғамға қауіптілік және зияндылық мәнге ие болады.
Формальді — логикалық жағынан бұл былай бейнеленуі мүмкін: қоғамға зияндының
бәрі де, құқыққа қайшы болып табылады. Тиісінше, құқыққа қайшы, қоғамға зиянды
әрекет — әрекетсіздік деп саналады. Шындығына келгенде бұл тұжырымнан екі терістік
байқалады:
1. Заңда құқыққа қайшы деп саналғандардың бәрі де, қоғамға зиянды немесе қауіпті.
2. Қоғамға қауіпті әрекеттің барлығы да, құқықтық нормаларға қайшы деп тыйым
салынбаған.
Айгерім
Құқық бұзушылықтың мәні — оны басқа жүріс-тұрыс ережелерін бөліп көрсететін,
басты өзіне ғана тән ерекшеліктерінен тұрады. Алдымен барлық құқық бұзушылықтың
мәні қоғамдық құрылыстың, қоғамдық қатынастар жүйесіне келтіретін қауіптілігі,
зияндылығы. Яғни, тек бір ғана әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен зияндылығы емес, оның
таралуы қоғамдық қатынастарға айтарлықтай залал келтіретін адам әрекетінің белгілі бір
түрі ескеріледі. Ал жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамдық өмірдің бекітілген тәртібін,
олар қоғамда кең таралған жағдайда ғана қоғамдық тәртіптің қаупіне айналады. Тиісінше,
жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп бағалануы мүмкін. Ол және өзі зиян
келтіретіндіктен емес, өзі тектес әрекет-әрекетсіздіктің көптеп орын алуына байланысты.
Олар өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың
реттілігі мен тәртібін бұзады, сондықтан да құқық бұзушылықпен күресудің мемлекеттік
ұйымдасқан қызметін қажет етеді.
Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы, оның қашанда адам қоғамының
құндылығы, жеке және мүддеге нұқсан келтіруінен көрінеді. Яғни, қоғамның маңызды
құндылықтары, оның өмір сүру жағдайына қауіп төндіреді. Құқық бұзушылықтың қоғамға
қауіптілігінің деңгейі түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Мәселен, адамның өміріне қастандық
жасау — өте қауіпті қылмыс. Ал біреудің үйіне түсіп, мүлкін ұрлау оған қарағанда
жеңілірек дәрежеленеді. Дегенмен, осы екі әрекет те қоғам үшін өте қауіпті болып
табылады. Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы қоғамның қалыпты өмір сүру
жағдайын бұзып, маңызды қоғамдық қатынастарға әлеуметтік шиеленіс енгізуінен де
көрініс табады. Зиян қандай да болсын заң бұзушылықтың теріс зардабы — ажырамас
белгісі оның көлемі, мөлшері, сипаты түрліше болады.
Әрекет-әрекетсіздіктің қоғамға қауіптілігі, зияндылығының занды көрінісі құқыққа
қайшылық деп саналады. Ол іс қимылдың белгілі бір түрінің нышаны ретінде құқық
талаптарының саналы түрде бұзылуын білдіреді. Әрекет-әрекетсіздік заңды міндетін
орындамау немесе құқықты теріс пайдалану, яғни егер оған құқықпен тыйым салынса
және оны жүзеге асырған жағдайда, құқықтық нормалардың санкциясы қолданылуға
жатса, бұл құқыққа қайшы деген сөз.
Егер де құқықпен тыйым салынбаса, құқық бұзушылық болмайды. Адамның өзінің
тұлғалық құқықтарын қолданбауы, оның жеке қалауына байланысты болғандықтан, құқық
бұзушылыққа жатпайды. Керісінше, адамның қоғамға, мемлекет және азаматтардың
мүддесіне залал келтіре отырып, құқықтар мен бостандықтарды пайдалануы, құқыққа
қайшы әрекет деп саналады.
Меруерт
Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгі-нышандар:
1. Құқық бұзушылық — құқықты, оның қағидаларын, құқық жүктеген міндеттерді
бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Яғни бұл адамдардың іс-әрекеті, қылығы немесе
әрекетсіздігі. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен,
мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Демек, құқық бұзушылық адамның мінез-құлқы
арқылы байқалады. Мінез-құлвды, іс-әрекеті арқылы көрінбеген адамның ой-тұлғасы,
сезімдері құқық бұзушылық болып табылмайды. Мәселен, адам өзінің ойын, сенімін
күнделікке, таспаға жазып, суретке түсіруі мүмкін. Адамның ой желісі заңмен
реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің
қатысуынсыз жасалмайды. Олар қашан да ойдың елігінен өтіп, бақылауында болады. Бұл
дегеніміз, ақыл-есі дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады
деген сөз. Яғни құқық бұзушылық саналы түрде жасалатын ерікті іс-әрекет немесе
әрекетсіздік болып табылады.
2. Құқық бұзушылық құқық нормалары қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп,
қоғамның және адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті
бұзады. Құқық нормаларының талаптарын орындамау нәтижесінде құқықтық тәртіп
бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады,
адамның құқықтарына, өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді. Зиянның
көлемі, мөлшері, түрлі болуы мүмкін.
Гүлім
Қоғамдық зиянды анықтаудың мынадай тәсілдері белгілі:
1. Заңдылықты бұзудың объектісі адамдардың өміріне, денсаулығына, қоғамдағы
негізгі қарым-қатынасқа зиян келтіруді анықтау.
2. Зиянның түрін, мөлшерін анықтау.
3. Қылмысты жасаған әдісін, уақытын, орнын анықтау.
4. Қылмысты жасаған адамның өзінен және осы іске тиісті материалды, фактілерді
жинастыру, толық мінездеме беру.
Қалай болса да заң бұзушылық қоғам үшін зиянды іс-әрекет. Өйткені жоғарыда
айтылғандай жеке адамға (өміріне, денсаулығына, ар-намысына, бас бостандығына),
мүлікке, қоғамдық тәртіпке нұқсан келеді. Кейбір жағдайда келтірілген зиянның орнын
толтыру мүмкін болмайды. Мәселен, кісі өлтіру, мүгедектікке душар ету, жазылмайтын
ауруға соқтыру т.б.
5. Құқық бұзушылық әрқашан да құқық нормаларының талаптарына қайшы келеді.
Сондықтан да оның құқық нормаларымен реттеліп және қорғалатын қоғамдық-
қатынастарға қарсы бағытталғандықтан құқыққа қайшы әрекет деуге болады. Құқыққа
келісті және ол рүқсат берген әрекет, ешқашан құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды.
Құқық бұзушылық ең алдымен неге қауіп төндіреді? Заңның қорғауына алынған өзге
тұлғалардың мүддесіне. Дегенмен адамның барлық мүддесі заңмен қорғала бермейді,
сондықтан да оларға нұқсан келтіру әр уақытта да құқыққа қайшы болып саналмайды,
тиісінше құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды. Мәселен, бәсекелестік, біреудің жеке
экономикалық мүддесіне залал келтіруі мүмкін, бірақ бұл құқық бұзушылыққа жатпайды.
Яғни, құқық бұзушылықтың мәні мемлекет шығарған құқық нормаларына қайшы
әрекеттер мен байланысты болады.
6. Құқық бұзушылық құқық субъектісінің кінәлі әрекеті арқьшы ғана жүзеге асады.
Кінәлі деп танылу үшін занды бұзған адамның ақыл-есі дұрыс болу керек. Есі дұрыс емес
немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам (әрекет қабілеттілігінің жоқтығы
соттың шешімімен анықталады) құқық нормаларының талаптарын қалай бұзса да жауапқа
тартылмайды, себебі, ол өз әрекетінің мәнін түсінбейді, одан басқаға зиян келетінін
болжай алмайды. Кінәлі болу үшін адамның есі дұрыс және әрекет қабілеттілігі
шектелмеген болуы шартгы жағдай. Әрекет қабілеттілік деген адамның өз еркімен саналы
тұрде іс-әрекет жасап, сол үшін жауап беру мүмкінділігінің болуы.(Юнг) — құқық
бұзушының өзінің құқыққа қайшы әрекетіне қатысты психикалық қарым-қатынасы.
Сонымен, құқық бұзушылық — әрекет қабілеттілігі иеленуші субъектінің заңды
жауапкершілікке тартылатын қоғамға зиянды немесе қауіпті құқыққа қайшы және кінөлі
әрекет-әрекетсіздігі.
К.Маркс былай деген болатын: қоғам тек адамдардан ғана тұрмайды, олардың ара
байланысы мен қарым-қатынасын бейнелейді ( К. Маркс, Ф. Энгельс. Шығ. жинағы, 3-т,
З-б.). Сондықтан да құқық бұзушылықтың себебін жекелеген құқыққа қайшы әрекеттер
арқылы түсіну мүмкін емес.
Ғылыми зерттеу нәтижесі құқық бұзушылықтың себебі жеке адамның
қажеттіліктерімен оны қанағаттандырудың әлеуметтік мүмкіндігінің арасындағы
қайшылықга деп түсіндіреді. Яғни бұл өз кезегінде қоғамдық жағдайдың сипатына тәуелді
болады. Бұл дегеніміз қоғамдық қатынастар жүйесінде: өндіріс, саясат, мәдениет,
шаруашылық, түтыну салаларында белгілі бір орынға ие болу. Ал қалыпты өмір сүру
жағдайда бұлар бір-бірімен сәйкес келіп отыруы тиіс. Қоғамдық еңбек бөлінісі
жүйесіндегі белгілі бір орынды иелену адамның кәсіпқойлық дәрежесін, білімін және
мәдени мәртебелігін айқындайды.
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты бейнелейтін видеожазба
Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер
Анар
1.Ісін өндіре алмаған қырсыз бала, қырсығын әкесінен іздейді
2. Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің
3. Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін құлыңдай қина, он
үштен ары сырласыңдай сыйла
София
1. Жақсы бала сүйініш, жаман бала күйініш
2. Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер
3. Біреуге ор қазба, өзің түсесің
Мадина
1. Заңның құрығы, бәрінен ұзын
2. Ұрлық түбі – қорлық
3. Өтірікшінің құрығы – бір-ақ тұтам
Айдана
1. Тура биде - туған жоқ
2. Туғанды биде – иман жоқ
Мадина
1. Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер
2. Тек жүрсең, тоқ жүресің
3. Заңды сыйлаған, еркін жүреді
«Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)
1-Жағдаят:
Көшедегі көрініс
Айман: Айболат бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?
Бақытжол: Ия, ия, айтпақшы Дамирлер бүгін жиналайык, той қызықтаймыз деген. Саған
хабарласқан жоқ па?
Айман: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.
Бақытжол: Кеттік, жолшыбай Бекжолға соға кетейік, ол да барары мүмкін.
Айман: Бекжол, біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр,
бізбен бірге жүрсеңші.
Дәурен: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.
Бақытжол: Ту, ата-анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба,
сұрансаң жібермей қалады.
Дәурен: Жоқ, балалар, мені жібермейді бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен
адамдар кездесіп, бірнәрсеге душар болармыз.
Айман: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» - деп өкініп жүр ме.?
Бақытжол: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?
2-Жағдаят:
Ауыл іші, түн, көп бала өлең айтып шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға
отырғандардың біреуі атып тұрып:- “Әй, бері кел” деп айқай салды. Қайырылмаған оған
пышақ көрсетті.
Сұрақ-жауап, пікірталас
1. Жеке адамның құқығы дегеніміз не?
Жауабы: Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған заң арқылы қорғалған
тәртіптік шара.
2. Құқықтың қандай түрлерін білесіңдер?
Жауабы:
- жеке (азаматтық);
- саяси;
- экономикалық;
- әлеуметтік;
- мәдени және т.б.
3. Адам құқығы қай уақыттан пайда болады?
Жауабы: туылғаннан беріледі.
4. Оларды орындау үшін не қажет?
Жауабы: міндеттерін орындау
5. Адамның негізгі құқығы?
Жауабы: Өз құқықтарын пайдалану құқығы
6. Құқық қашан және қайда пайда болды?
Жауабы: Азаматтарға құқық керек кезде, ол пайда болады.
7. Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық – деген не?
Жауабы: Бостандық – бұл таңдау.
8. Бас бостандығын шектеу деген не?
Жауабы: Соттың сотталған адамға оның бас бостандығын шектейтін белгілі бір
міндеттерді жүктеуі.
Ойлан тап
1.Құқық А – Еліміздің негізгі заңы
2.Конституция Б – Мемлекет басшысы
3.Мемлекет В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым
4.Азамат Г – Тәуелсіздік
5.Құқық бұзушылық Д – Заңдар жүйесі
6.Президент Е – Заң шығарушы орган
7.Парламент Ж – Заң жүйесін бұзу
8.Егемендік З – Құқығы бар ел тұрғыны
Дұрыс жауабы:
1-Д, 2-А, 3-В, 4-З, 5-Ж, 6-Б, 7-Е, 8-Г
«Сенің құқығың-менің құқығым»
Сенің құқығың – менің құқығым. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан
Республикасының кодексі 2001 жылы қаңтардың 30 күні қолданысқа енгізілген, ал 2012
жылы сәуірдің 27 күні өзгерістер мен толықтырулармен берілген. Жалпы бұл заң 44
тараудан 733 баптан тұрады.
Бұл кезеңде оқушылар өз жасөспірімдік құқықтары жөнінде айтып өтеді
Алишер: 10 бап
Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке
өміріне қол сұғылмауына құқылы.
Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін,
жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен бостандықтарына қысым
жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.
София: 9-бап
Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы
Бала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң
актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. Қай ұлтқа жататындығына, тіліне,
біліміне, денсаулығына, ата – анасына қатысты мән-жайларға қарамастан бала тең
құқылы.
Анар: 11 бап
Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына,
коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР-ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт
жиналыстарға қатысуға құқығы бар.
Гүлім: 12 бап
Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне
кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ
Мадина: 19 бап
Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және
шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.
Рустам: 30 бап
Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
Республика азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
Айгерім: 19 бап
Әрбір адам өз пікірі болуына, ойындағысын еркін айтуына құқығы бар.
Баяндама «Қылмысқа барған жасөспірімдер»
Оқушы: Хидирова Мадина
Қылмысқа барған жасөспірімдердің арасында әртүрлі қылмыстың терең тамырлануы
кімді болса да, алаңдатпай қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға
саналы адам қалыптастыру мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болатын болса, ол
міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімді жаңа рухта, жаңа көзқараста
тәрбиелеуден айқын көрінеді.
Бесіктен белі шықпай жатып, әрбір оғаш қадамына селт етпей сергек қараған
жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке баруына байланысты себеп не? Кім кінәлі?
Қоршаған орта ма? Әлде колледж бе? Әлде жүре түзеліп кетер деп қылмыстық әрекеттер
істеген баласының әрекетіне немқұрайлы қарайтын ата-ана ма?
Болашақ өмірі мен тағдырын бейтарап қалдырмайтын кез-келген адамның осы
сұраққа жауап іздеуі белгілі.
Қылмысқа барған жасөспірімдердiң есейе келе, өздерiнiң жасаған қылмыстық
әрекеттері үшiн үлкен өкінішпен қарау жағдайы көп болып тұрады. Қылмысқа барған
жасөспірімдердің қылмыстық әрекеті өмірде болып жатқан нақты жағдайларына тікелей
байланысты емес. Ол белгілі бір ортаға кездейсоқ немесе жоспарланған түрде
тамырлануы. Жасөспірімдердің қылмыстық әрекеттерді көбінесе қалада жасауы,
әлеуметтік тұрғыдан көптеген себептермен түсіндіріледі. Жасөспірімнің өзіне, қоғамда
пайдалы іспен айналыспауынан уақыттың көптігі, ауылдық клубтың жабылуы, күні бойғы
бос сандалыс, көше кезулер, қылмыстық әрекеттің алғы шарты бола алады. Осындай
толып жатқан себептер жасөспірімнің таңғажайып оқиға жасауға ұмтылуына, керемет
көрінуге, болашақта істейтін қылмыстық әрекетқе жоспар құруына немесе топтасып
қылмыс істеуге жол ашады. Көбінесе жасөспірімдер бойынан, санасынан мықты орын
алған қиялы ойша жетіліп арманын іске асыратын не асыруға асығатын жасөспірімдер
айналасындағыларды таң қалдыратындай етiп істеуге талпынады.
Олардың әртүрлі іспен шұғылданбауы немесе жан-жағындағы қоршаған ортасының,
айналасындағы достарының немесе біреудің қорқытуы, үрейлетуінің итермелеуі арқылы
қасақана қылмыс жасауға түсіп кетуi көп болып жатады. Осыған орай қазiргi кезде бiздiң
жасөспірімдеріміз рухани азып тозбау үшiн қазақ отбасындағы мәдени құндылықтар
дамуының мазмұнына аса маңызды көңiл аудару керек. Бүгiнгi таңдағы экономикалық
әлеуметтiк жағдайлар отбасы жағдайына үлкен ықпал етiп отыр. Қоғамдағы
жұмыссыздық, күн көрiс көзiнiң төмендеуi отбасы тәрбиесiнiң әлсiреуiне әкелiп отыр.
Жанұядағы тәрбие жұмыстарынан кеткен қателіктер, кемшіліктер, жинақталып келіп
қоғамдық тәрбиедегі қателіктерімен байланысып, жасөспірімдердің тәртібін одан әрі
шиленістіре береді. Жасөспірімнің қылмыс жасауын болдырмау үшiн қазақ отбасына тән
өзiндiк ерекшелiктерiнiң маңызы зор: отбасы мүшелерi арасындағы iзгiлiк қатынастар;
үлкенге деген құрмет; кiшiге деген iлтипат; жасөспірімнің тұлғалық дамуына олардың жас
ерекшелiктерiне байланысты қатынас; әулеттегi жақсы дәстүрдi үлгi ету арқылы бала
қасиетiн аша бiлу; күнделiктi тұрмыс-тiршiлiкке бейiмдеу және т.б.
Қылмыс жасаған жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссия мен милиция орындарында
тәрбиені дұрыс жүргізбейтін жанұяны дер кезінде анықтап, тәртіпке шақырмаушылық
көптеп кездесіп жатыр. Қылмысқа барған жасөспірімдерді қайта тәрбиелеу процесін
ұйымдастыруда психологтар жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерін ескере
білулері қажет. Себебі, қандай да бір психолог ықпалдар жасамасын, олар жасөспірімнің
ішкі жан дүниесімен сабақтасып жатуы тиіс.
Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыс жасаулары, көбінесе олардың
ересектерге еліктеуiмен анықталады да, жалпы қылмыстың өсіп отырғанын осымен
байланыстырамыз.
Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке қадам басуына басты себеп
әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсер етуі. Адамның қоғамдық белсенділігі оқуға,
спортқа, көркем өнерге деген қызығушылықтарын күннен-күнге арттырады. Ал осындай
қоғамдық жұмыспен айналыспайтын жасөспірімдер қылмыстық істерге жақын жүреді.
Қоғамнан, ондағы қайнаған қызу өмірден шеттеп қалу, қылмысқа барған жасөспірімдердің
қылмысқа баруының бірден-бір себебі болып табылады.
Қылмысқа барған жасөспірімдер қылмысының сан-салалығы олардың күнделікті
қылмысынан өз көрінісін табуда. Қазіргі кезде әлеуметтік-психолог және құқық қорғау
органдарының зерттеулері бойынша, жасөспірімдердің мүліктік қылмысқа баруы 7,8
пайызды, ал жеке адамның затын ұрлау 49,4 пайызды, мемлекет және қоғам мүлкін ұрлау
1,7 пайызды, тонау мен шабуыл 11,2 пайызды көрсетіп, қылмыс санының көбеюіне әсер
етіп отыр.
Қылмысқа барған жасөспірімдерге топ құру, топ болып әрекет ету тән. Осындай
жасөспірімдер ересек кiсiлермен салыстырғанда жалғыз өзі қылмыс жасауға өте сирек
баратындығы практикалық тұрғыдан дәлелденген. Бұдан олардың өз-өзіне сенбеуі ғана
емес, сонымен қатар олардың достық жөніндегі түсініктері теріс бағытқа ие болуына
қарамастан, осындай достыққа ұмтылуын да байқауға болады.
Мысалға, А.Ф.Парницевтің мәліметтері бойынша жасөспірімдер тобында
қызғушылық пен еліктеудің жоғары деңгейі, топ мүшелерінің өз дегеніне көндіруі,
көңілкүйдің өзгеруі, қылмыстық акт барысында өзге топ мүшелеріне берілуі байқалады,
жасөспірімдердің кез-келген тобында қандай да мөлшер болатыны бәрімізге белгілі. Бұл
жағдайда адамдардың, әсіресе, жасөспірімдердің бірдей еместігін, психофизиологиялық-
психологиялык қасиеттері тұрғысынан (ерік, ақыл-ой) әр түрлі болуымен түсіндіріледі.
Қылмысқа барған жасөспірімдердің психикасының жас балалар мен ерсектердің
психикасымен салыстырғанда өзгешелік бар. Бұндай өзгешеліктер импульсивтік, жоғары
әсерленгіштік, қызбалыққа тез түсушілік, көңілкүйінің тұрақсыздығы, өз-өзіне сенімсіздік
бiлдiруі, өз әрекетінің дұрыстығына жиі күмәндануы болып табылады. Олардың
бойындағы психикалық қасиетер мәселен, мақсаттылық пен табандылыққа, тұрақсыздық
пен өзiн-өзі сыйламаушылыққа, сенімсіздік пен жабырқаушылыққа жиі алмасып отырады.
Жасөспірім бойындағы осы қасиеттер олардың құбылмалылығын көрсетеді. Бұл сияқты
құбылмалы,тұрақсыз психикалық қасиеттер-қылмысқа барған жасөспірімдердің
қылмыстық жолға оңай түсіп кетуіне өз әсерін тигізбей қоймайды. Бұл оның айқын
дәлелі. Кез келген жасөспірім өз бетінше әрекет етуге, өзін-өзі дамытуға қабілетті. Ол
өзін-өзі ұйымдастырушы жүйе ретінде таныла отырып, дамытудың тек объектісі ғана
емес, сонымен бірге субъектісі болып танылады. Көптеген жағдайларда жасөспірімдер
сыныптастарының өзіне деген нашар қарым-қатынасын, жақын қабылдап, қатты
күйзеліске түсуі де мүмкін. Сыныптастарының қарым-қатынасына
қанағаттанбағандықтан, көптеген жасөспірімдер қоғамға жат әрекеттерге барады. Көп
жағдайда жасөспірімдердің сабаққа үлгермеушілік қасиеттері олардың қылмыстық
әрекеттерге баруының себепшісі бола алады. Осыған байланысты психологиялық
проблемалардың маңызды жақтары туындайды. Жекеленген жасөспірімді сыныпта ешкім
жақсы көрмейді, ешкім достасқысы келмейді, бұл -психологиялық құбылыстың бiр
ерекшелiгi. Достарымен қатынасының болмауы, жасөспірімнің жеке басында көптеген
кері әрекеттері бар жағдайлардың көп болуы тәртібінің өзгере бастауынан көрінеді.
Жекеленіп қалған, жалғыздық шеккен жасөспірімдер қылмысқа барған жасөспірімдер
санын толықтырады. Жекешеленіп, шеттетіліп қалған жасөспірімдер өзіне жақын ортаны
тағы да басқа жақтан іздейтіндіктен, қоғамда жолыққан кездейсоқ достарының да өзі
сияқты болатындығы белгілі.
Қылмыстық әрекеттің басты себебі – жасөспірімнің пайдалы iспен айналыспауы
десек, жоғарғыда айтып кеткендей, оның бос сандалыстан көп өкінішті жағдайларға
ұрындырып жататыны айтпаса да түсінікті. Осы орайда В.М. Бехтеревтiң «Баланы тәй-тәй
басып қолына затты мықтап ұстай бастағаннан бастап-ақ үнемі еңбекке үйрету керек» –
деген пікірімен келісуге болады. Белгілі іспен айналысатын жасөспірімнің қылмыстық
әрекетке тек қана кездейсоқ жолмен баратыны да белгілі. Колледжден тыс уақытта кітап
оқу, үйірмеге қатысу, көркем өнерпаздар үйірмесіне қатысу, не болмаса спорттың
көптеген түрлерімен айналысу – қазіргі кезде жасөспірімдердің әрекетінен қалып бара
жатқан құбылыс, әрине бұл жерде бір жасөспірім өзіне пайдалы іспен айналыспай, бос
сандалыспен күй кешеді деген жаңсақ пікірді айтпайды.
Дегенмен де, қылмысқа барған жасөспірімдердің әдебиетке қызғушылығы өте төмен
дәрежеде екенін көптеген тәжірбиелер дәлелдеген болатын. Әр түрлі заман талабына сай
ойын түрлері, ойын автоматтарына жасөспірімдер қызғушылығын арттыруы, жеңіл ақша
табу, егер ойын автоматтарынан ұтылса, үйінен ақша ұрлау, не болмаса өзінен кіші
балаларды ұру, оларға зорлық, көрсету арқылы жасөспірімдер қалай қылмыс жолына
түскенін білмей де қалады. Олар ата–анасын алдап ақша сұрау, үйдегі заттарды ұрлап
сатуды кәсіп қылуы мүмкін, ал мұндай әрекеттердің барлығы жасөспірімдердің қылмыс
жасауының алғашқы қадамын білдіреді.
Қылмысқа барған жасөспірімдерге қоғамдық өмірде болып жатқан жаңалықтардан
бейхабарлығы, не нәрсені болса да білуге ұмтылуы, қызығу-талпынуларының өте
төмендігі тән болады. Жалпы қылмысқа барған жасөспірімдерді қоғамдық іс-шараларға
тарту арқылы, көркем өнер мен мәдениеттілікке қызығушылығын дамыту арқалы,
көптеген пайдалы іспен айналысуға итермелеу арқылы қайта тәрбиелеп, қылмысқа барған
жасөспірімдердің қылмысын азайтуға кішкене болса да ықпалын тигізуге болады.
Көп жағдайда тасыған күштері бойына сыймай, алып–ұшып тұратын жасөспірімдер
көбінесе өз маңайына өзіне бейім келетін жасөспірімдерді жинап, топтасып қылмыс
істеуге, бұзақылыққа әуес болады. Қылмыстың кіші жасөспірімдік шақтың арасында
көбеюі, олардың қылмыстық жауапкершілікке тартылмауынан болады. Қазіргі кезде
Республикада кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер қылмысы 18,3 пайызды құрайды.
1991 -1995 жыл аралығындағы статистикалық талдау көрсеткіші бұзақылық, тонау, ұрлау
сияқты қылмыс түрлерінің сәл бәсеңдегенін айтса. Ал 1996 жылмен салыстырсақ, екі есе
өскендігі айтылады. Ал, қазіргі кезде бұл көрсеткіш жылдан-жылға көбейе түсуде. Осыған
байланысты мемлекетіміздің басшысы Н. Ә.Назарбаев Республикамыздың Құқық қорғау
органдарының басшылары мен аудандық әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесінде: «Біздің
елімізді-әлеуметтік экономикалық қайта құру демократиялық мемлекет құруға қадам
басқан шақта толқыған криминогендік процестерге соқтығысты. Бұл – шын мәнінде саяси
реформа, қоғамдық тұрақтылық пен азаматтың өміріне ерекше қауіп төндіреді деп
көрсеткен болатын».
Уақыт тілін сәл шегеріп, 1920-40 жылдары зерттеген ( П.П. Блонскиий, В.И. Куфаев,
П.И. Любинский) авторларға жүгінер болсақ, олар қылмыс жасаған жасөспірімдер — заң
жағынан да зерттеуді де қажет ететін басты объект, екенін алғаш рет атап көрсеткен. Бұл
авторлардың пікірінше, жасөспірімнің қылмыстық әрекетке қадам басуына басты себеп -
әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсер етуі деген.
Жасөспірімдік шақ жасөспірімнің сана сезімінің жан-жақты толысып дүниеге
көзқарасының өзгеріп, үлкен өмірге дайындығының аяқталатын кезеңiмен тығыз
байланысты. Жасөспірімдердің өтпелі кезеңі оның өміріне көп өзгерістер әкелері хақ.
Сондықтан да осы өтпелі кезеңінде жасөспірімдердің «қиын жасөспірім» болып
қалыптасуы болады,ал бұл олардың қылмысқа баруының бірден-бір себебі. Жалпы
жасөспірімнің өтпелі кезеңін бірнеше топқа бөлуге болады:
1. Талап, тілек.
2. Қызығушылық.
3. Өмірге жоспар мен көзқарастар.
4. Жалпы сипаттама .
Өтпелі кезеңде жасөспірімнің еліктегіш келетіні, жақсыға ұмтылу, ұқсағысы
келетіні, қайталағысы келетіні белгілі. Өтпелі кезеңнің «құйын» сияқты өткінші елестерге
толы болуы жасөспірім өміріне қауіп төндірері де сондықтан. Жасөспірімдердің
жағымсыз еліктеуінің салдары, қылмыстық әрекеті, қызғушылығының әсерінен «қылмыс»
істеуі, көбінесе осы шақта жүзеге асады .
Жасөспірімнің алып-ұшпа саналатын өтпелі кезеңінде не нәрсеге болсын еліктегіш
келетінін жан –жақты зерттеген ғалым Т.М. Якобсон болатын.Ол бұл жаста
жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке тез еріп кетуі оның еліктеу деңгейімен байланысты
деп айтады.
Ересек қылмыскерлерге қарағанда, қылмыскер жасөспірімдер қоршаған әлеуметтік
ортамен тығыз байланыста болады. А.И.Долгова және В.Д. Ерланова секілді ғалымдардың
пікірінше, қылмысқа барған жасөспірімдер үшін ортаның рөлі өте зор болады деп
көрсеткен.
Жасөспірімдердің қылмыстық жолға түсуінің тағы бір себебі, олардың ішімдікке
әуес болуы болып табылады. Жалпы ішімдікке әуестік жасөспірімді дұрыс жолдан
тайдырып, қылмыстық әрекетке итермелейді. 13-14 жастағы жасөспірімдердің басым
көпшілігінің талап — тілектері шектен шығып кеткендігі, олардың ішімдіке
құмарлануынан көрінеді. Осыған байланысты А.Вайсберг – қылмыс істеп айыпталған
жасөспірімдерді зерттей келе,олардың 41-пайызы, қылмысты мас күйде істеген деген
тұжырым жасайды. Осы көрсеткіште қылмысқа барған жасөспірімдер қылмысының
күннен-күнге ұлғаюын және олардың қылмыстық әрекеттерге көп жағдайда мас күйінде
баратындығын көреміз.
Жасөспірімдердің құқық бұзушылығы кәмелетке толмағаннан кейін қылмыстың
жауапкершілікті баспалдағын аттауға мәжбүр ететіні қылмыстан белгілі. Жасөспірімдер
қолымен іске асқан қылмыстың қандай түрімен күрес жүргізсек те, ол болашақтағы
ересектердің жалпы қылмысымен күресуге бағытталған бірден-бір дұрыс жол екені сөзсіз.
Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер қылмысын болдырмай алдын-алу үшін оларға
қылмыстық құқықтық шаралармен әсер ету арқылы, оның тиімді нәтижесін күту –
жасөспірімдердің өмір жолын дұрыс таңдап, адам болып қалыптасуына өз әсерін тигізсе
керек. Қылмысқа барған жасөспірімдер қылмыстық жағдайының салалығын түсіну үшін
ең алдымен олардың жас шамасын анықтау басты орын алады.
Қазақстан Республикасы территориясында кәмелетке жасы толмаған
жасөспірімдердің қылмысына арнайы жүргізілген санақ олардың қылмысы азаймай
отырғанын хабардар етті. Нақты жүргізілген талдаулар жасы толмаған жасөспірімдер
қылмысының криминогендік жақтарын ашуға көмектеседі.
Біріншіден, Қазақстан Республикасы бұрынғы Кеңес үкіметі құрамында болған кезде
де, жылдар бойы статистикалық бақылау жүргізуін тоқтатпады. Сол кез бойына жасы
толмағандар қылмысының өсуі жоғарылығымен ерекшеленеді, оның өсуі бір бес жылда
орташа 14-17 пайызға жеткендігін көрсетті.
Екіншіден, 1995 жылдан бастап, жасы толмаған жасөспірімдер қылмысының өсуі бір
жерде азайғанын көрсетсе, екінші жерде көбейгенін дәлелдей түскендей.
Үшіншіден, жасы толмаған жасөспірімдер қылмысы бір кездері олардың кейбір
ауыр түрлеріне қарамастан асып түсті.
Төртіншіден, жасы толмаған жасөспірімдер қылмысы көбінесе, толық есепке
алынбайды. Сарапшы мамандардың баға беруіне қарағанда көптеген қылмыстар
ашылмайды немесе тіркеудің дұрыс жүргізілмеуі салдарынан жасөспірімдер қылмысқа
жеңіл-желпі қарап, келесі қылмысқа оп оңай қадам басады.
Қазақстан Республикасында көптеген қылмыстар қылмысқа барған
жасөспірімдердің қолымен іске аспаса да, орын алып өсіп отырғаны жөнінде тұжырым
жасауға негіз береді. Шындығына келгенде, кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдердің
көптеген қылмыстары құқық қорғау орындарына жетпейді, тіркелмейді, бұндай
қылмыстық әрекеттердің әсерінен көптеген қылмыстық әрекеттер жазалаудан шет қалып,
қылмыстың сандық жағынан азаюына алып келеді.
Кәмелетке жасы толмағандардың қылмысын салалық жағынан талдау маңызды орын
алады. Осы тұрғыдан алсақ, жасы толмаған жасөспірімдердің қолымен іске асқан
қылмыстарына кісі өлтіру, ұрып-соғу, зорлау, қорқытып алу, кісі тонау, адамды кепілдікке
алу, бұзақылық, мүлікті ұрлау жатататыны белгілі.
Қылмысқа барған жасөспірімдердің қолымен іске асатын сан-алуан қылмыстардың
ішінде кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, зорлау сияқты ауыр қылмыстар
өткен жылдары бірен-саран кездесетін болса, қазіргі кездерде оның өсе түскендігі белгілі.
Кепілдікке алу секілді қылмыс түрі бұрындары мүлдем кездеспесе, қазіргі кезде оның да
бас көтеруі өмір шындығына айналып отыр. Қазіргі кезде кәмелетке жасы толмаған
жасөспірімдер арасында көп тараған қылмыстың біріне айналған бас пайдасын ойлап,
жасалған қылмыс жатады десек қателеспеген болар едік. Олай деуге себеп, олардың
арасында бас пайдасын ойлап, жасалған қылмыстың түрлеріне жататыны ұрлық, тонау,
алаяқтық, сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу, күш көрсетпей тартып алу, күш
қолданбай аса бағалы затты ұрлау, сеніміне кірумен немесе алдаумен адамның мүлкіне
зиян келтіру сияқты қылмыстары жасөспірімдердің қолымен іске асырылатыны белгілі.
Кейбір жасөспірімдер қылмысты жалғыз өзі белсенді түрде істеп жатады, бұл
олардың өзінің қылмыстық әрекетіне дайындығын, қайсарлығын, аямаушылығын
білдіреді. Бұл әрине, біріншіден, болашақта қоғамға жоғары қауіптілігін төндіретіндігін
көрсететін болса, екіншіден, құқық орындары мен психологтардың жекелей жұмыс
жасауын талап етеді. Көптеген қылмыстық істер көрсеткендей, ұрлық жасайтын
жасөспірімдердің ұрлайтын заттары көбінесе ұсақ-түйек заттар болып келеді. Кейде олар
ұрлаған заттарын қызығып алса, кейде саналы түрде алады. Кәмелетке жасы толмаған
жасөспірімдердің көп жасайтын ұрлық сияқты қылмысына қоса, соңғы кезде көп
кездесетін қылмыстарының көп тараған тағы бір түрі – бұзақылық болып отыр.
Қандай да болмасын, болмашы нәрсеге кектенген баладан өшін алу, көше-көшеге
бөлініп алып, төбелес ашу немесе ара-тұра болса да кездесетін жайт, ауыл-ауыл болып
төбелесу, өтіп бара жатқан баланы мазалап, ұрып-соғу, күш көрсету, жасы толмаған
жасөспірімнің бұзақылығына жататын қалыптасқан құбылыс.
Жалпы қылмыстың топтық құрылуы жай құрылудан басталып күрделі құрылыммен
аяқталады. Топ болып қылмыс жасаған кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер
қылмыстық жауапкершілікке қылмысқа қатысқандығы үшін жауап береді. Екі немесе
бірнеше рет қылмысқа барған жасөспірімдердің қатысуымен жасалатын қылмыс үнемі
қоғамға жоғары қауіп төндіретіні белгілі. Топ құрамындағылардың бір-біріне қолдау
көрсетуі-қылмыс жасауға тез шешім қабылдауын нығайтып, күш пен мүмкіндіктерін
күшейте түседі. Бұл заңмен қорғалатын кез келген нәрсеге үлкен зиян келтіруге
мүмкіндік туғызады. Бір көңіл аударарлық жай, қылмыстық әрекет жасаған
жасөспірімдердің көпшілігі оқуға ынтасының жоқтығы мен, немқұрайлығымен
ерекшеленеді. Олардың қылмыстық әрекеттерді бірлесе отырып жасауы, тұрақты
қылмыстық топқа кіруiне ұйытқы болады. Қылмыс істеуге тарту, азғыру, өтініш, ұсыныс
түрінде болғандықтан жасөспірімдер оған тез көндігеді.
Қазіргі таңда қылмыстық әрекеттердің, соның ішінде жасөспірімдер арасындағы
қылмыстық әрекеттердің көбеюі, қылмыстың алдын-алу шараларын қолдануды талап
етеді.
Осыған байланысты қылмысқа барған жасөспірімдердің әрекет ету нормасынан
ауытқуының, сондай-ақ қылмыстық әрекетінің алдын алу дегеніміз – олардың заңмен
қақтығысуына жол бермеу, оны тұлға ретінде жағымды етіп қалыптастыруға мүмкіндік
беретін тәсілдерді анықтау, сонымен бірге қылмысқа барған жасөспірімдердің заңмен
қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғуын болдырмау үшін құқықтық және
психологиялық ықпалдарды қолдану сияқты негізгі мақсаттардан тұратын ұйымдасқан
процесс.
Қылмысқа барған жасөспірімдер қылмысының алдын алу барысында қылмысқа
барған жасөспірімдердің биологиялық және әлеуметтік тұрғыдан әлі де болса қалыптаса
қоймағандығын ескеруіміз қажет. Осыған орай, кәмелетке толмаған қылмыскер
тұлғасының барлық ерекшеліктеріне, атап айтсақ, жас және психологиялық, әлеуметтік
және өнегелік, әлеуметтік-демографиялық және құқықтық ерекшеліктеріне, сондай-ақ
олардың тәрбиелік деңгейіне, біліміне, қажеттіліктеріне, нанымына, әрекет
мотивациясына ерекше көңіл бөлуіміз қажет.
Қылмысқа барған жасөспірімдер тұлғасының жекелеген ерекшеліктерін қылмыстың
алдын алу барысында ескеру алдын алу жұмысының тиімді әрі нәтижелі болуына міндетті
түрде өз септігін тигізеді. Қылмысқа барған жасөспірім тұлғасына тән ерекшеліктердің
бірі ретінде олардың құқықтық және өнегелік санасының тұрақсыздығы, бұрмалануға
оңай түсуі танылады. Жасөспірімнің өнегелік санасы бұрмаланған жағдайда оның
құндылықты бағдарлары, қызығушылығы, қажеттілігі, дүниеге деген көзқарасы, өнегелік
позициясы, адамгершілік бейнесі мен сана-сезімі өзгеріске ұшырап, теріс сипатқа ие
болады. Ал құқықтық сананың төмендеуі қылмысқа барған жасөспірімдердің көптеген
қылмысты жасауына, заң талаптарына өз мәнін түсінбеуіне әкеп соқтырады. Бұл
жағдайлардың барлығы қылмысқа барған жасөспірімдердің дұрыс жолдан тайып, қылмыс
жасауының бірден-бір себебі болып табылады. Осыған орай, жасөспірімдердің
қылмыстылығының алдын алу үшін ең алдымен құқықтық және психологиялық жағынан
моральдық, өнегелік тәрбие беру қажет.
Жасөспірімдердің құқықтық санасын анықтау үшін Қазақстанның әртүрлі
аумағындағы жзасөспірімдерге жүргізілген әлеуметтік-психологиялық зерттеу
таңқаларлық нәтижелер берді: өтпелі кезеңдегі бүгінгі қоғамда жасөспірімдердің
құқықтық санасы құқықты бүтіндей білмеуден, мемлекеттік құқық қоғау органдарына
қатысты болуға дейін бұрмаланып отыр. Бұл жасөспірімдер бойында патриотизм, заңды
бұлжытпай орындау сияқты қасиеттерді дамыту мақсатында ,белсенді азаматтық және
құқықтық –психологиялық білім берудің қажеттілігін тудырып отыр.
Осыған сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасында
жалпыға міндетті құқықтық білім берудегі ұйымдастыру жөніндегі қаулысы қабылданған
болатын. Мұнда мынадай үш мақсат алға қойылған:
- адамның жоғарғы азаматтығын, оның жалпы құқықтық мәдениетін және әлеуметтік
белсенділігін қалыптастыру;
- таңдап алынған еңбек әрекетіне дайындық процесінде жастардың арнаулы
құқықтық білім алуын қамтамасыз ету;
- қылмыстық әрекеттың алдын алу мәселесін шешу.
Жасөспірімдердің құқықтық білімін қамтамасыз ету арқылы олардың бойында заңды
құрметтеу сезімін қалыптастыруға болады. Алайда мұндай білім беру барысында
жасөспірімдердің жас ерекшеліктерін, өмірлік жағдайы мен мүмкіндіктерін ескеру қажет,
әрі мұндай жұмыс белгілі бір шыдамдылық пен жүйелілікті талап етеді.
Қылмысқа барған жасөспірімдерді өз міндеттерін саналы түрде орындауға
тәрбиелеу, олардың бойына жеке жауапты болу сезімін сіңдіру қылмыстың алдын алу
ісінде және түзету мекемесінде аса маңызды болып саналады. Бұл сипаттағы алдын алу
шараларын жүзеге асыру барысында, яғни жасөспірімдерді өзінің әрбір әрекеті мен
қылығы үшін жауапты болу сезіміне тәрбиелеу үшін олардың арасында психолог, педагог,
құқық қорғау қызметкерлері белсенділік танытуы қажет. Әңгіме барысында өмірлік
мысалдар келтіру, тіпті бұрын сотталып, қазір түзелу жолына түскен азаматтарды
осындай әңгімелерге қатыстыра отырып, олардың өз аузымен баяндауы, және де
қылмысты жасамандар деп айтқан, ақыл-кеңестері жасөспірімдердің сана сезіміне өзгеше
әсер беріп, олардың мұндай жолға түсуіне бөгет болуы мүмкін.
Қылмысқа барған жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктеріне, яғни олардың
өмірде кездесіп отыратын қолайсыз жағдайларға тап бола отырып, қиындықтар алдында
әлсіздік білдіреді, кез-келген ықпалдарға оңай түседі. Сөйтіп, олардың қылмыстық жолға
түсуі де оңай болады. Осы сияқты себептердің негізінде кәмелетке толмағандардың
қылмыстық жолға түсуіне жол бермес үшін жастарды дербес түрде ойлауға, өз бетінше
шешім қабылдау қабілеттілiгіне, оларды кез-келген қиындықтарға төтеп беруге
шынықтыруымыз қажет. Өз айналасында болып жатқан жағдайларға, халықтың жалпы
ісіне, әсіресе өзінің жеке әрекетінде жауап беруге дайын тұруына дағдыландыру керек.
Егер қылмысқа барған жасөспірімнің тұрақты идеялық нанымы, адамгершілік
принципі болмаса, ол жат қылықтарға,яғни қылмыстық әрекеттерге төтеп беруге қабілетті
ішкі тосқауылынан айрылады, сондықтан рухани жағынан тез әлсіз болып, қылмыстық
әрекеттерге тез барады. Идеялық нанымның және өнегелік мінез-құлықтың тұрақсыздығы,
кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына себепші болып табылатын шешуші
жағдайларды ғана емес, сонымен бірге өзге жағдайларды да бейтараптай алмайды, не тым
болмаса тежемейді де. Сондықтан бүгінгі таңда бүкіл азаматтардың бойында, оның
ішінде, әсіресе жасөспірімдер бойында жауаптылық көзқарасын қалыптастыру және де
оларды идеялық нанымға тәрбиелеу аса маңызды мәңге ие.
Жасөспірімнің адамгершілік және қоғамдық саяси мақсатқа деген оң көзқарасын жас
күнінен қалыптастыру қылмысқа барған жасөспірімнің ақыл ойы мен өнегелік пісіп-
жетілуі деңгейін, олардың өз нанымын кез-келген жағдайда қорғауға дайын болуын, өзін-
өзі басқара білуін қамтамасыз етеді.
Қылмыстың жасалуына себепші болып табылатын жағдайларды жоюдың, онымен
күрес жүргізудің маңыздылығына қарамастан, кәмелетке толмаға жасөспірімдер
қылмысының алдын алудың маңызды құралы ретінде қылмысқа барған жасөспірімдердің
бойында идеялық нанымды, ғылыми көқарастарды және дүниетанымды қалыптастыру
шешуші мәнге ие болып табылады.
Ал, жасөспірім бойында идеялық нанымды, ғылыми көзқарастарды және өмірге
деген жағымды дүниетанымды қалыптастыру ісіндегі жетістіктерге психологтың
комплексті әрекеті негізінде қол жеткізуге болады.
Бүгінгі таңда қылмысқа барған жасөспірімдер арасында педагогикалық тұрғыдан
қараусыздық, жасөспірім бойында қоғамға қарсы қажеттіліктердің туындауына, достық,
борыш, абырой сияқты түсініктерінің бұрмалануына себепші болады. Олардың енді
қалыптасып келе жатқан рухани, эстетикалық және танымдық қажеттіліктері
деформациялана бастайды.
Оның үстіне психологиялық және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған
жасөспірiмдер қылмыскер жасөспірімдердің негізгі тобын құрайтындығы баршаға белгілі.
Ішкі қажеттілік бойынша психологиялық және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған
жасөспірімдерді мынадай 4 топқа бөлуге болады:
1. тентек немесе ерке жасөспірімдер;
2. отбасы тарапынан шеттетіліп, көзтүрткі көрген жасөспірімдер;
3. қараусыз қалған жасөспірімдер;
4.жат әрекеттердің тұрақты ықпалындағы және ересектердің құқыққа қарсы
талаптарының әсеріндегі жасөспірімдер.
Тентек жасөспірімдер, олар жасаған әрекеттерінде ерекше жағдай қалыптастырады.
Мұндай жағдайда бала өзімшіл, жеңіл өмір сүруді жақсы көретін болып өседі. Ал,
кейбіреулерi ашынған, жабырқау күйде болады. Олар әдетте өзінің болашағына
сенімсіздікпен қарайды.
Қылмысқа барған жасөспірімдер тұлғасы эстетикалық тұрғыдан оңай бұрмаланады.
Мұндай бұрмаланулар кейде олардың қылмыстық жолға түсуіне себепші болуы мүмкін.
Қылмысқа барған жасөспірімнің айқын белсендлікке ие адам екенін естен шығармаған
жөн. Демалу уақытының пассивті түрде өтуі, әдетте, жиналған энергияны шығаратын,
белсенді іспен айналысуды қажет етеді. Жасөспірімдердің жартысына жуығы өздерінің
бос уақыт ішінде, өзінің қарқынды энергиясын жүзеге асырады және де ол энергия
қажетті салаға жұмсалмайтын болса, оны жұмсау объектісін сол жасөспірімнің өзі
таңдайды. Көшенің жасөспірімдер үшін тартымды болуы да осыған байланысты. Өйткені,
жасөспірім өзінің қарқынды энергиясын күш көрсету түрінде көшеде жұмсай алады, ал
колледж пен отбасы мұндай жасөспірімдердің қоғамға қарсы психологиясының
қалыптасуында үлкен роль атқарады.
Жасөспірім бойында еңбекке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру аса маңызды
мәнге ие. Өйткені кез-келген жасөспірімді ең әуелі отбасы, одан кейін мектеп және
барлық жағдайда еңбек тәрбиелейді. Еңбек ету қажеттілігі болған жерде тәртіптің
бұзылуы және жасөспірімдердің қылмыстық әрекеті өте сирек кездеседі.
Қылмысқа барған жасөспірімдер өздерінің психофизиолгиялық қасиеттерінің толық
деңгейде дамып-жетілмеуі және тұрақсыздығы негізінде, ересектердің және де тиісті
мемлекеттік органдар мен ұйымдардың белсенді, мақсатты және қатаң түрде жүргізілетін
қайта түзеу жұмыстарынсыз өз сана-сезіміндегі және мінез-құлық әрекетіндегі
кемшіліктерді өз бетінше шеше алмайды.
Сондықтан да, жастар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік қызметтер кешенін,
оның ішінде, әлеуметтік-психлогиялық көмек орталықтарын, наркологиялық қызметтер,
жасы кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға арналған әлеуметтік сауықтыру
мекемелерін, заңдық көмек беру және демалыс орталықтарын жер-жерлерде көптеп құру
көптеген тиімді нәтижелерді береді.
Қылмысқа барған жасөспірімдердің психикасы жас балалардың да, ересектердің де
психикасынан өзгеше. Олар үшін импульсивтік, жоғары әсерленгіштік, қызбалыққа тез
түсу, көңіл-күйінің тұрақсыздығы, өз-өзіне сенімсіздігі, өз әрекетінің дұрыстығына жиі
күмәндануі тән екендігін бұдан да бұрын айтқан болатынбыз. Бұл сияқты құбылмалы
психологиялық қасиеттер — жасөспірімдердің қылмыстық жолға оңай түсуіне себепші
болады.
Жасөспірімдерді жамандықтан үнемі қорғаштап отыру, өмірде кездесіп отыратын
қиындықтар жөнінде сөз қозғамау, олардан жекелеген адамдар тарапынан жасалатын
бейморальдық және қоғамқа қарсы әрекеттерді, әділетсіздік пен жалғандықты жасыру,
мұндай құбылыстар кездескен жағдайда оған төтеп беріп, қажет болған жерлерде
шыдамдылық білдіруге, қастандық әрекеттермен күрес жүргізуге тәрбиелемеу олардың
тұлғасының әлсіздігіне, қиындыққа шыдай алмай теріс жолға оңай түрде түсуіне
қиындықпен бетпе-бет кездескен кезде, олардың бойында өмірден түңілу сезімі
қалыптасып, армандары мен сенімдерінің күйреуіне әкеп соғады.
Қылмысқа барған жасөспірімің стихиялы түрде өзін-өзі тәрбиелеуі, сана-сезімнің
төмендеуін тудырады, сөйтіп белгілі бір деңгейде қылмыскер тұлғасының қалыптасуына
себепші болады және оны түзеуге бөгет жасайды.
Ал,қылмысқа барған жасөспірімнің саналы позитивті түрде өзін-өзі тәрбиелеуі
дегеніміз — өмірде алға қойған мақсатына қол жеткізу, әрі жоғары деңгейде әрекет етуге
дайын болу қабілеттігі мен қасиеттерін, моральдық және физикалық күштерін, ақыл-ойын
дамыту үшін ерікті, белсенді түрде әрекет ету процесі болып табылады.
ІІІ. Қорытынды
Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі
қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда
құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Аталған қылмыс
түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық
тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет.
Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша
мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз.
Құқықтық тілмен айтқанда бұл - заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен
қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай
жүргендерді көптеп кездестіреміз.
Ж. Аймауытов: «Тәрбиеге әсер ететін нәрсе өскен орта, ата - ананың тәрбиесі.
Соңғысы күшті болмаса, бара - бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше
түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі»,- деген. Сол сияқты жасөспірімнің қылмыс
жолына түспеуіне бірден - бір жауапты ата - ана.
Бүгінгі өткен «Құқық бұзушылық және жасөспірім» атты тәрбие сағатымыз
оқушыларымыздың болашағы жарқын, сауатты әрі тәрбиелі етіп өсіруге зор ықпалын
тигізеді деген ниеттеміз.
Слайд – 1
Слайд – 2
Слайд – 3
Слайд – 4
.
1.«Ісін өндіре алмаған қырсыз бала ,қырсығын әкесінен
іздейді.»
2. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.»
3. «Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке
дейін құлыңдай қина, он үштен ары сырласыңдай сыйла.»
4. «Жақсы бала сүйініш , жаман бала күйініш.»
5. «Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер
6 Біреуге ор қазба, өзің түсесің.
7. Заңның құрығы, бәрінен ұзын.
8. Ұрлық түбі, қорлық.
9. Өтірікшінің құрығы, бір – ақ тұтам.
10. Тура биде, туған жоқ.
11. Туғанды биде, иман жоқ.
12. Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер.
13. Тек жүрсең, тоқ жүресің.
14. Заңды сыйлаған, еркін жүреді.
1.Жеке адамның құқығы дегеніміз не?
Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған заң арқылы қорғалған
тәртіптік шара.
2. Құқықтың қандай түрлерін білесіңдер?
- Жеке (азаматтық)
- Саяси
- Экономикалық
- Әлеуметтік
- Мәдени т.б.
3. Адам құқығы қай уақыттан пайда болады?
Туылғаннан беріледі
4. Оларды орындау үшін не қажет?
Міндеттерін орындау
5. Адамның негізгі құқығы?
Өз құқықтарын пайдалану құқығы
6. Құқық қашан және қайда пайда болды?
Азаматтарға құқық керек кезде, ол пайда болады.
7. Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық – деген не?
Бостандық – бұл таңдау
8. Бостандықты не шектейді?
Бостандық және өз қалауымен орындамалық – бұлар бірдей ме? -Бостандықты
шектеу әр адамның саналығында
Слайд – 5
1. Құқық
2. Конституция
3. Мемлекет
4. Азамат
5. Құқық
бұзушылық
6. Президент
7. Парламент
8. Егемендік
А – Еліміздің негізгі заңы.
Б – Мемлекет басшысы.
В – Негізгі саяси
қоғамдық ұйым.
Г – Тәуелсіздік .
Д – Заңдар жүйесі .
Е – Заң шығарушы
орган .
Ж – Заң жүйесін бұзу.
З – Құқығы бар ел
тұрғыны.Дұрыс жауабы:
1-Д, 2-А, 3-В, 4-З, 5-Ж, 6-Б, 7-Е, 8-Г
Слайд – 6
•Сенің құқығың – менің құқығым.
Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы Қазақстан
Республикасының кодексі 2001
жылы қаңтардың 30 күні қолданысқа
енгізілген, ал 2012 жылы сәуірдің 27
күні өзгерістер мен толықтырулармен
берілген. Жалпы бұл заң 44 тараудан
733 баптан тұрады.
Слайд – 7
Слайд – 8
Слайд – 9
Слайд – 10
Слайд – 11
Мен жігіт 15-30 арасында,
Бұл шақта көп бересі, аласымда.
Жан жағым толған мақсат,
толған таңдау,
Алайын анасын ба, мынасын ба,
- деп арқалы ақын
Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай
болашақта шалыс қадам баспай, өз
өмірлеріне жауап беретін ата-анасының
емес бүкіл алаштың азаматтары болады
деген сеніммен бүгінгі тәрбие
сағатымызды аяқтаймыз.
Слайд – 12
канатулы

More Related Content

Similar to канатулы

Блялов.Т. Бала құқығы.pptx
Блялов.Т. Бала құқығы.pptxБлялов.Т. Бала құқығы.pptx
Блялов.Т. Бала құқығы.pptxTuranalyBlalov
 
Мемлекет және құқық теориясы пәнінің негізгі түсініктері.pptx
Мемлекет және құқық теориясы пәнінің негізгі түсініктері.pptxМемлекет және құқық теориясы пәнінің негізгі түсініктері.pptx
Мемлекет және құқық теориясы пәнінің негізгі түсініктері.pptxZhasStarEntertainmen
 
Антикоррупция
АнтикоррупцияАнтикоррупция
АнтикоррупцияEKO
 
Касип през.pptx
Касип през.pptxКасип през.pptx
Касип през.pptxuldaish
 
Презентация.Әкімшілік құқық анықтамасы.
Презентация.Әкімшілік құқық анықтамасы.Презентация.Әкімшілік құқық анықтамасы.
Презентация.Әкімшілік құқық анықтамасы.nyunuks
 
Презентация.құқық негіздері 9 с. iv бөлім. әкімшілік құқық әкімшілік құқық ан...
Презентация.құқық негіздері 9 с. iv бөлім. әкімшілік құқық әкімшілік құқық ан...Презентация.құқық негіздері 9 с. iv бөлім. әкімшілік құқық әкімшілік құқық ан...
Презентация.құқық негіздері 9 с. iv бөлім. әкімшілік құқық әкімшілік құқық ан...nyunuks
 
азаматтық қоғам идеяларының пайда болуы мен дамуы.
азаматтық қоғам идеяларының пайда болуы мен дамуы.азаматтық қоғам идеяларының пайда болуы мен дамуы.
азаматтық қоғам идеяларының пайда болуы мен дамуы.Aizada Svanova
 
Презентация.Азаматтық құқық негіздері
Презентация.Азаматтық құқық негіздеріПрезентация.Азаматтық құқық негіздері
Презентация.Азаматтық құқық негіздеріnyunuks
 

Similar to канатулы (9)

Блялов.Т. Бала құқығы.pptx
Блялов.Т. Бала құқығы.pptxБлялов.Т. Бала құқығы.pptx
Блялов.Т. Бала құқығы.pptx
 
Мемлекет және құқық теориясы пәнінің негізгі түсініктері.pptx
Мемлекет және құқық теориясы пәнінің негізгі түсініктері.pptxМемлекет және құқық теориясы пәнінің негізгі түсініктері.pptx
Мемлекет және құқық теориясы пәнінің негізгі түсініктері.pptx
 
Антикоррупция
АнтикоррупцияАнтикоррупция
Антикоррупция
 
Касип през.pptx
Касип през.pptxКасип през.pptx
Касип през.pptx
 
Презентация.Әкімшілік құқық анықтамасы.
Презентация.Әкімшілік құқық анықтамасы.Презентация.Әкімшілік құқық анықтамасы.
Презентация.Әкімшілік құқық анықтамасы.
 
Презентация.құқық негіздері 9 с. iv бөлім. әкімшілік құқық әкімшілік құқық ан...
Презентация.құқық негіздері 9 с. iv бөлім. әкімшілік құқық әкімшілік құқық ан...Презентация.құқық негіздері 9 с. iv бөлім. әкімшілік құқық әкімшілік құқық ан...
Презентация.құқық негіздері 9 с. iv бөлім. әкімшілік құқық әкімшілік құқық ан...
 
азаматтық қоғам идеяларының пайда болуы мен дамуы.
азаматтық қоғам идеяларының пайда болуы мен дамуы.азаматтық қоғам идеяларының пайда болуы мен дамуы.
азаматтық қоғам идеяларының пайда болуы мен дамуы.
 
Презентация.Азаматтық құқық негіздері
Презентация.Азаматтық құқық негіздеріПрезентация.Азаматтық құқық негіздері
Презентация.Азаматтық құқық негіздері
 
Kitfdу
KitfdуKitfdу
Kitfdу
 

More from Asem Sarsembayeva

современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитанияAsem Sarsembayeva
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентацияAsem Sarsembayeva
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығуларAsem Sarsembayeva
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктерAsem Sarsembayeva
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»Asem Sarsembayeva
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человекаAsem Sarsembayeva
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановнаAsem Sarsembayeva
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаеваAsem Sarsembayeva
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевнаAsem Sarsembayeva
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17Asem Sarsembayeva
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдAsem Sarsembayeva
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина мояAsem Sarsembayeva
 

More from Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 

канатулы

  • 1. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛЫСЫ ОБЛАСТЬ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ГОРОД СЕМЕЙ БІЛІМ МЕКЕМЕСІ УЧРЕЖДЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ «АВИЦЕННА» МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ КОЛЛЕДЖІ «АВИЦЕННА» СЫНЫПТАН ТЫС ІС ШАРАНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ «ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМ»
  • 2. Түсінік хат Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі. Құқықтың ерекшелігі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады. Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық - заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет - бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс- қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.
  • 3. Тақырыбы: «Құқық бұзушылық және жасөспірім» Тәрбие сабақтың мақсаты: Білімділік: Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету. Дамытушылық: Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін, ой-өрістерін дамыту Тәрбиелік: Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру. Сабақтың түрі: тәрбие сағат Сабақтың міндеттері: • кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықтың, қылмыстың және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу; • оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықтық алаң, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету; • оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу. Пәнаралық байланыс: • Құқық негіздері • Экономикалық теория негіздері • Қазақстан тарихы Тәрбие сағатында қолданылатын технология • Ақпараттық технология • Коммуникативтік технология Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап, мәнерлеп оқу, пікірталас. Көрнекілігі: Қанатты сөздер, слайдтар, бүктемелер. Жоспар: І.Ұйымдастыру кезеңі. (5 минут) ІІ. Негізгі бөлім: • Құқық бұзушылық жайлы ақпарат (10 минут) • Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты бейнелейтін видеожазба (5 минут) • Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер (5 минут) • «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу) (10 минут) • Сұрақ-жауап, пікірталас (5 минут) • Ойлан тап (5 минут) • «Сенің құқығың-менің құқығым» (5 минут) • Баяндама «Қылмысқа барған жасөспірімдер» (5 минут) ІІІ. Қорытынды. (5 минут)
  • 4. Күтілетін нәтиже: Құқықтық нормативтік актілерді еске түсіреді. Қоғамдағы құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке “нөлдік төзімділік” қағидатты талқылайды. Өз құқықтары мен міндеттерін талқылау. Құқықтық сауаттылықты дамытады. Адам құқықтарын сақтау өмірде маңызды екенін бағалайды. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Айымханова Н. Қазақстан Республикасы еңбек құқығы: Оқу құралы. Алматы: Жетi жарғы, 2002. 2. Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. Алматы: Болашақ баспа, 2002. 3. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлiм: Оқулық. Алматы: Жетi жарғы, 2001. 4. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негiздерi: Оқу құралы. Алматы: Жетi жарғы, 2003. 5. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы: Оқу-әдiстемелiк құрал. Алматы, 2004. 6. Бұғыбай Д.Б. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлiм: Лекциялар курсы. Алматы: Қайнар, 2003. 7. Жоламанов Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. Алматы: Жетi жарғы, 2004. 8. Маймақов Ғ. Қазақстан Республикасының саяси құқықтық тарихи. Алматы, 2000. 9. Наумов А.В. Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлiм: Лекциялар курсы. Астана: Фолиант, 2001. 10. Қазақстан Республикасының мемлекетi мен құқығының негiз-дерi: Оқулық/Құр. Е. Баянов. Алматы, 2003. Интернет-құралдар және электронды әдебиеттер: • http://bankreferatov.kz/zan/782-kilmis-ilmisti-koptg.html • http://kontrosha.net/189861286894933.html • http://kk.wikipedia.org/wiki/ • http://1referat.kz/kukyk-kogam-kriminalistika/quqyq-buzushylyq-zhane-zandy- zhauapkershilik.html • http://bigox.kz/kukyk-buzushylyk-tusinigi-tarixy/
  • 5. Тәрбие сағатының барысы І. Ұйымдастыру кезеңі Оқытушы сөзі: Бүгінігі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Құқық бұзушылық және жасөспірім». Тәрбие сағатымыздың мақсаты: құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету. Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық - заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет - бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады. ІІ. Негізгі бөлім Құқық бұзушылық жайлы ақпарат Рустам Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді. Азамат өзіне жүктелген міндеттерді орындаса немесе құқықтары мен бостандықтарын пайдалана алса, мұндай іс-әрекет азаматқа да, қоғамға да пайдасын тигізетіні сөзсіз. Азаматтар заңда белгіленген міндеттерін бұлжытпай орындаса, қоғамда зандылық орнап, құқықтық тәртіп сақталады. Азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын тиімді пайдалана алса, қоғамның жан-жақты дамуына, адамдардың түрмыс жағдайларының жақсаруына, халық мәдениетінің өркендеуіне тиісті жағдай туады. Сондықтан әр мемлекет, оның аппараттары мен органдары қоғамда заңдылыққа, құқықтық тәртіпке нұқсан келтірмеуді қамтамасыз етеді. Олар жеке және заңды тұлғалардың іс-әрекеттерін қатаң бақылап отырады. Мадина Құқық бұзушылық өзіндік пайда бағу, даму және жойылу зандылықтарына ие белгілі бір қоғамдық құбылыс ретінде көптеген жекелеген құқық бұзушылықтардан құралады,
  • 6. олардың барлығы да ортақ қасиетке ие болады. Белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік әлеуметтік табиғаты мен занды нысанын бейнелейтін осындай қасиеттердің жиынтығы құқық бұзушылықтың түсінігін береді. Құқық бұзушылық — биологиялық, физиологиялық, технологиялық ерекшеліктерге сай, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік көрінісі. Құқық бұзушылық — құқыққа, оның талаптарына қарсы бағытталған мінез — құлық. Демек, құқықты бұзған ат-үсті қарап, талаптарынан айналып өту деген сөз. Әрбір құқық бұзушылық — нақтылы құбылыс. Оны нақты адам, белгілі бір жерде, мезгілде, жағдайда жасайды. Ол құқық нормаларының қағидасына қайшы келеді және өзіне тән оның белгілері болады. Сонымен бірге жекелеген құқық бұзушылыққа тән жалпы белгілері де кездеседі. Алишер Құқық бұзушылықтың екі зияны бар: 1. Құқық бұзушылық — қоғамға зиянды әрекеттің объективтік нысандағы бейнесі, сыртқы көрінісі болып табылады. Бұл қоғамға зиянды, қауіпті әрекет, әрекетсіздік занда құқыққа қайшы сипатта ресми түрде бекітілуі керек деген мағынаны білдіреді. 2. Құқық бұзушылық — объективтік процесс болып табылады. Бұндағы объективті деп отырғанымыз, кез келген құқық бұзушылық құқықтың қорғайтын әлеуметтік игіліктері: жалпы мүдде, қоғамдықтәртіпке қауіп төндіреді. Дәл осы мағынада құқық бұзушылық қоғамға қауіптілік және зияндылық мәнге ие болады. Формальді — логикалық жағынан бұл былай бейнеленуі мүмкін: қоғамға зияндының бәрі де, құқыққа қайшы болып табылады. Тиісінше, құқыққа қайшы, қоғамға зиянды әрекет — әрекетсіздік деп саналады. Шындығына келгенде бұл тұжырымнан екі терістік байқалады: 1. Заңда құқыққа қайшы деп саналғандардың бәрі де, қоғамға зиянды немесе қауіпті. 2. Қоғамға қауіпті әрекеттің барлығы да, құқықтық нормаларға қайшы деп тыйым салынбаған. Айгерім Құқық бұзушылықтың мәні — оны басқа жүріс-тұрыс ережелерін бөліп көрсететін, басты өзіне ғана тән ерекшеліктерінен тұрады. Алдымен барлық құқық бұзушылықтың мәні қоғамдық құрылыстың, қоғамдық қатынастар жүйесіне келтіретін қауіптілігі, зияндылығы. Яғни, тек бір ғана әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен зияндылығы емес, оның таралуы қоғамдық қатынастарға айтарлықтай залал келтіретін адам әрекетінің белгілі бір түрі ескеріледі. Ал жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамдық өмірдің бекітілген тәртібін, олар қоғамда кең таралған жағдайда ғана қоғамдық тәртіптің қаупіне айналады. Тиісінше, жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп бағалануы мүмкін. Ол және өзі зиян келтіретіндіктен емес, өзі тектес әрекет-әрекетсіздіктің көптеп орын алуына байланысты. Олар өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзады, сондықтан да құқық бұзушылықпен күресудің мемлекеттік ұйымдасқан қызметін қажет етеді. Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы, оның қашанда адам қоғамының құндылығы, жеке және мүддеге нұқсан келтіруінен көрінеді. Яғни, қоғамның маңызды құндылықтары, оның өмір сүру жағдайына қауіп төндіреді. Құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігінің деңгейі түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Мәселен, адамның өміріне қастандық жасау — өте қауіпті қылмыс. Ал біреудің үйіне түсіп, мүлкін ұрлау оған қарағанда жеңілірек дәрежеленеді. Дегенмен, осы екі әрекет те қоғам үшін өте қауіпті болып табылады. Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын бұзып, маңызды қоғамдық қатынастарға әлеуметтік шиеленіс енгізуінен де көрініс табады. Зиян қандай да болсын заң бұзушылықтың теріс зардабы — ажырамас белгісі оның көлемі, мөлшері, сипаты түрліше болады.
  • 7. Әрекет-әрекетсіздіктің қоғамға қауіптілігі, зияндылығының занды көрінісі құқыққа қайшылық деп саналады. Ол іс қимылдың белгілі бір түрінің нышаны ретінде құқық талаптарының саналы түрде бұзылуын білдіреді. Әрекет-әрекетсіздік заңды міндетін орындамау немесе құқықты теріс пайдалану, яғни егер оған құқықпен тыйым салынса және оны жүзеге асырған жағдайда, құқықтық нормалардың санкциясы қолданылуға жатса, бұл құқыққа қайшы деген сөз. Егер де құқықпен тыйым салынбаса, құқық бұзушылық болмайды. Адамның өзінің тұлғалық құқықтарын қолданбауы, оның жеке қалауына байланысты болғандықтан, құқық бұзушылыққа жатпайды. Керісінше, адамның қоғамға, мемлекет және азаматтардың мүддесіне залал келтіре отырып, құқықтар мен бостандықтарды пайдалануы, құқыққа қайшы әрекет деп саналады. Меруерт Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгі-нышандар: 1. Құқық бұзушылық — құқықты, оның қағидаларын, құқық жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Яғни бұл адамдардың іс-әрекеті, қылығы немесе әрекетсіздігі. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Демек, құқық бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Мінез-құлвды, іс-әрекеті арқылы көрінбеген адамның ой-тұлғасы, сезімдері құқық бұзушылық болып табылмайды. Мәселен, адам өзінің ойын, сенімін күнделікке, таспаға жазып, суретке түсіруі мүмкін. Адамның ой желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатысуынсыз жасалмайды. Олар қашан да ойдың елігінен өтіп, бақылауында болады. Бұл дегеніміз, ақыл-есі дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады деген сөз. Яғни құқық бұзушылық саналы түрде жасалатын ерікті іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. 2. Құқық бұзушылық құқық нормалары қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп, қоғамның және адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқық нормаларының талаптарын орындамау нәтижесінде құқықтық тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның құқықтарына, өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді. Зиянның көлемі, мөлшері, түрлі болуы мүмкін. Гүлім Қоғамдық зиянды анықтаудың мынадай тәсілдері белгілі: 1. Заңдылықты бұзудың объектісі адамдардың өміріне, денсаулығына, қоғамдағы негізгі қарым-қатынасқа зиян келтіруді анықтау. 2. Зиянның түрін, мөлшерін анықтау. 3. Қылмысты жасаған әдісін, уақытын, орнын анықтау. 4. Қылмысты жасаған адамның өзінен және осы іске тиісті материалды, фактілерді жинастыру, толық мінездеме беру. Қалай болса да заң бұзушылық қоғам үшін зиянды іс-әрекет. Өйткені жоғарыда айтылғандай жеке адамға (өміріне, денсаулығына, ар-намысына, бас бостандығына), мүлікке, қоғамдық тәртіпке нұқсан келеді. Кейбір жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін болмайды. Мәселен, кісі өлтіру, мүгедектікке душар ету, жазылмайтын ауруға соқтыру т.б. 5. Құқық бұзушылық әрқашан да құқық нормаларының талаптарына қайшы келеді. Сондықтан да оның құқық нормаларымен реттеліп және қорғалатын қоғамдық- қатынастарға қарсы бағытталғандықтан құқыққа қайшы әрекет деуге болады. Құқыққа келісті және ол рүқсат берген әрекет, ешқашан құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды. Құқық бұзушылық ең алдымен неге қауіп төндіреді? Заңның қорғауына алынған өзге тұлғалардың мүддесіне. Дегенмен адамның барлық мүддесі заңмен қорғала бермейді,
  • 8. сондықтан да оларға нұқсан келтіру әр уақытта да құқыққа қайшы болып саналмайды, тиісінше құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды. Мәселен, бәсекелестік, біреудің жеке экономикалық мүддесіне залал келтіруі мүмкін, бірақ бұл құқық бұзушылыққа жатпайды. Яғни, құқық бұзушылықтың мәні мемлекет шығарған құқық нормаларына қайшы әрекеттер мен байланысты болады. 6. Құқық бұзушылық құқық субъектісінің кінәлі әрекеті арқьшы ғана жүзеге асады. Кінәлі деп танылу үшін занды бұзған адамның ақыл-есі дұрыс болу керек. Есі дұрыс емес немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам (әрекет қабілеттілігінің жоқтығы соттың шешімімен анықталады) құқық нормаларының талаптарын қалай бұзса да жауапқа тартылмайды, себебі, ол өз әрекетінің мәнін түсінбейді, одан басқаға зиян келетінін болжай алмайды. Кінәлі болу үшін адамның есі дұрыс және әрекет қабілеттілігі шектелмеген болуы шартгы жағдай. Әрекет қабілеттілік деген адамның өз еркімен саналы тұрде іс-әрекет жасап, сол үшін жауап беру мүмкінділігінің болуы.(Юнг) — құқық бұзушының өзінің құқыққа қайшы әрекетіне қатысты психикалық қарым-қатынасы. Сонымен, құқық бұзушылық — әрекет қабілеттілігі иеленуші субъектінің заңды жауапкершілікке тартылатын қоғамға зиянды немесе қауіпті құқыққа қайшы және кінөлі әрекет-әрекетсіздігі. К.Маркс былай деген болатын: қоғам тек адамдардан ғана тұрмайды, олардың ара байланысы мен қарым-қатынасын бейнелейді ( К. Маркс, Ф. Энгельс. Шығ. жинағы, 3-т, З-б.). Сондықтан да құқық бұзушылықтың себебін жекелеген құқыққа қайшы әрекеттер арқылы түсіну мүмкін емес. Ғылыми зерттеу нәтижесі құқық бұзушылықтың себебі жеке адамның қажеттіліктерімен оны қанағаттандырудың әлеуметтік мүмкіндігінің арасындағы қайшылықга деп түсіндіреді. Яғни бұл өз кезегінде қоғамдық жағдайдың сипатына тәуелді болады. Бұл дегеніміз қоғамдық қатынастар жүйесінде: өндіріс, саясат, мәдениет, шаруашылық, түтыну салаларында белгілі бір орынға ие болу. Ал қалыпты өмір сүру жағдайда бұлар бір-бірімен сәйкес келіп отыруы тиіс. Қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі белгілі бір орынды иелену адамның кәсіпқойлық дәрежесін, білімін және мәдени мәртебелігін айқындайды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты бейнелейтін видеожазба Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер Анар 1.Ісін өндіре алмаған қырсыз бала, қырсығын әкесінен іздейді 2. Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің 3. Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін құлыңдай қина, он үштен ары сырласыңдай сыйла София 1. Жақсы бала сүйініш, жаман бала күйініш 2. Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер 3. Біреуге ор қазба, өзің түсесің Мадина 1. Заңның құрығы, бәрінен ұзын 2. Ұрлық түбі – қорлық 3. Өтірікшінің құрығы – бір-ақ тұтам
  • 9. Айдана 1. Тура биде - туған жоқ 2. Туғанды биде – иман жоқ Мадина 1. Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер 2. Тек жүрсең, тоқ жүресің 3. Заңды сыйлаған, еркін жүреді «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу) 1-Жағдаят: Көшедегі көрініс Айман: Айболат бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе? Бақытжол: Ия, ия, айтпақшы Дамирлер бүгін жиналайык, той қызықтаймыз деген. Саған хабарласқан жоқ па? Айман: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз. Бақытжол: Кеттік, жолшыбай Бекжолға соға кетейік, ол да барары мүмкін. Айман: Бекжол, біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші. Дәурен: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар. Бақытжол: Ту, ата-анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң жібермей қалады. Дәурен: Жоқ, балалар, мені жібермейді бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бірнәрсеге душар болармыз. Айман: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» - деп өкініп жүр ме.? Бақытжол: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе? 2-Жағдаят: Ауыл іші, түн, көп бала өлең айтып шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып тұрып:- “Әй, бері кел” деп айқай салды. Қайырылмаған оған пышақ көрсетті. Сұрақ-жауап, пікірталас 1. Жеке адамның құқығы дегеніміз не? Жауабы: Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған заң арқылы қорғалған тәртіптік шара. 2. Құқықтың қандай түрлерін білесіңдер? Жауабы: - жеке (азаматтық); - саяси; - экономикалық; - әлеуметтік; - мәдени және т.б. 3. Адам құқығы қай уақыттан пайда болады? Жауабы: туылғаннан беріледі. 4. Оларды орындау үшін не қажет? Жауабы: міндеттерін орындау 5. Адамның негізгі құқығы?
  • 10. Жауабы: Өз құқықтарын пайдалану құқығы 6. Құқық қашан және қайда пайда болды? Жауабы: Азаматтарға құқық керек кезде, ол пайда болады. 7. Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық – деген не? Жауабы: Бостандық – бұл таңдау. 8. Бас бостандығын шектеу деген не? Жауабы: Соттың сотталған адамға оның бас бостандығын шектейтін белгілі бір міндеттерді жүктеуі. Ойлан тап 1.Құқық А – Еліміздің негізгі заңы 2.Конституция Б – Мемлекет басшысы 3.Мемлекет В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым 4.Азамат Г – Тәуелсіздік 5.Құқық бұзушылық Д – Заңдар жүйесі 6.Президент Е – Заң шығарушы орган 7.Парламент Ж – Заң жүйесін бұзу 8.Егемендік З – Құқығы бар ел тұрғыны Дұрыс жауабы: 1-Д, 2-А, 3-В, 4-З, 5-Ж, 6-Б, 7-Е, 8-Г «Сенің құқығың-менің құқығым» Сенің құқығың – менің құқығым. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексі 2001 жылы қаңтардың 30 күні қолданысқа енгізілген, ал 2012 жылы сәуірдің 27 күні өзгерістер мен толықтырулармен берілген. Жалпы бұл заң 44 тараудан 733 баптан тұрады. Бұл кезеңде оқушылар өз жасөспірімдік құқықтары жөнінде айтып өтеді Алишер: 10 бап Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы. Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін, жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады. София: 9-бап Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы Бала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. Қай ұлтқа жататындығына, тіліне, біліміне, денсаулығына, ата – анасына қатысты мән-жайларға қарамастан бала тең құқылы. Анар: 11 бап Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына, коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР-ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар. Гүлім: 12 бап Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ
  • 11. Мадина: 19 бап Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар. Рустам: 30 бап Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Республика азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар. Айгерім: 19 бап Әрбір адам өз пікірі болуына, ойындағысын еркін айтуына құқығы бар. Баяндама «Қылмысқа барған жасөспірімдер» Оқушы: Хидирова Мадина Қылмысқа барған жасөспірімдердің арасында әртүрлі қылмыстың терең тамырлануы кімді болса да, алаңдатпай қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болатын болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімді жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеуден айқын көрінеді. Бесіктен белі шықпай жатып, әрбір оғаш қадамына селт етпей сергек қараған жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке баруына байланысты себеп не? Кім кінәлі? Қоршаған орта ма? Әлде колледж бе? Әлде жүре түзеліп кетер деп қылмыстық әрекеттер істеген баласының әрекетіне немқұрайлы қарайтын ата-ана ма? Болашақ өмірі мен тағдырын бейтарап қалдырмайтын кез-келген адамның осы сұраққа жауап іздеуі белгілі. Қылмысқа барған жасөспірімдердiң есейе келе, өздерiнiң жасаған қылмыстық әрекеттері үшiн үлкен өкінішпен қарау жағдайы көп болып тұрады. Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыстық әрекеті өмірде болып жатқан нақты жағдайларына тікелей байланысты емес. Ол белгілі бір ортаға кездейсоқ немесе жоспарланған түрде тамырлануы. Жасөспірімдердің қылмыстық әрекеттерді көбінесе қалада жасауы, әлеуметтік тұрғыдан көптеген себептермен түсіндіріледі. Жасөспірімнің өзіне, қоғамда пайдалы іспен айналыспауынан уақыттың көптігі, ауылдық клубтың жабылуы, күні бойғы бос сандалыс, көше кезулер, қылмыстық әрекеттің алғы шарты бола алады. Осындай толып жатқан себептер жасөспірімнің таңғажайып оқиға жасауға ұмтылуына, керемет көрінуге, болашақта істейтін қылмыстық әрекетқе жоспар құруына немесе топтасып қылмыс істеуге жол ашады. Көбінесе жасөспірімдер бойынан, санасынан мықты орын алған қиялы ойша жетіліп арманын іске асыратын не асыруға асығатын жасөспірімдер айналасындағыларды таң қалдыратындай етiп істеуге талпынады. Олардың әртүрлі іспен шұғылданбауы немесе жан-жағындағы қоршаған ортасының, айналасындағы достарының немесе біреудің қорқытуы, үрейлетуінің итермелеуі арқылы қасақана қылмыс жасауға түсіп кетуi көп болып жатады. Осыған орай қазiргi кезде бiздiң жасөспірімдеріміз рухани азып тозбау үшiн қазақ отбасындағы мәдени құндылықтар дамуының мазмұнына аса маңызды көңiл аудару керек. Бүгiнгi таңдағы экономикалық әлеуметтiк жағдайлар отбасы жағдайына үлкен ықпал етiп отыр. Қоғамдағы жұмыссыздық, күн көрiс көзiнiң төмендеуi отбасы тәрбиесiнiң әлсiреуiне әкелiп отыр.
  • 12. Жанұядағы тәрбие жұмыстарынан кеткен қателіктер, кемшіліктер, жинақталып келіп қоғамдық тәрбиедегі қателіктерімен байланысып, жасөспірімдердің тәртібін одан әрі шиленістіре береді. Жасөспірімнің қылмыс жасауын болдырмау үшiн қазақ отбасына тән өзiндiк ерекшелiктерiнiң маңызы зор: отбасы мүшелерi арасындағы iзгiлiк қатынастар; үлкенге деген құрмет; кiшiге деген iлтипат; жасөспірімнің тұлғалық дамуына олардың жас ерекшелiктерiне байланысты қатынас; әулеттегi жақсы дәстүрдi үлгi ету арқылы бала қасиетiн аша бiлу; күнделiктi тұрмыс-тiршiлiкке бейiмдеу және т.б. Қылмыс жасаған жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссия мен милиция орындарында тәрбиені дұрыс жүргізбейтін жанұяны дер кезінде анықтап, тәртіпке шақырмаушылық көптеп кездесіп жатыр. Қылмысқа барған жасөспірімдерді қайта тәрбиелеу процесін ұйымдастыруда психологтар жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерін ескере білулері қажет. Себебі, қандай да бір психолог ықпалдар жасамасын, олар жасөспірімнің ішкі жан дүниесімен сабақтасып жатуы тиіс. Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыс жасаулары, көбінесе олардың ересектерге еліктеуiмен анықталады да, жалпы қылмыстың өсіп отырғанын осымен байланыстырамыз. Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке қадам басуына басты себеп әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсер етуі. Адамның қоғамдық белсенділігі оқуға, спортқа, көркем өнерге деген қызығушылықтарын күннен-күнге арттырады. Ал осындай қоғамдық жұмыспен айналыспайтын жасөспірімдер қылмыстық істерге жақын жүреді. Қоғамнан, ондағы қайнаған қызу өмірден шеттеп қалу, қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа баруының бірден-бір себебі болып табылады. Қылмысқа барған жасөспірімдер қылмысының сан-салалығы олардың күнделікті қылмысынан өз көрінісін табуда. Қазіргі кезде әлеуметтік-психолог және құқық қорғау органдарының зерттеулері бойынша, жасөспірімдердің мүліктік қылмысқа баруы 7,8 пайызды, ал жеке адамның затын ұрлау 49,4 пайызды, мемлекет және қоғам мүлкін ұрлау 1,7 пайызды, тонау мен шабуыл 11,2 пайызды көрсетіп, қылмыс санының көбеюіне әсер етіп отыр. Қылмысқа барған жасөспірімдерге топ құру, топ болып әрекет ету тән. Осындай жасөспірімдер ересек кiсiлермен салыстырғанда жалғыз өзі қылмыс жасауға өте сирек баратындығы практикалық тұрғыдан дәлелденген. Бұдан олардың өз-өзіне сенбеуі ғана емес, сонымен қатар олардың достық жөніндегі түсініктері теріс бағытқа ие болуына қарамастан, осындай достыққа ұмтылуын да байқауға болады. Мысалға, А.Ф.Парницевтің мәліметтері бойынша жасөспірімдер тобында қызғушылық пен еліктеудің жоғары деңгейі, топ мүшелерінің өз дегеніне көндіруі, көңілкүйдің өзгеруі, қылмыстық акт барысында өзге топ мүшелеріне берілуі байқалады, жасөспірімдердің кез-келген тобында қандай да мөлшер болатыны бәрімізге белгілі. Бұл жағдайда адамдардың, әсіресе, жасөспірімдердің бірдей еместігін, психофизиологиялық- психологиялык қасиеттері тұрғысынан (ерік, ақыл-ой) әр түрлі болуымен түсіндіріледі. Қылмысқа барған жасөспірімдердің психикасының жас балалар мен ерсектердің психикасымен салыстырғанда өзгешелік бар. Бұндай өзгешеліктер импульсивтік, жоғары әсерленгіштік, қызбалыққа тез түсушілік, көңілкүйінің тұрақсыздығы, өз-өзіне сенімсіздік бiлдiруі, өз әрекетінің дұрыстығына жиі күмәндануы болып табылады. Олардың бойындағы психикалық қасиетер мәселен, мақсаттылық пен табандылыққа, тұрақсыздық
  • 13. пен өзiн-өзі сыйламаушылыққа, сенімсіздік пен жабырқаушылыққа жиі алмасып отырады. Жасөспірім бойындағы осы қасиеттер олардың құбылмалылығын көрсетеді. Бұл сияқты құбылмалы,тұрақсыз психикалық қасиеттер-қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыстық жолға оңай түсіп кетуіне өз әсерін тигізбей қоймайды. Бұл оның айқын дәлелі. Кез келген жасөспірім өз бетінше әрекет етуге, өзін-өзі дамытуға қабілетті. Ол өзін-өзі ұйымдастырушы жүйе ретінде таныла отырып, дамытудың тек объектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісі болып танылады. Көптеген жағдайларда жасөспірімдер сыныптастарының өзіне деген нашар қарым-қатынасын, жақын қабылдап, қатты күйзеліске түсуі де мүмкін. Сыныптастарының қарым-қатынасына қанағаттанбағандықтан, көптеген жасөспірімдер қоғамға жат әрекеттерге барады. Көп жағдайда жасөспірімдердің сабаққа үлгермеушілік қасиеттері олардың қылмыстық әрекеттерге баруының себепшісі бола алады. Осыған байланысты психологиялық проблемалардың маңызды жақтары туындайды. Жекеленген жасөспірімді сыныпта ешкім жақсы көрмейді, ешкім достасқысы келмейді, бұл -психологиялық құбылыстың бiр ерекшелiгi. Достарымен қатынасының болмауы, жасөспірімнің жеке басында көптеген кері әрекеттері бар жағдайлардың көп болуы тәртібінің өзгере бастауынан көрінеді. Жекеленіп қалған, жалғыздық шеккен жасөспірімдер қылмысқа барған жасөспірімдер санын толықтырады. Жекешеленіп, шеттетіліп қалған жасөспірімдер өзіне жақын ортаны тағы да басқа жақтан іздейтіндіктен, қоғамда жолыққан кездейсоқ достарының да өзі сияқты болатындығы белгілі. Қылмыстық әрекеттің басты себебі – жасөспірімнің пайдалы iспен айналыспауы десек, жоғарғыда айтып кеткендей, оның бос сандалыстан көп өкінішті жағдайларға ұрындырып жататыны айтпаса да түсінікті. Осы орайда В.М. Бехтеревтiң «Баланы тәй-тәй басып қолына затты мықтап ұстай бастағаннан бастап-ақ үнемі еңбекке үйрету керек» – деген пікірімен келісуге болады. Белгілі іспен айналысатын жасөспірімнің қылмыстық әрекетке тек қана кездейсоқ жолмен баратыны да белгілі. Колледжден тыс уақытта кітап оқу, үйірмеге қатысу, көркем өнерпаздар үйірмесіне қатысу, не болмаса спорттың көптеген түрлерімен айналысу – қазіргі кезде жасөспірімдердің әрекетінен қалып бара жатқан құбылыс, әрине бұл жерде бір жасөспірім өзіне пайдалы іспен айналыспай, бос сандалыспен күй кешеді деген жаңсақ пікірді айтпайды. Дегенмен де, қылмысқа барған жасөспірімдердің әдебиетке қызғушылығы өте төмен дәрежеде екенін көптеген тәжірбиелер дәлелдеген болатын. Әр түрлі заман талабына сай ойын түрлері, ойын автоматтарына жасөспірімдер қызғушылығын арттыруы, жеңіл ақша табу, егер ойын автоматтарынан ұтылса, үйінен ақша ұрлау, не болмаса өзінен кіші балаларды ұру, оларға зорлық, көрсету арқылы жасөспірімдер қалай қылмыс жолына түскенін білмей де қалады. Олар ата–анасын алдап ақша сұрау, үйдегі заттарды ұрлап сатуды кәсіп қылуы мүмкін, ал мұндай әрекеттердің барлығы жасөспірімдердің қылмыс жасауының алғашқы қадамын білдіреді. Қылмысқа барған жасөспірімдерге қоғамдық өмірде болып жатқан жаңалықтардан бейхабарлығы, не нәрсені болса да білуге ұмтылуы, қызығу-талпынуларының өте төмендігі тән болады. Жалпы қылмысқа барған жасөспірімдерді қоғамдық іс-шараларға тарту арқылы, көркем өнер мен мәдениеттілікке қызығушылығын дамыту арқалы, көптеген пайдалы іспен айналысуға итермелеу арқылы қайта тәрбиелеп, қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысын азайтуға кішкене болса да ықпалын тигізуге болады. Көп жағдайда тасыған күштері бойына сыймай, алып–ұшып тұратын жасөспірімдер көбінесе өз маңайына өзіне бейім келетін жасөспірімдерді жинап, топтасып қылмыс
  • 14. істеуге, бұзақылыққа әуес болады. Қылмыстың кіші жасөспірімдік шақтың арасында көбеюі, олардың қылмыстық жауапкершілікке тартылмауынан болады. Қазіргі кезде Республикада кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер қылмысы 18,3 пайызды құрайды. 1991 -1995 жыл аралығындағы статистикалық талдау көрсеткіші бұзақылық, тонау, ұрлау сияқты қылмыс түрлерінің сәл бәсеңдегенін айтса. Ал 1996 жылмен салыстырсақ, екі есе өскендігі айтылады. Ал, қазіргі кезде бұл көрсеткіш жылдан-жылға көбейе түсуде. Осыған байланысты мемлекетіміздің басшысы Н. Ә.Назарбаев Республикамыздың Құқық қорғау органдарының басшылары мен аудандық әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесінде: «Біздің елімізді-әлеуметтік экономикалық қайта құру демократиялық мемлекет құруға қадам басқан шақта толқыған криминогендік процестерге соқтығысты. Бұл – шын мәнінде саяси реформа, қоғамдық тұрақтылық пен азаматтың өміріне ерекше қауіп төндіреді деп көрсеткен болатын». Уақыт тілін сәл шегеріп, 1920-40 жылдары зерттеген ( П.П. Блонскиий, В.И. Куфаев, П.И. Любинский) авторларға жүгінер болсақ, олар қылмыс жасаған жасөспірімдер — заң жағынан да зерттеуді де қажет ететін басты объект, екенін алғаш рет атап көрсеткен. Бұл авторлардың пікірінше, жасөспірімнің қылмыстық әрекетке қадам басуына басты себеп - әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсер етуі деген. Жасөспірімдік шақ жасөспірімнің сана сезімінің жан-жақты толысып дүниеге көзқарасының өзгеріп, үлкен өмірге дайындығының аяқталатын кезеңiмен тығыз байланысты. Жасөспірімдердің өтпелі кезеңі оның өміріне көп өзгерістер әкелері хақ. Сондықтан да осы өтпелі кезеңінде жасөспірімдердің «қиын жасөспірім» болып қалыптасуы болады,ал бұл олардың қылмысқа баруының бірден-бір себебі. Жалпы жасөспірімнің өтпелі кезеңін бірнеше топқа бөлуге болады: 1. Талап, тілек. 2. Қызығушылық. 3. Өмірге жоспар мен көзқарастар. 4. Жалпы сипаттама . Өтпелі кезеңде жасөспірімнің еліктегіш келетіні, жақсыға ұмтылу, ұқсағысы келетіні, қайталағысы келетіні белгілі. Өтпелі кезеңнің «құйын» сияқты өткінші елестерге толы болуы жасөспірім өміріне қауіп төндірері де сондықтан. Жасөспірімдердің жағымсыз еліктеуінің салдары, қылмыстық әрекеті, қызғушылығының әсерінен «қылмыс» істеуі, көбінесе осы шақта жүзеге асады . Жасөспірімнің алып-ұшпа саналатын өтпелі кезеңінде не нәрсеге болсын еліктегіш келетінін жан –жақты зерттеген ғалым Т.М. Якобсон болатын.Ол бұл жаста жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке тез еріп кетуі оның еліктеу деңгейімен байланысты деп айтады. Ересек қылмыскерлерге қарағанда, қылмыскер жасөспірімдер қоршаған әлеуметтік ортамен тығыз байланыста болады. А.И.Долгова және В.Д. Ерланова секілді ғалымдардың пікірінше, қылмысқа барған жасөспірімдер үшін ортаның рөлі өте зор болады деп көрсеткен.
  • 15. Жасөспірімдердің қылмыстық жолға түсуінің тағы бір себебі, олардың ішімдікке әуес болуы болып табылады. Жалпы ішімдікке әуестік жасөспірімді дұрыс жолдан тайдырып, қылмыстық әрекетке итермелейді. 13-14 жастағы жасөспірімдердің басым көпшілігінің талап — тілектері шектен шығып кеткендігі, олардың ішімдіке құмарлануынан көрінеді. Осыған байланысты А.Вайсберг – қылмыс істеп айыпталған жасөспірімдерді зерттей келе,олардың 41-пайызы, қылмысты мас күйде істеген деген тұжырым жасайды. Осы көрсеткіште қылмысқа барған жасөспірімдер қылмысының күннен-күнге ұлғаюын және олардың қылмыстық әрекеттерге көп жағдайда мас күйінде баратындығын көреміз. Жасөспірімдердің құқық бұзушылығы кәмелетке толмағаннан кейін қылмыстың жауапкершілікті баспалдағын аттауға мәжбүр ететіні қылмыстан белгілі. Жасөспірімдер қолымен іске асқан қылмыстың қандай түрімен күрес жүргізсек те, ол болашақтағы ересектердің жалпы қылмысымен күресуге бағытталған бірден-бір дұрыс жол екені сөзсіз. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер қылмысын болдырмай алдын-алу үшін оларға қылмыстық құқықтық шаралармен әсер ету арқылы, оның тиімді нәтижесін күту – жасөспірімдердің өмір жолын дұрыс таңдап, адам болып қалыптасуына өз әсерін тигізсе керек. Қылмысқа барған жасөспірімдер қылмыстық жағдайының салалығын түсіну үшін ең алдымен олардың жас шамасын анықтау басты орын алады. Қазақстан Республикасы территориясында кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдердің қылмысына арнайы жүргізілген санақ олардың қылмысы азаймай отырғанын хабардар етті. Нақты жүргізілген талдаулар жасы толмаған жасөспірімдер қылмысының криминогендік жақтарын ашуға көмектеседі. Біріншіден, Қазақстан Республикасы бұрынғы Кеңес үкіметі құрамында болған кезде де, жылдар бойы статистикалық бақылау жүргізуін тоқтатпады. Сол кез бойына жасы толмағандар қылмысының өсуі жоғарылығымен ерекшеленеді, оның өсуі бір бес жылда орташа 14-17 пайызға жеткендігін көрсетті. Екіншіден, 1995 жылдан бастап, жасы толмаған жасөспірімдер қылмысының өсуі бір жерде азайғанын көрсетсе, екінші жерде көбейгенін дәлелдей түскендей. Үшіншіден, жасы толмаған жасөспірімдер қылмысы бір кездері олардың кейбір ауыр түрлеріне қарамастан асып түсті. Төртіншіден, жасы толмаған жасөспірімдер қылмысы көбінесе, толық есепке алынбайды. Сарапшы мамандардың баға беруіне қарағанда көптеген қылмыстар ашылмайды немесе тіркеудің дұрыс жүргізілмеуі салдарынан жасөспірімдер қылмысқа жеңіл-желпі қарап, келесі қылмысқа оп оңай қадам басады. Қазақстан Республикасында көптеген қылмыстар қылмысқа барған жасөспірімдердің қолымен іске аспаса да, орын алып өсіп отырғаны жөнінде тұжырым жасауға негіз береді. Шындығына келгенде, кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдердің көптеген қылмыстары құқық қорғау орындарына жетпейді, тіркелмейді, бұндай қылмыстық әрекеттердің әсерінен көптеген қылмыстық әрекеттер жазалаудан шет қалып, қылмыстың сандық жағынан азаюына алып келеді. Кәмелетке жасы толмағандардың қылмысын салалық жағынан талдау маңызды орын алады. Осы тұрғыдан алсақ, жасы толмаған жасөспірімдердің қолымен іске асқан
  • 16. қылмыстарына кісі өлтіру, ұрып-соғу, зорлау, қорқытып алу, кісі тонау, адамды кепілдікке алу, бұзақылық, мүлікті ұрлау жатататыны белгілі. Қылмысқа барған жасөспірімдердің қолымен іске асатын сан-алуан қылмыстардың ішінде кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, зорлау сияқты ауыр қылмыстар өткен жылдары бірен-саран кездесетін болса, қазіргі кездерде оның өсе түскендігі белгілі. Кепілдікке алу секілді қылмыс түрі бұрындары мүлдем кездеспесе, қазіргі кезде оның да бас көтеруі өмір шындығына айналып отыр. Қазіргі кезде кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер арасында көп тараған қылмыстың біріне айналған бас пайдасын ойлап, жасалған қылмыс жатады десек қателеспеген болар едік. Олай деуге себеп, олардың арасында бас пайдасын ойлап, жасалған қылмыстың түрлеріне жататыны ұрлық, тонау, алаяқтық, сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу, күш көрсетпей тартып алу, күш қолданбай аса бағалы затты ұрлау, сеніміне кірумен немесе алдаумен адамның мүлкіне зиян келтіру сияқты қылмыстары жасөспірімдердің қолымен іске асырылатыны белгілі. Кейбір жасөспірімдер қылмысты жалғыз өзі белсенді түрде істеп жатады, бұл олардың өзінің қылмыстық әрекетіне дайындығын, қайсарлығын, аямаушылығын білдіреді. Бұл әрине, біріншіден, болашақта қоғамға жоғары қауіптілігін төндіретіндігін көрсететін болса, екіншіден, құқық орындары мен психологтардың жекелей жұмыс жасауын талап етеді. Көптеген қылмыстық істер көрсеткендей, ұрлық жасайтын жасөспірімдердің ұрлайтын заттары көбінесе ұсақ-түйек заттар болып келеді. Кейде олар ұрлаған заттарын қызығып алса, кейде саналы түрде алады. Кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдердің көп жасайтын ұрлық сияқты қылмысына қоса, соңғы кезде көп кездесетін қылмыстарының көп тараған тағы бір түрі – бұзақылық болып отыр. Қандай да болмасын, болмашы нәрсеге кектенген баладан өшін алу, көше-көшеге бөлініп алып, төбелес ашу немесе ара-тұра болса да кездесетін жайт, ауыл-ауыл болып төбелесу, өтіп бара жатқан баланы мазалап, ұрып-соғу, күш көрсету, жасы толмаған жасөспірімнің бұзақылығына жататын қалыптасқан құбылыс. Жалпы қылмыстың топтық құрылуы жай құрылудан басталып күрделі құрылыммен аяқталады. Топ болып қылмыс жасаған кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер қылмыстық жауапкершілікке қылмысқа қатысқандығы үшін жауап береді. Екі немесе бірнеше рет қылмысқа барған жасөспірімдердің қатысуымен жасалатын қылмыс үнемі қоғамға жоғары қауіп төндіретіні белгілі. Топ құрамындағылардың бір-біріне қолдау көрсетуі-қылмыс жасауға тез шешім қабылдауын нығайтып, күш пен мүмкіндіктерін күшейте түседі. Бұл заңмен қорғалатын кез келген нәрсеге үлкен зиян келтіруге мүмкіндік туғызады. Бір көңіл аударарлық жай, қылмыстық әрекет жасаған жасөспірімдердің көпшілігі оқуға ынтасының жоқтығы мен, немқұрайлығымен ерекшеленеді. Олардың қылмыстық әрекеттерді бірлесе отырып жасауы, тұрақты қылмыстық топқа кіруiне ұйытқы болады. Қылмыс істеуге тарту, азғыру, өтініш, ұсыныс түрінде болғандықтан жасөспірімдер оған тез көндігеді. Қазіргі таңда қылмыстық әрекеттердің, соның ішінде жасөспірімдер арасындағы қылмыстық әрекеттердің көбеюі, қылмыстың алдын-алу шараларын қолдануды талап етеді. Осыған байланысты қылмысқа барған жасөспірімдердің әрекет ету нормасынан ауытқуының, сондай-ақ қылмыстық әрекетінің алдын алу дегеніміз – олардың заңмен қақтығысуына жол бермеу, оны тұлға ретінде жағымды етіп қалыптастыруға мүмкіндік
  • 17. беретін тәсілдерді анықтау, сонымен бірге қылмысқа барған жасөспірімдердің заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғуын болдырмау үшін құқықтық және психологиялық ықпалдарды қолдану сияқты негізгі мақсаттардан тұратын ұйымдасқан процесс. Қылмысқа барған жасөспірімдер қылмысының алдын алу барысында қылмысқа барған жасөспірімдердің биологиялық және әлеуметтік тұрғыдан әлі де болса қалыптаса қоймағандығын ескеруіміз қажет. Осыған орай, кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасының барлық ерекшеліктеріне, атап айтсақ, жас және психологиялық, әлеуметтік және өнегелік, әлеуметтік-демографиялық және құқықтық ерекшеліктеріне, сондай-ақ олардың тәрбиелік деңгейіне, біліміне, қажеттіліктеріне, нанымына, әрекет мотивациясына ерекше көңіл бөлуіміз қажет. Қылмысқа барған жасөспірімдер тұлғасының жекелеген ерекшеліктерін қылмыстың алдын алу барысында ескеру алдын алу жұмысының тиімді әрі нәтижелі болуына міндетті түрде өз септігін тигізеді. Қылмысқа барған жасөспірім тұлғасына тән ерекшеліктердің бірі ретінде олардың құқықтық және өнегелік санасының тұрақсыздығы, бұрмалануға оңай түсуі танылады. Жасөспірімнің өнегелік санасы бұрмаланған жағдайда оның құндылықты бағдарлары, қызығушылығы, қажеттілігі, дүниеге деген көзқарасы, өнегелік позициясы, адамгершілік бейнесі мен сана-сезімі өзгеріске ұшырап, теріс сипатқа ие болады. Ал құқықтық сананың төмендеуі қылмысқа барған жасөспірімдердің көптеген қылмысты жасауына, заң талаптарына өз мәнін түсінбеуіне әкеп соқтырады. Бұл жағдайлардың барлығы қылмысқа барған жасөспірімдердің дұрыс жолдан тайып, қылмыс жасауының бірден-бір себебі болып табылады. Осыған орай, жасөспірімдердің қылмыстылығының алдын алу үшін ең алдымен құқықтық және психологиялық жағынан моральдық, өнегелік тәрбие беру қажет. Жасөспірімдердің құқықтық санасын анықтау үшін Қазақстанның әртүрлі аумағындағы жзасөспірімдерге жүргізілген әлеуметтік-психологиялық зерттеу таңқаларлық нәтижелер берді: өтпелі кезеңдегі бүгінгі қоғамда жасөспірімдердің құқықтық санасы құқықты бүтіндей білмеуден, мемлекеттік құқық қоғау органдарына қатысты болуға дейін бұрмаланып отыр. Бұл жасөспірімдер бойында патриотизм, заңды бұлжытпай орындау сияқты қасиеттерді дамыту мақсатында ,белсенді азаматтық және құқықтық –психологиялық білім берудің қажеттілігін тудырып отыр. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасында жалпыға міндетті құқықтық білім берудегі ұйымдастыру жөніндегі қаулысы қабылданған болатын. Мұнда мынадай үш мақсат алға қойылған: - адамның жоғарғы азаматтығын, оның жалпы құқықтық мәдениетін және әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру; - таңдап алынған еңбек әрекетіне дайындық процесінде жастардың арнаулы құқықтық білім алуын қамтамасыз ету; - қылмыстық әрекеттың алдын алу мәселесін шешу. Жасөспірімдердің құқықтық білімін қамтамасыз ету арқылы олардың бойында заңды құрметтеу сезімін қалыптастыруға болады. Алайда мұндай білім беру барысында жасөспірімдердің жас ерекшеліктерін, өмірлік жағдайы мен мүмкіндіктерін ескеру қажет, әрі мұндай жұмыс белгілі бір шыдамдылық пен жүйелілікті талап етеді.
  • 18. Қылмысқа барған жасөспірімдерді өз міндеттерін саналы түрде орындауға тәрбиелеу, олардың бойына жеке жауапты болу сезімін сіңдіру қылмыстың алдын алу ісінде және түзету мекемесінде аса маңызды болып саналады. Бұл сипаттағы алдын алу шараларын жүзеге асыру барысында, яғни жасөспірімдерді өзінің әрбір әрекеті мен қылығы үшін жауапты болу сезіміне тәрбиелеу үшін олардың арасында психолог, педагог, құқық қорғау қызметкерлері белсенділік танытуы қажет. Әңгіме барысында өмірлік мысалдар келтіру, тіпті бұрын сотталып, қазір түзелу жолына түскен азаматтарды осындай әңгімелерге қатыстыра отырып, олардың өз аузымен баяндауы, және де қылмысты жасамандар деп айтқан, ақыл-кеңестері жасөспірімдердің сана сезіміне өзгеше әсер беріп, олардың мұндай жолға түсуіне бөгет болуы мүмкін. Қылмысқа барған жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктеріне, яғни олардың өмірде кездесіп отыратын қолайсыз жағдайларға тап бола отырып, қиындықтар алдында әлсіздік білдіреді, кез-келген ықпалдарға оңай түседі. Сөйтіп, олардың қылмыстық жолға түсуі де оңай болады. Осы сияқты себептердің негізінде кәмелетке толмағандардың қылмыстық жолға түсуіне жол бермес үшін жастарды дербес түрде ойлауға, өз бетінше шешім қабылдау қабілеттілiгіне, оларды кез-келген қиындықтарға төтеп беруге шынықтыруымыз қажет. Өз айналасында болып жатқан жағдайларға, халықтың жалпы ісіне, әсіресе өзінің жеке әрекетінде жауап беруге дайын тұруына дағдыландыру керек. Егер қылмысқа барған жасөспірімнің тұрақты идеялық нанымы, адамгершілік принципі болмаса, ол жат қылықтарға,яғни қылмыстық әрекеттерге төтеп беруге қабілетті ішкі тосқауылынан айрылады, сондықтан рухани жағынан тез әлсіз болып, қылмыстық әрекеттерге тез барады. Идеялық нанымның және өнегелік мінез-құлықтың тұрақсыздығы, кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына себепші болып табылатын шешуші жағдайларды ғана емес, сонымен бірге өзге жағдайларды да бейтараптай алмайды, не тым болмаса тежемейді де. Сондықтан бүгінгі таңда бүкіл азаматтардың бойында, оның ішінде, әсіресе жасөспірімдер бойында жауаптылық көзқарасын қалыптастыру және де оларды идеялық нанымға тәрбиелеу аса маңызды мәңге ие. Жасөспірімнің адамгершілік және қоғамдық саяси мақсатқа деген оң көзқарасын жас күнінен қалыптастыру қылмысқа барған жасөспірімнің ақыл ойы мен өнегелік пісіп- жетілуі деңгейін, олардың өз нанымын кез-келген жағдайда қорғауға дайын болуын, өзін- өзі басқара білуін қамтамасыз етеді. Қылмыстың жасалуына себепші болып табылатын жағдайларды жоюдың, онымен күрес жүргізудің маңыздылығына қарамастан, кәмелетке толмаға жасөспірімдер қылмысының алдын алудың маңызды құралы ретінде қылмысқа барған жасөспірімдердің бойында идеялық нанымды, ғылыми көқарастарды және дүниетанымды қалыптастыру шешуші мәнге ие болып табылады. Ал, жасөспірім бойында идеялық нанымды, ғылыми көзқарастарды және өмірге деген жағымды дүниетанымды қалыптастыру ісіндегі жетістіктерге психологтың комплексті әрекеті негізінде қол жеткізуге болады. Бүгінгі таңда қылмысқа барған жасөспірімдер арасында педагогикалық тұрғыдан қараусыздық, жасөспірім бойында қоғамға қарсы қажеттіліктердің туындауына, достық, борыш, абырой сияқты түсініктерінің бұрмалануына себепші болады. Олардың енді қалыптасып келе жатқан рухани, эстетикалық және танымдық қажеттіліктері деформациялана бастайды.
  • 19. Оның үстіне психологиялық және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған жасөспірiмдер қылмыскер жасөспірімдердің негізгі тобын құрайтындығы баршаға белгілі. Ішкі қажеттілік бойынша психологиялық және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған жасөспірімдерді мынадай 4 топқа бөлуге болады: 1. тентек немесе ерке жасөспірімдер; 2. отбасы тарапынан шеттетіліп, көзтүрткі көрген жасөспірімдер; 3. қараусыз қалған жасөспірімдер; 4.жат әрекеттердің тұрақты ықпалындағы және ересектердің құқыққа қарсы талаптарының әсеріндегі жасөспірімдер. Тентек жасөспірімдер, олар жасаған әрекеттерінде ерекше жағдай қалыптастырады. Мұндай жағдайда бала өзімшіл, жеңіл өмір сүруді жақсы көретін болып өседі. Ал, кейбіреулерi ашынған, жабырқау күйде болады. Олар әдетте өзінің болашағына сенімсіздікпен қарайды. Қылмысқа барған жасөспірімдер тұлғасы эстетикалық тұрғыдан оңай бұрмаланады. Мұндай бұрмаланулар кейде олардың қылмыстық жолға түсуіне себепші болуы мүмкін. Қылмысқа барған жасөспірімнің айқын белсендлікке ие адам екенін естен шығармаған жөн. Демалу уақытының пассивті түрде өтуі, әдетте, жиналған энергияны шығаратын, белсенді іспен айналысуды қажет етеді. Жасөспірімдердің жартысына жуығы өздерінің бос уақыт ішінде, өзінің қарқынды энергиясын жүзеге асырады және де ол энергия қажетті салаға жұмсалмайтын болса, оны жұмсау объектісін сол жасөспірімнің өзі таңдайды. Көшенің жасөспірімдер үшін тартымды болуы да осыған байланысты. Өйткені, жасөспірім өзінің қарқынды энергиясын күш көрсету түрінде көшеде жұмсай алады, ал колледж пен отбасы мұндай жасөспірімдердің қоғамға қарсы психологиясының қалыптасуында үлкен роль атқарады. Жасөспірім бойында еңбекке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру аса маңызды мәнге ие. Өйткені кез-келген жасөспірімді ең әуелі отбасы, одан кейін мектеп және барлық жағдайда еңбек тәрбиелейді. Еңбек ету қажеттілігі болған жерде тәртіптің бұзылуы және жасөспірімдердің қылмыстық әрекеті өте сирек кездеседі. Қылмысқа барған жасөспірімдер өздерінің психофизиолгиялық қасиеттерінің толық деңгейде дамып-жетілмеуі және тұрақсыздығы негізінде, ересектердің және де тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың белсенді, мақсатты және қатаң түрде жүргізілетін қайта түзеу жұмыстарынсыз өз сана-сезіміндегі және мінез-құлық әрекетіндегі кемшіліктерді өз бетінше шеше алмайды. Сондықтан да, жастар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік қызметтер кешенін, оның ішінде, әлеуметтік-психлогиялық көмек орталықтарын, наркологиялық қызметтер, жасы кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға арналған әлеуметтік сауықтыру мекемелерін, заңдық көмек беру және демалыс орталықтарын жер-жерлерде көптеп құру көптеген тиімді нәтижелерді береді. Қылмысқа барған жасөспірімдердің психикасы жас балалардың да, ересектердің де психикасынан өзгеше. Олар үшін импульсивтік, жоғары әсерленгіштік, қызбалыққа тез
  • 20. түсу, көңіл-күйінің тұрақсыздығы, өз-өзіне сенімсіздігі, өз әрекетінің дұрыстығына жиі күмәндануі тән екендігін бұдан да бұрын айтқан болатынбыз. Бұл сияқты құбылмалы психологиялық қасиеттер — жасөспірімдердің қылмыстық жолға оңай түсуіне себепші болады. Жасөспірімдерді жамандықтан үнемі қорғаштап отыру, өмірде кездесіп отыратын қиындықтар жөнінде сөз қозғамау, олардан жекелеген адамдар тарапынан жасалатын бейморальдық және қоғамқа қарсы әрекеттерді, әділетсіздік пен жалғандықты жасыру, мұндай құбылыстар кездескен жағдайда оған төтеп беріп, қажет болған жерлерде шыдамдылық білдіруге, қастандық әрекеттермен күрес жүргізуге тәрбиелемеу олардың тұлғасының әлсіздігіне, қиындыққа шыдай алмай теріс жолға оңай түрде түсуіне қиындықпен бетпе-бет кездескен кезде, олардың бойында өмірден түңілу сезімі қалыптасып, армандары мен сенімдерінің күйреуіне әкеп соғады. Қылмысқа барған жасөспірімің стихиялы түрде өзін-өзі тәрбиелеуі, сана-сезімнің төмендеуін тудырады, сөйтіп белгілі бір деңгейде қылмыскер тұлғасының қалыптасуына себепші болады және оны түзеуге бөгет жасайды. Ал,қылмысқа барған жасөспірімнің саналы позитивті түрде өзін-өзі тәрбиелеуі дегеніміз — өмірде алға қойған мақсатына қол жеткізу, әрі жоғары деңгейде әрекет етуге дайын болу қабілеттігі мен қасиеттерін, моральдық және физикалық күштерін, ақыл-ойын дамыту үшін ерікті, белсенді түрде әрекет ету процесі болып табылады. ІІІ. Қорытынды Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Аталған қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет. Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл - заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз. Ж. Аймауытов: «Тәрбиеге әсер ететін нәрсе өскен орта, ата - ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара - бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі»,- деген. Сол сияқты жасөспірімнің қылмыс жолына түспеуіне бірден - бір жауапты ата - ана. Бүгінгі өткен «Құқық бұзушылық және жасөспірім» атты тәрбие сағатымыз оқушыларымыздың болашағы жарқын, сауатты әрі тәрбиелі етіп өсіруге зор ықпалын тигізеді деген ниеттеміз.
  • 22. Слайд – 3 Слайд – 4 . 1.«Ісін өндіре алмаған қырсыз бала ,қырсығын әкесінен іздейді.» 2. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.» 3. «Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін құлыңдай қина, он үштен ары сырласыңдай сыйла.» 4. «Жақсы бала сүйініш , жаман бала күйініш.» 5. «Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер 6 Біреуге ор қазба, өзің түсесің. 7. Заңның құрығы, бәрінен ұзын. 8. Ұрлық түбі, қорлық. 9. Өтірікшінің құрығы, бір – ақ тұтам. 10. Тура биде, туған жоқ. 11. Туғанды биде, иман жоқ. 12. Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер. 13. Тек жүрсең, тоқ жүресің. 14. Заңды сыйлаған, еркін жүреді.
  • 23. 1.Жеке адамның құқығы дегеніміз не? Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған заң арқылы қорғалған тәртіптік шара. 2. Құқықтың қандай түрлерін білесіңдер? - Жеке (азаматтық) - Саяси - Экономикалық - Әлеуметтік - Мәдени т.б. 3. Адам құқығы қай уақыттан пайда болады? Туылғаннан беріледі 4. Оларды орындау үшін не қажет? Міндеттерін орындау 5. Адамның негізгі құқығы? Өз құқықтарын пайдалану құқығы 6. Құқық қашан және қайда пайда болды? Азаматтарға құқық керек кезде, ол пайда болады. 7. Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық – деген не? Бостандық – бұл таңдау 8. Бостандықты не шектейді? Бостандық және өз қалауымен орындамалық – бұлар бірдей ме? -Бостандықты шектеу әр адамның саналығында Слайд – 5 1. Құқық 2. Конституция 3. Мемлекет 4. Азамат 5. Құқық бұзушылық 6. Президент 7. Парламент 8. Егемендік А – Еліміздің негізгі заңы. Б – Мемлекет басшысы. В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым. Г – Тәуелсіздік . Д – Заңдар жүйесі . Е – Заң шығарушы орган . Ж – Заң жүйесін бұзу. З – Құқығы бар ел тұрғыны.Дұрыс жауабы: 1-Д, 2-А, 3-В, 4-З, 5-Ж, 6-Б, 7-Е, 8-Г Слайд – 6
  • 24. •Сенің құқығың – менің құқығым. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексі 2001 жылы қаңтардың 30 күні қолданысқа енгізілген, ал 2012 жылы сәуірдің 27 күні өзгерістер мен толықтырулармен берілген. Жалпы бұл заң 44 тараудан 733 баптан тұрады. Слайд – 7
  • 25. Слайд – 8 Слайд – 9 Слайд – 10
  • 26. Слайд – 11 Мен жігіт 15-30 арасында, Бұл шақта көп бересі, аласымда. Жан жағым толған мақсат, толған таңдау, Алайын анасын ба, мынасын ба, - деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Слайд – 12