SlideShare a Scribd company logo
1 of 36
Download to read offline
Инвестордың
жол сілтеушісі
Астана қаласы
Жарияланымды
EY компаниясының қолдауымен
Астана қаласының әкімдігі дайындады,
2014 жылғы мамыр
Инвестордың
жол сілтеушісі
Астана қаласы
1Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
Мазмұны
Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалы�����������������4
Астана — болашақтың қаласы���������������������������������������������������������������8
	 Жалпы ақпарат�������������������������������������������������������������������������������������������9
	 Астананың бәсекеге қабілетті артықшылықтары �������������������������������� 10
Халықаралық инвестициялық форумдар�������������������������������������� 14
EXPO 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі������������ 16
Мемлекеттік қолдау������������������������������������������������������������������������������ 18
	 «Астана — жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы������������������������ 19
	 Инвесторларға қызмет көрсету орталығы�������������������������������������������� 21
	 «Инвестор 2020» бағдарламасы�������������������������������������������������������������22
	 «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы�������������������������������������23
	 «Экспорт 2020» бағдарламасы���������������������������������������������������������������24
	 «Өнімділік 2020» бағдарламасы�������������������������������������������������������������25
Астана экономикасының стратегиялық салалары�����������������������26
	 Машина жасау және металл өңдеу���������������������������������������������������������27
	Құрылыс�����������������������������������������������������������������������������������������������������27
	Көлік�����������������������������������������������������������������������������������������������������������27
	 Медицина және фармацевтика���������������������������������������������������������������28
	 Туризм және спорт�����������������������������������������������������������������������������������28
	 Ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар�����������������������29
	Инновациялар�������������������������������������������������������������������������������������������29
Мемлекет-жеке меншік әріптестік���������������������������������������������������� 30
Қол жеткізген табыстар������������������������������������������������������������������������ 31
Байланыстар���������������������������������������������������������������������������������������������32
2 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
Иманғали Нұрғалиұлы
Тасмағамбетов
Астана қаласының Әкімі
Астана — Еуразияның ең қарқынды
дамып келе жатқан қаласы. Елорданың
экономикасы серпінді дамуымен сипатта-
лады. 2000 жылдан бері жалпы өңірлік
өнім 24,1 есе ұлғайды, ал халқының жан
басына шаққанда — бір адамға 26,8 мың
АҚШ долларына жетіп, 14,5 есеге
ұлғайды, мұны Еуропалық Одақтың
кейбір мемлекеттерінің деңгейімен
салыстыруға болады.
Елорда экономикасының ­дамуында
кәсіпкерлікті қолдауға және иннова­
циялық әрі өнеркәсіптік әлеует сектор-
ларына шетелдік инвестицияларды
тартуға маңызды рөл беріледі. Астанада
жағымды іскерлік ахуалды қамтамасыз
ету мақсатында қаланың тұрақты дамуы,
инвесторларға институционалдық қолдау
көрсету, инфрақұрылымды жетілдіру
және еңбек нарығын білікті кадрлармен
қамтамасыз ету саласында кең көлемді
әрі жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Астана инвесторларға ұзақ ­мерзімді
ынтымақтастықта болуға мол мүмкін­
діктер жасап отыр. Еуразиялық
ықпалдасу және Астана қаласының
географиялық тұрғыдан орналасуы оның
жоғары көлік-логистикалық әлеуетін
жоғары болуын қамтамасыз етеді.
Астана қаласы арқылы өтетін жалпы жүк
ағынының 96%-дан астамы транзитке
жатады.
«Астана — жаңа қала» еркін экономика­
лық аймағы жағымды инвестициялық
ахуалды, салық салудың жеңілдік
берілген режимін, жер учаскелерін
және инженерлік инфрақұрылымға қол
жеткізуді ұсынып отыр. Соңғы бірнеше
жылда «Астана — жаңа қала» ЕЭА негізін-
де Қазақстан үшін жаңа жоғары техно-
логиялы салаларда — электровоздарды,
вагондарды, тікұшақтарды, фотоэлектрлі
модульдерді өндіру салаларында ірі
халықаралық инвесторлармен жобалар
сәтті іске асырылды.
Бүгінгі таңда Астана қаласы ­алдында
жаңа көлемді міндеттер тұр — экономика­
ның инновациялық және жоғары техно-
логиялы салаларын одан әрі де дамыту,
әлемнің топ-50 зияткерлік қалаларының
қатарына кіру және EXPO 2017
халықаралық көрмесін өткізу.
Біз жаңа жобаларды жүзеге асыруға
дайынбыз және Қазақстан елордасының
дамуына өз үлесін қосуға әзір инвестор-
ларды құшақ жая қарсы аламыз.
3Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
1
Ерлан Досымбеков
Қазақстан және
Орталық Азия бойынша EY
Басқарушы партнеры
Астана — Қазақстанның серпінді
өсуінің және дамуының нышаны.
Шетелдік инвесторлар елорданы
Қазақстанда инвестициялар салу үшін
ең тартымды қала ретінде қабылдайды,
EY компаниясының 2013 жылғы
«Қазақстанның инвестициялық
тартымдылығы» зерттеуінің деректері
осындай.
Стратегиялық тұрғыдан Еуразияның
кіндігінде орналасуы, дамыған
инфрақұрылымы, кадр әлеуетінің
жоғары болуы, өсіп келе жатқан
экономикасы, инвесторлар мен
кәсіпкерлерге институционалдық қолдау
көрсету — бұл факторлардың барлығы
инвестициялық жобалардың сәтті іске
асырылуына жәрдемдеседі.
Бүгін елорданың алдында жаңа
міндеттер тұр. Астана қаласының
«Болашақ энергиясы» тақырыбымен
өтетін EXPO 2017 халықаралық көрмесін
өткізу құқығына арналған конкурста
жеңіске жетуі — елорданың жылдам
дамуына серпін береді. Таяу арадағы
бірнеше жылда Астана қаласының
болашақтың қаласына айналуына, оның
әлеуметтік және экономикалық әлеуетін
ашуға бағытталған көлемді әрі кешенді
жұмыс жүргізіледі. Бұл — инвесторлар
үшін елордамыз бен еліміздің дамуына
өз үлесін қосуға жағдай жасайтын
тамаша мүмкіндік.
4 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
Қазақстан Республикасының
инвестициялық ахуалы
1
Қазақстан
Ауданы 2 724 900 ш.км
Халқы (2014 жылғы 1 қаңтарда) 17,2 млн адам
ЖІӨ көлемі (2013 жылдың қорытындылары
бойынша)
220,3 млрд АҚШ доллары
ЖІӨ өсімі (2013 жылдың қорытындылары
бойынша)
6,0%
Жан басына шаққандағы ЖІӨ 12 933 АҚШ доллары
Ақша бірлігі Қазақстандық теңге
Теңгенің орташа айлық бағамы
(2014 жылғы наурыз)
• АҚШ долларына — 182,31
• еуроға — 251,95
Дереккөзі: ҚР Статистика агенттігі, ҚР Президентінің сайты www.akorda.kz,
ҚР Ұлттық Банкі
5Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің
барынша дамыған 30 елінің қатарына
кіру стратегиясын қабылдады. Оны
іске асырудағы маңызды рөл жағым­
ды іскерлік ахуалды жасауға, кәсіп­
керлікті дамытуға және ­шетелдік
инвестицияларды тартуға беріліп
отыр. Қазақстан әлемнің тез өсіп жат­
қан экономикаларының бірі болып
табы­лады, ол саяси және әлеуметтік
тұрақтылығының жоғары ­болуымен
сипатталады. Ел іскерлік және инвести­
циялық ортаның одан әрі жетілдірілуіне
бағытталған реформаларды жүйелі
түрде жүргізіп келеді, бұл Дүниежүзілік
банктің жыл сайынғы Doing Business
­баяндамасында оның рейтингісінің
үздіксіз өсуімен расталады.
Тікелей шетелдік инвестицияларды
(ТШИ) тарту және оларды тиімді пай-
далану республика үшін басым бағыт
болып табылады. Тәуелсіздік жылдары
Қазақстан тек ТШИ тарту саласында
ғана емес, сол сияқты елдің бәсекеге
қабілеттілігі мен әл-ауқатын арттыру
саласында да айтарлықтай нәтижелерге
қол жеткізді. ТШИ-нің 2005–2013 жыл-
дар аралығындағы кезең үшін жалпы
ағыны 184 млрд. АҚШ доллар болды.1
Соңғы он жылдықта елдің ЖІӨ 7 есе өсті,
бұл ретте ЖІӨ халықтың жан басына
шаққанда 6 есе ұлғайып, 2013 жылы
12 933 АҚШ долларына жетті.2
Қазіргі уақытта үкімет заңнама мен
тарифтердің тұрақтылығы, ұзақ мерзімді
келісімшарттардың негізінде кепілдік
берілген тапсырысты қамтамасыз ету
және нысан пайдалануға берілгеннен
кейін оның инфрақұрылымдық
шығындарының бір бөлігінің орнын
толтыру сияқты институционалдық
ортаны одан әрі жетілдірілуге және
инвесторлар үшін стимулдарды құруға
бағытталған бірқатар шараларды
әзірлеуде.
Қысқы уақытта Астана мен кейбір ТМД елдері және алыс шетел арасындағы
уақыт айырмасы (сағат)
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Ташкент
–1
Баку
Ереван
Мәскеу
Тбилиси
–2
Киев
–4
Париж
–5
Лондон
–6
Нью-Йорк
–11
Бейжің
+2
Токио
+3
1
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
2
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Дереккөзі: ҚР Ұлттық Банкі, ҚР Статистика агенттігі
Қазақстандағы ТШИ мен ЖІӨ өсу қарқынының серпіні
2005
30
25
20
15
10
5
0
12%
10%
8%
6%
4%
2%
0
2006 2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013
ТШИ жалпы ағымы, млрд АҚШ доллары ЖІӨ өсу қарқыны, %
Сондай-ақ үкімет шетелдік инвесторлар-
мен және кәсіпкерлермен индустриалды
дамудың 2015–2019 жылдарға арналған
жаңартылған тұжырымдамасын
талқылауда.
6 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
Қазақстан 2014 жылғы
Дүниежүзілік банктің
Doing Business рейтингі­
сінде 3 позицияға —
53 орыннан 50 орынға
көтерілді.
+3
Doing Business рейтингісіндегі кейбір ТМД, Балтық
және Шығыс Еуропа елдерінің позициясы
Ел
2013 жылғы
позиция
2014 жылғы
позиция
Позицияның
өзгеруі
Қазақстан 53 50 +3
Әзірбайжан 71 70 +1
Армения 40 37 +3
Беларусия 64 63 +1
Болгария 57 58 –1
Венгрия 52 54 –2
Грузия 9 8 +1
Қырғызстан 70 68 +2
Латвия 24 24 Өзгерістер жоқ
Литва 25 17 +8
Ресей 111 92 +29
Түркия 72 69 +3
Өзбекстан 156 146 +10
Украина 140 112 +28
Хорватия 88 89 –1
Эстония 21 22 –1
Дереккөзі: Дүниежүзілік банк
7Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
Қазақстанның Doing Business рейтингісіндегі
санаттар бойынша позициясы
Санат
2013 жылғы
позиция
2014 жылғы
позиция
Позицияның
өзгеруі
Кәсіпорындарды тіркеу 27 30 –3
Құрылысқа арналған рұқсаттарды алу 149 145 +4
Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу 85 87 –2
Меншікті тіркеу 27 18 +9
Кредиттеу 82 86 –4
Инвесторларды қорғау 21 22 –1
Салық салу 18 18 Өзгерістер жоқ
Халықаралық сауда 186 186 Өзгерістер жоқ
Келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету 26 27 –1
Төлем қабілетсіздігін шешу 55 54 +1
Дереккөзі: Дүниежүзілік банк
8 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
Астана —
болашақтың қаласы
2
Астана
Халқы (2014 жылғы 1 қаңтарда) 0,8 млн адам
Халықтың өсімі
(2013 жылдың қорытындылары бойынша)
4,7%
ЖӨӨ көлемі
(2013 жылдың қорытындылары бойынша)
17,7 млрд АҚШ доллары
2013 жылдың қорытындылары бойынша
ЖӨӨ өсімі (жылдан жылға)
4,5% (бағалануы бойынша)
Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ
(2013 жылдың қорытындылары бойынша)
23 мың АҚШ доллары
(бағалануы бойынша)
Дереккөзі: ҚР Статистика агенттігі, Астана қ. әкімінің баяндамасы
(2014 жылғы сәуір) astana.gov.kz
9Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
Жалпы ақпарат
Қазіргі уақытта Астананың жаңа
шекарадағы аумағы 700 шаршы
километрден асады. Астана қаласы
халықаралық іскерлік және мәдени
орталыққа айналып келеді. Қалада
ең үздік әлемдік стандарттарға сәйкес
келетін әкімшілік, іскерлік, әлеуметтік-
мәдени, ғылыми-білім беру нысандары
мен тұрғын үй кешендерінің құрылысы
жалғасуда.
Бүгінгі Астана — бұл мемлекеттің
қалыптасқан экономикалық, білім
беру және рухани орталығы. Қала
конфессияаралық диалогты нығайту
шаралары талқыланатын және іске
асырылатын халықаралық процестер-
ді тарту, Еуропадағы Қауіпсіздік және
ынтымақтастық ұйымының, Исламдық
ынтымақтасу ұйымының, Шанхайдың
ынтымақтасу ұйымының және Кеден
одағының алаңдарында әлемдік әрі
өңірлік ықпалдасудың орталығына
айналды.
Астана қаласында жүзеге асырылып
жатқан түрлі қайта құрылу қарқындары
әлемдік қауымдастықтың назарынан
тыс қалған жоқ. 1999 жылғы шілде-
де қала ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы»
сыйлығын иеленді. 2012 жылы Moody’s
Investors Service халықаралық рейтинг
агенттігі қалаға кейіннен болжамды
2013 жылдың тамызында «Оңтайлыға»
дейін жақсарта отырып, Ваа3 деңгейінде
(«Тұрақты» болжамы) кредиттік рейтинг
берді.3
2011 жылы Астана қаласы «ТМД мен
ЕурАзЭҚ-тың ең үздік қаласы» қалалық
тәжірибелердің ІІІ Халықаралық конкурс-
байқауының жеңімпазы болды. ­Сонымен
бірге, 2011 жылғы желтоқсанда
Еуропалық Сапа менеджменті қоры
Астана қаласының әкімдігіне «Танылған
кемел» сертификатын табыс етті.
3
Moody’s Investors Service www.moodys.com
10 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
Астананың
бәсекеге қабілетті
артықшылықтары
Көлік-географиялық тиімді
орналасуы
Беларусияның, Қазақстанның
және Ресейдің кеден одағы
«Астана — жаңа қала» арнайы
экономикалық аймағы
Серпінді өсіп жатқан
экономика
Орнықты әлеуметтік
көрсеткіштер және
демографиялық әлеует
Дамыған
инфрақұрылым
Инвесторларды
институционалдық қолдау
1
2
4
5
6
7
3
11Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
Астананың бәсекеге қабілетті артықшылықтары
1. Көлік-географиялық
тиімді орналасуы
Географиялық тұрғыдан Астана
­Еуропа мен Азияны байланыстыратын
логистикалық мекен болып табылады.
Ол арқылы Оңтүстік және Орталық
Қазақстанды, Батыс Сібір мен ­Оралды,
Ресейдің Жайық жағалауы мен
орталығын байланыстыратын негізгі
көлік жүк ағындары өтеді. Астана қаласы
арқылы өтетін жалпы жүк ағынының
96%-дан астамы транзитке жатады.
Бүгінгі Астана — бас көлік жолдарын,
республикалық автомобиль және
темір жолдарын және әуе желілерін
байланыстыратын ірі көлік торабы.
2. Беларусияның, Қазақстанның
және Ресейдің кеден одағы
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап
Кеден одағы (КО) жұмыс істеп келеді, әрі
оған қазіргі сәтке Беларусия, Қазақстан
және Ресей кіреді. КО 170 миллион
тұтынушыға бөгетсіз жол ашып, бизнесті
жүргізу үшін жаңа мүмкіндіктер береді.
Үш мемлекеттің бірыңғай нарығы тиімді
сауда-экономикалық қатынастардың
құрылуына, жалпы тауар айналымының
күшейе түсуіне және тиісінше, жүк айна-
лымы көлемінің ұлғаюына ықпалдасады.
Ресейдің ірі қалаларына жақын болуы КО
тұтыну нарығын ескере отырып астанада
өндірістердің құрылуына алғы шарттар
жасады.
Қазақстанның Кеден одағы бойынша
әріптестіктің тек экономиканың дәстүрлі
секторларында ғана емес, сол сияқты
ғарыш, био-нанотехнологиялар, ­машина
жасау және атом өнеркәсібі сияқты
келешегі бар салаларда ынтымақтасып
жұмыс істеуде әлеуеті зор. Бірыңғай
экономикалық кеңістікке (БЭК)
қатысушы-мемлекеттер БЭК-те авто-
жинау өндірістерін дамытудың тиімді
шарттарын көздейтін автомобиль жасау
аясында келісілген өнеркәсіптік ­саясатты
жүзеге асыру бойынша әдістерді
әзірлеуді бастады. Қазақстан ­Ресеймен
бірлесіп жеңіл автомобильдердің
өндірісін ұйымдастыру бойынша екі
­жобаны іске асыруда. Қазіргі уақытта
БЭК шеңберінде капитал мен жұмыс
күшінің өзара алмасуы үшін қолайлы
жағдай жасау процесі жүріп жатыр,
бұның, әрине, экономикалық және
әлеуметтік дамудың күшті ­факторына
айналары сөзсіз. Бәсекелес орта
айтарлықтай кеңейеді, бұл, ақырында,
жалпы экономикалық серпінділікке
оң ықпалын тигізеді.
3. «Астана — жаңа қала»
арнайы экономикалық аймағы
«Астана — жаңа қала» арнайы экономи­
калық аймағы (АЭА) мемлекеттің
мүдделеріне, сол сияқты әлеуетті
инвесторлардың мүдделеріне де қызмет
атқаруға арналған. Инвесторларға
арналған негізгі артықшылықтарға
инженерлік тұрғыдан жайластырылған
аумақтарда нысандардың құрылысы
үшін жер учаскелерін беру;
салықтық және кедендік жеңілдіктер
беру; елорданың әкімшілік іскер-
лік орталығында инфрақұрылым
нысандарының, тұрғын үй кешендерінің,
емханалардың, мектептердің, бала-
бақшалардың құрылысына тікелей
инвестицияларға мемлекеттік қолдау
және индустриялық парктің аумағында
жаңа өндірістерді ашу жатады.
34,9%
27,4%
9%
5,3%
5,3%
4,1%
3,0%
2,6%
2,2%
6,2%
Көлік және қоймада жинақтау
Мемлекеттік басқару және қорғаныс;
міндетті әлеуметтік қамсыздандыру
Құрылыс
Өнеркәсіп
Жылжымайтын мүлікпен операциялар
Өңдейтін өнеркәсіп
Қаржы және сақтандыру қызметі
Ақпарат және байланыс
Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет
Басқасы
12 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
4. Серпінді өсіп жатқан
экономика
2000 жылдан бері Астана қаласының
жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) 24,1 ­есеге
ұлғайды, ал халықтың жан ­басына
шаққанда — бір адамға 26,8 мың АҚШ
долларын құрап, 14,5 есеге, оны Еуропа­
лық Одақтың кейбір мемлекеттерінің
деңгейімен салыстыруға болады.
2013 жылғы ЖӨӨ 2,7 трлн теңге болды,
қаланың ЖӨӨ-нің республикалық
ЖІӨ-дегі үлесі - 9,4%. Бұл ретте
астананың ЖӨӨ-дегі шағын және орта
бизнес үлесі шамамен 60%-ды құрайды.4
2014 жылдың бірінші тоқсаны үшін
негізгі капиталға инвестициялар 70 млрд
теңгеден астам болды, бұл 2013 жылдың
бірінші тоқсанындағы ­сондай көрсеткіш­
тен 8,2% жоғары. Негізгі капиталға
салынған инвестициялардың ­барынша
үлкен көлемі көлік және қоймада
жинақтау (34,9%), мемлекеттік басқару
және қорғаныс, міндетті әлеуметтік
қамсыздандыру (27,4%), құрылыс (9,0%)
салаларында байқалады.5
2014 жылдың қаңтар-наурыз айларын-
да бөлшек тауар айналымының көлемі
133,2 млрд теңге болды және 2013
жылдың бірінші тоқсанымен салыстыр-
малы бағалармен салыстырғанда
17,8%-ға ұлғайды. 2014 жылдың қаңтар–
наурыз айларында жүк тасымалының
жалпы көлемі (көліктік емес ұйымдардың
және коммерциялық тасымалдаумен
айналысатын кәсіпорындардың жүктерді
тасымалдау көлемін бағалауды ескере
отырып) 28,3 млн тонна жүкті құрады
және 2013 жылдың дәл сол кезеңімен
салыстырғанда 8,7%-ға өсті.6
5. Орнықты әлеуметтік
көрсеткіштер және
демографиялық әлеует
2013 жылы халықтың жан басына
шаққандағы орташа номиналды ақша
кірісі 1,2 млн теңгеден асты және 2012
жылмен салыстырғанда 8,7%-ға ұлғайды.
2014 жылдың қаңтар–ақпан айларын­
дағы орташа айлық номиналды жалақы
146 055 теңге болып, 2013 жылдың
қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда
7,1%-ға, нақты көрсеткіш бойынша
2,2%-ға ұлғайды.7
Астана қаласында техникалық
мамандықтар бойынша кадрлардың
қолжетімділігі:
•	Астана қаласының ЖОО 13-нің
6-уы техникалық мамандығы бар
мамандарды шығарады (жыл сайын
2890 адам);
•	Астана қаласына жыл сайын жетекші
әлемдік университеттердің техникалық
мамандығы бар 700 астам түлегі
келеді;
•	техникалық колледждер жыл сайын
2780 маман шығарады.
Дереккөзі: Астана қаласының Статистика департаменті
4
Астана қ. әкімінің баяндамасы (2014 жылғы сәуір)
astana.gov.kz
5
Астана қаласының Статистика департаменті
Салалар бойынша негізгі капиталға
инвестициялар, 2014 жылдың
1-тоқсаны
6
Астана қаласының Статистика департаменті
7
Астана қаласының Статистика департаменті
13Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
6. Дамыған инфрақұрылым
Астана — кәсіпкерлер мен инвесторлар
үшін, сол сияқты оның тұрғындары мен
қонақтары үшін қолайлы жағдайлар
жасалған экономикасы серпінді өсіп
жатқан қала. Қаланың дамыған көлік
және логистикалық инфрақұрылымы бар
(толығырақ — «Көлік» бөлімінде).
Қазақстанның елордасын дамыту
тұжырымдамасында ақпараттық
қоғамды құру бар. Ақпараттандыру
процестеріне қолдау көрсету, заманауи
телекоммуникациялық инфрақұрылымды
дамыту және оны басқа мемлекеттердің
инфрақұрылымымен ықпалдастыру
үшін цифрлық көлік ортасын құру негізгі
міндеттердің бірі болып табылады.
«Астанателеком» қалалық телеком-
муникациялар орталығы елорда
тұрғындарына телефония, iD Phone,
интернет желісіне қол жеткізу, iD TV
цифрлық интерактивті теледидар сияқты
қызметтердің толық спектрін ұсынады.
«Астана Innovations» АҚ Smart Astana
(«Ақылды қала») тұжырымдамасының
шеңберінде елорда қонақтары мен
тұрғындарын қоғамдық орындарда тегін,
сымсыз интернетпен қамтамасыз етуге
бағытталған Open Wi-Fi жобасын іске
асырды.
7. Инвесторларды
институционалдық қолдау
Қазақстан Үкіметі мен елорда
басшылығы конструктивті ­диалог
жасауға және инвесторлар мен
кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау
көрсетуге бел буып отыр. Қазақстанда
мемлекеттік қолдау шараларының
кешені әзірленген, онда ­мемлекеттік
бағдарламаларды іске асыру, ­арнайы
экономикалық аймақтарды және
инвесторларға қызмет көрсету
орталықтарын құру бар (толығырақ
«Мемлекеттік қолдау» бөлімінде).
14 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
Халықаралық
инвестициялық форумдар
3
15Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
Астана
экономикалық форумы
2014 жылғы 21–23 мамыр
Астана экономикалық форумы (АЭФ)
ең ірі халықаралық форумдардың
бірі болып табылады. 2008 жылдан
бері АЭФ жыл сайын қазіргі заманның
экономикалық және әлеуметтік
проблема­лары саласындағы шешім-
дерді іздестіру үшін ғаламдық
көшбасшыларды, сарапшылар мен
­іскерлік қоғамдастықтың өкілдерін
­жинайды. Форумға әлемнің 150 елінен
10 мыңнан астам адам қатысады.
Astana Invest
2014 жылғы 21 мамыр
Astana Invest — Астананың инвестиция­
лық әлеуетін көрсетуге, болашаққа
ұм­тылған, қарқынды даму үстіндегі
және жоғары технологиялы қала ретінде
елорда брендін жылжытуға бағытталған
форум.
Astana Invest жетекші халықаралық және
отандық компаниялардың, мемлекеттік
органдардың, даму институттарының,
сараптамалық қоғамдастықтың өкілдерін
жинайды.
21–23
мамыр
21
мамыр
Форумға қатысушыларға бірыңғай
индустриялық-инновациялық
көрменің шеңберінде және Астананың
индустриялық паркін аралау кезінде
инвестициялық жобалармен танысудың
бірегей мүмкіндігі беріледі.
16 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
EXPO 2017 Халықаралық
мамандандырылған көрмесі
4
17Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
2017 жылға қарай Астана әртараптан­
дырылған бәсекеге қабілетті экономи-
касы және қолайлы іскерлік ортасы
бар қалаға, еліміздің өңірлік және
ғаламдық ықпалдасуы процесінде
басты рөл атқаратын инновациясы
жеткілікті дәрежеде дамыған қалаға
айналады. Астана туристер үшін
­тартымды және елорданың тұрғындары
мен қонақтарының тұруы үшін жайлы
қалаға айналады. Осындай көлемді
міндеттерді іске асыру инвесторлар мен
кәсіпкерлердің өзара іс-қимыл жасауын
талап етеді.
Астанада EXPO 2017 халықаралық
мамандандырылған көрмесін өткізуге
жұмсалатын тікелей емес шығыстар
1,2 млрд еуро деңгейінде бағаланып
отыр. Олардың 250 млн еуросы көрмені
өткізу орнын дайындау үшін мемлекеттік
бюджеттен бөлінеді. Шамамен 1 млрд
еуроны павильондардың, қонақ үйлердің
және қосалқы инфрақұрылымның
құрылысына инвестициялау жоспар-
ланып отыр. Әлеуметтік және мәдени
нысандардың құрылысы мен жаңғырты­
луына айрықша көңіл бөлінетін болады.
EXPO 2017 Астана қаласын өмір сүру
сапасының ең жоғары стандарттарына
сәйкес келетін және қоршаған ортаға
ұқыпты қарайтын қалаға айналдыру
мүмкіндігін береді. Алдын ала деректер
бойынша Астана қаласында EXPO 2017
халықаралық көрмесін өткізу кезінде
­шамамен 2–3 млн қонақ келеді деп
күтіліп отыр.
Астана қаласының әкімдігі ЕХРО 2017-ні
дайындау және өткізу жөніндегі
­дирекцияны құрды, ол негізгі үш бағыт
бойынша жұмыс жүргізуде:
•	Astana Green City — энергетикалық
тиімділік және қалпына келетін энергия
көздері саласындағы шешімдер;
•	Astana Mobility — EXPO 2017 өткізуге
дайындық шеңберінде қаланың көлік
инфрақұрылымы мен логистикасының
сапасын жаңарту және жақсарту
жобасы;
•	Welcome to Astana! — қаланың қонақ
үй бизнесінің инфрақұрылымын және
қызмет көрсету аясын халықаралық
стандарттарға сәйкес бірегейлендіру.
Мыналар жоғарыда аталған
бағдарламаларды іске асырудың
нәтижесі болуы тиіс:
•	қала нысандарының энергияны және
жылуды жоғалтуын төмендету;
•	экологиялық жағдайды жақсарту;
•	қоғамдық көліктің танымалдығын
арттыру;
•	Астананың туристік тартымдылығын
арттыру;
•	қосымша жұмыс орындарын құру.
EXPO 2017
Astana Green City
Astana Mobility
Welcome to Astana!
1
2
3
18 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
Мемлекеттік
қолдау
5
Қазақстанда мемлекеттік қолдау
шараларының кең кешені
әзірленген, оның ішінде:
•	экономиканың шикізаттық
емес секторларына
инвестицияларды тарту
үшін қолайлы жағдайлар
жасау — «Инвестор 2020»
бағдарламасы;
•	өңірлерде кәсіпкерлікті
дамыту — «Бизнестің жол
картасы-2020»;
•	отандық өндірушілердің
тауарларын сыртқы
нарықтарға шығару —
«Экспорт 2020»;
•	жұмыс істеп тұрған
кәсіпорындардың өнімділігін
арттыру және жаңа
өндірістерді құру —
«Өнімділік 2020» бар.
Аталған бағдарламалардан басқа
арнайы экономикалық аймақтар
мен инвесторларға қызмет
көрсету орталықтары құрылған.
19Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
Аумағы:
7634,71 мың га
•	►	өнеркәсіптік — 1031,2 га
•	►	әкімшілік-іскерлік — 6603,51 га
Жобалар:*
•	►	инвестициялар көлемі 180 млрд
теңге болатын 49 жоба
•	►	20 жоба жұмыс істеуде
•	►	4 жобаны 2014 жылдың соңына
дейін іске қосу жоспарланып отыр
•	►	25 жоба жобалау және салу
сатысында
Күтілетін нәтиже:*
•	►	өнімнің жыл сайынғы көлемі
шамамен 300 млрд теңге
•	►	7500 астам жаңа жұмыс орыны
Шетелдік инвесторлар:
•	►	Airbus Helicopters (Франция):
тікұшақтар
•	►	GE (АҚШ): локомотивтер
•	►	Talgo (Испания): жолаушылар
вагондары
•	►	Alstom (Франция): электровоздар
•	►	Astana Solar (Франция):
фотоэлектр модульдері
* Дереккөзі: Астана қ. әкімінің баяндамасы
(2014 жылғы сәуір) astana.gov.kz
8
«Астана — жаңа қала» АЭА www.sez.astana.kz
«Астана — жаңа қала» арнайы
экономикалық аймағы
Бүгінгі Астана — бұл заманауи
Қазақстанның дамуының, оның
­табысты болуының, ауқатты әрі сенімді
болашағының нышаны. 2001 жылы
қаланы дамытудың «Астананың
гүлденуі — Қазақстанның гүлденуі»
мемлекеттік бағдарламасын және Сол
жақ жағалау бөлігінде, Есіл өзенінің
бойындағы бос жерлерде елорданы
дамытудың бас жоспарын іске асыру
аясында Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
«„Астана — жаңа қала“ арнайы
экономикалық аймағын құру туралы»
Жарлыққа қол қойды.
«Астана — жаңа қала» арнайы
экономикалық аймағының алаңы
7634,71 га құрайды, онда елорданың
жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы,
№1 индустриялық паркі және №2
индустриялық паркі орналастырылады.
Жаңа әкімшілік-іскерлік орталық
көбінесе Есіл өзенінің сол жағалауында
орналасқан — оның аумағы 6603,51 га
құрайды.
Астана қаласының өнеркәсіптік
аймағындағы №1 индустриялық паркінің
аумағы 598,1 га, №2 индустриялық
паркінің аумағы - 433,1 га құрайды.
2002 жылдан бері АЭА аумағында
тартылған инвестициялардың жалпы
көлемі 1,7 трлн теңгеден астам болды,
олардың 40% кәсіпорындардың меншікті
қаражаты, 35% шетелдік инвестициялар
және 25% бюджет қаражаты.8
Байланыс ақпараты:
«„Астана — жаңа қала“ АЭА әкімшілендіру
басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Достық көшесі, 13
Астана қ., Қазақстан Республикасы
Тел.: + 7 7172 703 303
Факсы: + 7 7172 703 248
www.sez.astana.kz
20 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
Әкімшілік-іскерлік орталықтың жеңілдік берілген режимі
Қызмет түрі Салықтық және кедендік міндеттемелер
Қазақстан
Республикасының
(ҚР) аумағында
АЭА аумағында
Жобалық-сметалық
құжаттамаға сәйкес
инфрақұрылым нысандарын,
ауруханаларды,
емханаларды, мектептерді,
балабақшаларды,
мұражайларды, театрларды,
жоғары және орта оқу
орындарын, кітапханаларды,
оқушылар сарайларын,
спорт кешендерін, әкімшілік
және тұрғын үй кешендерін
салу және пайдалануға беру
Корпоративтік табыс салығы 20% 0%9
Қосылған құн салығы 12% 0%10
Жер салығы
19 теңге/ш. м 0%11
Жер учаскелерін 10 жылға дейін пайдаланғаны үшін ақы
Мүлік салығы 1,5% 0%
Құрылыс барысында толығымен пайдаланылатын тауарлар, матери-
алдар мен жабдықтар импортына салынатын қосылған құн салығы
12% 0%
Құрылыс барысында толығымен пайдаланылатын тауарлар, матери-
алдар мен жабдықтар импорты кезіндегі кеден баждары
5–20% 0%
Индустриялық парктегі жеңілдіктер
Қызмет түрі Салықтық және кедендік міндеттемелер ҚР аумағында АЭА аумағында
Химиялық өнеркәсіп өнімдерін, резеңке және пластмасса
бұйымдарын; басқа да металдан жасалмаған минералды
өнімдерді; тұрмыстық электр құралдарын; машиналар мен
жабдықтарды; металлургия өнеркәсібі; электр жабдығын,
оның ішінде электрмен жарықтандыру жабдығын; жарық
түсіру құралдарына арналған шыны құрауыштарын; тамақ
өнімдерін; ағаш массасы мен целлюлозаны, қағаз бен
картонды; жиһазды; автокөлік құралдарын, трейлерлер мен
жартылай тіркемелерді; теміржол локомотивтері мен жылжы-
малы құрамды; әуеде және ғарышқа ұшатын аппараттарды;
негізгі фармацевтикалық өнімдер мен дәрі-дәрмектерді;
электрондық бөлшектерді өндіру.
Корпоративтік табыс салығы 20% 0%12
Мүлік салығы 1,5% 0%
Жер салығы
19 теңге/ш. м 0%13
Жер учаскелерін 10 жылға дейін
пайдаланғаны үшін ақы
Кеден баждары 5–20%
0%14
Импортқа салынатын қосылған құн
салығы
12%
АЭА аумағында қолайлы инвестициялық жағдай жасалған.
9
Корпоративтік табыс салығын 100% азайту
(белгілі бір қызмет түрлері бойынша кірістерге)
10
Құрылыс және пайдалануға беру барысында толығымен
тұтынатын тауарларды өткізу. Құрылыс барысында іс
жүзінде тұтылған, әкелінген тауарлар бөлігінде тауарлар
жеткізушілеріне қосылған құн салығының артығын
қайтару
12
Корпоративтік табыс салығын 100% азайту
13
Тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициенті
11
Тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициенті
14
Келесі талаптарды орындау кезінде:
1) қайта өңдеу өнімдері Кеден одағының тауарлары
деп танылғанда; 2) тауарларды АЭО қатысушы ретінде
­тіркелген тұлға 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін әкелгенде
21Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
Инвесторларға қызмет көрсету орталығы
Инвесторларға қызмет көрсету орталығы­
ның (ИҚКО) негізгі функцияларына
мыналар жатады:
•	инвесторларға инвестиция алдындағы,
барысындағы және инвестициядан
кейінгі сатыларда қолдау көрсету
(«бір терезе» қағидаты);
•	сервистік қолдау (кеңес беру, ТЭН,
бизнес-жоспарлар);
•	Астана қаласының брендін шетелге
таныстыру;
•	инвесторларды іздестіру;
•	инвестициялық іс-шараларды
ұйымдастыру;
•	мемлекеттік қолдау құралдарын
интеграциялау;
•	ақпараттық-талдамалық
қамтамасыз ету.
Инвесторларға қызмет көрсету орталығының жұмыс жасау схемасы
Инвесторларға қызмет
көрсету орталығы
Инвесторы
Сіз өз қаражатыңызды тиімді
салғыңыз келе ме?
Оны іске асыру үшін үлгі
жобаңыз бар ма?
ЖобаларҚала экономикасына
инвестициялар тарту
Астана қаласының
брендін шетелге
таныстыру
•	Инвестициялық
жобаларды іздестіру
•	Ақпараттық қолдау
көрсету
•	Консалтинг
•	Құқықтарды қорғау
•	Жобаларды іріктеу
•	ИҚКО қала аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыру мәселелері
бойынша кеңес береді (инвестициялық қолдау көрсету, басым салалар,
заңгерлік мәселелер, салық және көші-қон заңнамасы және т.б.).
•	ИҚКО жобаңызды іске асыруға көмектеседі (бизнес-жоспарларды,
ТЭН-ді әзірлеуге және пысықтауға жәрдемдесу және басқасы).
•	ИҚКО мемлекеттік қолдауға ие болуға және туындайтын әкімшілік
проблемаларды шешуге жәрдемдеседі.
•	Инвесторларды
іздестіру
•	Жобаларды талдау
•	Жобалар конкурсы
•	Деректер базасына
инвесторларға
арналған
жобаларды енгізу
Байланыс ақпараты:
Достық көшесі, 13
Астана қ., Қазақстан Республикасы
Тел.: + 7 7172 578 985
+ 7 7172 578 986
+ 7 7172 578 987
www.ain.kz
22 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
«Инвестор 2020» бағдарламасы
«Инвестор 2020» бағдарламасы
шикізаттық емес экспортқа бағытталған
және жоғары технологиялы өндірістерге
тікелей инвестициялар үшін тартымды
жағдайларды жасауға бағытталған.
«Инвестициялар туралы» Заңға
сәйкес инвесторлар үшін мынадай
инвестициялық артықшылықтар
көзделген:
•	►	инвестициялық жобаны іске
асыруға қажетті құрал-жабдықты,
құрамдастарды, шикізат пен қосалқы
бөлшектерді әкелу кезінде кедендік
баждарды төлеуден босату;
•	►	мемлекеттік заттай гранттар: жер
учаскелері, ғимараттар, құрылыстар,
машиналар мен жабдықтар,
есептеуіш техникасы, өлшеу және
реттеу аспаптары мен құрылғылары,
көлік құралдары (жеңіл автокөлікті
қоспағанда), өндірістік және
шаруашылық мүкәммал;
•	►	инвестициялық стратегиялық жобалар
үшін 7 жылға дейінгі мерзімге салық
жеңілдіктері (жер салығы 0%, мүлік
салығы 0%);
•	►	әлеуметтік-экономикалық дамуы төмен
деңгейдегі өңірлерде инвестициялық
стратегиялық жобаларды жүзеге
асыру үшін өнеркәсіптік жеңілдіктер
(газ, электр қуаты үшін шығындарды
өтеу немесе бір бөлігін төлеу, жер
учаскесін сатып алу, ғимараттарды,
құрылыстарды сатып алу немесе салу).
Артықшылықтар Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы
8 мамырдағы № 436 қаулысымен
бекітілген тізбеге сәйкес экономиканың
басым салаларында (ауыл шаруашы­
лығы, өңдейтін өнеркәсіп, көлік, туризм,
өндіріс және электр қуатын бөлу, басқа
да салалар) қызметті жүзеге асыратын
кәсіпорындарға беріледі.
Артықшылықтарды алу үшін Қазақстан
Республикасының Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігінің Инвести-
циялар жөніндегі комитетіне өтінім беріп,
онымен келісімшарт жасау қажет.
Байланыс ақпараты:
Қабанбай батыр даңғылы, 47
Transport Tower ғимараты
Астана қ., Қазақстан Республикасы
Тел.: + 7 7172 242 124
+ 7 7172 242 456
www.mint.gov.kz
23Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы
Экономиканың шикізаттық емес
секторларында өңірлік кәсіпкерліктің
орнықтылығын және теңестірілген
өсімді қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс
орындарын сақтау және жаңа тұрақты
жұмыс орындарын құру Бағдарламаның
мақсаты болып табылады.
Бағдарламаны іске асыру бағыттары:
1.	Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау —
экономиканың шикізаттық емес
секторларындағы жобаларды іске
асыру кезінде Мемлекеттік қолдау
көрсету.
2.	Кәсіпкерлік секторды сауықтыру —
қаржы-экономикалық сауықтыру
жоспарының шеңберінде
кәсіпорындарды сауықтыру жөніндегі
іс-шараларды өткізу.
3.	Экспортқа бағытталған өндірістерге
қолдау көрсету — өнімді сыртқы
нарықтарға экспорттайтын
кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге
бағытталған.
Байланыс ақпараты:
«„Даму“ кәсіпкерлікті дамыту қоры»
АҚ-ның Астана қаласы бойынша
Өңірлік филиалы
Қонаев даңғылы, 12/1 үй, 401-офис
Астана қ., 010000
Қазақстан Республикасы
Тел.: + 7 7172 559 199
+ 7 7172 559 214
+ 7 7172 559 434
+ 7 7172 559 435
+ 7 7172 559 436
Факсы: + 7 7172 559 213
+ 7 7172 500 628
Email: astana@fund.kz
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:
•	►	индустриялық-инновациялық дамуға
бағытталған жаңа инвестициялық
жобаларды іске асыру кезінде жеке
меншік сектор кәсіпорындары үшін
қаржы ресурстарының қолжетімділігін
арттыру;
•	►	экономиканың шикізаттық емес
секторларында инвестициялық
жобаларды іске асыру үшін жеке
меншік сектордың қаражатын тарту;
•	►	жеке меншік сектор
кәсіпорындарының, бірінші кезекте
ШОБ-тың қаржы-экономикалық
тұрақтылығын арттыру жоспарланған.
24 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
«Экспорт 2020» бағдарламасы
«Экспорт 2020» бағдарламасында
өнімді сыртқы нарықтарға шығарумен
байланысты шығындардың 50% өтеу
түрінде экспорттаушыларға мемлекеттік
қаржылай қолдау көрсету көзделген.
Экспорттаушыларға
шығындарды өтеу:
•	шетелде өнімді және тауар белгісін
тіркеу;
•	шетелде өнімді сертификаттау;
•	жалдауды және коммуналдық
қызметтерді қоса алғанда, шетелде
өкілдікті (офисті, қойманы, сауда
нүктесін) ұстау;
•	отандық өнімнің шетелдегі жарнамасы;
•	шетелдік көрмелерге қатысу (көрме
алаңдарын жалдау, стендтер жасау,
тіркеу жарнасы, тарату материалдары);
•	шетелде мамандарды оқыту немесе
шетелдік сарапшыны қазақстандық
өндіріске тарту.
Экспорттаушыларға сервистік
қолдау көрсету:
•	экспорттық нарықтар бойынша
маркетингтік және талдамалық қолдау
көрсету;
•	импорттаушы ел нарығының
конъюнктурасы туралы сауда
ақпаратымен қамтамасыз ету;
•	экспорттық қызмет мәселелері
бойынша кәсіпкерлерді оқыту;
•	қазақстандық өнім туралы шетелдік
сатып алушыларды хабардар ету;
•	қазақстандық өндірушілердің сауда
белгілерін жылжыту жөніндегі
таныстыру іс-шараларын ұйымдастыру
және өткізу;
•	Қазақстанда, сол сияқты шетелде
сауда-экономикалық миссияларды,
форумдарды өткізу;
•	қазақстандық өнімнің әлеуетті сатып
алушыларын іздестіру.
Сауда экспорттық операцияларды
қаржыландыру:
•	экспорттан кейінгі қаржыландыру;
•	сыртқы экономикалық келісімшарт
тараптарының міндеттемелерді
орындау бойынша коммерциялық
және саяси тәуекелдерді сақтандыру.
Байланыс ақпараты:
Бағдарлама операторы:
«„KAZNEX INVEST“ экспорт және
инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ
Сығанақ көшесі, 25
«Аңсар» бизнес орталығы, 2 қабат
Астана қ., 010000
Қазақстан Республикасы
Тел.: + 7 7172 799 393
Факсы: + 7 7172 799 392
Email: info@kaznexinvest.kz
25Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
«Өнімділік 2020» бағдарламасы
Бағдарламаның мақсаты — еңбек
өнімділігін ұлғайту жолымен
экономиканың басым секторларындағы
өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге
қабілеттілігін арттыру.
Мемлекеттік қолдау шаралары келесі
тәсілмен жүзеге асырылады:
Ұзақ мерзімді лизингтік
қаржыландыру шарттары
•	өтініш беруші жобаның іске
асырылуына қатысуын ұзақ мерзімді
лизинг қаржыландыру құралын
пайдаланған кезде лизинг заттарының
жалпы құнының кем дегенде 15%
мөлшерінде ақша қаражатымен
қамтамасыз етуі тиіс;
•	лизинг мәнінің құны 150 млн теңгеден
кем болмауы тиіс;
•	ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру
10 жылға дейінгі мерзімге беріледі;
•	қатысушы үшін қаржы лизингінің
шарты бойынша сыйақы
мөлшерлемесі 7,5%-дан аспауы тиіс.
Консалтингтік компанияның
кешенді жоспарды әзірлегені немесе
сараптамасы үшін ақы төлеу
Бағдарлама шеңберінде консалтингтік
компанияның инвестициялық жобаның
кешенді жоспарын әзірлегені немесе
сараптама жүргізгені үшін 50%
мөлшерінде, бірақ 7,5 млн теңгеден
аспайтын мөлшерде шығыстардың
төленуі көзделген.
•	Білікті жобалық және инжинирингтік
ұйымдарды тарту.
•	Инновациялық гранттар беру.
•	Бағдарлама шеңберінде білікті
жобалық және инжинирингтік
ұйымдарды тарту бойынша
шығыстарды бір инвестициялық
жобаға 30% мөлшерінде, бірақ
30 млн теңгеден аспайтын мөлшерде
республикалық бюджеттен қоса
қаржыландыру көзделген.
Бағдарламаға қатысушылар келесі
критерийлерге сәйкес келуі тиіс:
•	мемлекеттік бағдарлама шеңберінде
экономиканың басым салаларындағы
инвестициялық жобаларды іске асыру
немесе іске асырылуын жоспарлау;
•	инвестициялық жобаның кешенді
жоспарының болуы, ол келесі
көрсеткіштерге қол жеткізуді көздеуі
тиіс: инвестициялық жобаның
қаржылық қайтарымдылығы; еңбек
өнімділігін екі есе арттыру; өнімнің
бәсекеге қабілеттілігі (ішкі және
сыртқы нарықтарда).
Байланыс ақпараты:
Бағдарлама операторы:
«Қазақстандық индустрияны дамыту
институты» АҚ
Сығанақ көшесі, 25
«Аңсар» бизнес орталығы, 13 қабат
Астана қ., 010000
Қазақстан Республикасы
Тел.: + 7 7172 796 460
+ 7 7172 796 472
Факсы: + 7 7172 796 451
+ 7 7172 796 497
Email: info@kidi.kz
www.kidi.kz
26 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
Астана экономикасының
стратегиялық салалары
6
27Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
Машина жасау
және металл өңдеу
Машина жасау Астана өнеркәсібінің
өңдеуші секторының ең үлкен үлесін
құрайды (48,9%), бұл индустриялық
парктің аумағында машина жасау
саласының нысандарын қолданысқа
берумен негізделген:
•	2009 жылдың соңында жобалық
қуаттылығы жылына 100 локомотив
болатын «Локомотив құрастыру
зауыты» локомотивтерді шығару
зауыты жұмыс істей бастады;
•	2011 жылы жобалық қуаттылығы
жылына 150 вагон болатын Тұлпар
Talgo жолаушылар вагондарын шығару
зауыты іске қосылды;
•	2012 жылдан бастап өндіріс
қуаттылығы жылына 50 электровоз
болатын «Электровоз құрастыру
зауыты» жұмыс істеп келеді.
2010 жылы локомотив зауыты
30 локомотив шығарды, ал 2013 жылы
өндіріс көлемі 74-ке жетті. Кәсіпорын
2015 жылы 100 локомотив шығаратын
жобалық қуаттылыққа жетуді
жоспарлар отыр, бұл ішкі нарықтың
мұқтаждықтарын толығымен қамтамасыз
етуге мүмкіндік береді.
Құрылыс
Қаланың құрылыс саласы қатарынан
бірнеше жыл бойы инвестициялардың
әкелінуін, аралас салалардың дамуын,
халықтың едәуір бөлігінің жұмыспен
қамтылуын қамтамасыз ете отырып,
экономика өсімінің тұғыры болды.
Атап айтқанда, соңғы жылдары
Астананың тұрғын үй құрылысының
аясы жылдам қарқынмен дамуда.
Пайдалануға берілетін тұрғын үйдің жыл
сайынғы көлемі 1 млн шаршы метрден
асты. 2013 жылы тұрғын үй құрылысына
салынған инвестициялар көлемі
91,3 млрд теңге болып, 2012 жылдың
деңгейіне 43,5%-ға ұлғайды.15
Көлік
Астана еліміздің кіндігінде орналасқан
және теміржол әрі автомобиль желілері
географиялық тұрғыдан сәтті орналасқан
көлік торабы болып табылады. Қала
арқылы Челябинск-Алматы М-36 және
Астана-Петропавл А-343 автожолдары
өтеді. Астана станциясы ірі теміржол
торабы болып табылады. Осы жерден
Қазақстанның ірі қалаларына дейін
көптеген тікелей бағыттар салынған.
Астана өзінің көлік әлеуетінің жоғары
болуымен халықаралық сервис
деңгейіне кепілдік бере отырып көліктің
әр түрімен тасымалдауды қамтамасыз
етуге қабілетті. Стратегиялық
тұрғыдан орналасуы елордаға
іргелес учаскелердегі станцияларда
қалыптасатын жүктер үшін көлік-тиеп-
түсіру орталығы болуына мүмкіндік
береді.
15
Астана қаласының Статистика департаменті
Астана қаласынан 16 км қашықтықта
орналасқан халықаралық әуежай
Еуразия құрылығындағы ең заманауи
әуежайлардың бірі болып табылады.
Ол ел ішінде және алыс әрі жақын шет
елдерге тұрақты жолаушылар рейстерін
орындайтын 13 әуе компанияға қызмет
көрсетеді. Бүгінгі таңда әуежай жақсы
жабдықталған және әуе кемелерінің
барлық түрлерін қабылдай алады.
Таяу уақытта жаңа теміржол вокзалын
салу жобасы жоспарланған. Бір мезгілде
қаланың өнеркәсіптік бөлігінде жүк
вагондарына арналған терминал
тұрғызылады. Сондай-ақ Астана
қаласынан 30–35 км қашықтықта
жаңа халықаралық әуежайды салу
жоспарланған. Бұл ретте жұмыс істеп
тұрған халықаралық әуежай ішкі
рейстерді қабылдай береді, ал жаңасы,
тиісінше, халықаралық бағыттардан
ұшып келетін ұшақтарды қабылдайды.
Вокзал мен әуежай 2020 жылға дейін
ашылады деп болжануда.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкіметінің тапсырмасы
бойынша елорда әкімдігі «Астана
қаласының жаңа көлік жүйесі» жобасын
іске асыруда. Жобада елорданың көлік
қатынасының негізіне айналатын және
қаланың қоғамдық көлігінің барлық
түрлерін біріктіретін жүйрік жеңіл рельсті
көлік (ЖРК) жүйесін құру көзделген.
28 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
Медицина және
фармацевтика
Бүгінгі күнге қаланың медициналық
ұйымдары интервенциялы кардиоло-
гия, аритмология және кардиохирургия,
кіші инвазивті эндовидеохирургия,
check-up бағдарламасы, қауіпсіз ана
және неонаталды технологиялар сияқты
басым салаларда жоғары технология-
лы қызметтердің толық циклін көрсету
мүмкіндігіне ие. Қалалық мамандар
кардиохирургия саласында айтарлықтай
тәжірибе жинақтаған.
Республикалық медициналық кла-
стер шеңберінде Астана қаласында
жаңа денсаулық сақтау нысандары
пайдалануға берілді:
•	Ана мен бала ұлттық орталығы;
•	Республикалық балаларды оңалту
орталығы;
•	Диагностикалық орталық, Жедел
медициналық көмек көрсету
институты, Ұлттық хирургия орталығы;
•	Кардиохирургия орталығы,
Қазақстандық позитронды-эмиссиялық
томограф-орталығы.
Осы саладағы Астананың артықшылығы
жоғары технологиялы жабдықталумен
және дәрігерлердің біліктілігімен қатар
медициналық қызметтер құнының бірша-
ма төмен болуы.
Медициналық жабдықтың қазақстандық
нарығының көлемі шамамен жылына
200 млн АҚШ долларына бағаланады.
Нарық медициналық жабдықтың им-
портына айтарлықтай тәуелді болады,
әрі оның үлесін жалпы көлемнің 90%-ын
құрайды. Сарапшылардың пікірінше,
медициналық жабдық нарығының
неғұрлым басым секторлары мыналар
болып табылады: электромедициналық
жабдық, диагностикалық жабдық,
медициналық лазерлер, эндоскоптар,
стоматологиялық жабдық.
Туризм және спорт
Туризмді дамыту Астана қаласының
экономикалық дамуының басым
бағыттарының бірі болып табылады.
Қаланың туристік кластерді құруы үшін
барлық бәсекелес артықшылықтары бар,
ол елорданың маңызды іскерлік және
туристік орталыққа айналуына көмекте­
седі. Бүгіннің өзінде Астана қаласында
жыл сайын республикалық, сол сияқты
халықаралық маңызы бар 30-дан
астам көрме өткізіліп тұрады. Астана
қаласының туристік кластері мәдени
және демалыс парктерінің желісін, қонақ
үйлерді, демалыс аймақтарын, сауда-
ойын-сауық және басқа да туристік
нысандарды құруды білдіреді.
2013 жылдың қаңтар-маусым
айларында Астанада қызмет көрсетілген
қонақтардың саны шамамен 300 мың
адам болды. Туристер негізінен іскерлік
мақсаттарда (45,0%) және демалу
мақсатында (42,5%) келді. 2012 жылдың
дәл сондай кезеңімен салыстырғанда
келушілер саны 9,6% ұлғайды.16
Ерекше қызығушылықты экологиялық
туризмді дамыту туғызып отыр. Өңірдің
ландшафты және Бурабай, Зеренді,
Сары Оба және Қорғалжын сияқты
табиғи қазыналардың болуы туристік
қызметті дамыту үшін кең мүмкіндіктер
ашады.
2011 жылы Астана Алматы қаласымен
бірге 7-ші қысқы Азия ойындарын
өткізу орнына айналды. Елорда әлемдік
қауымдастыққа спорттың қысқы
түрлерінде өз жетістіктерін паш ету
мүмкіндігіне ие болып қана қоймай,
туристер мен қонақтардың жаппай
келуіне дайын екендігін дәлелдейді.
7-ші қысқы Азия ойындарын өткізу
шеңберінде Астанада 3 спорттық нысан
салынып, қайта қалпына келтірілді:
«Астана–Арена» көп функционалды
кешені, велотрек және «Алау»
конькимен жүгіру стадионы.
16
Астана қаласының Статистика департаменті
29Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
Ақпараттық
технологиялар мен
телекоммуникациялар
Қазақстанның елордасын дамыту
тұжырымдамасы ақпараттық қоғамды
құруға негізделген, оның айрықша
ерекшелігі тиімді өзара іс-қимылды,
әлемдік ақпарат ресурстарына қол
жеткізуді және тиісті өнімдер мен
қызметтерде деген мұқтаждықтарды
қанағаттандыруды қамтамасыз ететін
ақпараттық кеңістікті қалыптастыру
болып табылады. Ақпараттық-коммуни­
кациялық технологиялар ұлттық
экономиканы көтеруде және оның
бәсекеге қабілеттілігін арттыруда
маңызды рөл атқарады.
Телекоммуникациялар саласының
негізгі міндеттерінің бірі ақпараттандыру
процестеріне қолдау көрсету, заманауи
телекоммуникациялық инфрақұрылымды
дамыту және оны басқа мемлекеттердің
инфрақұрылымымен интеграциялау
үшін цифрлық көлік ортасын құру болып
табылады.
«Астанателеком» қалалық
телекоммуникациялар орталығы
(«Қазақтелеком» АҚ-ның филиалы)
дәстүрлі телекоммуникациялық
қызметтердің кең аясын көрсетеді:
•	телефония — жергілікті, қалааралық,
халықаралық, жария, iD Phone;
•	ғаламдық Интернет желісіне қол
жеткізу;
•	цифрлық интерактивті iD TV
теледидары;
•	Tarlan Card алдын ала төленген
карталар;
•	телеграфия;
•	анықтамалық-ақпараттық қызмет
көрсету.
Астана қаласының тұрғындары мен
қонақтарын заманауи қызметтермен
және ақпаратқа еркін қол жеткізумен
қамтамасыз ету үшін қоғамдық орындар
тегін сымсыз интернетпен қамтамасыз
етілген.
Инновациялар
Елорда Астана қаласына көшкен сәттен
бастап 16 жылдан астам өтті. Осы
уақыт ішінде кең көлемді айналуының
барысында қала өзінің бет-келпетін
өзгертті. EXPO 2017 өткізу үшін Астана
қаласының инфрақұрылымын дайындау
мақсатында бірқатар жаңа ауқымды
жобалар іске асырылуда.
2012 жылдан бастап Астана қаласында
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
қызметтерінің сапасын жақсарту,
инженерлік желілерді жаңарту, тұру
қауіпсіздігін арттыру, әлеуметтік
бағдарламалардың жаңа түрлерін
іске асыру жолымен елорданың
инфрақұрылымын жаңғыртуға
бағытталған Smart Astana жобасы іске
асырылуда.
Smart Astana жобасының негізіне алты
сипаттаманың: ақылды экономика,
ақылды басқару, ақылды өмір, ақылды
ұтқырлық, ақылды адамдар және
ақылды қоршаған ортаның өзара
әрекеттесуіне негізделген еуропалық
«ақылды» қалаларды дамыту үлгісі
алынды. Барлық осы жұмыс істеп тұрған
сипаттамалардың синергиясы «ақылды»
қала тұжырымдамасын береді.
Smart Astana тұжырымдамасын іске
асыру шеңберінде «Астана қаласының
тіршілігін кешенді қамтамасыз ету
жүйесі» атты қаланың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету бойынша және
«Зияткерлік көлік жүйесі» көлік жүйесін
жаңғырту бойынша негізгі жобалар
айқындалды.
«Астана қаласының тіршілігін кешенді
қамтамасыз ету жүйесі» жобасы қалада
өмір сүру қауіпсіздігін арттыруға
бағытталған. Қоғамдық тәртіпті сақтау
бойынша іс-шараларына тартылған
құрылымдардың қызметін үйлестіру,
қаланың оперативті жағдайындағы
өзгерістерге ден қоюын жылдамдату,
сондай-ақ түрлі төтенше жағдайлар
туындаған кездегі әрекеттер үшін
заманауи құралды құру жобаның негізгі
мақсаты болып табылады.
«Зияткерлік көлік жүйесі» жобасының
басты мақсаттары қозғалысты
адаптивті басқару, қоғамдық көліктің
басымдылығы, жол қозғалысының
қауіпсіздігі, зиянды заттардың
шығарылуын азайту, қозғалыс
жылдамдығын ұлғайту және
кептелістерді жою болып табылады.
Сонымен бірге, қала үшін денсаулық
сақтау, білім беру және коммуналдық
қызметтер салаларында бірқатар smart-
шешімдер іске асырылды: Болашақтың
мектебі — бүгін, e-жылдам жәрдем, smart
LED, smart- су құбыры, 3D орталық.
30 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
Мемлекет-жеке меншік
әріптестік
7
Мегаполистің сапалы жоғары
технологиялы әлеуметтік, инженерлік
және көлік инфрақұрылымының
нысандарындағы өсіп жатқан
мұқтаждықтар жағдайында әлеуметтік-
маңызы бар жобалардың тиімді іске
асырылуы тек мемлекет пен инвестордың
өзара тиімді ынтымақтастығының
жағдайларында ғана мүмкін болады.
Келесі жобалар мемлекеттік-жеке
әріптестік нобайы бойынша іске асыру
үшін басым болып табылады:
•	жаңа автобекеттерді салу және
пайдалану;
•	қалада автопаркингтерді салу және
пайдалану;
•	мектепке дейінгі мекемелерді салу
және пайдалану;
•	қала маңындағы аймақтарда дәрігерлік
амбулаториялар салу және пайдалану.
Жоғарыда аталған жобаларды іске
асыру мектепке дейінгі мекемелерде
орындардың жетіспеушілігін азайтуға,
елорданың қала маңындағы аймақтарда
медициналық қызметтердің сапасын
арттыруға, қалада тұрақ орындарының
тапшылығын едәуір азайтуға және
жұмыс істеп тұрған автобекеттің
жұмысын айтарлықтай жеңілдетуге
мүмкіндік береді.
31Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
Қол жеткізген табыстар8
«Локомотив құрастыру зауыты» —
американдық General Electric
технологиясы бойынша Evolution
локомотивтерін жинау зауыты
•	Жоба құны: 16,7 млрд теңге
•	Өндіріс қуаттылығы:
жылына 100 тепловоз.
«Тұлпар Тальго» — испандық Talgo
технологиясы бойынша жолаушылар
вагондарын шығару зауыты
•	Жоба құны: 8,6 млрд теңге
•	Өндіріс қуаттылығы:
жылына 150 вагон.
«Электровоз құрастыру зауыты» —
Alstom технологиясы бойынша
электровоздарды шығару зауыты
•	Жоба қатысушылары: «Қазақстан
темiр жолы» ҰК, Alstom (Франция),
«ТрансМашХолдинг» (Ресей).
•	Жоба құны: 9,5 млрд теңге
•	Жоба қуаттылығы: жылына 100 секция.
«Еврокоптер Казахстан Инжиниринг» —
ЕС 145 маркалы тікұшақтарды жинау
және қызмет көрсету зауыты
•	Жоба құны: 1,8 млрд теңге
•	Жоба қуаттылығы:
жылына 12 тікұшаққа дейін.
«AstanaSolar» — фотоэлектр
модульдерін өндіру зауыты
•	Жоба құны: 5,5 млрд теңге
•	Жоба қуаттылығы: 100 МВт дейін.
«METRO» көтерме сауда орталығы
•	Жоба құны: 3 млрд теңге
•	Ассортименті: тауарлардың шамамен
30 000 атауы.
«Хан Шатыры» сауда-ойын-сауық
орталығы»
•	Жоба құны: 140 млн АҚШ доллары
•	Жалпы алаңы: 127 000 шаршы метр.
«ҚР Жерді қашықтықтан зондтау
ғарыш жүйесін құру» жобасы
•	Жоба қатысушылары:
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК,
EADS Astrium (Франция)
•	Жоба құны: 68 млрд теңге
•	Жоба қуаттылығы: жоғары шешімді
ғарыш аппаратын (ҒА) түсіру —
тәулігіне 220 000 шаршы км, орташа
шешімді ҒА — тәулігіне 1 000 000
шаршы км.
32 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы
www.investinastana.kz
Байланыстар
Астана қаласының әкімдігі
Бейбітшілік көшесі, 11,
Астана қ., Қазақстан Республикасы
Астана қаласы әкімдігінің
байланыс-орталығы:
Тел.: + 7 7172 556 655
www.astana.gov.kz
«„Астана — жаңа қала“ АЭА
әкімшілендіру басқармасы»
мемлекеттік мекемесі
Достық көшесі, 13
Астана қ., Қазақстан Республикасы
Тел.: + 7 7172 703 303
Факсы: + 7 7172 703 248
www.sez.astana.kz
«Астана Innovations» АҚ
жанындағы Инвесторларға қызмет
көрсету орталығы
Достық көшесі, 13
Астана қ., Қазақстан Республикасы
Тел.: + 7 7172 578 985
+ 7 7172 578 986
+ 7 7172 578 987
www.ain.kz
«EXPO-2017» халықаралық
мамандандырылған көрмесін
дайындау және өткізу жөніндегі
дирекция» ЖШС
Қабанбай батыр даңғылы, 33
Астана қ., Қазақстан Республикасы
Тел.: + 7 7172 277 807
+ 7 7172 277 816
Бұл жарияланымға және оны пайдалануға барлық құқықтар Астана
қаласының әкімдігіне тиесілі.
Осы жарияланымды EY компаниясының қатысуымен Астана қаласының
әкімдігі дайындады. Осы жарияланымда қамтылған ақпарат тек жалпы
танысуға ғана арналған, осыған орай ол кәсіби пікірді білдіру үшін
негіз бола алмайды. Осы жарияланымда пайдаланылған мәліметтер
мен нақты деректерді «Астана Innovations» АҚ-ның жанындағы
Инвесторларға қызмет көрсету орталығы ұсынды. Осы жарияланымда
берілген Астана қаласының фотосуреттерін осы жарияланым үшін EY
компаниясы ұсынған. Басқа фотоматериалдарды «Астана Innovations»
АҚ жанындағы Инвесторларға қызмет көрсету орталығы ұсынды.
EY компаниясы бұл жарияланымда қамтылған мәліметтердің негізінде
жасалған әрекеттердің немесе әрекет етуден бас тартудың нәтижесінде
қандай да бір тұлғаларға келтірілген шығындар үшін ешқандай
жауапкершілік көтермейді.
EY компаниясы туралы қысқаша ақпарат
EY аудит, салық салу, мәмілелерге ілеспе қызмет көрсету және кеңес
беру саласында халықаралық көшбасшы болып табылады. Біліміміз бен
қызмет көрсету сапамыз әлемнің түрлі елдеріндегі капитал нарықтары
мен экономикаға қатысты қоғамның сенімін арттыруға көмектеседі.
Біз үздік көшбасшыларды дайындаймыз, солардың басшылығымен
біздің ұжымымыз өз мойнына алған міндеттемелерді әрдайым
орындайды. Осылайша, біз қызметкерлеріміздің, клиенттеріміздің және
бүтін қоғамның игілігі үшін іскерлік ортаны жақсарту ісіне айтарлықтай
үлесімізді қосамыз.
EY атауы ғаламдық ұйымға жатады және әрқайсысы жеке заңды
тұлға болып табылатын, Ernst  Young Global Limited құрамына кіретін
бір немесе бірнеше компанияға жатуы мүмкін. Ernst  Young Global
Limited — Ұлыбританияның заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға, —
оның қатысушыларының кепілдіктерімен шектелген компания болып
табылады және клиенттерге қызмет көрсетпейді. Толығырақ ақпарат
ey.com сайтында берілген.

More Related Content

Featured

How Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental Health
How Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental HealthHow Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental Health
How Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental Health
ThinkNow
 
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie InsightsSocial Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Kurio // The Social Media Age(ncy)
 

Featured (20)

2024 State of Marketing Report – by Hubspot
2024 State of Marketing Report – by Hubspot2024 State of Marketing Report – by Hubspot
2024 State of Marketing Report – by Hubspot
 
Everything You Need To Know About ChatGPT
Everything You Need To Know About ChatGPTEverything You Need To Know About ChatGPT
Everything You Need To Know About ChatGPT
 
Product Design Trends in 2024 | Teenage Engineerings
Product Design Trends in 2024 | Teenage EngineeringsProduct Design Trends in 2024 | Teenage Engineerings
Product Design Trends in 2024 | Teenage Engineerings
 
How Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental Health
How Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental HealthHow Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental Health
How Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental Health
 
AI Trends in Creative Operations 2024 by Artwork Flow.pdf
AI Trends in Creative Operations 2024 by Artwork Flow.pdfAI Trends in Creative Operations 2024 by Artwork Flow.pdf
AI Trends in Creative Operations 2024 by Artwork Flow.pdf
 
Skeleton Culture Code
Skeleton Culture CodeSkeleton Culture Code
Skeleton Culture Code
 
PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024
PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024
PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024
 
Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)
Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)
Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)
 
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
 
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie InsightsSocial Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
 
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
 
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
 
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
 
Getting into the tech field. what next
Getting into the tech field. what next Getting into the tech field. what next
Getting into the tech field. what next
 
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search IntentGoogle's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
 
How to have difficult conversations
How to have difficult conversations How to have difficult conversations
How to have difficult conversations
 
Introduction to Data Science
Introduction to Data ScienceIntroduction to Data Science
Introduction to Data Science
 
Time Management & Productivity - Best Practices
Time Management & Productivity -  Best PracticesTime Management & Productivity -  Best Practices
Time Management & Productivity - Best Practices
 
The six step guide to practical project management
The six step guide to practical project managementThe six step guide to practical project management
The six step guide to practical project management
 
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
 

Guide kaz

  • 1. Инвестордың жол сілтеушісі Астана қаласы Жарияланымды EY компаниясының қолдауымен Астана қаласының әкімдігі дайындады, 2014 жылғы мамыр
  • 3. 1Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz Мазмұны Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалы�����������������4 Астана — болашақтың қаласы���������������������������������������������������������������8 Жалпы ақпарат�������������������������������������������������������������������������������������������9 Астананың бәсекеге қабілетті артықшылықтары �������������������������������� 10 Халықаралық инвестициялық форумдар�������������������������������������� 14 EXPO 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі������������ 16 Мемлекеттік қолдау������������������������������������������������������������������������������ 18 «Астана — жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы������������������������ 19 Инвесторларға қызмет көрсету орталығы�������������������������������������������� 21 «Инвестор 2020» бағдарламасы�������������������������������������������������������������22 «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы�������������������������������������23 «Экспорт 2020» бағдарламасы���������������������������������������������������������������24 «Өнімділік 2020» бағдарламасы�������������������������������������������������������������25 Астана экономикасының стратегиялық салалары�����������������������26 Машина жасау және металл өңдеу���������������������������������������������������������27 Құрылыс�����������������������������������������������������������������������������������������������������27 Көлік�����������������������������������������������������������������������������������������������������������27 Медицина және фармацевтика���������������������������������������������������������������28 Туризм және спорт�����������������������������������������������������������������������������������28 Ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар�����������������������29 Инновациялар�������������������������������������������������������������������������������������������29 Мемлекет-жеке меншік әріптестік���������������������������������������������������� 30 Қол жеткізген табыстар������������������������������������������������������������������������ 31 Байланыстар���������������������������������������������������������������������������������������������32
  • 4. 2 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Астана қаласының Әкімі Астана — Еуразияның ең қарқынды дамып келе жатқан қаласы. Елорданың экономикасы серпінді дамуымен сипатта- лады. 2000 жылдан бері жалпы өңірлік өнім 24,1 есе ұлғайды, ал халқының жан басына шаққанда — бір адамға 26,8 мың АҚШ долларына жетіп, 14,5 есеге ұлғайды, мұны Еуропалық Одақтың кейбір мемлекеттерінің деңгейімен салыстыруға болады. Елорда экономикасының ­дамуында кәсіпкерлікті қолдауға және иннова­ циялық әрі өнеркәсіптік әлеует сектор- ларына шетелдік инвестицияларды тартуға маңызды рөл беріледі. Астанада жағымды іскерлік ахуалды қамтамасыз ету мақсатында қаланың тұрақты дамуы, инвесторларға институционалдық қолдау көрсету, инфрақұрылымды жетілдіру және еңбек нарығын білікті кадрлармен қамтамасыз ету саласында кең көлемді әрі жүйелі жұмыс жүргізілуде. Астана инвесторларға ұзақ ­мерзімді ынтымақтастықта болуға мол мүмкін­ діктер жасап отыр. Еуразиялық ықпалдасу және Астана қаласының географиялық тұрғыдан орналасуы оның жоғары көлік-логистикалық әлеуетін жоғары болуын қамтамасыз етеді. Астана қаласы арқылы өтетін жалпы жүк ағынының 96%-дан астамы транзитке жатады. «Астана — жаңа қала» еркін экономика­ лық аймағы жағымды инвестициялық ахуалды, салық салудың жеңілдік берілген режимін, жер учаскелерін және инженерлік инфрақұрылымға қол жеткізуді ұсынып отыр. Соңғы бірнеше жылда «Астана — жаңа қала» ЕЭА негізін- де Қазақстан үшін жаңа жоғары техно- логиялы салаларда — электровоздарды, вагондарды, тікұшақтарды, фотоэлектрлі модульдерді өндіру салаларында ірі халықаралық инвесторлармен жобалар сәтті іске асырылды. Бүгінгі таңда Астана қаласы ­алдында жаңа көлемді міндеттер тұр — экономика­ ның инновациялық және жоғары техно- логиялы салаларын одан әрі де дамыту, әлемнің топ-50 зияткерлік қалаларының қатарына кіру және EXPO 2017 халықаралық көрмесін өткізу. Біз жаңа жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз және Қазақстан елордасының дамуына өз үлесін қосуға әзір инвестор- ларды құшақ жая қарсы аламыз.
  • 5. 3Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz 1 Ерлан Досымбеков Қазақстан және Орталық Азия бойынша EY Басқарушы партнеры Астана — Қазақстанның серпінді өсуінің және дамуының нышаны. Шетелдік инвесторлар елорданы Қазақстанда инвестициялар салу үшін ең тартымды қала ретінде қабылдайды, EY компаниясының 2013 жылғы «Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы» зерттеуінің деректері осындай. Стратегиялық тұрғыдан Еуразияның кіндігінде орналасуы, дамыған инфрақұрылымы, кадр әлеуетінің жоғары болуы, өсіп келе жатқан экономикасы, инвесторлар мен кәсіпкерлерге институционалдық қолдау көрсету — бұл факторлардың барлығы инвестициялық жобалардың сәтті іске асырылуына жәрдемдеседі. Бүгін елорданың алдында жаңа міндеттер тұр. Астана қаласының «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өтетін EXPO 2017 халықаралық көрмесін өткізу құқығына арналған конкурста жеңіске жетуі — елорданың жылдам дамуына серпін береді. Таяу арадағы бірнеше жылда Астана қаласының болашақтың қаласына айналуына, оның әлеуметтік және экономикалық әлеуетін ашуға бағытталған көлемді әрі кешенді жұмыс жүргізіледі. Бұл — инвесторлар үшін елордамыз бен еліміздің дамуына өз үлесін қосуға жағдай жасайтын тамаша мүмкіндік.
  • 6. 4 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалы 1 Қазақстан Ауданы 2 724 900 ш.км Халқы (2014 жылғы 1 қаңтарда) 17,2 млн адам ЖІӨ көлемі (2013 жылдың қорытындылары бойынша) 220,3 млрд АҚШ доллары ЖІӨ өсімі (2013 жылдың қорытындылары бойынша) 6,0% Жан басына шаққандағы ЖІӨ 12 933 АҚШ доллары Ақша бірлігі Қазақстандық теңге Теңгенің орташа айлық бағамы (2014 жылғы наурыз) • АҚШ долларына — 182,31 • еуроға — 251,95 Дереккөзі: ҚР Статистика агенттігі, ҚР Президентінің сайты www.akorda.kz, ҚР Ұлттық Банкі
  • 7. 5Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің барынша дамыған 30 елінің қатарына кіру стратегиясын қабылдады. Оны іске асырудағы маңызды рөл жағым­ ды іскерлік ахуалды жасауға, кәсіп­ керлікті дамытуға және ­шетелдік инвестицияларды тартуға беріліп отыр. Қазақстан әлемнің тез өсіп жат­ қан экономикаларының бірі болып табы­лады, ол саяси және әлеуметтік тұрақтылығының жоғары ­болуымен сипатталады. Ел іскерлік және инвести­ циялық ортаның одан әрі жетілдірілуіне бағытталған реформаларды жүйелі түрде жүргізіп келеді, бұл Дүниежүзілік банктің жыл сайынғы Doing Business ­баяндамасында оның рейтингісінің үздіксіз өсуімен расталады. Тікелей шетелдік инвестицияларды (ТШИ) тарту және оларды тиімді пай- далану республика үшін басым бағыт болып табылады. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан тек ТШИ тарту саласында ғана емес, сол сияқты елдің бәсекеге қабілеттілігі мен әл-ауқатын арттыру саласында да айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. ТШИ-нің 2005–2013 жыл- дар аралығындағы кезең үшін жалпы ағыны 184 млрд. АҚШ доллар болды.1 Соңғы он жылдықта елдің ЖІӨ 7 есе өсті, бұл ретте ЖІӨ халықтың жан басына шаққанда 6 есе ұлғайып, 2013 жылы 12 933 АҚШ долларына жетті.2 Қазіргі уақытта үкімет заңнама мен тарифтердің тұрақтылығы, ұзақ мерзімді келісімшарттардың негізінде кепілдік берілген тапсырысты қамтамасыз ету және нысан пайдалануға берілгеннен кейін оның инфрақұрылымдық шығындарының бір бөлігінің орнын толтыру сияқты институционалдық ортаны одан әрі жетілдірілуге және инвесторлар үшін стимулдарды құруға бағытталған бірқатар шараларды әзірлеуде. Қысқы уақытта Астана мен кейбір ТМД елдері және алыс шетел арасындағы уақыт айырмасы (сағат) Астана Алматы Ақтау Ақтөбе Атырау Ташкент –1 Баку Ереван Мәскеу Тбилиси –2 Киев –4 Париж –5 Лондон –6 Нью-Йорк –11 Бейжің +2 Токио +3 1 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Дереккөзі: ҚР Ұлттық Банкі, ҚР Статистика агенттігі Қазақстандағы ТШИ мен ЖІӨ өсу қарқынының серпіні 2005 30 25 20 15 10 5 0 12% 10% 8% 6% 4% 2% 0 2006 2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 ТШИ жалпы ағымы, млрд АҚШ доллары ЖІӨ өсу қарқыны, % Сондай-ақ үкімет шетелдік инвесторлар- мен және кәсіпкерлермен индустриалды дамудың 2015–2019 жылдарға арналған жаңартылған тұжырымдамасын талқылауда.
  • 8. 6 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz Қазақстан 2014 жылғы Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингі­ сінде 3 позицияға — 53 орыннан 50 орынға көтерілді. +3 Doing Business рейтингісіндегі кейбір ТМД, Балтық және Шығыс Еуропа елдерінің позициясы Ел 2013 жылғы позиция 2014 жылғы позиция Позицияның өзгеруі Қазақстан 53 50 +3 Әзірбайжан 71 70 +1 Армения 40 37 +3 Беларусия 64 63 +1 Болгария 57 58 –1 Венгрия 52 54 –2 Грузия 9 8 +1 Қырғызстан 70 68 +2 Латвия 24 24 Өзгерістер жоқ Литва 25 17 +8 Ресей 111 92 +29 Түркия 72 69 +3 Өзбекстан 156 146 +10 Украина 140 112 +28 Хорватия 88 89 –1 Эстония 21 22 –1 Дереккөзі: Дүниежүзілік банк
  • 9. 7Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz Қазақстанның Doing Business рейтингісіндегі санаттар бойынша позициясы Санат 2013 жылғы позиция 2014 жылғы позиция Позицияның өзгеруі Кәсіпорындарды тіркеу 27 30 –3 Құрылысқа арналған рұқсаттарды алу 149 145 +4 Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу 85 87 –2 Меншікті тіркеу 27 18 +9 Кредиттеу 82 86 –4 Инвесторларды қорғау 21 22 –1 Салық салу 18 18 Өзгерістер жоқ Халықаралық сауда 186 186 Өзгерістер жоқ Келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету 26 27 –1 Төлем қабілетсіздігін шешу 55 54 +1 Дереккөзі: Дүниежүзілік банк
  • 10. 8 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz Астана — болашақтың қаласы 2 Астана Халқы (2014 жылғы 1 қаңтарда) 0,8 млн адам Халықтың өсімі (2013 жылдың қорытындылары бойынша) 4,7% ЖӨӨ көлемі (2013 жылдың қорытындылары бойынша) 17,7 млрд АҚШ доллары 2013 жылдың қорытындылары бойынша ЖӨӨ өсімі (жылдан жылға) 4,5% (бағалануы бойынша) Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ (2013 жылдың қорытындылары бойынша) 23 мың АҚШ доллары (бағалануы бойынша) Дереккөзі: ҚР Статистика агенттігі, Астана қ. әкімінің баяндамасы (2014 жылғы сәуір) astana.gov.kz
  • 11. 9Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz Жалпы ақпарат Қазіргі уақытта Астананың жаңа шекарадағы аумағы 700 шаршы километрден асады. Астана қаласы халықаралық іскерлік және мәдени орталыққа айналып келеді. Қалада ең үздік әлемдік стандарттарға сәйкес келетін әкімшілік, іскерлік, әлеуметтік- мәдени, ғылыми-білім беру нысандары мен тұрғын үй кешендерінің құрылысы жалғасуда. Бүгінгі Астана — бұл мемлекеттің қалыптасқан экономикалық, білім беру және рухани орталығы. Қала конфессияаралық диалогты нығайту шаралары талқыланатын және іске асырылатын халықаралық процестер- ді тарту, Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының, Исламдық ынтымақтасу ұйымының, Шанхайдың ынтымақтасу ұйымының және Кеден одағының алаңдарында әлемдік әрі өңірлік ықпалдасудың орталығына айналды. Астана қаласында жүзеге асырылып жатқан түрлі қайта құрылу қарқындары әлемдік қауымдастықтың назарынан тыс қалған жоқ. 1999 жылғы шілде- де қала ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығын иеленді. 2012 жылы Moody’s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі қалаға кейіннен болжамды 2013 жылдың тамызында «Оңтайлыға» дейін жақсарта отырып, Ваа3 деңгейінде («Тұрақты» болжамы) кредиттік рейтинг берді.3 2011 жылы Астана қаласы «ТМД мен ЕурАзЭҚ-тың ең үздік қаласы» қалалық тәжірибелердің ІІІ Халықаралық конкурс- байқауының жеңімпазы болды. ­Сонымен бірге, 2011 жылғы желтоқсанда Еуропалық Сапа менеджменті қоры Астана қаласының әкімдігіне «Танылған кемел» сертификатын табыс етті. 3 Moody’s Investors Service www.moodys.com
  • 12. 10 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz Астананың бәсекеге қабілетті артықшылықтары Көлік-географиялық тиімді орналасуы Беларусияның, Қазақстанның және Ресейдің кеден одағы «Астана — жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы Серпінді өсіп жатқан экономика Орнықты әлеуметтік көрсеткіштер және демографиялық әлеует Дамыған инфрақұрылым Инвесторларды институционалдық қолдау 1 2 4 5 6 7 3
  • 13. 11Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz Астананың бәсекеге қабілетті артықшылықтары 1. Көлік-географиялық тиімді орналасуы Географиялық тұрғыдан Астана ­Еуропа мен Азияны байланыстыратын логистикалық мекен болып табылады. Ол арқылы Оңтүстік және Орталық Қазақстанды, Батыс Сібір мен ­Оралды, Ресейдің Жайық жағалауы мен орталығын байланыстыратын негізгі көлік жүк ағындары өтеді. Астана қаласы арқылы өтетін жалпы жүк ағынының 96%-дан астамы транзитке жатады. Бүгінгі Астана — бас көлік жолдарын, республикалық автомобиль және темір жолдарын және әуе желілерін байланыстыратын ірі көлік торабы. 2. Беларусияның, Қазақстанның және Ресейдің кеден одағы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кеден одағы (КО) жұмыс істеп келеді, әрі оған қазіргі сәтке Беларусия, Қазақстан және Ресей кіреді. КО 170 миллион тұтынушыға бөгетсіз жол ашып, бизнесті жүргізу үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Үш мемлекеттің бірыңғай нарығы тиімді сауда-экономикалық қатынастардың құрылуына, жалпы тауар айналымының күшейе түсуіне және тиісінше, жүк айна- лымы көлемінің ұлғаюына ықпалдасады. Ресейдің ірі қалаларына жақын болуы КО тұтыну нарығын ескере отырып астанада өндірістердің құрылуына алғы шарттар жасады. Қазақстанның Кеден одағы бойынша әріптестіктің тек экономиканың дәстүрлі секторларында ғана емес, сол сияқты ғарыш, био-нанотехнологиялар, ­машина жасау және атом өнеркәсібі сияқты келешегі бар салаларда ынтымақтасып жұмыс істеуде әлеуеті зор. Бірыңғай экономикалық кеңістікке (БЭК) қатысушы-мемлекеттер БЭК-те авто- жинау өндірістерін дамытудың тиімді шарттарын көздейтін автомобиль жасау аясында келісілген өнеркәсіптік ­саясатты жүзеге асыру бойынша әдістерді әзірлеуді бастады. Қазақстан ­Ресеймен бірлесіп жеңіл автомобильдердің өндірісін ұйымдастыру бойынша екі ­жобаны іске асыруда. Қазіргі уақытта БЭК шеңберінде капитал мен жұмыс күшінің өзара алмасуы үшін қолайлы жағдай жасау процесі жүріп жатыр, бұның, әрине, экономикалық және әлеуметтік дамудың күшті ­факторына айналары сөзсіз. Бәсекелес орта айтарлықтай кеңейеді, бұл, ақырында, жалпы экономикалық серпінділікке оң ықпалын тигізеді. 3. «Астана — жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы «Астана — жаңа қала» арнайы экономи­ калық аймағы (АЭА) мемлекеттің мүдделеріне, сол сияқты әлеуетті инвесторлардың мүдделеріне де қызмет атқаруға арналған. Инвесторларға арналған негізгі артықшылықтарға инженерлік тұрғыдан жайластырылған аумақтарда нысандардың құрылысы үшін жер учаскелерін беру; салықтық және кедендік жеңілдіктер беру; елорданың әкімшілік іскер- лік орталығында инфрақұрылым нысандарының, тұрғын үй кешендерінің, емханалардың, мектептердің, бала- бақшалардың құрылысына тікелей инвестицияларға мемлекеттік қолдау және индустриялық парктің аумағында жаңа өндірістерді ашу жатады.
  • 14. 34,9% 27,4% 9% 5,3% 5,3% 4,1% 3,0% 2,6% 2,2% 6,2% Көлік және қоймада жинақтау Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру Құрылыс Өнеркәсіп Жылжымайтын мүлікпен операциялар Өңдейтін өнеркәсіп Қаржы және сақтандыру қызметі Ақпарат және байланыс Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет Басқасы 12 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz 4. Серпінді өсіп жатқан экономика 2000 жылдан бері Астана қаласының жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) 24,1 ­есеге ұлғайды, ал халықтың жан ­басына шаққанда — бір адамға 26,8 мың АҚШ долларын құрап, 14,5 есеге, оны Еуропа­ лық Одақтың кейбір мемлекеттерінің деңгейімен салыстыруға болады. 2013 жылғы ЖӨӨ 2,7 трлн теңге болды, қаланың ЖӨӨ-нің республикалық ЖІӨ-дегі үлесі - 9,4%. Бұл ретте астананың ЖӨӨ-дегі шағын және орта бизнес үлесі шамамен 60%-ды құрайды.4 2014 жылдың бірінші тоқсаны үшін негізгі капиталға инвестициялар 70 млрд теңгеден астам болды, бұл 2013 жылдың бірінші тоқсанындағы ­сондай көрсеткіш­ тен 8,2% жоғары. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың ­барынша үлкен көлемі көлік және қоймада жинақтау (34,9%), мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру (27,4%), құрылыс (9,0%) салаларында байқалады.5 2014 жылдың қаңтар-наурыз айларын- да бөлшек тауар айналымының көлемі 133,2 млрд теңге болды және 2013 жылдың бірінші тоқсанымен салыстыр- малы бағалармен салыстырғанда 17,8%-ға ұлғайды. 2014 жылдың қаңтар– наурыз айларында жүк тасымалының жалпы көлемі (көліктік емес ұйымдардың және коммерциялық тасымалдаумен айналысатын кәсіпорындардың жүктерді тасымалдау көлемін бағалауды ескере отырып) 28,3 млн тонна жүкті құрады және 2013 жылдың дәл сол кезеңімен салыстырғанда 8,7%-ға өсті.6 5. Орнықты әлеуметтік көрсеткіштер және демографиялық әлеует 2013 жылы халықтың жан басына шаққандағы орташа номиналды ақша кірісі 1,2 млн теңгеден асты және 2012 жылмен салыстырғанда 8,7%-ға ұлғайды. 2014 жылдың қаңтар–ақпан айларын­ дағы орташа айлық номиналды жалақы 146 055 теңге болып, 2013 жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда 7,1%-ға, нақты көрсеткіш бойынша 2,2%-ға ұлғайды.7 Астана қаласында техникалық мамандықтар бойынша кадрлардың қолжетімділігі: • Астана қаласының ЖОО 13-нің 6-уы техникалық мамандығы бар мамандарды шығарады (жыл сайын 2890 адам); • Астана қаласына жыл сайын жетекші әлемдік университеттердің техникалық мамандығы бар 700 астам түлегі келеді; • техникалық колледждер жыл сайын 2780 маман шығарады. Дереккөзі: Астана қаласының Статистика департаменті 4 Астана қ. әкімінің баяндамасы (2014 жылғы сәуір) astana.gov.kz 5 Астана қаласының Статистика департаменті Салалар бойынша негізгі капиталға инвестициялар, 2014 жылдың 1-тоқсаны 6 Астана қаласының Статистика департаменті 7 Астана қаласының Статистика департаменті
  • 15. 13Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz 6. Дамыған инфрақұрылым Астана — кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін, сол сияқты оның тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдайлар жасалған экономикасы серпінді өсіп жатқан қала. Қаланың дамыған көлік және логистикалық инфрақұрылымы бар (толығырақ — «Көлік» бөлімінде). Қазақстанның елордасын дамыту тұжырымдамасында ақпараттық қоғамды құру бар. Ақпараттандыру процестеріне қолдау көрсету, заманауи телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және оны басқа мемлекеттердің инфрақұрылымымен ықпалдастыру үшін цифрлық көлік ортасын құру негізгі міндеттердің бірі болып табылады. «Астанателеком» қалалық телеком- муникациялар орталығы елорда тұрғындарына телефония, iD Phone, интернет желісіне қол жеткізу, iD TV цифрлық интерактивті теледидар сияқты қызметтердің толық спектрін ұсынады. «Астана Innovations» АҚ Smart Astana («Ақылды қала») тұжырымдамасының шеңберінде елорда қонақтары мен тұрғындарын қоғамдық орындарда тегін, сымсыз интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған Open Wi-Fi жобасын іске асырды. 7. Инвесторларды институционалдық қолдау Қазақстан Үкіметі мен елорда басшылығы конструктивті ­диалог жасауға және инвесторлар мен кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуге бел буып отыр. Қазақстанда мемлекеттік қолдау шараларының кешені әзірленген, онда ­мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, ­арнайы экономикалық аймақтарды және инвесторларға қызмет көрсету орталықтарын құру бар (толығырақ «Мемлекеттік қолдау» бөлімінде).
  • 16. 14 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz Халықаралық инвестициялық форумдар 3
  • 17. 15Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz Астана экономикалық форумы 2014 жылғы 21–23 мамыр Астана экономикалық форумы (АЭФ) ең ірі халықаралық форумдардың бірі болып табылады. 2008 жылдан бері АЭФ жыл сайын қазіргі заманның экономикалық және әлеуметтік проблема­лары саласындағы шешім- дерді іздестіру үшін ғаламдық көшбасшыларды, сарапшылар мен ­іскерлік қоғамдастықтың өкілдерін ­жинайды. Форумға әлемнің 150 елінен 10 мыңнан астам адам қатысады. Astana Invest 2014 жылғы 21 мамыр Astana Invest — Астананың инвестиция­ лық әлеуетін көрсетуге, болашаққа ұм­тылған, қарқынды даму үстіндегі және жоғары технологиялы қала ретінде елорда брендін жылжытуға бағытталған форум. Astana Invest жетекші халықаралық және отандық компаниялардың, мемлекеттік органдардың, даму институттарының, сараптамалық қоғамдастықтың өкілдерін жинайды. 21–23 мамыр 21 мамыр Форумға қатысушыларға бірыңғай индустриялық-инновациялық көрменің шеңберінде және Астананың индустриялық паркін аралау кезінде инвестициялық жобалармен танысудың бірегей мүмкіндігі беріледі.
  • 18. 16 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz EXPO 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі 4
  • 19. 17Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz 2017 жылға қарай Астана әртараптан­ дырылған бәсекеге қабілетті экономи- касы және қолайлы іскерлік ортасы бар қалаға, еліміздің өңірлік және ғаламдық ықпалдасуы процесінде басты рөл атқаратын инновациясы жеткілікті дәрежеде дамыған қалаға айналады. Астана туристер үшін ­тартымды және елорданың тұрғындары мен қонақтарының тұруы үшін жайлы қалаға айналады. Осындай көлемді міндеттерді іске асыру инвесторлар мен кәсіпкерлердің өзара іс-қимыл жасауын талап етеді. Астанада EXPO 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге жұмсалатын тікелей емес шығыстар 1,2 млрд еуро деңгейінде бағаланып отыр. Олардың 250 млн еуросы көрмені өткізу орнын дайындау үшін мемлекеттік бюджеттен бөлінеді. Шамамен 1 млрд еуроны павильондардың, қонақ үйлердің және қосалқы инфрақұрылымның құрылысына инвестициялау жоспар- ланып отыр. Әлеуметтік және мәдени нысандардың құрылысы мен жаңғырты­ луына айрықша көңіл бөлінетін болады. EXPO 2017 Астана қаласын өмір сүру сапасының ең жоғары стандарттарына сәйкес келетін және қоршаған ортаға ұқыпты қарайтын қалаға айналдыру мүмкіндігін береді. Алдын ала деректер бойынша Астана қаласында EXPO 2017 халықаралық көрмесін өткізу кезінде ­шамамен 2–3 млн қонақ келеді деп күтіліп отыр. Астана қаласының әкімдігі ЕХРО 2017-ні дайындау және өткізу жөніндегі ­дирекцияны құрды, ол негізгі үш бағыт бойынша жұмыс жүргізуде: • Astana Green City — энергетикалық тиімділік және қалпына келетін энергия көздері саласындағы шешімдер; • Astana Mobility — EXPO 2017 өткізуге дайындық шеңберінде қаланың көлік инфрақұрылымы мен логистикасының сапасын жаңарту және жақсарту жобасы; • Welcome to Astana! — қаланың қонақ үй бизнесінің инфрақұрылымын және қызмет көрсету аясын халықаралық стандарттарға сәйкес бірегейлендіру. Мыналар жоғарыда аталған бағдарламаларды іске асырудың нәтижесі болуы тиіс: • қала нысандарының энергияны және жылуды жоғалтуын төмендету; • экологиялық жағдайды жақсарту; • қоғамдық көліктің танымалдығын арттыру; • Астананың туристік тартымдылығын арттыру; • қосымша жұмыс орындарын құру. EXPO 2017 Astana Green City Astana Mobility Welcome to Astana! 1 2 3
  • 20. 18 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz Мемлекеттік қолдау 5 Қазақстанда мемлекеттік қолдау шараларының кең кешені әзірленген, оның ішінде: • экономиканың шикізаттық емес секторларына инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау — «Инвестор 2020» бағдарламасы; • өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту — «Бизнестің жол картасы-2020»; • отандық өндірушілердің тауарларын сыртқы нарықтарға шығару — «Экспорт 2020»; • жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өнімділігін арттыру және жаңа өндірістерді құру — «Өнімділік 2020» бар. Аталған бағдарламалардан басқа арнайы экономикалық аймақтар мен инвесторларға қызмет көрсету орталықтары құрылған.
  • 21. 19Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz Аумағы: 7634,71 мың га • ► өнеркәсіптік — 1031,2 га • ► әкімшілік-іскерлік — 6603,51 га Жобалар:* • ► инвестициялар көлемі 180 млрд теңге болатын 49 жоба • ► 20 жоба жұмыс істеуде • ► 4 жобаны 2014 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр • ► 25 жоба жобалау және салу сатысында Күтілетін нәтиже:* • ► өнімнің жыл сайынғы көлемі шамамен 300 млрд теңге • ► 7500 астам жаңа жұмыс орыны Шетелдік инвесторлар: • ► Airbus Helicopters (Франция): тікұшақтар • ► GE (АҚШ): локомотивтер • ► Talgo (Испания): жолаушылар вагондары • ► Alstom (Франция): электровоздар • ► Astana Solar (Франция): фотоэлектр модульдері * Дереккөзі: Астана қ. әкімінің баяндамасы (2014 жылғы сәуір) astana.gov.kz 8 «Астана — жаңа қала» АЭА www.sez.astana.kz «Астана — жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы Бүгінгі Астана — бұл заманауи Қазақстанның дамуының, оның ­табысты болуының, ауқатты әрі сенімді болашағының нышаны. 2001 жылы қаланы дамытудың «Астананың гүлденуі — Қазақстанның гүлденуі» мемлекеттік бағдарламасын және Сол жақ жағалау бөлігінде, Есіл өзенінің бойындағы бос жерлерде елорданы дамытудың бас жоспарын іске асыру аясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «„Астана — жаңа қала“ арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Жарлыққа қол қойды. «Астана — жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының алаңы 7634,71 га құрайды, онда елорданың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы, №1 индустриялық паркі және №2 индустриялық паркі орналастырылады. Жаңа әкімшілік-іскерлік орталық көбінесе Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан — оның аумағы 6603,51 га құрайды. Астана қаласының өнеркәсіптік аймағындағы №1 индустриялық паркінің аумағы 598,1 га, №2 индустриялық паркінің аумағы - 433,1 га құрайды. 2002 жылдан бері АЭА аумағында тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 1,7 трлн теңгеден астам болды, олардың 40% кәсіпорындардың меншікті қаражаты, 35% шетелдік инвестициялар және 25% бюджет қаражаты.8 Байланыс ақпараты: «„Астана — жаңа қала“ АЭА әкімшілендіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі Достық көшесі, 13 Астана қ., Қазақстан Республикасы Тел.: + 7 7172 703 303 Факсы: + 7 7172 703 248 www.sez.astana.kz
  • 22. 20 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz Әкімшілік-іскерлік орталықтың жеңілдік берілген режимі Қызмет түрі Салықтық және кедендік міндеттемелер Қазақстан Республикасының (ҚР) аумағында АЭА аумағында Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым нысандарын, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру Корпоративтік табыс салығы 20% 0%9 Қосылған құн салығы 12% 0%10 Жер салығы 19 теңге/ш. м 0%11 Жер учаскелерін 10 жылға дейін пайдаланғаны үшін ақы Мүлік салығы 1,5% 0% Құрылыс барысында толығымен пайдаланылатын тауарлар, матери- алдар мен жабдықтар импортына салынатын қосылған құн салығы 12% 0% Құрылыс барысында толығымен пайдаланылатын тауарлар, матери- алдар мен жабдықтар импорты кезіндегі кеден баждары 5–20% 0% Индустриялық парктегі жеңілдіктер Қызмет түрі Салықтық және кедендік міндеттемелер ҚР аумағында АЭА аумағында Химиялық өнеркәсіп өнімдерін, резеңке және пластмасса бұйымдарын; басқа да металдан жасалмаған минералды өнімдерді; тұрмыстық электр құралдарын; машиналар мен жабдықтарды; металлургия өнеркәсібі; электр жабдығын, оның ішінде электрмен жарықтандыру жабдығын; жарық түсіру құралдарына арналған шыны құрауыштарын; тамақ өнімдерін; ағаш массасы мен целлюлозаны, қағаз бен картонды; жиһазды; автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелерді; теміржол локомотивтері мен жылжы- малы құрамды; әуеде және ғарышқа ұшатын аппараттарды; негізгі фармацевтикалық өнімдер мен дәрі-дәрмектерді; электрондық бөлшектерді өндіру. Корпоративтік табыс салығы 20% 0%12 Мүлік салығы 1,5% 0% Жер салығы 19 теңге/ш. м 0%13 Жер учаскелерін 10 жылға дейін пайдаланғаны үшін ақы Кеден баждары 5–20% 0%14 Импортқа салынатын қосылған құн салығы 12% АЭА аумағында қолайлы инвестициялық жағдай жасалған. 9 Корпоративтік табыс салығын 100% азайту (белгілі бір қызмет түрлері бойынша кірістерге) 10 Құрылыс және пайдалануға беру барысында толығымен тұтынатын тауарларды өткізу. Құрылыс барысында іс жүзінде тұтылған, әкелінген тауарлар бөлігінде тауарлар жеткізушілеріне қосылған құн салығының артығын қайтару 12 Корпоративтік табыс салығын 100% азайту 13 Тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициенті 11 Тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициенті 14 Келесі талаптарды орындау кезінде: 1) қайта өңдеу өнімдері Кеден одағының тауарлары деп танылғанда; 2) тауарларды АЭО қатысушы ретінде ­тіркелген тұлға 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін әкелгенде
  • 23. 21Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz Инвесторларға қызмет көрсету орталығы Инвесторларға қызмет көрсету орталығы­ ның (ИҚКО) негізгі функцияларына мыналар жатады: • инвесторларға инвестиция алдындағы, барысындағы және инвестициядан кейінгі сатыларда қолдау көрсету («бір терезе» қағидаты); • сервистік қолдау (кеңес беру, ТЭН, бизнес-жоспарлар); • Астана қаласының брендін шетелге таныстыру; • инвесторларды іздестіру; • инвестициялық іс-шараларды ұйымдастыру; • мемлекеттік қолдау құралдарын интеграциялау; • ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету. Инвесторларға қызмет көрсету орталығының жұмыс жасау схемасы Инвесторларға қызмет көрсету орталығы Инвесторы Сіз өз қаражатыңызды тиімді салғыңыз келе ме? Оны іске асыру үшін үлгі жобаңыз бар ма? ЖобаларҚала экономикасына инвестициялар тарту Астана қаласының брендін шетелге таныстыру • Инвестициялық жобаларды іздестіру • Ақпараттық қолдау көрсету • Консалтинг • Құқықтарды қорғау • Жобаларды іріктеу • ИҚКО қала аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес береді (инвестициялық қолдау көрсету, басым салалар, заңгерлік мәселелер, салық және көші-қон заңнамасы және т.б.). • ИҚКО жобаңызды іске асыруға көмектеседі (бизнес-жоспарларды, ТЭН-ді әзірлеуге және пысықтауға жәрдемдесу және басқасы). • ИҚКО мемлекеттік қолдауға ие болуға және туындайтын әкімшілік проблемаларды шешуге жәрдемдеседі. • Инвесторларды іздестіру • Жобаларды талдау • Жобалар конкурсы • Деректер базасына инвесторларға арналған жобаларды енгізу Байланыс ақпараты: Достық көшесі, 13 Астана қ., Қазақстан Республикасы Тел.: + 7 7172 578 985 + 7 7172 578 986 + 7 7172 578 987 www.ain.kz
  • 24. 22 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz «Инвестор 2020» бағдарламасы «Инвестор 2020» бағдарламасы шикізаттық емес экспортқа бағытталған және жоғары технологиялы өндірістерге тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдайларды жасауға бағытталған. «Инвестициялар туралы» Заңға сәйкес инвесторлар үшін мынадай инвестициялық артықшылықтар көзделген: • ► инвестициялық жобаны іске асыруға қажетті құрал-жабдықты, құрамдастарды, шикізат пен қосалқы бөлшектерді әкелу кезінде кедендік баждарды төлеуден босату; • ► мемлекеттік заттай гранттар: жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, есептеуіш техникасы, өлшеу және реттеу аспаптары мен құрылғылары, көлік құралдары (жеңіл автокөлікті қоспағанда), өндірістік және шаруашылық мүкәммал; • ► инвестициялық стратегиялық жобалар үшін 7 жылға дейінгі мерзімге салық жеңілдіктері (жер салығы 0%, мүлік салығы 0%); • ► әлеуметтік-экономикалық дамуы төмен деңгейдегі өңірлерде инвестициялық стратегиялық жобаларды жүзеге асыру үшін өнеркәсіптік жеңілдіктер (газ, электр қуаты үшін шығындарды өтеу немесе бір бөлігін төлеу, жер учаскесін сатып алу, ғимараттарды, құрылыстарды сатып алу немесе салу). Артықшылықтар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес экономиканың басым салаларында (ауыл шаруашы­ лығы, өңдейтін өнеркәсіп, көлік, туризм, өндіріс және электр қуатын бөлу, басқа да салалар) қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындарға беріледі. Артықшылықтарды алу үшін Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвести- циялар жөніндегі комитетіне өтінім беріп, онымен келісімшарт жасау қажет. Байланыс ақпараты: Қабанбай батыр даңғылы, 47 Transport Tower ғимараты Астана қ., Қазақстан Республикасы Тел.: + 7 7172 242 124 + 7 7172 242 456 www.mint.gov.kz
  • 25. 23Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Экономиканың шикізаттық емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықтылығын және теңестірілген өсімді қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру Бағдарламаның мақсаты болып табылады. Бағдарламаны іске асыру бағыттары: 1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау — экономиканың шикізаттық емес секторларындағы жобаларды іске асыру кезінде Мемлекеттік қолдау көрсету. 2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру — қаржы-экономикалық сауықтыру жоспарының шеңберінде кәсіпорындарды сауықтыру жөніндегі іс-шараларды өткізу. 3. Экспортқа бағытталған өндірістерге қолдау көрсету — өнімді сыртқы нарықтарға экспорттайтын кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған. Байланыс ақпараты: «„Даму“ кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Астана қаласы бойынша Өңірлік филиалы Қонаев даңғылы, 12/1 үй, 401-офис Астана қ., 010000 Қазақстан Республикасы Тел.: + 7 7172 559 199 + 7 7172 559 214 + 7 7172 559 434 + 7 7172 559 435 + 7 7172 559 436 Факсы: + 7 7172 559 213 + 7 7172 500 628 Email: astana@fund.kz Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде: • ► индустриялық-инновациялық дамуға бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде жеке меншік сектор кәсіпорындары үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыру; • ► экономиканың шикізаттық емес секторларында инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жеке меншік сектордың қаражатын тарту; • ► жеке меншік сектор кәсіпорындарының, бірінші кезекте ШОБ-тың қаржы-экономикалық тұрақтылығын арттыру жоспарланған.
  • 26. 24 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz «Экспорт 2020» бағдарламасы «Экспорт 2020» бағдарламасында өнімді сыртқы нарықтарға шығарумен байланысты шығындардың 50% өтеу түрінде экспорттаушыларға мемлекеттік қаржылай қолдау көрсету көзделген. Экспорттаушыларға шығындарды өтеу: • шетелде өнімді және тауар белгісін тіркеу; • шетелде өнімді сертификаттау; • жалдауды және коммуналдық қызметтерді қоса алғанда, шетелде өкілдікті (офисті, қойманы, сауда нүктесін) ұстау; • отандық өнімнің шетелдегі жарнамасы; • шетелдік көрмелерге қатысу (көрме алаңдарын жалдау, стендтер жасау, тіркеу жарнасы, тарату материалдары); • шетелде мамандарды оқыту немесе шетелдік сарапшыны қазақстандық өндіріске тарту. Экспорттаушыларға сервистік қолдау көрсету: • экспорттық нарықтар бойынша маркетингтік және талдамалық қолдау көрсету; • импорттаушы ел нарығының конъюнктурасы туралы сауда ақпаратымен қамтамасыз ету; • экспорттық қызмет мәселелері бойынша кәсіпкерлерді оқыту; • қазақстандық өнім туралы шетелдік сатып алушыларды хабардар ету; • қазақстандық өндірушілердің сауда белгілерін жылжыту жөніндегі таныстыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу; • Қазақстанда, сол сияқты шетелде сауда-экономикалық миссияларды, форумдарды өткізу; • қазақстандық өнімнің әлеуетті сатып алушыларын іздестіру. Сауда экспорттық операцияларды қаржыландыру: • экспорттан кейінгі қаржыландыру; • сыртқы экономикалық келісімшарт тараптарының міндеттемелерді орындау бойынша коммерциялық және саяси тәуекелдерді сақтандыру. Байланыс ақпараты: Бағдарлама операторы: «„KAZNEX INVEST“ экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ Сығанақ көшесі, 25 «Аңсар» бизнес орталығы, 2 қабат Астана қ., 010000 Қазақстан Республикасы Тел.: + 7 7172 799 393 Факсы: + 7 7172 799 392 Email: info@kaznexinvest.kz
  • 27. 25Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz «Өнімділік 2020» бағдарламасы Бағдарламаның мақсаты — еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен экономиканың басым секторларындағы өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Мемлекеттік қолдау шаралары келесі тәсілмен жүзеге асырылады: Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру шарттары • өтініш беруші жобаның іске асырылуына қатысуын ұзақ мерзімді лизинг қаржыландыру құралын пайдаланған кезде лизинг заттарының жалпы құнының кем дегенде 15% мөлшерінде ақша қаражатымен қамтамасыз етуі тиіс; • лизинг мәнінің құны 150 млн теңгеден кем болмауы тиіс; • ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі; • қатысушы үшін қаржы лизингінің шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесі 7,5%-дан аспауы тиіс. Консалтингтік компанияның кешенді жоспарды әзірлегені немесе сараптамасы үшін ақы төлеу Бағдарлама шеңберінде консалтингтік компанияның инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін 50% мөлшерінде, бірақ 7,5 млн теңгеден аспайтын мөлшерде шығыстардың төленуі көзделген. • Білікті жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тарту. • Инновациялық гранттар беру. • Бағдарлама шеңберінде білікті жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тарту бойынша шығыстарды бір инвестициялық жобаға 30% мөлшерінде, бірақ 30 млн теңгеден аспайтын мөлшерде республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру көзделген. Бағдарламаға қатысушылар келесі критерийлерге сәйкес келуі тиіс: • мемлекеттік бағдарлама шеңберінде экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыру немесе іске асырылуын жоспарлау; • инвестициялық жобаның кешенді жоспарының болуы, ол келесі көрсеткіштерге қол жеткізуді көздеуі тиіс: инвестициялық жобаның қаржылық қайтарымдылығы; еңбек өнімділігін екі есе арттыру; өнімнің бәсекеге қабілеттілігі (ішкі және сыртқы нарықтарда). Байланыс ақпараты: Бағдарлама операторы: «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ Сығанақ көшесі, 25 «Аңсар» бизнес орталығы, 13 қабат Астана қ., 010000 Қазақстан Республикасы Тел.: + 7 7172 796 460 + 7 7172 796 472 Факсы: + 7 7172 796 451 + 7 7172 796 497 Email: info@kidi.kz www.kidi.kz
  • 28. 26 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz Астана экономикасының стратегиялық салалары 6
  • 29. 27Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz Машина жасау және металл өңдеу Машина жасау Астана өнеркәсібінің өңдеуші секторының ең үлкен үлесін құрайды (48,9%), бұл индустриялық парктің аумағында машина жасау саласының нысандарын қолданысқа берумен негізделген: • 2009 жылдың соңында жобалық қуаттылығы жылына 100 локомотив болатын «Локомотив құрастыру зауыты» локомотивтерді шығару зауыты жұмыс істей бастады; • 2011 жылы жобалық қуаттылығы жылына 150 вагон болатын Тұлпар Talgo жолаушылар вагондарын шығару зауыты іске қосылды; • 2012 жылдан бастап өндіріс қуаттылығы жылына 50 электровоз болатын «Электровоз құрастыру зауыты» жұмыс істеп келеді. 2010 жылы локомотив зауыты 30 локомотив шығарды, ал 2013 жылы өндіріс көлемі 74-ке жетті. Кәсіпорын 2015 жылы 100 локомотив шығаратын жобалық қуаттылыққа жетуді жоспарлар отыр, бұл ішкі нарықтың мұқтаждықтарын толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Құрылыс Қаланың құрылыс саласы қатарынан бірнеше жыл бойы инвестициялардың әкелінуін, аралас салалардың дамуын, халықтың едәуір бөлігінің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ете отырып, экономика өсімінің тұғыры болды. Атап айтқанда, соңғы жылдары Астананың тұрғын үй құрылысының аясы жылдам қарқынмен дамуда. Пайдалануға берілетін тұрғын үйдің жыл сайынғы көлемі 1 млн шаршы метрден асты. 2013 жылы тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар көлемі 91,3 млрд теңге болып, 2012 жылдың деңгейіне 43,5%-ға ұлғайды.15 Көлік Астана еліміздің кіндігінде орналасқан және теміржол әрі автомобиль желілері географиялық тұрғыдан сәтті орналасқан көлік торабы болып табылады. Қала арқылы Челябинск-Алматы М-36 және Астана-Петропавл А-343 автожолдары өтеді. Астана станциясы ірі теміржол торабы болып табылады. Осы жерден Қазақстанның ірі қалаларына дейін көптеген тікелей бағыттар салынған. Астана өзінің көлік әлеуетінің жоғары болуымен халықаралық сервис деңгейіне кепілдік бере отырып көліктің әр түрімен тасымалдауды қамтамасыз етуге қабілетті. Стратегиялық тұрғыдан орналасуы елордаға іргелес учаскелердегі станцияларда қалыптасатын жүктер үшін көлік-тиеп- түсіру орталығы болуына мүмкіндік береді. 15 Астана қаласының Статистика департаменті Астана қаласынан 16 км қашықтықта орналасқан халықаралық әуежай Еуразия құрылығындағы ең заманауи әуежайлардың бірі болып табылады. Ол ел ішінде және алыс әрі жақын шет елдерге тұрақты жолаушылар рейстерін орындайтын 13 әуе компанияға қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда әуежай жақсы жабдықталған және әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдай алады. Таяу уақытта жаңа теміржол вокзалын салу жобасы жоспарланған. Бір мезгілде қаланың өнеркәсіптік бөлігінде жүк вагондарына арналған терминал тұрғызылады. Сондай-ақ Астана қаласынан 30–35 км қашықтықта жаңа халықаралық әуежайды салу жоспарланған. Бұл ретте жұмыс істеп тұрған халықаралық әуежай ішкі рейстерді қабылдай береді, ал жаңасы, тиісінше, халықаралық бағыттардан ұшып келетін ұшақтарды қабылдайды. Вокзал мен әуежай 2020 жылға дейін ашылады деп болжануда. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің тапсырмасы бойынша елорда әкімдігі «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» жобасын іске асыруда. Жобада елорданың көлік қатынасының негізіне айналатын және қаланың қоғамдық көлігінің барлық түрлерін біріктіретін жүйрік жеңіл рельсті көлік (ЖРК) жүйесін құру көзделген.
  • 30. 28 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz Медицина және фармацевтика Бүгінгі күнге қаланың медициналық ұйымдары интервенциялы кардиоло- гия, аритмология және кардиохирургия, кіші инвазивті эндовидеохирургия, check-up бағдарламасы, қауіпсіз ана және неонаталды технологиялар сияқты басым салаларда жоғары технология- лы қызметтердің толық циклін көрсету мүмкіндігіне ие. Қалалық мамандар кардиохирургия саласында айтарлықтай тәжірибе жинақтаған. Республикалық медициналық кла- стер шеңберінде Астана қаласында жаңа денсаулық сақтау нысандары пайдалануға берілді: • Ана мен бала ұлттық орталығы; • Республикалық балаларды оңалту орталығы; • Диагностикалық орталық, Жедел медициналық көмек көрсету институты, Ұлттық хирургия орталығы; • Кардиохирургия орталығы, Қазақстандық позитронды-эмиссиялық томограф-орталығы. Осы саладағы Астананың артықшылығы жоғары технологиялы жабдықталумен және дәрігерлердің біліктілігімен қатар медициналық қызметтер құнының бірша- ма төмен болуы. Медициналық жабдықтың қазақстандық нарығының көлемі шамамен жылына 200 млн АҚШ долларына бағаланады. Нарық медициналық жабдықтың им- портына айтарлықтай тәуелді болады, әрі оның үлесін жалпы көлемнің 90%-ын құрайды. Сарапшылардың пікірінше, медициналық жабдық нарығының неғұрлым басым секторлары мыналар болып табылады: электромедициналық жабдық, диагностикалық жабдық, медициналық лазерлер, эндоскоптар, стоматологиялық жабдық. Туризм және спорт Туризмді дамыту Астана қаласының экономикалық дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады. Қаланың туристік кластерді құруы үшін барлық бәсекелес артықшылықтары бар, ол елорданың маңызды іскерлік және туристік орталыққа айналуына көмекте­ седі. Бүгіннің өзінде Астана қаласында жыл сайын республикалық, сол сияқты халықаралық маңызы бар 30-дан астам көрме өткізіліп тұрады. Астана қаласының туристік кластері мәдени және демалыс парктерінің желісін, қонақ үйлерді, демалыс аймақтарын, сауда- ойын-сауық және басқа да туристік нысандарды құруды білдіреді. 2013 жылдың қаңтар-маусым айларында Астанада қызмет көрсетілген қонақтардың саны шамамен 300 мың адам болды. Туристер негізінен іскерлік мақсаттарда (45,0%) және демалу мақсатында (42,5%) келді. 2012 жылдың дәл сондай кезеңімен салыстырғанда келушілер саны 9,6% ұлғайды.16 Ерекше қызығушылықты экологиялық туризмді дамыту туғызып отыр. Өңірдің ландшафты және Бурабай, Зеренді, Сары Оба және Қорғалжын сияқты табиғи қазыналардың болуы туристік қызметті дамыту үшін кең мүмкіндіктер ашады. 2011 жылы Астана Алматы қаласымен бірге 7-ші қысқы Азия ойындарын өткізу орнына айналды. Елорда әлемдік қауымдастыққа спорттың қысқы түрлерінде өз жетістіктерін паш ету мүмкіндігіне ие болып қана қоймай, туристер мен қонақтардың жаппай келуіне дайын екендігін дәлелдейді. 7-ші қысқы Азия ойындарын өткізу шеңберінде Астанада 3 спорттық нысан салынып, қайта қалпына келтірілді: «Астана–Арена» көп функционалды кешені, велотрек және «Алау» конькимен жүгіру стадионы. 16 Астана қаласының Статистика департаменті
  • 31. 29Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz Ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар Қазақстанның елордасын дамыту тұжырымдамасы ақпараттық қоғамды құруға негізделген, оның айрықша ерекшелігі тиімді өзара іс-қимылды, әлемдік ақпарат ресурстарына қол жеткізуді және тиісті өнімдер мен қызметтерде деген мұқтаждықтарды қанағаттандыруды қамтамасыз ететін ақпараттық кеңістікті қалыптастыру болып табылады. Ақпараттық-коммуни­ кациялық технологиялар ұлттық экономиканы көтеруде және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Телекоммуникациялар саласының негізгі міндеттерінің бірі ақпараттандыру процестеріне қолдау көрсету, заманауи телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және оны басқа мемлекеттердің инфрақұрылымымен интеграциялау үшін цифрлық көлік ортасын құру болып табылады. «Астанателеком» қалалық телекоммуникациялар орталығы («Қазақтелеком» АҚ-ның филиалы) дәстүрлі телекоммуникациялық қызметтердің кең аясын көрсетеді: • телефония — жергілікті, қалааралық, халықаралық, жария, iD Phone; • ғаламдық Интернет желісіне қол жеткізу; • цифрлық интерактивті iD TV теледидары; • Tarlan Card алдын ала төленген карталар; • телеграфия; • анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету. Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын заманауи қызметтермен және ақпаратқа еркін қол жеткізумен қамтамасыз ету үшін қоғамдық орындар тегін сымсыз интернетпен қамтамасыз етілген. Инновациялар Елорда Астана қаласына көшкен сәттен бастап 16 жылдан астам өтті. Осы уақыт ішінде кең көлемді айналуының барысында қала өзінің бет-келпетін өзгертті. EXPO 2017 өткізу үшін Астана қаласының инфрақұрылымын дайындау мақсатында бірқатар жаңа ауқымды жобалар іске асырылуда. 2012 жылдан бастап Астана қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің сапасын жақсарту, инженерлік желілерді жаңарту, тұру қауіпсіздігін арттыру, әлеуметтік бағдарламалардың жаңа түрлерін іске асыру жолымен елорданың инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған Smart Astana жобасы іске асырылуда. Smart Astana жобасының негізіне алты сипаттаманың: ақылды экономика, ақылды басқару, ақылды өмір, ақылды ұтқырлық, ақылды адамдар және ақылды қоршаған ортаның өзара әрекеттесуіне негізделген еуропалық «ақылды» қалаларды дамыту үлгісі алынды. Барлық осы жұмыс істеп тұрған сипаттамалардың синергиясы «ақылды» қала тұжырымдамасын береді. Smart Astana тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «Астана қаласының тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесі» атты қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша және «Зияткерлік көлік жүйесі» көлік жүйесін жаңғырту бойынша негізгі жобалар айқындалды. «Астана қаласының тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесі» жобасы қалада өмір сүру қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша іс-шараларына тартылған құрылымдардың қызметін үйлестіру, қаланың оперативті жағдайындағы өзгерістерге ден қоюын жылдамдату, сондай-ақ түрлі төтенше жағдайлар туындаған кездегі әрекеттер үшін заманауи құралды құру жобаның негізгі мақсаты болып табылады. «Зияткерлік көлік жүйесі» жобасының басты мақсаттары қозғалысты адаптивті басқару, қоғамдық көліктің басымдылығы, жол қозғалысының қауіпсіздігі, зиянды заттардың шығарылуын азайту, қозғалыс жылдамдығын ұлғайту және кептелістерді жою болып табылады. Сонымен бірге, қала үшін денсаулық сақтау, білім беру және коммуналдық қызметтер салаларында бірқатар smart- шешімдер іске асырылды: Болашақтың мектебі — бүгін, e-жылдам жәрдем, smart LED, smart- су құбыры, 3D орталық.
  • 32. 30 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz Мемлекет-жеке меншік әріптестік 7 Мегаполистің сапалы жоғары технологиялы әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымының нысандарындағы өсіп жатқан мұқтаждықтар жағдайында әлеуметтік- маңызы бар жобалардың тиімді іске асырылуы тек мемлекет пен инвестордың өзара тиімді ынтымақтастығының жағдайларында ғана мүмкін болады. Келесі жобалар мемлекеттік-жеке әріптестік нобайы бойынша іске асыру үшін басым болып табылады: • жаңа автобекеттерді салу және пайдалану; • қалада автопаркингтерді салу және пайдалану; • мектепке дейінгі мекемелерді салу және пайдалану; • қала маңындағы аймақтарда дәрігерлік амбулаториялар салу және пайдалану. Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру мектепке дейінгі мекемелерде орындардың жетіспеушілігін азайтуға, елорданың қала маңындағы аймақтарда медициналық қызметтердің сапасын арттыруға, қалада тұрақ орындарының тапшылығын едәуір азайтуға және жұмыс істеп тұрған автобекеттің жұмысын айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді.
  • 33. 31Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz Қол жеткізген табыстар8 «Локомотив құрастыру зауыты» — американдық General Electric технологиясы бойынша Evolution локомотивтерін жинау зауыты • Жоба құны: 16,7 млрд теңге • Өндіріс қуаттылығы: жылына 100 тепловоз. «Тұлпар Тальго» — испандық Talgo технологиясы бойынша жолаушылар вагондарын шығару зауыты • Жоба құны: 8,6 млрд теңге • Өндіріс қуаттылығы: жылына 150 вагон. «Электровоз құрастыру зауыты» — Alstom технологиясы бойынша электровоздарды шығару зауыты • Жоба қатысушылары: «Қазақстан темiр жолы» ҰК, Alstom (Франция), «ТрансМашХолдинг» (Ресей). • Жоба құны: 9,5 млрд теңге • Жоба қуаттылығы: жылына 100 секция. «Еврокоптер Казахстан Инжиниринг» — ЕС 145 маркалы тікұшақтарды жинау және қызмет көрсету зауыты • Жоба құны: 1,8 млрд теңге • Жоба қуаттылығы: жылына 12 тікұшаққа дейін. «AstanaSolar» — фотоэлектр модульдерін өндіру зауыты • Жоба құны: 5,5 млрд теңге • Жоба қуаттылығы: 100 МВт дейін. «METRO» көтерме сауда орталығы • Жоба құны: 3 млрд теңге • Ассортименті: тауарлардың шамамен 30 000 атауы. «Хан Шатыры» сауда-ойын-сауық орталығы» • Жоба құны: 140 млн АҚШ доллары • Жалпы алаңы: 127 000 шаршы метр. «ҚР Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы • Жоба қатысушылары: «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК, EADS Astrium (Франция) • Жоба құны: 68 млрд теңге • Жоба қуаттылығы: жоғары шешімді ғарыш аппаратын (ҒА) түсіру — тәулігіне 220 000 шаршы км, орташа шешімді ҒА — тәулігіне 1 000 000 шаршы км.
  • 34. 32 Инвестордың жол сілтеушісі: Астана қаласы www.investinastana.kz Байланыстар Астана қаласының әкімдігі Бейбітшілік көшесі, 11, Астана қ., Қазақстан Республикасы Астана қаласы әкімдігінің байланыс-орталығы: Тел.: + 7 7172 556 655 www.astana.gov.kz «„Астана — жаңа қала“ АЭА әкімшілендіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі Достық көшесі, 13 Астана қ., Қазақстан Республикасы Тел.: + 7 7172 703 303 Факсы: + 7 7172 703 248 www.sez.astana.kz «Астана Innovations» АҚ жанындағы Инвесторларға қызмет көрсету орталығы Достық көшесі, 13 Астана қ., Қазақстан Республикасы Тел.: + 7 7172 578 985 + 7 7172 578 986 + 7 7172 578 987 www.ain.kz «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу жөніндегі дирекция» ЖШС Қабанбай батыр даңғылы, 33 Астана қ., Қазақстан Республикасы Тел.: + 7 7172 277 807 + 7 7172 277 816
  • 35.
  • 36. Бұл жарияланымға және оны пайдалануға барлық құқықтар Астана қаласының әкімдігіне тиесілі. Осы жарияланымды EY компаниясының қатысуымен Астана қаласының әкімдігі дайындады. Осы жарияланымда қамтылған ақпарат тек жалпы танысуға ғана арналған, осыған орай ол кәсіби пікірді білдіру үшін негіз бола алмайды. Осы жарияланымда пайдаланылған мәліметтер мен нақты деректерді «Астана Innovations» АҚ-ның жанындағы Инвесторларға қызмет көрсету орталығы ұсынды. Осы жарияланымда берілген Астана қаласының фотосуреттерін осы жарияланым үшін EY компаниясы ұсынған. Басқа фотоматериалдарды «Астана Innovations» АҚ жанындағы Инвесторларға қызмет көрсету орталығы ұсынды. EY компаниясы бұл жарияланымда қамтылған мәліметтердің негізінде жасалған әрекеттердің немесе әрекет етуден бас тартудың нәтижесінде қандай да бір тұлғаларға келтірілген шығындар үшін ешқандай жауапкершілік көтермейді. EY компаниясы туралы қысқаша ақпарат EY аудит, салық салу, мәмілелерге ілеспе қызмет көрсету және кеңес беру саласында халықаралық көшбасшы болып табылады. Біліміміз бен қызмет көрсету сапамыз әлемнің түрлі елдеріндегі капитал нарықтары мен экономикаға қатысты қоғамның сенімін арттыруға көмектеседі. Біз үздік көшбасшыларды дайындаймыз, солардың басшылығымен біздің ұжымымыз өз мойнына алған міндеттемелерді әрдайым орындайды. Осылайша, біз қызметкерлеріміздің, клиенттеріміздің және бүтін қоғамның игілігі үшін іскерлік ортаны жақсарту ісіне айтарлықтай үлесімізді қосамыз. EY атауы ғаламдық ұйымға жатады және әрқайсысы жеке заңды тұлға болып табылатын, Ernst Young Global Limited құрамына кіретін бір немесе бірнеше компанияға жатуы мүмкін. Ernst Young Global Limited — Ұлыбританияның заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға, — оның қатысушыларының кепілдіктерімен шектелген компания болып табылады және клиенттерге қызмет көрсетпейді. Толығырақ ақпарат ey.com сайтында берілген.