Successfully reported this slideshow.
Your SlideShare is downloading. ×

а уыз нук __ыш

Ad
Ad
Ad
Ad
Ad
Ad
Ad
Ad
Ad
Ad
Байтурсынова Күлжан Құлахметқызы молекулалық биология пәнінің окытушысы
Тәжірибелік ашық сабақтың әдістемелік өңдеуі
Пәні:...
Тәрбиелік: Мамандығын сүюге және пәннің болашақ дәрігерлерге маңыздылығы туралы
айту. Молекулалы биологияның зерттеу жетіс...
Сабақтың барысы :
1. Ұйымдастыру кезеңі (2-3 минут):
Студенттердің сыртқы келбетіне, формасына қарау. Студенттерді түгелде...
Advertisement
Advertisement
Advertisement
Loading in …3
×

Check these out next

1 of 15 Ad
Advertisement

More Related Content

Recently uploaded (20)

Advertisement

а уыз нук __ыш

  1. 1. Байтурсынова Күлжан Құлахметқызы молекулалық биология пәнінің окытушысы Тәжірибелік ашық сабақтың әдістемелік өңдеуі Пәні: Молекулалық биология, медициналық генетика. Тақырыбы: Ақуыз және нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметі. Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық Сабақтың тақырыбы: Ақуыз және нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметі. Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық Сабақтың түрі: тәжірибиелік сабақ Сабақтың әдістері: • сабақта жалпы топпен жұмыс істеу; • көрнекілік құралдарды қолдану арқылы түсіндіру; • интерактивті тақтамен жұмыс істеу; • пысықтау; • сараптау, саралау; • кестелер мен сызбалар құру. • микроскоппен жұмыс; • препараттар қолдану. Сабақтың мақсаты: Білімділік: • Биологиялық макромолекулалар: ақуыз және нуклеин қышқылдары туралы түсіндіру; • Ақуыздың кеңістіктегі орналасу ерекшеліктерін айқындау; • Ақуыздың қасиеті мен қызметін анықтап білу; • Нуклеин қышқылдарының құрлысын көрсету; • Митохондриялық ДНҚ құрлысының ерекшеліктерін айтып өту; • ДНҚ-ның қасиеті мен қызметін түсіндіру.
  2. 2. Тәрбиелік: Мамандығын сүюге және пәннің болашақ дәрігерлерге маңыздылығы туралы айту. Молекулалы биологияның зерттеу жетістіктерін қолданудың этикалық эстетикалық нормаларына түсінік беру. Жауапкершілікке тәрбиелеу. Дамытушылық: Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру. Молекулалы биологияның қырлары туралы түсініктерін дамыту. Пәнішілік байланыс: Пәндер аралық байланыс (қамтитын, қамтылатын пәндер): Уақыты: 180 минут. Сабақтың жабдықталуы: Көрнекті құралдар: мини плакат. ДНҚ молекуласының құрылысы №1 Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық. Бейне ролик: Ақуыз синтезі Үлестірме материалдар: кеспелер, тесттер, сөз жұмбақ, тапсырмалар, интернет материалдары. Пәнішілік байланыс Молекулалық биология, медициналық генетика пәнінің міндеттері мен даму кезеңдері Ақуыз биосинтезі Пән аралық байланыс Қамтылатын пәндер Хирургия – биологиялық әдістер Қалыпты физиология – ақуыздың сіңуі Микробиология – микроорганизмдердің морфологиясы Қамтитын пәндер Биология – ақуыз биосинтезі Химия – нуклеин қышқылдарының атқаратын қызметтері Валеология – ақыздар, тамақтанудағы маңызы
  3. 3. Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру кезеңі (2-3 минут): Студенттердің сыртқы келбетіне, формасына қарау. Студенттерді түгелдеу, аудитория тазалығына назар аудару, журнал толтыру және студенттердің зейінін сабаққа аудару. 2. Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау және тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру (2-3 мин): Ақуыздардың кеңістікте орналасу ерекшеліктері, ақуыздардың қасиеті мен қызметі туралы әрбір студент жетік меңгеруі тиіс. Сонымен қатар Нуклеин қышқылдарының құрлысына, ДНҚ-ның кеңістікте орналасу ерекшеліктеріне анализ жасауды үйрену. Жалпы студенттерге жасушадағы РНҚ-ның әртүрлі типтерінің негізгі құрылымдарының молекулалық құрылысы мен қызметі жайлы сабақ жоспарын хабарлау. «Ақуыз және нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметі. Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық» тақырыбы бойынша сұрақ-жауап: 1-Сұрақ: Нуклеотидтің құрамы қандай? Жауап: Нуклеин қышқылдары барлық тірі ағзалардың жасушаларындағы генетикалық ақпараттың тасымалдаушысы болып саналады. Олар молекулалық салмағы жоғары, күрделі биополимерлер. НҚ мономерлері – нуклеотидтер, соған байланысты НҚ полинуклеотидтік тізбек деп атауға болады. Әр нуклеотидтің құрамына үш зат кіреді: 1 – бескөміртектік моносахарид (пентоза); 2 – фосфор қышқылының қалдығы; 3 – азоттық негіздер (аденин (А), гуанин (Г), цитозин (Ц), тимин (Т) немесе урацил (У). Азоттық негіздердің екеуі пуриндер класынан (А және Г), үшеуі – пириминдер класынан (Т, У және Ц) тұрады. Фосфор қышқылының қалдығы пентозамен 5'-көміртегі арқылы, ал азоттық негіз 1' - көміртегі арқылы байланысады . Бірінші нуклеотидтің фосфор тобы мен келесі нуклеотидтің құрамындағы қанттың арасында пайда болатын коваленттік байланыс арқылы нуклеотидтер бір- біріне жалғасып тізбек құрайды. Әрбір келесі нуклеотид алдынғы нуклеотидттің 3'-бұрышына жалғасады 2-Сұрақ: ДНҚ молекуласына сипаттама беріңіз? Жауап: Комплементарлылық принцип бойынша А мен Т; Г мен Ц арасында пайда болатын сутектік байланыстар арқылы қосылған екі қарама – қарсы бағыталған полинуклеотидтік тізбектен тұратын биспираль. Нуклеотидтер құрамы: 1. азоттық негіздердің түрлері – А, Т, Г, Ц 2. моносахаридтің түрі – дезоксирибоза. Қасиеттері: Авторепродукцияға (екі еселену) қабілеттілігі бар. Ескі ДНҚ – ның әр тізбегі жаңа тізбектің синтезделуінде қалып (матрица) ретінде қолданылады (репликация процесі). ДНҚ – ның нуклеотидтік құрамына түрлік ерекшелік тән, бірақ әр ағзаның барлық жасушаларындағы ДНҚ бірдей болады. 3-Сұрақ: ДНҚ мен РНҚ қандай қызмет атқарады? Жауап: ДНҚ – ақпараттық қалып, өйткені оның бойына барлық тұқым куалайтын ақпарат жазылған. ДНҚ тұқым қуалау ақпаратын ұрпақтан ұрпаққа өзгермей берілуін қамтамасыз етеді. Тұқым қуалау ақпаратын жүзеге асыру қызметі. РНҚ қызметіне қарай үш түрге бөлінеді 1. аРНҚ–ақпаратты ДНҚ молекуласынан алып, цитоплазмадағы ақуыз синтезделетін жерге жеткізеді 2.тРНҚ-аминқышқылдардың арнайы тасымалдаушысы, трансляция кезінде адаптор ретінде кодондарды тану процессін қамтамасыз етеді. 3. рРНҚ-рибосоманың құрылымдық бөлігі, рибосоманың аРНҚ-ны танып байланысуын қамтамасыз етеді. 4-Сұрақ: Ақуыздың атқаратын қызметі? Жауап: Ақуыздың жасуша тіршілігінде атқаратын қызметі орасан зор.
  4. 4. 1. Ақуыз құрылыс материалы болып табылады. Жасуша мен цитоплазма органоидтарының жарғақшалары ақуыздан құралған. Жануарлардың мүйізі, тұяғы, тырнағы, қауырсыны, түктері, сіңірлері, шеміршектері, қан тамырларының қабырғасы және т.б. негізінен ақуыздан тұрады. 2. Көптеген ақуыз – ферменттер катализаторлық қызмет атқарады. Олар жасушадағы химиялық реакциялардың жүруін ондаған, жүздеген, тіпті миллион есе тездетеді. Ферменттер бірімен бірі әрекеттесетін қосылыстармен уақытша байланысқа түсіп, реакцияның жүру жолын өзгертеді. 3. Ақуыз қозғалысты қамтамасыз ету қызметін атқарады. Мәселен, адам мен жануарлардағы бұлшықеттердің жиырылуы, талшықтар мен кірпікшелі кебісшенің қозғалысы, т.б. 4. Ақуыз тасымалдау қызметін атқарады. Мысалы, қандағы гемоглобин ақуызы өкпеден сіңіріп алған оттегін дененің бүкіл ұлпалары мен мүшелеріне таратады. 5. Ақуыздың қорғаншытық қызметінің де маңызы зор. Антиденелер деп аталатын арнайы ақуыз ағзаға келіп түскен бөгде заттарды залалсыздандыра алады. 6. Ақуыздың айрықша қызметі – хабар беру. Жасуша жарғақшасының сыртқы қабатында орналасқан ақуыз молекулалары сыртқы орта жағдайларының жағымсыз әсерінен өздерінің төртінші, үшінші реттік құрылымдарын өзгерте алады. Мұны сыртқы орта жағдайында жасушаға берілген хабар немесе бұйрық деп түсіну керек. 5-Сұрақ: Цитоплазмалық тұқымм қуалаушылық дегеніміз не? Жауап: Мысалы, тек күн сәулесінің әсерімен протопластидттерден хлоропласттар түзілетіні белгілі, ал қараңғыда олар протопластид күйінде қала береді. Егер радиация әсерімен протопластидтердің ядросын жойсақ онда олар хлоропласттарға айнала алады, ал егер цитоплазмасын жойсақ хлоропласттарға айнала алмайды. Демек протопластидтердің хлоропластқа айналуы, яғни хлорофил синтезделуі, ядро емес цитоплазма қасиетіне байланысты болғаны. Осылайша 1908 жылы К.Корренс цитоплазмалық (пластидтік) тұқым қуалаушылықты, ал 1949 жылы Б. Эфрусси ашытқы саңырауқұлағын зерттеп митохондриялық тұқым қуалаушылықты ашты. Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық осы органоидтарда кездесетін сақиналы ДНҚ-ға байланысты. 6-Сұрақ: Плазмоген туралы түсінік? Жауап: Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық жасушада ядродан тыс орналасқан гендер арқылы беріледі, оларды плазмогендер, ал олардың жиынтығын плазмон деп атайды. Тұқым қуалаушылықтың мұндай түрі аналық жыныс жасушасы арқылы беріледі, себебі сперматозоидтарда цитоплазма болмайды. Аналық жыныс жасушасы арқылы хламидомонаданың стрептомицин және т.б. антибиотиктерге төзімді болу қасиеті өсімдік жапырақтарында ақ дақтардың болуы, кейбір өсімдіктердің гүлдерінде аталықтардың жетілмеуі т.с.с. белгілер беріледі. Кейбір отбасыларда үш ұрпақ бойына 79 қыз туылып, бірде-бір ұл баланың туылмауын да осы цитоплазмалық тұқым қуалаушылық арқылы түсіндіруге болады. Плазмогендерді екі топқа бөлуге болады: 1) ДНҚ-сы болатын жасуша органеллаларының гендері (митохондриялар, хлоропласттар); 2) жасуша симбионттарының (вирустар, плазмидалар) және инфекция арқылы жасушаға енген гендер. 7-Сұрақ: Плазмидалар туралы сипаттама? Жауап: Плазмидалар дегеніміз жасушада тұрақты күйде кездесетін және хромосомамен байланыссыз дербес тұқым қуалау факторы. Плазмида деген терминді 1952 жылы Ледерберг енгізген болатын. Плазмидалар сақина тәрізді ДНҚ молекуласынан тұрады. Оларға митохондрия, хлоропласттар, бактериялардың тұқым қуалаушылық аппараты жатады. Плазмидалар хромосомамен қосылып, эписоманы пайда етеді де активтенеді. Плазмидалар генетикалық инженерия саласында жиі пайдаланылады, себебі оған кез келген қажетті генді
  5. 5. жалғауға, содан кейін оны бактерия жасушасына ендіруге және көбейтуге болады. Алғашқы плазмиданы ерекше ферменттер-рестриктазалар арқылы "кеседі" және қажет генді бөліп алады. Содан кейін сол генді плазмида-векторға "тігіп" енгізеді. Оны “тігу” үшін ДНҚ – лигаза ферменттерін пайдаланады. Содан кейін сол гибридтік плазмиданы “иесінің” жасушасына, әдетте ішек бактериясы жасушасына енгізеді. 4. Жаңа тақырыпты игеру мақсатында студенттерге тәжірибелік тапсырмалардың орындалу тәсілдерін түсіндіру, үйрету және демонстрациялау(30-35 мин): Жаңа тақырыпты плакат арқылы түсіндіру, бейне роликпен жұмыс жасау. Плакат: ДНҚ молекуласының құрылысы, №1 Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық. Бейне ролик: Ақуыз синтезі. Студенттерге препараттармен жұмыс, микроскоппен жұмыс жасау жолдарын үйрету. Әрбір студентке «нуклеотидтің құрылысы, ДНҚ молекуласының құрылысы, цитоплазмалық тұқым қуалаушылық құрылымдарының молекулалық құрылысы мен қызметі» тақырыбы бойынша суретті тапсырмалар таратылады.Таратылған суретті тапсырмаларға сипаттама беріледі. Суретті тапсырмалар: 1. МБР-1 микроскопы; 2. Нуклеотидтің құрылысы; 3. ДНҚ молекуласының құрылысы; 4. Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық. 1. Тапсырма МБР-1 микроскопы Микроскоп, негізгі конструктивті бөліктері. МБР-1 микроскопының негізгі бөліктері: механикалық, оптикалық, және жарық түсіргіш. Механикалық бөліміне штатив, зат үстелшесі, тубус, револьвер, макро және микровинттер жатады. Оптикалық бөлімі окуляр (х7, х10, х15) мен объективтен (х8, х40, х90) тұрады. Жарық түсіргіш бөлімі айна, конденсор және диафрагмадан тұрады. МБР-1 микроскобымен жұмыс істеу ережелері. 1. Микроскоптың штативін өзіне, ал заттық үстелшесін қарсы жаққа қаратып қою керек. 2. Әр қашанда микроскоппен зерттеуді кіші ұлғайтқышпен қараудан басталатынын есте сақтау керек. 3. Револьверді айналдыра отырып, кіші ұлғайтқыш объективті қою керек (шырт еткен дыбысқа дейін). 4. Макрометриялық винтпен бұрай отырып, объективті зат үстелшесінен 1-1,5 см биіктікке көтеру керек. 5. Диафрагманың ашық екенін тексеріп, конденсорды жоғары көтеру керек. 6. Окулярға сол көзбен жақын қарап, сәуле жинайтын айнаның көмегімен көрінетін аймақтың біркелкі жарық болуын қамтамасыз ету керек. 7. Препараттың жабын әйнегін жоғары қаратып, зат үстелшесінің үстіне қою керек, объект
  6. 6. зат үстелше тесігінің дәл ортасында орналассын. 8. Бүйір жағынан қарай отырып, макрометриялық винттің көмегімен кіші ұлғайтқыш объективті препараттан 0,2 см ара қашықтыққа дейін төмен түсіру керек. 9. Окулярға қарай отырып, тубусты макрометриялық винтпен объектінің көрінісі пайда болғанға дейін баяу жоғары көтеру керек. Кіші ұлғайтқышты объективтің фокустық арақашықтығы шамамен 0,5 см-дей болатыны есте сақталсын. 10. Егер объектіні үлкен ұлғайтқышпен қарау керек болса, алдымен объектінің зерттелетін бөлігін көру өрісінің дәл ортасына орналастыру қажет. Бұл үшін окулярға қарап отырып, препаратты препаратқозғалтқыш – винттің көмегімен немесе қолмен жылжытады. 11. Тубусты жоғары көтеріп, револьверді айналдыру арқылы үлкен ұлғайтқыш объективті қою керек (шырт еткен дыбысқа дейін). 12. Бүйір жағынан қарай отырып, тубусты объектив препаратпен жанасқанға дейін баяу төмен түсіру керек. Объектив х40-тың фокустық арақашықтығы шамамен 1-1,5 мм-дей болатыны есте сақталсын. 13. Окулярға қарай отырып, тубусты өте баяу көру өрісінде көрініс пайда болғанға дейін жоғары көтеру керек. Дәлірек көрінісін микровинтті бұрап келтіруге болады. 14. х90 объективпен жұмыс істеу үшін алдымен препараттың жабын әйнегіне иммерсиялық май тамызу қажет. Объективтің линзасын тікелей майға батыру керек. 15. Окулярға қарай отырып, макровинттің көмегімен объективті объект көрінісі пайда болғанға дейін ақырын жоғары көтеру керек. 16. Жұмысты бітірген соң тубусты жоғары көтеріп, препаратты алып қою керек, объективті нейтральды жағдайға келтіріп, микроскопты жапқышпен жабу керек. 2. Тапсырма Нуклеотидтің құрылысы: Нуклеин қышқылдары барлық тірі ағзалардың жасушаларындағы генетикалық ақпараттың тасымалдаушысы болып саналады. Олар молекулалық салмағы жоғары, күрделі биополимерлер. НҚ мономерлері – нуклеотидтер, соған байланысты НҚ полинуклеотидтік тізбек деп атауға болады. Әр нуклеотидтің құрамына үш зат кіреді: 1 – бескөміртектік моносахарид (пентоза);
  7. 7. 2 – фосфор қышқылының қалдығы; 3 – азоттық негіздер (аденин (А), гуанин (Г), цитозин (Ц), тимин (Т) немесе урацил (У). Азоттық негіздердің екеуі пуриндер класынан (А және Г), үшеуі – пириминдер класынан (Т, У және Ц) тұрады. Фосфор қышқылының қалдығы пентозамен 5'-көміртегі арқылы, ал азоттық негіз 1' - көміртегі арқылы байланысады (2 сурет). Бірінші нуклеотидтің фосфор тобы мен келесі нуклеотидтің құрамындағы қанттың арасында пайда болатын коваленттік байланыс арқылы нуклеотидтер бір- біріне жалғасып тізбек құрайды. Әрбір келесі нуклеотид алдынғы нуклеотидттің 3'- бұрышына жалғасады. 3. Тапсырма Плакат: ДНҚ молекуласының құрылысы: ДНҚ молекуласының құрылымы: Комплементарлылық принцип бойынша А мен Т; Г мен Ц арасында пайда болатын сутектік байланыстар арқылы қосылған екі қарама – қарсы бағыталған полинуклеотидтік тізбектен тұратын биспираль. (А=T, Г=Ц; А+Г=Ц+Т арақатынас – Чаргафф ережесі). Нуклеотидтер құрамы 1. азоттық негіздердің түрлері – А, Т, Г, Ц 2. моносахаридтің түрі – дезоксирибоза. Қасиеттері: 1. Авторепродукцияға (екі еселену) қабілеттілігі бар. Ескі ДНҚ – ның әр тізбегі жаңа тізбектің синтезделуінде қалып (матрица) ретінде қолданылады (репликация процесі). 2. ДНҚ – ның нуклеотидтік құрамына түрлік ерекшелік тән, бірақ әр ағзаның барлық жасушаларындағы ДНҚ бірдей болады. Қызметтері: 1. ДНҚ – ақпараттық қалып, өйткені оның бойына барлық тұқым куалайтын ақпарат жазылған. 2. ДНҚ тұқым қуалау ақпаратын ұрпақтан ұрпаққа өзгермей берілуін қамтамасыз етеді. 4. Тапсырма Плакат Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық:
  8. 8. Генетика ғылымының негізін қалаушылар - Г.Мендель, Т.Морган және олардың шәкірттерінің еңбектері нәтижесінде қалыптасқан тұқым қуалаушылық теориясын хромосомалық немесе ядролық тұқым қуалаушылық деп атаймыз, себебі бұл тұқым қуалаушылық ядромен байланысты. Дегенмен, генетика ғылымының дамуында ядролық тұқым қуалаушылық теориясы тұрғысынан түсіндіруге болмайтын көптеген деректер жинақталған. Егер тұқым қуалаушылық материалы – ДНҚ молекуласы болып саналатын болса, ол негізінен (90 пайызға жуығы) ядрода шоғырланған, ал 10 пайыздай бөлігі цитоплазмада – митохондрияда, хлоропласттарда кездеседі. Митохондрияда, хлоропласттарда ДНҚ-мен бірге рибосомаларда кездеседі, демек осы органеллаларда өздігінен ақуыз синтезделініп, олар өз бетінше көбейіп, жасушадан жасушаға беріле алады. Егер радиация әсерімен протопластидтердің ядросын жойсақ онда олар хлоропласттарға айнала алады, ал егер цитоплазмасын жойсақ хлоропласттарға айнала алмайды. Демек протопластидтердің хлоропластқа айналуы, яғни хлорофил синтезделуі, ядро емес цитоплазма қасиетіне байланысты болғаны. Осылайша 1908 жылы К.Корренс цитоплазмалық (пластидтік) тұқым қуалаушылықты, ал 1949 жылы Б. Эфрусси ашытқы саңырауқұлағын зерттеп митохондриялық тұқым қуалаушылықты ашты. Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық осы органоидтарда кездесетін сақиналы ДНҚ-ға байланысты. 5. Тәжірибелік тапсырмаларды таратып, қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескерту және студенттің өзіндік жұмысына әдістемелік бағдар беру (5-10мин): Мен студенттердің өзіндік жұмысына әр түрлі тапсырмалар, кроссвордтар, кеспелер және тест бойынша пысықтай отырып бағдар беремін. Сурет дәптермен, микраскоппен, препараттармен жұмыс жасау. Студенттерге микроскопты, препараттарды қауіпсіздік ережесін сақтап қолдануын, берілген тапсырмаларды ұқыпты, нақты және дұрыс орындау, бос ұяшықтарды сәйкестігіне қарай орналастыру, тапсырманың сұрақтарына мұқият назар аудара отырп орындау, сөзжұмбақты жылдам шешуін сонымен қатар кеспелерге жауап беру кезінде нақты, әр тапсырмаға уақыт шектеулі екенін студенттерге ескертіп, берілген тапсырмаларды орындау деңгейлеріне қарай бағаланатындығын айтып өту. 6. Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы студенттердің өзіндік жұмысы (90 мин): №1 Тапсырма «Ақуыз және нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметі. Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық» тақырыбы қамтылған тапсырма Микроскоптың бөлшектерін жаз 1.................................................................................................. 1
  9. 9. 2 ................................................................................................ 3................................................................................................. 4........... ....................................................................................... 5................................................................................................ 6................................................................................................. 7....................................... ...................................................... .. Дұрыс жауаптың эталоны: 1. Микроскоптың штативін өзіне, ал заттық үстелшесін қарсы жаққа қаратып қою керек. 2. Әр қашанда микроскоппен зерттеуді кіші ұлғайтқышпен қараудан басталатынын есте сақтау керек. 3. Револьверді айналдыра отырып, кіші ұлғайтқыш объективті қою керек (шырт еткен дыбысқа дейін). 4. Макрометриялық винтпен бұрай отырып, объективті зат үстелшесінен 1-1,5 см биіктікке көтеру керек. 5. Диафрагманың ашық екенін тексеріп, конденсорды жоғары көтеру керек. 6. Окулярға сол көзбен жақын қарап, сәуле жинайтын айнаның көмегімен көрінетін аймақтың біркелкі жарық болуын қамтамасыз ету керек. 7. Препараттың жабын әйнегін жоғары қаратып, зат үстелшесінің үстіне қою керек, объект зат үстелше тесігінің дәл ортасында орналассын. №2 Тапсырма «Ақуыз және нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметі. Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық» тақырыбы қамтылған тапсырма Берілген сөйлемдердің мазмұнына қарай “ия „ немесе “жоқ„ белгісін белгілеңіз 1. Гендік терапия - генді жасушаға не ағзаға енгізу арқылы оның қасиеттерін өзгерту. 2. Тұқым қуалаушылық материалының 90 пайызы ядрода шоғырланған. 3. Плазмогендер ядрода орналасқан . 4. Генетикалық инженерия – тұқым қуалаушылықты өзгертумен айналысады. 5. Плазмогендердің жиынтығы хромосома деп аталады. 6. Плазмидалар – органоидтарда кездесетін дербес ДНК молекуласы. 7. Плазмидалар тікелей хромосомамен байланыста болады. 8. Мутация – генетикалық материялдың өзгеруі. 9. Репарация – ДНҚ молекуласының бұзылған құрылымдарының қалпына келуі. 10. Зақымданған ДНҚ –ң қалпына келмеуі репарация деп аталады. Дұрыс жауаптың эталоны: 1. Гендік терапия – генді жасушаға не ағзаға енгізу арқылы оның қасиеттерін өзгерту. – ия 2. Тұқым қуалаушылық материалының 90 пайызы ядрода шоғырланған - ия 3. Плазмогендер ядрода орналасқан - жоқ 4. Генетикалық инженерия – тұқым қуалаушылықты өзгертумен айналысады. - ия 5. Плазмогендердің жиынтығы хромосома деп аталады - жоқ 6.Плазмидалар – органоидтарда кездесетін дербес ДНК молекуласы. - ия 7. Плазмидалар тікелей хромосомамен байланыста болады - жоқ 8. Мутация – генетикалық материалдың өзгеруі. - ия 6 3 5 4 7 2
  10. 10. 9.Репарация – ДНҚ молекуласының бұзылған құрылымдарының қалпына келуі. - ия 10. Зақымданған ДНК –ң қалпына келмеуі репарация деп аталады - жоқ №3 Тапсырма «Ақуыз және нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметі. Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық» тақырыбы қамтылған тапсырма Сәйкес жауаптарды бос ұяшықтарға орналастырыңыз. Молекулалық биология дербес ғылым ретінде қалыптасты Молекулалық биология ғылымы зерттейді Ф. Крик және Дж. Уотсон анықтады ДНҚ молекуласының өздігінен екі еселенуі ДНҚ молекуласының бір бөлігі Ген терминін енгізген ғалым Мағынасыз кодондар Анықтамалар: ДНҚ молекуласының модулін; Репликация; 20 ғасырдың 40-50 жылдары; Тіршіліктің молекулалық деңгейін; УАА, УАГ, УГА; Ген; 1909 ж В. Иогансен. Дұрыс жауаптың эталоны: Молекулалық биология дербес ғылым ретінде қалыптасты 20 ғасырдың 40-50 жылдары Молекулалық биология ғылымы зерттейді Тіршіліктің молекулалық деңгейін Ф. Крик және Дж. Уотсон анықтады ДНК молекуласының модулін ДНК молекуласының өздігінен екі еселенуі Репликация ДНК молекуласының бір бөлігі Ген Ген терминін енгізген ғалым 1909 ж В. Иогансен Мағынасыз кодондар УАА, УАГ, УГА
  11. 11. №4Тапсырма «Ақуыз және нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметі. Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық» тақырыбы қамтылған кеспе қағаздары №1 Кеспе 1. Ақуыз қандай қызмет атқарады? 2. Нуклеин қышқылдары нешеге бөлінеді? 3. ДНҚ мен РНҚ-ға сипаттама беріңіз? №2 Кеспе 1. Нуклеотидтің құрамы қандай? 2. Ақуыздың физикалық және химиялық қасиеттерін айтыңыз? 3. Азоттық негіздерге анықтама беріңіз? №3 Кеспе 1. Нуклеотидтер құрамы қалай аталады? 2. Генетика ғылымының негізін қалаушылар 3. Цитоплазмалық тұқымм қуалаушылыққа аныұтама бер? №4 Кеспе 1. Митохондриялық тұқым қуалаушылық дегеніміз не? 2. Плазмогеннің атқаратын қызтеті қандай? 3. Гендік терапияның бүгінгі таңдағы даму сатыларына тоқталып өтіңіз? №5 Тапсырма «Ақуыз және нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметі. цитоплазмалық тұқым қуалаушылық» тақырыбы қамтылған сөзжұмбақ «Макромолекула» крассвордын толтырыңыз
  12. 12. сөзжұмбақтың сұрақтары: Дұрыс жауаптың эталоны: 1. Бұлшықет ақуызы қалай аталады? - миозин 2. ДНҚ-дағы нуклеотидті атаңыз? - гуанин 3. ДНҚ, РНҚ аталған қандай қышқылға жатады? - нуклеин 4. РНҚ құрамындағы моносахаридті атаңыз? - рибоза 5. Нуклеотидтің құрамындағы азоттық негізді көрсетіңіз? - цитозин 6. Катализаторлық қызмет атқаратын ақуыз қалай аталады? - фермент 7. ДНҚ-дағы моносахарид қалай аталады? - дезоксирибоза 8. Нуклеин қышқылы маномерінің атын атаңыз? - нуклеотид 9. Ақуыздың ең кіші бөлшегі қалай аталады? - пептид 10. ДНҚ-ның екі еселенуі н атаңыз? - репликация 11. РНҚ-дағы нуклеотидтің атауы? - урацил 12. Тасымалдау қызметін атқаратын ақуыздың атауы? - гемоглобин 13. Физикалық, химиялық жағдайлармен ақуыз қасиеттерін өзгерту қалай аталады? -денатураттау №6 Тапсырма «Ақуыз және нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметі, Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық» тақырыбы қамтылған тест сұрақтары 1-нұсқа 1. . Молекулалық биология өз алдына дербес ғылым болып қалыптасқан жылы: а. ХХІ ғ в. ХІХ ғ с. ХХғ 40-50 жж д. ХХғ 80-90жж е. Ерте кезде 2. Ақуыз полимерінің мономері аталады: а. аденин в. тимин с. аминқышқыл
  13. 13. д.нуклеин қышқыл е. цитозин 3. Аминқышқылдардың түрлері: а. 100-ден астам в. 200ден астам с. 50-ден астам д.150-ден астам е.250-ден астам 4. Ақуыздың ең кіші бөлігі аталады: а. пептид в. дипептид с. трипептид д. полипептид е. монопептид 5. Бұлшықет ақуызы аталады: а. родопсин в. эластин с. миозин д. гемоглобин е. кератин 6. Ағзада оттегін тасымалдайтын ақуыз: а. родопсин в. эластин с. фибриноген д. кератин е.гемоглобин 7. Денатурациялану мағынасын көрсетіңіз: а. ДНҚ-ң қайта қалпына келуі в. орта жағдайларының әсерінен ақуыздың табиғи құрылымының бұзылуы с. ДНҚ-ң екі еселенуі д. орта жағдайының өзгеруі е.құрылыс материалының өзгеруі 8. Жасушаның құрылыс материалы болып саналады: а. РНҚ в. кірінділер с. ақуыз д. ДНҚ е. Хроматин 2-нұсқа 1. Жасушада катализаторлық қызмет атқаратын ақуыз аталады: а. фермент в. керотин с. родопсин д. гликоген е. фибриноген 2. ХХ ғ. басында ақуыз құрылысын зерттеумен айналысқан неміс ғалымы: а. А.В.Левенгук в. Э. Геккель с. Э.Фишер д. Дж. Уотсон е. Г. Мендель
  14. 14. 3. Алғаш рет бидай ұнынан желімтіктелген ақуыз алған ғалым: а. Я.Беккори в. Т. Морган с. В. Георгиев д. Ч. Дарвин е. Р. Броун 4.Ағзаға келіп түскен бөгде заттарды залалсыздандыратын ақуыз аталады: а. кератин в.миозин с.антидене д. фибриноген е.гемоглобин 5.Ағзаның қуат көзі болып саналатын макромолекулалар: а. антидене в. гликоген с. нуклеин қышқылы д.ақуыз е.нуклеотид 6. Жасуша ішіндегі белгілі әрекеттерді реттеуге қатысатын ақуыз аталады: а. гликоген в.миозин с.кератин д. гемоглабин е. гармон 7. Бұлшық ет ақуызы аталады: а. фибриноген в.миозин с.гемоглабин д. кератин е. родопсин 8. Карбоксил және амин тобынан тұратын тіршілікте кездесетін макромолекулалар аталады: а. аминқышқылдар в. гармондар с. ферменттер д. нуклейн қышқылы е. нуклетид Дұрыс жауаптың эталоны: 1-нұсқа 2-нұсқа 1. с 2. с 3. в 4. а 5. с 6. е 7. в 8. с 1. а 2. с 3. а 4. с 5. д 6. е 7. в 8. а 7. Сабақты қорытындылау(10 мин): Бағалау төменгі кесте бойынша жүргізіледі:
  15. 15. Студенттің аты-жөні Білім деңгейін көрнекілік оқытудың технологиялық құралдардың көмегімен бақылау және бағалау Тәжірибелік тапсырмалардағы өзіндік жұмысы бойынша бағалау Студенттердің сырт көрінісі қорытынды баға 1 2 3 8. Үйге тапсырма беру: (2-3 мин). Тақырыбы: Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар: 1. ДНҚ молекуласының ең маңызды қасиеттері қандай? 2. ДНҚ репликациясына қатысатын ақуыздар қалай аталады? 3. Қазіргі таңда ДНҚ молекуласының сырт пішінінің қанша түрлі нысаны белгілі? 4. Көптеген тәжірибелер нәтижесінде ДНҚ молекуласының репликациялануы қандай жолмен жүретіндігі дәлелденді? 5. Репликация жартылай консервативті әдіспен жүретіндігіне анықтама беріңіз? 6. Топоизомераза ақуызының қызметі қандай? Тапсырмалар: Сөзжұмбақ құрастырып келу, жаңа тақырып бойынша қосымша интернет материалдарын жинап келу. Үй тапсырмасын орындауға ұсынылатын әдебиеттер. Негізгі: 1. Куандыкова Е.У. Медицинская биология и генетика. - Алматы, 2004г 2. Мушкамбаров Н.Н. Кузнецов С.Н. Молекулярная биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов. – Москва: Наука, 2003г Қосымша: 1. Қуандықов Е. Ө, Әбілаев С.А Медициналық биология және генетика «HAS» Алматы 2006 ж 2. Б. Бегімқұл, С. Төлегенов Медициналық генетика негіздері «Фолиант баспасы» Астана 2008 ж 3. Қуандықов Е. Ө. Медициналық биология және генетика Алматы 2009ж 4. Ж.Ж.Жатқанбаев Биотехнология Алматы 2009 ж Мұндағы басты мақсатым - ақпараттық -коммуникациялық технологияларды білім беру саласына заман талабына сай тиімді қолдануды игеру. Көздеген мақсатымды жүзеге асыру үшін төмендегі міндеттер қойылады. - білім беру жүйесінде жаңа ақпараттық технологияны сабақта кеңінен пайдалану; - коғамның ақпараттануының қазіргі жағдайында-білім берудің жеке адамды жан-жақты қалыптастыру мақсаттарына сай келетін әдістермен тәсілдерді, ұйымдастырушылық формаларды және т. б. жетілдіріп отыру. - Сабақ барысында ақпараттық технологияның көмегімен білім беру сапасын арттыру. Қорыта айтқанда, студенттерді ойлау, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, әлеуметтік және кәсіптік белсенді, мобильді және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.

×