• Share
  • Email
  • Embed
  • Like
  • Save
  • Private Content
уйирмелер
 

уйирмелер

on

  • 5,810 views

кафедра издательское дела и дизайна

кафедра издательское дела и дизайна

Statistics

Views

Total Views
5,810
Views on SlideShare
5,810
Embed Views
0

Actions

Likes
0
Downloads
1
Comments
0

0 Embeds 0

No embeds

Accessibility

Categories

Upload Details

Uploaded via as Microsoft PowerPoint

Usage Rights

© All Rights Reserved

Report content

Flagged as inappropriate Flag as inappropriate
Flag as inappropriate

Select your reason for flagging this presentation as inappropriate.

Cancel
  • Full Name Full Name Comment goes here.
    Are you sure you want to
    Your message goes here
    Processing…
Post Comment
Edit your comment

    уйирмелер уйирмелер Presentation Transcript

    • Үйірмелер жұмысы туралы
    • Жетекшісі: С.М.МедеубекІ. Жалпы ережелер 1.1.«Баспагер» шығармашылық клубы өзіне мүшелерқабылдап, олардың баспа ісіне дегенқызығушылықтарын арттырады. 1.2. Клуб әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-діңжурналистика факультеті ішінде жұмысжасайды. 1.3. Республикамыздағы баспалармен кездесулерұйымдастырып, түрлі практикалық шаралар өткізеді.Клубқа шығармашыл, талантты, талапты баспа ісінеқызығушылығы бар жастар мүше бола алады.
    • ІІ. Мақсаттары мен міндеттері 2.1. Клубтың мақсаты журналистика факультеті «Баспа ісі және дизайн» кафедрасы студенттерін газет-журнал, кітап өндіру саласына практикалық тұрғыда бейімдеу, кәсіби бағыт-бағдар беру, мамандыққа баулу. 2.2. Клубтың жоспары: - баспагер-ұстаз бен студент – шәкірт байланысын өзара шығармашылықпен біріктіру; - әр апта сайын «Баспа күні» өндірістік-тәжірибелік шарасын ұйымдастырып,факультетте кітап көрмесі мен жәрмеңкесін; тәжірибелі әдеби редактордың, техникалық редактордың,корректордың, суретші-безеншінің, баспа маркетологының шеберлік сағаттарын өткізу;кафедраның барлық студенттерін жұмылдыра отырып, оқу-тәжірибелік«Баспагер» қабырға газетін ай сайын шығарып отыру;ай сайын республикамызға белгілі баспаларға кафедра студенттерініңуниверситетте алған теориялық білімдерін, практикалық негізде жұмылдыру мақсатында, баспаларда кездесудіұйымдастыру;студенттердің әр жанрда жазған шығармалар жинағын шығаруғамүмкіндік жасау; жылына бір рет студенттердің шығармашылығына жолашар «Менің ертегім»түрлі түсті кітапшаны өз күштерімен дайындап, басып шығару; «Баспа ісі және дизайн» кафедрасының бастамасымен жылына бір ретҚазҰУ қалашығында «Ұлттық кітап күнін» ұйымдастыруға студенттерді жұмылдыру;жыл сайын сәуір айында мектеп бітірушілер арасында өтетін Республикалық«Болашақ баспагер-редактор» байқауын ұйымдастыру;бұқаралық ақпарат құралдары бетінде «Баспа ісі және дизайн» мамандығыннасихаттайтын материалдар жариялау;«Баспа ісі» мамандығын баулуға арналған оқу-шеберлік зертханасынҰйымдастыру;кафедра жанынан Кіші ғылыми кеңес құрып, студенттерді ғылымитақырыптармен шұғылдандырып, ұстаздардан ғылыми жұмыстарын талқыдан өткізіп, нәтжесін көрсетіп отыру.
    • “Баспагер” шығармашылықклубының мүшелері -кафедраның 1-курс (қазақ-орыс)бөлімініңстуденттері.БАРЛЫҒЫ : 23 студентКлуб мүшелері ай сайын “Баспагер” аттыоқу-тәжірибелік газетін шығарады
    • “Баспагер” оқу – тәжірибелік қабырға газетінің №1 саны (Қазан, 2011ж)
    • “Баспагер” оқу – тәжірибелік қабырға газетінің №2 саны (Қараша -Желтоқсан, 2011ж)
    • “Баспагер” оқу – тәжірибелік қабырға газетінің №3 саны (Қаңтар, 2012ж)
    • “Баспагер” оқу – тәжірибелік қабырға газетінің №4 саны (Ақпан, 2012ж)
    • “Баспагер” қабырға газетінің редакторы Досжан Балабекұлы және редактордың орынбасары Мәдина Дәулетқызы мен түзеткерАлтын Құдайбергеновамен бірге газетті шығару үстінде
    • Қабырға газетінматериалдарын талдау сәті
    • Журналистика факультеті «Баспа ісі және дизайн»кафедрасының «Жас ғалым» ғылыми үйірмесі туралы ЕРЕЖЕСІЖетекшісі: Б.О.АсембаеваІ. Жалпы ережелер 1.1.«Жас ғалым» ғылыми үйірмесі өзіне мүшелер қабылдап,олардың ғылыми- зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарынарттырады. 1.2. Үйірме әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетіішінде жұмысжасайды. 1.3. Республиканың белгілі мемлекет қайраткерлерімен,ғалымдарымен кездесулер ұйымдастырып, дөңгелек үстелдер,конференциялар, байқаулар, пәндік олимпиадалар және тағы да басқастуденттер мен магистранттардың ғылыммен айналысуға дегенбелсенділігін артттыратын шаралар өткізеді. Үйірмеге шығармашыл,талантты, талапты ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға бейімжастар мүше бола алады.
    • ІІ Мақсаттары мен міндеттері 2.1. Үйірменің мақсаты журналистика факультеті «Баспа ісі және дизайн» кафедрасы студенттерін ғылыми - зерттеу жұмысын жазудың, жүйелеудің, сараптаудың жолдарын үйрету, жеке тұлғаның гармониялық қалыптасуына әсер ету. 2.2. Үйірменің жоспары: - баспагер-ұстаз бен студент – шәкірт байланысын өзара шығармашылықпен біріктіру; - ай сайын «Жас ғалым күні» шарасын ұйымдастырып, факультетте кездесулер, байқаулар өткізіп, газет- журналдарға ақпарат беру, прайс парақтар, т.б. өнімдер шығару.кафедраның барлық студенттерін жұмылдыра отырып, оқу-тәжірибелік«Жас ғалым» қабырға газетін шығарып отыру;ай сайын республикамызға белгілі баспаларға кафедра студенттерініңуниверситетте алған теориялық білімдерін, практикалық негізде жұмылдыру мақсатында, баспаларда кездесуді ұйымдастыру;студенттердің ғылыми жұмыстары жинағын шығаруға мүмкіндік жасау; «Баспа ісі және дизайн» кафедрасының студенттерін республикалық және халықаралық ғылыми жобалармен айналысуға жұмылдыру;жыл сайын сәуір айында мектеп бітірушілер арасында өтетін Республикалық«Болашақ баспагер-редактор» байқауын ұйымдастыру;«Баспа ісі» мамандығы бойынша 2-3 курс студенттері арасында пәндік олимпиада өткізу.бұқаралық ақпарат құралдары бетінде «Баспа ісі және дизайн» мамандығыннасихаттайтын материалдар жариялау;«Баспа ісі» мамандығын баулуға арналған ғылыми-инновациялық оқу-шеберлік зертханасын ұйымдастыруға атсалысу;кафедра жанынан Кіші ғылыми кеңес құру. Ұстаздардың жетекшілігімен сапалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жазылуына атсалысу.Қазақстандағы баспа ісіне елеулі үлес қосқан ғалымдардың еңбектерін жастарға насихаттау мақсатында«Амандосов оқулары», «С. Әбдірайымұлы оқулары» атты конференциялар, дөңгелек үстелдер, байқауларөткізу.
    • Жетекшісі: Ғ.Т. Майкотова Қайыржан Бекхожин атындағы «Жас зерттеушілер» үйірмесі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті студенттерін ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, журналистиканың ғылыми аспектілерін таныту негізінде құрылған ұйым. Ұйым факультеттің ғылыми бағыттағы бағдарламаларын басшылыққа ала отырып, студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттыруға тырысады. Қ.Бекхожин атындағы «Жас зерттеушілер» үйірмесі қазақ журналистикасы ғылымындағы ең өзекті мәселелерді көтеруге тырысатын болады.
    • Үйірменің мақсаты: Бітік тастарға бәдізделген «Күлтегін», «Тоныкөк» жазуларынан бастау алатын қазақТаңбалы публицистикасы замананың сан түрлі иірімдерінде өзгеріске ұшырап, «арпалыс, ала құйынзаманаларды» (Қ.Аманжолов) басынан өткеріп, бүгінгі күнге кемелденіп жетті. Таяу тарихқа көз жіберсек,кеңестік жүйенің біржақты саясаты салдарынан қазақ тарихы, журналистикасы, басқа да ғылым салаларыкоммунистік идеология тұрғысында қалыптасты, сол бағытта дамыды, төл журналистикамыздыңтеориясында идеологиялық, нұсқамалық стиль басым түсіп жатты. Белгілі алаштанушы, филологияғылымдарының докторы, профессор Т. Жұртбайдың: «Ешқандай ұлттың, ұлыстың, мемлекеттің, жекетұлғаның тарихы – белгілі бір идеологиялық негізсіз хатқа түспеген», - деген тұжырымы сол кездегікеңестік саясатты айқын көрсетіп берген. Міне, осындай қылышынан қан тамған тоталитарлық жүйеніңөзінде қазақ ғылымының өзіне тән бет-бейнесі қалыптасты. Әсіресе, гуманитарлық мәні бар мәдениет,ғылым саласындағы бұрмаланған дүниелер қазіргі тәуелсіздік таңында қайта қарастырылып, тәуелсіздікталаптары тұрғысынан баға беруді қажет етеді. Сондықтан,студент-жастардың ұйымдастыра отырып,тарихтың ақтаңдақ беттерін, қайта парақтап, жүйелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу – біздіңұйымның басты мақсаты. Міндеттері:• Зерттеуге бейімі бар талапты жастарды бір ортаға ұйымдастырып, зерттеу қабілетін ұштау;• Түрлі пікірталастар ұйымдастыра отырып, зерттеушілердің жан жақтылығын, таным көкжиегін кеңейту;• Архив материалдары мен сирек қолжазбаларды қайта жаңғырту, оларды зерттеу объектісіне айналдыру;• Әрбір зерттеушінің ғылыми танымын кеңейту мақсатында әйгілі қоғам қайраткерлері мен публицистерімен, тарихшылармен кездесулер ұйымдастырып, олармен ой бөлісіп, бағыт-бағдар алуына жағдай жасауды өзімізге міндеттейміз.
    • “Жас ғалым” ғылыми үйірмесі мен“Жас зерттеуші” үйірмесінің мүшелер 2, 3 – курс студенттері. Барлығы 38 студент.Екі үйірменің де мақсаты студенттерді ғылымизерттеу жұмысына баулу болғандықтан көпшараларды бірігіп өткізеді.
    • Ұлттық күш-қуат дарытқан кездесу Тағылымға толы тарих адамзаттың кешегісі мен бүгінгісінің ұлы дастаны. Тарихтың тамырын ұстап, жүрегін тыңдасаңыз болашақтың да байыбына жетеріміз анық. Бүгінде солұлы дастанның қазақ халқы туралы айтылған, жазылған дүниелерін толыққанды зерделеп жүрген халқымыздың біртуар ұлдарының есімі халықтың жүрегінде жаттаулы. Солұлттың бүгінгі тұлғаларының бірі де, бірегейі көрнекті тарихшы ғалым, алаш зерттеушісі Мәмбет Қойгелдиев болатын. Ұлттық мемлекетті қалыптастырған алаш қайраткерлерін тарих тілінде сөйлеткен қазақтан шыққан алаш зерттеушісімен жүздесіп, тілдесудің өзі ерекше бақыт, рухани сәт. Осындай бақытты бағалап ,тарихты таразылау сәті де күні кеше ғана әсерлі түрде өте шықты. Еліміздің тәуелсіздігіне байланысты тарихымызды ардақтау мақсатымен әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің «Баспа ісі және дизайн» кафедрасы және кафедра меңгерушісі Сағатбек Медеубекұлы бастаған кафедра оқытушылары Ғалия Тілеубергенқызы мен Бақыт Оқанқызы ҚазҰУ-дің № 5 жатақханасында арнайы кездесуді ұйымдастырған болатын. Мәнді де мағыналы кездесудің алға тартқан тақырыбы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы негізінде «Тарих және тағылым» деген үлкен сырлы сұхбатты кездесу аясында өтті. Кездесудің арнайы қонағы тарихшы Мәмбет Қойгелдиев болатын. Кездесу өткен залдың төрін Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орай «Тарих және тағылым» атты кездесу кешін айшықтайтын жазулар айшықтап тұрды. Кездесуге жатақхана студенттері тегіс жиналған. Барлығы да атақты тарихшының өздерімен сырлы жүздесу аясында емен-жарқын ой бөліскендігіне қуанышты. Жас тілшілер кездесуде ұлтының ұлтжанды тарихшысынан халықтың өткен өміріндегі ұлы тұлғалардың ұлт игілігі үшін қосқан қомақты құндылықтарының бүгінде қаншалықты насихатталып, тарих беттеріндегі жазылу жолдарын қазбалай сұрады. Тәуелсіз ел атанған Қазақстан Республикасының өсіп – өркендеуі жолында алаштық қозғалыс ұйымы үлкен рөл атқарды. Кешегі Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, С. Сейфуллин, С. Меңдешев, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, М. Шоқай сынды Алаш зиялыларының халық қамы үшін көтерген ауыр жүгі, бүгінгі елі мен тілінің жұтылып кетуін сақтап қалғаны рас. Отанға , жерге деген сүйіспеншілік - ұлы махаббат. Ұлт зиялыларының өмір жолы туралы айтылған кездесу барысында , ұлт зиялыларын асқақтата көтерген ұлы күш те, сол терең қасиеттердің әсері деп ой түйдік біздер. «Тарихын танымаған ел, өзінің бүгіні мен ертеңіне жарқын көзқараспен қарай алмайды» ,- деген шығыс ойшылының даналық сөзіне жүгінсек, тарихымызды түсіну ол өзіміз үшін үлкен қажет құндылық. Журналистика факультетінің білімгерлеріне рухани және тарихи әңгімесімен бөлісе келген Мәмбет Қойгелдиев жас тілшілерге:Журналистика мен тарих бір-біріне жақын келеді. Журналистер тарихтықалыптастырса, тарихшылар сол дастанды болашаққа жалғаушылар. Журналистердің жазғаны қаншалықты шынайы болса , тарихтың негізі де соншалықты күшті болады. Бүгінгі журналист ақпараттық оқиғаны қоймай, ұлтының , халқының тарихына да бір сәт терең көзқараспен ойласа игі. Біз тарихшылар-шахтѐр секілдіміз. Тарихтың том-том болып шаң басқан сарыала беттерін қазбалап, өткенін бүгінгі күнге сабақтаймыз. Біздің тарихымызда ұлты үшін күрескен алаш қайраткерлерінің сөнбес жарқын істері, ұлағатты ұрпақ үшін маңызы терең әңгіме. Кездесуде тың ойлар, жаңа пікірлер де қозғалды. Алаш қозғалысының тарихта белгісіз құпия болып келген оқиғалары мен тарихи дүниетанымын зерделі сөзбен жеткізді. Көрнекті тарихшымен кездесуге шақырылған белгілі кинорежиссер Қалиола Омаров, тарихшы Шәмек Тілеубаев, тарих ғылымдарының доценті Ерлан Тұрғынбаев, рунатанушы ғалым Аманқос Мектептегі, филология ғылымдарының докторы Тұрсын Құдайберді, «әл-Фараби» телестудиясының директоры Молдахан Абдраев сынды ұлағатты ұстаздарымыз қатысып, тарихымыздың түкпірінде қалған рухани әңгіменің көкжиегін көтерді. Тарихты тұлағалар жасайды десек, біздің кешегі алашорда тарихынан бүгінгі егемен күнімізге дейінгі үлкен тарихты жасап жүрген тарихшы Мәмбет Қойгелдиевтің еңбегі бүгінгі жастар үшін үлкен үлгі. Ұлттық рухты көтеріп, намымызды жігерлеп, рухани әдемі әсер сыйлаған бұл кездесу бір сөзбен айтқанда ұлттың күш-қуатын арттырған дариялы теңіздей болды дегім келеді. Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ, әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультеті «Баспа ісі және дизайн» кафедрасының 1-курс білімгері “Айқын” 11 – қазан, 2011 ж
    • Кездесуденкөріністер
    • Қос үйірме мүшелері
    • Жетекшісі: М.Ж.Майлықұтова І. Жалпы ережелер 1.1.«Қаламгер» шығармашылық клубы өзіне мүшелер қабылдап, олардың баспа ісіне деген қызығушылықтарын арттырады. 1.2. Клуб әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультеті ішінде жұмыс жасайды. 1.3. Республикамыздағы баспалармен кездесулер ұйымдастырып, түрлі практикалық шаралар өткізеді. Клубқа шығармашыл, талантты, талапты баспа ісіне қызығушылығы бар жастар мүше бола алады.
    • Руководитель: Л.И.Мухамадиева 1.Общие положения 1.1. Клуб "Гутенберг" (далее по тексту - Клуб) объединяет своих членов на основе общности интересов для реализации Уставных целей, и в своей деятельности руководствуется настоящим Уставом. 1.2. Клуб действует на факультете журналистики КазНУ им. аль Фараби (кафедра издательского дела и дизайна). 1.3 Клуб является неофициальной, не коммерческой организацией, объединяющей творческую молодежь, интересующуюся историей, теорией и современным состоянием книгопечатания в Казахстане.
    • В клубе “Гутенберг” 15 студентов. Членами клуба проведены мастер – классы сизвестным писателем И.Одеговым и поэтессойС.Назаровой. Студенты знакомятся с новыми технологиями ИД, обмениваются своими мыслями олитературном процессе не только Казахстана,но и ближнего и дальнего зарубежья.
    • “Қаламгер” студенттік шығармашылық клубының жетекшісі М.Майлықұтова клуб мәжілісінде
    • әл-Фараби атындағыҚазақ ұлттық университетіжурналистика фaкультетініңстуденттері арасында өткеншоу - бағдарламасы
    • ртШет ел баспагерлерімен онлайн конференция