Successfully reported this slideshow.
We use your LinkedIn profile and activity data to personalize ads and to show you more relevant ads. You can change your ad preferences anytime.

Бала Мәншүк

Бала Мәншүк

  • Login to see the comments

  • Be the first to like this

Бала Мәншүк

  1. 1. Өткенді қайталау. «Қаһарман» тобы- Мәтін бойынша Әлияға мінездеме беру. «Өжет» тобы- Әлия туралы дерек оқу. «Қайсар» тобы – Әлия туралы өлеңді жатқа айту.
  2. 2. ББҮ кестесі Білемін Білгім келеді Үйрендім
  3. 3. Мәншүк, 1922 жылы 22 қазанда Орал облысының Жасқұс ауылында дүниеге келді. Балалық шағын Алматы қаласында өткізеді. Мектепті бітіріп, медициналық жұмысшы факультетке, ал кейін Алматының медициналық институтына оқуға түсіп, осымен бір мезгілде Республика Халық комиссарлары кеңесінің хатшылығында жұмыс істейді. Мәншүк Мәметова Мәскеудегі шеруге барып, Қызыл алаңды, кесене мен Кремльдегі Спасск мұнарасын көріп қалсам деп армандап жүреді. Астанаға кететін күн де жақындай берді. Бірақ оның орнына басқа күн келді… Ол, соғыс басталған күні еді. Гитлершілер Севастопольді, Одессаны, Киевті бомбалап, Мәскеуге қауіп төндірді. Әскери уақыттың қауырт өмірі басталды. Қатал шайқас Алматы қаласынан мыңдаған шақырым жерде болып жатса да, оқиғаның елесі онда да байқалған еді. Дауыс зорайтқыштардың қасында жұрт топпен жиналып, соңғы жаңалықтарды тыңдап тұратын. Әр күн Отан үшін уайымды ойларға толы болды.
  4. 4. Отан соғысының лапылдаған отының ішінде болғанда, Мәншүк Мәметова бей-жай қарай алмайтын еді. Ол да әскери комиссариатқа сенімді түрде барып, жауынгерлер қатарына жазылды. Бірақ оны қабылдамады. Осылай, күндер, апталар, айлар өтіп кетті, 1942 жылдың жазы да аяқтады. Мәншүк Мәметова майданға өз еркімен барұға рұқсат сұрады. Мылтықтан атуды жақсылап үйреніп, медициналық курстарды бітірсем деп қалады. Арасында бірнеше күн өтіп, Мәметова әрекеттегі армия қатарына қосылды. Мергендер бөлімшесіне өзін жіберуін сұрады, бірақ Мәншүкті бөлек мергендер бригадасы штабының тұсында хатшы етіп, қалдырды. Осымен ол үндемей келісті, бірақ өз дегеніме жетемін деп шешіп, майдан өмірінің қай бөлігінде Отан үшін көп пайдасын тигізе алады деп ойланып жүрді.
  5. 5. Медбеке, телефонист, радиошы болу — оның қолынан келді. Бірақ Мәншүктің арманы — пулеметші болу еді. Соңында Мәншүк Мәметова пулеметті меңгерді.
  6. 6. Ол үздік пулеметші болып, Калинин майданы 3-ші екпінді әскерінің 21-ші гвардеялық атқыш дивизиясына қабылданды.
  7. 7. 1943 жылдың 15 қазанында Калинин майданының әскерлері Псков облысының Невель қаласын босату үшін ұрыс жүргізді. Осы уақытқа дейін Мәншүк Мәметова өзін ұрыстарда шыныққан және ержүрек, тәжірибелі жауынгер ретінде көрсетті.
  8. 8. Бірінші болып, әскерлерді қарсы шабуылға бастап шықты, гитлершілер минометтерінен алапат атысты жіберді, жарылу толқынымен пулемет аударылып кетті… қазақтың ержүрек қызы өлімші болып жарақаттанды. Ол бар соңғы күшін жинады. Гитлершілердің оған жақын келгенін күтіп жатқан, сосын ол пулеметті қолайлы алып, отты жіберді. Жауларға қарай атып, әскерлерімізге жолды тазартқан еді. Соңғы демі таусылғанша фашисттерді қиратып жатты. Жалғыз ғана қалып, 70-ке жуық қарсыласты жойып жіберіп, қаһарман ретінде қаза болды.
  9. 9. Ұрыстан кейін Невель қаласында жерленген. 1944 жылдың 1 наурызындағы КСРО Жоғарғы Президиум бұйрығымен Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
  10. 10. Сабақтың тақырыбы: Мариям Хакімжанова «Бала Мәншүк» Мақсаты: а) Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың ерлігі туралы түсінік беру, балалық шағымен таныстыру. ә) Өздігінен әңгіме түйінін тауып, мазмұнын түсініп, қорытынды жасай білуге үйрету, тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту. б) Туған жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін түсіндіре отырып, отан сүйгіштікке, елінің патриоты болуға, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
  11. 11. Мәриям Хакімжанова 1906-1995 жж қазіргі Қостанай облысы Қостанай ауданы Қобыланды ауылы Ақын, ҚР-ның халық жазушысы. Тұңғыш өлеңі “Әйелдер теңдігі” журналында жарияланды. Алғашқы жинағы “Жеңешем өлеңдері” 1935 ж. жарық көрді. Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың өмірі мен Отан соғысындағы ерлігін жырлаған “Мәншүк” поэмасы (1945, орыс тілінде 1947), “Ана махаббаты”, “ Ана көктемі” , “Гүл туралы аңыз” т.б. 30-ға тарта өлең, поэмалары, балаларға арналған “Бөбегім менің — өлеңім менің” ,“Ана мейірімі” жыр жинақтары басылды. Хакімжанова Мәриям өз жырларында Отан, өмір, бейбітшілік туралы үлкен азаматтық ой толғайды. Ол балалар жазушысы Т.Диктің “Отты бұлақ” повесін, қырғыз ақындары А.Тоқамбаевтың, Т.Сатылғановтың өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Хакімжанова Мәриямның өлеңдері шет ел тілдеріне аударылған. Еңбек Қызыл Ту, 2 рет “Құрмет белгісі” ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
  12. 12. Бұл әңгіме шығарманың естелік деген түріне жатады. Естелік дегеніміз өмірдегі көрген – білген, ойда қалған нәрселерді еске түсіріп айту немесе жазу деген сөз. Мәншүктің анасы Әминаның айтқандарын белгілі ақын Мариям Хакімжанова бізге былайша жеткізіп отыр.
  13. 13. 1. МӘТІНДІ ҮШ БӨЛІККЕ БӨЛІП ОҚУ. 2. ОҚЫҒАН БӨЛІКТЕРІН КЕЛЕСІ ТОПТАРҒА ТҮСІНДІРУ. 3. ӘР БӨЛІК БОЙЫНША ТОПТАР ПОСТЕР ДАЙЫНДАУ. 4. ПОСТЕРЛЕРІН ОРТАДА ҚОРҒАУ.
  14. 14. СЕРГІТУ СӘТІ . «Австралиялық жауын» • Бастаушы бір қимылды бастайды келесі оқушы кезек-кезек жалғастырады. • Алақанды уқалау. • Жұдырықтау. • Тізені ұру. • Аяқты тарсылдату. Саусақтарды шытырлату.
  15. 15. Білімді бекіту. «Қаһарман» тобы- мәтінге сүйеніп Мәнсияға мінездеме жазу. «Өжет» тобы- бес жолды өлең құрастыру. «Қайсар» тобы – «Ұлы Жеңіске 70 жыл» тақырыбына эссе жазу, автор орындығында оқу.
  16. 16. Маған сабақ қиын болды, меңгере алмадым. Маған сабақ ұнады, бірақ қиын болды. Маған сабақ өте қызықты болды, мен барлығын түсіндім.
  17. 17. Үйге тапсырма. 1. «Бала Мәншүк» мазмұндау. 2. Ұлы Отан соғысының батырлары туралы мағлұматтар жинап, буклет, кітапшалар дайындау.

×