SlideShare a Scribd company logo
1 of 8
ДӘРІС 32
Электрондық пошта. Жалпы желі
ұғымы.
Жалпы желі - бүкіл әлемдегі компьютерлерді
байланыстырады және ол Интернет деп аталады.
Бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлерде қаншама
ақпараттар сақталған десеңізші? Интернеттен әлемнің
барлық тілінде жазылған кез-келген акпаратты табуға
болады. Мұражайларды, кітапханаларды қарауға,
қашықтан оқытуға, қажетті тауарды сатып алуға,
виртуальды турларға қатысуға болады және т.б.
Интернеттегі беттерді қарауға арналған шолушылар
немесе сілтеушілер деп аталатын арнайы бағдарламалар
бар. Олардың ішінде бүкіл әлемде көп қолданылатын -
Іпtегпеt Ехрloгег
Интернеттегі бетті қарау үшін оның адресін
енгізу қажет. Бір беттен екінші бетке өту сілтеме
(гиперссылка) арқылы орындалады. Мәтін, сурет,
фотосуреттер сілтеме (гиперссылка) бола алады.
Сілтеме(гиперссылка) бар екенін қалай білуге болады?
Тышқанның меңзерін мәтінге, суретке немесе
фотосуретке әкелген кезде сілтеме (гиперссылка) бар
жерде, тышқанның бағыттауышы бас бармақ созылған
саусақты қолдың суретіне ауысады.
Сілтеме (гиперссылка) бойынша бір беттен басқа бетке
өту үшін төмендегі әрекеттерді орындаймыз:
 Сілтемеге келіп тышқанның сол батырмасын
басамыз
 Беттің жүктелуін тосамыз
 Жүктелу кезінде оң жақ жоғарғы бұрыштағы
глобус айналып тұрады, ал төменгі жағында
жүктеу индикаторы пайда болады.
Электрондық байланыс ақпаратты тарату үрдісін
жылдамдатты. Телефон, пейджер, ұялы телефондар және
компьютерлердің пайда болуы ақпаратты тарату үрдісін
тездетті.
Электрондық пошта арқылы мәтіндік,
графиктік, дыбыстық, бейнелік ақпараттарды жіберуге
болады. Электрондық пошта өте жылдам жұмыс істейді.
Әлемнің кез-келген нүктесінен хатты санаулы
минуттарда немесе секундтарда алуға болады.
Электрондық поштадағы хаттарды компьютерді іске
қосып, пошталық серверге қосылу арқылы оқи аламыз.
Электрондық хаттар жазу және оқуға арналған
бағдарламалардың бірі - Оutlоок Ехргеss
Электрондық поштаның стандартты пошталық
бумалары алынған және жіберілетін хаттарды сақтау
үшін қолданылады.
Кіретіндер (Входящие). Бұл бумаға барлық
қабылданған хабарлар орналасады.
Шығатындар (Исходящие). Жазылған және
жіберілген хаттар осы бумада орналасады.
Өшірілгендер (Удаленные). Кез-келген бумадан
өшірілген хаттар осы бумаға келіп орналасады.
Жіберілгендер (Отправленные). Шығатындар
бумасынан жіберілгендердің көшірмесі осы бумаға келіп
орналасады.
Шимай дәптерлер (Черновики). Егер жазылған
хат әлі жіберуге дайын болмаса да оны жабуға болады,
және ол Шимай дәптерлер (Черновики) бумасында
сақталады. Келіп түскен хаттармен не істеуге болады.
Келген хабарды бірінші белгілеп одан кейін әргүрлі
әрекеттерді орындауға болады.
Принтер арқылы қағазға басып шығару. Файл -
Печатъ - ОК командасын орындау арқылы
Жауап беру. Хат жолдаушыға және осы хатты
алғандардың әрқайсысына жауап жазуға, хабарды басқа
қабылдаушыға жіберуге болады.
Сақтау (Сохранить как). Таңдалған хабарды сақтауға
болады, ол үшін Файл -Сохранитъ как командасын
орындаймыз.
Кейде поштаға хаттар ішіне салынған
файлдармен келеді. Олар өте үлкен мәтіндік файлдар,
графиктік кескіндер, дыбыс және бейнелік ақпараттар
болуы мұмкін. Егер кабылданған хатта ішіне салынған
файл бар болса, онда оның тақырыбында кішкентай
түйреуіштің суреті керсетіледі.
Ішіне салынған файлдарды сақтау үшін Файл -
Сохранитъ вложения немесе Файл -Сохранитъ
вложения - Все командаларын орындаймыз сол кезде
бекітілген файлды сақтайтын буманы таңдау терезесі
пайда болады.
Жаңа хат жазу немесе жіберу үшін оны жіберетін
мекен жайдың адресін білу керек.
Хат жазу үшін құралдар тақтасындағы Создатъ
сообщение батырмасын басамыз немесе Сообщение -
Создатъ командасын орындаймыз. Одан кейін адресін,
такырыбын, хаттың мәтінін жазамыз, түйреуіштің
суретіне басу арқылы қажетінше файлдар коямыз.
Хатты жіберу үшін құралдар тақтасындағы
Отправитъ сообщение батырмасына басамыз немесе
Файл - Отправитъ командасын орындаймыз.

More Related Content

More from Jax38

дәріс 33, қорытынды сынақ
дәріс 33, қорытынды сынақдәріс 33, қорытынды сынақ
дәріс 33, қорытынды сынақJax38
 
дәріс 29
дәріс 29дәріс 29
дәріс 29Jax38
 
дәріс 28
дәріс 28дәріс 28
дәріс 28Jax38
 
дәріс 28
дәріс 28дәріс 28
дәріс 28Jax38
 
дәріс 27
дәріс 27дәріс 27
дәріс 27Jax38
 
дәріс 26, сынақ жұмысы
дәріс 26, сынақ жұмысыдәріс 26, сынақ жұмысы
дәріс 26, сынақ жұмысыJax38
 
дәріс 25
дәріс 25дәріс 25
дәріс 25Jax38
 
дәріс 24
дәріс 24дәріс 24
дәріс 24Jax38
 
дәріс 23
дәріс 23дәріс 23
дәріс 23Jax38
 
дәріс 22
дәріс 22дәріс 22
дәріс 22Jax38
 
дәріс 21
дәріс 21дәріс 21
дәріс 21Jax38
 
дәріс 20
дәріс 20дәріс 20
дәріс 20Jax38
 
дәріс 18
дәріс 18дәріс 18
дәріс 18Jax38
 
дәріс 17
дәріс 17дәріс 17
дәріс 17Jax38
 
дәріс 16, сынақ жұмысы
дәріс 16, сынақ жұмысыдәріс 16, сынақ жұмысы
дәріс 16, сынақ жұмысыJax38
 
дәріс 14
дәріс 14дәріс 14
дәріс 14Jax38
 
дәріс 13
дәріс 13дәріс 13
дәріс 13Jax38
 
дәріс 12
дәріс 12дәріс 12
дәріс 12Jax38
 
дәріс 11
дәріс 11дәріс 11
дәріс 11Jax38
 
дәріс 10
дәріс 10дәріс 10
дәріс 10Jax38
 

More from Jax38 (20)

дәріс 33, қорытынды сынақ
дәріс 33, қорытынды сынақдәріс 33, қорытынды сынақ
дәріс 33, қорытынды сынақ
 
дәріс 29
дәріс 29дәріс 29
дәріс 29
 
дәріс 28
дәріс 28дәріс 28
дәріс 28
 
дәріс 28
дәріс 28дәріс 28
дәріс 28
 
дәріс 27
дәріс 27дәріс 27
дәріс 27
 
дәріс 26, сынақ жұмысы
дәріс 26, сынақ жұмысыдәріс 26, сынақ жұмысы
дәріс 26, сынақ жұмысы
 
дәріс 25
дәріс 25дәріс 25
дәріс 25
 
дәріс 24
дәріс 24дәріс 24
дәріс 24
 
дәріс 23
дәріс 23дәріс 23
дәріс 23
 
дәріс 22
дәріс 22дәріс 22
дәріс 22
 
дәріс 21
дәріс 21дәріс 21
дәріс 21
 
дәріс 20
дәріс 20дәріс 20
дәріс 20
 
дәріс 18
дәріс 18дәріс 18
дәріс 18
 
дәріс 17
дәріс 17дәріс 17
дәріс 17
 
дәріс 16, сынақ жұмысы
дәріс 16, сынақ жұмысыдәріс 16, сынақ жұмысы
дәріс 16, сынақ жұмысы
 
дәріс 14
дәріс 14дәріс 14
дәріс 14
 
дәріс 13
дәріс 13дәріс 13
дәріс 13
 
дәріс 12
дәріс 12дәріс 12
дәріс 12
 
дәріс 11
дәріс 11дәріс 11
дәріс 11
 
дәріс 10
дәріс 10дәріс 10
дәріс 10
 

дәріс 32

  • 1. ДӘРІС 32 Электрондық пошта. Жалпы желі ұғымы.
  • 2. Жалпы желі - бүкіл әлемдегі компьютерлерді байланыстырады және ол Интернет деп аталады. Бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлерде қаншама ақпараттар сақталған десеңізші? Интернеттен әлемнің барлық тілінде жазылған кез-келген акпаратты табуға болады. Мұражайларды, кітапханаларды қарауға, қашықтан оқытуға, қажетті тауарды сатып алуға, виртуальды турларға қатысуға болады және т.б. Интернеттегі беттерді қарауға арналған шолушылар немесе сілтеушілер деп аталатын арнайы бағдарламалар бар. Олардың ішінде бүкіл әлемде көп қолданылатын - Іпtегпеt Ехрloгег
  • 3. Интернеттегі бетті қарау үшін оның адресін енгізу қажет. Бір беттен екінші бетке өту сілтеме (гиперссылка) арқылы орындалады. Мәтін, сурет, фотосуреттер сілтеме (гиперссылка) бола алады. Сілтеме(гиперссылка) бар екенін қалай білуге болады? Тышқанның меңзерін мәтінге, суретке немесе фотосуретке әкелген кезде сілтеме (гиперссылка) бар жерде, тышқанның бағыттауышы бас бармақ созылған саусақты қолдың суретіне ауысады.
  • 4. Сілтеме (гиперссылка) бойынша бір беттен басқа бетке өту үшін төмендегі әрекеттерді орындаймыз:  Сілтемеге келіп тышқанның сол батырмасын басамыз  Беттің жүктелуін тосамыз  Жүктелу кезінде оң жақ жоғарғы бұрыштағы глобус айналып тұрады, ал төменгі жағында жүктеу индикаторы пайда болады.
  • 5. Электрондық байланыс ақпаратты тарату үрдісін жылдамдатты. Телефон, пейджер, ұялы телефондар және компьютерлердің пайда болуы ақпаратты тарату үрдісін тездетті. Электрондық пошта арқылы мәтіндік, графиктік, дыбыстық, бейнелік ақпараттарды жіберуге болады. Электрондық пошта өте жылдам жұмыс істейді. Әлемнің кез-келген нүктесінен хатты санаулы минуттарда немесе секундтарда алуға болады. Электрондық поштадағы хаттарды компьютерді іске қосып, пошталық серверге қосылу арқылы оқи аламыз. Электрондық хаттар жазу және оқуға арналған бағдарламалардың бірі - Оutlоок Ехргеss Электрондық поштаның стандартты пошталық бумалары алынған және жіберілетін хаттарды сақтау үшін қолданылады.
  • 6. Кіретіндер (Входящие). Бұл бумаға барлық қабылданған хабарлар орналасады. Шығатындар (Исходящие). Жазылған және жіберілген хаттар осы бумада орналасады. Өшірілгендер (Удаленные). Кез-келген бумадан өшірілген хаттар осы бумаға келіп орналасады. Жіберілгендер (Отправленные). Шығатындар бумасынан жіберілгендердің көшірмесі осы бумаға келіп орналасады. Шимай дәптерлер (Черновики). Егер жазылған хат әлі жіберуге дайын болмаса да оны жабуға болады, және ол Шимай дәптерлер (Черновики) бумасында сақталады. Келіп түскен хаттармен не істеуге болады. Келген хабарды бірінші белгілеп одан кейін әргүрлі әрекеттерді орындауға болады.
  • 7. Принтер арқылы қағазға басып шығару. Файл - Печатъ - ОК командасын орындау арқылы Жауап беру. Хат жолдаушыға және осы хатты алғандардың әрқайсысына жауап жазуға, хабарды басқа қабылдаушыға жіберуге болады. Сақтау (Сохранить как). Таңдалған хабарды сақтауға болады, ол үшін Файл -Сохранитъ как командасын орындаймыз. Кейде поштаға хаттар ішіне салынған файлдармен келеді. Олар өте үлкен мәтіндік файлдар, графиктік кескіндер, дыбыс және бейнелік ақпараттар болуы мұмкін. Егер кабылданған хатта ішіне салынған файл бар болса, онда оның тақырыбында кішкентай түйреуіштің суреті керсетіледі.
  • 8. Ішіне салынған файлдарды сақтау үшін Файл - Сохранитъ вложения немесе Файл -Сохранитъ вложения - Все командаларын орындаймыз сол кезде бекітілген файлды сақтайтын буманы таңдау терезесі пайда болады. Жаңа хат жазу немесе жіберу үшін оны жіберетін мекен жайдың адресін білу керек. Хат жазу үшін құралдар тақтасындағы Создатъ сообщение батырмасын басамыз немесе Сообщение - Создатъ командасын орындаймыз. Одан кейін адресін, такырыбын, хаттың мәтінін жазамыз, түйреуіштің суретіне басу арқылы қажетінше файлдар коямыз. Хатты жіберу үшін құралдар тақтасындағы Отправитъ сообщение батырмасына басамыз немесе Файл - Отправитъ командасын орындаймыз.