Бұл балаға шығарамсыйлы етіп жыр,
Бұл да менің көшімді сүйретіп жүр.
Мен бұған тәрбиені үйретемін,
Бұл маған орысшаны үйретіп жүр.
8.
Қазақ тілдің жанашыржанжолдасы.
Сайраса жұрттың қалмас таңқалмасы.
Дина мен Жадыраға жандай құрбы,
Петр мен ағайына аудармашы.
9.
Бұл оқушым сондайқызық ой,тоба-ай,
Қуантам деп көп әңгіме айтады-ай.
Көңіл-күйді көтерем деп кей кезде
Қанқысымды көтереді байқамай.
10.
Бұл баланың мақтаймынбек талабын,
Кей кезде қызық жайға тап боламын.
Наурызбекті оқушылар мазақтаса
Мені айтып жатқан жоқ па деп қаламын.
11.
Әлижаным білмейді сарсаңкүйді,
Көштен қалам сабақтан қалсам дейді.
Мектебі мақтанатын бұл оқушым,
Елімнің мақтанышы болсам дейді.
12.
Жадыра сөзбен атарқұралайды,
Бір бағадан басқасы ұнамайды.
Неше алу керектігін өзі білед,
Сондықтан төртке қарай құламайды.
Тоқсан ауыз сөзімді түйіндесем,
Тоқсанның қорытындысын сұрамайды.
13.
Бұл мектепті кешеғана аттағам,
Бүгін міне жетекшімін ақтабан.
Әрбір бала бір-бір үйдің жалғызы.
Жалғызым ғой тоғыз бала қаптаған.
Жолдастарым бір балам бар деп айтса
Менің тоғыз балам бар деп мақтанам!