Successfully reported this slideshow.
We use your LinkedIn profile and activity data to personalize ads and to show you more relevant ads. You can change your ad preferences anytime.

Z 300 2007_07_21_k

140 views

Published on

Russia petroleum, construction, development, import, export, customs, oil and gas, steel, metallurgy, mineral resources, railway, railroad, codes, rules, norms, laws, approval, certification, decrees, regulations

Published in: Business
  • Be the first to comment

  • Be the first to like this

Z 300 2007_07_21_k

  1. 1. Экспорттық бақылау туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi N 300 Заңы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., N 16, 132-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 8 тамыз N 235-236 МАЗМҰНЫ Осы Заң халықаралық және ұлттық қауiпсiздiк мүддесiне орай қару- жараққа, әскери техникаға, ядролық және арнайы ядролық емес материалдарға, әскери мақсаттағы өнiмге, екiұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологияларға, оларды өндiру мен пайдалануға байланысты шикiзатқа, материалдарға, жабдықтарға, технологияларға, ғылыми-техникалық ақпарат пен көрсетiлетiн қызметтерге экспорттық бақылауды жүзеге асырудың және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимiн нығайтудың негiздерi мен тәртiбiн белгiлейдi. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) екiұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар - азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бiрақ қару-жарақ, әскери техника мен оқ-дәрiлер, оның iшiнде жаппай қырып-жоятын қару мен жеткiзу құралдарын өндiру үшiн қолданылуы мүмкiн жабдықтар, материалдар, шикiзат, технологиялар мен ғылыми-техникалық ақпарат; 2) жаппай қырып-жоятын қару - химиялық, бактериологиялық (биологиялық), радиологиялық, ядролық және уытты қару; 3) жеткiзу құралдары - жаппай қырып-жоятын қаруды жеткiзуге қабiлеттi зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары (500 килограмнан кем емес пайдалы жүктеменi 300 километрге және одан да ұзақ қашықтыққа жеткiзуге қабiлеттi); 4) зияткерлiк шығармашылық қызмет нәтижелерiне құқықтар - қару- жарақпен, әскери техникамен, екiұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлармен және технологиялармен, арнайы жабдықпен және жаппай қырып-жоятын қаруды жасауға арналған технологиямен байланысты ғылыми еңбектерге, электрондық- есептеу машиналарына арналған бағдарламаларға, карталарға, жоспарларға, эскиздерге, иллюстрациялар мен үш деңгейлi шығармаларға авторлық құқықтар, өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, интегралдық микросхема топологияларына құқықтар, ашылмаған ақпаратқа, оның iшiнде "ноу- хау" өндiрiсiнiң құпияларына құқықтар; 5) импорт – өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағына әкелу; 6) импорттаушының (түпкi пайдаланушының) кепiлдiк мiндеттемесi - импорттаушының (түпкi пайдаланушының) өнiмдi мәлiмделген мақсаттарға пайдалану туралы, оны басқа тұлғаларға бермеу және оны уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз үшiншi елдерге керi экспорттауға жол бермеу туралы жазбаша сендiруi; 7) кепiлдiк мiндеттеме (түпкi пайдаланушының сертификаты) - импортталатын өнiмдi мәлiмделген мақсаттарда пайдалану және оны сатушы елдiң келiсiмiнсiз үшiншi елдерге керi экспорттауға жол бермеу туралы алушы елдiң құзыреттi органы берген алушы елдiң ресми сендiруi; 8) керi импорт - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан бұрын әкетiлген қазақстандық өнiмнiң өзгерiссiз жағдайда қайта әкелiнуi;
  2. 2. 9) керi экспорт - Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндiрiлген, оның аумағына бұрын әкелiнген өнiмдi әкету не Қазақстан Республикасында шығарылған өнiмдi басқа мемлекеттiң аумағынан үшiншi елдерге әкету; 10) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк органдары - заңдарда белгiленген құзыретi шегiнде экспорттық бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары; 11) өнiм - экспорттық бақылауға жататын тауарлар, технологиялар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер, ақпарат; 12) өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеу - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, қазақстандық тауарларды өңдеу және өнiмдi кейiннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелу мақсатында оларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге әкету және пайдалану; P080070 13) өнiмнiң номенклатурасы (тiзiмi) - экспорттық бақылауға жататын тауарлардың, технологиялардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң және ақпараттың тiзбесi; 14) сыртқы экономикалық қызметке қатысушы (мәлiмдеушi) - өнiмнiң экспортын, керi экспортын, импортын, керi импортын, транзитiн және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуiн жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға; 15) транзит - өнiмге кедендiк бақылау жасай отырып оны Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткiзу; 16) тұтастай қамтитын бақылау - өнiмнiң номенклатурасына (тiзiмiне) кiрмейтiн өнiмдi бақылау; 17) уәкiлеттi орган - экспорттық бақылау саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; 18) фирмаiшiлiк экспорттық бақылау жүйесi - экспорттық бақылау ережелерiн сақтау мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлiмдеушiлер) жүзеге асыратын ұйымдастырушылық, әкiмшiлiк, ақпараттық және өзге де сипаттағы iс-шаралар кешенi; 19) экспорт – өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан әкету; 20) экспорттық бақылау - өнiм экспортының, керi экспортының, импортының, керi импортының, транзитiнiң немесе өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк органдары мен фирмаiшiлiк экспорттық бақылау жүйесiн пайдаланатын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлiмдеушiлердiң) iске асыруы жөнiндегi осы Заңда және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген шаралар жиынтығы; 21) ядролық және арнайы ядролық емес материалдар - ядролық қаруды таратпау жөнiндегi халықаралық режимнiң талаптарына сәйкес осындай деп айқындалған материалдар. P930183 Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 2-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасы
  3. 3. 1. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда белгiленгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Осы Заңның күшi осы Заңның 8-бабында көрсетiлген өнiмнiң экспортына, керi экспортына, импортына, керi импортына, транзитiне және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесi мемлекеттiк органдарының, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлiмдеушiлердiң) қызметiне қолданылады. Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 4-бап. Экспортты қ бақылаудың негiзгi мақсаттары мен принциптерi 1. Экспорттық бақылаудың негiзгi мақсаттары: 1) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; 2) жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимiн нығайту; 3) халықаралық қатынастардың тұрақты және қауiпсiз жүйесiн қалыптастыруға жәрдемдесу; 4) халықаралық қауiпсiздiк пен тұрақтылықты нығайту, жаппай қырып- жоятын қару мен оны жеткiзу құралдарының таралуын болдырмау болып табылады. 2. Экспорттық бақылаудың негiзгi принциптерi: 1) жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткiзу құралдарын және қару-жарақ пен әскери техниканың өзге де түрлерiн таратпау жөнiндегi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтау; 2) экспорттық бақылауды жүзеге асыруда саяси мүдделердiң басымдылығы; 3) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасы бойынша ақпаратқа қолжетiмдiлiк; 4) халықаралық терроризм мен экстремизмдi қолдауға жол бермеу; 5) экспорттық бақылау рәсiмдерi мен ережелерiнiң жалпыға бiрдей танылған халықаралық нормалар мен практикаға сәйкестiгi болып табылады. 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң экспорттық бақылау саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасының Үкiметi экспорттық бақылау саласында: 1) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
  4. 4. 2) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк экспорттық бақылау жүйесiн қалыптастырады; P991917 3) өнiмнiң экспорты мен импортын лицензиялаудың ережелерiн бекiтедi; 4) импорттаушылардың (түпкi пайдаланушылардың) кепiлдiк мiндеттемелерiн ресiмдеу және олардың орындалуын тексеру ережелерiн бекiтедi ; 5) өнiмнiң транзитiне рұқсат беру ережелерiн бекiтедi; 6) өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру ережелерiн бекiтедi ; 7) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлiмдеушiлердiң) фирмаiшiлiк экспорттық бақылау жүйесiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi ; 8) өнiмнiң номенклатурасын (тiзiмiн) бекiтедi . Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 6-бап. Уәкiлеттi органны ң құзыретi Уәкiлеттi орган: 1) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесi мемлекеттiк органдарының қызметiн үйлестiредi; 2) экспорттық бақылау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi; 3) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк органдарымен бiрлесе отырып, өнiмнiң номенклатурасын (тiзiмiн) әзiрлейдi; 4) белгiленген құзыретi шегiнде өнiмнiң экспортын, керi экспортын, импортын, керi импортын, транзитiн және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуiн бақылайды; 5) өнiмнiң экспорты мен импортын лицензиялауды жүзеге асырады; 6) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен экспорттық бақылау саласындағы шараларды әзiрлейдi және ынтымақтастықты жүзеге асырады; 7) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк органдарымен бiрлесе отырып, қажет болған жағдайда өнiмдi тиеп жiберу алдындағы кезеңде және оның түпкiлiктi пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады; 8) кепiлдiк мiндеттеме (түпкi пайдаланушының сертификатын) бередi; 9) өнiмнiң транзитiне рұқсат бередi; 10) мәлiмдеушiлер мен мүдделi мемлекеттiк органдарға тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi, ақпаратты өнiмге жатқызу туралы қорытынды бередi; 11) өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат бередi; 12) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi. Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.17 N 188- IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 7-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесi мемлекеттiк органдарының құзыретi
  5. 5. Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк органдары: 1) өнiмнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы заңсыз өткiзiлуiнiң алдын алады және жолын кеседi; 2) өз құзыретi шегiнде өнiмнiң экспорты, керi экспорты, импорты, транзитi және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуi мәселелерiн келiседi. Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 8-бап. Экспортты қ бақылауға жататын өнiмнiң түрлерi Экспорттық бақылануға тиiс өнiмнiң түрлерiне мыналар жатады: 1) жай қару-жарақ пен әскери техника, шикiзат, материалдар, арнайы жабдықтар мен технологиялар, оларды өндiруге байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер; 2) ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, жабдықтар, қондырғылар, технологиялар, иондық сәуле шығаратын көздер, екiұдай қолданылатын (мақсаттағы) жабдықтар және тиiстi тауарлар мен технологиялар, оларды өндiруге байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер; 3) экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерiнде белгiленетiн тiзiмдер , тiзбелер бойынша химиялық қару жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн химикаттар, екiұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар; 4) бактериологиялық (биологиялық) және уытты қару жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн ауру қоздырғыштар, олардың генетикалық жағынан өзгерген нысандары мен генетикалық материалдың фрагменттерi, олардың тiзiмдерiн, тiзбелерiн экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерi белгiлейдi; 5) зымырандық техника, қозғалтқыштар, олардың компоненттерi, зымырандық техника жасау кезiнде қолданылатын жабдық, материалдар мен технологиялар, олардың тiзiмдерiн, тiзбелерiн экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерi белгiлейдi; 6) жаппай қырып-жоятын қару түрлерi; 7) ғылыми-техникалық ақпарат, көрсетiлетiн қызметтер және әскери мақсаттағы өнiмге, екiұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологияларға байланысты зияткерлiк шығармашылық қызметтiң нәтижелерi. 9-бап. Экспортты қ бақылау және оны жүзеге асыру тәртiбi 1. Экспорттық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткiзу құралдарын және қару-жарақ пен әскери техниканың өзге де түрлерiн таратпау жөнiндегi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады. 2. Өнiмнiң экспорты мен импорты лицензиялар негiзiнде жүзеге асырылады. 3. Өнiмнiң экспорты мен импортын лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  6. 6. 4. Қазақстан Республикасынан шығарылатын өнiмнiң керi экспорты уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты бойынша, кепiлдiк мiндеттеме (түпкi пайдаланушының сертификаты) негiзге алына отырып жүзеге асырылады. 5. Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген өнiмнiң керi экспорты өнiм шығарылған елдiң құзыреттi органының рұқсаты бойынша жүзеге асырылады. 6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының немесе басқа мемлекеттердiң Қазақстан Республикасы аумағында уақытша орналасқан әскери құралымдарының қаруланымында (жарақтанымында) қолданылып жүрген жарақтарды, өнiмдердi жөндеу (жаңғырту) мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу, сондай-ақ өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеу уәкiлеттi органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады. 7. Экспорттық бақылауға жататын шикiзат не өнеркәсiп өнiмi үлгiлерiнiң ең аз мөлшерiн көрмелерде көрсету үшiн, экспорттық бақылауға жататын, коммерциялық құндылығы жоқ осы шикiзатқа не өнеркәсiп өнiмiне ықтимал сұранысты анықтау мақсатында зерттеулер (сертификаттау) жүргiзу үшiн өнiмдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды орындау үшiн халықаралық ұйымдардың инспекторлары iрiктеп алатын сынамалар үлгiлерiн Қазақстан Республикасының аумағынан әкету лицензиясыз жүзеге асырылады. 8. Өнiмнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзiлуiне бақылау жасауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады. 9. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, сыртқы экономикалық мәмiлелердi жүзеге асыру кезiнде мәлiмдеушi келiсiмшарт талаптарында Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесi мемлекеттiк органдарының өнiмнiң түпкi пайдаланылуын тексеруге қол жеткiзуiн қамтамасыз етудi көздеуге мiндеттi. 10. Уәкiлеттi орган өнiм шығарылған елдiң құзыреттi органы берген рұқсаттың дұрыстығын айқындауға құқылы. Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 10-бап. Тұтастай қамтитын бақылау 1. Тұтастай қамтитын бақылау талаптарын қамтамасыз ету мақсатында, егер сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (мәлiмдеушiлерге) осы өнiм және зияткерлiк шығармашылық қызмет нәтижелерi шет мемлекеттiң не шетелдiктердiң немесе шетелдiк заңды тұлғалардың жаппай қырып-жоятын қару мен жеткiзу құралдарын жасау мақсаттары үшiн пайдаланылатыны анық белгiлi болса, оларға бұл өнiммен, зияткерлiк шығармашылық қызмет нәтижелерiмен сыртқы экономикалық мәмiлелер жасасуға немесе оларға өзге де кез келген түрде қатысуға тыйым салынады. 2. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлiмдеушiлер) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен осы Заңның 8-бабының қолданылу аясына жатпайтын өнiммен, зияткерлiк шығармашылық қызмет нәтижелерiмен сыртқы экономикалық мәмiлелердi жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясын: 1) оларды Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң уәкiлеттi органы немесе өзге де мемлекеттiк органы аталған өнiм мен зияткерлiк шығармашылық қызмет нәтижелерi осы баптың бiрiншi тармағында
  7. 7. көрсетiлген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкiн екендiгi туралы хабардар еткен; 2) олардың аталған өнiм мен зияткерлiк шығармашылық қызмет нәтижелерi осы баптың бiрiншi тармағында көрсетiлген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкiн деп пайымдауларына негiз болған жағдайларда алуға мiндеттi. 11-бап. Ұйымдардағы фирмаiшiлiк экспорттық бақылау жүйесi Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген экспорттық бақылау ережелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткiзу құралдарын және қару-жарақ пен әскери техниканың өзге де түрлерiн жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн өнiмге қатысты сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыру кезiнде экспорттық бақылау ережелерiн орындауды қамтамасыз ету, аталған салада құқық бұзушылықты болғызбау үшiн сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлiмдеушiлер) фирмаiшiлiк экспорттық бақылау жүйелерiн құрады. 12-бап. Өнiмдi тиеп жiберу алдындағы кезеңде және (немесе) оны ң түпкiлiктi пайдаланылуын мемлекеттiк ба қылау 1. Өнiмдi тиеп жiберу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкiлiктi пайдаланылуын мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысанда жүзеге асырылады. 2. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 13-бап. Сыртқы экономикалық мәмiлелердiң есебi 1. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлiмдеушiлер) экспорттық бақылау мақсаттары үшiн өнiммен сыртқы экономикалық мәмiлелердiң есебiн жүргiзуге мiндеттi. 2. Өнiммен, зияткерлiк шығармашылық қызмет нәтижелерiмен сыртқы экономикалық мәмiлелерге қатысты құжаттар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында неғұрлым ұзақ сақтау мерзiмi белгiленбесе, бес жыл бойы сақталуға тиiс. 3. Экспорттық бақылау мақсаттары үшiн сыртқы экономикалық мәмiлелер есебiнiң ережелерi мен нысанын уәкiлеттi орган айқындайды. 14-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылауға байланысты халы қаралық санкцияларға қатысуы Қазақстан Республикасының бiр мемлекетке немесе бiрқатар мемлекеттерге қатысты экспорттық бақылауға байланысты халықаралық санкцияларға қатысуы және бұл санкциялардың қолданысқа енгiзiлуi Бiрiккен Ұлттар Ұйымы немесе басқа да халықаралық ұйымдар шешiмдерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады. Жекелеген жағдайларда мұндай санкцияларды Қазақстан Республикасы бiржақты қолдана алады. 15-бап. Өнiмнiң экспортын, импортын, транзитiн және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуiн шектеу
  8. 8. Ескерту. 15-баптың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.06.30 N 297- IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 1. Шет мемлекеттер Қазақстан Республикасы алдында алған мiндеттемелерiн бұзған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешiмдерi бойынша өнiмнiң экспортына, импортына, транзитiне және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуiне Қазақстан Республикасының шектеулер енгiзуге, оларға эмбарго белгiлеуге дейiн құқығы бар. 2. Қазақстан Республикасының Үкiметi ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын орындау мүдделерiн негiзге ала отырып, өнiмнiң экспортына, импортына, транзитiне және Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңделуiне шектеулер енгiзiлетiн мемлекеттердiң тiзбесiн белгiлейдi және жекелеген мемлекеттер мен ұйымдарға қатысты санкция туралы ақпаратты сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлiмдеушiлер) назарына жыл сайын жариялап отырады. Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 16-бап. Экспортты қ бақылау саласындағы ақпаратты беру жөнiндегi мiндеттеме 1. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк органдарынан және шет мемлекеттердiң органдарынан, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан (мәлiмдеушiлерден) экспорттық бақылау саласына жататын қажеттi құжаттар мен ақпаратты сұратуға және алуға құқылы. 2. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк органдары уәкiлеттi органнан, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң басқа да мемлекеттiк органдарынан және шет мемлекеттердiң органдарынан, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан (мәлiмдеушiлерден) экспорттық бақылау саласына қатысты қажеттi құжаттар мен ақпаратты сұратуға және алуға құқылы. 3. Экспорттық бақылау саласындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлiмдеушiлер) ұсынған құжаттар мен ақпарат тек қана экспорттық бақылау мақсатында пайдаланылады. 4. Мемлекеттiк құпияларды, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын құжаттар мен ақпарат, сондай-ақ экспорттық бақылау саласындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (мәлiмдеушiлерге) қатысты құпия ақпаратты Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң уәкiлеттi органы мен мемлекеттiк органдарының лауазымды тұлғаларының қызметтiк емес мақсаттар үшiн жария етуiне, қолдануына болмайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны мемлекеттiк органдарға және үшiншi тұлғаларға беруге болмайды. 5. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлiмдеушiлер) уәкiлеттi органның және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк органдарының талабы бойынша аталған органдардың осы Заңда көзделген мiндеттер мен функцияларды орындауы үшiн қажеттi құжаттар мен ақпаратты ұсынуға мiндеттi. 17-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастығының мақсаттары мен нысандары
  9. 9. 1. Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимдерiн күшейту саласында шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды. 2. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастығы: 1) жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткiзу құралдарын, сондай-ақ оларды жасау технологияларын таратуды болғызбау жөнiнде шет мемлекеттермен бiрге күш-жiгердi және өзара iс-қимылды үйлестiру; 2) халықаралық қатынастардың тұрақты және қауiпсiз жүйесiн қалыптастыруға жәрдемдесу; 3) Қазақстан Республикасының экономикасын әлемдiк экономикаға тең құқықты және өзара тиiмдi негiзде ықпалдастыру үшiн қолайлы жағдайлар жасау; 4) Қазақстан Республикасының өнiммен, зияткерлiк шығармашылық қызметтiң нәтижелерiмен, оның iшiнде зияткерлiк шығармашылық қызмет нәтижелерiне құқықтармен халықаралық алмасуға қатысуын жандандыру, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлiмдеушiлердiң) жоғары технологиялардың әлемдiк нарықтарына енуi үшiн мүмкiндiктердi ұлғайту; 5) экспорттық бақылаудың халықаралық және мемлекетiшiлiк тетiктерiн жетiлдiру, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасын бұзу фактiлерiн және оларды бұзған тұлғаларды анықтау мақсатында жүзеге асырылады. 3. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының халықаралық экспорттық бақылау режимдерiне және халықаралық форумдарға қатысуы, шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен келiссөздер мен консультациялар жүргiзу, өзара ақпарат алмасу, сондай-ақ аталған салада екiжақты және көпжақты негiзде бiрлескен бағдарламалар мен өзге де iс-шараларды iске асыру арқылы жүзеге асырылады. 4. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары экспорттық бақылау саласында халықаралық ұйымдармен, шет елдердiң мемлекеттiк органдарымен, сондай-ақ шетелдiк үкiметтiк емес ұйымдармен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өз құзыретi шегiнде өзара iс-қимылды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы экспорттық бақылаудың мемлекетiшiлiк тетiктерiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiне жәрдемдесудi мақсат ететiн отандық ұйымдар мен шетелдiк үкiметтiк емес ұйымдар арасындағы келiсiмшарттарды дамытуға және ақпарат алмасуға жәрдемдеседi. 18-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады. 19-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң уәкiлеттi органы мен мемлекеттiк органдары лауазымды т ұлғаларының шешiмдерiне және әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң уәкiлеттi органы мен мемлекеттiк органдары лауазымды тұлғаларының экспорттық бақылауды жүзеге асыру кезiндегi шешiмдерi мен әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасалуы мүмкiн. 20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
  10. 10. 1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi. 2. "Экспорттық бақылау туралы" 1996 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 240-құжат; 2000 ж., N 20, 377-құжат; 2003 ж., N 18, 143-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат) күшi жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасының Президентi

×