1. • Өтірік өлең
• Бірінші оқушы:
• Айттым да өтірік өлең айла қылдым,
• Кесіп ап бетегені найза қылдым.
• Торғайды үш қонаққа сойып беріп,
• Жарты етін алып қалып,пайда қылдым.
• Екінші оқушы:
• Дүниеде болады екен қоян мықты,
• Жабылып он бес жігіт зорға жықты.
• Соғымға сойған едім, семізін-ай,
• Бүйрек майдан басқасы бес қап шықты.
2. 1. Бірнші оқушы қандай өтірік өлең айтты?
Қарасөзбен әңгімеле.
2. Екінші оқушы ше?
3. Қай оқушының өлеңі көбірек күлкі шақырады?