«ГеоГебраға кіріспе»                              Байназаров Талғат           ГЕОГЕБРАҒА             КІРІСПЕ              ...
«ГеоГебраға кіріспе»                                                                                 Байназаров Талғат    ...
«ГеоГебраға кіріспе»                                       Байназаров Талғат                                 Кіріспе      ...
«ГеоГебраға кіріспе»                                                       Байназаров ТалғатГеоГебра деген не?ГеоГебра    ...
«ГеоГебраға кіріспе»                                          Байназаров ТалғатАударма туралыҚазақ тілде оқытатын мектепте...
«ГеоГебраға кіріспе»                                      Байназаров ТалғатГеоГебра институтыgeogebra.org сайтына күніне о...
«ГеоГебраға кіріспе»                                            Байназаров Талғатқолданушы кітапшалары жазылады, әрі басқа...
«ГеоГебраға кіріспе»                                          Байназаров ТалғатГеоГебра бағдарламасын қалай орнату керек?Е...
«ГеоГебраға кіріспе»                                                 Байназаров Талғат       4) Жүктемелер (downloads) бум...
«ГеоГебраға кіріспе»                                      Байназаров ТалғатГеоГебра файлдарын қалай сақтау керек?ГеоГебра ...
«ГеоГебраға кіріспе»                                        Байназаров ТалғатСызбаларды экспорттауГеоГебрада жасаған сызба...
«ГеоГебраға кіріспе»                                       Байназаров Талғат   2)   -   Атауы деп Интерактивті сызбаңыздың...
«ГеоГебраға кіріспе»                                                       Байназаров Талғат                   Интерактивт...
«ГеоГебраға кіріспе»                                           Байназаров Талғат   2) Сурет ретінде    (png, pdf форматта)...
«ГеоГебраға кіріспе»                                  Байназаров Талғат                       Сурет ретінде сақталған файл...
«ГеоГебраға кіріспе»                                        Байназаров Талғат   3)   Анимация ретінде (gif) сақтау        ...
«ГеоГебраға кіріспе»                                               Байназаров Талғат      4) doc, docx     форматындағы до...
«ГеоГебраға кіріспе»                                                        Байназаров Талғат1-ші сабақ. ГеоГебрадағы теңд...
«ГеоГебраға кіріспе»                                             Байназаров Талғат2-ші сабақ. ГеоГебрада графиктерді қарап...
«ГеоГебраға кіріспе»                           Байназаров Талғат                       2-ші сабақтың сызбасы              ...
«ГеоГебраға кіріспе»                                                   Байназаров Талғат3-ші сабақ. Синус функциясының туы...
«ГеоГебраға кіріспе»                           Байназаров Талғат                       3-ші сабақтың сызбасы              ...
«ГеоГебраға кіріспе»                                               Байназаров Талғат4-ші сабақ. ИнтегралМұғалімдер осы инт...
«ГеоГебраға кіріспе»                           Байназаров Талғат                       4-ші сабақтың сызбасы              ...
«ГеоГебраға кіріспе»                                                Байназаров Талғат5-ші сабақ. Үшбұрышты вектор арқылы к...
«ГеоГебраға кіріспе»                                     Байназаров ТалғатПайдаланған материалдар   -   http://mathandmult...
Upcoming SlideShare
Loading in...5
×

геогебра кіріспе

1,682

Published on

0 Comments
0 Likes
Statistics
Notes
  • Be the first to comment

  • Be the first to like this

No Downloads
Views
Total Views
1,682
On Slideshare
0
From Embeds
0
Number of Embeds
4
Actions
Shares
0
Downloads
20
Comments
0
Likes
0
Embeds 0
No embeds

No notes for slide

Transcript of "геогебра кіріспе"

  1. 1. «ГеоГебраға кіріспе» Байназаров Талғат ГЕОГЕБРАҒА КІРІСПЕ Әдістемелік құрал Құрастырған: Байназаров Талғат Астана, 2013 ж. 1
  2. 2. «ГеоГебраға кіріспе» Байназаров Талғат МазмұныКіріспе......................................................................................................................3Геогебра деген не? ..................................................................................................4Аударма туралы.......................................................................................................5ГеоГебра институты................................................................................................6ГеоГебра бағдарламасын қалай орнату керек?.....................................................8ГеоГебра интерфейсі...............................................................................................9ГеоГебра файлдарын қалай сақтау керек? ..........................................................10Сызбаларды экспорттау.........................................................................................111-ші сабақ. ГеоГебрадағы теңдеулер жүйесі.......................................................182-ші сабақ. ГеоГебрада графиктерді қарапайым түрлендіру.............................193-ші сабақ. Синус функциясының туындысы.....................................................214-ші сабақ. Интеграл. ...........................................................................................235-ші сабақ. Үшбұрышты вектор арқылы көшіру................................................25Пайдаланған материалдар.....................................................................................26 2
  3. 3. «ГеоГебраға кіріспе» Байназаров Талғат Кіріспе Интерактивті математика әлеміне қош келдіңіз, қымбатты оқырман! Сіз оқып отырған осы кішігірім әдістемелік құрал сізді ғылымдар патшасы болған математиканы одан да әсем, көрнекі түрде жеткізуге көмектесетінкомпьютерлік бағдарламамен жұмыс жасау негіздерін үйретеді. GeoGebra депаталатын осы бағдарлама ана тілімізді, һәм математиканы меңгеруге өз үлесін қосады деген үміттемін. 3
  4. 4. «ГеоГебраға кіріспе» Байназаров ТалғатГеоГебра деген не?ГеоГебра – (www.geogebra.org) геометрия және алгебраныбайланыстыратын компьютерлік интерактивті бағдарлама. Қазіргі таңда әлембойнша ең көп таралған математикалық бағдарламаларының бірі ретіндетанылып отыр. 150-ден астам елде қолданылып жатыр, 50-ге жуық тілгеаударылған. Авторы – австриялық математик, PhD докторы МаркусХохенвартер, бұл бағдарлама төңірегіндегі жұмысын 2001 жылы бастаған еді.Қазіргі уақытқа дейін 11 рет Еуропа және Американың байқауларынақатысып, жүлделі орындарға ие болған.ГеоГебра – тегін болғаннан кейін, оны кез келген компьютерге орнатып, қолдануға болады.Проекторы бар әр сыныпта математиканы көрнекі түрде түсіндіру мүмкіндігі бар. Оқушыларабстрактілі түсініктерді өз көздерімен «көре алады». Әсіресе жаңа тақырыпты түсіндіру барысындабұл бағдарламаны қолданған тиімді. Әрі математикалық формулалармен шешілген есептердікөрнекі түрде графиктер салу арқылы тексеруге болады. Бұл әдіс оқушыларға ерекше қызықболып, формулаларды түсінікті түрде жеткізеді.ГеоГебра арқылы:– «Жансыз» фигуралар мен графиктерге жан бітеді. Яғни, олар интерактивтіболады.- Фигураларды анимациялауға болады.- Компьютерлік сауаттылықты арттырады.- Оның үстінде ГеоГебра -тегін, әрі қазақ тіліндегі математикалық жалғызбағдарлама. 4
  5. 5. «ГеоГебраға кіріспе» Байназаров ТалғатАударма туралыҚазақ тілде оқытатын мектепте жұмыс істегеннен кейін ГеоГебрабағдарламасы оқушыларыма тиімсіз болады деп ойладым. Өйткені бұлбағдарламаның қазақ тілді нұсқасы жоқ еді. ГеоГебра лицензиясы бойыншаол тегін таратылады, әрі кез келген елдің мұғалімдері бірігіп аудара да алады.Қолымнан келгенше Қазақстандағы математиканың оқыту сапасыныңартуына кішігірім болса да өз үлесімді қосуды мақсат еттім. 2011 жылдың сәуірінде басталған аударма жұмыстары мамырдың аяғынадейін жалғасты. Екі ай бойы ГеоГебра бағдарламасының термин,анықтамаларының қазақша баламаларын іздеп отырып, файлдарды аударыпотырдым. Аударма барысында техникалық терминдерді аудару үшінwordpress.com, mozillа.org-тағы қазақ сөдерді пайдаландым. sozdik.kz,lugat.kz, kk.wikipedia.org, сайттары, babylon бағдарламасы және kerekinfo.kzсайтының қолданушыларының көп көмегі тиді.Математикаға байланысты анықтамалар мен терминдерді оқулықтардан алыпотырдым. Терминдерді аудару барысында қиыншылықтар да кездеспегенемес. Күмән тудырған сөздерді бірге жұмыс істейтін әріптестерімменақылдасып аудардым. 5
  6. 6. «ГеоГебраға кіріспе» Байназаров ТалғатГеоГебра институтыgeogebra.org сайтына күніне отыз мың шамасында жуық адам кіріп отырады.Ең көп қолданатын мемлекет Франция болып отыр. Қазақстаннан 1 айдыңішінде 272 адам қонақ болған екен. Жалпы санақ бойынша 82-ші орындатұрмыз. (2012 жылдың қыркүйегі бойынша)Қалалар бойынша қарайтын болсақ,1. Астана – 532. Семей – 533. Алматы – 504. Қостанай – 17Көріп отырғанымыздай ГеоГебра Қазақстанда әлі дамымаған. Мұғалімдермен оқушыларға аталмыш бағдарламны кеңінен насихаттап, қолданудыүйрету мақсатында жергілікті ГеоГебра Институттары тіркеліп жатыр.Бұл бағдарлама әлем бойынша кең таралған. Орталығы Австриядаорналасқан. ГеоГебраның басқа мемлекеттерде дамыту жергілікті мұғалімдерарқылы жүзеге асырылады: бағдарлама жергілікті тілге аударылады, ГеоГебраинституттары ашылып, сол институттар арқылы бағдарлама әрі қарайдамытылып, интерактивті нұсқалар дайындалады, үйретуші бейнесабақтар, 6
  7. 7. «ГеоГебраға кіріспе» Байназаров Талғатқолданушы кітапшалары жазылады, әрі басқа елдердегі мұғалімдерменГеогебра бағдарламасы бойынша тәжірибе алмасу іске асырылады.Еуропа мен Америкада ГеоГебра бағдарламасын дамыту үшінұйымдастырылған осы институттар арқылы басқа елдердің мұғалімдері өзаратәжірибе алмасады. Жүйелі түрде конференциялар өткізіліп отырады.Жақында өтіп кеткен конференция арнайы Азиядағы бағдарламаның таралуыжайында болды. Ол Бейжің қаласында 2011 жылдың мамырдың 23-індеөтті. ГеоГебраны дамыту үрдісі Еуропа елдерінде кең дамыған. Азияелдерінде бұл бағдарлама тек 4 мемлекетте ғана мектептерде және ЖОО-ларда белсеңді түрде оқу құралы ретінде қолданылуда. Елімізде алғашқыГеоГебра Институты Астана қаласында 2012 жылы наурыз айында тіркелді. Жақында Талдықорған және Семей қалаларының Назарбаев Зияткерлік мектептері негізінде тағы екі ГеоГебра Институты ашылды. Болашақта Қазақстанның тағы бірнеше қаласында осындай институт ашып, ГеоГебраны зерттеуші институттар желісін құру ойым бар.Геогебра институтының атқаратын функциялары:- Бағдарламаны қолдануды үйрететін әдістемелік нұсқаулықтарды дайындау.- Бағдарламаның интерактивті нұсқаларын дайындап, интернетке салу.- Математика пәні мұғалімдеріне Геогебраны үйрететін семинарлар, арнайыкурстар өткізу.- Шетелдегі ГеоГебра институттарымен байланыс орнатып, тәжірибе алмасудыжүзеге асыру.ГеоГебра институттары туралы көбірек мағлұмат келесі жерде:http://www.geogebra.org/cms/institutes 7
  8. 8. «ГеоГебраға кіріспе» Байназаров ТалғатГеоГебра бағдарламасын қалай орнату керек?Ескерту: осы әдістемелікті дайындаған кезде, компьютердіңоперациялық жүйесі Windows 7, ал браузер ретінде Mozilla-ны қолдандым.ГеоГебраны қалай орнатамыз? 1) Алдымен http://www.geogebra.org/cms/en/download сайтына өтіңіз. 2) Осы жерде webstart басыңыз. 3) Шыққан осы мәзірде ОК басыңыз. 8
  9. 9. «ГеоГебраға кіріспе» Байназаров Талғат 4) Жүктемелер (downloads) бумасында geogebra.jnlp файлына екі рет басыңыз да, ГеоГебра компьютеріңізге орнатылғанша, 5-6 минут күте тұрыңыз. ГеоГебра интерфейсіМәзір: Тіл, шрифт, сақтау, көрініс, басып шығару, баптаулар сияқты құралдарды қамтиды.Құралдар тақтасы: Бұл құралдар арқылы Графиктер алаңында геометриялықфигураларды салуға болады.Құрал сипаттамасы: Бұл жерде сіз таңдаған құралдың сипаттамасы жазылады.Алгебралық сипаттама: Бұл жерде Графиктер алаңында салынған фигуралар жәнеобъектілердің алгебралық сипаттамасы жазылады.Кіріс алаңы: Бұл жерде сіз кез келген функцияның формуласын теріп, оның графигінГрафиктер алаңында бейнелей аласыз.Графиктер алаңы: Бұл жерде Құралдар тақтасындағы құралдар арқылы геометриялықфигураларды салуға болады. 9
  10. 10. «ГеоГебраға кіріспе» Байназаров ТалғатГеоГебра файлдарын қалай сақтау керек?ГеоГебра бағдарламасындағы интерактивті сызбаңызды салып болғаннанкейін, оны сақтауға болады. Сақталған файлды сабақта қолдана аласыз. Олүшін кабинеттегі компьютерде де бұл бағдарлама орнатылған болу керек.Сонымен сіз ГеоГебрада ромб салдыңыз дейік. Сызбаны сақтау үшін 1) Файл-Сақтау таңдаңыз. Алдыңызда келесідей терезе ашылады. 2) Одан кейін сақтайтын жерді таңдаңыз. 3) Файл аты деген жерде сызбаңыздың атын теріңіз. 4) Сақта басыңыз.***Ескерту: Файл атын жазғанда: 1) «?,.» сияқты белгілерді қолдануға болмайды 2) сөздер арасында бос орын қалмау керек, ол үшін төменгі сызықшаны (Shift -) пайдаланыңыз . Әйтпесе, сызбаңыз дұрыс сақталмай қалады. 10
  11. 11. «ГеоГебраға кіріспе» Байназаров ТалғатСызбаларды экспорттауГеоГебрада жасаған сызбаңызды 4 түрде экспорттауға болады: 1) Интерактивті жұмыс парағы ретінде (html форматында) 2) Сурет ретінде (png, pdf) 3) Анимация ретінде (gif) 4) doc, docx форматындағы документтерге экспорттауАлдымен сіздерге Интерактивті жұмыс парағы ретінде (htmlформатында) қалай сақтау керектігін көрсетейік.Интерактивті сызбаңызды салып болған соң: 1) Файл-Экспорттау-Интерактивті жұмыс парағы Уеббет ретінде (html) деп таңдаңыз.Алдыңызда келесідей терезе ашылғанда, Уеббет ретінде экспорттаудыбасыңыз. 11
  12. 12. «ГеоГебраға кіріспе» Байназаров Талғат 2) - Атауы деп Интерактивті сызбаңыздың атын, - Авторы деп, өз атыңызды, - Күні деп бүгінгі күнді теріңіз. (ГеоГебра Күні деп автоматты түрде компьютердегі тұрған күнді қояды) 3) Сызбаның үстіндегі мәтін алаңында сызбаның үстінде көрінетін жазу жазыңыз. Ол сызбаға нұсқаулық, қысқаша түсіндірме болу мүмкін. 4) Сызбаның астындағы мәтін алаңында сызбаның астында орналасатын мәтін теріңіз. Ештеңе жазбасаңыз да болады. 5) Экспорттауға басып, шыққан терезеде, файл атын, сақтайтын жерін белгілеп, сақта батырмасына басыңыз. 6) Сақтаған файлды Mozilla, Chrome браузерлер көмегімен ашуға болады. (аталған браузерлер ГеоГебра сызбаларымен ең жақсы жұмыс істейді)***Ескерту: Уеббет ретінде сақталған файлды ашу үшін ГеоГебрабағдарламасының орнатылған болуы міндетті емес. Бірақ Java керек. 12
  13. 13. «ГеоГебраға кіріспе» Байназаров Талғат Интерактивті сызбаның браузер арқылы ашылған көрінісі 13
  14. 14. «ГеоГебраға кіріспе» Байназаров Талғат 2) Сурет ретінде (png, pdf форматта) экспорттауЖасаған сызбаңызды сурет ретінде экспорттау үшін: 1) Файл-Экспорттау-Графикалық көрініс сурет (png, eps) деп таңдаңыз. Алдыңызда келесідей терезе ашылады.2.1) Сурет ретінде сақтаймын десеңіз, ешнәрсе өзгертудің қажеті жоқ.Сақтауды басыңыз.2.2) Егер Adobe Reader немесе Foxit Reader ашатын pdf форматындасақтағыңыз келсе, Формат мәзірінде Тасымалы Документ Форматы (pdf)таңдаңыз. Сақтау басыңыз. 3) Одан кейінгі ашылатын терезеде файл атын, сақтайтын орнын белгілегеннен кейін, сақта-ға басыңыз. 14
  15. 15. «ГеоГебраға кіріспе» Байназаров Талғат Сурет ретінде сақталған файл 15
  16. 16. «ГеоГебраға кіріспе» Байназаров Талғат 3) Анимация ретінде (gif) сақтау Егер салған сызбаңызда слайдер болса, оның анимациясын қосып, gif суреті ретінде сақтауға болады. Яғни, сіз салған сызбаны, кейін анимация ретінде қолдана аласыз.Ол үшін: 1) слайдердің анимациясын қосып қойыңыз. 2) Файл-Экспорттау-Графикалық көрініс, GIF суреті ретінде таңдаңыз. Алдыңызда осындай терезе ашылады.Кадрлар арасы уақыт 50 ms деп қойған тиімді. 3) Экспорттауды таңдаңыз. 4) Жаңа терезеде файл атын, мекенін анықтаңыз да сақта таңдаңыз.Файл gif форматы ретінде сақталады. Оны ашқан кезде, анимация ойнаптұрады.***Ескерту: Интерактивті сызбаны анимация ретінде сақтау үшін, сізжасаған сызбада слайдер құралы міндетті түрде қолданылуы керек. 16
  17. 17. «ГеоГебраға кіріспе» Байназаров Талғат 4) doc, docx форматындағы документтерге экспорттауЕгер сіз ГеоГебрада жасаған сызбаңызды (геометриялық фигура, графиктерді)тестіге кіргізіп, принтермен басып шығарғыңыз келсе, мына әдісті көріңіз.Сызбаны салып болғаннан кейін: 1) Файл-Экспорттау-Графикалық көріністі айырбастау буферіне көшіру таңдаңыз 2) doc, docx форматындағы документ ашып, кірістірңіз (ctrl v)***Білген жөн: ГеоГебрада жасаған сызбаны документіге көшіру үшін«сtrl shift c» байламын қолдануға болады. Осы сурет аталған әдіспен жасалған 17
  18. 18. «ГеоГебраға кіріспе» Байназаров Талғат1-ші сабақ. ГеоГебрадағы теңдеулер жүйесіБұл сабақты меңгеріп алсаңыз, 6-11 сыныптар арасында кездесетін функциялардың,теңдеулердің, теңдеулер жүйелерінің графиктерін салуды үйренесіз. Ол үшінкабиенітіңізде проектор болса жеткілікті. Теңдеулер жүйесі бойынша жаңа бір сабақтүсіндірудің алдында екі-үш мысал дайындап қойып көрсетсеңіз, оқушыларға әлдеқайдатүсінікті, әрі қызықты болады.Алгебра, 9-сынып 1) Алдымен ГеоГебра бағдарламасын ашыңыз. 2) Кіріс деген жерде x - y = 2 теңдеуін теріп, Ентер басыңыз. 3) Кіріс деген жерде x + y = 4 теңдеуін теріп, Ентер басыңыз. Алдыңызда екі теңдеудің түзулері бейнеленді. 4) Енді екі түзудің қиылысуы болатын Екі объектінің қиылысуы құралын таңдаңыз да, екі түзуді бір-бірден шертіңіз. Олардың қиылысуы болатын А нүктесі пайда болды. Сонымен қатар, А нүктесінің координаттары Алгебра терезесінде бейнеленді.Білген жөн Кіріс алаңында дәрежесі бар функция теретін болсаңыз, «shift 6» арқылы «^» белгісін пайдаланыңыз. Мысалы: y = 2x² + 3x + 5 функциясын y = 2x^2 + 3x + 5 деп жазу керек.Тапсырма y = x² + 2x + 1 және y = -x² - 2x + 1 функцияларының қиылысу нүктелерін (түбірлерін) ГеоГебрамен тауып көріңіз. 1-ші сабақтың сызбасы 18
  19. 19. «ГеоГебраға кіріспе» Байназаров Талғат2-ші сабақ. ГеоГебрада графиктерді қарапайым түрлендіруОсы сабақтан кейін сіз функциялардың графиктерінің қарапайым түрлендіруін көрнекітүрде жеткізуді үйренесіз. 10 сыныптың алгебра сабағында бұл тақырып кездеседі.Алгебра, 10 сынып 1) ГеоГебраны ашыңыз. 2) Слайдер құралын таңдап, Графиктер алаңында бос жерді шертіңіз. 3) Алдыңызда слайдер терезесі ашылады. Оның аты автоматты түрде а болады. Ештеңе өзгертпей, Қолдану басыңыз. 4) Екінші рет бос жерді шертіп, b слайдерін салыңыз. 5) Үшінші, с слайдерін салыңыз. 6) Кіріс алаңында y=a*x^2+b*x+c квадратты функциясын теріңіз де, Ентер басыңыз 7) Жылжыту құралын таңдап, слайдерлердегі a, b, c шамаларын өзгертіп көріңіз.Білген жөн Формула терген кезде көбейту салу үшін shift 8 пернелерлін қолданыңыз. Графикалық көріністі ыңғайлы қалыпқа келтіру үшін Графикалық көріністі жылжыту құралын таңдаңыз. Үлкейту/Кішірейту үшін тінтуірдің дөңгелегін айналдырыңыз.Тапсырма Осы әдіспен у=a*sin(b*x+c)+d графигін салыңыз. 19
  20. 20. «ГеоГебраға кіріспе» Байназаров Талғат 2-ші сабақтың сызбасы 20
  21. 21. «ГеоГебраға кіріспе» Байназаров Талғат3-ші сабақ. Синус функциясының туындысыОсы сабақ арқылы оқушыларға туындының геометриялық мағынасын, және синусфункциясының туындысы косинус екенін графикалық түрде түсіндіруге болады.Алгебра, 10 сынып 1) ГеоГебраны ашыңыз 2) Кіріс алаңында y=sin(x) деп теріңіз 3) Жаңа нүкте құралын таңдап, синус графигінің бойында бір нүкте белгілеңіз. Ол автоматты түрде А деп аталады. 4) Жылжыту құралын таңдап, А нүктесін жылжытып көріңіз. Бұл нүкте тек қана синус графигінің бойымен жылжуы тиіс. 5) Жанама құралын таңдап, А нүктесі арқылы өтетін синус функциясына жанама өткізіңіз. Ол үшін тиісті құралды таңдағаннан кейін, алдымен А нүктесін, кейін синус графигін шертіңіз. 6) Бұрыштық коэффициент құралын таңдап, А нүктесін бір рет шертіңіз. 7) Жылжыту құралын таңдап, А нүктесін жылжытып көріңіз. 8) Кіріс алаңында B=(x(A),m) деген жаңа нүкте салыңыз. Бұл жердегі нүктенің y координатасы А нүктесі арқылы өткен жанаманың бұрыштық коэффициенті болып табылады. 9) Тінтуірдің оң батырмасымен В нүктесін шертіп, Із бар таңдаңыз. 10) А нүктесін жылжытып көріңіз. А нүктесі орнын өзгерткен сайын, В нүктесі де өзгереді, артынан із қалдырады. Бұл Із - синус функциясының туындысы болатын косинус функциясы.Білген жөн Егер координаталар осьтеріндегі абциссаның бірлігін Пи деп өзгерткіңіз келсе, абциссаны тінтуірдің оң батырмасымен шертіп, Графиктер-хОсі-Бірлік, Пи таңбасын таңдаңыз.Тапсырма Осындай әдіспен y=cos(x) пен y=tan(x) туындыларын өрнектеңіз. 21
  22. 22. «ГеоГебраға кіріспе» Байназаров Талғат 3-ші сабақтың сызбасы 22
  23. 23. «ГеоГебраға кіріспе» Байназаров Талғат4-ші сабақ. ИнтегралМұғалімдер осы интерактивті сызба арқылы оқушыларға интеграл мен қисық сызықтытрапецияның ауданы арасындағы байланысты көрнекі түрде түсіндіре алады.Алгебра, 11 сынып 1) ГеоГебраны ашыңыз 2) Кіріс алаңында f(x)=x^2 функциясын теріңіз. Ентер басыңыз. 3) Слайдер құралын таңдап, Графиктер алаңын шертіп, ашылған терезеде мин. 0 деп, ал макс. 100 деп алыңыз. Қолдануды басыңыз. 4) Кіріс алаңында ТөменгіҚосынды деп теруді бастасаңыз, ТөменгіҚосынды[ <Функция>, <Бастапқы x-Мәні>, <Соңғы x-Мәні>, <Тік Төртбұрыштар Саны> ] деген жазу көресіз. <Функция> орнына f, <Бастапқы x-Мәні> орнына 0, <Соңғы x-Мәні> орнына 2, ал <Тік Төртбұрыштар Саны> орнына а деп теріңіз. Ентер басыңыз. 5) Функция астындағы фигураны тінтуірдің оң батырмасымен шертіп, Белгіні көрсету таңдаңыз. 6) Жылжыту құралын таңдап, слайдер параметрін өзгертіп көріңіз. Слайдер параметрін 0 етіп өзгертіңіз. 7) Кіріс алаңында Интеграл[ <Функция>, <x-тің Бастапқы Мәні>, <x-тің Соңғы Мәні> ] командасын таңдаңыз. Тік жақшаның ішіндегі мәндерді рет-ретімен [f, 0,2] деп ауыстырыңыз. Ентер басыңыз. 8) Қисық сызықты трапецияны тінтуірдің оң батырмасымен шертіп, Белгіні көрсету таңдаңыз. 9) Жылжыту құралын таңдап, слайдер параметрін өзгертіңіз. Төртбұрыштар ауданы мен қисық сызықты трапецияның арасында қандай байланыс көріп отырсыз?Білген жөн Интеграл[ <Функция> деген жерде, у деп жазуға болмайды. Міндетті түрде f болу керек.Тапсырма Осы әдісті қолданып, f(x)=x^3, 1 және 2 арасындағы ауданды көрсетіп көріңіз. 23
  24. 24. «ГеоГебраға кіріспе» Байназаров Талғат 4-ші сабақтың сызбасы 24
  25. 25. «ГеоГебраға кіріспе» Байназаров Талғат5-ші сабақ. Үшбұрышты вектор арқылы көшіруБұл сабақта геометриялық фигураларды, оның ішінде үшбұрышты вектор арқылыкөшіруді үйренесіздер.Сабақ: Геометрия, 9-сынып 1) ГеоГебраны ашыңыз. 2) Құралдар тақтасынан Екі нүкте арасындағы вектор құралын таңдаңыз. 3) Вектордың басы мен аяғы болатын екі нүктені белгілеңіз. Басы координаталар осьтерінің басы болсын. Ал аяғын (1,1) нүктесі деп алайық. 4) Көпбұрыш құралын таңдаңыз. 5) Графикалық алаңда үшбұршытың үш төбесі болатын үш нүкте белгілеңіз. ***Ескерту: үшінші, Е нүктесін салғаннан кейін, бірінші, С нүктесін қайтадан шертіңіз. 6) Құралдар тақтасынан Вектор бойынша көшіру құралын таңдаңыз. 7) Алдымен үшбұрышты, одан кейін векторды шертіңіз. C`D`E` үшбұрышы пайда болады. 8) Жылжыту құралын таңдап, вектордың В нүктесін жылжытып көріңіз. Алгебра терезесінде үшбұрыштардың координаталары бейнеленеді.Білген жөн Үшбұрыштардың төбелерінің координаталарын Графикалық көріністе көрсету үшін, тиісті нүктені тінтуірдің оң батырмасымен шертіп, Белгіні көрсету таңдаңыз.Тапсырма Бұл әдіспен кез келген төртбұрышты вектор арқылы көшіріп көріңіз. 25
  26. 26. «ГеоГебраға кіріспе» Байназаров ТалғатПайдаланған материалдар - http://mathandmultimedia.com/geogebra/ - http://www.malinc.se/math/ - http://www.geogebra.org - http://www.ggb.kzЕскерту мен ұсыныстарыңыз үшін talgat.bainazarov@gmail.com 26

×