Successfully reported this slideshow.
We use your LinkedIn profile and activity data to personalize ads and to show you more relevant ads. You can change your ad preferences anytime.

ТОҚТАШЫ, БАУЫРЫМ!

232 views

Published on

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!

ТОҚТАШЫ, БАУЫРЫМ!

Шейх ‘АбдуллаҺ ибн ‘Абдур-Рахман ибн Жибрин
(оған Аллаһтың мейірімі болсын)

Бауырым!
Расында, осы бүкіл әлем, оның ішіндегі кішкентайы да, үлкені де, Құдіретті де Ұлық Аллаһ Тағалаға бағынады. Бүкіл әлем Аллаһты мадақтап ұлықтайды, әрі Оған құлшылық қылады. Аллаһ Тағала былай дейді: «Көктер мен жердегі бүкіл нәрсе Аллаһты мадақтайды» (Хадид сүресі, 1-аят; Хашыр сүресі, 1-аят). Шындығында да, күллі жаратылыс Аллаһтың алдында бастарын төмін түсіріп Оған бағынады.
Алайда, осы әлемде өте кішкентай, жексұрын, бейшара, бір ағылған судан жаратылған болмашы ғана біреу бар, ол – қиқар, даукес әр нәрсеге таласқыш келеді, бүкіл әлем бір бағытта жүріп бара жатса, мынау біреузі соған қарсы бағытқа қарай жүреді. Ол Аллаһқа бағынудан, Оған бойсұнудан, Оны мадақтаудан бас тартады. Шын мәнінде, бұл айтып отырғанымыз – адам атты мақұлық, ол Құдіретті де Ұлық Аллаһқа бағынбайды! Аллаһу акбар, бұл адамның менменшілдігі сонша зор болғаны ма?! Бұл адам соншалық ақымақ болғаны ма?! Аллаһу акбар, бұл адам сондай төмен, түкке тұрмайтын болса да, тәртіпке келтірілген осы әлемнің ішінде бүлдірумен айналысып жүргенін қарашы!
Қаншама рет оған тәубе етуге мүмкіндік келді, ал ол тәубе етпеді; оның қаншама рет Аллаһтан кешірім сұрауға мүмкіндігі туды, ал ол кешірім сұрамады; оған қаншама рет Аллаһқа қайтуға мүмкіндік болды, ал ол Аллаһтан кері қашты; оның қанша рет Раббысына жақындауға мүмкіндігі бар еді, ал ол Оған жақындамақ түгілі, Одан теріс айналып тәкәппарлана кейін кетті?!

Published in: Education
  • Be the first to comment

ТОҚТАШЫ, БАУЫРЫМ!

  1. 1. Шейх ‘АбдуллаҺ ибн ‘Абдур-Рахман ибн Жибрин (оған Аллаһтың мейірімі болсын) ТТООҚҚТТААШШЫЫ,, ББААУУЫЫРРЫЫММ!! www.al-hanifiya.kz сайт редакциясы
  2. 2. 2 Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен! ТОҚТАШЫ, БАУЫРЫМ! Бауырым! Расында, осы бүкіл әлем, оның ішіндегі кішкентайы да, үлкені де, Құдіретті де Ұлық Аллаһ Тағалаға бағынады. Бүкіл әлем Аллаһты мадақтап ұлықтайды, әрі Оған құлшылық қылады. Аллаһ Тағала былай дейді: «Көктер мен жердегі бүкіл нәрсе Аллаһты мадақтайды» (Хадид сүресі, 1-аят; Хашыр сүресі, 1-аят). Шындығында да, күллі жаратылыс Аллаһтың алдында бастарын төмін түсіріп Оған бағынады. Алайда, осы әлемде өте кішкентай, жексұрын, бейшара, бір ағылған судан жаратылған болмашы ғана біреу бар, ол – қиқар, даукес әр нәрсеге таласқыш келеді, бүкіл әлем бір бағытта жүріп бара жатса, мынау біреузі соған қарсы бағытқа қарай жүреді. Ол Аллаһқа бағынудан, Оған бойсұнудан, Оны мадақтаудан бас тартады. Шын мәнінде, бұл айтып отырғанымыз – адам атты мақұлық, ол Құдіретті де Ұлық Аллаһқа бағынбайды! Аллаһу акбар, бұл адамның менменшілдігі сонша зор болғаны ма?! Бұл адам соншалық ақымақ болғаны ма?! Аллаһу акбар, бұл адам сондай төмен, түкке тұрмайтын болса да, тәртіпке келтірілген осы әлемнің ішінде бүлдірумен айналысып жүргенін қарашы! Қаншама рет оған тәубе етуге мүмкіндік келді, ал ол тәубе етпеді; оның қаншама рет Аллаһтан кешірім сұрауға мүмкіндігі туды, ал ол кешірім сұрамады; оған қаншама рет Аллаһқа қайтуға мүмкіндік болды, ал ол Аллаһтан кері қашты; оның қанша рет Раббысына жақындауға мүмкіндігі бар еді, ал ол Оған жақындамақ түгілі, Одан теріс айналып тәкәппарлана кейін кетті?! Бауырым! Сен Құдіретті де Ұлық Аллаһ Тағалаға бағынғың келмесе, онда алдымен осы өмір туралы, өмірдің азғантай ғана екенін, өмірдің зәредей құны жоқ екенін, бұ дүниеде әртүрлі қатызедіктер бар екенін, әрі сенімен бірге осы өмірде өмір сүріп жатқандардың әрекеті жымысқы екенін, өмірдің соңы өте тез келетінін есіңе ал! Жерде өмір сүретіндер туралы, осы дүниеге құлшылық етіп жүргендер жөнінде, осы дүниенің үзілістері жөнінде ойлан: бұл сұм дүние сені қаншама рет азаптады ғой, ол сені қайғы-қасіретке толы тостақтан ішуге
  3. 3. 3 мәжбүрледі ғой, әрі бұ өмір сені өте сирек қуандырып, ұзағынан жиі жылатты ғой. Осы туралы ойлансаңшы! Сен Құдіретті де Ұлық Аллаһ Тағалаға бағынғың келмесе, онда алдымен қабір азабы туралы, оның қаншалықты ұзақ екенін, әрі о дүние – нағыз шынайы дүние, барзах әлемі – сапар шегушілердің соңғы аялдамасы, жолдың соңы екенін ұмытпа! Сен Құдіретті де Ұлық Аллаһ Тағалаға бағынғың келмесе, онда алдымен Тозақ туралы, оның ыстық оты, лаулаған жалыны туралы, тереңдігі түпсіз тұңғиық екенін, шыжыған ыстығын, Тозаққа түскендер қандай ауыр азабқа душар болатынын ойлауға тиіссің! Сен күнәһарлар туралы ойлан, со күнәһарларды сүйреп алып барып, төмен қарай лаулаған от тасқынына бетімен лақтырғанын, олар отын құсап өртеніп жатқанын елестетші! Сен Құдіретті де Ұлық Аллаһ Тағалаға бағынғың келмесе, онда алдымен Жәннат туралы, Аллаһ Өзіне бойсұнған құлдарына сол Жәннаттың ішінде көз көрмеген, құлақ естімеген, адамзаттың ойына келіп көрмеген нәрселерді және нешетүрлі сусындар, тағамдар, киімдердің ең керемет түрлерін дайындап қойғаны туралы, сондай-ақ со жақта рахат пен зейнетке, қуаныш пен шаттыққа бөленгендер жөнінде ой қозғауға міндеттісің! Бұл нәрседен тек Жәннаттан аластатылғандар ғана мақұрым қалады. Бауырым! Сен Құдіретті де Ұлық Аллаһ Тағалаға бағынғың келмесе, алдымен осы дүниеде қанша өмір сүретініңді ойлашы! Алпыс жыл, сексен жыл, жүз жыл, мың жыл?.. Ал содан кейін не болады?! Одан кейін – өлім келеді, содан соң не Жәннат, не Тозақ, Аллаһ сақтасын бізді! Бауырым! Сен бір нәрсеге ұмтылатының рас болса, дәл сол сияқты Өлім Періштесі де саған қарай келе жатқаны рас; сәттер өтер, күндер өтер, жылдар өтер және сен байлығыңсыз, туыстарыңсыз, достарыңсыз жалғыз өзің қабірде жатасың. Қабірдің қараңғылығын, онда жалғыз өзің болатыныңды, қабірдің тарлығын, сарыуайымға салынатыныңды, қабірге түскен сәтте бойыңды қатты қорқыныш билейтінін ойлап қабырғаң қайысқанын сезесің. Бүкіл адамзат Аллаһтың алдында тұратын, жүректер қорқынышқа толатын, өз балаларыңнан, өз анаңнан, әкеңнен, ағайын-бауырларыңнан, достарыңнан қашқақтайтын Қиямет Күнін ұмытпа! Сол Қиямет Күніндегі орынның қандай қорқынышты болатынын есіңде ұста! Әділдік таразысын орнатқан сәтте,
  4. 4. 4 парақшалар пайда болған сәтте – қанша қатең, істеріңде қанша кемшілік бар екенін түсінерсің. Бүкіл әлемнің Иесі, Әділетті Хақ Тағала Өзіне қарай шақырған кезінде сен қашқақтап жүрген едің, ал енді сен Оның алдында тұрсың, қолыңда бірде-бір кішкентай да күнә қалдырылмаған, үлкен қылмыстарың да қалдырылмаған, барлық нәрсең жазылған парақша ұстап тұрсың. Ол сенің өмірің, жастық шағың, амалдарың мен байлығың туралы сұраған сәтте не деп жауап бересің? Оның алдына қай аяғыңмен барасың? Оған қай көзіңмен қарайсың? Ол саған: «Әй, құлым! Мен саған назар салдым, ал сен немқұрайлы болдың. Сені бақыладым, ал сен қаперсіз болдың. Мен саған жақсылық қылмадым ба, саған ризық бермедім бе, ендеше неге сен Маған бағынбадың?» деген кезде қай жүрегіңмен жауап бересің? Бауырым! Осы қамшының сабындай қысқа ғана өмірді, осы бір болмашы сәтті Аллаһқа бағынумен өткізу саған қиын ба? Ең басты жеңіс үшін, мәңгілік рахат үшін, мәңгілік бақыт үшін шыдауға болмай ма?! Бауырым! Бұл өмірге шынымен бекерге келдім, босқа қалдырылдым, өмірім тек ойын- сауық деп есептейтіндер бар. Дұрыс насихат айтсаң, ондайлардың көзі дереу соқыр, құлақтары саңырау, жүректері бүркеулі, ақылы кеміс бола қалады. Ондайлардың жүрген жерінде Құраннан басқасының бәрі бар, олар Аллаһты еске алмайды. Аллаһтан қаштым дегенімен олар бәрі-бір Аллаһтың құлы, Оның алдында, Оның қолында болып қала береді. Аллаһ оларды шақырды, ал олар жауап бермеді, бірақ сол арқылы шайтанның шақыруына жауап беріп, өз көңіл- қалауына ергенін түсінбейді... Олар шайтанның шақыруын қабыл алып, Рахманның шақыруын назардан тыс қалдырғаны еріксіз таңдай қақтырады! Олардың сау ақылдары қайда кетті...?! «Негізінен көздері соқыр емес, бірақ көкіректеріндегі жүректері соқыр» (Хаж сүресі, 46-аят). Сен Аллаһқа бағынбайтындай Ол саған не істеді сонша?! Сен Оған бойсұнбайтындай Ол саған не істеп еді сонша?! Ол емес пе сені жаратқан, өмір сүруің үшін қажетті нәрселерді берген Ол емес пе, саған мол байлық, тәніңе саулық берген Ол емес пе?! Аллаһ Тағала саған жақсылық қылғаны үшін жазықты болды ма сонда? Аллаһ Тағала саған жомарттық қылғаны үшін жазықты болды ма сонда? Сенің адасуыңа осы ма себеп болған ма? Сен әлі күнә жасап жүрсің, ал саған сол сәтте өлім келсе қайтесің?! «Аллаһтың қаһарына ұшырап қаламын деп
  5. 5. 5 қобалжымай ма? Аллаһтың қаһарына ұшырайтындар ғана қобалжымайды» (А’раф сүресі, 99-аят). Қымбатты бауырым, абай бол! Әлгіндей кісілерден болып қалмауға барлық күш-жігеріңді сал және не мақсат үшін жаратылған болсаң – соған сай амал ет! Шын мәнінде, Аллаһпен ант етейін, сен ұлы бір мақсат үшін жаратылдың. Аллаһ Тағала былай деді: «Мен жындар мен адамзатты тек Өзіме ғана құлшылық етулері үшін жараттым» (Зәрият сүресі, 56-аят). Бауырым! Әй, Аллаһқа бағынбаушы! Өз Раббыңа қайт, Тозақтан қорықсайшы, оның отынан сескенсейші, ақиқатында, алдыңда қорқыныш пен қиыншылық, жақсылық немесе ауыртпашылық, азғыратындар мен күнәлар күтіп тұр. Одан басқа құлшылыққа лайықты ешкім болмаған Аллаһпен ант етейін, ешқашан күлкі де, әндер де, сыңғырлаған дауыстар да, түкке тұрмайтын әрекеттер де саған пайда әкелмейді, отбасың мен балаларың да, бауырларың мен әріптестерің де, байлығың да саған көмектеспейді... Ізгі амал мен жақсылықтарыңнан басқа еш нәрсе ешқашан пайда бермейді. Бауырым! Аллаһпен ант етейін, мен бұл сөздерді сенің ақ жүзің Қиямет-қайымда қара бетке айналмасын деп қана жаздым, әрі сол бір нұрлы жүзіңе көлеңке түспесін және нәзік тәніңе Тозақтың ыстық оты тимесін деген ниетпен жаздым. Сәл жылдамдат, бауырым, Аллаһ Тағала өзіңді Тозаққа түсіп кетуден сақтасын. Және осы сәттен бастап шынайы түрде тәубе ет! Сосын бұлайша істегенің үшін ешқашан өкінбейтініңе көзің жетеді. Керісінше, сен шынымен де Аллаһтың қалауымен бақытты боласың, ал егер күмәнданып, асықпасаң, мен сенің қайғыңа ортақтасар жәй сенімді кеңесшің ғанамын. Әссәләму ‘аләйкум уә рахмәтуллаһи уә бәракәтуһ! Дерек көзі: Ханифия форумы Дәрісті аудиоформатта немесе видеоформатта тыңдау

×