Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
+Кызылжар Кітаппен бірге өсеміз жоба (1).pptx
1.
2.
3.
4. Оқырмандарды кітап оқуға тарту, кітапты көп
оқитын орта қалыптастыру, оқырмандардың
назарын кітапқа аударту, кітаптың адам
өміріндегі орны туралы түсінік беру,
мәдениетті, парасатты, рухани ойлауы терең, ар
- ожданы мол еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу,
кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу,
оқырмандарды жаңа кітаптармен және жаңа
авторлармен таныстыру. Кітапхананы балалар
үшін мейірімді, рухани, ақпараттық, танымдық
орталық ету.
5. Кітап оқу дәстүрін жандандыру, кітап оқу – жеке
тұлға дамуының күшті факторы екенін түсіндіру;
Кітап оқу арқылы оқырмандардың еркін
ойлауына, көркем әдеби тілде сөйлеуіне,
ой-өрісін дамытуға ықпал ету;
Балалардың кітапқа және оқуға көзқарасын өзгерту,
кітап оқу-бос уақытты ұйымдастырудың тиімді,
пайдалы формасы екендігін ұғындыру;
Кітапхананың келушілер санын көбейту;
Балалардың оқу қабілетінің дамуына бағытталған
кітапханада өткізілетін іс-шаралардың санын көбейту;
7. Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда балалардың өз бетімен
кітап оқуға қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда
болды. Сондықтан қазіргі кезде кітап оқуды жандандырып,оқуға тарту
арқылы балалардың теледидар мен компьютер, ұялы сымтетік алдындағы
уақытын шектеу өзекті болып отыр.Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып
әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз керек. Оқырмандарды қазақ
әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу.
Балалардың білімді де саналы болып өсуіне біздің елімізде барлық
мүмкіндіктер жасалған.. Бұл жоба бойынша балалардың бос уақытын кітап
оқуға жұмсауды үйрету . Сондықтан да кітапқұмар балалар арасында түрлі
байқаулар ұйымдастыруды дәстүрге айналдыру. Кітап – адамзаттың көне
замандардан келе жатқан жолаушысы, серігі, парасатты ұстазы, адал досы,
тарихтың шынайы куәсі. Рухани байлықты ұрпақтан – ұрпаққа сақтау
керектігі жайлы айтып, балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру,
кітапхананың кітап қорымен таныстыру, насихаттау, балаларды кітап оқуға
шақыру мақсатында кітапханалық саяхаттар өткізу.
Сондай – ақ, бабаларымыздың тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін
сипаттайтын ертегілер арқылы балалармен бірге ертегілер еліне саяхат жасау.
Бүгінгі таңда жас ұрпақты кітап оқуға баулуды түрлі іс- шаралар арқылы
жүзеге асыру, сурет, ойын көмегімен баланың кітапқа деген қызығушылығын
арттыру, яғни балаларға арналған түрлі іс – шаралар өткізіледі деп күтілуде.
8. Жобаны іске асыру әдістері:
- Конкурстар мен акциялар өткізу;
- Әдеби кештер, кездесу кештер өткізу;
- Кітап көрмелерін ұйымдастыру;
- Ақпараттық – насихат бұрышын жасау;
- Кітапқұмарлармен кездесу ұйымдастыру;
- Оқушылар шығармашылығының тұсаукесерін жасау.
Кітапхана жоба аясында өткізілген барлық іс –
шаралар бойынша видеоматериалдар, фотоқұжаттар,
суреттер дайындап дер кезінде кітапхана сайтына,
инстагрампарақшасына жіберіп отыруды жоспарлап
отыр.
9. Жобаны іске асыру мерзімі: 2021 жыл
Өткізілетін орындар: Кітапхана , саябақтар, балаларға арналған
алаңдар және т.б.
Күтілетін нәтижелер: Кітапхана кез келген жастағы бала үшін
ашық, мейірімді, тартымды, ерекше жер болып табылады.
Кітапханалар – балалардың бір-бірімен кездесетін, қызықты
тұлғалармен танысатын ақпарат және мәдениет орталығы ретінде
қалыптасып,төмендегідей нәтижелер күтіледі:
Кітапхана ісін қалың оқырман арасында жарнамалау, оқырмандар
санын көбейту;
Балалардың кітап оқуға деген ынталарын жақсарту;
Заманауи отандық, рәсейлік, шетелдік кітаптарды оқыту арқылы
оқырмандардың әдеби талғамдарын көтеру;
Оқырмандармен тығыз байланыс орнату;
Кітапханаға жаңа оқырмандар тарту.
10. Жоба аясында өткізілетін жұмыстар
№ Өткізілетін
іс – шараның
тақырыбы
Түрі мен
әдістері
Өткізілеті
н орны
Мерзімі Жауаптылар
1 «Кітап әлемінде» Библиоквилт Кітапхана І тоқсан Кітапханашылар
2 «Сиқырлы кітаптар
елінде»
Ертегілер
еліне саяхат
Кітапхана ІІ
тоқсан
Кітапханашылар
3 «Менің сүйікті
кітабым»
Сурет
байқауы
Кітапхана ІІІ
тоқсан
Кітапханашылар
4 «Бәріміз бірге
оқимыз»
Дауыстап
оқу
Кітапхана ІV
тоқсан
Кітапханашылар