SlideShare a Scribd company logo
1 of 13
«ҚазАгроИнновация» АҚ        «ҚазАгроИнновация» АҚ
      Басқармасының             Директорлар кеңесінің
2012 жылғы «29» тамыздағы   2012 жылғы «18» қыркүйектегі
  шешімімен мақұлданған          шешімімен бектілген
       № 13 Хаттама                 № 15 Хаттама




               «ҚАЗАГРОИННОВАЦИЯ»
             АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ
           АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТЫ ТУРАЛЫ
                      ЕРЕЖЕ




                                                           1
Мазмұны:

1. Жалпы ережелер                                        3
2. Ақпараттық саясаттың қағидаттары                      3
3. Ақпараттық саясатты іске асырудың тетігі              5
4. Ақпаратты ашудың тәртібі                              6
5. Қоғам өкілдеріне ақпаратты ашудың тәртібі             9
6. Жалғыз акционерге ақпаратты ашудың тәртібі            10
7. Директорлар кеңесіне ақпарат берудің тәртібі          10
8. Коммерциялық немесе қызметтік құпия болып табылатын
ақпарат                                                  11
9. Қоғам қызметкерінің құзыреті мен жауапкершілігі       11
10. Қорытынды ережелер                                   12




                                                              2
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

   1. «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының (бұдан әрі ―
Қоғам)     ақпараттық саясаты туралы осы Ереже (бұдан әрі ―
Ереже)      «Акционерлік     қоғамдар       туралы»     Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына (бұдан әрі ―
Заң) және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік
құқықтық актілеріне, Қоғамның Жарғысына және Қоғамды
корпоративтік басқару кодексіне сәйкес әзірленген.
   2. Ақпараттық саясат Қоғамның қызметі туралы ақпараттың
Қоғамның Жалғыз акционері ― Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі ― Жалғыз акционер),
Қоғамның қызметіне мүдделі тұлғаларға (бұдан әрі ― мүдделі
тұлғалар), әлеуетті инвесторларға және өзге де тұлғаларға
ашылуының негізгі қағидаттарын және оған қойылатын, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын, Қоғамның
коммерциялық және өзге де ақпаратын қорғауға қойылатын жалпы
талаптарды айқындайды.
   3. Ақпараттық саясат ― Жалғыз акционердің, Директорлар
кеңесінің және олардың өкілдерінің, әлеуетті инвесторлардың және
өзге де мүдделі тұлғалардың Қоғамға қатысуы туралы сараланған
шешімдер қабылдауы немесе Қоғамның қаржылық-шаруашылық
қызметіне ықпал ететін өзге де іс-әрекеттер жасауы үшін қажетті
көлемде, көрсетілген тұлғаларды хабардар ету мақсатында Қоғам
туралы ақпаратты ашу және қорғау саласындағы Қоғамның
саясаты.
   4. Қоғамның       ақпараттық саясатының мақсаты Жалғыз
акционердің, Директорлар кеңесінің және мүдделі тұлғалардың
Қоғам мен оның қызметі туралы анық ақпаратқа сұраныстарын
мейлінше толық қанағаттандыру, сондай-ақ жария болуы Қоғамға
және Жалғыз акционерге залалын тигізуі мүмкін құпия ақпаратты
қорғау болып табылады.



                                                                3
5. Ақпараттық саясат Қоғам қызметінің тиімділігін арттыруға,
оның активтерінің бағасын қымбаттатуға, инвестиция тартуға және
қолайлы имидж қалыптастыруға ықпал етуі тиіс.
      2. АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТТЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ

     6. Ақпараттық саясатты іске асырудағы негізгі қағидаттар
мыналар:
     1) Ұдайылық және уақтылылық;
     2) ашықтық пен қол жетімділік;
     3) айқындық және толықтық;
     4) жеделдік;
     5) құпиялық режимін сақтау;
     6) теңгерімділік;
     7) құқықтар теңдігі.
      Ақпарат ашудағы ұдайылық пен уақтылылық қағидаты
Қазақстан       Республикасының     заңнамасында,    Қоғамның
Жарғысында, Корпоративтік басқару кодексінде, осы Ережеде және
Қоғамның өзге де нормативтік құжаттарында (бұдан әрі ―
Қоғамның құжаттары) көзделген, ақпарат берудің мерзімдері мен
жүйелілігін сақтауға қатысты Қоғамның жауапкершілігін білдіреді.
Қоғам негізделген шешім қабылдауға және /немесе әрекет жасауға
тікелей қатысы бар фактор ретінде ұдайы ақпарат беріп тұрудың
маңызы      бар    екенін   мойындайды.    Ақпарат   Қазақстан
Республикасының заңнамасында, Қоғамның ішкі құжаттарында
белгіленген мерзімдерде, сондай-ақ оның маңызы бар екеніне
қатысты оқиғаның болуына қарай және оны көпшілікке уақтылы
жария етуді ескере отырып беріледі.
   Ақпараттың ашықтығы мен қол жетімділігі мүдделі
тұлғалардың ақпаратты еркін әрі ауыртпалықсыз пайдалануына
мүмкіндік жасайтын әдістерді Қоғамның таңдап алуын, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының заңнамасы қорғайтын қызметтік,
коммерциялық және өзге де ақпаратқа қатысты құпиялық режимін
сақтауды ескере отырып, өз қызметінің мейлінше ашықтығын
қамтамасыз етуге ниетті болуын білдіреді.
   Айқындық және толықтық қағидаты шындыққа сәйкес және
баяндалатын фактіні немесе оқиғаны толық көлемінде түсіндіру
үшін қажетті ақпарат берудегі Қоғамның жауапкершілігін
білдіреді. Берілген ақпараттың үшінші тұлғалар тарапынан
өзгертілмеуін Қоғам қадағалап отырады және мұндай фактілер

                                                               4
анықталған жағдайда өзгерістер мен қателерді түзету бойынша
шаралар қолданады.
   Егер Қоғам өзі туралы туралы жағымсыз ақпарат құпия болмаса
немесе Жалғыз акционердің,        Директорлар кеңесінің және
Қоғамның инвестициялық және басқа да шешімдер қабылдауына
ықпал етпейтін болса мұндай ақпаратты ашудан бас тартпайды.
   Қоғамның қызметін толық әрі нақты түсіндіру мақсатында
Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті
түрде ашылуға тиіс ақпараттан басқа қосымша ақпаратты өз
бастамасы бойынша мүдделі тұлғаларға ашады.
   Мұндай ақпараттың тізбесін және оны ашудың тәртібін
Корпоративтік басқару кодексі, Қоғамның коммерциялық және
қызметтік құпиясын ашудың және қорғауды қамтамасыз етудің
ережесі және т.б. сияқты Қоғамның ішкі нормативтік құжаттары
белгілейді.
     Жеделдік қағидаты Жалғыз акционер мен Директорлар
кеңесінің мүддесіне қатысы бар фактілер мен оқиғаларға
байланысты, Қоғамның қызметі туралы ақпаратты мейлінше қысқа
мерзімде, сонымен бірге тиісті шешімдер қабылдау қажет болғанда,
берудегі Қоғамның жауапкершілігін білдіреді.
        Құпиялық режимін сақтау қағидаты Қазақстан
Республикасының заңнамасында және Қоғамның ішкі нормативтік
құжаттарында айқындалған құралдармен және тәсілдермен,
Қазақстан Республикасының заңы қорғайтын Қоғамның қызметтік,
коммерциялық және өзге де құпиясын қамтитын ақпараттың
сақталуына және қорғалуына қатысты Қоғамның жауапкершілігін
білдіреді.
        Теңгерімділік     қағидаты      мүдделі    тұлғалардың
құқықтарын мейлінше қамтамасыз ету мақсатында бір жағынан
ашықтық пен айқындықтың, екінші жағынан құпиялықтың саналы
теңгерімін, алайда, Қазақстан Республикасының заңы қорғайтын
Қоғамның қызметтік, коммерциялық және өзге де құпиясын
қамтитын ақпаратқа қол жеткізуді шектеу бөлігінде Қоғамның
және Жалғыз акционердің мүдделері қатаң сақталған жағдайда,
Қоғамның қамтамасыз етуін білдіреді.
                       Құқықтар теңдігі қағидаты Қазақстан
Республикасының заңнамасында және Қоғамның ішкі нормативтік
құжаттарында белгіленген нормалар мен талаптарға қатаң сәйкес,
барлық мүдделі тұлғалардың өз мүддесіне қатысты Қоғамның

                                                               5
қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығын сақтауын білдіреді.

   3. АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТЕТІГІ
     7. Ақпараттық саясатты іске асыру үшін Қоғам:
     1) Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қоғамның ішкі
  нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес міндетті түрде
  ашылуға тиіс ақпараттардың (деректердің) есебін жүргізеді;
     2) Қоғам өзінің ақпараттық тұрғыдан жариялылығы мен
  ашықтығын       арттыру    мақсатында    қосымша     ашылатын
  ақпараттардың (деректердің) тізбесін айқындайды;
     3) міндетті түрде және Қоғамның өз бастамасы бойынша
  ақпарат алушыларға ақпаратты ашудың тәртібін белгілейді;
  4) Қоғам мен Жалғыз акционердің мүдделеріне нұқсан
келтіретін, Қоғамның қызметтік, коммерциялық және өзге де
құпиясын қамтитын немесе Қазақстан Республикасының заңы
қорғайтын деректердің тізбесін айқындайды және көрсетілген
ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті
шараларды белгілейді;
           5) Қоғамның ақпаратын персоналдың таратуы мен
пайдалануын бақылаудың мынадай жүйесін тағайындайды:
     ақпарат таратудың тәсілдерін, нысандарын және тәртібін
айқындау;
     ашылуға жататын ақпаратты дайындау және тарату үшін
жауапты адамдарды айқындау;
     6) Қоғамның ақпараты тиісінше ашылуын және Қоғамның
қызметтік, коммерциялық және өзге де құпиясын қамтитын немесе
Қазақстан Республикасының заңы қорғайтын ақпараттың
сақталуын қамтамасыз ету үшін жауапты органдардың, Қоғамның
лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің құзыреті мен
жауапкершілігін айқындайды.
              4. АҚПАРАТТЫ АШУДЫҢ ТӘРТІБІ
     8. Ақпараттың алынуы мен табылуына кепіл болатын рәсім
бойынша осы ақпараттың алыну мақсатына қарамастан барлық
мүдделі тұлғаларға қолжетімді болуын қамтамасыз ету ақпараттың
ашылуы деген түсінікті білдіреді. Ашылуы бойынша іс-әрекет
жасалған ақпарат — ашылған ақпарат деп танылады.
     9.    Қоғамның     қызметі     туралы    ақпараттандырудың
жауапкершілігі оның атқарушы органына жүктеледі. Оның
шешімдері бойынша мүдделі тұлғаларды ақпараттандыру

                                                                   6
белгіленеді. Қоғамның атқарушы органы мұндай шешімдердің
орындалуын бақылайды және осындай жұмысты дамыту және
жетілдіру бойынша уақтылы шаралар қолданып отырады.
     10. Жалғыз акционердің мүдделеріне қатысты ақпаратты
Қоғам оған хабарлап отыруға міндетті.
   Мыналар Жалғыз акционердің мүдделеріне қатысты ақпарат деп
танылады:
        1) Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесі қабылдаған
шешімдер және мұндай шешімдердің орындалуы туралы
ақапараты;
   2) Қоғамның акциялар және бағалы қағаздар шығаруы,
Қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру туралы, Қоғамның
бағалы қағаздарын өтеудің қорытындылары туралы есептерін
уәкілетті органның (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі)
бекітуі, Қоғамның бағалы қағаздарын осы уәкілетті органның
жоюы.
     3) Қоғамның ірі мәмілелер жасасуы және өзі мүдделі болған
мәмілелер жасасуы;
     4) Қоғамның мүлкін оның активтерінің бес және одан да көп
пайызын құрайтын сомада кепілге (қайта кепілге) беру;
     5) өз капиталы көлемінің жиырма бес және одан да көп
пайызын құрайтын көлемде Қоғамның қарыз алуы;
     6) Қоғамның қандай болса да қызмет түрлерін жүзеге асыруға
лицензиялар алуы, Қоғамның қандай болса да қызмет түрлерін
жүзеге асыруға бұрын алған лицензияларын тоқтата тұруы немесе
қолданылуын тоқтатуы;
     7) заңды тұлға құруға Қоғамның қатысуы;
     8) Қоғамның мүлкіне тыйым салу;
     9) баланстық құны Қоғам активтерінің жалпы көлемінің он
және одан да көп пайызын құрайтын Қоғам мүлкінің жойылуына
себеп болған төтенше сипаттағы жағдайлар болуы;
          10) Қоғамның өзін және оның лауазымды тұлғаларын
әкімшілік жауапкершілікке тарту;
     11) корпоративтік дау бойынша сотта іс қозғалуы;
       12) Қоғамды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы шешім
қабылдануы;
     13) Қоғамның Жарғысына сәйкес Жалғыз акционердің
мүддесіне қатысты өзге де ақпарат.


                                                              7
Қоғам міндетті түрде коммерциялық және қызметтік құпия
қамтылған ақпаратқа ие болған қызметкерлерінің тізімін жүргізіп
отыруды қамтамасыз етеді.
      11. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына
сәйкес Қоғам мынадай ақпараттың көпшілікке жария етіліп
ашылуын жүзеге асырады:
        1) Қоғамның органдары: Жалғыз акционердің, Директорлар
кеңесінің және атқарушы органның қызметін реттейтін, Қоғамның
жарғысы мен ішкі құжаттары;
         2) Қоғамның өндірістік, қаржы-шаруашылық және ішкі
корпоративтік қызметі туралы кезеңдік ақпарат;
       3) маңызды оқиғалар туралы, жұмыстың, Қоғам қызметінің
нәтижелері туралы ақпарат;
       4) Қоғам басшыларының БАҚ-та жарияланған мақалалары,
Қоғамның баспасөз парақтары туралы;
    5) Қоғамның әлеуметтік және кадр саясаты туралы;
    6) Қоғамның аффилиирленген тұлғаларының тізімі;
    7) Қоғам қызметінің басым бағыттары өзгертілгені туралы;
    8) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық
есептіліктің депозитариі, корпоративтік оқиғалар, уәкілетті
органның нормативтік актілерінде белгіленген тәртіппен және
мерзімдерде Қоғамның жылдық қаржылық есептілігі мен
аудиторлық есебі туралы ақпарат;
     9) дивиденд саясаты туралы;
         10) Қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру және жою
қорытындылары туралы есеп;
      11) Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту (азайту) жөнінде
   шешім қабылдау туралы;
      12) корпоративтік басқарудың Қоғам қабылдаған қағидаттары
   мен әдістері;
      13) айқындалған қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығына
   арналған, қолда бар лицензиялар туралы;
      14) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы
   хабарламаны қоса, сатып алу және бағалау қызметі туралы;
      15) коммерциялық немесе қызметтік құпияны қамтитын
   ақпаратты     қоспағанда,    Қоғамның    басқару     органдары
   отырыстарының қорытындылары және олар қабылдаған
   маңызды шешімдер туралы;

                                                                8
16) Қоғамның атауын өзгерту туралы;
      17) Қоғамның басқару органдарының құрылымы мен құрамы
   туралы;
   18) Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қоғамның
Жарғысында және ішкі нормативтік құжаттарында көзделген өзге
де құжаттар (материалдар).
         12. Қоғамның атынан жария мәлімдемелер жасауға
мыналар құқылы:
      1) Директорлар кеңесінің төрағасы;
      2) Директорлар кеңесінің мүшелері;
      3) Басқарма төрағасы;
      4) Басқарма мүшелері;
      5) басқарушы директорлар;
      6) Басқарма төрағасы уәкілеттік берген лауазымды тұлғалар.
   13. Қоғам және оның қызметі туралы ақпаратты ашу мынадай
тәсілдермен ақпарат тарату арқылы жүзеге асырылады:
      1) бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялау;
      2)    Қоғамның     интернет-ресурсында,     сонымен    бірге
корпоративтік веб-сайтында ақпарат жариялау;
      3) ресми баспа басылымдарында ақпарат жариялау;
      4) брошюралар мен буклеттерде ақпарат жариялау;
      5) баспасөз конференцияларын және Жалғыз акционермен
және өзге де мүдделі тұлғалармен кездесулер өткізу, сондай-ақ
Қоғам өкілдерінің жұртшылыққа арнап сөз сөйлеуі арқылы.
      14.     Ақпараттың ашылуы мынадай түрлерде жүзеге
асырылады:
      1) орын алған фактілер туралы хабарлар;
      2) Қоғамның қызметі туралы жыл сайынғы есеп;
      3) аффилиирленген тұлғалардың тізімі және аффилиирленген
тұлғалардың тізіміне енгізілген өзгерістер;
      4) жылдық қаржылық және бухгалтерлік есептілік;
      5) аудитор туралы мәліметтер;
     6) Қоғамның құрылтай және ішкі нормативтік құжаттары;
      7) Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту (азайту) жөнінде
шешім қабылдау туралы; хабарлар
      8) ресми баспасөз парақтары;
      9) БАҚ-та жарияланымдар;
      10) Қоғамның корпоративтік веб-сайтында ақпарат жариялау;


                                                                 9
11) мүдделі тұлғалар Қоғамға жолдаған сұрау салуларға ауызша
және жазбаша қайтарылған жауаптар.
       Жалғыз акционерге ақпараттың ашылуы мынадай түрлерде
жүзеге асырылады:
    1) осы Ереженің 10-тармағына сәйкес Жалғыз акционерге
  беруге жататын ақпараттар (материалдар);
    2) Жалғыз акционердің ақпарат беру туралы сұрау салуына
  қайтарылған жауаптар.

 5. ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІНЕ АҚПАРАТТЫ АШУДЫҢ ТӘРТІБІ

   15.Қоғам өз қызметі туралы маңызды ақпараттың уақтылы және
толық ашылуын қамтамасыз ететін ақпарат саясатын ұстанады.
   Ақпарат Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына
және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес ашылады
және Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесі үшін жалпы
қолжетімді болып беріледі.
   Қоғам Директорлар кеңесі мүшелерінің жұмысы үшін және
шешімдер қабылдауға қажетті ақпаратқа жедел және толық қол
жеткізуін қамтамасыз етеді.
   16. Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелері мен лауазымды
тұлғаларының ақпаратты ашуы осы Ереженің талаптарына және
Директорлар кеңесі бекіткен ішкі нормативтік құжатпен
белгіленген, құпия құжатты пайдалану тәртібіне сәйкес жүзеге
асырылады.
   17. Директорлар кеңесінің төрағасы Директорлар кеңесі
қабылдаған шешімдерге түсініктеме береді, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының       заңнамасында     белгіленген    тәртіппен
Директорлар кеңесінің отырысында қаралған мәселелер бойынша
Директорлар кеңесінің көзқарасын баяндайды.
   18. Директорлар кеңесінің мүшелері Директорлар кеңесінде
қаралған мәселелер бойынша, сондай-ақ коммерциялық және өзге
де     құпияны қамтитын ақпаратты қоспағанда, Директорлар
кеңесінде қабылданған шешімдер бойынша өздерінің жеке
көзқарастарын көпшілікке жария айтуға құқылы.
   19. Қоғамның атқарушы органы, БАҚ жөніндегі уәкілетті өкілі,
өзге де лауазымды тұлғалары Басқарма Төрағасының нұсқауы
бойынша коммерциялық және өзге де          құпиясын қамтитын
ақпаратты қоспағанда, Қоғамның қызметіне байланысты мәселелер

                                                             10
бойынша елімізді және шетелдерде өткізілетін конференцияларда,
 кеңестерде,    семинарларда,    Қазақстан      Республикасының
 мемлекеттік, сот және заң шығарушы органдары мен
 субъектілерінің отырыстарында, өзге де қоғамдық іс-шараларда
 жария сөз сөйлеуді, интервью беруді, қазақстандық және шетелдік
 бұқаралық ақпарат құралдары, қаржылық және инвестициялық
 компаниялар түсіндірме сөз сөйлеуді жүзеге асырудың айрықша
 құқығына ие болады.

     6. ЖАЛҒЫЗ АКЦИОНЕРГЕ АҚПАРАТТЫ АШУДЫҢ
                     ТӘРТІБІ

       20. Жалғыз акционерге ақпарат беруді тиісті мәселелер
 құзыретіне жатқызылған Қоғамның құрылымдық бөлімшелері
 қамтамасыз етеді.
       21. Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы
 Ереженің 10-тармағында қамтылған тізбеге сәйкес Жалғыз
 акционер сұрау салған құжаттар Қазақстан Республикасының
 заңнамасында белгіленген мерзімдерде беріледі. Қазақстан
 Республикасының заңнамасында және/немесе Қоғамның ішкі
 нормативтік құжаттарында, Жалғыз акционердің және/немесе өзге
 де тұлғалардың сұратылып отырған құжаттарға қол жеткізуі
 көзделген болса, олардың көшірмелері Заңда белгіленген тәртіппен
 беріледі.
       22. Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы
 Ережеде, ашылатын ақпараттардың тізбесіне енгізілмеген
 ақпаратты жазбаша сұрау салу бойынша беру туралы шешімді
 атқарушы орган қабылдайды, тек қана егер ол ақпарат:
      1) Қоғам туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты
нақтылайтын болса және инвестициялық шешімдер қабылдау үшін
маңызды болса;
     2) құпия сипаты бар және т.б. деректерге жатпайтын болса.
    23. Осы Ереженің 21-тармағында көрсетілген жазбаша сұрау
 салуларды қарау мерзімі «Жеке және заңды тұлғалардың
 өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының
 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімдерден
 аспауы тиіс.

 7. ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНЕ АҚПАРАТ БЕРУДІҢ ТӘРТІБІ

                                                               11
24. Директорлар кеңесінің мүшелері өз қызметін жүзеге
асыру үшін қажетті барлық ақпаратпен қамтамасыз етіледі.
     25. Қоғамның лауазымды тұлғалары және құрылымдық
бөлімшелерінің қызметкерлері Директорлар кеңесі отырысының
күн тәртібіндегі мәселелер және Директорлар кеңесінің кез келген
мүшесінің сұрау салуы бойынша анық әрі толық ақпарат беруге
міндетті.
       Осы көрсетілген міндеттерді орындамағаны үшін жоғарыда
аталған тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек
заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

     8. КОММЕРЦИЯЛЫҚ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТІК ҚҰПИЯ
             БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН АҚПАРАТ

     26. Коммерциялық және қызметтік құпияны қамтитын ақпарат
қорғалуға тиіс.
       27. Қоғамның атынан Басқарма Төрағасы коммерциялық
және қызметтік ақпаратты қорғау жөнінде мұқият шаралардың
барлығын қолданады, мұндай ақпараттың құпиялығын және
онымен жұмыс істеудің режимін қамтамасыз етеді, Қоғамның
ашықтығы мен оның мүддесіне нұқсан келтірмеуге ұмтылудың
арасындағы салиқалы теңгерімді сақтай отырып мұндай
ақпараттың тізбесін жасайды.
       28. Қоғамның лауазымды тұлғаларымен жасалған еңбек
шартына міндетті түрде құпия ақпаратты жарияламау туралы
талаптар қамтылады.

        9. ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ҚҰЗЫРЕТІ МЕН
                   ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

  29. Директорлар кеңесі Қоғамның ақпарат саясаты туралы
ережесін бекітеді, сондай-ақ ақпарат ашудың және қызметтік,
коммерциялық және өзге де құпияны қамтитын немесе Қазақстан
Республикасының заңнамасы қорғайтын ақпаратты қорғаудың
тәртібін айқындайды.
  30. Атқарушы орган Ақпараттық саясатты қайта қарайды және
жетілдіреді, Қазақстан Республикасының заңнамасына және


                                                              12
Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес Қоғамның қызметі
туралы ақпараттың ашылуын және қорғалуын жүзеге асырады.
   31. Қоғам белгіленген тәртіппен ақпараттың уақтылы берілуін,
сондай-ақ Қоғамның ақпарат тұрғысынан ашықтығының жоғары
деңгейі сақталуын қамтамасыз етеді.
   32. Ішкі аудит қызметі қажет болған жағдайда Қазақстан
Республикасы заңнамасының және ақпараттың ашылуы, сақталуы
және қорғалуы бөлігінде Қоғамның ішкі нормативтік құжаттары
талаптарының орындалуына тексеру жүргізеді.
   33. Қоғамның қызметі туралы ақпарат берудің жауапкершілігі
атқарушы органға жүктеледі, оның шешімімен Жалғыз акционерге
ақпарат беру тәртібі белгіленеді. Қоғам қызметкерлері Қазақстан
Республикасының заңында белгіленген тәртіппен Қоғамның
қызметі туралы ақпараттың ашылуы, сақталуы және қорғалуы үшін
жауапты болады.

                10. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

   34. Осы ереженің орындалуын бақылауды Қоғамның атқарушы
органы жүзеге асырады.
   35. Осы Ереже Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген күні
күшіне енеді.
   36. Директорлар кеңесі Қоғамның ақпаратты ашуы бөлігінде
Қазақстан Республикасы заңнамасы мен осы ереженің орындалуы
туралы ақпаратты Қоғамның атқарушы органынан сұратып алуға
құқылы.
   37. Директорлар кеңесі ақпараттық саясат туралы ережені және
оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді.
   38. Осы Ереже реттемейтін мәселелерді Қазақстан Республикасы
заңнамасы, Қоғамның Жарғысы және Директорлар кеңесінің
шешімдері реттейді.
   39. Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгеріс енгізілуінің
нәтижесінде осы Ереженің жекелеген нормалары оларға қарама-
қайшы болса, ол нормалар күшін жояды, және осы Ережеге
өзгерістер     енгізілген    сәтке    дейін   Қоғам      Қазақстан
Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

           ______________________________________


                                                                13

More Related Content

More from Вячеслав Ипполитов

проект программы реформ. отеч. агр. науки
проект программы реформ. отеч. агр. наукипроект программы реформ. отеч. агр. науки
проект программы реформ. отеч. агр. наукиВячеслав Ипполитов
 
новое положение об информационной политике
новое положение об информационной политикеновое положение об информационной политике
новое положение об информационной политикеВячеслав Ипполитов
 
новое положение об инф политике ао каи 2012
новое положение об инф политике  ао каи 2012новое положение об инф политике  ао каи 2012
новое положение об инф политике ао каи 2012Вячеслав Ипполитов
 
технологии выращивания сеголеток и двухлеток осетровых рыб в бассейнах с испо...
технологии выращивания сеголеток и двухлеток осетровых рыб в бассейнах с испо...технологии выращивания сеголеток и двухлеток осетровых рыб в бассейнах с испо...
технологии выращивания сеголеток и двухлеток осетровых рыб в бассейнах с испо...Вячеслав Ипполитов
 
рекомендации по формированию ремонтно маточных стад осетровых рыб в рыбоводны...
рекомендации по формированию ремонтно маточных стад осетровых рыб в рыбоводны...рекомендации по формированию ремонтно маточных стад осетровых рыб в рыбоводны...
рекомендации по формированию ремонтно маточных стад осетровых рыб в рыбоводны...Вячеслав Ипполитов
 
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в условиях рыбоводных хо...
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в условиях рыбоводных хо...рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в условиях рыбоводных хо...
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в условиях рыбоводных хо...Вячеслав Ипполитов
 
рекомендации по улучшению состояния рыбных ресурсов водоемов зайсан иртышског...
рекомендации по улучшению состояния рыбных ресурсов водоемов зайсан иртышског...рекомендации по улучшению состояния рыбных ресурсов водоемов зайсан иртышског...
рекомендации по улучшению состояния рыбных ресурсов водоемов зайсан иртышског...Вячеслав Ипполитов
 
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в прудах
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в прудахрекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в прудах
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в прудахВячеслав Ипполитов
 
рекомендации по сохранению и воспроизводству кормовых ресурсов в урало каспи...
рекомендации по сохранению и воспроизводству кормовых ресурсов в урало  каспи...рекомендации по сохранению и воспроизводству кормовых ресурсов в урало  каспи...
рекомендации по сохранению и воспроизводству кормовых ресурсов в урало каспи...Вячеслав Ипполитов
 
рекомендации по сохранению биоразнообразия и устойчивого развития кормовых ги...
рекомендации по сохранению биоразнообразия и устойчивого развития кормовых ги...рекомендации по сохранению биоразнообразия и устойчивого развития кормовых ги...
рекомендации по сохранению биоразнообразия и устойчивого развития кормовых ги...Вячеслав Ипполитов
 
рекомендации по ограничениям и запретам на пользование объектами животного ми...
рекомендации по ограничениям и запретам на пользование объектами животного ми...рекомендации по ограничениям и запретам на пользование объектами животного ми...
рекомендации по ограничениям и запретам на пользование объектами животного ми...Вячеслав Ипполитов
 
рекомендации по ограничениям и запретам на пользование объектами животного ми...
рекомендации по ограничениям и запретам на пользование объектами животного ми...рекомендации по ограничениям и запретам на пользование объектами животного ми...
рекомендации по ограничениям и запретам на пользование объектами животного ми...Вячеслав Ипполитов
 
рекомендации по ограничениям и запретам на пользование объектами животного ми...
рекомендации по ограничениям и запретам на пользование объектами животного ми...рекомендации по ограничениям и запретам на пользование объектами животного ми...
рекомендации по ограничениям и запретам на пользование объектами животного ми...Вячеслав Ипполитов
 
рекомендации по ограничениям и запретам на водоемах тобол торгайского бассейна
рекомендации по ограничениям и запретам на водоемах тобол торгайского бассейнарекомендации по ограничениям и запретам на водоемах тобол торгайского бассейна
рекомендации по ограничениям и запретам на водоемах тобол торгайского бассейнаВячеслав Ипполитов
 
рекомендации по кормлению осетровых рыб в условиях рыбоводных хозяйств казахс...
рекомендации по кормлению осетровых рыб в условиях рыбоводных хозяйств казахс...рекомендации по кормлению осетровых рыб в условиях рыбоводных хозяйств казахс...
рекомендации по кормлению осетровых рыб в условиях рыбоводных хозяйств казахс...Вячеслав Ипполитов
 

More from Вячеслав Ипполитов (20)

устав каи 04.11.2011
устав каи 04.11.2011устав каи 04.11.2011
устав каи 04.11.2011
 
проект программы реформ. отеч. агр. науки
проект программы реформ. отеч. агр. наукипроект программы реформ. отеч. агр. науки
проект программы реформ. отеч. агр. науки
 
кодекс корп этики ао каи
кодекс корп этики  ао каикодекс корп этики  ао каи
кодекс корп этики ао каи
 
новое положение об информационной политике
новое положение об информационной политикеновое положение об информационной политике
новое положение об информационной политике
 
положение о правлении ао каи
положение  о правлении ао каиположение  о правлении ао каи
положение о правлении ао каи
 
кодекс корп этики ао каи
кодекс корп этики  ао каикодекс корп этики  ао каи
кодекс корп этики ао каи
 
новое положение об инф политике ао каи 2012
новое положение об инф политике  ао каи 2012новое положение об инф политике  ао каи 2012
новое положение об инф политике ао каи 2012
 
кодекс корп упрваления ао каи
кодекс корп упрваления ао каикодекс корп упрваления ао каи
кодекс корп упрваления ао каи
 
технологии выращивания сеголеток и двухлеток осетровых рыб в бассейнах с испо...
технологии выращивания сеголеток и двухлеток осетровых рыб в бассейнах с испо...технологии выращивания сеголеток и двухлеток осетровых рыб в бассейнах с испо...
технологии выращивания сеголеток и двухлеток осетровых рыб в бассейнах с испо...
 
рекомендации по формированию ремонтно маточных стад осетровых рыб в рыбоводны...
рекомендации по формированию ремонтно маточных стад осетровых рыб в рыбоводны...рекомендации по формированию ремонтно маточных стад осетровых рыб в рыбоводны...
рекомендации по формированию ремонтно маточных стад осетровых рыб в рыбоводны...
 
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в условиях рыбоводных хо...
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в условиях рыбоводных хо...рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в условиях рыбоводных хо...
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в условиях рыбоводных хо...
 
рекомендации по улучшению состояния рыбных ресурсов водоемов зайсан иртышског...
рекомендации по улучшению состояния рыбных ресурсов водоемов зайсан иртышског...рекомендации по улучшению состояния рыбных ресурсов водоемов зайсан иртышског...
рекомендации по улучшению состояния рыбных ресурсов водоемов зайсан иртышског...
 
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в прудах
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в прудахрекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в прудах
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в прудах
 
рекомендации по сохранению и воспроизводству кормовых ресурсов в урало каспи...
рекомендации по сохранению и воспроизводству кормовых ресурсов в урало  каспи...рекомендации по сохранению и воспроизводству кормовых ресурсов в урало  каспи...
рекомендации по сохранению и воспроизводству кормовых ресурсов в урало каспи...
 
рекомендации по сохранению биоразнообразия и устойчивого развития кормовых ги...
рекомендации по сохранению биоразнообразия и устойчивого развития кормовых ги...рекомендации по сохранению биоразнообразия и устойчивого развития кормовых ги...
рекомендации по сохранению биоразнообразия и устойчивого развития кормовых ги...
 
рекомендации по ограничениям и запретам на пользование объектами животного ми...
рекомендации по ограничениям и запретам на пользование объектами животного ми...рекомендации по ограничениям и запретам на пользование объектами животного ми...
рекомендации по ограничениям и запретам на пользование объектами животного ми...
 
рекомендации по ограничениям и запретам на пользование объектами животного ми...
рекомендации по ограничениям и запретам на пользование объектами животного ми...рекомендации по ограничениям и запретам на пользование объектами животного ми...
рекомендации по ограничениям и запретам на пользование объектами животного ми...
 
рекомендации по ограничениям и запретам на пользование объектами животного ми...
рекомендации по ограничениям и запретам на пользование объектами животного ми...рекомендации по ограничениям и запретам на пользование объектами животного ми...
рекомендации по ограничениям и запретам на пользование объектами животного ми...
 
рекомендации по ограничениям и запретам на водоемах тобол торгайского бассейна
рекомендации по ограничениям и запретам на водоемах тобол торгайского бассейнарекомендации по ограничениям и запретам на водоемах тобол торгайского бассейна
рекомендации по ограничениям и запретам на водоемах тобол торгайского бассейна
 
рекомендации по кормлению осетровых рыб в условиях рыбоводных хозяйств казахс...
рекомендации по кормлению осетровых рыб в условиях рыбоводных хозяйств казахс...рекомендации по кормлению осетровых рыб в условиях рыбоводных хозяйств казахс...
рекомендации по кормлению осетровых рыб в условиях рыбоводных хозяйств казахс...
 

26. кодекс корпоративной этики ао «казагроинновация»

  • 1. «ҚазАгроИнновация» АҚ «ҚазАгроИнновация» АҚ Басқармасының Директорлар кеңесінің 2012 жылғы «29» тамыздағы 2012 жылғы «18» қыркүйектегі шешімімен мақұлданған шешімімен бектілген № 13 Хаттама № 15 Хаттама «ҚАЗАГРОИННОВАЦИЯ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ 1
  • 2. Мазмұны: 1. Жалпы ережелер 3 2. Ақпараттық саясаттың қағидаттары 3 3. Ақпараттық саясатты іске асырудың тетігі 5 4. Ақпаратты ашудың тәртібі 6 5. Қоғам өкілдеріне ақпаратты ашудың тәртібі 9 6. Жалғыз акционерге ақпаратты ашудың тәртібі 10 7. Директорлар кеңесіне ақпарат берудің тәртібі 10 8. Коммерциялық немесе қызметтік құпия болып табылатын ақпарат 11 9. Қоғам қызметкерінің құзыреті мен жауапкершілігі 11 10. Қорытынды ережелер 12 2
  • 3. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1. «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының (бұдан әрі ― Қоғам) ақпараттық саясаты туралы осы Ереже (бұдан әрі ― Ереже) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына (бұдан әрі ― Заң) және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Қоғамның Жарғысына және Қоғамды корпоративтік басқару кодексіне сәйкес әзірленген. 2. Ақпараттық саясат Қоғамның қызметі туралы ақпараттың Қоғамның Жалғыз акционері ― Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі ― Жалғыз акционер), Қоғамның қызметіне мүдделі тұлғаларға (бұдан әрі ― мүдделі тұлғалар), әлеуетті инвесторларға және өзге де тұлғаларға ашылуының негізгі қағидаттарын және оған қойылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын, Қоғамның коммерциялық және өзге де ақпаратын қорғауға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды. 3. Ақпараттық саясат ― Жалғыз акционердің, Директорлар кеңесінің және олардың өкілдерінің, әлеуетті инвесторлардың және өзге де мүдделі тұлғалардың Қоғамға қатысуы туралы сараланған шешімдер қабылдауы немесе Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметіне ықпал ететін өзге де іс-әрекеттер жасауы үшін қажетті көлемде, көрсетілген тұлғаларды хабардар ету мақсатында Қоғам туралы ақпаратты ашу және қорғау саласындағы Қоғамның саясаты. 4. Қоғамның ақпараттық саясатының мақсаты Жалғыз акционердің, Директорлар кеңесінің және мүдделі тұлғалардың Қоғам мен оның қызметі туралы анық ақпаратқа сұраныстарын мейлінше толық қанағаттандыру, сондай-ақ жария болуы Қоғамға және Жалғыз акционерге залалын тигізуі мүмкін құпия ақпаратты қорғау болып табылады. 3
  • 4. 5. Ақпараттық саясат Қоғам қызметінің тиімділігін арттыруға, оның активтерінің бағасын қымбаттатуға, инвестиция тартуға және қолайлы имидж қалыптастыруға ықпал етуі тиіс. 2. АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТТЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ 6. Ақпараттық саясатты іске асырудағы негізгі қағидаттар мыналар: 1) Ұдайылық және уақтылылық; 2) ашықтық пен қол жетімділік; 3) айқындық және толықтық; 4) жеделдік; 5) құпиялық режимін сақтау; 6) теңгерімділік; 7) құқықтар теңдігі. Ақпарат ашудағы ұдайылық пен уақтылылық қағидаты Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қоғамның Жарғысында, Корпоративтік басқару кодексінде, осы Ережеде және Қоғамның өзге де нормативтік құжаттарында (бұдан әрі ― Қоғамның құжаттары) көзделген, ақпарат берудің мерзімдері мен жүйелілігін сақтауға қатысты Қоғамның жауапкершілігін білдіреді. Қоғам негізделген шешім қабылдауға және /немесе әрекет жасауға тікелей қатысы бар фактор ретінде ұдайы ақпарат беріп тұрудың маңызы бар екенін мойындайды. Ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қоғамның ішкі құжаттарында белгіленген мерзімдерде, сондай-ақ оның маңызы бар екеніне қатысты оқиғаның болуына қарай және оны көпшілікке уақтылы жария етуді ескере отырып беріледі. Ақпараттың ашықтығы мен қол жетімділігі мүдделі тұлғалардың ақпаратты еркін әрі ауыртпалықсыз пайдалануына мүмкіндік жасайтын әдістерді Қоғамның таңдап алуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы қорғайтын қызметтік, коммерциялық және өзге де ақпаратқа қатысты құпиялық режимін сақтауды ескере отырып, өз қызметінің мейлінше ашықтығын қамтамасыз етуге ниетті болуын білдіреді. Айқындық және толықтық қағидаты шындыққа сәйкес және баяндалатын фактіні немесе оқиғаны толық көлемінде түсіндіру үшін қажетті ақпарат берудегі Қоғамның жауапкершілігін білдіреді. Берілген ақпараттың үшінші тұлғалар тарапынан өзгертілмеуін Қоғам қадағалап отырады және мұндай фактілер 4
  • 5. анықталған жағдайда өзгерістер мен қателерді түзету бойынша шаралар қолданады. Егер Қоғам өзі туралы туралы жағымсыз ақпарат құпия болмаса немесе Жалғыз акционердің, Директорлар кеңесінің және Қоғамның инвестициялық және басқа да шешімдер қабылдауына ықпал етпейтін болса мұндай ақпаратты ашудан бас тартпайды. Қоғамның қызметін толық әрі нақты түсіндіру мақсатында Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті түрде ашылуға тиіс ақпараттан басқа қосымша ақпаратты өз бастамасы бойынша мүдделі тұлғаларға ашады. Мұндай ақпараттың тізбесін және оны ашудың тәртібін Корпоративтік басқару кодексі, Қоғамның коммерциялық және қызметтік құпиясын ашудың және қорғауды қамтамасыз етудің ережесі және т.б. сияқты Қоғамның ішкі нормативтік құжаттары белгілейді. Жеделдік қағидаты Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесінің мүддесіне қатысы бар фактілер мен оқиғаларға байланысты, Қоғамның қызметі туралы ақпаратты мейлінше қысқа мерзімде, сонымен бірге тиісті шешімдер қабылдау қажет болғанда, берудегі Қоғамның жауапкершілігін білдіреді. Құпиялық режимін сақтау қағидаты Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарында айқындалған құралдармен және тәсілдермен, Қазақстан Республикасының заңы қорғайтын Қоғамның қызметтік, коммерциялық және өзге де құпиясын қамтитын ақпараттың сақталуына және қорғалуына қатысты Қоғамның жауапкершілігін білдіреді. Теңгерімділік қағидаты мүдделі тұлғалардың құқықтарын мейлінше қамтамасыз ету мақсатында бір жағынан ашықтық пен айқындықтың, екінші жағынан құпиялықтың саналы теңгерімін, алайда, Қазақстан Республикасының заңы қорғайтын Қоғамның қызметтік, коммерциялық және өзге де құпиясын қамтитын ақпаратқа қол жеткізуді шектеу бөлігінде Қоғамның және Жалғыз акционердің мүдделері қатаң сақталған жағдайда, Қоғамның қамтамасыз етуін білдіреді. Құқықтар теңдігі қағидаты Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарында белгіленген нормалар мен талаптарға қатаң сәйкес, барлық мүдделі тұлғалардың өз мүддесіне қатысты Қоғамның 5
  • 6. қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығын сақтауын білдіреді. 3. АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТЕТІГІ 7. Ақпараттық саясатты іске асыру үшін Қоғам: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес міндетті түрде ашылуға тиіс ақпараттардың (деректердің) есебін жүргізеді; 2) Қоғам өзінің ақпараттық тұрғыдан жариялылығы мен ашықтығын арттыру мақсатында қосымша ашылатын ақпараттардың (деректердің) тізбесін айқындайды; 3) міндетті түрде және Қоғамның өз бастамасы бойынша ақпарат алушыларға ақпаратты ашудың тәртібін белгілейді; 4) Қоғам мен Жалғыз акционердің мүдделеріне нұқсан келтіретін, Қоғамның қызметтік, коммерциялық және өзге де құпиясын қамтитын немесе Қазақстан Республикасының заңы қорғайтын деректердің тізбесін айқындайды және көрсетілген ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды белгілейді; 5) Қоғамның ақпаратын персоналдың таратуы мен пайдалануын бақылаудың мынадай жүйесін тағайындайды: ақпарат таратудың тәсілдерін, нысандарын және тәртібін айқындау; ашылуға жататын ақпаратты дайындау және тарату үшін жауапты адамдарды айқындау; 6) Қоғамның ақпараты тиісінше ашылуын және Қоғамның қызметтік, коммерциялық және өзге де құпиясын қамтитын немесе Қазақстан Республикасының заңы қорғайтын ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету үшін жауапты органдардың, Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің құзыреті мен жауапкершілігін айқындайды. 4. АҚПАРАТТЫ АШУДЫҢ ТӘРТІБІ 8. Ақпараттың алынуы мен табылуына кепіл болатын рәсім бойынша осы ақпараттың алыну мақсатына қарамастан барлық мүдделі тұлғаларға қолжетімді болуын қамтамасыз ету ақпараттың ашылуы деген түсінікті білдіреді. Ашылуы бойынша іс-әрекет жасалған ақпарат — ашылған ақпарат деп танылады. 9. Қоғамның қызметі туралы ақпараттандырудың жауапкершілігі оның атқарушы органына жүктеледі. Оның шешімдері бойынша мүдделі тұлғаларды ақпараттандыру 6
  • 7. белгіленеді. Қоғамның атқарушы органы мұндай шешімдердің орындалуын бақылайды және осындай жұмысты дамыту және жетілдіру бойынша уақтылы шаралар қолданып отырады. 10. Жалғыз акционердің мүдделеріне қатысты ақпаратты Қоғам оған хабарлап отыруға міндетті. Мыналар Жалғыз акционердің мүдделеріне қатысты ақпарат деп танылады: 1) Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер және мұндай шешімдердің орындалуы туралы ақапараты; 2) Қоғамның акциялар және бағалы қағаздар шығаруы, Қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру туралы, Қоғамның бағалы қағаздарын өтеудің қорытындылары туралы есептерін уәкілетті органның (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі) бекітуі, Қоғамның бағалы қағаздарын осы уәкілетті органның жоюы. 3) Қоғамның ірі мәмілелер жасасуы және өзі мүдделі болған мәмілелер жасасуы; 4) Қоғамның мүлкін оның активтерінің бес және одан да көп пайызын құрайтын сомада кепілге (қайта кепілге) беру; 5) өз капиталы көлемінің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын көлемде Қоғамның қарыз алуы; 6) Қоғамның қандай болса да қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар алуы, Қоғамның қандай болса да қызмет түрлерін жүзеге асыруға бұрын алған лицензияларын тоқтата тұруы немесе қолданылуын тоқтатуы; 7) заңды тұлға құруға Қоғамның қатысуы; 8) Қоғамның мүлкіне тыйым салу; 9) баланстық құны Қоғам активтерінің жалпы көлемінің он және одан да көп пайызын құрайтын Қоғам мүлкінің жойылуына себеп болған төтенше сипаттағы жағдайлар болуы; 10) Қоғамның өзін және оның лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту; 11) корпоративтік дау бойынша сотта іс қозғалуы; 12) Қоғамды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдануы; 13) Қоғамның Жарғысына сәйкес Жалғыз акционердің мүддесіне қатысты өзге де ақпарат. 7
  • 8. Қоғам міндетті түрде коммерциялық және қызметтік құпия қамтылған ақпаратқа ие болған қызметкерлерінің тізімін жүргізіп отыруды қамтамасыз етеді. 11. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қоғам мынадай ақпараттың көпшілікке жария етіліп ашылуын жүзеге асырады: 1) Қоғамның органдары: Жалғыз акционердің, Директорлар кеңесінің және атқарушы органның қызметін реттейтін, Қоғамның жарғысы мен ішкі құжаттары; 2) Қоғамның өндірістік, қаржы-шаруашылық және ішкі корпоративтік қызметі туралы кезеңдік ақпарат; 3) маңызды оқиғалар туралы, жұмыстың, Қоғам қызметінің нәтижелері туралы ақпарат; 4) Қоғам басшыларының БАҚ-та жарияланған мақалалары, Қоғамның баспасөз парақтары туралы; 5) Қоғамның әлеуметтік және кадр саясаты туралы; 6) Қоғамның аффилиирленген тұлғаларының тізімі; 7) Қоғам қызметінің басым бағыттары өзгертілгені туралы; 8) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептіліктің депозитариі, корпоративтік оқиғалар, уәкілетті органның нормативтік актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Қоғамның жылдық қаржылық есептілігі мен аудиторлық есебі туралы ақпарат; 9) дивиденд саясаты туралы; 10) Қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру және жою қорытындылары туралы есеп; 11) Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту (азайту) жөнінде шешім қабылдау туралы; 12) корпоративтік басқарудың Қоғам қабылдаған қағидаттары мен әдістері; 13) айқындалған қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығына арналған, қолда бар лицензиялар туралы; 14) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаны қоса, сатып алу және бағалау қызметі туралы; 15) коммерциялық немесе қызметтік құпияны қамтитын ақпаратты қоспағанда, Қоғамның басқару органдары отырыстарының қорытындылары және олар қабылдаған маңызды шешімдер туралы; 8
  • 9. 16) Қоғамның атауын өзгерту туралы; 17) Қоғамның басқару органдарының құрылымы мен құрамы туралы; 18) Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қоғамның Жарғысында және ішкі нормативтік құжаттарында көзделген өзге де құжаттар (материалдар). 12. Қоғамның атынан жария мәлімдемелер жасауға мыналар құқылы: 1) Директорлар кеңесінің төрағасы; 2) Директорлар кеңесінің мүшелері; 3) Басқарма төрағасы; 4) Басқарма мүшелері; 5) басқарушы директорлар; 6) Басқарма төрағасы уәкілеттік берген лауазымды тұлғалар. 13. Қоғам және оның қызметі туралы ақпаратты ашу мынадай тәсілдермен ақпарат тарату арқылы жүзеге асырылады: 1) бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялау; 2) Қоғамның интернет-ресурсында, сонымен бірге корпоративтік веб-сайтында ақпарат жариялау; 3) ресми баспа басылымдарында ақпарат жариялау; 4) брошюралар мен буклеттерде ақпарат жариялау; 5) баспасөз конференцияларын және Жалғыз акционермен және өзге де мүдделі тұлғалармен кездесулер өткізу, сондай-ақ Қоғам өкілдерінің жұртшылыққа арнап сөз сөйлеуі арқылы. 14. Ақпараттың ашылуы мынадай түрлерде жүзеге асырылады: 1) орын алған фактілер туралы хабарлар; 2) Қоғамның қызметі туралы жыл сайынғы есеп; 3) аффилиирленген тұлғалардың тізімі және аффилиирленген тұлғалардың тізіміне енгізілген өзгерістер; 4) жылдық қаржылық және бухгалтерлік есептілік; 5) аудитор туралы мәліметтер; 6) Қоғамның құрылтай және ішкі нормативтік құжаттары; 7) Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту (азайту) жөнінде шешім қабылдау туралы; хабарлар 8) ресми баспасөз парақтары; 9) БАҚ-та жарияланымдар; 10) Қоғамның корпоративтік веб-сайтында ақпарат жариялау; 9
  • 10. 11) мүдделі тұлғалар Қоғамға жолдаған сұрау салуларға ауызша және жазбаша қайтарылған жауаптар. Жалғыз акционерге ақпараттың ашылуы мынадай түрлерде жүзеге асырылады: 1) осы Ереженің 10-тармағына сәйкес Жалғыз акционерге беруге жататын ақпараттар (материалдар); 2) Жалғыз акционердің ақпарат беру туралы сұрау салуына қайтарылған жауаптар. 5. ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІНЕ АҚПАРАТТЫ АШУДЫҢ ТӘРТІБІ 15.Қоғам өз қызметі туралы маңызды ақпараттың уақтылы және толық ашылуын қамтамасыз ететін ақпарат саясатын ұстанады. Ақпарат Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес ашылады және Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесі үшін жалпы қолжетімді болып беріледі. Қоғам Директорлар кеңесі мүшелерінің жұмысы үшін және шешімдер қабылдауға қажетті ақпаратқа жедел және толық қол жеткізуін қамтамасыз етеді. 16. Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелері мен лауазымды тұлғаларының ақпаратты ашуы осы Ереженің талаптарына және Директорлар кеңесі бекіткен ішкі нормативтік құжатпен белгіленген, құпия құжатты пайдалану тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады. 17. Директорлар кеңесінің төрағасы Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдерге түсініктеме береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Директорлар кеңесінің отырысында қаралған мәселелер бойынша Директорлар кеңесінің көзқарасын баяндайды. 18. Директорлар кеңесінің мүшелері Директорлар кеңесінде қаралған мәселелер бойынша, сондай-ақ коммерциялық және өзге де құпияны қамтитын ақпаратты қоспағанда, Директорлар кеңесінде қабылданған шешімдер бойынша өздерінің жеке көзқарастарын көпшілікке жария айтуға құқылы. 19. Қоғамның атқарушы органы, БАҚ жөніндегі уәкілетті өкілі, өзге де лауазымды тұлғалары Басқарма Төрағасының нұсқауы бойынша коммерциялық және өзге де құпиясын қамтитын ақпаратты қоспағанда, Қоғамның қызметіне байланысты мәселелер 10
  • 11. бойынша елімізді және шетелдерде өткізілетін конференцияларда, кеңестерде, семинарларда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік, сот және заң шығарушы органдары мен субъектілерінің отырыстарында, өзге де қоғамдық іс-шараларда жария сөз сөйлеуді, интервью беруді, қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары, қаржылық және инвестициялық компаниялар түсіндірме сөз сөйлеуді жүзеге асырудың айрықша құқығына ие болады. 6. ЖАЛҒЫЗ АКЦИОНЕРГЕ АҚПАРАТТЫ АШУДЫҢ ТӘРТІБІ 20. Жалғыз акционерге ақпарат беруді тиісті мәселелер құзыретіне жатқызылған Қоғамның құрылымдық бөлімшелері қамтамасыз етеді. 21. Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ереженің 10-тармағында қамтылған тізбеге сәйкес Жалғыз акционер сұрау салған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде беріледі. Қазақстан Республикасының заңнамасында және/немесе Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарында, Жалғыз акционердің және/немесе өзге де тұлғалардың сұратылып отырған құжаттарға қол жеткізуі көзделген болса, олардың көшірмелері Заңда белгіленген тәртіппен беріледі. 22. Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде, ашылатын ақпараттардың тізбесіне енгізілмеген ақпаратты жазбаша сұрау салу бойынша беру туралы шешімді атқарушы орган қабылдайды, тек қана егер ол ақпарат: 1) Қоғам туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты нақтылайтын болса және инвестициялық шешімдер қабылдау үшін маңызды болса; 2) құпия сипаты бар және т.б. деректерге жатпайтын болса. 23. Осы Ереженің 21-тармағында көрсетілген жазбаша сұрау салуларды қарау мерзімі «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімдерден аспауы тиіс. 7. ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНЕ АҚПАРАТ БЕРУДІҢ ТӘРТІБІ 11
  • 12. 24. Директорлар кеңесінің мүшелері өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті барлық ақпаратпен қамтамасыз етіледі. 25. Қоғамның лауазымды тұлғалары және құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібіндегі мәселелер және Директорлар кеңесінің кез келген мүшесінің сұрау салуы бойынша анық әрі толық ақпарат беруге міндетті. Осы көрсетілген міндеттерді орындамағаны үшін жоғарыда аталған тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады. 8. КОММЕРЦИЯЛЫҚ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТІК ҚҰПИЯ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН АҚПАРАТ 26. Коммерциялық және қызметтік құпияны қамтитын ақпарат қорғалуға тиіс. 27. Қоғамның атынан Басқарма Төрағасы коммерциялық және қызметтік ақпаратты қорғау жөнінде мұқият шаралардың барлығын қолданады, мұндай ақпараттың құпиялығын және онымен жұмыс істеудің режимін қамтамасыз етеді, Қоғамның ашықтығы мен оның мүддесіне нұқсан келтірмеуге ұмтылудың арасындағы салиқалы теңгерімді сақтай отырып мұндай ақпараттың тізбесін жасайды. 28. Қоғамның лауазымды тұлғаларымен жасалған еңбек шартына міндетті түрде құпия ақпаратты жарияламау туралы талаптар қамтылады. 9. ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ҚҰЗЫРЕТІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 29. Директорлар кеңесі Қоғамның ақпарат саясаты туралы ережесін бекітеді, сондай-ақ ақпарат ашудың және қызметтік, коммерциялық және өзге де құпияны қамтитын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы қорғайтын ақпаратты қорғаудың тәртібін айқындайды. 30. Атқарушы орган Ақпараттық саясатты қайта қарайды және жетілдіреді, Қазақстан Республикасының заңнамасына және 12
  • 13. Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес Қоғамның қызметі туралы ақпараттың ашылуын және қорғалуын жүзеге асырады. 31. Қоғам белгіленген тәртіппен ақпараттың уақтылы берілуін, сондай-ақ Қоғамның ақпарат тұрғысынан ашықтығының жоғары деңгейі сақталуын қамтамасыз етеді. 32. Ішкі аудит қызметі қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасының және ақпараттың ашылуы, сақталуы және қорғалуы бөлігінде Қоғамның ішкі нормативтік құжаттары талаптарының орындалуына тексеру жүргізеді. 33. Қоғамның қызметі туралы ақпарат берудің жауапкершілігі атқарушы органға жүктеледі, оның шешімімен Жалғыз акционерге ақпарат беру тәртібі белгіленеді. Қоғам қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен Қоғамның қызметі туралы ақпараттың ашылуы, сақталуы және қорғалуы үшін жауапты болады. 10. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 34. Осы ереженің орындалуын бақылауды Қоғамның атқарушы органы жүзеге асырады. 35. Осы Ереже Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген күні күшіне енеді. 36. Директорлар кеңесі Қоғамның ақпаратты ашуы бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасы мен осы ереженің орындалуы туралы ақпаратты Қоғамның атқарушы органынан сұратып алуға құқылы. 37. Директорлар кеңесі ақпараттық саясат туралы ережені және оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді. 38. Осы Ереже реттемейтін мәселелерді Қазақстан Республикасы заңнамасы, Қоғамның Жарғысы және Директорлар кеңесінің шешімдері реттейді. 39. Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгеріс енгізілуінің нәтижесінде осы Ереженің жекелеген нормалары оларға қарама- қайшы болса, ол нормалар күшін жояды, және осы Ережеге өзгерістер енгізілген сәтке дейін Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады. ______________________________________ 13