Successfully reported this slideshow.
We use your LinkedIn profile and activity data to personalize ads and to show you more relevant ads. You can change your ad preferences anytime.

чат деген не?

1,913 views

Published on

Чат - интернет арқылы тікелей қарым-қатынас жасау құралы. Бұл әсіресе тіл үйренуге, басқа мемлекеттерден достар табуға өте қолайлы. Кәсіби мақсаттарда да, жылдам іскерлік байланыстар орнатуға да қол келеді.

Published in: Education
  • Be the first to comment

  • Be the first to like this

чат деген не?

  1. 1. © Бақытжан Күшібарұлы Информатикадан электрондық курс
  2. 2. • Чат деген не? • Чаттың қасиеттері. • Чаттың ауқымына қарай түрлері. • Чаттың мазмұнына қарай түрлері. • Чаттарды іздеу жолы. • Чатты пайдалану жолы. • Қазақстанда чаттар бар ма? • Мектеп чатын ұйымдастыру. • Қайталау сұрақтары. • Чатты пайдалану жаттығулары.
  3. 3. Чат (ағылшынша to chat - сөйлеу) - бұл интер- нет арқылы тікелей қарым-қатынас жасау. Чаттың мазмұны «осында және қазір» ғана бар – чат терезесінде оған қатысушылардың хабар- ламалар ағыны жүгіріп тұрады. Чатта сөйлесу үшін өзіңе ат таңдау керек, оны ник дейді, жазған хабарламаларыңыз сол атпен чат ағынында көріне бастайды.
  4. 4. Қатысушылар санына байланысты чаттар былай бөлінеді:  all2all — топтық (мысалы, IRC, Jabber, Yahoo! Chat, AVACS Live Chat, Mychat);  p2p — дербес (мысалы, ICQ, Jabber, Skype, Yahoo! Messenger, AOL Instant Messenger, Hamachi) — жеке хабарлама Техникалық мүмкіндігіне сай:  Мәтіндік чаттар – тек мәтін жазу арқылы әңгімелесу; көңіл-күйді смайлик деген белгішелер арқылы беруге болады;  Видеочаттар – тікелей бір-бірін көріп отырып әңгімелесу;
  5. 5. • Чат ақыл-ойға салмақ салмайды, жеңіл де жылдам сұхбат; • Чатты ешкім қатаң қадағаламайды; • Чатта жасырын сөйлесе береді; Кез-келген масканы киіп алуға болады… • Чат виртуалды ойын-сауық алаңын жасайды
  6. 6. •Шынайы қарым-қатынас виртуалға, яғни қиялға ауысады; •Чатта көп отырған адам өзінің кім екенін де ұмытып қалуы мүмкін; •Чатта сөздің мәнісі мен мазмұны кетіп қалады; •Чат бос сөзбен өтеді де, естен де шығып кетеді; •Чат – уақытты бос өткізу құралы.
  7. 7. Ауқымына байланысты чаттар былай бөлінеді:  Локалдық (жергілікті) — жеке сынып, жеке офистегі адамдар сөйлесе алатын шағын чаттар;  Салалық (жабық) — бір саланың не компанияның адамдары сөйлесе алатын чат; ақылы болуы да мүмкін;  Дүниежүзілік (ашық) – кез-келген адам қатыса алатын ашық чаттар; көбіне еріккен жастар отырады, мақсатсыз уақыт өткізу.
  8. 8. Мазмұнына қарай чаттар былай бөлінеді:  Тіл үйрену чаты — тікелей сөйлесу арқылы тіл үйренуге септігін жасайды;  Көңіл көтеру чаты — еріккен, зеріккен жастардың ермегі, мақсатсыз да мәнсіз әңгімелесу, қызықшылық. Ең көп кездесетін түрі;  Кәсіби чаттар – бір мамандық иелері кәсіби де іскерлік байланыс жасайды;
  9. 9. Интернеттен кез-келген ақпаратты іздеудің ең тиімді жолы дүниежүзілік іздегіштер – Google, Yandex, Yahoo!, Rambler және т.с.с. Міне, чаттарды да осы әдіспен іздеген тиімді. Мысалы, Google іздеу жолағына ―чат‖ деген сөзді енгізе бастағаннан ол небір түрлі чаттардың тізімін шығарып, ұсына бастайды. Төменнен өзіңіз көріңіз:
  10. 10. Чатты пайдалану үшін кейде тіркелу керек. Мұндай чаттардың бақылаушылары болады, оларды модератор деп атайды. Олардың міндеті былапыт сөз, қорлау, масқаралау, ұрыс-соғысты, порнографияны насихаттау сияқты әңгімелерді және олардың иелерін чаттан жойып отыру. Кейбір чаттарға кіру үшін өзіңізге ник белгілеу жеткілікті. Мұнда да былапыт сөз, жаргондар өте көп қолданылады. Шектен шыққандарды чаттан шығарып тастап отырады. Чаттарға қатысқанда белгілі бір этика, мәдениет қағидаларын сақтау керек! Басқаларға құрметпен қарым-қатынас жасау керек.
  11. 11. Чаттар Қазақстандық сайттарда да бар. Бірақ көп емес. Төменде Google іздегіші ―Қазақстандық чат‖ сұранысына не жауап бергенін көресіз:
  12. 12. Мектепішілік чат ұйымдастыруға болады. Ол үшін не керек? 1.Мектепішілік локал желі орнатылған. Егер чат бір сыныпта болса, сыныптық локал желі болуы тиіс; 2.Компьютерлерде чат-клиент программасы орнатылуы тиіс; 3.Мұғалімнің компьютерінде чатты басқарып, модерация жасайтын мүмкіндік болуы тиіс.
  13. 13. 1. Чат деген не? 2. Чаттың қасиеттерін білесің бе? 3. Чаттың қандай түрлері бар? 4. Қажетті чатты қалай тауып аламыз? 5. Чатты қалай пайдаланасыз? 6. Қазақстанда чаттар бар ма? 7. Мектеп чатын ұйымдастыру үшін не керек?
  14. 14. 1.Ағылшын тілінде сөйлеп үйренуге ең ыңғайлы дүниежүзілік чатты іздеп тауып, оған тіркеліңіз де пайдаланыңыз, достар табыңыз; 2.Ресейдің жастар чатына кіріп, ник таңдаңыз, чатқа қатысыңыз. Сұхбат құрып байқап көріңіз. Онлайн этиканы сақтауды үйреніңіз; 3.Қазақстандық чатқа кіріп, сұхбат құрып көріңіз, өзіңізге достар табыңыз.

×