Successfully reported this slideshow.
We use your LinkedIn profile and activity data to personalize ads and to show you more relevant ads. You can change your ad preferences anytime.

Жан батист Ламарк

1,126 views

Published on

Жан батист Ламарк

Published in: Education
  • говно
       Reply 
    Are you sure you want to  Yes  No
    Your message goes here
  • Be the first to like this

Жан батист Ламарк

  1. 1. АҚШИ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ Тақырыбы: Жан батист Ламарк және эволюциялық ілімі Орындаған:9-сынып оқушылары Капкеш А.Б. Зейнолла А.Т Тексерген:Рахимбаева С.Қ.
  2. 2. (1.8.1744, Базантен, Франция, Пикардия провинциясы — 18.12. 1829, Париж) — француз жаратылыстанушысы, ең алғаш эволюциялық теорияның (Ламаркизм) негізін қалаған ғалым, Париж ғылым академиясының мүшесі (1783). Зоопсихологияның негізін салып “Биология” терминін енгізген (1802). 1778 ж. 3 томдық “Франция флорасы” еңбегі жарық көрді. Бұл еңбегінде ол бірінші рет өсімдіктерді анықтаудың дихотомиялық принципін ұсынды. Ламарк алғаш рет (1794) жануарларды омыртқасыздар мен омыртқалылар деп бөліп, ғылымға “омыртқасыздар” ұғымын енгізді. “Омыртқасыздар жүйесі” (1801), “Омыртқасыз жануарлардың табиғи даму тарихы” (1815 — 1822) деген еңбектері омыртқасыздар зоологиясының дамуына үлкен ықпал етті. “Зоология философиясы” (2 томдық, 1809 ж.) еңбегінде Ламарк жануарлар әлемін 14 класқа және 6 “сатыға” бөлуді ұсынды. Ол бірінші болып буылтық (сақиналы) құрттар, моллюскілер мен буынаяқтылардың бір-біріне жақындығын көрсетті. Осы еңбегінде алғаш рет біртұтас эволюция теориясын жариялады. Ол түр тұрақтылығы ілімін жоққа шығарды, оның пікірінше жануарлар мен өсімдіктер әлемінің көп түрлілігінің барлығы дерлік алуан түрлі сыртқы факторлар әсерінің нәтижесінде түрлердің өзгеруінен пайда болады.
  3. 3. ӨЗГЕ ЖҰМЫСТАРЫ • Ламарк ботаникалық және зоологиялық еңбектерден басқа геология, гидрология және метеорология бойынша да еңбектер жариялады. 1799 — 1810 ж. “Метеорологиялық жылнамалар” журналының 11 томын шығарды. 1802 ж. шыққан “Гидрогеология” деген еңбегінде сол кезеңде үстемдік еткен апат теориясына қарсы шығып, жер бетінің сыртқы факторлардың әсерлерінен біртіндеп өзгеру теориясын ұсынды. Ламарк тірі затты өлі заттан ажыратуға мүмкіндік беретін 10 белгіні ұсынды. Соның нәтижесінде жасушалық теорияның ашылуынан 20 жыл бұрын Ламарк тірі заттың жасуша құрылысының жалпыға бірдей болатынын сипаттап берді. Сондай-ақ, адамның шығу тегі жайында да өз пікірін айтып, адамның дене құрылысы маймылға жақын деп көрсетті. Ламарктың эволюциялық ілімі Ч.Дарвинге үлкен әсерін тигізді. Ламарк палеонтология саласында да зерттеулер жүргізіп, 8 томдық “Париж аймағынан табылған қазба заттар туралы мемуарлар” (1802 — 1806) деген еңбегін жариялады. Өз заманында Ламарктың эволюциялық көзқарастары қатаң сыналып, толық мәнінде дәлелденбегендіктен кең тарала алмады.
  4. 4. Ж.Б.ЛАМАРК ТЕОРИЯСЫ • Мыңдаған жылдар бойы организмдер түрлерi қазiргi бейнесiнде түзiлуi кейiн өзгерген жоқ. Библияда осылай жазылған (тұрмыс кiтабы) және ежелгi грек философы мен натуралист Аристотель де осындай көзқараста болды.Бiрақ 1750 жылдан бастап, бiрте-бiрте түрлердiң уақыт барысында өзгергенi туралы мәлiметтер жинала бастады және көптеген адамдар организмдердiң эволюциясы болатынына сене бастады. Францияда, Англияда және Германияда ғалымдар сол уақытта жер бетiнде тiршiлiк еткендерге ұқсамайтын жануарлар мен өсiмдiктердiң ерекше қазба қалдықтарын тапты. Бұл табылған қалдықтар ғылымға қатысы жоқ адамдарды таңқалдырды және ғылыми мәнiсi қарастырылатын оқырмандардың хаттары мен мақалалары шыға бастады. Кейбiреулер қазбалар — өлген организмдердiң қалдықтары емес, олар адамдар өмiрi қызықты болуы үшiн құдайдың тау жыныстарына орналастырған заттары деп айтты. Чарлз Дарвиннiң досы, геолог Чарлз Лайель (Charles Lyell) Бар, француз және ағылшын ғалымдары жердi әртүрлi уақытта әртүрлi организмдер мекен еттi деген тұжырымға келдi.
  5. 5. Назарларыңызға рахмет

×