Successfully reported this slideshow.
We use your LinkedIn profile and activity data to personalize ads and to show you more relevant ads. You can change your ad preferences anytime.
«ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ» 
Дюсенова Сауле Сабикеновна. 
Оқу ісінің меңгерушісі 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұға...
“(E-LEARNING) ЭЛЕКТРОНДЫҚ 
ОҚЫТУДЫ ЕНГІЗУ - БІЛІМ БЕРУ 
ҮДЕРІСІНІҢ БАРЛЫҚ 
ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ҮЗДІК БІЛІМ БЕРУ 
РЕСУРСТАРЫ МЕ...
ХХІ ғасыр –ақпараттық қоғамның дәуірі,әртүрлі 
технологиялық мәдениеттің дамыған дәуірі болып саналады. 
Бүгінде Қазақстан...
Бұл бағдарламадағы негізгі басымдық- елімізге электрондық 
оқыту жүйесін енгізу. 
Электрондық оқыту жүйесін білім саласына...
Ал бұның артықшылығы неде? 
 Әрбір мұғалім және оқытушы электрондық күнделік пен 
журналдарға тек ғана бағаны қоймай, әрб...
АЛ НЕГІЗГІ ҚҰРАУЫШТАРЫ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ: 
 
1.Білім беру ұйымдарын басқару 
 2.Оқытуды басқару 
 3.Электрондық кітапхана 
...
 2013-14 жылы біздің «М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім 
беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне де 
енгіз...
ЖҮЙЕГЕ ЕНІП,ОНЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУ , ӘРИНЕ ,БІРШАМА 
УАҚЫТТЫ ЖӘНЕ МАШЫҚТАНУДЫ ТАЛАП ЕТТІ.ЕҢ НЕГІЗГІ ТАЛАП, 
МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ І...
Мұғалімдер күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын, 
сынып журналын, хабарландыру сервистерін (алда 
болатын жоспарлы және жосп...
Жүйені енгізу барысындағы 
негізгі қиыншылықтар: 
Мұғалімдер мен оқушылар 
арасындағы ақпараттық- 
коммуникациялық 
технол...
Жүйе жұмысын жүргізудегі әлсіз жақтар: 
-Мұғалімдер мен оқушылар 
арасындағы ақпараттық- 
коммуникациялық технологияларды ...
Электрондық оқыту (e-learning) жүйесі – заман талабы
Электрондық оқыту (e-learning) жүйесі – заман талабы
Upcoming SlideShare
Loading in …5
×

Электрондық оқыту (e-learning) жүйесі – заман талабы

4,888 views

Published on

ХХІ ғасыр –ақпараттық қоғамның дәуірі,әртүрлі технологиялық мәдениеттің дамыған дәуірі болып саналады.Бүгінде Қазақстан қоғамында білімді ақпараттандыру ісі қарқынды жүріп жатыр. Компьютерді және басқа да ақпараттық технологияларды пайдалану дағдысын меңгеру қазіргі өмірдің ажырамас бөлігіне айналғаны айқын.

Published in: Education
  • Login to see the comments

  • Be the first to like this

Электрондық оқыту (e-learning) жүйесі – заман талабы

  1. 1. «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ» Дюсенова Сауле Сабикеновна. Оқу ісінің меңгерушісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі E-mail:saule_sabiken@mail.ru Ақмола облысы Зеренді ауданы Зеренді ауданы әкімдігінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  2. 2. “(E-LEARNING) ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУДЫ ЕНГІЗУ - БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНІҢ БАРЛЫҚ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ҮЗДІК БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА ТЕҢ ҚОЛ ЖЕТКІЗУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ”. Н.НАЗАРБАЕВ Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
  3. 3. ХХІ ғасыр –ақпараттық қоғамның дәуірі,әртүрлі технологиялық мәдениеттің дамыған дәуірі болып саналады. Бүгінде Қазақстан қоғамында білімді ақпараттандыру ісі қарқынды жүріп жатыр. Компьютерді және басқа да ақпараттық технологияларды пайдалану дағдысын меңгеру қазіргі өмірдің ажырамас бөлігіне айналғаны айқын. Білім саласын жаңғырту барысында маңызды қадамдар жасалып,білім беруді дамыту барысында бағдарламалар жасалды.Жаңа инновациялық ақпараттық технологиялар тәжірибеге енгізіле басталды.Ақпараттық технология арқылы білімді жаңаша беру мүмкіндігіне ие болдық.Оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту,оқу үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыруда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану жүзеге асырыла бастады. Білімді дамыту барысында қабылданған бағдарламаның бірі-2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: « (E-learning) электрондық оқытуды енгізу - білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету»деп көрсеткен болатын.
  4. 4. Бұл бағдарламадағы негізгі басымдық- елімізге электрондық оқыту жүйесін енгізу. Электрондық оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі ең басты мақсат - білім беру үрдісін үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету; -мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру; -байланыстың және цифрлық технологиялардың заманауи құралдары мүмкіншіліктерін пайдаланумен оқу процесіне қатысушылар үшін сапалы білім беру қызметтерін дамыту; -оқытудың жаңа құралдарын енгізу есебінен білім беру ресурстарына қолжетімділіктің тең жағдайларын қамтамасыз ету;
  5. 5. Ал бұның артықшылығы неде?  Әрбір мұғалім және оқытушы электрондық күнделік пен журналдарға тек ғана бағаны қоймай, әрбір оқушының үлгерімін қадағалай алады.  Әкімшілік үшін нормативтік-құқықтық базаны жүргізу, есептер мен құжаттаманы әзірлеу, персоналдың кадрлық есебі, мектептің сабақ кестесін әзірлеу – осының барлығын автоматтандыруға, жақсартуға және жылдамдатуға болады.  Білім алушылар e-Learning-те оқуда жетістіктерге жету үшін барлық қажетті модульдер және жүйелер бар.  Ата-аналар үшін өзінің баласының үлгерімі және қатысуы туралы дәйекті ақпараттарды жедел алу.  Басқару органдары үшін білім беру саласының жағдайы туралы статистикалық есептерді жедел алудың мүмкіндігі.
  6. 6. АЛ НЕГІЗГІ ҚҰРАУЫШТАРЫ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ:  1.Білім беру ұйымдарын басқару  2.Оқытуды басқару  3.Электрондық кітапхана  4.Тестілеу жүйесі  5.Ұлттық білім беру деректер қоры  6.Статистика және есептер  7.Вебинарлар  8.Сынып бөлмесін басқару жүйесі  9.Оқу материалдарын әзірлеу  10.Білім беру ұйымдарының порталы  11.ББҰ порталы  12.Әкімшілендіру жүйесі.
  7. 7.  2013-14 жылы біздің «М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне де енгізілді.Оқу жылының басында электрондық оқыту жүйесіне ену үшін мектептің материалдық базасы нығайтылды,яғни,электрондық оқыту жүйесінде жұмыс жасау және әрбір оқу кабинетінде сабақ өткізу үшін оқушылар мен оқытушылар үшін моноблоктар орнатылды, жобаның аясында жаңа модификацияланған 1+15 дербес компьютерлерден тұратын қосымша компьютерлік сыныппен қамтамасыз етілді,сандық подиум, жылжымалы компьютерлерге (11 ноутбуктерге) арналған шкаф-сейф, серверлік құрал- жабдықтары әкелінді. Цифрлық білім беру ресурстарына оқушылар және педагогтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін кітапханада дербес компьютерлер орнатылды. Мектеп толықтай желісіз Интернетке,яғни Wi-Fi-ға қосылды.Барлық құрылғылар орнатылған соң жұмысты жүргізу үшін мұғалімдерді жұмыс жасау барысымен таныстыруға арналған қысқа мерзімді 1 күндік семинарлар,мектеп басшыларына 5 күндік курстардан өткізу жұмыстары ұйымдастырылды.
  8. 8. ЖҮЙЕГЕ ЕНІП,ОНЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУ , ӘРИНЕ ,БІРШАМА УАҚЫТТЫ ЖӘНЕ МАШЫҚТАНУДЫ ТАЛАП ЕТТІ.ЕҢ НЕГІЗГІ ТАЛАП, МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ ОЖЖ ЕНГІЗІП,ӘР ҰСТАЗДЫҢ ЖҮКТЕМЕСІН,САБАҚ КЕСТЕСІН ЕНГІЗУ,ҰСТАЗДАРҒА ЭЛЕКТРОНДЫ ЖУРНАЛДЫ ТОЛТЫРУ МҮМКІНДІГІН ІСКЕ АСЫРУ ҚАЖЕТ БОЛДЫ. АЛ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖУРНАЛ ЖҮЙЕСІ МЫНАНДАЙ МҮМКІНДІКТЕРДІ ҚҰРАЙДЫ: - ӘР СЫНЫП ҮШІН САБАҚ КЕСТЕСІН ЖАРИЯЛАУ; - ОҚУШЫНЫҢ КҮНДЕЛІГІН ЕНГІЗУ; - БАҒА ҚОЮ; - ҮЙ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЖАЗЫЛУЫ; - ҚАЛДЫРҒАН КҮНДЕРДІ ЖӘНЕ ЕСКЕРТУЛЕРДІ ТІРКЕУ; - АТА-АНАҒА SMS ХАБАРЛАНДЫРУЛАР ЖІБЕРУ;
  9. 9. Мұғалімдер күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын, сынып журналын, хабарландыру сервистерін (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms хабарламалар, есептілік және т.б. жіберу) толтыратын болды.Міне ,осы тұста ұжымдағы компьютермен жұмыс жасай алмайтын мұғалімдерге қиындық туды және де қағаз жұмысы мен электронды оқытуды бірге алып жүру біршама уақыт тапшылығын әкеп соқтырды. Жұмыс барысын толық меңгере алмаған мұғалімдермен жеке жұмыс жасау қажет болды. Осы жерде Сенеканың мына бір « Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз»деген сөзін айта кету орынды болар деп отырмын ,себебі біз өзіміз де ұстаздарға жаңалықты үйрете отырып,көп нәрсені сол тұстарда меңгеріп үйрендік.
  10. 10. Жүйені енгізу барысындағы негізгі қиыншылықтар: Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ақпараттық- коммуникациялық технологияларды игеру деңгейінің әркелкілігі. Алғашқы айларда оқушы контингентімен жұмыс жасау,оқушының күнделікті бағасын электронды журналға енгізу,сабақтарды уақытылы бастауда біраз кемшіліктердің туындауы. Интернеттің жылдамдығының азаюы Екі жұмысты,яғни қағаз бен электронды түрін алып жүруге уақыттың тапшылығы; Әлі де болса кей құрауыштарды толық меңгере алмауымыз.
  11. 11. Жүйе жұмысын жүргізудегі әлсіз жақтар: -Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ақпараттық- коммуникациялық технологияларды игеру деңгейінің әртүрлілігі. -Интернеттің жылдамдығының азаюы -Екі жұмысты,яғни қағаз бен электронды түрін алып жүруге уақыттың тапшылығы; -Әлі де болса кей модульдерді толық меңгере алмауымыз. Электрондық оқыту жүйесінің күшті жақтары -Білім беру үрдісін үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділігімен қамтамасыз етілген; -Мектептің материалдық-техникалық базасы қосымша нығайтуды көздеген; -Білім беру саласының жағдайы туралы статистикалық есептерді жедел алу мүмкіндігіне ие болдық. -Ата-анамен қарым-қатынас жаңа бір деңгейге ие болды. -Мектепті басқару жүйесі автоматтандырылған,яғни әкімшілік барлық қажетті есеп пен талдауларды даяр күйінде ала алады. -Ресурстардың жеткіліктілігі;Сандық білім беру ресурстары бар. -Оқушылардың оқуы үшін жақсы жұмыс тәртібі қалыптасқан. -Ата-аналардың көпшілігінде мектепке деген оң көзқарас қалыптастырады.

×