Successfully reported this slideshow.
We use your LinkedIn profile and activity data to personalize ads and to show you more relevant ads. You can change your ad preferences anytime.

Түр оның белгілері және құрамы

3,722 views

Published on

Бұл тамаша презентация, слайдта түр және оның белгілері мен құрамы сипатталады

Published in: Education
  • Be the first to comment

Түр оның белгілері және құрамы

  1. 1. Түр оның белгілері және құрамы Орындаған: Ділдабек Т., Шахарбек Д. Сыныбы: 9 ҚӘ Қабылдаған: Шойбекова А.А.
  2. 2. Түр өлшемдері • Түр тірі ағзалар жүйесіндегі негізгі құрылымдық өлшем бірлігі болып табылады. Кезінде К. Линней (1735) негізін қалайтын еңбек жасағанымен күні бүгінге дейін бұл ұғымға жалпы мақұлданған ғылымда анықтама жоқ. Қазіргі замандағы көбірек қолданылатын түсінік мынау: түр- бұл сыртқы белгілері және тіршілік әрекеттерінің үдерістері бойынша ұқсас, біркелкі жағдайларға мұқтаж, белгілі аумақта топтасып - популяция түрінде мекендейтін және өзге түрлермен бұдан түзбейтін дарақтардың тобы. Былай да анықтама беруге болады:түр бұл төрт өлшем бойынша ұқсас дарақтар тобы. Сол өлшем бойынша тірі ағзалардың бір түрі екіншісінен, тіпті жақын туыстастарынан ерекшелендіріледі.
  3. 3. Анатомиялық - морфологиялық немесе жай ғана морфологиялық өлшем • Анатомиялық - морфологиялық немесе жай ғана морфологиялық өлшем • Бұл көпке дейін негізгі ғана емес, жалғыз ғана болып келген ең ежелгі өлшем. Атап айтқанда Карл Линней, оған дейінгі барлық ғалымдар және одан кейінгі бірнеше ұрпақтар сол өлшемді қолданып келді. Морфологиялық өлшем дегеніміз бұл сыртқы және ішкі құрылыстың ұқсастығы. Бір түрге жататын өсімдіктердің гүлі және өзге мүшелерінің құрылысы бірдей болады. Бір түр жануарлары сырттай ғана емес, іштей де ұқсас болып келеді. Олардың жүрегі, өкпесі,миы және өзге мүшелерінің құрылысы бірдей. • Бірақ, морфологиялық нышан түрді анықтауға жеткілікті болмай шықты. Тіпті XX ғасырдың өзінде-ақ егіз-түрлер деген табылды. Бұл сыртқы айырмашылықтары айқын білінбейтін жануарлар немесе өсімдіктердің мүлде дербес түрлері. Оларды салыстыру арқылы ажырату мүмкін емес.Мы
  4. 4. Физиологиялық-биохимиялық өлшем • Мұны көбінесе тек физиологиялық, кейде биохимиялық (тірі материяның химиялық құрамы) өлшем деп те атайды. Бұл өлшемді дарақтардың белгілі бір түрге тиесілігін анықтаған кезде оған биохимиялық талдау мен физиологиялық шамаластығын салыстыруды қолдану деп түсіндіріледі. Атап айтқанда егіз- түрлер осылай айқындалып, ажыратылды. Осы және генетиқалық өлшемді қолдану соңынан кейбір дербес түр деп есеп- телгендер біріктірілді.
  5. 5. Генетиқалық өлшем • Бүгінгі күні негізгі өлшем болып есептеледі.Бұл ұғымға хромосоманың мөлшері, саны мен пішіні, көбею және эмбриогенез мерзімі, тіпті күйттеу мінез-құлығының «жүру жолы», еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ бере алуы қамтылады. Жалпы алғанда көбеюге байланыстылардың барлығы енеді. Қазіргі түрлер атап айтқанда биологиялық жыныстың оқшаулану арқасында толық жүйеленген бірлік болып есептеледі. Жыныстық оқшаулану тетіктері өте көп. Ата тегі ортақ гүлді өсімдіктердің жақын туыстас түрлерінде тозандық түтікте тозаңдардың өну мерзімі ерекше болады. Соның нәтижесінде бөтен түрдің аталық жасушасы ұрықтық капшықка түскенге дейінжұмыртқажасуша қартаяды немесе өте жас болады да, бөтен тозаң кабық пішіні мен құрамында айырмашылық болғандықтан өне алмайды. Алайда адамсынақтәжірибелерінде бұл биологиялық кедергілерді жеңіп, тұраралық будандастыру нәтижесінде өсімдіктердің іріктемелерін шығаруға қол жеткізді. Жануарларда жыныстық кедергілердің әр алуан реңдерге, күйттеу кезеңіндегі мінез-құлыққа және хромосомалар құрылысындағы айырмашылықтарға байланысты болуы мүмкін.
  6. 6. • Егер тіпті жаңа тіршілік иесі - тұраралық будан пайда болса, бұл оның ұрпақ беруін көрсете алмайды. Жыныс жасушаларының ойдағыдай түзілуі үшін міндетті түрде ұқас хромосомалар арасындағы үлескілер алмасуынан етуі қажет. Тұраралық будандарда бұл болмайды, сондықтан жыныс жасушаларын түзбей, ұрықсыз (бедеу) қалады. Мәстек қашыр мен қарта қашыр тұраралық буданға айқын мысал бола алады. Бұлардың бір ата-енесі - есек, екіншісі - жылқы. Мұндай дарақтардық мөлшері орташа, өте төзімді, көп жұмыстар атқарады, өте қартайып, өледі. Алайда олардан ешқашан ұрпақ пайда болмайды. Өйткені жылқының хромосомалары есектід хромосомаларына ұқсамайды. Жылқының № 1 хромосомасы есектің № 1 хромосомасының түйірлерімен алмаса алмайды, өйткені олардың мөлшері және пішіні, сондай- ақ барлық қалған хромосомалар жұбы сәйкес келмейді.Түрді анықтау кезінде өлшемнің (критерий) қандай болса да біреуін ғана қолдануға болмайды. Тіпті бұл өлшем өте ежелгі (морфологиялық) болса да, негізгі (жыныстық) болса да пайдалануға келмейді. Бір ғана өлшемді пайдалану кезінде сөзсіз қателіктер кетеді. Түр иеленушілікті сенімді түрде анықтау үшін өлшемдер жиынтығының барлығын пайдалану қажет.
  7. 7. Эволюциялық-географиялық өлшем • Мұнда түрдің таралуы,оның таралу аймағы және дәл сол ағза мүдделігіндегі табиғи жағдайлар жиынтығы қамтылады. Түрлердің барлығы өзінің таралу сапасы бойынша 2 үлкен топка бөлінеді. Түрлердід бірі үлкен таралу аймағында орналасады және сонымен катар бұлар аумаққа біркелкі топтармен таралады. Сондай-ақ өзге түрлер таралу аймағы бірінен-бірі жеке оқшаулап, аумаққа бытыраңқы орналасады. Бұл нақтылы түрдің қалай пайда болып орнығуына тәуелді жайт. Бірақ тірі ағзалар аумаққа зерзаттар бойынша біркелкі таралады деп салыстыруға бол- майды. Кез келген түр табиғатта популяция - оқшауланған дарақтар тобы түрінде өмір сүреді.
  8. 8. Популяция •Популяция (лат. populus — халық, тұрғын халық) — белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын азғалар тобы.
  9. 9. Батыс Еуропадағы еуразиялық сілеусіндер популяциясына жойылу қауіпі төніп тұр
  10. 10. • Осы топтың популяция болып есептелуі үшін: тарихи қалыптасқан ареалы және үздіксіз өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайындаөзінің саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы; сол түрдің өзге топтарынан қандай да бір табиғи кедергілермен ажыратылып тұруы; бір немесе бірнеше экожүйенің құрамына кіріп, олардағы зат алмасу, энергия тасымалдау процестеріне қатысуы тиіс. Әр популяция өзіне ғана тән статиктикалық сипаттамалары (саны, тығыздығы, ареалы, орналасуы, жас ерекшелігі, жыныстық құрамы) және динамикалық сипаттамалары (саны мен тығыздығының уақытқа қатысты өзгеруі) бойынша ерекшеленеді. Популяцияның статиктикалық сипаттамалары популяцияның белгілі бір сәттегі күйін көрсетіп, өлшеу, санау арқылы қысқа мерзімде анықталады. Популяцияның динамикалық сипатамаларын анықтау ұзақ мерзімді (бір ұрпақ жаңаратындай) қажет етеді.
  11. 11. • Популяция санының динамикасы белгілі бір уақыт аралығындағы тірі ағзалардың өмірге келуі мен өлімі көрсеткіштерінің ара салмағы бойынша анықталады. Сондай- ақ, популяция санының өзгеруіне иммиграция және эмиграция процестері де әсер етеді. Популяция саны өсуінің біртіндеп тежелуі логистикалық теңдеу арқылы өрнектеледі. Әдетте, жануарлар мен өсімдіктер популяциясының саны біршама тұрақты болғанымен, олар әлсін-әлсін күрт өзгеріп отырады (мысалы, тоқалтіс тышқандар, леммингтер, т.б.). Кейбір жануарлардың (шегіртке,бөкендер, т.б.) санының немесе тығыздығының қауырт өсуі олардың қоныс аударуына әкеледі. Жануарлар популяцияларының саны мен тығыздығы күрделі мінез- құлықтық (аумағын белгілеу, қору, көші-қон), физиологиялық механизмдер арқылы (гормондар қызметі, стресс) және популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруі арқылы реттеліп отырады.
  12. 12. • Топтық бірігу ретіндегі популяция өзіне ғана тән қасиеттермен қатар әрбір жеке дарақтардың өзіне тән қасиеттерге де ие. Топтық ерекшеліктер дегеніміз - бұл популяциялардың негізгі сипаты. Оған мыналар жатады: • 1) жалпы есебі (сан) - бөлінген аумақтағы дарақтардың жалпы саны; • 2) тығыздық - популяция мекендеген кеңістіктің ауданына немесе көлеміне келетін дарақтардың орташа саны; • 3) өсімталдық - көбею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда болған жаңа дарақтар саны; • 4) өлім-жітім - белгілі уақыттың бір бөлігінде дарақтар популяциясында өлгендердің мөлшерін көрсететін көрсеткіш; • 5) популяция өсімі - туу мен өлім-жітім арасындағы айырма; өсімнің пайдалы да, пайдасыз да болуы мүмкін; • 6) өсу қарқыны - уақыт бірлігіндегі орташа өсім; • 7) жыныстық құрам — берілген популяциядағы еркек және әйел жынысты дарақтар арақатынасы; • 8) жас құрамы - бұл дарақтарды жасы бойынша бөліп тарату.[2] • Популяция терминін 1903 ж. Дания биологы В.Иогансен (1857 — 1927) енгізді. Эволюция заңдылықтарын, түрлердің пайда болуын зерттейтін ғалымдар популяцияны микроэволюциялық процестің ең шағын бірлігі ретінде қарастырса, ал экологтар популяцияны түр аралық әсерлесу мен өнімділік тұрғысынан зерттейді. Популяцияны зерттеудегі микроэволюциялық, генетикалық, экологиялық бағыттарды біріктіретін биологияның жаңа саласы — популяциялық биология қалыптасты. Жойылып кету қаупі төнген түрлерді сақтап қалу, зиянды түрлердің санын тежеу, экожүйе құрамына жаңа түрлерді енгізуде (интродукция) популяцияны зерттеудің маңызы зор.
  13. 13. • Популяция туралы түсінік әрбір түр белгілі бір аумақта - ареалда тіршілік етеді. Көбіне ареалдың әр жерінде орналасқан особьтар топтары бір-бірімен байланыса да алмай, шағылыса да алмай бөлектеніп өмір сүреді. Бұл топтардың саны түрдің санына, тарихи (филогенетикалық) жасына, ареалдың аумағына және басқа да себептерге байланысты. Популяция - тіршілік циклдары, морфологиялық белгілері ұқсас, генефондары ортақ особьтар жиынтығы. • «Популяция» ұғымы лат. populus - халық деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді алғаш рет дат генетигі В.Л.Иогансен қолданды. • «Популяция» ұғымы биологияда негізгі ұғымдардың бірі, ал популяцияны генетикалық, эволюциялық және экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстары ерекше бағытқа - популяциялық биологияға бірігеді. Популяциялық экология немесе демэкология осы бағыттың бір бөлігі болып табылады.
  14. 14. • Популяцияның генетикалық құрылымы - особьтардың әртүрлі дәрежедегі генетикалық әр түрлілігімен сипатталады. Популяция особьтарындағы гендердің жиынтығын генефонд деп, ал бір ағзаның хромосомасындағы бүкіл гендердің жиынтығын генотип деп атайды. Генетика тұрғысынан, популяция - генотиптер жиынтығы. • Генотип орта жағдайларымен өз ара әрекеттесіп фенотип түзеді- Фенотип - генотиптің орта жағдайларымен әрекетгесуі арқылы құрылатын особьтардың барлық белгілерімен қасиеттерінің (морфологиялық, физиологиялық және мінез- құлықтық) жиынтығы. • Вирустар мен микроағзалардан бастап жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарларға дейінгі тірі ағзалардың бәріне тән қасиет - мутацияға ұшырау мүмкіндігі. Мутация - табиғи немесе жасанды жолмен тұқым қуалайтын генетикалық материалдың өзгеруі нәтижесінде ағзаның кейбір белгілерінің өзгеруі. Популяцияның жастық құрылымы особьтардың барлық жас топтарын, оның ішінде ағзаның барлық даму стадиялары мен фазаларын қамтиды (мысалы, жәндіктердің қуыршақтары мен личинкалары, өсімдіктер өскіндері). • Жануарлар популяциясында үш экологиялық жасты бөледі: репродуктив алды (өндіруге дейінгі), репродуктивті (өндіруші) және репродуктив соңы (өндіруден кейін). Жалпы өмірінің ұзақтығына қатысты әрбір жастың ұзақтығы әр түрде әрқалай болады. Адамдарда әрбір жас тобына бүкіл өмірінің үштен бір бөлігі келеді. Ал көптеген өсімдіктер мен жануарларда алғашқы Жас тобы ұзақ болып келеді. • Өсімдіктердің тіршілік циклын 4 кезеңге біріккен 11 жастық күйге бөледі
  15. 15. • Популяцияның этологиялық (мінез-құлық) құрылымы - Жануарлар мінез-құлқы ерекшеліктерін этология ғылымы зерттейді, яғни, бір популяциядагы особьтардың бір-бірімен қарым-қатынасын популяцияның этологиялық немесе мінез-құлық құрылымы деп атайды. • Популяциядағы жануарлардың мінез-құлқы түрдің қалай: жеке тіршілік ете ме, әлде топтаньш тіршілік ете ме - соған байланысты. • Жеке тіршілік ету көптеген түрлерде, бірақ тіршілік циклының кейбір стадияларында ғана кездеседі. Түрдің өмір бойы жеке тіршілік етуі табиғатта кездеспейді. Өйткені онда негізгі функция - көбею болмайтын еді. Алайда кейбір бірге тіршілік ететін түрлерде өте әлсіз, сирек байланыс болады. Бұған мысал ретінде кейбір су жануарларын айтуға болады. Оларда ұрықтану сырттай жүреді (сегізаяқ). Ал кейбір іштей ұрықтанатын түрлерде де аталық және аналық особьтардың байланысы өте қысқа, теккопуляция (шағылысу) кезінде ғана болады (хан қызы, кейбір қоңыздарда, т.б.).
  16. 16. • Популяция динамикасы - популяциядағы даралардың сандық мөлшерін және оларды реттеудің механизмдерін зерттейтін популяциялық экологияның бөлімі. • Популяция динамикасының негізгі белгілеріне жататындар: • Популяцияның сандық мөлшері - белгілі бір аумақтағы немесе көлемдегі даралардың жалпы саны; • Популяция тығыздығы - белгілі бір жер аумағындағы немесе көлемдегі даралардың орташа саны; • Популяциядағы туылу саны - белгілі бір уақыт ішінде көбею нәтижесінде популяцияда пайда болған жаңа даралардың саны; • Популяциядағы өлу саны - белгілі бір кезеңдегі популяциядағы өлген даралар саны; • Популяция өсімі - популяциядағы даралардың туылуы мен өлуі арасындағы сандық айырмашылық; • Өсу қарқыны - белгілі бір уақыт ішіндегі популяциядағы орташа өсім. • Мұндай демографиялық белгілерді зерттеу популяция тіршілігінің заңдылықтарын, сәйкесінше жалпы экожүйедегі тұрақтылық негіздерін анықтауға мүмкіндік береді. • Популяцияның сандық мөлшері мен тығыздығы - популяцияның сандық сипаттамасын көрсететін негізгі көрсеткіштер.

×