Your SlideShare is downloading. ×
рекомендация сафлор
Upcoming SlideShare
Loading in...5
×

Thanks for flagging this SlideShare!

Oops! An error has occurred.

×

Saving this for later?

Get the SlideShare app to save on your phone or tablet. Read anywhere, anytime - even offline.

Text the download link to your phone

Standard text messaging rates apply

рекомендация сафлор

2,770
views

Published on


0 Comments
2 Likes
Statistics
Notes
  • Be the first to comment

No Downloads
Views
Total Views
2,770
On Slideshare
0
From Embeds
0
Number of Embeds
0
Actions
Shares
0
Downloads
19
Comments
0
Likes
2
Embeds 0
No embeds

Report content
Flagged as inappropriate Flag as inappropriate
Flag as inappropriate

Select your reason for flagging this presentation as inappropriate.

Cancel
No notes for slide

Transcript

  • 1. Қазақстан республикасы ауылшаруашылығы министрлігі «ҚазАгроИнновация» АҚ Оңтүстік-Батыс мал және ӛсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ОҢТҤСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘЛІМІЖЕР ЖАҒДАЙЫНДА МАҚСАРЫНЫ ӚСІРУДІҢ ҤНЕМДІ АГРОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖҤЙЕСІ (ҦСЫНЫС) Астана 2010
  • 2. УДК 631.51.632.51.559Оңтҥстік Қазақстанның тәлімі жер жағдайында мақсарыны ӛсірудіңҥнемді агротехнологиялық жҥйесі (ҧсыныс)Авторлары:Сыдық Д.А. а.ш.ғ.д., профессор, Жарасов Ш.У. а.ш.ғ.д.,профессор, ХЭА және ҚР АШҒА академигі, Есмуханбетов Ж.Д. а.ш.ғ.д.,профессор, Қарабалаева А.Д. а.ш.ғ. кандидаты, Раисов Б.О. а.ш.ғ.д.,профессор, Сыдықов М.А. егіншілік және агротехнология бӛлімініңмеңгерушісі, Исабеков Б. ғылыми қызметкер, Ӛмірбекова Б.К. лаборантҰсыныста ғылымиӛзерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша,Оңтүстік Қазақстан облысында тәлімі жер жағдайында мақсарыныҮнемді технологиямен ӛсірудің тиімді моделі ұсынылған.Ұсыныс ғылыми қызметкерлерге, жоғары және орта оқу орындарыныңСтуденттеріне, ауыл шаруашылық басшылары мен мамандарына,Сондай-ақ кіші және үлкен шаруа қожалықтары мен агроқұрылымдарға арналған.Издано в рамках программы 056«Повышение конкурентоспособности сельскохозяйственной продукции»Рассмотрено и одобрено на заседании научно-технической комиссии АО«КазАгроИнновация», 2 августа 2010 года.
  • 3. КІРІСПЕ Елімізде ӛсімдік шаруашылығы саласының алдында негізгіміндеттерінің бірі - республикамыздың тұрғындарын жеткілікті мӛлшердеӛсімдік майымен қамтамасыз ету, ол үшін майлы дақылдар ӛнімдерініңжалпы түсімін 790-850 мың тоннаға жеткізу және одан жылына 150-160 мыңтонна ӛсімдік майын ӛндіру болып табылады. Мақсары басқа мәдени ӛсімдіктер сияқты ӛте бағалы бір жылдық майлыдақыл. Ол жылу сүйгіш, құрғақшылыққа тӛзімді, ӛсімдік кӛктеу кезеңінде 3-60С суықты кӛтереді. Сондықтан дала және жартылай шӛл далада жақсыӛседі. Дәнінің құрамында 25-37% жартылай кебетін ашық сары түсті майкездеседі, дәмділігі мен сапасы жағынан күнбағыс майынан қалыспайды.Мақсары майы азық-түлік, маргарин, жасауға және техникалық мақсаттасабын, линолеум, олифа, ӛндіруге қолданылады. Жасыл балаусасы мен дәнімалға құнарлы азық. Адам тағамына қолданылатын ӛсімдік майын қайсы бір – түрін,мақсары майымен ауыстырғанда 8 аптадан кейін қан құрамындағыхолестерин 9-15% тӛмендейтінін ғылыми тұрғыда дәлелденген. Соңғыжылдары елімізде қалыптасқан нарықтық қатынасқа байланысты ӛсімдікмайына деген сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Бүгінгі таңда ӛсімдікмайының ӛзімізде ӛсірілетін кӛлемі соңғы деректерге сүйенсек ішкісұраныстың 17-24% құрайды екен, демек Қазақстан халқын медициналықнормаға сәйкес ӛсімдік майымен қамтамасыз ету үшін шет мемлекеттерденүлкен кӛлемде сатып алуға тәуелді екенбіз. Яғни майлы дақылдарды ӛсіружәне егіс кӛлемін арттыру актуалды проблема екені анық. Соңғы жылдары Республикамызда мақсары егіс кӛлемі едәуір артып120-133 мың га жетті. Мақсары дақылы негізінен оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда ӛндіріледі. Майлы дақылдарға сұраныс артуынабайланысты Атырау және Ақтӛбе облыстарында да егіле бастады. Оңтүстік Қазақстан облысында мақсары егіс кӛлемі 10 есеге артып 2000жылы 86,3 мың гектар, ал 2003-2005 жылдар 59,6-68,0 мың гектар кӛлеміндеегіліп келеді. Бұл дақылдан алынған ең тӛменгі ӛнімділік 1996 жылы 2,5 ц/габолса, ең жоғарғы ӛнімділікті 2003 жылы 9,8 ц/га алынды. Жекелегенжылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында ӛнімділік 22-27 ц/га жеткен. Ал тәлімі егіншілік жағдайында мақсарының аудандастырылғансорттарының потенциалды ӛнімділігі 18 ц/га және одан жоғары. Ӛнімніңтӛмен болуының негізгі себебі: арам шӛптермен күрес жүргізу жолдарыжетілдірілмеген, сондай-ақ мақсары дақылын зиянкестердің кӛп зақымдауыжәне егіс алқаптың арам шӛптермен ластануынан. Осыған байланыстыжекеленген агроқұрылымдарда ӛнімділік деңгейі 2,5-4,0 ц/га аспай отыр.
  • 4. Бұл жинақта – зерттеулер нәтижесіне сүйене отырып мақсары ӛсірудіңтиімді агротехнологиялық жүйесін жасақтап, алғы дақыл күздік бидайдан соңжерді ӛңдемей тікелей сеуіп ӛсірудің моделі ұсынылған. 1. Мақсарының аудандастырылған сорттары және биологиялықерекшелігі Мақсары - бір жылдық шӛптесін ӛсімдік. Күрделі гүлділер туысынажатады. Жапырағы жалпақ, кейде тікенекті, кейде тікенексіз, қою жасыл,жылтыр, ашық ақ түсті, гүлі алғашқы кезде қызыл-сары, дәнектері қатаябастағанда қызыл, қошқыл-қызыл. Дәні ақ қабығы қатты, үстіңгі жағындакекілі бар. Дәндері қауашақ ішінде орналасқан. Тамыр жүйесі діңгекті–сояулы болып, топырақтың тӛменгі қабат қатпарларына терең бойлап ӛседі.Гүлі бунақденелілер арқылы тозаңданады. Мақсары ылғалды кӛп қажететпейтін ксерофитті ӛсімдік, сондықтан да ыстық климатты ӛлкелердеӛсіріледі. Ӛсіп – жетілу ұзақтығы салыстырмалы түрде алғанда қысқа болса да(112-121 тәулік), мақсарының жылы немесе ыстық сүйгіш ӛсімдік екеніанықталды. Ылғалды әрі салқын климат жағдайында гүлдерінің тозаңданудәрежесі тӛмендейді, қауашақтағы дәні шіриді, ал ыстық ӛлкелердемақсарыға майлы дақыл ретінде тең келетін дақыл жоқ. Мақсары дәнінің ӛскін беруі үшін +50С температура қолайлы болыптабылады. Бұл дақылды зерттеген барлық ғалымдар оның кӛктері кӛктемгі70С суыққа тӛзімді екендігі анықталған. Гүлдеу кезеңінде ӛсімдік 30С суыққатӛзімді. Бұл мақсарыны ерте кӛктемде егуге болатындығын дәлелдейді.Мақсары ӛнімділігі сорттарына және ӛсіру технологиясына байланыстыӛзгереді. «Красновопад» селекциялық тәжірибе станциясы ғалымдарымақсарының жоғары сапалы сорттарын шығаруда. Соңғы жылдарыаудандастырылған «Нұрлан», «Ақмай» және «Иірқас» сорттарыныңбиологиялық ерекшеліктері. «Нұрлан» - ВИР коллекциясынан алынған нұсқаларды жалпы сұрыптапсаралау тәсілі бойынша Красновопад селекциялық тәжірибе станциясындашығарылған. Бойы орташа - 85 см. Бұтақтану коэффициенті – 7,2. Бұтақтарыжинақы. Ӛсімдік ықшам формалы. Жапырақтары жалпақ, сопақша пішіндес,ұштары тікенексіз. Қауашағы күмбез секілді. Бір түпте орта есептен 8,4қауашақ болады. Әр қауашақта 35-42 дән шоғырланған. Дәндері ірі. 1000дәнінің орташа салмағы – 43 грамм. Қабығы дән салмағының 37-39%құрайды. Дәндегі май құрамы - 37%. Сорт 1993 жылы аудандастырылған.Ӛнімділігі – 8-12 ц/га. «Ақмай» Мақсарының дүниежүзілік коллекциясынан алынғаннұсқаларды ұзақ мерзім сұрыптап саралау нәтижесінде Красновопадселекциялық станциясында шығарылды. Бойы 100 см. Бұтақтану
  • 5. коэффициенті - 7,3. Бұтақтары жиыңқы. Ӛсімдік ықшам формалы.Жапырақтары жалпақ, ланцетті, ұштары тікенексіз. Қауашағы тәж пішендес.Бір түпте орта есеппен 8,0 қауашақ болады. Әр қауашақта 30-40 дәншоғырланған. Дәндері ірі. 1000 дәннің орташа салмағы 48 грамм. Қабығы дәнсалмағының 38-42% құрайды. Дәндегі май құрамы – 40-41%. Сорт 2002жылы аудандастырылған. Ӛнімділігі – 9-18 ц/га. «Иірқас» Красновопад селекциялық станциясында шығарылды. Бойы70-100 см. Бұтақтану коэффициенті – 10-12. Бұтақтары жинақы. Дәні - ірі ақ,дӛңгеленген, қыртыстарымен анық бӛлінген. Ӛсімдік ықшам формалы.Жапырақтары жалпақ, сопақша пішінді. Қауашағы тәж пішендес. Бір түптеорта есеппен 8-12 қауашақ болады. Әр қауашақта 40-50 дән шоғырланған.Дәндері ірі. 1000 дәннің орташа салмағы 50 грамм. Вегетациялық даму кезеңі110-132 тәулік. Дәндегі май құрамы – 36-38%. Ӛнімділігі – 8-17 ц/га. 2. Ауыспалы егіс жҥйесіндегі орыны Соңғы жылдары жүргізілген тәжірибе бойынша топырақты жүйелі түрдеаудара жырту ӛзін ақтамай отыр. Оңтүстік Қазақстан облысындағы кӛпжылдық тәжірибеге сүйенсек топырақты үнемді технологиямен ӛңдеугекӛшудің тиімділігі артуда. Нарықтық заман талабына сай үнемдітехнологиямен ӛсіруде алынған ӛнімнің ӛзіндік құны тӛмендеп, топырақтығыздалудан және құнарлылық кӛрсеткіштері мен қасиеттерініңтӛмендемеуін қалыптастырады. Үнемді технологиямен ӛсіруде мақсары 5 –танапты ауыспалы егіс жүйесінде күздік бидайдан соң ерте кӛктемде егудіұсынамыз. Тәлімі егіншіліктегі егіс алқаптарын дұрыс, ғылыми тұрғыда ұқыптыпайдаланудан оны патенциалды мүмкіндіктері толық игеріледі. Біріншіденылғал қорын жинау, атмосфералық ылғалды сақтау және үнемді қолдану,екіншіден топырақ құнарлығын қалыпты сақтау және арттыру проблемаларышешіледі. I-нұсқа II-нұсқа 1. Қара пар (қара сүрі танап) 1. Екпе сүрі танап(ноқат) 2. Күздік бидай 2. Күздік бидай 3. Мақсары 3. Мақсары 4. Күздік бидай 4. Күздік бидай 5. Кӛпжылдық жоңышқаның 5. Кӛпжылдық жоңышқаның жанама танабы жанама танабы 3. Мақсары ӛсірудің ҥнемді технологиясын жасақтау Ауыл шаруашылығында ӛндірілетін ӛнімнің дүниежүзілік және отандықнарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру агроӛнеркәсіп ӛндірісін дамытудағынегізгі әрі ӛзекті мәселе. Соңғы жылдары экономиканың аграрлық секторын
  • 6. тұрақтандыруға мемлекет тарапынан кӛптеген іс-шаралар жүргізілуде, ал«2006-2010 жылдары агроӛнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуконцепциясында» республикамыздағы ауыл шаруашылығы ӛндірісіннарықтық экономикалық жағдайды ескере одан әрі дамыту міндеттелген. Бұл процестің жүзеге асуы экономикалық және экологиялық тұрғыданнегізделген егін шаруашылығы жүйесін тиімді игеру жәнеагротехнологиялық жағдаймен тығыз байланысты екендігі мәлім. Қазіргі таңда егін шаруашылығында топырақты ӛңдеу жұмыстарынақыруар энергия шығыны жұмсалуда, нақтырақ айтар болсақ ауылшаруашылық дақылдарын ӛсіруде жалпы технологиялық процестергежұмсалатын энергетикалық шығынның жартысына жуығы осы топырақтыӛңдеудің еншісінде. Сондықтан соңғы жылдары әлемнің кӛптегенмемлекеттерінде ауыл шаруашылық дақылдарын ӛсіруде топырақты тиімдіӛңдеуде немесе қарапайым тілмен айтқанда «Топырақты жеңіл ӛңдеу» тәсілікеңінен қолданысқа енуде, ал кей жағдайларда тіпті егіс алқапты күздеӛңдеусіз қалдыру мүмкіндіктері ашылып отыр. Қазіргі таңда орта және кіші шаруа қожалықтары ескі тозығы жеткентехникалармен жабдықталған. Бұл ӛз кезегінде барлық агротехникалықшараларды дер кезінде сапалы жүргізуге мүмкіндік бермейді. Кӛптегеншаруаларда ауыл шаруашылық техникалары мүлдем жоқтың қасы. Осы жәнебасқа да себептерге байланысты мақсары дақылынан алынатын ӛнім деңгейітӛмендеп барады. Кеңес Одағында алғаш жаңа технологияның тиімділігінакадемик Т. С Мальцев ашып, оны ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Оныңтұжырымдамасы бойынша топырақты ұдайы аудара жырту, топырақтағымикроорганизмдердің ӛмір сүру жағдайын ӛзгертеді, топырақ структурасыбұзылады, тек беткі қабатын қопсыту қажеттігін атап ӛтті. Ӛткен ғасырдың60- жылдары ғалымдар мен ӛндірістегілер мынандай қортындыға келген,жүйелі түрде топырақты механикалық ӛңдеу,терең қопсыта жырту топыраққұнарлығын арттырмайды және қара шірік мӛлшерін сақтай алмайды. Бұлжағдайда құнарлы қабат структурасы бұзылып су және жел эрозиясынаұшырау мүмкіндігі артады. Сондықтан ғалымдар топырақты тиімді ӛңдеужолдарын іздестіруді қолға алды. Кӛптеген дамыған мемлекеттерде үнемді технологиямен ауылшаруашылығы дақылдарын ӛсіруді ӛткен ғасырдың аяғынан қолға алған, алқазір кең кӛлемде қолдануда. Үнемді технологиямен ауыл шаруашылығы дақылдарын ӛсіруге кӛшу,нарықтық заман талабы. Сол себепті Оңтүстік Қазақстан тәлімі жерлеріндемақсарыны, күздік бидайды тікелей егу жолдары қарастырылуда. Мақсары ерте кӛктемде егілетін дақыл болғандықтан СЗС-2,1сеялкасымен тікелей егуде топырақтың ылғалдылығына кӛңіл бӛлу қажет,жоғарғы қабат ылғалдылығы қолайлы жағдайда болса агрегат еркінқозғалып, топырақты жақсы қопсытып нәтижесінде мақсары ӛскіндерібіркелкі шығады. Егумен қатар азот тыңайтқышымен үстеп қоректендіруN35кг/га әсер етуші зат енгізіледі.
  • 7. СЗС-2,1 сеялкасы бір жүрген жолда мынадай операцияларды қамтиды:егу тереңдігіне дейін топырақ бетін қопсытады; арамшӛп тамырларынқырқады; егу минералды тыңайтқыштарды енгізумен қатар жүргізіледі;топыраққа енгізілген тұқым катокпен тығыздалады, нәтижесінде далалықӛскін беру қабілеті артады. Ауа-райының жағдайына байланысты нӛсер жауыннан кейін ӛскіндерібой кӛтермей топырақ бетіндегі қатқақты бұзу үшін тырмалау қажет.Мақсары егісінде ӛскіндері жер бетіне толық кӛктеп шыққаннан кейін ылғалсақтау және арам шӛптің жас ӛскінін жою мақсатында тырмалау – ұтымдыагротехникалық шара, бұл операция дақылдың жақсы ӛсіп-жетілуіне жәнеылғалды тиімді пайдалануға, ӛнімнің артуына ықпал етеді. Тікелей егу технологиясы ӛзіндік құны тӛмен ӛнім алуға қолжеткізеді(энергетиалық шығынды 30-40% және жұмыс күшін 25-30%үнемдейді). Топырақты шектен тыс тығыздалудан және физикалық қасиеттерініңнашарлауынан сақтап, күз айларында, қыста және ерте кӛктемде түскенжауын-шашынды тиімді пайдаланады. Кӛктемгі егіс жұмыстарыныңуақтылы ұсынылған мерзімде жүргізуге мүмкіндік туады және жұмыс күшінтиімді пайдаланамыз. Топырақтағы механикалық ӛңдеуді минимумға дейін қысқартумынаған әкеледі: 1. Экономикалық тиімділік артады (жұмыс күші, жанар- жағар май,материалдық және қаржылай шығындар үнемделеді). 2. Органикалық заттар топырақтың жоғарғы 5см қабатындасақталады. 3. Топырақ су және жел эрозиясына ұшырамайды. 4. Ӛңделетін құнарлық қара шірік қабатының структурасыбұзылмайды. Оңтүстік Қазақстан облысы тәлімі жер жағдайында мақсарыныүнемді технологиямен ӛсіруді, яғни тікелей егуді қолға алса, ұсынылғанагротехникалық жүйені жетілдіре отырып ӛзіндік құны тӛмен бәсекелестіккеқаблетті ӛнім ӛндіріп, топырақ құнарлығын арттырып су жэне желэрозиясынан сақтаудың негізі болмақ. Оңтүстік Қазақстан облысында тәліміжер жағдайындағы егіншілікте топырақты ӛңдеу әдістерін (дәстүрліжәне тікелей)салыстыра отырып баға беретін болсақ, кәдімгітехнологиямен ӛңдеуде бір гектардан алынған ӛнімге кеткен шығын16097,2 тенге, таза пайдасы 29722,8 тенгені құраса, тікелей егуде біргектарға кеткен шығын 8865,7 тенге, таза пайда 58414,3 тенге құрайтынынанықтадық. 4. Мақсары егісіндегі арам шӛптермен кҥресудің ғылымижҥйеленген негізі
  • 8. Тікелей егуде арам шӛптермен күрес жүргізудің маңызы ерекше, себебіарамшӛптердің тұқымдары топырақ бетінің жоғарғы қабатындаорналасқандықтан кӛктемде қаулап шыға бастайды. Тәлімі егіс алқаптарында ӛсетін арам шӛптер егілген дақылдың ӛнімімен сапасын тӛмендетіп, ауыл шаруашылық ӛндірісіне орасан зор зиянкелтіреді. Биологиялық ерекшеліктеріне байланысты арам шӛптердіңкӛпшілігінің тамыр жүйесі жақсы жетілген, сол себептен топырақтыңтерең қабатындағы ылғалды мәдени ӛсімдіктерден бұрын сіңіреді де,қоршаған ортаға құрғақшылық әсерін күшейте түседі. Сол сияқты оларқоректік заттарды пайдалануда да айтарлықтай бәсекелестікке түсіп, ӛсімдікаурулары мен зиянкестері үшін жайлы мекенге не болмаса уақытшақоректік орынға айналады. Арам шӛптермен күрестің іс жүзіндетексерілген әдістері осы уақытқа дейін олардың жаппай таралуынатолық бӛгет бола алмай келеді, себебі егістік алқаптағы арам шӛптерсыртқы ортаның келеңсіз әсері мен мәдени ӛсімдіктермен қабаттаса қатарӛсуге әбден бейімделгені анық болып отыр. Ауыспалы егістің әртанабындағы арам шӛптер саны мен құрамы біркелкі емес, яғнимәдени дақыл мен арам шӛптер арасында ӛзара байланыс қалыптасқан.Сонымен қатар мақсары егіс алқабында арам шӛптерге қарсыагротеникалық және химиялық ӛңдеу шаралары дер кезінде немесемүлде атқарылмайды. Мақсарыны жылма-жыл бір танабқа егу топыраққұнарлығының нашарлауына, ауру мен зиянкестердің және арамшӛптердіңкӛбеюіне жағдай туғызады. Мақсары егістерінің фитосанитарлық жағдайларына баға беру үшінжылда мамыр айының басында егіс алқаптарға тексеру жүргізілді, яғни текосы уақытта егістің ластануы дәрежесін және арамшӛптердің құрамыныңтүрлері туралы мәлімет алуға болады.3-кесте. Оңтүстік Қазақстанда мақсары егісінде кездесетін арамшӛп түрлері № Арамшӛптердің аты және атауы қазақша орысша латынша 1 Карақылтық Дикий ячмень Hordeum spontaneum 2 Жабысқақ қызылбасу Подмаренник цепкий Jalium aparine 3 Сараң Солянка – курай Sansola pestifen 4 Егістік қанатжеміс Ярутка полевая Thlaspi arvesis 5 Жұмыршақ Постушья сумка Capsella bursa pastoris 6 Егістік майданшӛп Торица полевая Spergula arbensis 7 Алабұта Марь белая Shenopodium album 8 Егіс қышасы Горчица полевая Sinapis arvensis 9 Кәдімгі ошаған Дурнишник Xanthium strumanium обыкновенный 10 Арам шырмауық Повелика полевая Cuscuta campestris 11 Жатаған бидайық Пырей ползучий Elytrigia repens 12 Аққурай Псоралея костянковая Psoralea drupacea 13 Мия Солодка Clycyrrhiza glabre 14 Шығыс текесақалы Додарция восточная Dodartia orientalis
  • 9. 15 Кәдімгі зире Тмин обыкновенный Carum carvi 16 Шырмауық Вьюнок полевой Convolvulus arvensis 17 Жатаған у кекіре Горчак ползучий Acroptilon repens 18 Қызғыш у кекіре Горчак розовый Acroptilon repens 19 Жол желкен Подорожник Plantago 20 Сасық сарықурай Ферулла вонючая Ferula assa 21 Жантақ Верблюжья колючка Alhagi camelorum 22 Қызғалдақ Мак самосейка Papaver rhoeas L 23 Егістік тікенқурай Осот полевой Sonchus arvensis 24 Шайқурай Зверобой Мақсары егісін зертеу барысында алқабтың кең кӛлемі арамшырмауықпен ластанғаны анықталды. Қазіргі кезде егіс алқабында арамшӛппен ластануы барлық алқаптың 65 астамын алып жатыр. Егіс алқабындағы мақсары дақылына аса зиянды арамшӛптер: біржылдық – арам шырмауық, жабысқақ қызылбояу және кӛпжылдық –жатаған у кекіре. Арам шырмауық – (Cuscuta campestris) жергілікті атауы арам шырмауықнемесе сары шӛп. Арам шырмауық жабық тұқымды паразиттік ӛсімдіктертобына жатады, толығымен ӛсімдік есебінен қоректенеді. Арам шырмауықкӛп жағдайда арамшӛптермен және сабақ кескіндері арқылы кӛбейеді.Оңтүстік Қазақстанның мақсары егісі осы арамшӛппен ӛте кӛп ластанған, ӛзкезегінде дақылдың ӛсуіне зиян келтірді. Арам шырмауық мақсары ӛсімдігіне жабысып одан қоректі заттардыӛзіне сіңіреді, оның салдарынан мақсары ӛсімдігінің ӛсіп-дамуы тоқтайды,нәтижесінде олардың жаппай қырылуына әкеледі. Арам шырмауық дәндері мақсарыға қарағанда 20-22 күн ерте пісіпегісті жинауға дейін ӛздігінен егіс алқабына тӛгіледі. Жабысқақ қызылбояу – (Gallium appraise) – Зияндар тұқымдасынажататын бір жылдық қыстап шығатын арамшӛп. Ӛсімдік бойы қысқа,жабысқақ, дәнімен кӛбейеді және ӛте ӛсімтал. Жабысқақ қызылбояутұқымдары топырақты ӛте қатты ластайды. Сәуірдің бірінші он күндігіндегүлдейді, ал мамыр айында жеміс түзеді. Жатаған у кекіре – (Acroptilon repens) – тамыры ӛркенді, күрделігүлділер тұқымдасына жататын кӛп жылдық арамшӛп. Ӛсімдіктің тамыржүйесі жақсы жетілген. Сабағы тік, торлы, түкті биіктігі 20-25 см. Ӛсімдіктұқымымен және тамыр бүршігінің ӛркінімен кӛбейеді. Ерте кӛктемде ӛскінішығып бірінші жылы гүлдейді, бірақ тұқым бермейді, жемісін екінші жылытүзеді, ӛте ӛсімтал. Мақсары егісінде жатаған у кекіре топталып ӛсіпӛсімдіктің алғашқы ӛсу кезеңінде кедергі келтіреді. Қарақылтық – (Hordeum spontaneum) қарақылтық мәдени арпаныңалғашқы негізін салушысы. Оңтүстік Қазақстан жағдайында қарақылтықтабиғи сұрыпталып кейінгі жылдары күздік бидай және арпамен бірге ӛсугеоңтайлы бейімделген, жоңышқа танабын қатты ластайды. Қарақылтықтың
  • 10. биологиялық ерекшелігіне сәйкес астық дақылына ұқсас, сондықтанқарақылтықтың ӛскіні күздік бидайдың ӛскінінен 10-15 күн кейін шығады,кейінгі ӛсіп – дамуы біркелкі болады. Бірақ қарақылтықтың пісу мезгілікүздік бидайға қарағанда 10-14 күн ерте пісіп, дәндері күздік дақылдардыжинағанша ӛздігінен тӛгіледі. Арамшӛп тұқымдарымен кӛбейеді. Түйе қарын (Btassice catnpestris) – тамыр сабақты арамшӛп. Ӛсімдік тектұқымдарымен ғана емес топырақтың аударылатын қабатындағы тереңдежатқан тамыр қалдықтары арқылы кӛбейеді. Жазда тұқымдары толықпіскенде түйе қарын кез келген бағытқа желмен домалап ұшады. Пісіпжетілген тұқымдары ӛздігінен тӛгіліп егісті алқаптың ластануыжоғарылайды. Арамшӛп ӛте ӛсімтал. Мақсары егіс алқабындағы арамшӛптерге қарсы агротехникалық жәнехимиялық ӛңдеу шаралары дер кезінде немесе мүлде атқарылмайды.Мақсарыны жылма-жыл қайталап бір танапқа егу шаруа қожалықтарындакездесетін қалыпты жағдай. Нарық заманының қыспағы кіші және орташаруа қожалықтарына егістік алқаптағы агротехникалық шараларды деркезінде сапалы жүргізуге мүмкіндік бермей отыр. Соңғы жылдары кӛктемгідала жұмыстарын жүргізу науқанында жанар-жағар май бағасыныңқымбаттап кетуі бұған дәлел болады. Міне осы себептерден егістік алқаптыңфитосанитарлық жағдайы нашарлап ӛнімділіктің деңгейі тӛмендеп, топыраққұнарлығы күрт нашарлап кеткені мәлім. Ӛз кезегінде бұл ауылшаруашылықдақылдарын ӛсірудің жаңа тәсілдерін ойластыруды, яғни үнемдітехнологияны қолға алуды, тікелей егу әдісіне кӛшу қажеттілігі туындауда.Соңғы жылдары ауылшаруашылық ӛндірісінде топырақты үнемді ӛңдеужүйесі мен нольдік технологиясына қызығушылық артуда. Топырақтыӛңдеуде ауылшаруашылық машиналары мен агрегаттары бірнеше ретжүргеннен топырақ тығыздалады және физикалық қасиеті нашарлайды. Сондықтан да кейінгі жылдары топырақты үнемді ӛңдеу жолдарына кӛпкӛңіл бӛлінуде топырақ тығыздығы қолайлы болуына жағдай туғызады,топырақтың шаңға айналуын тӛмендетеді, ӛңдеуге кететін энергетикалықшығынды азайтады және арамшӛптермен күрес жүргізуге мүмкіндік береді.Осы жағдайларды ескере келе 2006-2008 жылдары ОБАШҒЗО егіншілікбӛлімінің тәжірибе алқабында мақсарыны үнемді технологиямен ӛсіруде егісалқаптағы арамшӛптермен күрес жүргізу жолдарын анықтау, тікелей егудікәдімгі технологиямен салыстыру жұмыстары жүргізілуде. Мақсары дақылыжоғарыда кӛрсетілгендей 5 танапты қысқа ротациялы ауыспалы жүйесіндекүздік бидайдан соң, тікелей себу әдістемесімен ӛсіріліп жаңа гербицидтердіқолдану арқылы арамшӛптермен күрес шаралары жүргізілді. Дуал Голд, 960к.э, Фроньтер, 90% э.к., Арамо, 50%.э. к. және Пивот 10% в.к. секілдігербицидтерді қолдану жӛнінде зерттеулер жүргізілді. Зерттеулер 2006-2008 жылдары Оңтүстік –Батыс мал және ӛсімдікшаруашылығы ғылыми зерттеу институтының егіншілік бӛлімінің тәжірибеалқабында 5 танапты ауыспалы егіс жүйесінде жүргізілді. Егістік танаптың
  • 11. топырағы кәдімгі сұр, механикалық құрамы орташа саздақ. Қарашірікмӛлшері 1,1-1,3%. Мақсары күздік бидайдан кейін ерте кӛктемде СЗС-2,1 сеялкасымен біргектарға 12-18 кг/га мӛлшерде қатар аралығы 30см етіліп себілді. ОңтүстікҚазақстан облысындағы мақсары егіс алқаптарындағы фитосанитарлықжағдайын білу мақсатында негізгі арамшӛптері анықталды. Ғылыми деректер мәліметтеріне қарағанда күрестің агротехникалықжәне химиялық тәсілдерін ұтымды үйлестіру егістің ластануын күрттӛмендетіп, арамшӛптер ӛскініне үлкен тосқауыл жасайды. Тәліміегіншіліктегі егістік алқапты дұрыс ғылыми негізде ұқыпты пайдалануданоның потенциалды мүмкіндіктері артады, біріншіден ылғал қорын жинау,атмосфералық ылғалды сақтау және үнемді пайдалану; екіншіден топыраққұнарлығына қалыпты сақтау және арттыру проблемалары шешіледі. Зерттеу барысында басты мақсат тәлімі жер жағдайында мақсарынытікелей егіп ӛсіруде арамшӛптерге қарсы жаңа гербицидтерді ӛсімдіктің әртүрлі даму кезеңінде қолданып шығынды үнемдеудің агротехникалықжүйесін жасақтау мақсатталынды. Егіс танаптарында арамшӛптерге қарсыжоғарыда кӛрсетілгендей тӛрт гербицид қолданды. Егуге дейін Дуал Голд960 к.э. – 1,0-1,5 л/га, мақсары ӛскіндері шыққанға дейін Фронтьер оптима90% к.э. – 1,0-1,4 л/га, мақсары шыққаннан кейін Арамо 50% к.э. – 1,5-1,75л/га, кӛктеу кезеңінде Пивот 10 % в.к. – 0,5-0,8 л/га мӛлшерлерінде беріліпарамшӛптерге әсері анықталды. Бұлардың ішінде ең тиімдісі 0,8 л/гамӛлшерде берген Пивот 10 % в.к. және 1,5 л/га мӛлшерде Дуал Голд 960 к.э.сонымен қатар 1,4 л/га мӛлшерде енгізілген Фронтьер оптима болды.Аталған жүйелік гербицидтердің (Дуал Голд 960 к.э. және Фронтьер оптима90% к.э.) пәрменділігі 20 тәуліктен соң анықталғандай біржылдықарамшӛптер санының кему деңгейі 94,2 – 91,6 % болса, ал кӛпжылдықарамшӛптер саны 87,5-84,3% азайды. Зерттеу барысында анықталғандайбарлық гербицидтердің тиімділігі арамшӛптердің түрлерімен егістіңластануына тікелей байланысты болатыны анықталды. Қолданғангербицидтер қарақылтық, у кекіре арамшӛптерін (75-95%) жоюға әсері барекені байқалды. Ал Пивот 10 % в.к. гербицидін мақсарының кӛктеукезеңінде қолданған нұсқада арам шырмауық пен түйе қарынды жоюдағытиімділігі 85,7-90,2 % құраса, ал жатаған у кекіренің бойы мүлдем ӛспейқалды. Зерттеу барысында байқағанымыз Пивот 10% в.к. гербицидін егісалқапқа шашқаннан кейін 1-2 апта аралығында жауын-шашын болса, оныңтиімділігі артатындығы анықталды, бірақ жауыннан кейін мақсары кӛктерібақылаумен салыстырғанда жақсы ӛспей жапырақ түзу кезеңі 7-10 күнгекешігіп, ал тостағанша түзу кезеңінде 2-3 күн кешіккенін анықтадық. Демек,Пивот 10% в.к. гербицидін мақсары егіс алқабына ӛсімдік ӛскіндері толықжетіліп алғашқы жапырақ түзу кезеңінде немесе арамшырмауық 5-7 смӛскенде және жатаған у кекіре 4-6 см сабағы кӛтерілгенде қолданған тиімдіекендігін анықтадық.
  • 12. 5. Қазақстанның оңтҥстігі және оңтҥстік-шығысында мақсарызиянкестеріне қарсы комплексті қорғаудың іс-шаралары Мақсары егістігінде кездесетін зиянкестердің мынадай түрлеріанықталды. Олар Түркістан қола түс түсті қоңыз мен Мақсарының үлкенбізтұмсығы және Мақсарының кіші бізтұмсығы. Оларға қарсы уақтылыхимиялық күресу шаралары жүргізілді. Ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден қорғауда комплексті іс-шаралар жүргізудің маңызы ерекше. Комплексті іс-шараларға карантинді,шарашылық-ұйымдастыру, агротехникалық, селекция-генетикалық жәнехимиялық қорғау жолдары жатады. Мақсары зиянкестеріне қарсы комплекстііс-шараларды жүргізуде карантинді ережелерді сақтау, шаруашылықтыдұрыс ұйымдастыру агротехникалық және химиялық күресу жолдарынмезгілінде ӛз деңгейінде жүзеге асыру қажет. Карантинді шаралар. Шет елден келетін жүктерді тағы басқа заттардымұқият қарап, сырттан келген зиянды объектілірді зарарсыздандыру,анықталған жағдайда дер кезінде жою карантинді іс-шаралардың бастыбағыттарының бірі. Гүлді немесе Калифорниялық трипс (Frankliniella occidentalis Perg.).Қазақстан Республикасының территориясына карантинді зиянкес тізімінеенген. Бұл трипстің отаны АҚШ мемлекеті, 1983 жылы Еуропаға әкелініпқазір Жерорта теңізінің аумағында және Ағылшын, Германия, Польша,Венгрия елдеріндегі ауыл шаруашылығы дақылдарында кездеседі. Бұлкӛпқоректі зиянкес жылыжайдағы бақша дақылдарының гүлдеріндемекендеп, ӛсімдік жапырағы мен гүлін зақымдайды. Аналығы жұмыртқасынинсектицидтермен ӛңдеуде жетпейтін жапырақ ұлпасына сабаққа, гүлге,түйінге салып кӛп шығын келтіреді. ӛткен ғасырдың 90-шы жылдарындаРесейдің жылыжайларынан алғаш табылған болса, қазіргі таңда оныжылыжайдың бірінші номердегі зиянкесі деп атайды. Соңғы жылдарыҚазақстан Республикасының бірқатар жылыжайларында батыс гүлді трипсікездесуде. Зиянкестің бұл түрі жоғары ылғалдылық пен құрғақ климаттардаӛмір сүруге бейім. Сондықтан бұл зиянкес келешекте құрғақ климаттыжерсініп жылыжайда ғана емес егістік дақылдарда атап айтқанда мақсарығазиян келтіру қаупі бар. Үнді елінде осы дақылдың жапырағы мен гүлшоғырының шырындарын сорып қоректеніп, орасан зор зиян келтіреді.Тікелей зиян келтірумен қатар жанама вирус тасымалдайды және таратады.Вирус ауруына шалдыққан ӛсімдіктер жапырақтары солып ӛледі. Вирусинфекциясы ауыл шаруашылығы дақылдарының ӛнімділігін күрттӛмендетеді. Қазақстан Республикасына территориясына батыс гүлді трипсінжібермеу үшін мынандай каринтинді іс-шаралар жүргізу қажет.
  • 13. а) Қазақстан Республикасына шет елден келген тауарлар мен ӛнімдергемемлекеттік фитосанитарлық қауіпсіздік қызметінің рұқсат етілгенқұжаттары болуы керек; б) мемлекеттік және экспорттық фитосанитарлық сертификаты,ӛнімдерде (кӛшет, гүл кескіні, отырғызылатын заттар және топырақ пенӛсімдік) жоқ екендігін дәлелдейтін құжат; в) жылыжайда немесе тағы басқа жерлерде гүлді трипс табылғанжағдайда карантиндік қызметкерлерге хабар беру; г) батыс гүлді трипсінің ошақтары табылған жағдайда түгелдей жоюжұмыстарын жүргізу; д) жылыжайларда және басқа территорияларда табылған жағдайда үшжыл карантинді бақылауда болады, егер тірі объекті табылмаса, карантиналынады. Агротехникалық шаралар. Мақсары дақылын ӛсіруде агротехникалықшараларын дер кезінде сапалы жүргізу оның зиянкестерімен күресудіңнегізгі комплексті іс-шаралардың бірі болып табылады. Мақсарыны ертекӛктемде егу зиянкестердің оны зақымдауынан сақтайды. Себебі үлкен жәнекіші бізтұмсықтар егіс алқапқа ұшып келгенде дақылдың даму кезеңі ӛтіп,ӛсімдік зиянкесті ӛзіне тартпайды. Мақсарыны тау етегі және тау бӛктеріаймақтарына еккеннен далалы аймаққа егілсе, зиянкестермен аззақымдалады. Себебі таулы аймақта ауаның ылғалдылығы жоғары зиянкестіңдамуына қолайлы жағдай туғызады.2-кесте. Оңтүстік Қазақстан облысының тәлімі жерлерінде мақсарынытікелей егу әдісінің агротехнологиялық үлгісі Агрегаттың құрамыАгротехникалық Технологиялық шаралардың Жүргізіле- тракторіс-шаралар тізімі параметрлері тін мерзім машиналарЕгілетін тұқымды Раксил – 0,4-0,5 л/т Егуден 2-3 электр ПС-10 ӛңдеу Витавакс 75% Ұ. -2,5 кг/т апта алдын тогы ПСШ-5 Егу алдында Дуал Голд 960 к.э. - 1,5 л/га Ақпан ОВГ-1,0 арамшӛптерге Гербицид қолданғаннан соң, айының ОПШ-15 қарсы ӛңдеу дискелі ЛДГ-5 немесе ЛДГ-10 II-онкүндігі МТЗ-80 ЛДГ-5 агрегатымен гербицидті топырақ наурыз ЛДГ-10 құрамына араластыру қажет айының I- онкүндігі Тікелей егу, Күздік бидайдан кейін бігізше ақпан МТЗ-80 СЗС-2,1 үстеме қорек сеялкасымен 3-5 см тереңдікте айының енгізу тікелей егу, егумен бірге үстеп III- қоректендіру N35 кг/га ә.е.з. тиімді онкүндігі агротехнологиялық шара наурыз айының I-II онкүндігіӚскіні шыққанға Фронтьер,90% к.э. - 1,4 л/га наурыз айы МТЗ-80 ОВГ-1,0 дейін Пивот, 10% в.д.г. - 0,8 л/га ОПШ-15
  • 14. арамшӛптерге ПОУ қарсы ӛңдеуӚскін шыққанға Нӛсер жауыннан кейін қатқақты наурыз- МТЗ-80 БЗСС-1,0 дейін тырмалау бұзу үшін жүргізіледі(2-3 см) сәуір ДТ-75 Ӛскіні Арамо, 50% к.э. – 1,75-2,0 л/га наурыз- МТЗ-80 ОВГ-1,0шыққаннан кейін сәуір ОПШ-15 арамшӛптерге ПОУ қарсы ӛңдеуӚскін шыққаннан Ылғал сақтау және топырақ сәуірдің МТЗ-80 БЗСС-1,0 соң тырмалау бетіндегі қатқақты бұзу үшін II-III және арам шӛптің жас ӛскінін онкүндігі жою үшін жүргізіледі Зиянды Каратэ, 5 % э.к. - 0,2 л/га мамыр- МТЗ-80 ОВГ-1,0 жәндіктермен Децис, 2,5%э.к. - 0,3 л/га маусым ОПШ-15 күресу ПОУ Егінді жинау Мақсары дәні толық піскен кезде шілде- Нива ГАЗ-53 тамыз СК-5 Мақсары дәнін Егін алқабынан қырманға шілде- ГАЗ-53 2-ПТС-4 тасымалдау тасымалдайды тамыз МТЗ-80 Мақсарының даму кезеңінде егіс алқаптағы және айналасындағыарамшӛптермен ұдайы күрес жүргізу қажет. Мақсары шыбынының алғашқыұрпағы күрделі гүлділілер тұқымдасына жататын арамшӛптерде дамиды, албізтұмсықтар жабайы мақсарыда мекендейді. Арамшӛптермен ұдайы күресжүргізу аталған зиянкестердің қосымша қорын және егіске ӛту жағдайынанайырады. Химиялық шаралар. Ауыл шаруашылық дақылдарын зиянкестерденжүйелі қорғауда алдыңғы орындардың бірі химиялық шаралар алады.Ӛсімдік қорғауды жүйелі жүргізуде оның тиімділігі кӛп жағдайдаинсектицидтерді дұрыс таңдауға байланысты. Пайдаланылатынинсектицидтерді үнемді қолдану зиянкестердің қауіпті кезеңіндегі санынесептеу, сондай-ақ ӛңдеу мезгілін анықтау, пайдалы жәндіктермен қоршағанортаға онша қауіп келмейтін уақытты таңдау тиіс. Мақсары бізтұмсығынақарсы ӛңдеудің қолайлы мезгілі дақылдың бұтақтану кезеңі. Егіс алқаптың1м2-та 1-2 және одан да кӛп бізтұмсық қоңызы анықталса, ӛңдеу мезгілінжүргізуге негіз болады. Ол үшін егіс алқаптағы дақылдың осы дамукезеңінде 3-5 күн бақылау жүргізу қажет. Егіс алқапты қиғаш (кӛлемінебайланысты) жүріп 12-16 жердегі ӛсімдіктерден бізтұмсық қоңызының есебіналады. Анықталған қоңыздардың санын 12 –нұсқада 3-ке бӛледі, 16 –нұсқада4-ке бӛледі. Сӛйтіп егіс алқаптағы 1м2-тағы қоңыздар санын анықтайды.Мақсары дақылының зиянкестеріне қарсы қолданылған препараттардыңішінде тиімділері Кинмикс, 10% в.с. (0,15 л/га), Децис, 2,5% э.к. (0,2 л/га),Каратэ 050 э.к. (0,2 л/га). Мақсары тұқымында және топырақта таксикалдығыбайқалмады.
  • 15. 3-кесте. Мақсары егіс алқабындағы арамшӛптерге қарсы күреске ұсынылғангербицидтердің ӛңдеу мерзімі мен мӛлшері Гербицидтің Ӛңдеу Дақыл Арамшӛптер түрі Ӛңдеу мерзімі аталуы мӛлшеріДуал Голд 960 1,0-1,5 мақсары біржылдық астық Егуден алдын, жауын- к.э. л/га тұқымдастар, кейбір шашынсыз жағдайда 5- қосжарнақтылар 8см тереңдікте шашудан соң дискелі ЛДГ-10 агрегатымен топыраққа араластыру қажетФронтьер,90% 1,2-1,4 мақсары біржылдық астық Дақылдың ӛскіндері к.э. л/га тұқымдастар, кейбір шыққанға дейін қосжарнақтылар Пивот, 10% 0,5-0,8 мақсары біржылдық және Дақыл ӛскіндері в.д.г. л/га кӛпжылдық астық шыққанға дейін немесе тұқымдастар, кейбір ӛскіндері толық қосжарнақтылар жетілгендеАрамо, 50% к.э. 1,5-2,0 мақсары біржылдық астық Арамшӛптердің 2-4 л/га тұқымдастар жапырақ түзу кезеңінде, дақылдың даму кезеңі ескерілмейді Май ӛндіруші зауыт қызметкерлері май шығынын шикізат есебінен,яғни майлылығы жоғары дәндерді алады немесе мол ӛнімге ӛңдеутехнологиясын жаңалау арқылы қол жеткізеді. Әдебиеттердегі мәліметтербойынша мақсары тұқымының майлылығы 25-37% екендігі белгілі. Бізұсынып отырған комплексті қорғау шараларында ӛнімділік қана артпайды,сонымен қатар мақсары тұқымының майлылығы жоғарылайды. Нәтижесіндеӛсімдік майын кӛп ӛндіруге қол жеткізеді. Мақсары егісінің 3,2 га алқабынбізтұмсық зиянкесіне қарсы Кинмикс, 10% в.с. (0,15 л/га) препаратынӛндірістік тексеруден ӛткізу барысында ӛнімділік бақылаудан 3,3 центнерартық алынды. Сонымен қатар тұқымның майлылығы 3,44 % жоғарылады.Егісті Кинмикс, 10% в.с. (0,15 л/га) препаратымен ӛңдеудің экомикалықтиімділігі 30000 – 38000 тенгені құрады. Қорыта келе біз ұсынған комплексті қорғау іс-шаралары ӛз нәтижесінежетті деп тұжырым жасауымызға болады. Егістікте кездесетін аурулар түрлері. Мақсары дақылының алғашқыдаму кезеңінде ауруға шалдығуы байқалмады. Алайда, мамыр айында ауа-райының салқындауы жапырақтары мен сабақтарында тат және ақ ұнтақаурулары анықталды. Сонымен қатар дақылдың гүлдеу, тостағанша түзу кезеңдерінде,жапарықтары мен сабақта, аз мӛлшерде тат, ақ ұнтақ аурулары байқалды.
  • 16. Ауруға шалдықан мүшелер балдық кӛрсеткіш бойынша есептеліп, тат ауруы5-10%, ал ақ ұнтақ ауруы 10-15% ауырғаны анықталды. Аурумен күресу шаралары 1. Ауыспалы егісті сақтау; 2. Арамшӛптермен күрес жүргізу; 3. Ӛсімдік қалдықтарын жою; 4. Ӛсімдіктің даму кезеңінде 3%-ті фалькон 0,5 л/га.
  • 17. ҚОРЫТЫНДЫ Бұл жинақта – зерттеулер нәтижесіне сүйене отырып мақсары ӛсірудіңтиімді агротехнологиялық жүйесін жасақтап, алғы дақыл күздік бидайдан соңжерді ӛңдемей тікелей сеуіп ӛсірудің моделі ұсынылған. Тәлімі егіншіліктегі егіс алқаптарын үнемді технологиямен, ғылымитұрғыда ұқыпты пайдаланудан мақсарының патенциалды мүмкіндіктерітолық игеріледі және ылғал қорын жинау, атмосфералық ылғалды сақтау,тиімді қолдану, топырақ құнарлығын қалыпты сақтау және арттырупроблемалары шешіледі. Оңтүстік Қазақстан облысында тәлімі жер жағдайындағы егіншіліктетопырақты ӛңдеу әдістерін (дәстүрлі және тікелей)салыстыра отырыпбаға беріліп, кәдімгі технологиямен ӛңдеуде бір гектардан алынған ӛнімгекеткен шығын 16097,2 тенге, таза пайдасы 29722,8 тенгені құраса, тікелейегуде бір гектарға кеткен шығын 8865,7 тенге, таза пайда 58414,3 тенгеқұрайтыны анықталған. Бұл ұсыныста тәлімі жер жағдайында мақсарыны тікелей егіп ӛсірудеарамшӛптерге қарсы жаңа гербицидтерді ӛсімдіктің әр түрлі даму кезеңіндеқолданып шығынды үнемдеудің агротехникалық жүйесін жасақтаумақсатталынған. Егіс танаптарында арамшӛптерге қарсы жаңаданқолданысқа енгізілген тӛрт гербицидті пайдалану ұсынылған. РЕЗЮМЕ В рекомендации рассмотрена возможность прямого посева сафлора ипредложены гербициды нового поколения для борьбы с сорнойрастительностью в разные периоды роста и развития в зависимости отвидового состава сорняков, а также освящены вопросы защиты сафлора отвредителей и болезней.
  • 18. ҚОСЫМША А1-сурет. Мақсарыны үнемді технологиямен ӛсірудің ерекшелігі (Егін жай 2008 жыл)
  • 19. 2-сурет. Мақсарыны кәдімгі технологиямен ӛсіру (Егін жай 2008 жыл) 3-сурет. Пивот гербицидімен ӛңделген алқап
  • 20. 4-сурет. Дуал Голд гербицидімен ӛңделген егіс алқабы
  • 21. 5-сурет. Тікелей егуде қолданылатын сеялкалар (СЗС-2,1) ҚОСЫМША Б Мақсары егіс алқабындағы кездесетін арамшӛп түрлері6-сурет . Егіс қышасы 7-сурет. Кәдімгі зире 8-сурет. Қарақылтық 9-сурет. Қурай
  • 22. 10-сурет. Аққурай 11-сурет. Жантақ12-сурет 12. Егістік қанатжеміс 13-сурет. Жатаған у кекіре 14-сурет. Шайқурай 15-сурет. Арам шырмауық
  • 23. 16-сурет. Жатаған бидайық 17-сурет. Жабысқақ қызылбасу 18-сурет. Қызғалтақ 19-сурет. Шырмауық