SlideShare a Scribd company logo
"Халық жауы"
атанған қазақ
зиялыларының
жарлары мен
қыздарынан алар
тағылым
Жоспар:
• Ахмет Байтұрсынов пен Александра Иванқызы
• Әлихан Бөкейханов пен Елена Яковқызы
• Жүсіпбек Аймауытов пен Евгения Кириллқызы
• "АЛЖИР"-де азапталған қазақ зиялыларының жұбайлары
Шаблоны презентаций с сайта presentation-creation.ru
• XX ғасырдың 20-30 жылдары қазақ зиялылары
көбінесе орыс және татар ұлтының қыздарына
үйленді. Мысалы, Мұхтар Әуезовтің әйелі –
Валентина Николайқызы, Ахмет
Байтұрсыновтың әйелі – Бәдрисафа Иванқызы,
Әлихан Бөкейхановтың әйелі – Елена
Яковқызы, Жүсіпбек Аймауытовтың әйелі –
Евгения Кириллқызы, Қаныш Сәтбаевтың
әйелі – Таисия Алексейқызы және т.б.-лар.
Қазақ зиялыларының орыс қыздарына
үйленуіне ішкі және сыртқы эстетикалық
мәдениеті мол қазақ қыздарының жоқ болуы
себеп болса керек. Ол заманда халқымыз үшін
білім бірінші орында емес-ті. Ал мұның
астарында Кеңес өкіметінің жымысқы саясаты
жатыр.
Ахмет Байтұрсынов пен Александра Иванқызы
Ахмет Байтұрсынов татар көпесі Мұхаммед-Садықтың Бәдрисафа қызына ғашық болады.
Сұм ажал бойжеткеннің өмірін ерте алады. Осыдан кейін Ахаң қазақ жеріне келген орманшы
Иванның қызымен көңіл жарастырады. Олар үйленгенде Ахмет 25 жаста, ал жары 19-да
болатын.
Олардың махаббатының куәсі болған “Мұғалім” атты көл де бар. Десе де, қалың қазақ бұл
аралас некені қабылдаудан бас тартады. Тіпті, жұрт арасында Ахметтің бойдақ болғанын
айтып қауесет таратады. Жақындарынан қолдау таппағандықтан, қос ғашық некелерін
Троицк қаласында қиюға мәжбүр болады. Осы жерде Александра ислам дінін қабылдап, екі
ай бойы діни дәрістер тыңдайды.
• Ахметтің қалауымен оған мұсылманша ат қойылады. Бәдрисафа
арабшадан аударғанда “Бадрун” — толық ай, “сафа” —
кіршіксіз таза деген мағынаны білдіреді. Ахмет пен
Бәдрисафаның өздерінен туған балалары болмаған. Олар Аумат,
Қазихан, Шолпан есімді үш бала асырап алған. Қазихан мен
Аумат ертерек қайтыс болып, Шолпан анасымен бірге айдауда
болады. Көп ғалым мен жазушы Ахметтің қызға икемсіз
болғандығын айтады. Десе де, мұны теріске шығаратын
Ахаңның өлеңдері көп. Солардың бірі – келесі жарына арналған
өлеңі:
Сұрасаңыз есімі Александра Ивановна,
Ризамын құдайдың оны маған қиғанына.
Бір кәпірді мұсылман қылып сауаптапсам,
Тұрмай ма он молданың иманына.
Әлихан Бөкейханов пен Елена Яковқызы
Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханов та орыс
қызын жар еткен. Әлихантанушы
ғалымдардың зерттеуінше, 35-36 жасында
үйленген. Ол 1985 жылы Омбы қаласындағы
Орман шаруашылығы училищесіне жұмысқа
тұрады. Сол жерде математика пәнінен сабақ
беріп, шәкірт тәрбиелейді. Артынша “Степной
край” газетіне жұмысқа тұрады. Жұмыс
барысында саясаткер Яков Севостьяновпен
танысып, етене жақын араласады.
Екеуінің саясат пен қоғамдық қозғалыстарға
деген көзқарасы бір болып шығады. Жақын
қарым-қатынас орната келе саясаткердің қызы
Еленамен де танысады. Яков мырза бір күні
қызын шақыртып, Әлихан екеуіне ақ батасын
береді. Алайда Әлиханның анасы бұл аралас
некеге қарсы болады.
Бұл туралы ғалым Сұлтан Хан Аққұлы да пікір білдірген-ді. “Әлиханның жеке өміріне қатысты
мәліметтерде үйленуіне байланысты оқиғалар беймәлім күйінде қалып отыр. Оның өзге ұлттың және
оның үстіне христьян дінінің қызына үйленгендігі – басты құпия емес. Әлихан өзіне қалыңдық ретінде
орыс қызын, Елена Яковлевна Севостьяновнаны таңдады”, – деп жазады ол еңбектерінің бірінде. Әлихан
мен Еленаның 1903 жылы Елизавета, 1904 жылы ұлы Сергей дүниеге келеді. Алаш ардақтысы қызын
Зейнеп, ұлын Өкітай деп атайды. Өкінішке орай, Әлихан Бөкейхановтың өзіне де, оның балалары мен
немересіне де туған жерінен топырақ бұйырмады. Барлығы Мәскеу қаласында жерленді.
Мұстафа Шоқай мен Марина Горина
• Мұстафа Шоқай тағдырдың тәлкегімен 1918 жылы Ташкент
қаласына қашуға мәжбүр болады. Осы жерде екі ай тұрақтап,
сәуір айында бұрынғы танысы Мария Горинамен некелеседі.
1918 жылдың 1 мамырында қайын атасы Горинның өтінішімен
Ташкенттен Мәскеуге аттанады. Бұл уақытта Мария Мәскеудің
опера театрларының бірінен шақырту алған болатын.
Францияның Ножан-сюр-Марн қаласында Мұстафа Шоқайға ескерткіш орнатылған. Әйелінің арқасында
Еуропа халқы оның көптеген еңбегін оқыған. Осыны ескерген Францияға барған “Мұстафа Шоқайдың қазақ
және француз достығы” ұйымының қазақстандық мүшелері Марияның бейітіне барып топырақ салады. Сол
кезде әкімшілік Горинаның 1969 жылдың 14 сәуірінде қайтыс болғанын айтқан. Мария қайтыс боларынан 4
жыл бұрын өзін жерлейтін орынды таңдап, оны 50 жылға жалға алып қойған екен. Бұл мерзім
аяқталғандықтан, Қызылорда әкімі Мұрат Мұхаммед тағы да 770 еуро төлеп (шетелде жер сатылмайды, оны
тек жалға береді), мерзімді тағы 50 жылға ұзартты.
Жүсіпбек Аймауытов пен Евгения Кириллқызы
Жүсіпбек Аймауытов өмірінде екі рет отасқан. Екеуінде де
Вера Николайқызы, Евгения Кириллқызы есімді орыс
қыздарына үйленген. Олардан Бектұр, Жанақ есімді екі ұл
мен Муза есімді бір қыз сүйген. Жазушының екінші әйелінің
түрі ұсқынсыздау болыпты. Мұны Сәбит Мұқанов та байқап,
орыс қызын Жүсіпбекке лайық көрмеген екен. Тіпті, осы
туралы жазушыдан сұрап бағады. Сонда Жүсіпбек Сәбитті
Сырдың жағасына шақырады. Сәбит Мұқанов ертесінде
межеленген жерге барып, Жүсіпбек пен Евгенияның
серуендеп жүргенін көреді. Кенет жазушының әйелі
шешініп, суға секіріп кетеді. Сонда жазушы жарын мінсіз
тәні мен өзіне күтім жасай білетіндігі үшін сүйетінін айтқан
екен. Евгенияның мінсіз тәнін көрген Сәбит те жазушының
бұл сөздеріне күмән келтірмеген.
• Миллиондаған адамдардың тағдырын қиған тоталитарлық жүйе ізгіліктің, мейірімділік пен
әділеттіліктің жаршысы болған жандардың соңына түсіп, өмірін қиды. Саяси қудалаулар
арты адам санасына сыймайтын қатыгездікке ұласты. Өздерінің зерек ойымен, талантымен
құрметке ие болған халқымыздың ардақты ұлдары сталиндік жаналғыштардың қолынан
қаза тапты. Жоғарыдан қарқынды деңгейде жүргізілген репрессиялық шаралар қоғам
өмірінің барлық саласын қамтығандықтан, сол зобалаңнан бірде-бір елдімекен, бірде-бір
отбасы аман қалмағандығы жұртшылыққа жақсы таныс. Кеңес өкіметінің бүкіл тарихы
жауларды іздеу, табу, құрту, жою мақсатына арналды. Әрбір азаматтан жау іздеді. Саяси
қуғын-сүргінге ер-азаматтармен қатар әйелдер де, балалар да ілікті.
"АЛЖИР"-де азапталған қазақ
зиялыларының жұбайлары
• ХХ ғасыр қазақ зиялылары үшін қасіретті уақыт. И.В.Сталиннің
"Троцкийшілдер және басқа да екіжүзділерді құрту бойынша
партиялық жұмыстардың жетіспеушіліктері" атты баяндамасын
талқылағаннан кейін жаппай қудалау басталды. Бұл тарихта «үлкен
террор» деген атпен қалды. Сол кезде қазақ қоғамының қаймағы
саналатын көптеген зиялылылар итжеккенге айдалып, атылды.
Л.И.Мирзоян Сталиннің бұйрығымен жазықсыз оққа үшқандар санын
қолдан мейлінше арттыруға тырысты. 118 мың адам жазықсыз
тұтқындалып оның 25 мыңы атылды. Қазақ зиялыларының әйелдері де
бұл жазадан тыс қалмады. Күйеуінен бас тартпаған әйелдерді қамады.
Бұл лагерь "Алжир" деген атпен тарих беттерінде қалды. Аталмыш
азап түрмесінде 18 мыңнан астам әйел жазықсыз жапа шекті.
Гүлжамал (Күнжамал) Майлина –
Бейімбет Майлиннің жұбайы
• 1900 жылы Қостанай облысы, Қарабалық
ауылында туған. 1938 жылы Бейімбет
Майлин "халық жауы" ретінде жазықсыз
айыпталып, атылғанда, жары Гүлжамал да
"отанын сатқан опасыздың жұбайы"
ретінде АЖИР-ге 5 жылға айдалды. 1943
жылы 5 мамырға дейін лагерде жазасын
өтеген.
Гүлбаһрам Сейфуллина – Сәкен
Сейфуллиннің жары
• Гүлбаһрам Батырбекқызы Сейфуллина 1908 жылы
туған. Сәкен Сейфуллин екеуі 1923 жылы
танысқан. Сәкен Сейфуллин оған арнап
"Совпарттағы қарындасыма — Гүлбаһрамға"
деген сынды өлеңдер, хаттар жазып тұрған. 1926
жылы желтоқсан айында екеуі отау құрған. 1937
жылы Сәкен Сейфуллин қудалауға ұшырағанда,
"халық жауының жұбайы" ретінде Гүлбаһрам да
айыпталды. Ол 1938 жылы 8 ақпанда Сәкенмен
соңғы рет түрмеде кездеседі де, Ақмолаға жер
аударылады. АЛЖИР лагерінде жазықсыз азап
шекті. 1973 жылы өмірден өткен.
Әзиза Рысқұлова – Тұрар Рысқұловтың жары
• 1937 жылы 21 мамырда Кисловодскіде демалыста жүрген Рысқұлов
"пантүрікшіл", "халық жауы" деген айыппен тұтқынға алынды.
Кеңестік қуғын-сүргінге ұшыраған Рысқұлов Мәскеу түрмесінде
жүрек ауруынан қайтыс болды.Тұрар ұсталғаннан
кейін әйелі Әзиза Түбекқызы да қамауға алынады. Әзиза
Рысқұлова туған анасымен бірге 10 жылға
сотталып, Қазақстандағы "АЛЖИР" лагерінде болады, анасы сол
жерде өмірден өтеді. Өзі АЛЖИР-де 18 жыл айдауды бастан кешті.
Гүләнда (Гүләндам) Қожанова әйгілі мемлекет қайраткері
Сұлтанбек Қожановтың жары
• Гүләнда Мұңайтпасқызы Лапина – Қожанова 1900 жылы өмірге келген. 1937
жылы Сұлтан Қожанов ұсталып кеткенде халық жауының әйелі
ретінде АЛЖИР-ге айдалды. 11 жыл тұтқында отырды.Гүләнда Қожанова
түрмеден босағаннан соң Сұлтан Қодановтың жазықсыз сотталғанын
айтып, есіл ердің адал есімін ақтауға еңбек етті. Бұл еңбегі еленіп 1957 жылы
Қожанов ақталды. Бірақ оның шығармалары еш жерде жарияланбады,
насихатталмады. Тек 1994 жылы ғана еңбектері шығарыла бастады, Бұл
қуанышты сәтті Гүләнда Қожанова көре алмады. Ол 1989 жылы өмірден өтті.
Дәмеш Әмірханқызы – Темірбек Жүргеновтың жары
Дәмеш Әмірханқызы Ермекова-
Жүргенова (1905-1990), дәрігер,
Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген
дәрігері (1966).
Орта Азия мемлекеттік
университетініңмедицина
факультетін бітірген (1929). 1929-
1933 жылдары Ташкент
медициналық институтында
оқытушы болды.
АЛЖИР лагерінде 8 жыл болып,
1946 жылы босап шыққан. Бірақ
Алматыға келуіне тыйым
салынған. 1957 жылы Темірбек
Жүргенов ақталады. Тек содан соң
ғана Алматыға оралуға рұқсат
беріледі.
Дәмеш Жүргенова ақталып
келгеннен кейін 1956-1973
жылдары Алматы медициналық
институтында оқытушы болады.
Жұбайы Темірбек Қараұлы
Жүргеновтің ақталуына,
шындықтын орнауына көп еңбек
сіңірді.
Алматы қаласының құрметті
азаматы (1982).
Әйіш Құлымбетова – ұлт қайраткері Ұзақбай Құлымбетовтың жары
Ұзақбай Құлымбетов 1937 жылы ұсталып, 1938 жылы 19 наркоммен бірге жазықсыз
атылғанда оның жары Әйіш те «отанын сатқан опасыздың жары» ретінде "АЛЖИР"-
ге жазасын өтеуге жіберіледі. "АЛЖИР"-де Әйіш Құлымбетова 8 жыл отырды.
Ұзақбай Құлымбетов 1958 жылы ақталды. Ұрпақтары 20 жыл бойы "халық жауының"
балалары болып елімізден жырақта жүрді.
Әйіш Құлымбетова туралы қызы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Орынша Қарабалина-
Қазыбаева: "Шешем Әйіш Құлымбетова КАРЛАГ-та он жыл қой баққан.
Жүргеновтың жары Дәмеш апаның өзі КАРЛАГ-та мейірбике болыпты. Әйелдер ауыр
жұмыстан бір уақ тынығып алсын деп, кезегімен бюллетень жазып береді екен. Сонда
әйелдердің ішінде біздің шешеміз Әйіш: "Ұзекеңдер де атылып кетті ғой. Менің
жаным олардан ардақты емес" деп, бірде-бір мәрте бюллетень алмапты. Сол мықты
төзімінің, шыдамдылығының арқасында шығар, он жыл отырғаннан кейін 1947 жылы
аман-сау ортамызға оралды", - дейді.
• Бұдан бөлек "АЛЖИР" азап түрмесінде С.Меңдешевтің әйелі Рәзия, Н.Нұрмақовтың әйелі
Зүпнұн, С.Аспандияровтың әйелі Рабиға, Майнұр Сарымолдаева, Елизавета Садуақасова,
Мария Есқараева, Мәриям Тоғжанова, Бибіжамал Сырғабекова, Сағадат Таштитова,
Шәкітай Тәтімова, Айша Қабылова, Кира Нұрмағамбетова (лагерьде атылды), Жанбике
Шанина, Хадиша Мусина, Сақыпжамал Назарова, Уәзипа Күленова, Мағрипа Рүстемова,
Әсма Шоманова, Зағипа Тінәлина, Баршын Қалменова, Мәдина Оразова, Мәрияш
Есенгелдина т.б. көптеген қазақ азаматтарының әйелдері, аяулы аналар жазасын өтеді.

More Related Content

What's hot

завдання іі етапу олімпіади з української мови і літер.
завдання іі етапу олімпіади з української мови і літер.завдання іі етапу олімпіади з української мови і літер.
завдання іі етапу олімпіади з української мови і літер.
Vitaliy01
 
ექვთიმე თაყაიშვილი
ექვთიმე თაყაიშვილიექვთიმე თაყაიშვილი
ექვთიმე თაყაიშვილი
Geo World Events & Tours
 
Вимова приголосних звуків, уподібнення приголосних
Вимова приголосних звуків, уподібнення приголоснихВимова приголосних звуків, уподібнення приголосних
Вимова приголосних звуків, уподібнення приголосних
Dmytro Kryvenko
 
Батьківські збори. Формування та забезпечення політики академічної доброчесності
Батьківські збори. Формування та забезпечення політики академічної доброчесностіБатьківські збори. Формування та забезпечення політики академічної доброчесності
Батьківські збори. Формування та забезпечення політики академічної доброчесності
russoua
 
Сценарій свята до дня народження Т.Г. Шевченка «Т.Г. Шевченко – великий син у...
Сценарій свята до дня народження Т.Г. Шевченка «Т.Г. Шевченко – великий син у...Сценарій свята до дня народження Т.Г. Шевченка «Т.Г. Шевченко – великий син у...
Сценарій свята до дня народження Т.Г. Шевченка «Т.Г. Шевченко – великий син у...
270479
 
Ювілейний книгоград - 2024
Ювілейний книгоград - 2024Ювілейний книгоград - 2024
Ювілейний книгоград - 2024
НБУ для дітей
 
Масові репресії.pptx
Масові репресії.pptxМасові репресії.pptx
Масові репресії.pptx
ssuser46e2ab
 
Моніторинг стану ведення журналів.pdf
Моніторинг стану ведення журналів.pdfМоніторинг стану ведення журналів.pdf
Моніторинг стану ведення журналів.pdf
olha1koval
 
Західноукраїнські землі у складі Польщі в 1921 – 1939рр.
Західноукраїнські землі у складі Польщі в 1921 – 1939рр.Західноукраїнські землі у складі Польщі в 1921 – 1939рр.
Західноукраїнські землі у складі Польщі в 1921 – 1939рр.
pv01com
 
იგავ არაკები ეზოპე
იგავ არაკები ეზოპეიგავ არაკები ეზოპე
იგავ არაკები ეზოპე
Irina Zaqareishvili
 
სულხან–საბა ორბელიანი
სულხან–საბა ორბელიანი სულხან–საბა ორბელიანი
სულხან–საბა ორბელიანი
tamunatabatadze
 
презентація ( пароніми)
презентація ( пароніми)презентація ( пароніми)
презентація ( пароніми)
Cshkilniy
 
Формування в учнів 5 класів ключових та предметних компетентностей на уроках ...
Формування в учнів 5 класів ключових та предметних компетентностей на уроках ...Формування в учнів 5 класів ключових та предметних компетентностей на уроках ...
Формування в учнів 5 класів ключових та предметних компетентностей на уроках ...
Інститут післядипломної педагогічної освіти КУБГ
 
Індивідуальний план самоосвіти вчителя історії
Індивідуальний план самоосвіти вчителя історіїІндивідуальний план самоосвіти вчителя історії
Індивідуальний план самоосвіти вчителя історії
Наталія Бондаренко
 
Євген Дудар. "Сміх заради життя, а не життя заради сміху"
Євген Дудар. "Сміх заради життя, а не життя заради сміху"Євген Дудар. "Сміх заради життя, а не життя заради сміху"
Євген Дудар. "Сміх заради життя, а не життя заради сміху"
Savua
 
გამარჯვებული გაკვეთილები
გამარჯვებული გაკვეთილებიგამარჯვებული გაკვეთილები
გამარჯვებული გაკვეთილები
niniko71
 
Zvit sokil
Zvit sokilZvit sokil
Zvit sokil
andrijbug
 
Всеволод Нестайко
Всеволод НестайкоВсеволод Нестайко
Всеволод Нестайко
estet13
 
Портфоліо вчителя української мови та літератури
Портфоліо вчителя української мови та літературиПортфоліо вчителя української мови та літератури
Портфоліо вчителя української мови та літератури
Влад Нечепоренко
 

What's hot (20)

завдання іі етапу олімпіади з української мови і літер.
завдання іі етапу олімпіади з української мови і літер.завдання іі етапу олімпіади з української мови і літер.
завдання іі етапу олімпіади з української мови і літер.
 
ექვთიმე თაყაიშვილი
ექვთიმე თაყაიშვილიექვთიმე თაყაიშვილი
ექვთიმე თაყაიშვილი
 
Вимова приголосних звуків, уподібнення приголосних
Вимова приголосних звуків, уподібнення приголоснихВимова приголосних звуків, уподібнення приголосних
Вимова приголосних звуків, уподібнення приголосних
 
Батьківські збори. Формування та забезпечення політики академічної доброчесності
Батьківські збори. Формування та забезпечення політики академічної доброчесностіБатьківські збори. Формування та забезпечення політики академічної доброчесності
Батьківські збори. Формування та забезпечення політики академічної доброчесності
 
Сценарій свята до дня народження Т.Г. Шевченка «Т.Г. Шевченко – великий син у...
Сценарій свята до дня народження Т.Г. Шевченка «Т.Г. Шевченко – великий син у...Сценарій свята до дня народження Т.Г. Шевченка «Т.Г. Шевченко – великий син у...
Сценарій свята до дня народження Т.Г. Шевченка «Т.Г. Шевченко – великий син у...
 
Ювілейний книгоград - 2024
Ювілейний книгоград - 2024Ювілейний книгоград - 2024
Ювілейний книгоград - 2024
 
Масові репресії.pptx
Масові репресії.pptxМасові репресії.pptx
Масові репресії.pptx
 
Моніторинг стану ведення журналів.pdf
Моніторинг стану ведення журналів.pdfМоніторинг стану ведення журналів.pdf
Моніторинг стану ведення журналів.pdf
 
Західноукраїнські землі у складі Польщі в 1921 – 1939рр.
Західноукраїнські землі у складі Польщі в 1921 – 1939рр.Західноукраїнські землі у складі Польщі в 1921 – 1939рр.
Західноукраїнські землі у складі Польщі в 1921 – 1939рр.
 
презентация пам'яті шевченка
презентация пам'яті шевченкапрезентация пам'яті шевченка
презентация пам'яті шевченка
 
იგავ არაკები ეზოპე
იგავ არაკები ეზოპეიგავ არაკები ეზოპე
იგავ არაკები ეზოპე
 
სულხან–საბა ორბელიანი
სულხან–საბა ორბელიანი სულხან–საბა ორბელიანი
სულხან–საბა ორბელიანი
 
презентація ( пароніми)
презентація ( пароніми)презентація ( пароніми)
презентація ( пароніми)
 
Формування в учнів 5 класів ключових та предметних компетентностей на уроках ...
Формування в учнів 5 класів ключових та предметних компетентностей на уроках ...Формування в учнів 5 класів ключових та предметних компетентностей на уроках ...
Формування в учнів 5 класів ключових та предметних компетентностей на уроках ...
 
Індивідуальний план самоосвіти вчителя історії
Індивідуальний план самоосвіти вчителя історіїІндивідуальний план самоосвіти вчителя історії
Індивідуальний план самоосвіти вчителя історії
 
Євген Дудар. "Сміх заради життя, а не життя заради сміху"
Євген Дудар. "Сміх заради життя, а не життя заради сміху"Євген Дудар. "Сміх заради життя, а не життя заради сміху"
Євген Дудар. "Сміх заради життя, а не життя заради сміху"
 
გამარჯვებული გაკვეთილები
გამარჯვებული გაკვეთილებიგამარჯვებული გაკვეთილები
გამარჯვებული გაკვეთილები
 
Zvit sokil
Zvit sokilZvit sokil
Zvit sokil
 
Всеволод Нестайко
Всеволод НестайкоВсеволод Нестайко
Всеволод Нестайко
 
Портфоліо вчителя української мови та літератури
Портфоліо вчителя української мови та літературиПортфоліо вчителя української мови та літератури
Портфоліо вчителя української мови та літератури
 

Similar to халық жауы әйелдері.pptx

Шоқан Уәлихан
Шоқан УәлиханШоқан Уәлихан
Шоқан Уәлихан
Айбек Қуандықұлы
 
Виртуалды көрме (мысал)
Виртуалды көрме (мысал)Виртуалды көрме (мысал)
Виртуалды көрме (мысал)
guldika
 
Мұстафа Шоқай туралы презентация.pptx
Мұстафа Шоқай туралы презентация.pptxМұстафа Шоқай туралы презентация.pptx
Мұстафа Шоқай туралы презентация.pptx
ssuser9c1dbd
 
Виртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесіВиртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесі
guldika
 
міржақып дулатов
міржақып дулатовміржақып дулатов
міржақып дулатов
Gotov .kz
 
сасанова инабат. (1)
сасанова инабат. (1)сасанова инабат. (1)
сасанова инабат. (1)
Nina Panasenko
 
Shakarim
ShakarimShakarim
Sww
SwwSww
сталин және қазақстан
сталин және қазақстансталин және қазақстан
сталин және қазақстан
muktarkundyz
 
11111111111111
1111111111111111111111111111
Cпандияр Көбеев.ppt
Cпандияр Көбеев.pptCпандияр Көбеев.ppt
Cпандияр Көбеев.ppt
BIka
 
103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиип
103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиип103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиип
103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиип
dianazhumi
 
сәбит мұқанов
сәбит мұқановсәбит мұқанов
сәбит мұқанов
rs95
 
Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов
Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан УәлихановҚазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов
Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов
Айбек Қуандықұлы
 
Baurzhan momishuli
Baurzhan momishuliBaurzhan momishuli
Baurzhan momishuli
Malikonti
 
рухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақаларухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақала
Asem Sarsembayeva
 
ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ызғарлы
ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ызғарлыЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ызғарлы
ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ызғарлы
Айбек Қуандықұлы
 
ғылыми жұмыс
ғылыми жұмысғылыми жұмыс
ғылыми жұмыс
nurbolat84
 
Ғасырдың дара перзенті
Ғасырдың дара перзентіҒасырдың дара перзенті
Ғасырдың дара перзенті
Auyelbek Mombayev
 

Similar to халық жауы әйелдері.pptx (20)

Шоқан Уәлихан
Шоқан УәлиханШоқан Уәлихан
Шоқан Уәлихан
 
Виртуалды көрме (мысал)
Виртуалды көрме (мысал)Виртуалды көрме (мысал)
Виртуалды көрме (мысал)
 
Мұстафа Шоқай туралы презентация.pptx
Мұстафа Шоқай туралы презентация.pptxМұстафа Шоқай туралы презентация.pptx
Мұстафа Шоқай туралы презентация.pptx
 
Виртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесіВиртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесі
 
міржақып дулатов
міржақып дулатовміржақып дулатов
міржақып дулатов
 
желтоқсан
желтоқсанжелтоқсан
желтоқсан
 
сасанова инабат. (1)
сасанова инабат. (1)сасанова инабат. (1)
сасанова инабат. (1)
 
Shakarim
ShakarimShakarim
Shakarim
 
Sww
SwwSww
Sww
 
сталин және қазақстан
сталин және қазақстансталин және қазақстан
сталин және қазақстан
 
11111111111111
1111111111111111111111111111
11111111111111
 
Cпандияр Көбеев.ppt
Cпандияр Көбеев.pptCпандияр Көбеев.ppt
Cпандияр Көбеев.ppt
 
103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиип
103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиип103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиип
103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиип
 
сәбит мұқанов
сәбит мұқановсәбит мұқанов
сәбит мұқанов
 
Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов
Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан УәлихановҚазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов
Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов
 
Baurzhan momishuli
Baurzhan momishuliBaurzhan momishuli
Baurzhan momishuli
 
рухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақаларухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақала
 
ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ызғарлы
ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ызғарлыЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ызғарлы
ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ызғарлы
 
ғылыми жұмыс
ғылыми жұмысғылыми жұмыс
ғылыми жұмыс
 
Ғасырдың дара перзенті
Ғасырдың дара перзентіҒасырдың дара перзенті
Ғасырдың дара перзенті
 

халық жауы әйелдері.pptx

  • 2. Жоспар: • Ахмет Байтұрсынов пен Александра Иванқызы • Әлихан Бөкейханов пен Елена Яковқызы • Жүсіпбек Аймауытов пен Евгения Кириллқызы • "АЛЖИР"-де азапталған қазақ зиялыларының жұбайлары Шаблоны презентаций с сайта presentation-creation.ru
  • 3. • XX ғасырдың 20-30 жылдары қазақ зиялылары көбінесе орыс және татар ұлтының қыздарына үйленді. Мысалы, Мұхтар Әуезовтің әйелі – Валентина Николайқызы, Ахмет Байтұрсыновтың әйелі – Бәдрисафа Иванқызы, Әлихан Бөкейхановтың әйелі – Елена Яковқызы, Жүсіпбек Аймауытовтың әйелі – Евгения Кириллқызы, Қаныш Сәтбаевтың әйелі – Таисия Алексейқызы және т.б.-лар. Қазақ зиялыларының орыс қыздарына үйленуіне ішкі және сыртқы эстетикалық мәдениеті мол қазақ қыздарының жоқ болуы себеп болса керек. Ол заманда халқымыз үшін білім бірінші орында емес-ті. Ал мұның астарында Кеңес өкіметінің жымысқы саясаты жатыр.
  • 4. Ахмет Байтұрсынов пен Александра Иванқызы Ахмет Байтұрсынов татар көпесі Мұхаммед-Садықтың Бәдрисафа қызына ғашық болады. Сұм ажал бойжеткеннің өмірін ерте алады. Осыдан кейін Ахаң қазақ жеріне келген орманшы Иванның қызымен көңіл жарастырады. Олар үйленгенде Ахмет 25 жаста, ал жары 19-да болатын. Олардың махаббатының куәсі болған “Мұғалім” атты көл де бар. Десе де, қалың қазақ бұл аралас некені қабылдаудан бас тартады. Тіпті, жұрт арасында Ахметтің бойдақ болғанын айтып қауесет таратады. Жақындарынан қолдау таппағандықтан, қос ғашық некелерін Троицк қаласында қиюға мәжбүр болады. Осы жерде Александра ислам дінін қабылдап, екі ай бойы діни дәрістер тыңдайды.
  • 5. • Ахметтің қалауымен оған мұсылманша ат қойылады. Бәдрисафа арабшадан аударғанда “Бадрун” — толық ай, “сафа” — кіршіксіз таза деген мағынаны білдіреді. Ахмет пен Бәдрисафаның өздерінен туған балалары болмаған. Олар Аумат, Қазихан, Шолпан есімді үш бала асырап алған. Қазихан мен Аумат ертерек қайтыс болып, Шолпан анасымен бірге айдауда болады. Көп ғалым мен жазушы Ахметтің қызға икемсіз болғандығын айтады. Десе де, мұны теріске шығаратын Ахаңның өлеңдері көп. Солардың бірі – келесі жарына арналған өлеңі: Сұрасаңыз есімі Александра Ивановна, Ризамын құдайдың оны маған қиғанына. Бір кәпірді мұсылман қылып сауаптапсам, Тұрмай ма он молданың иманына.
  • 6. Әлихан Бөкейханов пен Елена Яковқызы Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханов та орыс қызын жар еткен. Әлихантанушы ғалымдардың зерттеуінше, 35-36 жасында үйленген. Ол 1985 жылы Омбы қаласындағы Орман шаруашылығы училищесіне жұмысқа тұрады. Сол жерде математика пәнінен сабақ беріп, шәкірт тәрбиелейді. Артынша “Степной край” газетіне жұмысқа тұрады. Жұмыс барысында саясаткер Яков Севостьяновпен танысып, етене жақын араласады. Екеуінің саясат пен қоғамдық қозғалыстарға деген көзқарасы бір болып шығады. Жақын қарым-қатынас орната келе саясаткердің қызы Еленамен де танысады. Яков мырза бір күні қызын шақыртып, Әлихан екеуіне ақ батасын береді. Алайда Әлиханның анасы бұл аралас некеге қарсы болады. Бұл туралы ғалым Сұлтан Хан Аққұлы да пікір білдірген-ді. “Әлиханның жеке өміріне қатысты мәліметтерде үйленуіне байланысты оқиғалар беймәлім күйінде қалып отыр. Оның өзге ұлттың және оның үстіне христьян дінінің қызына үйленгендігі – басты құпия емес. Әлихан өзіне қалыңдық ретінде орыс қызын, Елена Яковлевна Севостьяновнаны таңдады”, – деп жазады ол еңбектерінің бірінде. Әлихан мен Еленаның 1903 жылы Елизавета, 1904 жылы ұлы Сергей дүниеге келеді. Алаш ардақтысы қызын Зейнеп, ұлын Өкітай деп атайды. Өкінішке орай, Әлихан Бөкейхановтың өзіне де, оның балалары мен немересіне де туған жерінен топырақ бұйырмады. Барлығы Мәскеу қаласында жерленді.
  • 7. Мұстафа Шоқай мен Марина Горина • Мұстафа Шоқай тағдырдың тәлкегімен 1918 жылы Ташкент қаласына қашуға мәжбүр болады. Осы жерде екі ай тұрақтап, сәуір айында бұрынғы танысы Мария Горинамен некелеседі. 1918 жылдың 1 мамырында қайын атасы Горинның өтінішімен Ташкенттен Мәскеуге аттанады. Бұл уақытта Мария Мәскеудің опера театрларының бірінен шақырту алған болатын. Францияның Ножан-сюр-Марн қаласында Мұстафа Шоқайға ескерткіш орнатылған. Әйелінің арқасында Еуропа халқы оның көптеген еңбегін оқыған. Осыны ескерген Францияға барған “Мұстафа Шоқайдың қазақ және француз достығы” ұйымының қазақстандық мүшелері Марияның бейітіне барып топырақ салады. Сол кезде әкімшілік Горинаның 1969 жылдың 14 сәуірінде қайтыс болғанын айтқан. Мария қайтыс боларынан 4 жыл бұрын өзін жерлейтін орынды таңдап, оны 50 жылға жалға алып қойған екен. Бұл мерзім аяқталғандықтан, Қызылорда әкімі Мұрат Мұхаммед тағы да 770 еуро төлеп (шетелде жер сатылмайды, оны тек жалға береді), мерзімді тағы 50 жылға ұзартты.
  • 8. Жүсіпбек Аймауытов пен Евгения Кириллқызы Жүсіпбек Аймауытов өмірінде екі рет отасқан. Екеуінде де Вера Николайқызы, Евгения Кириллқызы есімді орыс қыздарына үйленген. Олардан Бектұр, Жанақ есімді екі ұл мен Муза есімді бір қыз сүйген. Жазушының екінші әйелінің түрі ұсқынсыздау болыпты. Мұны Сәбит Мұқанов та байқап, орыс қызын Жүсіпбекке лайық көрмеген екен. Тіпті, осы туралы жазушыдан сұрап бағады. Сонда Жүсіпбек Сәбитті Сырдың жағасына шақырады. Сәбит Мұқанов ертесінде межеленген жерге барып, Жүсіпбек пен Евгенияның серуендеп жүргенін көреді. Кенет жазушының әйелі шешініп, суға секіріп кетеді. Сонда жазушы жарын мінсіз тәні мен өзіне күтім жасай білетіндігі үшін сүйетінін айтқан екен. Евгенияның мінсіз тәнін көрген Сәбит те жазушының бұл сөздеріне күмән келтірмеген.
  • 9. • Миллиондаған адамдардың тағдырын қиған тоталитарлық жүйе ізгіліктің, мейірімділік пен әділеттіліктің жаршысы болған жандардың соңына түсіп, өмірін қиды. Саяси қудалаулар арты адам санасына сыймайтын қатыгездікке ұласты. Өздерінің зерек ойымен, талантымен құрметке ие болған халқымыздың ардақты ұлдары сталиндік жаналғыштардың қолынан қаза тапты. Жоғарыдан қарқынды деңгейде жүргізілген репрессиялық шаралар қоғам өмірінің барлық саласын қамтығандықтан, сол зобалаңнан бірде-бір елдімекен, бірде-бір отбасы аман қалмағандығы жұртшылыққа жақсы таныс. Кеңес өкіметінің бүкіл тарихы жауларды іздеу, табу, құрту, жою мақсатына арналды. Әрбір азаматтан жау іздеді. Саяси қуғын-сүргінге ер-азаматтармен қатар әйелдер де, балалар да ілікті.
  • 10. "АЛЖИР"-де азапталған қазақ зиялыларының жұбайлары • ХХ ғасыр қазақ зиялылары үшін қасіретті уақыт. И.В.Сталиннің "Троцкийшілдер және басқа да екіжүзділерді құрту бойынша партиялық жұмыстардың жетіспеушіліктері" атты баяндамасын талқылағаннан кейін жаппай қудалау басталды. Бұл тарихта «үлкен террор» деген атпен қалды. Сол кезде қазақ қоғамының қаймағы саналатын көптеген зиялылылар итжеккенге айдалып, атылды. Л.И.Мирзоян Сталиннің бұйрығымен жазықсыз оққа үшқандар санын қолдан мейлінше арттыруға тырысты. 118 мың адам жазықсыз тұтқындалып оның 25 мыңы атылды. Қазақ зиялыларының әйелдері де бұл жазадан тыс қалмады. Күйеуінен бас тартпаған әйелдерді қамады. Бұл лагерь "Алжир" деген атпен тарих беттерінде қалды. Аталмыш азап түрмесінде 18 мыңнан астам әйел жазықсыз жапа шекті.
  • 11. Гүлжамал (Күнжамал) Майлина – Бейімбет Майлиннің жұбайы • 1900 жылы Қостанай облысы, Қарабалық ауылында туған. 1938 жылы Бейімбет Майлин "халық жауы" ретінде жазықсыз айыпталып, атылғанда, жары Гүлжамал да "отанын сатқан опасыздың жұбайы" ретінде АЖИР-ге 5 жылға айдалды. 1943 жылы 5 мамырға дейін лагерде жазасын өтеген. Гүлбаһрам Сейфуллина – Сәкен Сейфуллиннің жары • Гүлбаһрам Батырбекқызы Сейфуллина 1908 жылы туған. Сәкен Сейфуллин екеуі 1923 жылы танысқан. Сәкен Сейфуллин оған арнап "Совпарттағы қарындасыма — Гүлбаһрамға" деген сынды өлеңдер, хаттар жазып тұрған. 1926 жылы желтоқсан айында екеуі отау құрған. 1937 жылы Сәкен Сейфуллин қудалауға ұшырағанда, "халық жауының жұбайы" ретінде Гүлбаһрам да айыпталды. Ол 1938 жылы 8 ақпанда Сәкенмен соңғы рет түрмеде кездеседі де, Ақмолаға жер аударылады. АЛЖИР лагерінде жазықсыз азап шекті. 1973 жылы өмірден өткен.
  • 12. Әзиза Рысқұлова – Тұрар Рысқұловтың жары • 1937 жылы 21 мамырда Кисловодскіде демалыста жүрген Рысқұлов "пантүрікшіл", "халық жауы" деген айыппен тұтқынға алынды. Кеңестік қуғын-сүргінге ұшыраған Рысқұлов Мәскеу түрмесінде жүрек ауруынан қайтыс болды.Тұрар ұсталғаннан кейін әйелі Әзиза Түбекқызы да қамауға алынады. Әзиза Рысқұлова туған анасымен бірге 10 жылға сотталып, Қазақстандағы "АЛЖИР" лагерінде болады, анасы сол жерде өмірден өтеді. Өзі АЛЖИР-де 18 жыл айдауды бастан кешті. Гүләнда (Гүләндам) Қожанова әйгілі мемлекет қайраткері Сұлтанбек Қожановтың жары • Гүләнда Мұңайтпасқызы Лапина – Қожанова 1900 жылы өмірге келген. 1937 жылы Сұлтан Қожанов ұсталып кеткенде халық жауының әйелі ретінде АЛЖИР-ге айдалды. 11 жыл тұтқында отырды.Гүләнда Қожанова түрмеден босағаннан соң Сұлтан Қодановтың жазықсыз сотталғанын айтып, есіл ердің адал есімін ақтауға еңбек етті. Бұл еңбегі еленіп 1957 жылы Қожанов ақталды. Бірақ оның шығармалары еш жерде жарияланбады, насихатталмады. Тек 1994 жылы ғана еңбектері шығарыла бастады, Бұл қуанышты сәтті Гүләнда Қожанова көре алмады. Ол 1989 жылы өмірден өтті.
  • 13. Дәмеш Әмірханқызы – Темірбек Жүргеновтың жары Дәмеш Әмірханқызы Ермекова- Жүргенова (1905-1990), дәрігер, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген дәрігері (1966). Орта Азия мемлекеттік университетініңмедицина факультетін бітірген (1929). 1929- 1933 жылдары Ташкент медициналық институтында оқытушы болды. АЛЖИР лагерінде 8 жыл болып, 1946 жылы босап шыққан. Бірақ Алматыға келуіне тыйым салынған. 1957 жылы Темірбек Жүргенов ақталады. Тек содан соң ғана Алматыға оралуға рұқсат беріледі. Дәмеш Жүргенова ақталып келгеннен кейін 1956-1973 жылдары Алматы медициналық институтында оқытушы болады. Жұбайы Темірбек Қараұлы Жүргеновтің ақталуына, шындықтын орнауына көп еңбек сіңірді. Алматы қаласының құрметті азаматы (1982).
  • 14. Әйіш Құлымбетова – ұлт қайраткері Ұзақбай Құлымбетовтың жары Ұзақбай Құлымбетов 1937 жылы ұсталып, 1938 жылы 19 наркоммен бірге жазықсыз атылғанда оның жары Әйіш те «отанын сатқан опасыздың жары» ретінде "АЛЖИР"- ге жазасын өтеуге жіберіледі. "АЛЖИР"-де Әйіш Құлымбетова 8 жыл отырды. Ұзақбай Құлымбетов 1958 жылы ақталды. Ұрпақтары 20 жыл бойы "халық жауының" балалары болып елімізден жырақта жүрді. Әйіш Құлымбетова туралы қызы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Орынша Қарабалина- Қазыбаева: "Шешем Әйіш Құлымбетова КАРЛАГ-та он жыл қой баққан. Жүргеновтың жары Дәмеш апаның өзі КАРЛАГ-та мейірбике болыпты. Әйелдер ауыр жұмыстан бір уақ тынығып алсын деп, кезегімен бюллетень жазып береді екен. Сонда әйелдердің ішінде біздің шешеміз Әйіш: "Ұзекеңдер де атылып кетті ғой. Менің жаным олардан ардақты емес" деп, бірде-бір мәрте бюллетень алмапты. Сол мықты төзімінің, шыдамдылығының арқасында шығар, он жыл отырғаннан кейін 1947 жылы аман-сау ортамызға оралды", - дейді.
  • 15. • Бұдан бөлек "АЛЖИР" азап түрмесінде С.Меңдешевтің әйелі Рәзия, Н.Нұрмақовтың әйелі Зүпнұн, С.Аспандияровтың әйелі Рабиға, Майнұр Сарымолдаева, Елизавета Садуақасова, Мария Есқараева, Мәриям Тоғжанова, Бибіжамал Сырғабекова, Сағадат Таштитова, Шәкітай Тәтімова, Айша Қабылова, Кира Нұрмағамбетова (лагерьде атылды), Жанбике Шанина, Хадиша Мусина, Сақыпжамал Назарова, Уәзипа Күленова, Мағрипа Рүстемова, Әсма Шоманова, Зағипа Тінәлина, Баршын Қалменова, Мәдина Оразова, Мәрияш Есенгелдина т.б. көптеген қазақ азаматтарының әйелдері, аяулы аналар жазасын өтеді.