Successfully reported this slideshow.
We use your LinkedIn profile and activity data to personalize ads and to show you more relevant ads. You can change your ad preferences anytime.

07

1,577 views

Published on

Менің ойтүйіндерім 7

Published in: Education
  • Be the first to comment

  • Be the first to like this

07

  1. 1. Шын білімді адам өте қарапайым болады. Неғұрлым надан болған сайын адам боскөкірек, менмен, мақтаншақ, ішітар,“ақылшы” болады. Білімді наданға кешірімтал – адам затын құрметтейді. Надан қатігез, өйткені білімдінің басқаша екенін көре алмайды. Ойтүйін 36 Бақытжан Күшібарұлы http://www.kushibaruly.kz
  2. 2. Надан жаудан жаман. Жауды анық білесің, қарсы күресесің, жоясың. Ал надан өзіне де, басқаға да жаудан бетер зиянын тигізеді, бірақ, түбі, білместік- тен істейді. Оған қоса ол айналаңда жүрген адам болса, қалай оны жоясың... Кешіресің емес, көтересің. Амалсыздан. Ойтүйін 37 Бақытжан Күшібарұлы http://www.kushibaruly.kz
  3. 3. Біртұтас халық надан болуы мүмкін бе?!. Мүмкін!!! – “Көптің көзі жоқ, тілін тап та жолға сал” деген кім еді? Дүние әрқашан жекедара данышпан- дардың жетелеуімен жүрген және жүруі тиіс те. Бірақ, әттең, әбден “шекесі тасқа” тигеннен кейін ғана. Ойтүйін 38 Бақытжан Күшібарұлы http://www.kushibaruly.kz
  4. 4. Білімі тереңдеген сайын адамның санасы пәни дүниеден еріксіз алыстай береді. Өйткені көңіл көзінің көкжиегі шексіз кеңейіп, өресі шексіз биіктей түседі. Бұл жақсы ма, жаман ба?!. Адам мен тірішіліктің қамын ойласа – жақсы. Өзін ғана ойласа – жаман. Ойтүйін 39 Бақытжан Күшібарұлы http://www.kushibaruly.kz
  5. 5. Надан тек өзін ғана көреді. “Менен басқа мінезді, басқаша өмір сүретін адамдар да болуы мүмкін екен-ау”, немесе “мен көрмеген дүние де бар екен- ау” деген ой оған кіріп те шықпайды! Сондықтан да ол өзіне басқаша көрінген- нің бәріне “ақылшы”. Ойтүйін 40 Бақытжан Күшібарұлы http://www.kushibaruly.kz

×