Successfully reported this slideshow.
We use your LinkedIn profile and activity data to personalize ads and to show you more relevant ads. You can change your ad preferences anytime.
ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің
Республикалық әдістемелік медиация кабинетінің қызметі
Алматы 2016 ж.
Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация институты
еліміздегі қоғамдық және этносаралық қарым-қатынастар саласында
бас моде...
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясындағы
Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру барысында Алматы қ.
Достық үйі базасы...
2015 жылдың 23 желтоқсанында өткен Алматы қаласының
Достық үйіндегі медиация кабинетінің тұсаукесері
2016 жылғы іс-шара жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 2 ақпанында Алматы қ.
Республикалық Достық үйінде медиация кабинетінің ұй...
«Қоғамдық келісімді және бірлікті нығайтудағы
медиацияның рөлі» атты семинар-тренинг
2016 жылдың 25 ақпанында Алматы қ. Не...
«Оқушылар арасындағы жанжалды шешу тәсілдері» атты тренинг
Қатысушылар: Алматы қ. ҚХА Хатшылығы өкілдері, Алматы
қаласы әк...
Тренинг: «Мектептегі дау-жанжалды шешу әдістері»
14 сәуір 2016 ж.
№ 35 орта мектеп
Семинар
республикалық
ұйымдастырушылары...
Тренинг : «Мектептегі дау-жанжалды жағдайларды
түсіндіру және шешу»
Бапкерлер: Альтекова Н.А – халықаралық ынтымақтастық б...
«Жастар арасындағы дау-жанжалдың алдын алу және
шешу» тақырыбындағы семинар
Өткізілген күні: 19 сәуір 2016 ж.
Өткізілген о...
Семинар: «Біздің арамызда бейбітшілік пен өзара түсіністік орнауы тиіс»
2016 ж. 23 сәуірінде медиация кабинеті «Ахыска» ре...
Семинар: «Ұйымдардағы дау-жанжалды ескертудің және
реттеудің әдістері»
5 мамыр 2016 ж.
Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынас...
Семинар: «Ұйымдардағы дау-жанжалды ескертудің және
реттеудің әдістері»
2016 ж. 12 мамырында Таугүл ы-а, № 127 жалпы білім ...
2016 жылдың 24 маусымында Алматы қалалық сотында «Дауды бейбіт
жолмен шешу – қоғамдағы толеранттылық негізі» тақырыбындағы...
«Медиатор – бейбітшілік сақтаушысы»
2016 жылдың 13 шілдесінде Неміс үйінде «Медиатор
сақтаушысы» тақырыбында семинар өтті....
Дауларды шешу кезінде медиацияның қолданылуы
2016 жылы 4 тамызда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық
экономикалы...
«Медиация күні» Республикалық акциясы және медиация кабинетінің
ашық есік күні
2016 жылғы 5 тамызда Қазақстан халқы Ассамб...
Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы
сотының арасында қол қойылған меморандумға сәйкес ө...
«Келіссөздер жүргізудегі (делдалдық) медиация институты»
2016 жылдың 11 тамызында Алматы қаласындағы кәмелетке толмағандар...
Семинар-тренинг: «Нәтижелі медиацияның әдістері мен технологиялары»
16 тамызда Алматы қаласындағы кәмелетке толмағандар іс...
Семинар-тренинг:«Біздің арамызда бейбітшілік пен
өзара түсіністік орнауы тиіс»
2016 жылдың 29 тамызында Алматы қ. №2 Ортал...
Семинар: «Медицина саласындағы медиацияның рөлі»
2016 жылдың 29 тамызында Алматы қ. №9 қалалық поликлиникада
«Медицина сал...
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім»
РММ-нің республикалық әдістемелік медиация кабинеті «Дінара...
Қазақстан Республикасы Перезиденті жанындағы «Қоғамдық келісім»
РММ-нің
Қазақстан
кеңесінің
жөніндегі
республикалық әдісте...
2016 жылы 6 қыркүйекте Әуезов аудандық қалалық туберкулезге
қарсы күрес диспансерінде «Жаңа еңбек кодексіне сәйкес еңбек д...
2016 жылдың 15 қыркүйегінде «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті
университетінде «Діни ахуалдың тұрақсыз жағдайында диалог...
Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация орталығының кеңейтілген отырысы
2016 жылдың 29-30 қыркүйегінде Астана қаласы ҚР Ұлтты...
2016 жылдың 17 қазанында Алматы қ. жолаушылар көлігі мен автомобиль
жолдары басқармасының қолдауымен жолаушылар тасымалы к...
«Тәуелсіз Қазақстан» ақпараттық-насихаттық пойызы
Қазақстан Республикасы тұрғындарын Қазақстан халқы Ассамблеясы
Медиация ...
«Медиацияны қолдану архылы өзекті әлеуметтік мәселерді шешу»
тақырыбындағы дөңгелек үстел мен оқыту семинары.
2016 жылғы 1...
2016 жылдың 28 қарашасы мен 2 желтоқсаны аралығында Алматы
қаласындағы «Алтын Қарғалы» санаторийінде Азаматтық бастамалард...
Медиацияны қолдану барысы туралы аймақтық семинар
2016 жылдың 5 желтоқсанында Алматы қ. Достық
үйінде «Қоғамдық келісім» Р...
«Менің үйім! Менің тағдырым! Менің Қазақстаным!»
танымдық-жетілдіру викторинасы
2016 жылдың 8 желтоқсанында Алматы қ. респ...
«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы
2016 жылдың 14 желтоқсанында Алматыда Қазақстан Республикасы
Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арна...
Еңбек дауларын шешуге медиация әдістерін пайдалану
2017 жылғы 23 қаңтар күні Алматы қ. Достық үйінде «Еңбек
дауларын шешуг...
ҚХА медиация институтының
Қазақстан Республикасының дамуындағы рөлі
2017 жылдың 24 қаңтарында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ–дың...
27 қаңтарда Республикалық әдістемелік медиация кабинеті,
Халықаралық құқық қорғау орталығымен бірлесіп, Алматыдағы Достық
...
Кабинеттегі кездесу
2017 жылғы 2 ақпан күні Алматы қ, Достық үйінде орналсқан
республикалық әдістемелік медиация кабинетін...
2017 жылдың 3 ақпанында Алматинском қалалық сотында Даулардын
жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация ...
Алматы қ. Достық үйінде 2017 жылдың 11 ақпан күні республикалық
әдістемелік медиация кабинетімен «Қазақстандық дүнген қоға...
Республикалық әдістемелік медиация кабинеті Республикалық және
қалалық этномәдени бірлестіктермен, мемлекеттік органдармен...
Upcoming SlideShare
Loading in …5
×

деятельность кабинета медиации (от 17.02.17 kaz)

249 views

Published on

медиация

Published in: News & Politics
  • Be the first to comment

  • Be the first to like this

деятельность кабинета медиации (от 17.02.17 kaz)

  1. 1. ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің Республикалық әдістемелік медиация кабинетінің қызметі Алматы 2016 ж.
  2. 2. Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация институты еліміздегі қоғамдық және этносаралық қарым-қатынастар саласында бас модератордың рөлін атқарып келеді. Қазақстанда медиация институтының дамуы Қазақстан халқы Ассамблеясының саясатының негізінде жүзеге асып келеді. Медиация ұғымы Медиация – бұл татуласу үрдісі және дауларды арнайы маманның көмегімен реттеудің бір түрі. Бұл үрдісте медиатор шешім қабылдамайды, керісінше тараптар өзара шешімге келетін болады. Медиатор – маман тараптармен дұрыс сөйлесу мәнеріне үйренген және олардың татуласуын жүргізу ретін біледі. Сол себепті медиаторды – жартылай психолог, жартылай заңгер және аздап қаржыгер деп те айтуға болады.
  3. 3. Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясындағы Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру барысында Алматы қ. Достық үйі базасында медиация кабинеті ашылды. 2015 жылдың 23 желтоқсанында медиация кабинетінің таныстыру рәсімі өтті. Медиация кабинетін ашу барысында кітап ұйымдастырылды, медиацияның негізгі қағидаларын көрмесі ашатын плакаттар дайындалды, медиацияның нормативтік-құқықтық базасы, құрамы, тәсілдемесі және мәні жайлы слайдтар көрсетілді. Ашылу салтанатына Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Алматы қ. республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің, «Альтернатива» медиация және бітімгершілік орталығының, «Қоғамдық жоба» мекемесінің кәсіби медиаторлары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Іс-шара барысында сөз сөйлеушілер үйлестіруші орган, оның құқықтық негіздері, келешекте бірлескен жұмыс жоспарларын құру жөнінде ұсыныстар жасады. Таныстыру рәсімі «Қазақстан», «Алматы» телеарналарымен жұртқа таралды, қатысушыларымен сұхбат берілді.
  4. 4. 2015 жылдың 23 желтоқсанында өткен Алматы қаласының Достық үйіндегі медиация кабинетінің тұсаукесері
  5. 5. 2016 жылғы іс-шара жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 2 ақпанында Алматы қ. Республикалық Достық үйінде медиация кабинетінің ұйымдастырылған отырысы өтті. Кеңес мүшелерінің құрамына 45 адам сайланды, оның ішінде 11-і – Басқарма мүшелері. Кеңеске әр түрлі конфессиялардың рухани басқару өкілдерін қосу жөнінде ұсыныс түсті. Кеңес және Басқарма мүшелерінің құрамы, медиаторлар кеңесі жұмысының қағидалары мен жоспары бекітілді.
  6. 6. «Қоғамдық келісімді және бірлікті нығайтудағы медиацияның рөлі» атты семинар-тренинг 2016 жылдың 25 ақпанында Алматы қ. Неміс үйінде «Қоғамдық келісімді және бірлікті нығайтуда медиацияның алатын рөлі» атты семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингтің қатысушылары: медиация саласындағы қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері, «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері, республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктердің, Алматы қ. Неміс үйінің және ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері. Тренингтің жүргізушісі А.О. Заманбекова, үйлестіруші, заңгер, машықтанушы медиатор, психолог, жаттықтырушы-медиатор, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ медиациясының супервизоры. Ол келесі жайттарды түсіндірді: Жанжалдың түсінігі мен түрлері. Жанжалды басқару стильдері. Қоғамдық келісімді және бірлікті нығайтуда медиацияның алатын рөлі.
  7. 7. «Оқушылар арасындағы жанжалды шешу тәсілдері» атты тренинг Қатысушылар: Алматы қ. ҚХА Хатшылығы өкілдері, Алматы қаласы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері, ЭМБ, ҚМДБ төрағалары мен өкілдері, денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері, бала инспекторы, мектептің ұстаздар және ата-аналар коллкетиві. Семинар қатысушыларына медиация технологиясы жайлы, оның көмегімен жанжалды шешудің жаңа тәсілдері жайлы ақпарат берілді. Және де мектептегі даулы жағдайлар шешуде медиацияны қолдану жайлы сөз қозғалды. Сөз сойлегендер: Әлтекова Нұрсәуле Абдықадырқызы, ҚР Президенті жанындағы толық және дәл мен мәселелерді 9 сәуір 2016 ж. Өткізілу орны: ЖББ №151 КММ «Қоғамдық келісім» РММ аға сарапшысы, «медиация процесінің амалдарымен мәні» Аида сөйлеу шешу тақырыбындағы кәсіби медиатор, Заманбекова, кәсіби медиатор, сөз тақырыбы «Жанжалды бейбіт түрде мақсатындағы мектеп медиациясының моделі», Евгений Кенесариев «Қазіргі қоғамдағы жастай некеге тұру мәселесін анықтау және талдау» тақырыбымен, Нұрлан Иминов, Алматы қаласы Орталық мешітің наиб-имамы «Жастай некеге тұрған отбасындағы жанжалдар: жағдайы, шешу жолдары» тақырыбында сөз сөйледі, Мадина Шоқабаева, гинеколог дәрігер «Жасөспірім кездегі жүктілік пен ерте кезден ана болу мәселелері» тақырыбында сөз сөйледі.
  8. 8. Тренинг: «Мектептегі дау-жанжалды шешу әдістері» 14 сәуір 2016 ж. № 35 орта мектеп Семинар республикалық ұйымдастырушылары: Достық үйіндегі медиация әкімі «Қоғамдық кабинеті, келісім» Алматы РММ қаласы аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері. Мақсаты: мектептегі жанжалдылық деңгейін азайту, оқушы – мұғалім – ата-ана жүйесінде жайлы психологиялық атмосера жасау. Қатысушылар: № 35 орта мектептің педагогикалық оқушылары, республикалық қызметкерлері, ұжымы мен 10 сынып Алматы қаласының үйініңДостық Алматы қаласы келісім» әкімі КММаппаратының «Қоғамдық өкілдері, мүшелері, медиацияны бапкерлері. этномәдени бірлестіктер «Concord оқыту Education Center» орталығының Тренингке қатысушылар келесі ақпараттарды алды: медиация қағидаттары, артықшылықтары, мектептердегі даулы мәселелер мен шиеленісті жағдайда медиацияны пайдалану жөніндегі ақпарат.
  9. 9. Тренинг : «Мектептегі дау-жанжалды жағдайларды түсіндіру және шешу» Бапкерлер: Альтекова Н.А – халықаралық ынтымақтастық бөлімі мен «Қоғамдық келісім» РММ медиациясының аға сарапшысы, кәсіби медиатор. («Медиация үрдісінің мазмұны, тәсілдері жәні мәні») Урозбаева Г. А – кәсіби медиатор, «Concord Education Center» медиацияны оқыту орталығының директоры. («Дау-жанжалды бейбіт шешуге арналған мектеп медиациясының үлгісі. Медиативті құзырет») Осы мектеп-гимназияның педагогикалық ұжымының өтініші бойынша семинар ұйымдастырушылары осы мектеп-гимназияның басқа сынып оқушыларымен бұл тақырыпта қосымша кездесу семинарын өткізді.
  10. 10. «Жастар арасындағы дау-жанжалдың алдын алу және шешу» тақырыбындағы семинар Өткізілген күні: 19 сәуір 2016 ж. Өткізілген орны : Халықаралық бизнес университеті (UIB) Семинар қатысушылары: 3 курс студенттері Ұйымдастырушылар: Республикалық Достық үйіндегі медиация кабинеті, Алматы қаласының әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ, Алматы қ. ҚХА хатшылығы
  11. 11. Семинар: «Біздің арамызда бейбітшілік пен өзара түсіністік орнауы тиіс» 2016 ж. 23 сәуірінде медиация кабинеті «Ахыска» республикалық түрік этномәдени бірлестігімен қосыла медиация бойынша семинар ұйымдастырды. Семинар тақырыбы – «Біздің арамызда бейбітшілік пен өзара түсіністік орнауы тиіс». Семинар қатысушылары: Қазақстандағы Түркия Елшілігінің консулы, Алматы қ. Мен Түркия руханиятының өкілдері, Шет Тілдер және Іскерлік Карьера Университетінің ректоры Сабри Хизметли, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы, ақсақалдары мен мүшелері, ҚХА мүшелері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестігінің өкілдері. Семинар қатысушыларын медиация жүргізу барысымен таныстырды.
  12. 12. Семинар: «Ұйымдардағы дау-жанжалды ескертудің және реттеудің әдістері» 5 мамыр 2016 ж. Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясы Семинарға қатысушылар: Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясының оқытушылары, этномәдени бірлестіктер өкілдері Оқыту семинарының мақсаты: тыңдаушыларға еңбек қызметін жүргізу үшін қажетті білімді, іскерлікті үйрету, дағдыны қалыптастыру. Семинар барысында медиацияның мәнісі мен оның кезеңдері; мазмұны; медиатордың негізгі құзыреттері; барлық медиация үрдістерінде қолданылатын құралдардың мәнісі түсіндірілді.
  13. 13. Семинар: «Ұйымдардағы дау-жанжалды ескертудің және реттеудің әдістері» 2016 ж. 12 мамырында Таугүл ы-а, № 127 жалпы білім беретін мектеп ғимаратында «Ұйымдардағы дау-жанжалды ескертудің және реттеудің әдістері» атты семинар өтті. Семинар қатысушылары: Алматы қ. этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен өкілдері, Алматы қ. ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері, № 127 мектебінің мұғалімдері мен оқушылары. Оқыту семинарының мақсаты: тыңдаушыларға еңбек қызметін жүргізу үшін қажетті білімді, іскерлікті үйрету, дағдыны қалыптастыру. Семинар барысында медиацияның мәнісі мен оның кезеңдері; мазмұны; медиатордың негізгі құзыреттері; барлық медиация үрдістерінде қолданылатын құралдардың мәнісі түсіндірілді.
  14. 14. 2016 жылдың 24 маусымында Алматы қалалық сотында «Дауды бейбіт жолмен шешу – қоғамдағы толеранттылық негізі» тақырыбындағы арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ҚХА мүшелері, аудандық судьялар, Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқа мүшелері, «Нұр Отан» партиясы филиалдары мүшелері қатысты. Дөңгелек үстел жұмысы кезінде профессионалды емес медиацияны дамыту туралы, атқарушы органдардың професионалды емес медиаторлармен ынтымақтасуы жайлы мәселелер қарастырылды. Меморандумдарға қол қою рәсімдері жүргізілді. Алматы қалалық сотының төрағасы Ештай Ақжан Жайлауханұлы мен Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Әбдалиева Маргарита Әбубәкірқызы арасында ынтымақтастық пен медиация институтын дамыту жөніндегі меморандумға қол қойылды.
  15. 15. «Медиатор – бейбітшілік сақтаушысы» 2016 жылдың 13 шілдесінде Неміс үйінде «Медиатор сақтаушысы» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға этнобірлестіктердің мүшелері, профессионалды – бейбітшілік медиаторлар, өзара қарым- неміс үйінің қызметкерлері, жастар қатысты. Дөңгелек үстел барысында медиация орталықтарының қатынасы, республикалық Достық үйіндегі медиация кабинетінің медиация орталықтарымен қарым-қатынасы, халық арасында медиацияның рөлін түсіндіру, медиаторлардың құқық қорғау органдарымен бірге жұмысы мен өзара әріптестігі жөніндегі мәселелер талқыланды.
  16. 16. Дауларды шешу кезінде медиацияның қолданылуы 2016 жылы 4 тамызда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Дауларды шешу кезінде медиацияның қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі қолданысқа енгізілген сәттен бастап республикамыздың барлық соттарында, соның ішінде Алматы қ. МАЭС-ында медиациямен бірге атқарылған іс саны әлдеқайда артты. Мәселен, статистикалық деректерге сүйенсек, 2015 жылы сот медиациясы тек 28 істе қолданылса, 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында медиацияның көмегімен 72 дау шешілді.
  17. 17. «Медиация күні» Республикалық акциясы және медиация кабинетінің ашық есік күні 2016 жылғы 5 тамызда Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында Алматы қаласының республикалық Достық үйінде «Медиация күні» республикалық акциясы және медиация кабинетінің ашық есіктер күні өтті. Шараның басты мақсаты ҚХА медиация институтын кеңінен таныту және оның қызметін дамыту, халық арасында даулы және шиеленісті жағдайларды сотқа жеткізбей шешу мәдениетін қалыптастырып, дамыту. Медиация институтын дамыту және нығайту мақсатында қатысушылар халық арасында ақпаратты тарату жұмысын күшейту туралы, сонымен қатар басқа да құқықтық институтармен өзара қарым-қатынасты нығайту жайлы ұсыныс жасады.
  18. 18. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының арасында қол қойылған меморандумға сәйкес өткізілді. Іс-шараларға кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, медиация орталықтарының басшылары мен мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, «Жарасым» РЖҰ мүшелері, аудандық соттардың судьялары, қалалық соттардың судьялары мен қызметтегі емес судьялар, жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ қатысты. Медиацияның қоғамдағы рөлі мен ҚХА медиация институтын дамыту туралы алға қойылған жоспарлары туралы: Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары Мамсуров К.В., Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары Асиев Ш.А., Кожаханова Г.А., Алматы қ. азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы, татуластыру рәсімдерінің үйлестірусіші, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Кобеева А.О. Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы мен Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» атынан кәсіби медиаторларды алғыс хатпен марапаттау рәсімі өткізілді.
  19. 19. «Келіссөздер жүргізудегі (делдалдық) медиация институты» 2016 жылдың 11 тамызында Алматы қаласындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында дөңгелек үстел өтті. Модераторлық қызметті Алматы қаласындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ж.Ж.Кәрібаев атқарды. Қатысушылар: ҚР Президенті жаныныдағы «Қоғамдық келісім» РММ методикалық медиация кабинетінің қызметкерлері, Алматы қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры, Алматы қаласы білім басқармасының басшысының орынбасары, Республикалық қоғамдық бірлестік «Медиация даму орталығы» Алматы қаласындағы Өкілдігінің медиаторлары, Алматы қаласының мамандандырылған ювеналды заң кеңесінің адвокаттары.
  20. 20. Семинар-тренинг: «Нәтижелі медиацияның әдістері мен технологиялары» 16 тамызда Алматы қаласындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Нәтижелі медиацияның әдістері мен технологиялары» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
  21. 21. Семинар-тренинг:«Біздің арамызда бейбітшілік пен өзара түсіністік орнауы тиіс» 2016 жылдың 29 тамызында Алматы қ. №2 Орталық қалалық клиникалық ауруханасында «Біздің арамызда бейбітшілік пен өзара түсінушілік орнауы тиіс» атты ғылыми-танымдық семинар өтті. Семинарға аурухананың еңбек ұжымы, ҚР Президенті әдістемелік жанындағы жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ республикалық медиация кабинеті, Алматы қ. әкімінің аппараты «Қоғамдық келісім» КММ қатысты. Семинарды «Concord Education Center» медиацияны оқыту орталығының өкілдері жүргізді: бизнес-тренер, кәсіби медиатор Уразбаева Г.А. және дербес медиатор - Адаев М.М. Қатысушыларды медиацияны жүргізу ережелерімен таныстырды, сұрақтарға жауап берді.
  22. 22. Семинар: «Медицина саласындағы медиацияның рөлі» 2016 жылдың 29 тамызында Алматы қ. №9 қалалық поликлиникада «Медицина саласындағы медиацияның рөлі» тақырыбында ғылыми-танымдық семинар өтті. Семинарға поликлиниканың еңбек ұжымы, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ республикалық әдістемелік медиация кабинеті, Алматы қ. әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қатысты. Семинарды «Concord Education Center» медиацияны оқыту орталығының өкілі дербес медиатор - Адаев М.М. жүргізді. Қатысушыларды медиацияны жүргізу ережелерімен таныстырды, сұрақтарға жауап берді.
  23. 23. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің республикалық әдістемелік медиация кабинеті «Дінаралық дауларда медиацияны қолдану тәсілдері» атты дөңгелек үстелді, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Имамдардың білімін жетілдіру институтының базасында 2016 жылдың 5 қыркүйегінде өткізді. Институттың негізгі тыңдаушылары республикамыздың барлық аймағынан келген мешіт имамдары мен найб-имамдары. «Дінаралық дауларда медиацияны қолдану тәсілдері» атты дөңгелек үстел
  24. 24. Қазақстан Республикасы Перезиденті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің Қазақстан кеңесінің жөніндегі республикалық әдістемелік медиация кабинеті мен Алматы қ. халық Ассамблеясы хатшылығы жанындағы Қоғамдық келісім жұмысын тұрғындарға кеңінен таныстыру мақсатында «Рәсімді келісу комиссиясының еңбек дауларын шешудегі» медиацияның қолданылуы тақырыбында 2016 жылдың 05 – ші қыркүйегі күні IBS Group компаниясында дөңгелек үстел өткізілді. Негізгі мақсатымыз – әр ұжымдағы бірлікті татулықты сақтау. Түсінбеушіліктен туындайтын дауды дер кезінде шешуге араласу. Осы мақсатта диалог арқылы байланыс орнату. Семинар: «Келісу комиссиясының еңбек дауларын қараудағы жұмыс рәсімі»
  25. 25. 2016 жылы 6 қыркүйекте Әуезов аудандық қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде «Жаңа еңбек кодексіне сәйкес еңбек дауларын шешу» тақырыбында семинар өтті. Дәріс оқушы Г.А.Урозбаева жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек қатынасын қандай баптардың реттейтіндігіне, келісу комиссиясының құрылу рәсіміне, жұмыс жасау қағидаттарына толықтай түсініктер берді. Семинар: «Жаңа еңбек кодексіне сәйкес еңбек дауларын шешу»
  26. 26. 2016 жылдың 15 қыркүйегінде «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Діни ахуалдың тұрақсыз жағдайында диалог алаңдарын ұйымдастыру және медиацияны қолдану тәсілдері» атты семинар өткізілді. Қатысушылар: Оқытушы – профессорлар құрамы, докторанттар мен магистранттар, экстремизм мен терроризмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының тыңдаушылары. Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Перезиденті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің республикалық әдістемелік медиация кабинеті мен Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, Алматы қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі. Семинар: «Діни ахуалдың тұрақсыз жағдайында диалог алаңдарын ұйымдастыру және медиацияны қолдану тәсілдері»
  27. 27. Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация орталығының кеңейтілген отырысы 2016 жылдың 29-30 қыркүйегінде Астана қаласы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында отырыс қатысушыларына арналған семинар-тренингтер, дәрістер, дөңгелек үстел, коучинг, медиация саласындағы шетелдік сарапшыларымен онлайн- конференция, Достық үйлеріндегі медиация кабинеттерінің қызметі туралы таныстыру рәсімдері ұйымдастырылды. 30 қыркүйекте Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация орталығының ұрыс- жанжалдардың алдын алу және шешу мәселелері бойынша кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Жоғарғы сотының өкілдері, Достық үйіндегі медиация кабинеттерінің меңгерушілері, ҚХА мен Қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.
  28. 28. 2016 жылдың 17 қазанында Алматы қ. жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының қолдауымен жолаушылар тасымалы кәсіпорынының қауымдастығында (Егізбаев к-сі, 7) бапкер ретінде «Concord Education Center» медиацияны оқыту орталығының директоры Урозбаева Г.А. жүргізген «Қоғамдық көліктегі дау-жанжалдардың алдын алу және шешу» тақырыбына арналған ақпараттық – түсіндірме семинары өтті. Кездесу барысында қоғамдық көлік бақылаушысының жүріс-тұрыс стандарттарына, шиеленісті жағдайларға қатысты даулардың алдын алу мен шешу тәсілдері жөніндегі мәселелер талқыланды. Іс-шараға Алматы қаласының автопарк және көлік ұйымдарының басшылары, Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық әдістемелік медиация кабинетінің өкілдері қатысты. «Қоғамдық көліктегі дау-жанжалдардың алдын алу және шешу» тақырыбына арналған ақпараттық-түсіндірме семинары
  29. 29. «Тәуелсіз Қазақстан» ақпараттық-насихаттық пойызы Қазақстан Республикасы тұрғындарын Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация орталығының жасап жатқан жұмысы жайлы жаппай ақпараттандыру мақсатында, ҚР 35 қаласында 43 күндік турнемен өткен пойыздың арнайы құрамында ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің Республикалық әдістемелік медиация кабинетінің жетекшісі – Әльтекова Нұрсәуле Әбдіқадырқызы болды. Мерейтойлық пойыздың құрамындағы Нұрсәуле Әбдіқадырқызы Қазақстанның Тараз, Шу, Түлкібас, Түркістан, Қызылорда сияқты аймақтары мен қалаларында болды. «Соттасқанша, келіскен дұрыс» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының Медиаторлар Кеңесі әр қаланың (аймақтың) тұрғындарымен кездесулерді откізді.
  30. 30. «Медиацияны қолдану архылы өзекті әлеуметтік мәселерді шешу» тақырыбындағы дөңгелек үстел мен оқыту семинары. 2016 жылғы 11 қарашада Алматы қаласындағы «УЮТ» қонақ үйінде (Гоголь к- ші 127/1) «Әлеументтік дамудың өзекті мәселелері және оларды медиация институтын қолдану отырып шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел мен кәсіби емес медиаторларға арналған семинар өткізілді. Дөңгелек үстел модераторы Жақыпов Ж.А. «Медиация институтын әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамдық тұрақтылық пен ынтымақтастықты сақтауға қолдану» жобасымен таныстыру рәсімін Халықаралық құқық қорғау орталығының басшысы Жанділда Әжіғалиұлы өткізді. Жобаның аясында «ҚХА қолдауымен медиацияны қалыптастыру және дамыту, қоғамдық келісім мен бірлік мәселелерін шешу жұмыстарын жүргізу мақсатында жаңадан үйренуші медиаторларға ұйымдастырылған оқыту бағдарламасы 1 күнге созылды. Оған Қазақстан Халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестік өкілдері қатысты. Семинар-тренингте қатысушылар бір-бірімен жақын танысып, өздері жайлы біраз сыр шертті.
  31. 31. 2016 жылдың 28 қарашасы мен 2 желтоқсаны аралығында Алматы қаласындағы «Алтын Қарғалы» санаторийінде Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің «Әлеуметтік мәселелерді шешу мен қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтау үшін медиация институтын пайдалану» гранттық жобасының аясында «Жалпы медиация курсы» бағдарламасы бойынша кәсіби медиаторларды оқыту өтті. Халықаралық құқық қорғау орталығы республиканың кәсіби емес медиаторларына 437 адам оқытылған 16 семинар өткізді. 437 адам оқытылды, оның республиканың кәсіби емес медиаторлар, 16 семинар өткізді. Қоғамдық ұйымдар мен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының Кәсіби медиаторларына арналған 60 басшылар мен қызметкерлер сертификатталған 4 оқыту курсы өткізілді. Оқыту жұмыстарының қорытындысы бойынша оқытылған Қазақстанның кәсіби және кәсіби емес медиаторларының картасы құрастырылды. жобасы аясында медиация оқытылды медиаторлар. Барлық қатысушылар халыққа көмек көрсету тәжірибесін, медиацияның даулар мен жанжалдарды шешу үшін қолданысқа енгізетіндей білім алып, Қазақстанның барлық өңірлерінде медиаторлық қызмет көрсете алатындай дәрежеге жетті.
  32. 32. Медиацияны қолдану барысы туралы аймақтық семинар 2016 жылдың 5 желтоқсанында Алматы қ. Достық үйінде «Қоғамдық келісім» РММ Республикалық әдісемелік медиация кабинетімен бірлесіп медиация бойынша аймақтық семинар өтті.
  33. 33. «Менің үйім! Менің тағдырым! Менің Қазақстаным!» танымдық-жетілдіру викторинасы 2016 жылдың 8 желтоқсанында Алматы қ. республикалық Достық үйінің пресс залында «Менің үйім! Менің тағдырым! Менің Қазақстаным!» танымдық- жетілдіру викторинасы орын алды. Іс-шарада Алматы қ. орта мектеп оқушылары, этномәдени бірлестік мүшелері, ҚР Президентіне қарасты «Қоғамдық келісім» РММ Республикалық медиациялық әдістемелік кабинетінің өкілдері, «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының өкілдері қатысты. Қатысушыларға заманауи мектептердегі медиация мен оны енгізу қажеттілігі жайлы айтылды.
  34. 34. «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы 2016 жылдың 14 желтоқсанында Алматыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызын қарсы алу барысында Достық үйінің Пресс залында ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің қоғамдық қабылдау жұмысын атқарды. Қоғамдық қабылдауда қала тұрғындары пойыз делегаттарына өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Сұрақтардың көбісі тұрғын үй, денсаулық, медиация, әлеуметтік салаларға байланысты болды. Қабылдауға қатысқан әрбір тұрғын өзінің сұрағына сәйкес тиісті жауабын ала алды.
  35. 35. Еңбек дауларын шешуге медиация әдістерін пайдалану 2017 жылғы 23 қаңтар күні Алматы қ. Достық үйінде «Еңбек дауларын шешуге медиация әдістерін пайдалану» тақырыбында семинар- практикум өтті. Ұйымдастырушылар ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ әдістемелік медиация кабинеті. Семинарға қалалық және Республикалық этномәдени бірлестіктердің, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері мен келісу комиссиясы мүшелері қатысты.
  36. 36. ҚХА медиация институтының Қазақстан Республикасының дамуындағы рөлі 2017 жылдың 24 қаңтарында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ–дың журналистика факультетінде «ҚХА медиация институтының Қазақстан Республикасының дамуындағы рөлі» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті.
  37. 37. 27 қаңтарда Республикалық әдістемелік медиация кабинеті, Халықаралық құқық қорғау орталығымен бірлесіп, Алматыдағы Достық үйінде "Медиация рәсімдері және даулар мен келіспеушіліктерді реттеудегі медиатордың құралдары" атты семинар өткізді.
  38. 38. Кабинеттегі кездесу 2017 жылғы 2 ақпан күні Алматы қ, Достық үйінде орналсқан республикалық әдістемелік медиация кабинетінің ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауына байланысты қалалық медиация орталықтарының жетекшілері мен медиаторлардың кездесуі өтті.
  39. 39. 2017 жылдың 3 ақпанында Алматинском қалалық сотында Даулардын жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны icкe асыру туралы доңгелек үстел өтті. Талқылауға судьялар, медиация орталықтарының, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Алматы қаласындағы «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ, «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ, «Қоғамдық жоба» ҚБ, Медиация бойынша «Concord Education Center» тренинг орталығы және т.б қатысты.
  40. 40. Алматы қ. Достық үйінде 2017 жылдың 11 ақпан күні республикалық әдістемелік медиация кабинетімен «Қазақстандық дүнген қоғамы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Этномәдени бірлестіктерінің кәсіби және кәсіби емес медиаторларының өзара қарым-қатынастарының тиімділігі» тақырыбы бойынша кездесу өтті. Ұйымдастырушылар республикалық әдістемелік медиация кабинеті және «Қазақстандық дүнген қоғамы» қоғамдық бірлесті. Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.
  41. 41. Республикалық әдістемелік медиация кабинеті Республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктермен, мемлекеттік органдармен және Алматы қаласы ҚХА Қоғамдық келісім Кеңесімен өзара тығыз байланыс ұстайды. Оның мақсаты – бірлесе отырып күш салу арқылы ҚХА-ның медиация институтының рөлін арттыру мен дамыту болып табылады. ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің Республикалық әдістемелік медиация кабинеті 050000, ҚР, Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 40. Тел:. 8 (727) 272-34-85, 8 (701) 711 83 02, 8 (775) 443 65 65. mediation.almaty@mail.ru

×