Successfully reported this slideshow.
We use your LinkedIn profile and activity data to personalize ads and to show you more relevant ads. You can change your ad preferences anytime.

Карл линей

1,955 views

Published on

Карл линей

Published in: Education
  • Login to see the comments

  • Be the first to like this

Карл линей

  1. 1. Орындаған:9-сынып оқушылары Мусин Мирас пен Аханов Ерасыл Тексерген: биология пәнінің мұғалімі Рахимбаева Сандуғаш Қазалиқызы
  2. 2.  Карл Линней – швед ғалымы…  Линнейдің құрастырған жүйесі жасанды…  Жүйелеудің негізін қалаушы  Карл Линнейдің эволюциялық көзқарасы  Карл Линнейдің суреттері  Карл Линнейдің тұжырымы  Қортынды
  3. 3. Карл Линней, Carl von Linné (1707-1778) - тірі табиғатты жүйелеуде аса зор еңбек сіңірген швед ғалымы. Ол түрдің табиғи жан-жақтылығын және ақиқат барлығын айта келіп, түр- құрылысы жағынан ұқсас, көбеюі кезінде өздеріне ұқсас ұрпақ беретін көптеген туыстас ағзалар жиынтығы деді. Линней түрді латын тілінде қос атпен атауды (биноминальдық номенклатура) тәжірибе енгізіп, оны жүйелеуге негіз етіп пайдаланды. Жақын түрлер туысқа, туыстар отрядқа, отрядтар класқа біріктірілді. Линней барлық өсімдіктерді гүліндегі аталықтары мен аналығының саны, пішіні, көлемі және құрылысына қарай 24 класқа, ал жануарларды тыныс алу және қанайналым мүшелерінің құрылысына қарай 6 класқа топтастырды. Жануарлар кластарына: сүтқоректілер, құстар, сұмпайылар, балықтар, бунақденелілер және құрттарды жатқызды.
  4. 4. Линнейдің құрастырған жүйесі жасанды деп аталады, өйткені бұл жүйе түрлер арасындағы туыстықты емес, ұқсастықты ғана көрсететін жүйе болды. Линней табиғат туралы метафизикалық, көзқараста бола отырып (түр өзгермейді деп есептегенімен) адамның жануарлар дүниесіндегі орнын дәл тауып, оны адам тәрізді маймылдармен қатар бір отрядқа орналастырылды. Тірі табиғатты жүйелеуде жіберген бірқатар кемшіліктеріне қарамастан Линней еңбектері орасан зор бағаланады. Ол өзіне дейінгі ғалымдардың барлығынан да өзгеше, жануарлармен өсімдіктердің ерекше жүйесін ұсынып, түрлердің шығу тегін анықтауға, жүйелеудің одан әрі дұрыс дамуына жол ашты.
  5. 5.  Дер кезінде өсімдіктер мен жануарлардың ең жақсы жүйелеуін құрастырды.  Латынша қос атауды енгізіп, қолданылып жүрген терминалогияны жеңілдетті: түрді белгілеуге – сын есім, туысты белгілеуге зат есім пайдаланды.  Жүйелік өлшем бірліктің ең кішісі ретінде түр ұғымын анықтады.  Жүйелеуді жасау үшін түрдің морфологиялық өлшемін жете зерттеп, ең алғаш қолданды, яғни жүйелік орнын сыртқы ұқсастығы бойынша белгіледі.  Адамды адамтәрізді маймылдараға жатқызды.  Жүйелеуге 5 бірлесе бағынатын өлшем енгізді.  Өсімдіктер мен жануарлардың өте көп түрлерін өзі түсіндіріп жазды.
  6. 6. Қайта өркендеу дәуірінде жинақталған көптеген ғылыми мәліметтерді белгілі бір жүйеге келтіру қажеттігі туындады. Өсімдіктер менжануарлар адам үшін пайдалы және зиянды топтарға бөлінді. Өсімдіктер адамның пайдалану ерекшелігіне сәйкес бақша және дәрілік өсімдіктер деп топтастырылды. Тірі организмдерді мұндай жүйелеу ғалымдарды қанағаттандырмады. Ғалымдар өсімдіктер мен жануарларды құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты белгілі топтарға бөлуге әрекет жасады. Бұл кезде өсімдіктерді және жануарларды жеке сипаттап жазылған еңбектер көп жарық көрді. Енді осындай өсімдіктер мен жануарларды ғылыми тұрғыда жүйелеу кажет болды. Алғашқы кезде ғалымдар өсімдіктер мен жануарлардың бір немесе бірнеше белгілеріне қарап топтастыра бастады.
  7. 7. Эволюция болады деп ойламады. Тіршілкті өзгермейді деп есептеді.

×