Successfully reported this slideshow.
We use your LinkedIn profile and activity data to personalize ads and to show you more relevant ads. You can change your ad preferences anytime.

Блог бастаушыға арналған кеңестер

6,433 views

Published on

Бұл шағын кітапша жаңадан блог бастаушыға арналған кеңестерден тұрады. Кітапшаны әдістемелік құрал ретінде де пайдалануға болады.

Published in: Education

Блог бастаушыға арналған кеңестер

  1. 1. «МІНБЕР» ЖУРНАЛИСТЕРДІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ Жаңадан блогбастаушыға арналған кеңестер әдістемелік құралБ Л О Г Құрастырған Асхат Еркімбай Алматы – 2011 жыл 1
  2. 2. Бұл шағын кітапша блог жүргізуге қатысты бірнеше мақалалардан тұрады. Мақала авторлары блог жүргізудің қыр-сырларымен бөліседі. МАЗМҰНЫ Блог дегеніміз не?.................. 3-бет Блогосфера……………………………4-бет Блогкөпірлер……………………… 5-бет Блогты не үшін жүргізу керек?...................................... 6-бет Ықпал жасау…………………………8-бет Сәтті блог…………………………… 9-бет Блог жазбаның 10 қағидасы……………………………11-бет Мәтін жазуға арналған 10 кеңес………………………………….12-бет Әдеп..………………………………… 13-бет Блог қандай заңдарға бағынады?.............................15-бет Маңыздысы қайсы: мазмұн ба, орта ма?.................................17-бет Ең қарт блогшының өсиеті…………………………………19-бет Блогты насихаттау жолдары………………………………21-бет Блогқа не жазуға болады?.................................23-бет Электронды құралдар…..…………………………26-бет Жиі қолданылатын блог- терминдер…………………………28-бетБұл кітапша Қазақстандағы АҚШ елшілігінің грантыесебінен жарыққа шықты 2
  3. 3. Блог дегеніміз не?Веблог немесе өзінің қысқартылған нұсқасымен көпшілікке жақсырақтаныс блог дегеніміз не? Блог ретінде бір адам жазған жəй ғанаонлайн күнделік, сондай-ақ редакторлар командасы дайындаған тұтасбір вебсайт айтылуы мүмкін. Блогтардың көпшілігін бір ғана адамжазады жəне олар сол адамның достары немесе отбасы мүшелерінеарналады. Ал енді біреулері жаңалықтар мен сараптамалықмақалалардан құралған, көпшілік аудиторияға бағытталған баспасөзүні ретінде əрекет етеді. Кейбір блогтарды санаулы адам, ал келесі бірблогтарды күніне жүздеген, кейде тіпті мыңдаған оқырман қарайды.Блогтар əр түрлі қалыпта жəне түрлі көлемде болуына қарамастан,олардың басым бөлігіне тəн ортақ сипаттар бар:• Соңғы жазбалар беттің басында орналасқан кері хронологиялық рет• Бұрынғы жазбаларды қарауға мүмкіндік беретін мұрағаттың болуы• Енгізілген жазбалар бойынша оқырманның пікір білдіру мүмкіндігі• Əдетте «blogroll» (сілтемелер тізімі) деп аталатын өзге сайттарғажасалған сілтемелердің болуы• Оқырмандардың блогқа жазылуына мүмкіндік беретін ақпараттыңсиндикациясыБлогтардың мазмұны əралуан. Блогтардың негізгі бөлігінің жекесипатта көрініс табуы, сондай-ақ авторлардың құбылмалы мүдделерімен көңіл күйін бейнелеуі – олардың басым көпшілігінің сипатынанықтайтын бір жайт болып табылады.Блогтар негізінен алғанда жекелеген сипаттағы вебсайттар болыптабылады. Себебі, олардың белсенділігін демеп тұру оңайырақ,олардың беттері жиі жаңартылып тұрады жəне пікірталас пен өзараықпалдастық жасауға молырақ мүмкіндігі бар. 3
  4. 4. Блогосфера«Блогосфера» - бұл блогтар əлемін сипаттау үшін жəне олардыИнтернет желісінің дербес бөлігі ретінде қарастыру мақсатындаайтылған термин.Кең мағынасында «блогосфера» мазмұнына қарамастан, əрбір жекеблогты қамтиды. Дəл қанша блог қызмет жасайтынын нақты айту қиын,алайда Technorati (www.technorati.com) атты танымал іздеу қызметітіркелген блогтардың санағын жүргізіп отырады. Оның жинақтағанақпаратына сəйкес, əр күн сайын 75.000 жаңа блог тіркеледі жəне блогиелері күніне 1.2 миллион жаңа жазба енгізіп отырады. Соныменқатар, Technorati ұсынған бұл көрсеткіш барлық жағдайдың тек бірбөлігін ғана қамтиды. Миллиондаған блогтар Technorati бақылайалмайтын тілдерде жəне елдерде жазылады.Блогосфера əлем елдері секілді кішірек қоғамдастықтарға бөлінеді.Оларды да көбіне блогосфера деп атайды. Мысалы, қазақблогосферасы қазақ қоғамының тынысын баяндайды. Блогосфера əртүрлі тəсілмен бөлінуі мүмкін жəне əр жеке блог түрліблогосфералардың бір бөлігі болуы ықтимал. Алайда, шынайыөмірдегі аймақтар мен қоғамдастықтар секілді олар бір-бірімен тығызбайланысты. 4
  5. 5. БлогкөпірлерБлогтар қоғамдастығы арасында сілтемелік қызмет атқаратын блогтарда бар. Олардың кейбірі бұл қызметті көптеген блогосфералардыңішінде өмір сүре отырып жəне өзара ықпалдастық жасау арқылыатқарса, енді біреулері тек осы рөлді орындау үшін жұмыс жасайды.Мінекей, осындай сайттар «блогкөпірлер» деп аталады.Осы міндетті атқаратын көптеген сайттар бар. Бірақ солардың ішіндегіең үлкені жəне ең танымалы – ол Global Voices Online.Global Voices Online ағылшын тілді БАҚ елей бермейтін, дегенменəлемнің көптеген азаматтары үшін зор маңызы бар мəселелердіжариялайды. Бұл сайт технологияның кең түрін қолданады. Олардыңқатарына – блогтар, үнхабарлар, фотосуреттер алмастыруға арналғанқұрылғылар, бейнеблогтар, агрегаторлар мен онлайн чаттар кіреді.Бұларды пайдалана отырып, Global Voices Online əлемнің əрбұрышындағы блогшылардың көзқарасын көпшілікке паш етеді. 5
  6. 6. Блогты не үшін жүргізу керек?Əр блогшы бұл сұраққа өзінше жауап береді.Өркен Кенжебек – orkenegro.wordpress.com «Əрине, əлемторда блог ашу дегеніміз, жекелей əсерлерің мен өміріңде болып жатқан өзгерістеріңді өзгелермен бөлісу екендігін білеміз. Мен де бұл дəстүрден айнымаспын. Журналистикада жарытып жазғандарым онсыз да jasqazaq.kz, abai.kz, platon.kz веб-сайттарында жарияланып жатыр. Дегенмен, өзіме етене жақын кейбір материалдар редакциялық саясаттан, құрылтайшы құрығынан біраз жонылып,сүбелі жері сылынып, алғашқы бояуынан айрылып қалып жататыныннесіне жасырайық? Міне, сондай мақалаларымды алғашқы кейпіндеосы блогқа беріп тұрсам деген ―арам‖ ойым бар».Ербол Азанбеков – azanbekov.wordpress.com «Шыны керек осы блогты ашуды бұрыннан армандаған қазақ едім. Алайда басымызда білім аз ба, поисковигімізді көп іске қоспаймыз ба, əйтеуір блог бастауға дəрменіміз жетпей-ақ қойған еді. Жақында өткен ―Мінбер‖ орталығы ұйымдастырған ―Жаңа медиа технологияларды қазақ тілді БАҚ тəжірибесіне енгізу‖ атты семинар- тренингтің арқасында осы блог өмірге келді. Көңілге түйгенімді жеке блогымда жазыптұруға бел шештім». 6
  7. 7. Ал сіздің мақсатыңыз не?Әрқайсымыздың айтарымыз жəне өзгемен бөлісеріміз бар. Егер сіздің деайтар сөзіңіз маңызды болса, әрі ол жайлы үлкен аудиториямен бөліскіңізкелсе, онда блогтың арқасында сіз ғаламдық аудиториямен қарым-қатынасжасаудың мүмкіндігіне ие боласыз.Сонымен сіздің блогыңыздың мақсаты не? 7
  8. 8. Ықпал жасауБлогтағы жазбалар Интернет қолданушылар үшін ашық. Соныменқатар іздеу жүйелері арқылы оңай табылады. Бұл да блог жүргізудіңтағы бір қыры. Осының арқасында блог көпшілікке өз ойыңды білдіругемүмкіндік береді. Егер де сізді онлайн күнделік жүргізу идеясықызықтырса, онда əрине, бұл ниетіңізді блог арқылы жүзеге асырааласыз. Дегенмен, қалаңыздағы, аймағыңыздағы, еліңіздегі, əлемдегіжағдайлар туралы өз ойларыңызды жазу өзге де көптеген жандардыңқызығушылығын оятары анық. Əсіресе, егер сіз блогшылары азөлкеден болсаңыз, пікіріңіз бен көзқарасыңыз ғаламдық көзқарас үшінаса құнды болмақ.Соңғы жылдары дəстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары блогтар менблогшылардың күн санап өсіп келе жатқанына назар аударды. Бұғанкөптеген себептер бар. Соның бірі, ағымдағы оқиғаны талқылайтынблогтардардың көбі ақпарат жеткізудің толыққанды еместігін алғатартып жəне шынайы емес көзқарасты əшкерелеп, БАҚ-ты үнемі өткірсынға алады. Көптеген блогтарда кей бұқаралық ақпарат құралдарынажетісе бермейтін білім мен жағдайдың мəн-жайына қанықтық бар.Блогтар өз ойлары мен көкейге түйгендерін білдіру арқылы құндымəліметтермен де бөліседі. Сондай-ақ, көптеген блогшылар дəстүрліБАҚ-та жарияланбаған оқиғаларға жұртшылықтың назарын аудартады.Осы орайда олар тегін қызмет көрсететін тілшілер ретінде, айтылмайкеткен мəселеге ден қояды.Блогтарға БАҚ тарапынан үлкен назар аударудың нəтижесіндежурналистер мен блогшылар бір-бірімен ынтымақтастықта жұмысжасауға кірісті. Ол ресми, не бейресми болуы мүмкін. Блогшылардыңкөпшілігі өз блогтарында көтеретін тақырыбын анықтарда баспасөзгесүйенеді. Журналистердің көбі ақпарат алу үшін жəне мəн-жайғақанығу мақсатында блог жазбаларға жүгініп келеді. Бұл оларға өзрепортаждарының сапасын арттыруға көмектесері анық. 8
  9. 9. Сəтті блогБлогтың сəттілігін анықтаудың көп əдістері бар. Кейбіреулері жетістіктіоқырмандар санымен есептейді. Басқалары жетістікті ақшаменбағалайды. Шындығында, блог арқылы ақша табатын жандарсаусақпен санарлық. Сонымен қатар, блогшылардың көпшілігіблогтарын ақша табу үшін немесе оқырмандар үшін бастамайды.Жетістік нені білдіретінін əр блог иесі өзі анықтайды.Көршілеріңізбен танысыңыз – егер сіз өнер жайлы блог жүргізсеңіз,онда өнер жайлы басқа блогтарды оқып, түсіндірме жасау жақсыболар еді. Оқыған блогтарыңызды міндетті түрде сілтемелергеқосыңыз. Сонымен қатар, белгілі бір блогшыларға блогыңыздың іскеқосылғандығын хабарлаңыз. Мазмұндас блогтарды табудың жақсыамалы - Technorati (www.technorati.com) іздеу жүйесін қолдану.Өз үніңізді табыңыз — даралығыңызды сақтаңыз! Əрбір блогтыңөзіндік дара үні бар. Өзіңізді қызықтырған жайттар туралы жазыңызжəне өзіңіздің жазбаларыңызға даралығыңызды енгізіңіз. Тіпті салықжүйесі секілді түсініксіз жайттар жайлы жассаңыз да, бұл сіздіңжазбаңызға даралық сипат береді. Блогтар мен дəстүрлі БАҚарасындағы ең үлкен айырмашылық, біріншісінде даралықтыңболуында. Интернет қолданушылар оларды тұрақты оқуының сыры даосында.Оны тұрақты түрде жаңалап отырыңыз — Өзоқырмаңдарыңызды жоғалтудың бірден бір себебі – блогыңыздыжаңартпау. Бұл сіз блогыңызда күнделікті 10 жаңа хабарлама жазудыміндеттемейді, бірақ та сіз блогты жиі жаңартуға жəне оқырмандардыңоған қайтып оралуына ат салысуыңыз керек.Оқырманмен байланыс орнатыңыз — Оқырмандарға түсіндірмепікір жазуға мүмкіндік беріңіз жəне оған өзіңіз де қосылыңыз. Сіздіңоқырмандарыңыз сіз байқамаған қызықты ойлар жазатыңызға көзіңіз 9
  10. 10. жетеді жəне оқырмандарға бұл мүмкіндікті бере отырып, сіз өзблогыңызды тұрақты оқырмандармен қамтамасыз етесіз.Ерекше тақырып ұсыныңыз — Сəтті блог жасаудың сенімдіжолының бірі – басқалары ұсынбағанды ұсыну. Дəстүрлі БАҚ-тағыжаңалықтарға өз түсіндірмелерін беретін блогтар көп болғанымен,өздері жаңалықтар жазатын блогтар өте аз кездеседі.Сəтті жазба - жақсы блог жазбаның сиқырлы формуласы жоқ. Блогавторы жазған əрбір жақсы жазбалардың арасында кем дегенде бірнашар жазба кездеседі.Кейбір блогтар баспасөздің жай ғана көшірмесі. Оқырман олжаналықтарды блогтан оқығанша, оны таратқан жаңалықтарагенттігінің сайтынан оқи алатынынұмытпаңыз. • Жазбаңызға тақырып тауып Жазбаңызды қысқаша алыңыз: тақырып табу үшін əртүрлі кіріспеден немесе түсіндірме беретін сайттардағы жаңалықтармен оқиғадан бастаңыз. танысыңыз. Мүмкін, біреуінде оқырмандардың назарын аударуға лайық оқиға табарсыз немесе өзара жақсы байланысқан екі оқиға табасыз. Əлде сіз оқыған құжаттан қандай да бір қателікті байқаған боларсыз. • Дәйексөз келтіріңіз: Өзіңіздің оқырмандарыңыздың назарын аударғыңыз келген бөлікті хабарламаңызға енгізіңіз. • Сараптаңыз: Қажетінше енгізілген бөлікке мəн беріңіз. Егер қандай да бір нақты емес жайтты байқасаңыз соған қатысты ойларыңызды өрбітіп жазыңыз.Мұндай хабарламалардың бірқатар мысалдарымен танысу үшін,neweurasia (www.neweurasia.net) блогын қараңыз. TOL ұйымының «Блог жүргізуге арналған» нұсқаулығынан 10
  11. 11. Блог жазбаның 10 қағидасы1. Əрине кез-келген оқиғаның қашан, қайда өткенін жəне оғанкімдердің қатысқанын айтып өткеніңіз жөн. Демек, сіз жазып отырғанжазбаның (мақала деуге келмес) ақпараттық негізі болғаны дұрыс.2. Кез-келген ақпараттың қайнар көзін көрсетіп, сілтеме жасаудыұмытпағаныңыз абзал. Бұл сізді қиын-қыстау кезеңде құтқарып кететінқару болмақ.3. Сіздің жазбаңыз жекелеген тұлғалардың ар-намысы мен іскерлікбеделіне нұқсан келтіріп, масқараламауы тиіс.4. Кез-келген адамды нəсіліне, дініне, саяси көзқарасына, ұлтынажəне тіліне қарай кемсітуге болмайды.5. Президентті, Үкімет адамын жəне депутатты жария қорлауғаболмайды.6. Ұлтараздығын тудыратын жазбаларға жол бермеңіз.7. Жазбаңызда сыңаржақ пікірлерден аулақ болыңыз. Мейлінше,обьективтілікті сақтаңыз.8. Əрине, блог сіздің жеке жазбаңыз болғандықтан, оған өзпікіріңізді таңбаңыз деп айта алмаспыз. Журналистика талабыбойынша, ақпаратқа өз пікіріңізді танбауыңыз керек. Журналистіңміндеті – ақпаратты тарату, болған оқиғаға қатысы бар тұлғалар менсарапшылардың пікірін оқушыға жеткізу, сөйтіп, қоғамдық пікір туғызу.9. Кез-келген пікірді, айтылған сөздерді сіздердің тарапыңызданбағалау, тұжырым жасау болмауы тиіс.10. Жекелеген адамдардың отбасылық жəне жеке құпиясын өзініңкелісімінсіз таратудан аулақ болыңыз. Есенгүл Кəпқызы http://yesengul.wordpress.com 11
  12. 12. Мəтін жазуға арналған 10 кеңес 1.Тақырыпты кіші əріптермен жазу 2.Абзац қоймау 3.Тақырыпшаларды үлкен əріптермен жазу 4.Əрбір азат жолдың арасын ашып отыру 5.Жазбаңыз қысқа əрі нұсқа болсын 6.Жазбаңызды оқуға қызықты ету мақсатында, тақырыпшалармен бөліп отырған абзал 7.Əрбір сөйлем анық əрі нақты болсын 8.Фокустан ауытқымау 9.Обьективтілікті сақтау 10. Əрбір дерегіңіздің дəлелі мен дəйегі болсын. Есенгүл Кəпқызы, http://yesengul.wordpress.com 12
  13. 13. ӘдепƏділеттілік — субъективті түрде əділ болу, бірақ өзіңізге қандайқұрмет көргіңіз келсе басқаларына да сондай құрмет көрсетуіңіз керек.Бұл сіз басқалардың пікірлерін тыңдап, сіздің жұмысқа қатысты сындыкөтере алуыңыз керектігін білдіреді. Өзгелерді тыңдауға дайын болып,өз уəжіңіз қандай екенін зерттеңіз.Адалдық — егер сіз қандай да бір мақсаттар үшін сізге қаражат бергенұйым туралы жазсаңыз, бұл деректі де айтып кетіңіз. Осылайша, егерсіз саяси мəселелерді жиі көтерсеңіз, онда өз көзқарасыңызды дажазыңыз. Себебі оқырмандар сізден не күтуге болатынын білуі керек.Бұл оқырманмен жеке басыңызға қатысты мəліметтермен бөлісудегенді білдіреді. Дегенмен мүдделер шиеленісі ушығатын жерлердесіз ашық болуыңыз керек.Тәуелсіздік — не жазылу керек болса, соны жазыңыз. Ықпалдымүдделер ыңғайына көнсеңіз, өзіңізге деген адалдықтан айырыласыз.Шынайылық — тек шын мəнінде болған оқиғалар жайлы ғана айтыңыз.Егер сізде айтылған сөзде күмəн болса, ол туралы айтыңыз. Егер сізбір нəрсе туралы ойласаңыз, нақтылап алыңыз. Қосымша, қандай дабір оқиғаны жазғанда, білмейтін жайттарды көрсетіңіз.Сілтемелер көрсетіңіз — мүмкіндігінше сіз баяндаған материалға,тіпті сіз онымен келіспесеңіз де, сілтеме жасаңыз. Бұл сіздіңоқырмандарыңызға өз көзқарасын қалыптастыруға көмектесіп, сіздіңдəйектемеңізді күшейтеді.Қайнаркөзді құрметтеңіз — егер сіз біреуден сұхбат немесехабарламада қолдану үшін ақпарат алып жатсаңыз, қайнаркөздіқұрметтеңіз. Бұл ақпарат көзіне жүгінуге бола ма немесе алынғанақпаратты қалай қолдануға болатыны жайлы анықтап біліңіз. Есіңіздеболсын, кейбір жағдайдарда қайнаркөзді құрметтемеу (егер ақпаратбайқап істеуді талап ететін сипатта болса) қайнаркөздің жұмысынанайрылуына немесе түрмеге қамалуына əкеп соғуы мүмкін. 13
  14. 14. Қателіктеріңізді қоғам алдында дұрыстаңыз — Егер өзхабарламаңызда сіз айтқан немесе сіз жүгінген оқиға өтірік болыпшықса, бұл қателікті тез арада дұрыстаңыз. Əдетте, біріншіхабарламаның жаңартылған түрін дереу енгізу керек, сонда алдыңғыжəне соңғы дұрысталған нұсқа бір жерден табылатын болады.Өсектемеңіз — Басқаларға қатысты жалған немесе арам ниеттісөздер айтпаңыз. Егер сіз басқа блогшы немесе қоғамдыққайраткермен келіспесеңіз, оның жеке басына немесе ол туралы өтіріксөз айтпаңыз. Жақсы дəлелденген жəне негізделген дəйектер ұсынуғатырысыңыз. Басыңызды қатерге тікпеңіз!Əлемнің көптеген бөлігінде блогшыларға жəне блог жүргізуге оншажақсы ықылас танытпайды. Кей елдерде адамдар тіпті, онлайнда,блогтарда өз пікірін білдіргені үшін түрмеге қамалған. Сондықтан, өзтұлғаңызды қорғаңыз жəне блогты қауіпсіз жүргізіңіз! TOL ұйымының «Блог жүргізуге арналған» нұсқаулығынан 14
  15. 15. Блог қандай заңдарға бағынады?Қазақ тілінде блог бастап жүрген әрбір блогшының алдынан ертеме, кеш пе бұл сұрақтар туындайтындықтан төмендегі кеңестергеназар аударғаны орынды.1. Блог – БАҚ па? БАҚ туралы заңға енгізілген өзгеріске сəйкесбарлық веб-ресурстар БАҚ деп танылады. Заңда көрсетілгенанықтамаға назар аударайық: Бұқаралық ақпарат құралы – мерзiмдiбаспасөз басылымы, радио жəне теледидар бағдарламасы,киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы жəне интернет-ресурстардықоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз жариятаратудың басқа да нысаны; (Бұқаралық ақпарат құралдары туралыҚазақстан Республикасының 1999 ж. 23 шілдедегі № 451-1 Заңы(2009.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен). Яғни, блог заңтұрғысында БАҚ туралы заң бойынша да қарастырылады.2. Блогқа жарияланған əрбір жазба үшін блог авторы жауап береді.Бұл жазба авторлық емес, бір жерден көшіріліп алынған болса да,блог авторы жауапты.3. Блогта жаряланған пікірлер (комментарийлер) үшін блог авторыжауап береді. Қазақстанда қабылдаған Халықаралық заң нормаларыбойынша егер əлдебіреуден блогыңыздағы пікірді алып тастау немесеөзгерту жайлы өтініш келіп түссе бір күннің ішінде орындаған абзал.4. Блогыңызда жарияланған бейəдеп сөз үшін бұзақылық бабыменəкімшілік жазаға тартылуыңыз мүмкін. Осы айда украиналық интернет 15
  16. 16. қолданушы форумда айтқан əдепсіз сөзі үшін 15 күнге қамауғаалынды.5. Блогыңызда əлдебір азамат жайлы жазған болсаңыз, əрі олазаматтың шетелде беделі болса, онда ол шетел соттарына шағымтүсіре алады. Мəселен, Лондон қор биржасында акциялар тіркелгенқазақтың іскер азаматтары жайлы жазба жарияланса. Қазақбизнесмені Лондондағы іскерлік беделіме нұқсан келтірді деп Лондонсотына шағымдана алады. Украинаның ең бай адамы Ахметовтың«Обозреватель» сайтымен арадағы дау-дамайы нəтижесінде Лондонсоты Ахметовты қорғап шықты.6. Ресми тіркеуден өткен ақпарат құралдарынан мақаланыкөшіргенде сілтемесін көрсету керек. Ең болмаса, гиперсілтемекөрсетілгені жақсы, ал заң бойынша газеттің аты, шыққан күнікөрсетілуі керек.7. Кісі атына жала жабу, ар-намысына, іскерлік беделіне нұқсанкелтіру еліміздің заңдары бойынша қылмысқа жатқызылған. Яғни,Қылмыстық Кодексте мұндай қылмыс үшін бір жылға басбостандығынан айырылуы да мүмкін. Сондықтан интернетте əлдебіркісінің атын атап жазба жазған кезде əрбір сөзіңізге сақ болғаныңызорынды.8. Блогыңыздағы жазбаның аворлық құқын қорғау үшін CreativeCommons лицензиясының кодын блогқа іліп қоюға кеңес беремін.Creative Commons сайтына кіріп, өз блогыңыздағы (интернеттегі)шығармашылықты коммерциялық немесе тегін пайдалансаңыз боладыдеп жұртқа жариялауға мүмкіндік береді. Əдетте CC үш түрлі деңгейге(барлық құқықтар қорғалған, жартылай қорғалған, мүлдемқорғалмаған) бөлінеді. Əзірлеген Асхат Еркімбай, http://urimtal.wordpress.com 16
  17. 17. Маңыздысы қайсы: мазмұн ба, əлде пікір алысатын орта ма?«Ең маңыздысы мазмұн жасау ма жоқ әлде адамдардың жиналып,танысып, достасып (өмір бойы бір-бірлерін көрмеуі мүмкін), пікіралысатын орта қалыптастыру ма?» деген сұраққа блог негізіндебірінші интернет-басылымды ұйымдастырған Украина азаматтары«Əрине, пікір алысатын орта қалыптастыру» деп жауап береді.«Ең бастысы адамдардың не жазғаны емес, бір-бірімен қалайсұхбаттасқаны, сөйлескені, бір-бірінен не үйренгені, қандай кәсіби иәбасқа да байланыстар тапқаны» деп санайды.Кішкентай балалар ең бірінші телефонмен сөйлескенде не айтуды,қалай сөйлесуді білмей дағдарып қалатынын байқаған боларсыз.Өйткені бет-жүзін көрмей тұрған, танымайтын адаммен қалайсөйлесуге болатынын білмейді. Интернетте де солай, көп адамның е-поштаны қолдана алмауы, қашықтан оқыту курстарын да игереалмауы да осымен байланысты. Мысалы, қазір Қазақстанда көптегенмемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар да интернетке қосылып, е-пошталарын ашып жатыр. Бірақ е-поштаны қолдану мəдениетінбілмегендіктен, жазған хатқа жауап жазбайды, пошталарын уақытындатексермейді, кейбір мекемелерге телефон соғып «поштаңыздытексеріңіз» деп айтуға тура келеді. Көбінесе мектептерді, мекемелердіинтернетке қосады, бірақ мұғалімдерді, қызметкерлерді оны қалайқолдануға үйрету жағы ойластырылмайды, əр адам бұл мəселеніөзінше шешіп жатады. 17
  18. 18. Бұл жазбамда мен блог жасаудеңгейіне жеткен «кəсіби» (деп Бірнеше жыл бұрын оңтүстік-атауға болатын болар) кореялық блог негізінде жұмыс істейтін интернет басылымқолданушылар туралы сөз «Билл Гейтс қайтыс болды» деген ақпарат таратады. Оларқозғағандықтан, блогшылардың бұл хабарды CNN атын жамылған жалған бір сайттанжауапкершілігі туралы да алады (оның жалған сайт екенін білмей қалады ). Сөйтіп осыайтайық. Яғни, блогта кім не хабардың нәтижесінде оңтүстік-кореялық рынок 2 %жазам десе де ерікті, бірақ құлдырады деген сөз бар.шектеу қоятын талаптар даболады. Блогта адамдардыжəбірлейтін, қорлайтын, ар-намысына тиетін нəрселердіңболмауы шарт. Қолданушыларды бұған да үйрету керек.Дəстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарында ешқашан басылмайтын,талданбайтын тақырыптар Интернет басылымдарда, блогтарда өтекөп. Сонымен қатар кейде блогта өтірік нəрсені жазатындар, жалғанақпарат беретіндер де болады, мысалы, Психологияда мынадайалғышарт бар: адамдар бір-бірін көбірек білген сайын, жақсырақ біле /тани бастайды, жақсырақ білген сайын бір-бірімен азырақ жауласады,араз болады. Яғни адамдар интернетте болсын, өмірде болсын(дүниенің қай түкпірінде тұрса да) көбірек сөйлесіп, араласса бір-бірінжаудан гөрі дос ретінде қабылдайтыны сөзсіз. Əзірлеген Бақытгүл Салықова Дереккөзі: http:// neweurasia.net/kazakhstan?p=34# 18
  19. 19. Ең қарт блогшының өсиеті «Қарттарды жалғыз қалдырғанша интернет үйретіңдер»Испанияның ең қарт тұрғыны Мария Амелия Лопез Солино өзін«әлемдегі ең қарт блогшы» ретінде таныстыратын. Себебі ол95 жасынан бастап блог жүргізе бастады. Интернеттегіәлеуметтік желіге деген қызығушылығын «Балам туған күнімеақшасын шығындағысы келмей, маған блог ашып беріп еді»деген қалжыңмен түсіндіретін.2006 жылдың 26 желтоқсанында ашылған http://amis95.blogspot.comатты блогы бір айдың ішінде мыңнан аса оқырманның жүрегін баурапалды. Себебі Лопез блогында өзінің өткен өмірімен бөлісетін(Испаниядағы ұлт азаттық көтеріліс), жеке көзқарастары (саясат,Иранға қатысты, испан жасөспірімдерінің ішімдікке əуесі туралы) жəнеөзінің күнделікті күйбең тіршілігі мен қарттығын, ауырып жүргенін десөз ететін. 2007 жылы оның сайты Deutsche Welle неміс телеарнасыжүргізген байқауда «Испанияның ең үздік блогы» атанды.«Мен қарапайым тұрғындардың бірімін. Ешқандай ерекшелігім жоқ»деді Лопез 2007 жылы телеарнаға берген сұхбатында. «Бар болғаныөзімнің ойларыммен бөлісемін». Жасөспірімдер оған хат жазып, қайуниверситетке, қандай мамандыққа тапсырған жақсы екенін сұрайды.Онымен сондай-ақ Испанияның үкімет басшысы Жозе Луис Запатерода арнайы кездескен. Лопез оған 16 жасынан бері социалист екенінайтқан. Өз кезегінде премьер-министр оны Монколаға, ПрезидентСарайына қонаққа шақырды. 19
  20. 20. Ол өзін əлемдегі ең қарт блогшыретінде таныстыратын. Себебі əлемдегі [ Мен интернетпенең қарт блогшы 2008 жылыАвстралияда 108 жасында қайтыс жұмыс істегендеболған еді. ауруларым туралы ұмытып кетемін.Лопездің көзінің жанары суалғандықтан Адамдармен үнеміөзінің жазбаларын немересі Даниелге байланыста болып,жаздыратын. Бір айдың ішінде ғанаоның блогын 51 мың адам оқитын. көңілімді жақсы нәрсеге аударғаным жақсы.Лопездің өз сөзі бойынша интернет Миым тынығып,оның өмірін 20 жылға жасартып, бойымда бір күш пайдахалықаралық қауымдастықпен болады. Себебі солжақындастыра түсіпті. Əрі əлемнің кезде мен өзімніңəрбір түкпірінен достар тауып үлгерген. жалғыз емес екенімді,2009 жылдың ақпанда ол Facebook-тен достарыммен сөйлесіпқарт адамдардың құқығын қорғайтын отырғанымды білемін]арнайы қауымдастық ашқан.«Қарттарға зейнетақы беріп, балалары оларға арнайы күтушіжалдағаннан гөрі интернетті қалай қолдану керектігін үйретсеəлдеқайда жақсы болады» дейді Лопез. Егде жастағылардыңвиртуалды қажеттілігін алғашқы болып айтқан Мария еді.Қайтыс болғанда блогқа 600-ден астам көңіл білдірген. Лопездіңжақындары соңғы жазбада «блог Лопезге 880 бақытты күн сыйлады»деп жазды. Кісінің рухы дүниедегі адамдармен қарым-қатынасқа түседідеп сенетін Лопездің туысқандары «Анашым, қай жерде жүрсең де сенблогыңа қалдырылған пікірлердің бірін қалдырмай оқып шығатыныңакүмəнсіз сенеміз» депті.Мария Амеля Лопез Солино 1911 жылы 23 желтоқсанда Галициожағалауындағы Муксиа ауылында дүниеге келіп, 2009 жылдың 20маусымында қайтыс болды. Əзірлеген Асхат Еркімбай 20
  21. 21. Блогты насихаттау жолдары 1. Әлеуметтік желілерКөптен армандаған блогыңды тіркеп, ерекше ат қойып, жазбаларенгізіп бастап-ақ кеткен шығарсың. Енді блогымды көпшілік назарынақалай ұсынамын, қалай насихаттаймын деген ойлар келген болар.Оны іске асыру үшін Wordpress.com-да өте ыңғайлы функциялар бар.Интернеттегі ең басты қауым, яғни адамдардың ең көп жиі кіретінсайттары ол -əлеуметтік желілер (Twitter, facebook, вконтакте, моймир,т.б.) Сондықтан да блогыма PR жасаймын десең, ең алдымен осындайəлеуметтік желілерден бастағаның жөн.Егер сіз жаңа жазған жазбаңыз осы сайттарда көрінсін (сілтемесі)десеңіз, өте оңай келесі қадамдарды орындайсыз: блогыңыздыңқұрал-сайман тақтасындағы ―My Blogs‖-қа кіріп, ―Насихаттау‖бағанындағы керекті сайтыңызды шертесіз. Мысалы, əр жазғанжазбаңыздың сілтемесі twitter-ге микроблог ретінде шықсын десеңіз,―Насихаттау‖-дағы twitter-ге басасыз. Бірден сізге twitter-менбайланысуға рұқсат сұрайды. Байланысқан соң, енді twitter сайтындасізден Wordpress.com-мен байланысуға рұқсат сұрайды. ―Allow‖ яғни,рұқсат беремін дегенді бассаңыз, сіздің əр жазған жазбаларыңызtwitter-де көрінетін болатын. Басқа сайттармен де байланысты тураосы үлгімен орындап шыға аласыз. Осылайша twitter сияқтыəлеуметтік желілердегі достарыңыз сіздің жаңа шығармаларыңыздыоқи алады, ал facebook-та дəл сонда-ақ жазбаңызға пікір қалдыраалады. Сондай-ақ вконтакте, моймир сияқты желілерге де өзіңніңблогыңның URL-ын микроблогтарға жазып, насихаттасаң болады. 2. Басқа блогтарға пікір қалдыруҚазақ тілінде ―Алаған қолым береген‖ деген сөз бар, яғни блогыңатолассыз пікірлер жазылсын десең, бірінші болып өзің өзгелердіңблогына пікір қалдыр. Жалпы Wordpress.com-да өзіндік пікір қалдырумəдениеті қалыптасқан. Қанша жерден жазбаларың ерекше де, 21
  22. 22. қызықты болып, ал өзің басқа блоггерлерге пікір қалдырмасаң, жазбаңкөпшілік назарынан тыс қалып қояды. Ол тіпті қалыптасқан ―жүйе‖ деемес, жай ғана егер сен басқа блогтардан пікір қалдырып көрінебастасаң, өзгелер де сені байқай бастайды. Пікір қалдыру да өзіңтуралы жұртқа айту деген сөз. Қарапайымдау айтсақ, өзіңнің ғанаблогыңда отырсаң, сені ешкім көрмейді. Ал өзге блогтарда, əсіресетанымал, жиі оқылатын блогтарда көріне бастасаң, өз блогыңның дарейтингісі жоғарылайды. Əзірлеген Айжан Берекетқызы http://kerbez.wordpress.com 22
  23. 23. Блогқа не жазуға болады?Көпшілігіміз блогты онлайн күнделік депойлаймыз. Қазір блогшылар онлайн «Жұрт не ойлапкүнделікпен шектелмей, əртүрлі салада, қалады деп ыңғайсызданудың,əрқайсы өзіндік стилімен, өзіндік басқалардың ой- пiкiрiнен ұялудыңбағытымен жазып келеді. ретi жоқ. Себебi бұл — сiздiң блогыңыз. Сiздiң интернеттегiЖаңа блог бастаушылар блогты қандай мекенiңiз. Осыбағытта бастаймын, не жазамын деп мекенiңiзде жазғаныңыздыойлаған болса онда төмендегі блогтың мыңдаған, бәлкiм миллиондаған адамтүрлерінен өзіне ұнаған бірін таңдап алуға оқиды. Олар сiздiң қандай көңiл-күйдеболатын сияқты. жазғаныңызды сезiнуi үшiн эмоциямен және дәлелмен жазыңыз.1. Тазалық, ереже мен емле қатесiне Заң шеңберiнен шықпай, нақтылыжол бермеу — жақсы блогшы болудың дәлелдердi пайдаланыңыз. Егерең басты кiлтi. Кириллицаны материалыңыздапайдалансаңыз, бiр форматпен жəне бiр айтылған әңгiме үш немесе одан да көптүспен жазсаңыз, оны оқу көзге жеңіл дерекпен расталса, онда дәлелiңiздiңболар едi. дәйектi яки нақты болғаны. Бiреудiң жеке басының2. Блогыңызға өзгелердi тарту үшiн ең кемшiлiгiн терiп,алдымен өзiңiздi көрсете бiлiңiз. дерексiз мақала жазған адамБлогтың ең басты ерекшелiгi де осы. ешқашан жақсы блогшы болаБлогқа кiрушiлер үшiн сiздiң ой-пiкiрiңiздiң алмайды».орны бөлек. Олар сiздiң қай мəселеде неойлайтыныңызды, қандай пiкiрдеекенiңiздi, ақыр аяғы неменайналысатыныңызды, дəл қазiр не 23
  24. 24. iстейтiнiңiздi де бiлгiсi келедi. Олай болса, өзiңiздi көрсету қажет.3. Жұрттың бəрi журналист емес. Асығыстықтан немесесалғырттықтан бiрдi-екiлi қате кетiп қалуы мүмкiн. Ондайға жол бермеуүшiн жазып бiткеннен кейiн қайтадан мұқият оқып шығыңыз, тексерiңiз,қажет болып жатса, түзетулер енгiзiңiз. Сонда ғана сапалы мақалашығады.4. Басқа блогтарға кiрiп, пiкiр бiлдiрiп тұруды да ұмытпаныз. «Менбасқалардың блогына қызығушылықпен қарамасам, менiң блогыма дабасқалар қызықпауы мүмкiн» дегендi есте ұстаныз. Əрi басқаблогтарға кiрiп, ой-пiкiр бiлдiру арқылы өз орныңызды көрсетугемүмкiндiк аласыз. Бiр жағынан өз блогыңыз туралы мəлiмет беруге демүмкiндiгiңiз бар.5. Жұрт не ойлап қалады деп ыңғайсызданудың, басқалардың ой-пiкiрiнен ұялудың ретi жоқ. Себебi бұл — сiздiң блогыңыз. Сiздiңинтернеттегi мекенiңiз. Осы мекенiңiзде жазғаныңызды мыңдаған,бəлкiм миллиондаған адам оқиды. Олар сiздiң қандай көңiл-күйдежазғаныңызды сезiнуi үшiн эмоциямен жəне дəлелмен жазыңыз. Заңшеңберiнен шықпай, нақтылы дəлелдердi пайдаланыңыз. Егерматериалыңызда айтылған əңгiме үш немесе одан да көп дерекпенрасталса, онда дəлелiңiздiң дəйектi яки нақты болғаны. Бiреудiң жекебасының кемшiлiгiн терiп, дерексiз мақала жазған адам ешқашанжақсы блогшы бола алмайды.6. Блогыңыздың белгiлi бiр бағытты ұстанғаны жөн. Мумкiндiгiнекарай ұқсас бағытта жасаңыз. Мысал ретiнде Эльвиранын «Аспаздық»блогын айтуға болады.7. Үнемi жаңалап отыру. Аптасына болмаса да, айына бiрнешемақала жазуға тырысыңыз. Егер бiр айда бiрде-бiр жаңа мақала 24
  25. 25. болмайтын болса, онда бара-бара сiздiң блогыңызға ешкiм кiрмейтiнболады.8. Өзгелерге пайдаңды тигiзу. Қандай да бiр материалды басқа бiрблогтан немесе басылымнан көшiрген болсаңыз, дереккөзiне сiлтемежасауды ұмытпаңыз. Өзiңiздiң оны оқуға жəне көшiруге уакытжұмсағаныңыз сияқты өзгелердiң де оған уакыт кетiретiнiн есепкеалыңыз. Жұрттың уақытын босқа алмау үшiн тек қажеттi дегенматериалдарды ғана орналастыруға тырысыңыз.9. Ел сiздiң блогыңыз арқылы басқа блогтарға баратын жолдытауып жатса, нұр үстiне нұр. Сiздiң блогыңызды оқымаған күннiң өзiндеде, ол адамға басқа блогтарға өтуге мүмкiндiк туғызыңыз.10. Көлемдi материалдар оқушыны жалықтырады. Қысқаша жазуғаəдеттеніңіз. Сонымен бiрге оны қызықты жеткізуге тырысыңыз. Бiрайтқанды екiншi мəрте қайталауға жол бермеңiз, қысқа əрi нұсқажазыңыз. Жалпы көпшiлiкке түсiнiктi тiлде жазыңыз, мүмкiндiгiншетiлге жеңiл сөздердi пайдаланыңыз. Əзірлеген Бақытнұр Бəйтелұлы Дереккөзі: http://bakytnur.wordpress.com/2007/07/19/ 25
  26. 26. Электронды құралдар1. Пошта. gmail.com – артық суреттерімен, спам хаттарыменмазаңызды алмайтын Google компаниясының пошталық қызметі қазақтілінде хат алмасуға мүмкіндік береді. Əрі төменде келтірген көптегенонлайн қызметтеріне оңай тіркелуге себепші болады.2. Пернетақта. keybr.com – пернетақтада саусақтарыңыз жылдамжүгіріп жүрсін десеңіз, осы құралмен күн сайын 5-10 минут жаттығыптұрсаңыз болады.3. Браузер. mozilla – шолғышының қазақша нұсқасы бар. Əріқосымша үстемелерді жүктеп алсаңыз, біраз уақытыңыз үнемделеді.Мəселен, поштаны ашып жатпай-ақ бірден тексеретін, емле қатесінтексеретін т.б. көптеген бағдарламалар бар.4. Құжат өңдеу. toolkit – аударма жасауға, əрі жеке аудармашылықсөздікті қалыптастурға арналған ресурс. Интернетте қазақ тіліндеконтентті молайтуға қосар үлесі зор.5. Құжат өңдеу. zamzar.com – сипаты əртүрлі файлдарды қажеттіқалыпқа өңдеп береді. Мəселен, doc файлдарды.6. Құжат өңдеу. google desktop - компьютердегі құжаттарыңныңқайда, қашан, қай жаққа сақтап қойғаныңды білмесең, ал бастығыңтезірек тап деп жатса, осы құралды жүктеп алып, орнатуға кеңесберемін. ctrl батырмасын екі рет шертіп, кілт сөз арқылы іздегенқұжатты тауып береді.7. Мəліметпен бөлісу. twitter – өзіңнің жеке ―интернет агентіңді‖сайлап алу үшін пайдалы. Twitter-ден өзіңе пайдалы болатынқолданушыны тауып алсаң болғаны. Ол ойларымен, мəліметтеріментегін бөлісіп тұрады.8. Мəліметпен бөлісу. bit.ly, 3cm.kz – сайттардың сілтемесімен тез,əрі оңай, əрі қызықты бөлісу үшін. 26
  27. 27. 9. Мəліметпен бөлісу. murl.kz – twitter т.б. шектеулі белгілерменжылдам хабар алмасатын құралдарға арнап, сайттардың сілтемесінқысқартып береді.10. Сурет өңдеу. gickr.com – онлайн жыпылық сурет (хмм, енді gifфайлды дегенді түсіндіре алдым ғой деймін) жасауға арналған ресурс.Блогымдағы dabai.kz баннерін соның көмегімен жасадым. Бар болғаныкомптағы суреттеріңізді жүктейсіз, бірер секундта жыпылық суретіңіздайын!11. Сурет өңдеу. image resizer – суреттерді тез арада өңдеп, көлемінкішірейту керек болса, осы құралды жүктеп алсаңыз болады. Кейінсуретке тінтуірді апарып, оның оң жағын шертіп барып, суреттіңкөлемін тез арада кішірейте аласыз. Əзірлеген Асхат Еркімбай 27
  28. 28. Жиі қолданылатын блог-терминдерАгрегатор (Aggregator) —онлайндық қызметтің немесе таңдаулыблогтардың синдикацияланған мазмұнын оқуға мүмкіндік беретінбағдарламалық қамтамасыз ету.Атом (Atom)—Атом синдикацияланған каналдың белгілі бір типі болыптабылады.Сілтемелер тізімі (Blogroll)— Блогтың үй бетіндегі бағанағаорналастырылатын өзге блогтар мен вебсайттарға жасалған сыртқысілтемелер тізімі.Канал (Feed)—Каналдың RSS атомы блогтағы соңғы хабарламанықамтитын файлды білдіреді.Пермасілтеме (Permalink)— ―permanent link‖ сөзінің қысқартылған түрі(яғни, ―тұрақты сілтеме‖). Блогта орналасқан əрбір жеке материалдыңыңғайлы бетбелгі ретінде қолданылатын веб-адресін білдіреді.Үнхабар (Podcast)— ―iPod‖ жəне ―broadcast‖ сөздердің қысқартылғаннұсқасы (яғни, ―трансляциялау‖). Үнхабар RSS жəне Атомныңсиндикацияланған каналдары арқылы жасалады. Оларға арнайыподкастингтік агрегаторлар арқылы жазулуға болады. Сондай-ақподкастингтің белгілі бір құрамдас бөлігіне де жəне материалдыорналастырудың сəйкес тəсіліне де қатысты болуы ықтимал.RSS—RSS бұл ―Really Simple Syndication‖ сөздерінің қысқартылған сөзі(―Шындығында да қарапайым синдикация‖). Каналдардысиндикациялаудың бір түрін білдіреді. 28
  29. 29. Синдикация (Syndication) — Синдикация пайдаланушылардывебсайттың жаңартылуы жайлы хабар етеді. Бұл блогты қолданукезінде ерекше қолайлы, себебі блогтар жиі жаңартылып отырады.Сонымен қатар, бұл блогтар мен вебсайттарға блогтаорналастырылған белгілі бір материалдарды түбегейлі қайтажаңғыруға мүмкіндік беретін тəсіл.Уики (Wiki)—―Вики‖ термині Гавайдың ―вики-вики‖ сөзінен шыққан, ол«тез» деген мағына береді. Уики дегеніміз – кез келген қолданушыоңай жəне тез жаңарта алатын вебсайт. TOL ұйымының «Блог жүргізуге арналған» нұсқаулығынан 29

×