1. «Математика – ғылымдар патшасы» тақырыбындағы
сабақтан тыс өткізілген жұмыс
Математика – бұралаңсыз нақты ілім,
Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін.
Айдыныңда сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір,
Тарқалмайды қуаныш пен шаттығын
Математикалық сайысты өткізген математика пәнінің оқытушылары
Нұрғожаева М.А және Дүйсеналы М.
Жаратылыстану кафедрасының оқытушылары
2. Сайыс 5 кезеңнен тұрды:
І – «Таныстыру» кезеңі (әр топ өзінің тобының атын бейнеролик арқылы қорғады).
1) Топтың атын толық ашып, қорғауға айрықша мән берілді;
2) Видеороликтің сапасы НD форматта болды;
3) Қатысушылардың сырт келбеті (шаш үлгісі, киім үлгісі);
4) Плакат (А2 форматта);
5) Тіл мәдениеті қатаң сақталды.
ІІ - «Ұлы математиктер» кезеңі: Ұлы математиктердің суреттері және олар туралы қысқаша
мәлімет беріледі. Тапсырма-сол ғалымның атын табу. Бұл тур шапшаңдықты, білгірлікті және
ізденісті талап етті.
ІІІ - Эрудит (Математкиалық фокус) Математикалық фокус ойлап табу керек. Фантазияны іске
қосып, көрерменді барынша таң қалдыра білу керек.
ІV- «Бейне сұрақ» кезеңі: Кафедра ұстаздары сайысқа қатысушыларға бейне сұрақ қояды. Бұл
тур шапшаңдықты, логикалық ойлауды талап етті.
V - «Капитандар сайысы» - Шешуші кезеңде топ капитандары сайысқа түседі. Әр капитанға 7
сұрақтан қойылады, берілген уақыт 3 минут.