• Share
  • Email
  • Embed
  • Like
  • Save
  • Private Content
Антикоррупция
 

Антикоррупция

on

  • 5,038 views

 

Statistics

Views

Total Views
5,038
Views on SlideShare
4,995
Embed Views
43

Actions

Likes
0
Downloads
49
Comments
0

1 Embed 43

http://eko.edu.kz 43

Accessibility

Categories

Upload Details

Uploaded via as Microsoft PowerPoint

Usage Rights

© All Rights Reserved

Report content

Flagged as inappropriate Flag as inappropriate
Flag as inappropriate

Select your reason for flagging this presentation as inappropriate.

Cancel
  • Full Name Full Name Comment goes here.
    Are you sure you want to
    Your message goes here
    Processing…
Post Comment
Edit your comment

    Антикоррупция Антикоррупция Presentation Transcript

    • ҚР-ның “ Жемқорлық туралы ” Заңына сәйкес білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың жолдары Сулейменова Х. К .
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж. 2 шiлдедегі №267- 1 Заңы - 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Заңның мақсаты 1. Осы Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi. 2. Осы Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған.
    • Сыбайлас жемқорлықпен күрестің мақсаттары мен міндеттері
      • 4.1 Азаматтардың заңды мүдделері мен еркіндіктерін, құқықтарын сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету.
      • 4.2 Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жол бермеу жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру.
      • 4.3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттердің формаларын,әдістері мен құралдарын оңтайландыру.
      • 4.4 Азаматтық құқық құрылымдарымен өзара әрекет жасау.
      • 4.5 Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында халықаралық ынтымақтастығын кеңейту және жандандыру.
      •  
    •  
    •  
    • Елбасымыз айтқандай :
      • «Жемқо р лық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күрес қылмыскерлерді жазалау жөніндегі табанды шаралар ғана емес. Бұл – мемлекет пен қоғамның күнделікті жұмысының біртұтас кешені» екендігі анық.
    • « Сыбайлас жемқорлықпен күрес заман талабы »
      • Сыбайлас жемқорлықты елде орын алып отырған жалпы саяси , әлеуметтік және экономикалық проблемалардың салдары деуге болады . Ол, әдетте, қоғамның жаңару кезеңінде бой көтереді. Ал ,ондай кезеңді бастан кешіріп отырғанымыз рас. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің батыл шараларын қабылдамасақ оның криминалдық, экономикалық және әлеуметтік проблемадан саяси проблемаға айналып, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіруі мүмкін. Президент Н.Назарбаев Қазақстанның әлемнің ең бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену бағдарламасын ұсынды, онда сыбайлас жемқорлықпен күрестің жалпы ұлттық бағдарламасын дәйекті түрде жүзеге асыру керектігіне баса назар аударды.
    • « Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті»
      • Сыбайлас жемқорлыққа тән белгі лауазымды адамның әрекеті мен оған жұмыс берушінің мүдделері арасындағы немесе таңдап алынған тұлғаның әрекеті мен қоғам мүдделерінің арасындағы қайшылық болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың көптеген түрлері лауазымды адам жасаған алдау - арбауға ұқсайды және мемлекеттік билікке қарсы жасалған қылмыстар қатарына жатады. Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті түрлері қылмыстық іске жатады. Ең алдымен бұған шашпалық және парақорлық жатады. Парақорлық сыбайлас жемқорлықтың бір түрі, бұл лауазымды тұлғаның жеке тұлғаға қандай да бір қызмет көрсетіп, соның өтеуі ретінде пайда табуымен сипатталады. Бұл ретте тек лауазымды тұлғаның пара алуы ғана емес, сонымен қатар пара берушінің заңсыз түрде сыйлық беруі де заңға қайшы әрекет болып табылады.
    • Тарихта сыбайлас жемқорлықтың пайда болуымен күресудің көптеген әдістері бар.
      • Біріншіден, заңды қатайтып және оның орындалуын қатаң қадағалау, сол арқылы жазалау қаупін күшейту .
      • Екіншіден, лауазымды адамдарға ережелер мен заңдарды бұзбай өздерінің кірістерін көбейтуге мүмкіндік беретін
      • Үшіншіден, нарық пен бәсекелестіктің рөлін күшейту, сол арқылы сыбайлас жемқорлықтан түсетін ықтимал пайданың көлемін азайту. экономикалық механизмдерді туғызу.
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық тәжірибені зерделеу мақсатында қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін көтеру бойынша халықаралық келісімдерді іске асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырылды.
      • Мемлекеттік қызметкерлерді сыбайластықпен күрес тақырыбында оқыту үшін арнайы оқу бағдарламаларын жасау бойынша Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясы 2009 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлық көрсеткішін анықтау, мемлекеттік қызметкерлердің этикасы мен тәртібін арттыру бойынша зерттеу» атты қолданбалы ғылыми-зерттеу бағдарламасын жасап, өндіріске енгізілуде. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі МемБасАка бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Стамбулдық іс-әрекет жоспарын орындау мақсатында 2009 жылы мемлекеттік қызметкердің жұмыстан қол үзбестен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды оқып-үйренулеріне мүмкіндік беретін мемлкеттік қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңдарға оқытудың 40 сағаттық бағдарламасын жасады.
    • Бұқаралық ақпарат құралдарындағы тұрақты шығатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы айдарлар саны
      • 398 дәрістер құрады, телеарналар мен радиоларда мемлекеттік органдар мен әкімдіктер 1576 бейне және дыбыс түсірілімдерін шығарды, олар азаматтық ұстаным мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған, БАҚ-та шамамен 4100 материалдың шығуы ұйымдастырылды Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері қоғамның және БАҚ өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған 9766-дан астам іс-шара өткізді.
    • Жемқорлық көп жайлаған сала ретінде қай сысын атар едіңіз?
      • білім
      • денсаулық
    • «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты кең көлемді акция
      • Осы акция азаматтар санатының – халықтың, жастардың, оқушылардың, мемлекеттік қызметкерлердің, кәсіпкерлердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың және БАҚ өкілдерімен тығыз өзара байланыста өткізілді. Бұдан басқа, Партиялық бақылау комитетінің бастамашылығы бойынша барлық жерлерде «Өзіңнен баста» атты акция өткізілді, оның барысында партия басшылары, оның филиалдары, сонымен қатар мемлекеттік органдардың басшылары, соның ішінде Агенттік басшылығы өз табыстары және мүліктері туралы мәліметтерін жариялады. Барлығы осы акция барысында жариялы түрде, баспасөз, интернет және телеарна арқылы 573 мемлекеттік органдардың және партия филиалдарының басшылары өз табыстары туралы  хабарлады.
    • . Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 10 нақты қадам
      • - Байланыссыз негізде емтихан алу.
      • - Барлық академиялық топтарда «Оқытушы студенттер көзімен» атты әлеуметтік сауалнама жүргізу, нақты шаралар қолдану және талдау.
      • - Әрбір жұмыс орнында сенім жәшіктерін орнату.
      • - Емтихандарға БАҚ, ЖІК, кәсіподақ комитетінің студенттік комитеттердің
      • Төтағалары қатысуы.
      • - Студенттердің ниеті бойынша оқытушы таңдау.
      • «Сыбайлас жемқорлықен қалай күресу керек» үгіт-насихат материалдары (брошюралар, буклеттер, плакаттар, күнтізбелер).
      • - «Парасыз емтихан » акциясы.
      • - Міндетті түрде жұмыс орындары қабырғаларына «Біз коррупцияға қарсымыз» атты плакаттар конкурсын өткізу.
      • - Барлық білім ұйымдарында құқық органдарының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңнамалар нормаларын түсіндіру.
      • - Оқу үрдісіне ықпалдастырылған интерактивтік білім порталы.
    • . ЖОО коррупция
      •  
      Оқу орындарындағы сыбайластыққа тұрақты төзуге болмайтындықты дамыту мақсатында сыбайластыққа қарсы тақырыптарда сабақтар енгізілуде . Тұрақты түрде қоғамның және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған лекциялар, семинарлар, «дөңгелек стөлдер», форумдар сияқты іс-шаралардың тұрақты түрде өткізілуде .
    • Сауалнама нәтижесі: мемлекеттік оқу орнының 40% студенті оқытушыларға пара берген МӘСЕЛЕ КОРРУПЦИЯДА ЕМЕС, ОҒАН ЖОЛ АШҚАН ЖҮЙЕДЕ ҒОЙ! !!
      • Жастар арасындағы тәрбие жұмысын үйлестірудің орталықтандырылған жүйесі жоқ.
      • 2008-2009 жылдардағы әлеуметтік сауалдың деректері бойынша жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастардың үлесі жастардың жалпы санының 22 %-ын құрайды.
      • Өкілді органдардағы жастар саясатының мәселелері бойынша шешімдерді қабылдауға қатысатын жастардың үлесі 1 %-ға жетпейді.
      • Әлеуметтік сауалдың нәтижелері респонденттердің 64 %-ы мемлекеттік жоғары оқу орындарын жемқорлыққа аса бейім деп санайды, 54 %-ы жоғары оқу орындарында жемқорлықтың деңгейін жоғары деп бағалайды, 28 %-ы дипломдарды «сатып алу» фактілерін көрсетеді.
      • Барлық балалар үшін өз құқықтарын толығымен пайдалану қамтамасыз етілмеген.
      • Одан басқа, білім саласында білім беру статистикасы мәліметінің біртұтас базасы жоқ. Білім берудің мемлекеттік статистика нысандарында кең жарияланымдар жоқ, біріктірілмеген, олар бойынша терең талдау жоқ әрі қоғамның көпшілігіне қолжетімсіз. Білім берудің ұлттық статистикасының көрсеткіштері халықаралық статистиканың талаптарына сай емес.
      • Осылайша, білім берудегі ахуалды талдау мыналарды көрсетеді.
      • Күшті жақтары:
      • білімді дамытудың нақты айқындалған басым бағыттары;
      • мектепке дейінгі және орта білім объектілері желісінің ұлғаюы;
      • білім берудің әрбір деңгейі бойынша ұлттық және республикалық орталықтардың болуы;
      • қазақстандық білім беру құрылымының Білім берудің халықаралық стандарты жіктеуішімен сәйкестігі;
      • техникалық және кәсіптік білімді қайта құрылымдау;
      • Ұлттық білім беру сапасын бағалау жүйесінің қызмет етуі;
      • TIMSS ­– 2007 халықаралық зерттеуіндегі жоғары көрсеткіштер;
      • Еуропалық білім беру кеңістігіне кіру.
      •  
      • Әлсіз жақтары:
      • бі л ім беруді қаржыландырудың жеткіліксіздігі;
      • педагог кәсібі мәртебесінің төмендігі;
      • педагог кадрларды даярлау сапасының жеткіліксіздігі;
      • жоғары білікті педагог кадрлардың тапшылығы;
      • балалар құқықтарын қорғау мамандарының саны жеткіліксіз;
      • білім берудегі менеджменттің нашар дамуы;
      • білім беру саласында мемлекеттік – жеке-әріптестік жүйесі толық дамымаған;
      • білім беруді ақпараттандырудың нашар дамуы;
      • білім беру статистикасы халықаралық стандарттарға сәйкес емес және білім алушыларға қолжетімсіз;
      • мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен төмен қамтылуы;
      • жалпы орта және жоғары білім мазмұнының бірігуінің жоқтығы;
      • білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының нашарлығы;
      • ШЖМ ұсынатын білім беру қызметтері сапасының нашарлығы;
      • инклюзивті білімнің нашар дамуы;
      • ұлттық біліктілік жүйесінің жоқтығы;
    • Заңды қолдану аясы
      • Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы Қазақстан Республикасының барлық аумағында жеке және заңды тұлғалардың барлығына қатысты жұмыс істейді. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының азаматтарына, егер басқа жағдай халықаралық келісім-шартта қарастырылмаса Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаларына қатысты жұмыс істейді.
    • ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БОЙЫНША ШАРАЛАР
      • мемлекеттік университетінде жеке оқу орны аясында жоғары білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жасау бойынша белсенді жұмыстар атқару. білім жүйесіндегі басшылар, бұл мәселені үнемі бақылауда ұстайды.
      • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер мәселесі ғылыми кеңестің күн тәртібіне шығарылып әртүрлі мәжілістерде қаралады. ОО-ның бірінші басшылары барлық қызметкер-оқытушылар құрамымен үнемі кездесу өткізіп, жиналыстарда сыбайлас жемқорлыққа байланысты мәселелер көтереді. Білім жүйесіндегі Басшылар әрбір құрылымыдық бөлмішесінде тәрбие жұмысы жоспарын әзірлеп, оған міндетті түрде құқықтық тәрбиесі бойынша тармақтар енгізіледі, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылып білім алушылардың өнегелілік тәрбиесіне басты назар аударылады.
    • парақорлардың санын қысқарту үшін қандай шараларды қолдану қажет деп ойлайсыз? 1 ар – намыс кодексі талаптарының орындалуын қадағалау 2 тәртіптік комиссияның .б. 3 қоғамдық кеңестің , және т.б.
    • Кез-келген адам білу керек:
      • сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық пен күрестің нормативтік-құқықтық базасын;
      • сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылу тәртібі және санкциялар;
      • сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және жол бермеу;
      • алған білімдерін практикада қолдана білу;
      • сыбайлас жемқорлыққа байланысты әртүрлі іс-әрекеттерге қарсы шығу.
    • – Қаржыны талан-таражға салып, елден тайып тұратын топ-менеджерлердің әрекеттерін біз сыбайлас жемқорлықты жойғанда ғана ауыздықтай аламыз. Жемқорлықтың 80 пайызы мемлекеттік сатып алу саласында орын алып отыр.
      • Шетелдерде мемлекеттік сатып алулар екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады. Бізде әлі күнге дейін бұл жүйеге көшірілмеген. Жақында қаржы министрі Болат Жәмішев мырза осы саладағы жемқорларды тыю үшін мемлекеттік сатып алуларды электронды жүйеге көшіреміз дегенді айтып қалды.
      • Меніңше, қулықтарына құрық бойламайтын жемқорлар мен қаржыны оңды-солды шашатын топ-менеджерлерді бұл арқылы тұқырта алмаймыз. Сонымен қатар құқық қорғау органдарының жұмысын жандандыру қажет. Міне, осы екі мәселе реттелсе, қаржыны талан-таражға салу белгілі бір мөлшерде азаяр еді.
      •  
    • «Біз коррупцияға қарсымыз»
      • Елбасы “Сыбайласқан қылмысқа қарсы күрес” форумында “Мемлекетіміздің экономикалық өсуіне және саяси тұрақтылығына қауіп төндіретін күш –ол жемқорлық” деп баса атап өтті. Осы форумда Н.Назарбаев әрбір тапсырылған ведомствоның басшысы коррупцияның жай – күйіне, індетпен күресуіне жауапты екенін қадап айтты.
      • Қазақ мемлекеті коррупцияның жолын кескен елдер ішінде
      • 120-орыннан 105-орынға жайғасты
      Барлық мемлекетт i к органдар мен лауазымды адамдар өз құзырет i шег i нде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүрг i зуге м i ндетт i
    • ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы  
      • Барлығы соңғы екі жылдаң ішінде қылымыстық жауапқа 40-қа жуық республика деңгейіндегі басшылар, 250 облыстық және қалалық масштабтағы сондай-ақ 39 әкім мен олардың орынбасарлары жауапқа тартылды.
      • Айналаны қорғау және денсаулық сақтау министрлері, статистика агенттігінің төрағасы, төтенше жағдайлар министрінің орынбасары, «Қазақстан Темiр жолы» компаниясының, «ҚазМұнайГаз», «Қазатомпром» компаниясының президентеріне қылмыстық іс қозғалды. 3 жылдың ішінде біздің еліміз дүниежүзілік жемқорлыққа қарсы күрес рейтингісі бойынша 45 орынға көтерілді.
      • Бұл жұмысты ары қарай да жалғастыра береміз.
    • . Баршаның заң және сот алдында теңдігі.
      • Бұл қағиданы сақтау және жүзеге асыру сыбайлас-жемқорлықпен күресте өте маңызды. Өкінішке қарай, заңнаманы таңдап қолдану өте жиі кездеседі, ондайда заң біреу үшін бар, басқалар үшін жоқ. Жеке соттар, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері сондай-ақ сыбайлас-жемқорлыққа беттелген.
      • Бұл қағиданың сақталуының кепілі азаматтардың өздерінің белсенділігі болып табылады—сыбайлас-жемқорлық үдерістерді БАҚ-та жариялау, оның ішінде БАҚ, бұқара өкілдерінің сот үдерістерінде болуы; өтініштерді прокуратураға, экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттікке және басқа құқық қорғау органдарына беру.
    • Қандай мемлекеттік органдар сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметті жүзеге асыра алады?
      • Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, болдырмау, алдын алу және өз құзыреті шеңберінде оларды жасаған адамдарды жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және әскери полиция органдарымен жүзеге асырылады. Аталмыш органдардың лауазымды адамдары заңнама белгілеген мерзімде іс, материал, хаттама жіберген адамға немесе органға жазбаша сыбайлас-жемқорлық қылмыс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы көрсетіп-білдіру жіберуге , оларды қарағанның нәтижелер туралы хабарлауға тиіс.
      • Заңға сәйкес бұл органдар олардың құзырынан шығатын шаралар қабылдауға және жауапты мемлекеттік лауазымда отырған адамдардың жасаған сыбайлас-жемқорлық қылмысын анықтаған әр оқиға туралы құқық статистикасы және ақпарат органдарына дереу мәліметтер жіберуге міндетті.
      • ҚР ҚПК 380 бабы қарастырған қылмыстар туралы қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғаған ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік немесе қаржы полициясы органымен жасалады. Сыбайлас-жемқорлықпен байланысты қылмысты анықтау, ашу, жібермеу және алдын алу мақсатында жедел-іздестіру және басқа қызмет, сондай-ақ заң белгілеген тәртіпте заңға қайшы табылған мүлікті заңдастыруға жол бермеу мақсатында қаржы бақылауының арнайы шараларын қолдану ҚР 1994 жылғы 15 қыркүйектегі “Жедел-іздестіру қызметі туралы” Заңына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
    • Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе соларға теңестiрiлген адамдардың мынадай: 1) басқа мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың қызметiне заңсыз араласу; 2) аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға байланысты мәселелердi шешу кезiнде өздерiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн пайдалану; 3) мемлекеттік ұйымдарға және жарғылық капита­лындағы мемлекеттің үлесі кемінде отыз бес процент болатын ұйымдарға, сондай-ақ жарғылық капи­талындағы мемлекеттің үлесі ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық хол­дингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық компанияларға берілген ұйымдарға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына мемлекеттік қызметке кіретін және қызметін жоғарылататын кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық;); 4) Шешiм дер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғалар ға заңсыз артықшылық көрсету ; 5) кiмге болса да табыс алуға байланысты кәсiпкерлiк және өзге де қызметтi жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем көрсету ;
    • 6) мемлекеттiк мiндеттерiн атқару кезiнде алынған ақпаратты, егер ол ресми жариялауға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерге пайдалану 7) берiлуi заңдарда көзделген ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға беруден негiзсiз бас тарту, оны кешiктiру, бұрыс немесе толық емес ақпарат беру; 8) жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуi заңдарда көзделмеген ақпаратты бұл тұлғалардан талап ету; 13) кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу, сондай-ақ оған бақылау жасау өкiлеттiгiн сондай қызметтi жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғаларға беру; 11) жоғары тұрған ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтар тарту және қызметтен тыс қызмет көрсету ; 12) жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда көрiнеу кедергi жасау; 10) жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзу; 9) мемлекеттiк қаржы ресурстары мен материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың сайлау қорына беру; 14) қызметi немесе жұмысы жөнiнен жоғары немесе төмен тұрған не өздерiмен өзге де түрде тәуелдi лауазымды адамдармен ақша немесе өзге де мүлiк салынатын сипаттағы құмар ойындар ойнауға қатысу әрекеттерi сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып табылады.
    • 7-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдарға тиiспеушiлiк кепiлдiктерi
      • 1. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетiн адам мемлекеттiң қорғауында болады. 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адам туралы ақпарат мемлекеттiк құпия болып табылады және осы Заңның 6-бабының 2 және 4-тармақтарында аталған органдардың немесе соттың сұратуы бойынша заңда белгiленген тәртiппен ғана табыс етiледi. Бұл ақпаратты жария ету заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады. 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фак­тісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адам Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көтермеленеді.
      • 3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi. 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді 4. Осы баптың ережелерi көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап беруге тиiс адамдарға қолданылмайды.
    • Тындағандарыңызға рахмет !!! Оқығандарыңызға рахмет !!! «Жемқорлық тетіктері жайламау үшін жағдай жасау керек»